Қазақстан Республикасындағы шағын кəсіпорынға халықаралық қаржылық есеп стандарттарын енгізудің мəселелері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университуті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

Есеп және аудит кафедрасы

Шағын бизнес ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пәні

СӨЖ №4

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы шағын кəсіпорынға халықаралық

қаржылық есеп стандарттарын енгізудің мəселелері.

Орындаған: Жумагулова Гаухар

УА-205

Тексерген: Серекбаева Б. С.

Семей 2015 жыл

Бухгалтерлік есеп кез-келген кəсіпорын субъектілерінің шаруашылық қызметін басқару, бақылау, талдау құру үшін қажетті ғылым ретінде қолданылады. Қазіргі кезеңде Шағын кəсіпорындар саласында бухгалтерлік есепті дамытуды негізгі концептуалдық жағдайдағы тəжірибелік қызметте қолдану жəне өңдеу өзекті мəселе болып табылады [1] .

Сонымен қатар негізгі мəселелердің бірі Шағын кəсіпорындар саласындағы бухгалтерлік есепті халықаралық стандартпен сəйкестендіру

немесе халықаралық стандарт негізінде ұйымдастыру [2] .

Яғни кез-келген кəсіпорындардың шаруашылық қызметіне байланысты құрылған қаржылық есептілігі, сыртқы пайдаланушылар немесе қызығушылық танытушылар үшін түсінікті болуы керек. Шағын кəсіпорындар үшін қаржылық есептіліктің стандарты мынадай

талаптарға сай болуы керек:

а) Шағын кəсіпорындар үшін қаржылық есептіліктің стандарты жоғарғы

сапалы, түсінікті жəне анық болуы;

ə) Шағын кəсіпорындар үшін қаржылық есептіліктің қолданушыларға

негізделуі керек;

б) ХҚЕС толық жиналымына жəне концепциясына негізделуі;

в) Шағын кəсіпорындар үшін қаржылық есептілікті құру негізділігі;

г) Шағын кəсіпорындар ірі кəсіпорындарға айналуына байланысты ХҚЕС

өтудің оңай жолдарын қарастыру.

Осыған байланысты Шағын кəсіпорындар үшін біздің елімізде ҚР ҚМ ҚР «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік туралы» қабылданған заңдылығына сəйкес 2007 жылдың 21 маусымында ҚЕҰС-2 қабылданды. Қабылданған ҚЕҰС-2 «Шағын кəсіпорындар үшін стандарты (SME) ХҚЕСК негізделіп жасалған. Бұл стандартта (SME) - 80% ХҚЕС - нан көшіріліп алынған. Кəсіпорындарда бухгалтерлік есепті жүргізу жəне қаржылық есептілікті құру туралы заңдылық талаптарын, сонымен қатар ХҚЕС, ҚЕҰС-2, ҚЕҰС-1 талаптарын дұрыс қолдану үшін ең алдымен субъектінің қандай топқа жататынын анықтау қажет.

Егер шаруашылық қызметіне байланысты келесідей критерилері болатын болса, онда оны Шағын кəсіпорындар ретінде қарастырмаймыз, яғни ірі кəсіпорындар, олар келесідей:

а) Кəсіпорындар өзінің қаржылық есептілігін бағалы қағаздар нарығы

бойынша комиссияға тіркелген немесе тіркелмейтін болса;

ə) Компания сыртқы жақтардың активтерін сенімділік басқарумен

ұстайтын болса (мысалы, банк, сақтандыру компаниялары, инвестициялық компаниялар, зейнетақы қорлары) ;

б) Бұл кəсіпорындар қоғамдық қызмет саласында маңызды орын алатын

болса;

в) Аталған кəсіпорындар ел үшін экономикалық маңызды болып табылса, яғни келесі белгілері бойынша жиынтық активтері, жиынтық табыстары, жұмысшылар саны жəне сыртқы займ көлемі жағынан нарықта жетекші орында болса.

Көптеген жағдайларда 2-ҚЕХС, субъектілерге жекелеген активтер, міндеттемелер, операциялар есебінің əдістерін бағалау жəне тану тəртібі

қатынасында таңдауға құқық береді [3] .

