Мемлекеттің экономикадағы рөлі



Экономиканы нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік- экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі- мемлекеттік басқарудың экономикалық аспектісінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Әлемдік жахандану шеңберінде Қазақстан үшін, бір уақытта үш талапты бірдей сақтау- басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінде осы үдерістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде экономиканың жағдайына тұрақты дамып отырған және нарықтық экономика төтенше және т.б. жағдайларда дамып келе жатқан шаруашылықтың бір жүйесінен екінші жүйесіне және тағы басқаға байланысты «мемлекет-нарық» арақатынасындағы түрлі идеяларының толығымен іске асырылуы болып табылады. Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бері біздің жас мемлекетімізбен оның Үкіметі талай сыннан өтіп келе жатқаны белгілі. Сол тұста ел басшылығының атқарып жатқан жұмыстарына риза болып, болашаққа деген сенімімізді қайта қалыптастырып едік. Экономикамыз жылына 8-9 пайыздық қарқынмен алға басып, елімізде жаңа сипаттағы кәсіпорындар мен өндіріс орындары ашылып, мемлекет қазынасы қаржыға толыға бастады. Мемлекеттік басқаруда Қазақстан Үкіметі Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірінші кезекті міндеттері туралы жоспарды әзірлеп, бекіткен болатын. Жүргізілген тұрақтандыру шараларының нәтижесінде және құрылымдық, әкімшілік, бюджеттік және салық реформаларын жүргізу арқылы Қазақстан экономикасының беріктігімен қайта даму әлеуеті сақталды.
20 ғасырдың соңында әлемдік экономикалық практика мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді нарықтық экономика жоқ және болуы мүмкін емес деген даусыз қорытындыға келді. Ұлттың экономикалық өміріндегі мемлекеттің орны мен рөлін дәл осылай түсіну белгілі экономист Луис Малкернді : «Менің ойымша, кез-келген ел үшін мемлекеттің экономикадағы рөлін қате айқындаудан жаман ешнәрсе болуы мүмкін емес» деп айтуға мәжбүр етті. Алайда нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуы
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. «Мемлекеттік басқару теориясы» Ихданов Ж., Сансызбаева Ғ., Есенжігітова Р.; Экономика баспасы, 2007 ж.;
2. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» Төреғожина М.Б.
Экономика баспасы, 2008 ж.;
3. «Егемен Қазақстан» Үкімет, 2008 жыл, 18 қазан;
4. «Егемен Қазақстан» Парламент, 2008 жыл, 27 қараша;
5. «Егемен Қазақстан» Үкімет, 2008 жыл, 10қазан;
6. «Жетісу», «Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2009-2012 жылдарға арнлған қазақстан халқына арналған жолдауы;
7. «Государственное регулирование национальной экнономики»
Учебник.- М.: Экономисть. 2005.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің экономикадағы рөлі
Экономиканы нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген
әлеуметтік- экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және
тұрақтандыру мақсатында құқығы бар, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық
ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы
типтік шаралар жүйесі- мемлекеттік басқарудың экономикалық аспектісінің
негізгі көрсеткіші болып табылады. Әлемдік жахандану шеңберінде Қазақстан
үшін, бір уақытта үш талапты бірдей сақтау- басты бағыт болып табылады:
әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және
ел ішінде осы үдерістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін
қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде экономиканың жағдайына тұрақты дамып
отырған және нарықтық экономика төтенше және т.б. жағдайларда дамып келе
жатқан шаруашылықтың бір жүйесінен екінші жүйесіне және тағы басқаға
байланысты мемлекет-нарық арақатынасындағы түрлі идеяларының толығымен
іске асырылуы болып табылады. Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бері
біздің жас мемлекетімізбен оның Үкіметі талай сыннан өтіп келе жатқаны
белгілі. Сол тұста ел басшылығының атқарып жатқан жұмыстарына риза болып,
болашаққа деген сенімімізді қайта қалыптастырып едік. Экономикамыз жылына 8-
9 пайыздық қарқынмен алға басып, елімізде жаңа сипаттағы кәсіпорындар мен
өндіріс орындары ашылып, мемлекет қазынасы қаржыға толыға бастады.