Субъекттің таңдаған альтернативті нұсқалардың бірі есеп саясатында тіркелуі керек. 2-ҚЕҰС сəйкес нақтылы ақпараттардың пайда болуына алып келетін есеп саясаты келесідей талаптарға сай өңделіп жасалуы тиіс:

1. Экономикалық шешімдер қабылдауда пайдаланушылар қажеттілігі үшін

орынды болуы;

2. Қаржылық есептілік сенімділігі:

а) субъектінің қаржылық жағдайын, ақша қаражаттарының қозғалысын жəне ақша қаражаттарының қозғалысын жəне қаржылық нəтижесін дұрыс көрсетуі;

ə) операциялардың, жағдайлардың тек заңды нысанын көрсетпей, экономикалық мазмұнын көрсету;

б) барлық қарым-қатынаста тиісті мəліметтер толық болуы.

Мынандай жағдайлар кездесуі мүмкін, мысалы ҚЕҰС-2 74 параграфында кəсіпорынның өзінің есеп саясатында қаржылық активтер есебін жүргізуді неге негізделіп жасайтынына таңдау берілген, яғни:

а) 2-ҚЕҰС мазмұнындағы ережелер негізінде;

ə) 39 ХҚЕС (IAS) қаржылық құралдер негізінде.

Осыған байланысты 2-ҚЕҰС қолданушы субъект бірдей уақытта 39 ХҚЕС (IAS) қолдануға мүмкіндігі бар. Бұл жерде, ол қаржылық есептілігіндегі ақпараттарын 7- ХҚЕС (IFRS) «Қаржылық құралдар» стандартына сəйкес ашып көрсетуі тиіс. Осы ұсынылған 2 ҚЕҰС мен ХҚЕС - ның арасындағы ұқсастықтары өте көп [4] .

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік туралы» заңнамасы негізінде қабылданған 2 ҚЕҰС, ХҚЕСК басқармасының Шағын кəсіпорындар үшін арналған стандартының базасына негізделіп жасалынған. Шағын кəсіпорындар үшін арналған стандартты қолданушылар, қаржылық есептілігінің ақпараттарын тиісті пайдаланушыларға толық, анық жəне нақтылы ашып көрсету үшін, ХҚЕС (IFRS) қағидалары мен түсініктерін қолдануларына мүмкіндіктері бар. ХҚЕС (IFRS) - ның негізгі қағидалары мен түсініктерінің кез - келген өзгерістері Шағын кəсіпорындардың қаржылық есептілігін қолданушылардың белгілі қажеттіліктеріне негізделуі тиіс [5] .

Шағын кəсіпорындар үшін арналған стандарттар келесідей болуы тиіс:

а) ХҚЕС (IAS / IFRS) сияқты нөмірлеу жүйесін қолдану;

б) Тақырыптар бойынша қайта ұйымдастырылмауы;

в) Əрбір стандарт тұжырымдалу;

г) Əдістемелік нұсқама берілу;

д) Кəсіпорындармен міндетті құрылатын қаржылық есептілігі бухгалтерлік

қағидаларға сəйкес болуы.

Көптеген елдер мамандарының пікірлерінше Шағын кəсіпорындарға арналған стандартты қолданушы кəсіпорындар ХҚЕС (IFRS) сай барлық

талаптарды орындаулары керек. Сонымен қатар ұқсас стандарттар сенімді ақпарат алу үшін барлық қаржылық есептілігі жəне қолданылуы қажет [6] .

Кейбір мамандар Шағын кəсіпорындар үшін жеңілдетілген стандартты қолдануды ұсынады, яғни кейбір алынатын ақпараттардың ШОК қаржылық есептілігін қолданушылар үшін маңыздылығы жоқ жəне қолданылмайтын кəсіпорындар үшін ХҚЕС кейбір стандарттары артық б. т [7] .

Осы пікірдегілер ХҚЕС - ның кейбір стандарттарын алып тастауды немесе Шағын кəсіпорындар үшін, ол стандарттарға өзгертулер енгізуді, немесе Шағын кəсіпорындар үшін жеке стандарттар жинағын шығаруды ұсынады. 2005 жылдың екінші жартысы мен 2006 жылдың басында КХҚЕС басқармасының отырысында Шағын кəсіпорындар үшін стандартты өңдеу

мəселелері талқыланған [8] .