Мемлекеттік басқаруда Қазақстан Үкіметі Елбасының тікелей тапсырмасына
сәйкес экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірінші кезекті
міндеттері туралы жоспарды әзірлеп, бекіткен болатын. Жүргізілген
тұрақтандыру шараларының нәтижесінде және құрылымдық, әкімшілік, бюджеттік
және салық реформаларын жүргізу арқылы Қазақстан экономикасының
беріктігімен қайта даму әлеуеті сақталды.

20 ғасырдың соңында әлемдік экономикалық практика мемлекеттің белсенді
реттеуші рөлінсіз тиімді нарықтық экономика жоқ және болуы мүмкін емес
деген даусыз қорытындыға келді. Ұлттың экономикалық өміріндегі мемлекеттің
орны мен рөлін дәл осылай түсіну белгілі экономист Луис Малкернді : Менің
ойымша, кез-келген ел үшін мемлекеттің экономикадағы рөлін қате айқындаудан
жаман ешнәрсе болуы мүмкін емес деп айтуға мәжбүр етті. Алайда нарықтық
экономикаға мемлекеттің араласуы оның қалыптпсуы мен дамуының түрлі
кезеңдерінде әртүрлі болды. Қоғамның нақты жай-күйіне, оның өндірістік
күшінің даму деңгейіне байланысты мемлекет пен экономиканың өзара қарым-
қатынасының бес үлгісін шартты негізде бөліп атуға болады.
Меркантилизм. Мемлекеттік реттеу тарихы орта ғасырдың соңынан
басталады. Сол уақытта меркантилистер мектебі негізгі экономикалық мектеп
болды. Ол мемлекеттің экономикаға белсенді араласуын жариялады.
Меркантилистер ел байлығының басты көрсеткіші- алтын мөлшері деп белгіледі.
Осыған байланысты олар экспортты көтеріп, импортты тежеді.
15 ғасырдың соңғы ширегі- 16 ғасырдың ортасы ерте монетаризм- елдегі
ақшаның мөлшерін кез-келген жолмен көебйтуге бағытталған саясат кезеңі деп
саналады. Кенже қалған (поздний) меркантилизм сауда жасау мүмкін болмаған
ұлы географиялық жаңалықтрадан кейін (17ғ.) пайда болды.
Осы уақытта мына қаиғдаттар белгіленді:
- сауданың дамуы (сыртқы сауданың мақсаты- елге алтын мен
күмістің түсуі);
- шекарадан ақша әкетуге тыйым салудан бас тарту;
- импортқа тыйым салудан бас тарту;
- рыноктарды, оның ішінде отарларды да жаулап алу;
- белсенді сауда балансы (алғаннан аз жұмсау);
- еңбекақының салыстырмалы төмен деңгейі (жоғары пайда);
- ұлттық өнеркәсіпті қолдау (арзан шикізаттың имопрты және қалған
имопртқа жоғары баждар);
Меркантилизм өкілдерінің арасында- Томас Мен (1571-1641) және Джон
Локк (1632-1704) болды.
Негізгі идеялары:
- сыртқы сауда- байлықты көбейтудің басты құралы;
- еңбек- байлықтың негізгі көзі;
- ақшаның атаулы мөлшері ғана емес, олардың айналу жылдамдығының да
маңызы бар;
- рудниктері жоқ ел тек шапқыншылықпен және саудамен байи алады;
Джон Лау (1671-1729)- Францияда қағаз ақшаны шығаруды ұйымдастырушы-
қағаз ақшалардың ешқандай табиғи бағасы жоқ, алайда айналымның және
сауданың қажетіне сәйкес олардың шығарылуын қатаң реттеу қажет деп
бекітті.
Физиократтар. Классикалық саяси экономиканың алғашқы өкілдері
физиократтар (сөзбе-сөз- табиғат әміршісі) болып табылады.
Мектептің негізін салушы- Франсуа Кенэ (1694-1774).
Теорияның аса маңызды жорамалдары:
- байлық көзі- сыртқы сауда емес, жер және еңбек;
- ақша- ауыстыру құралы және байлық болып табылмайды;
- бүкіл байлық егін шаруашылығынан құралады;
- пайданы (таза өнім)- егер байлықты өндіру шығындарын шегерсе, онда
бүкіл байлықтың сомасынан қалғанды тек жер ғана береді;
- өнеркәсіптік еңбек тек нысанын ғана өзгертеді;
- каптиалды негізгі (бастапқы аванстар) және айналымға (жыл сайынғы
аванстар) бөлу.
Экономиканың және мемлекеттің өзара қарым-

қатынастарының классикалық үлгісі. Классикалық экономикалық
теорияның басты өкілдері- Адам Смит, Давид Рикрадо, Жан-Батист Сэй, Джон
Стюарт Милль болды.
Бұл теорияның мәні экономикалық жүйе нарық, тиісінше тұтынушы ұсынатын
ережелерге сәйкес жұмыс істейді деген түсінікке негізделген.
Классикалық көзқарасқа сәйкес мемлекет адам өмірінің қауіпсіздігі мен
оның меншігін қамтамасыз етуге, дауларды шешуге, өзгеше айтқанда жеке адам
өз бетімен істей алмайтынды не осыны тиімсіз жасайтынды жасауы тиіс.
Адам Смит (халықтардың байлығының табиғаты мен себептері туралы
зерттеу атты өз еңбегінде кәсіпкердің өзінің жеке мүдделеріне жетуге деген
ұмтылысы ең соңында оның да, толықтай қоғамның да әл-ауқатын жақсарта
отырып, экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылатынын
дәлелдеді.
Шаруашылық қызметтің барлық субьектілеріне негізгі экономикалық
еркіндіктер, ал атап айтқанда: қызмет саласын таңдау еркіндігі,
бәсекелестік еркіндігі және сауда жасау еркіндігі сияқты негізгі
экономикалық еркіндікке кепілдік берілуге тиіс екеніне басты назар
аударылды.
Кенсиандық теория. 20-ғасырдың 30-жылдары АҚШ экономикасының терең
құлдырауынан кейін Дж.Кейнс классиктердің мемлекеттің экономикадағы рөліне
көзқарастарын жоққа шығарды. Тоқырау жағдайындағы экономиканы қарастыруына
байланысты Кейнстың теориясын дағдарыстық деп атауға болады. Оның
теориясы бойынша еркін нарықтық экономиканың дағдарыстан шығуын іс- жүзінде
қамтамасыз ететін тетіктердің болмау есебінің мемлекет экономикаға белсенді
араласуы тиіс. Кейнс капиталистік дағдарыстың себебі, тауарларды артық
өндіру сұранысты арттыру мақсатында мемлекет рынокқа ықпал етуі деп санады.
Ол оралымды кредит-ақша саясатын, жаңа бюджеттік- қаржылық саясатты және
т.б. бірнеше құралдарды ұсынды.
Оралымды кредит-ақша саяасты ең маңызды кедергілердің бірі-
еңбекақынның икемсіздігінен аттап өтуге мүмкіндік береді. Кейнс бұған
айналымдағы ақшаның мөлшерін өзгерту арқылы қол жеткізуге болдаы деп
санады. Ақша массасын көбейткенде нақты еңбекақы азаяды, бұл инвестиициялық
сұранысты және жұмыспен қамтуды ыңталандырады.
Кейнс бюджет- қаржылық саясатының көмегімен мемлекетке салық
мөлшерлемелерін өсіруді және осы қаржының есебінен тиімсіз кәсіпорындарды
қаржыландыруды ұсынды. Бұл жұмыссыздықты азайтып қана қоймай, әлеуметтік
жағдайды да жақсартады деп пайымдады.
Кейнсиандық реттеу үлгісінің басты ерекшеліктері мыналар болып
табылады:
- мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінетін ұлттық кірістің
үлесі;
- мемлекеттік және аралас кәсіпорындар құру негізінде
мемлекеттік кәсіпкерліктің ауқымды аймағын құру;
- экономикалық жағдаятты тұрақтандыру, кезеңдік ауытқуларды

тегістеу, өркендеудің жоғары қарқының және жұмыспен
қамтудың жоғары деңгейін сақтау үшін бюджет-қаржы және
кредит-қаржы реттеуіштерін кеңінен қолдану.