Дамушы елдер мамандарының пікірлерінше ХҚЕСК басқармасы Шағын

кəсіпорындар үшін арнайы қаржылық есептілігін дайындамауы (өңдемеуі) қажет. ХҚЕС толық жинағын барлық кəсіпорындар үшін қолдану ретінде қарастырылады, Шағын кəсіпорындарды қоса алғанда. ХҚЕС толық жинағы - бұл ХҚЕСК басқармасымен қабылданған стандарттар мен интерпретациялар (түсініктемелер) . Олар өзіне мыналарды қосады: ХҚЕС (IFRS) - халықаралық қаржылық есептілік стандарты, ХҚЕС (IAS) - халықаралық бухгалтерлік стандарты, сонымен қатар интерпретация бойынша халықаралық комитетпен құрылған интерпретация. ХҚЕСК басқармасы мынандай тұжырымдаманы айтады: қаржылық есептіліктің мақсаты кəсіпорынның қаржылық жағдайының өзгерісін жəне қызмет нəтижесінің қаржылық жағдайы туралы ақпараттарды көрсетуден тұрады. Бұл ақпарат экономикалық шешім қабылдауда кең көлемдегі пайдаланушыларға қажет. Яғни Шағын кəсіпорындардың қаржылық есептілігін пайдаланушылар ірі кəсіпорындар немесе жалпы қоғамдық маңызы бар компаниялар, АҚ болуы мүмкін [9] .

Мысалға қаржылық есептілігін пайдаланушылар пайыздар төлемін қамтамасыз ету, баланс тұрақтылығы, баланс өтімділігі жəне қысқа мерзімді ақша ағындары туралы, сонымен қатар кəсіпорынның ұзақ мерзімді ақша ағымдарын болжау үшін дайындаған ақпараттардан гөрі, өткен кезеңге төлем пайыздары мен табыс тенденциясы туралы ақпараттарға көбірек қызығушылық танытады. Басқа жағынан қарағанда ШОК қаржылық есептілігін пайдаланушылардың қаржылық есептілікте ірі кəсіпорындар үшін көрсетілмеген ақпараттарға қажеттіліктері туындауы мүмкін. Мысалы Шағын кəсіпорындар банктерден, акционерлерден, жабдықтаушылардан жиі несие алады жəне Шағын кəсіпорындар банктік

қаржыландыруды алу үшін акционерлер мен компаниялар өздерінен жеке активтерін үнемі салып отырады. Сондықтан Шағын кəсіпорындар мен белгілі ақпараттарды кең көлемде ашып көрсетуге, жоғары талап туындауы мүмкін. Осыған байланысты ХҚЕС мен 2- ҚЕҰС арасындағы айырмашылықтар, қаржылық есептілікті пайдаланушылардың қажеттілігі жəне пайда мен зияндар қатынасының талдамасы негізінде анықталады [10] .

Тəжірибеде стандарттарды қолданудан пайда, əртүрлі есеп беруші кəсіпорындар үшін ерекшеленеді жəне бірінші кезекте қаржылық есептілікті пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігіне жəне сипатына, көлеміне байланысты болады [11] .

Шағын кəсіпорындар жағдайлары ірі кəсіпорындар немесе қоғамдық маңызы бар кəсіпорындардың жағдайларынан көптеген бағыттары бойынша ерекшеленеді, атап айтатын болсақ:

а) қаржылық есептілікті пайдаланушылар кімдер болып табылады жəне

олардың ақпараттық қажеттіліктері қандай;

ə) қаржылық есептілік қалай қолданылады;

б) бухгалтерлік білімнің масштабы мен тереңдігі қандай жəне

кəсіпорындар үшін қажеттіліктері қандай;

в) басқа кəсіпорындар үшін ақпараттық жеткізілімдері қандай;

Осыған байланысты ХКЕС мен 2-ҚЕҰС арасындағы айырмашылықтары

мен өзара ұқсастықтарын анықтауға болады [12] .

Жоғарыда айтып кеткендей Шағын кəсіпорындар үшін стандарттың мақсаты бақылау, шешім қабылдау, жоспарлау үшін қажетті ақпаратпен басқарушылықты қамтамасыз ету болып табылады, яғни басқарушылық ақпаратпен. Сөзсіз басшы кəсіпорынның қаржылық есептілігіндегі бар ақпаратты пайдалануға қызығушылығы жоғары. Шынында, Шағын кəсіпорындар үшін қаржылық есептіліктің негізгі пайдаланушысы көбінесе басшылар болып табылады [13] .

Сондықтан кəсіпорын басшылығы кəсіпорынды басқаруға көмектесетін қосымша ақпараттарға қол жеткізе алады, яғни қаржылық жəне қаржылық емес ақпараттарға. Осыған жоғарыда айтып кеткен қаржылық есептіліктегі ақпараттарды ішкі жəне сыртқы пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін Шағын кəсіпорындар үшін ХҚЕС сəйкес тиімді стандарт қажет. Шағын кəсіпорындардың қаржылық есептілігі туралы ақпарат сыртқы пайдаланушыларға экономикалық шешім қабылдау үшін келесідей мəселелерге байланысты мəліметтерді қажет етеді:

- нешеге қызметтер көрсетуге жəне тауарлар беруге болады ма?