Кейнс ұсынған мемлекеттік реттеу үлгісі соғыстан кейінгі екіден астам
оңжылдықтар ішіндегі кезеңдік ауытқуаларды әлсіретуге мүмкіндік берді,
алайда шамамен 70- жылдардың басынан бастап мемлекеттік реттеу мен іс-
жүзіндегі экономикалық ахуал мүмкіндіктерінің арасындағы сәйкессіздік
айқындала батады. Кейнсиандық үлгі тек өсудің жоғары қарқыны жағдайында
ғана тұрақты болуы мүмкін. Ұлттық кірістің өсуінің жоғары қарқыны капитал
жинауға нұсқан келтірмей, қайта бөлуге мүмкіндік тудырды.
Алайда 70-ші жылдары артық өндіру жағдайы күрт нашарлады. Жұмыссыздық
пен дағдарыс бір уақытта өсе алмайды дейтін Филлипс заңы жоққа шығарылды.
Дағдарыстан шығудың кейнсиандық жолдары ғана дағдарыс шиыршығын тарқатты.
Осы үдерістердің ықпалымен мемлекеттік реттеу жүйесі түбегейлі қайта
құрылды және жаңа консервативтік емес үлгісі қалыптасты.
Неоклассикалық теория. Неоклассикалық теорияның теориялық негізі
экономикалық ой-пікірдің неокласскалық үгісінің тұжырымдамаларына қаланды.
Мемлекеттік реттеу үлгісін өзгерту артық өндіруге сұраныс арқылы ықпал
етуден бас тартуға және оның орнына ұсынысқа ықпал етудің жанама шараларын
пайдалануға негізделді. Ұсыныс экономикасын жақтаушылар жинақтаудан
классикалық тетігін қайта жаңғыртуды және жеке кәсіпкерлік еркіндігін қайта
қалпына келтіру қажет деп санайды. Экономикалық өркендеу екі негізден: жеке
меншік қаржы, яғни пайданың бөлігін капиталдандыру және қарызға алынған
қаржы (кредит) есебінен жүзеге асырылатын капитал жинақтау функциясы
ретінде қаралды. Сондықтан осы теорияға сәйкес мемлекет капитал жинақтау
үдерісі мен өндіріс өнімділігін арттыру үшін жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.
Осы жолдағы басты кедергілер- жоғары салықтар мен инфляция. Жоғары
салықтар күрделі қаржы жұмсалымының өсуін шектейді, ал дағдарыс кредитті
қымбаттатады және сонымен жинақтау үшін қарызға алынған қаржыны пайдалануды
қиындатады. Сондықтан да неоконсерваторлар монетаристердің ұсыныстарының
негізінде инфляцияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлерге
салық жеңілдігін беруді ұсынды.
Салық мөлшерлемелерін қысқарту мемлекеттік бюджеттің кірістерін
қысқартады, әрі оның тапшылығын арттырады, ал мұның өзі инфляциямен күресті
қиындатады. Сонымен мемлекеттік шығындарды қысқарту, сұранысты қолдау және
ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бюджетті пайдаланудан
бас тарту келешектегі қадам болады. Бұған мемлекеттік меншікті
жекешелендіру саясатын да жатқызуға болады.
Келесі іс-шаралар кешені- қайта реттеу саясатын іске асыру, бұл бағалар
мен еңбекақы бойынша реттемелеуді жоюды, трестке қарсы заңнаманы
ырықтандыруды (жеңілдету), жұмыс күші нарығын қайта реттеуді және т.б.
білдіреді.
Сөйтіп, мемлекеттің неоконсервативтік үлгісі экономикаға тек жанама
ықпал етуі мүмкін. Елдің экономикалық дамуын іске асрыудағы басты рөл
нарықтық күштерге тиесілі.
Мемлекет пен экономиканың өзара қарықатынастарының марксистік үлгісі.
Маркс бойынша, мемлекеттің экономикалық қызметі, біріншіден, өндіріс пен
тұтынуды қоғамдық ұйымдастырудың тарихи нысандарының мазмұны (қоғам
ауқымында) ретінде және екіншіден, толықтай экономикалық жүйедегі билеуші
сектор ретінде қаралады.
мемлекеттік меншік барлық экономикалық үдерістерді бірыңғай орталықтан
реттеу қажет ететіні шындық. Ресурстарды пайдалануға қатысты барлық
шешімдер осы орталықта қабылданады. Орталық органдар: қандай өнімдер
өндірілу тиіс, оның мөлшері мен сапасы қандай, сондаақ ол қандай
құралдардың көмегімен, қай шикізаттан өндіріледі дегендей бүкіл қажетті
ақпаратты жинап өңдейді, содан кейін нақты кәсіпорындар үшін белгіленген
өнімге тапсырыс жасайды..
Барлығына жұмыс беретін ресурстарды жүйелі басқарудың көмегімен толықтай
тым болмаса теориялық жағынан көпе-көрнеу жұмыссыздықты жоюға болады.
Бағалар мен еңбекақыны қоса алғанда экономиканы жаппай бақылау арқылы
ресурстарды қалауынша бөлуді іске асыру мүмкін. Бұдан басқа экономиканың
алдыңдағы бірінші кезектегі және тығыз проблемаларды шешу үшін керек
бағыттағы шектелген ресурстарды шоғырландыруға болады.
Осы үлгі шеңберінде өндірісті басқару сұранысына мүмкіндік беру үшін
нарықтық экономиканың элементтерін енгізу, алынатын пайда мөлшері, сатылған
өнімнің мөлшері бойынша экономика субьектілерінің қызметін бағалау әрекеті
қолданылады.
Жоғарыда қаралған үлгілер қайсібір мектептің экономикаға әсерінің
дәрежесін, мемлекеттік реттеудің дамуының түрлі кезеңдеріндегі
көзқарастарының айырмашылықтарын көрсетеді. Қойылған мақсаттарға рынокқа
мемлекетке ықпал етудің түрлі шараларының көмегімен қол жеткізуге болады
және жоғарыда аталған үлгілер тап өз уақытында жалғыз ғана дұрыс болып
табылатын әдістемелік көзқарастар, қағидаттар, түрлі теориялық
тұжырымдамалар кешені болып табылады.
Халқымыздың өсіп-өркендеуі, бейбітшілік, саяси және экономикалық
тұрақтылық, көпұлтты және көпконфессиялы Қазақтсанның толеранттылығы, заңды
түрде бекітілген мемлекеттік шекара, көршілерімізбен жақсы қарым-қатынас –
мұның бәрі тәуелсіздік жылдарында біз бірге қол жеткізген үлкен ұлттық
жетістіктер.
Бүгін біз бұл жетістіктерімізді шын мәнінде мақтан тұтамыз.
Еліміздің өскелең дамуын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
осынау басты бағытты әрдайым жүргізіп отырады.
Бүгін біз баршамыз ұлтаралық және конфессияаралық келісімде қол
жеткізген жетістіктерімізді сақтап, одан әрі дамытуға жауаптымыз. Сондай-
ақ әлемдік қоғамдастықпен де жоғары дәрежелі әріптестік қатынастарды
сақтауға мүдделіміз.
Қазақстан қазірдің өзінде жаһандық экономикалық және саяси үдерістерге
біржола тартылып отыр. Сондықтан да бұл үдерістердің біздің ішкі
істерімізге ықпалы тек алдағы кезде өсе түсетіні анық. Мысалды лаыстан
іздеудің қажеті жоқ. Әлемдік экономиканың тұрақсыздығы, жылдан асты біздің
экономикалық жүйеміздің беріктігін сынап келеді. Осындай жағдайда Қазақстан
экономикасы әлемге өзінің тұрлаулығын көрсетті.
Өзіміздің даму стратегиямыздың, әлемдік экономикадағы үрдістерге
мониторингтің және жүйелі талдаудың арқасында алдын-ала мұқият тексерілген
жаңа теңдестірілген шешімдер қабылдадық.
Әлемдік экономикаға өрлеу де, сол секілді құлдырауда тән, сондықтан
дағдарыс жағдайында тұрақтандыру шараларын үнемі көздеп отыру қажет. Біздің
елдің Ұлттық қоры мен алтын-валюта резерві осындай өзіндік бір қауіпсіздік
жастығы болып табылады. Нақ осы құралдар бізге ахуалды тұрақтандыруға және
сыртқы үрдістердің ел экономикасына келеңсіз ықпалын барынша азайтуға
мүмкіндік берді.
Банк жүйесіндегі ахуал тұрақтандырылды. Ел банктері сыртқы да, ішкі де
төлемдер бойынша дефолтқа жол берген жоқ.
Ұлттық қордың қаражатын түрлі жақсыаттанушылық мақсаттарға жұмсағысы
келгендер көп болғаны белгілі. Елбасының тапсырмасы бойынша, Үкімет біздің
резервтен әлемдік экономиканың қолайсыздығынан барынша зардап шеккен үш
маңызды бағыт бойынша қолдау көрсетті.
Бірінші- бұл үлескерлер.
Үкімет азаматтар мен құрылысшылар арасындағы өзара қатынас үшін тікелей
жауапты емес. Әркім өз ақшасын кімге сенетінің өзі шешеді. Ол кезде ешкім
Үкіметтен кеңес сұрамады. Бірақта Үкімет өз азаматтарын қиын жағдайда
қалдыра алмады.
Біз үлескер проблемасының шешімін уақытында таптық, деді Елбасы.
Үкімет банктерде болмай қалған кредиттер түрінде берілген халықтық
қаражатты қайтаруға тиіс.
Екінші бағыт- шағын бизнес.
Банктер кредит беруді қысқартқаның ескере отырып,шағын және орта
бизнеске ауқымды мемлекеттік қаржылық та, институттық та қолдау
көрсетіледі. Өткен жылдың аяғында бөлінген 48,8 млрд. тенге есебінен шағын
және орта бизнес субьектілерінің 2000 нан астам жобасы қаржыландырылды.
Биылғы жылы жергілікті және республикалық бюджет қаражатынан шағын
бизнеске 95,5 млрд. тенге бөлінді.
Бұл соманың 50 млрд. тенгесі Қазына қоры арқылы бөлінуде.
Сонымен қатар, елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет әкімшілік
кедергілерді азайту, шектен тыс және қажетсіз бюрократиялық рәсімдерді жою
жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Бұл жұмысты одан әрі қарай да жалғастыру
керек.
Үшінші бағыт- ауылшаруашылығы.
Соңғы жылдары біз елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөнінде қосымша шаралар іске асырылды.
Тұтастай алғанда бүкіләлемде азық-түлік қымбаттауына байланысты біз
елде жетіспейтін өнімдер шығаруды ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауға мәжбүр
болды. Тұтастай алғанда, биылғы жылы бюджеттің және даму институттарының
есебінен АӨК үшін 127 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Инфрақұрылымдық жобалар белсенді іске асыру кезенінде тұр, біздің
азаматтардың әлеуметтік берекелілік мәселелері тұрақты шешілуде, қазірдің
өзінде әкімшілік реформаның алғашқы оң нәтижелері бар.
Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы бағдарламасын іске асыру
туралы айрықша атап өтілді. Жалпы құны 53 млрд. АҚШ долларынан асатын
45серпінді жобадан тұратын Базалық тізім түзілді. Бұл бағдарламаның
алғашқы нәтижелерін биылғы жылдың өзінде көретін боламыз, ал бағдарлама
2015 жылға дейін жалғасады. Осылардың нәтижесінде бірінші жартыжылдық
бойынша елдегі экономикалық өсім сақталып қалды. ІЖӨ-нің өсуі 5%-дан
астамды құрады және оның баяулауы экономиканың теңдестірілген өсуін
қамтамасыз ету жөніндегі міндетке сай келеді. Яғни, осындай қиын-сыртқы
қорланудың жоқ жағдайында біз бұл үдерістерді басқаруды өз қолымызға алдық.
Бізде өсу қарқының ұлғайтар едік, бірақ ол инфляцияға әкеліп соқтырар еді.
Біз теңдестіре ұстау негізінде экономикалық өсуді ұлғайтпау, сонымен қатар
даму ұстанымын қабылдадық, бұл дұрыс та болар.
Ұлттық қорды ескергенде елдің жалпы резерві 47 млрд. долларжы құрады.
Осылайша, әлемдік экономиканың турбуленттілігі жағдайында экономикалық
ахуалды тұрақтандыру жөніндегі біздің іс-әрекетіміз сарабдал да уақтылы
болып шықты.
Енді біздің міндетіміз- экономикалық қауіпсіздіктің әлдеқайда жоғары
деңгейін қамтамасыз ету, банк секторының тәуекелін барынша төмендету, деді
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Сондықтанда, Үкіметке және Қазына қорына әлемдік озық практиканы
ескере, халықаралық қаржы институттарын тарта отырып, ашыну активтері қорын
құру мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл- қаржы тәуекелдерін басқарудың
сенімді нарық тетігі, сондықтан да біз онымен қаруланатын боламыз.
Кредитке қойылған кепіл мүліктердің бағасы түсіп, банктер жұмсаған
шығындарды өтемеуі себепті біздің банктердің жағдайлары нашарлау
мүмкіндігін болып отыр. Мұнда мемлекет сол бағаларды төмендету есебінен
көмектесе алады. Мұны Үкімет нақты пысықтап, тиісті жекеменшік
құрылымдармен келісуі тиіс.
Енді болашаққа арналған жаңа жоспалар туралы Елбасымыз өзінің
отырысында жеке атап өтті.
Елбасының тапсырмасы бойынша, Үкімет ел дамуының қазіргі кезеңі үшін
стратегиялық маңызы бар заң жобаларын әзірлеп, Парламентке ұсынды. Бұл-
салық және бюджет кодекстері, Үшжылдық бюджет, сондай-ақ бәсекелестік
туралы заң жобасы. Үкімет қысқа мерзімде осы жобаларды әзірлеп, үлкен жұмыс
атқарғаның атап өткен жөн.
Салық кодексінің жобасы өңдеу секторынан экономикалық қайтарымды
арттыру есебінен экономиканың шикізаттық емес секторлары үшін жалпы салық
ауыртпалығын барынша азайтуды көздейді, салықтың әкімшілдендіруін
айтарлықтай жеңілдетеді және салық жеңілдіктерінің қалыптасқан жүйесін
оңтайландырады. Шикізаттық емес секторға салық ауыртпалығын төмендету үшін
2009 жылы корпоративтік табыс салығының ставкаларын 30%-дан 20%-ға, 2010
жылы 17,5%-ға, 2011 жылы 15%-ға дейін кезең кезеңмен қысқарту көзделген.
Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін жақсы қолдау болады, бұл оларға біздің
экономика мен бизнесті қосымша инвестициялау үшін елеулі айналым қаржысын
босатуға мүмкіндік береді. Салық есептілігін қысқарту жөнінде бірқатар
тұтас бастамалар көзделіп отыр. Жаңа Салық кодексі елдегі инвестициялық
ахуалды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. ТМД елдерімен кедендік
кедергілердің жоқ екенін ескерсек, ол Қазақстанда бизнес жүргізуді отандық
та, сондай-ақ шетелдік өндірісшілер үшін де әлде қайда пайдалы.
Бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін
арттыру үшін Үкімет жаңа Бюджет кодексін әзірлеуде. Парламентке ұсынылған
кодекс жобасы-бұл жүріп жатқан әкімшілік реформаның нәтижесі, ол дәстүрлі
мемлекеттік әкімшілдендіруден жаңа мемлекеттік менеджментке көшуді
білдіреді.
Бюджет қаражатын пайдалану нәтижелілігіне тұрақты мониторингтің,
бақылау мен бағалаудың кешенді жүйесін ендіру көзделіп отыр. Мемлекеттік
қаржылық бақылау жүйесі күшейтілген.
Үкіметтің заңнамалық бастамалар пакетінде 2009-2010жылдарға арналған
республикалық бюджет маңызды орын алады. Жаңа бюджеттік кодекстің жобасында
үшжылдық бюджетті ендіру көзөделген және ағымдағы жылдың өзінде осы бюджет
Парламенттің қарауына енгізілді.
Ұсынылған бюджет жобасында Үкіметтің халықтың табысын арттыру жөнінде
жолдауда берген тапсырмалардың бәрі атап өтілді. Мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақы мен арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 2009 жылы орта
есеппен 9%ға ұлғайтылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Мемлекеттің мәні мен оның теориялық негіздері
Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі
Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
Дағдарыстан кейінгі кезең
Нарықтық экономика туралы жалпы түсінік
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Тауар өндірушілер
Пәндер