- пайыз бойынша несие беруге болады ма, қандай мөлшерде жəне қандай

пайызбен?

- Кəсіпорынның төлем қабілеттілігі қандай жəне т. б. байланысты.

Сонымен бірге Шағын кəсіпорынның ақпаратын негізгі сыртқы пайдаланушы ретінде салық ұйымдары қарастырылады [14] .

Шағын кəсіпорындардың қаржылық есептілігі туралы ақпаратты жиі пайдаланатын негізгі сыртқы пайдаланушылардың бірі салық ұйымдары б. т. Салық ұйымдары салық бойынша бекітілген міндеттемелерді орындау үшін кəсіпорыннан қажетті ақпаратты талап етуіне құқығы бар. Салық ұйымдары салық салынатын табысты анықтау үшін негізгі қаржылық есептілікті жиі қолданады. Ал ХҚЕС мен осы стандарттың негізінде жасалған 2-ҚЕҰС жəне 1-ҚЕҰС салық есептіліген байланысты салық ұйымдарының қойған кейбір талаптарына сəйкес келмейді [15] .

Егер 1 жəне 2-ҚЕҰС Шағын кəсіпорындар үшін 1 жəне 2-ҚЕҰС кейбір талаптары бойынша ақпараттарды ашып көрсету жеткіліксіз болса онда ХҚЕС талабына сəйкес кейбір ақпараттарды ашуға болады, мысалы:

1. Шағын кəсіпорындар ақпараттарды ашып көрсету бойынша:

а) Шағын кəсіпорындар 19-ХҚЕС «Қызметкерлерге сыйақы» белгіленген төлемдермен зейнеткерлік жоспар есебін қарастырмайды. Бірақ, есеп Шағын кəсіпорындар белгіленген төлемдер мен жоспарға кіруге қажет болатын болса, онда 19-ХҚЕС толық қолдану қажет. Яғни қызметкерлердің өмірін жəне денсаулығын сақтандыру бойынша, зейнеткерлік төлемдер, демалыс сыйақысы бойынша жəне т. б. [16] .

ə) Егер есеп саясатында кейбір ақпараттарды 2-ҚЕҰС 139 пункті бойынша толық ашып көрсете алмаса онда 39-ХҚЕС (IAS) «Қаржылық құралдар» стандартын қолданылады. Яғни, Шағын кəсіпорындар хеджирлеу операциясына қатысқысы келетін болса, онда аталған стандартты қолданады.

б) Кəсіпорын 39-ХҚЕС (IAS) қолданғаннан кейін міндетті түрде 7-ХҚЕС (IFRS) қолдану қажет.

в) Шағын кəсіпорындар кезеңнің басына жəне соңына негізгі құралдардың əрбір класстарының баланстық құнын салыстыру туралы ақпараттарды, əрбір

категориясы бойынша өзгерісі туралы ақпараттарды толық ашып көрсетуді қажет етсе, онда 16 ХҚЕС «Негізгі құралдар» стандартын қолданады.

2. Шағын кəсіпорындар баптарды бағалау бойынша:

а) Қаржылық есептіліктің ұлттық стандартын бағалау мен тануда Шағын кəсіпорындарға операцияларға байланысты бір сызықты əдісті қолданумен ұзақ мерзімді құралдарды есептеу нəтижесінде сыйақы мен дисконтты амортизациялауға мүмкіндік береді. Егер кəсіпорын тиімді пайыздық ставкасын қолданғысы келсе, онда 39 ХҚЕС (IAS) стандартының талаптарын толық орындауы қажет;

ə) Егер Шағын кəсіпорын ақша қаражаттарының ағынын тікелей əдіспен бағалайтын болса, онда 7 ХҚЕС (IAS) стандартының талаптарын толық орындауы қажет. Қаржылық есептіліктің ұлттық стандартын қолдану барысында келесі нұсқаларды қарастыру қажет:

1) Кəсіпорындар ХҚЕС (IFRS) қосымша жеңілдетілген нұсқа ретінде қарастыру. Яғни 2 ҚЕҰС - ның 36 тарауында немесе 139 пунктінде көрсетілгендей қажетті ақпаратты толық ашып көрсету үшін, ХҚЕС - ның қағидалары негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік берілген:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қаулысы
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінəсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер
Сақтандыру нарығын дамыту
Туристік бизнестегі делдалдық қызметтің есебі
Қытай Халық Республикасының сақтандыру дамуының жағдайы
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау негізінде оны арттыру жолдары
Дебиторлық борыштар есебінің шетелдік тəжірибесі
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Еңбек құқығы - оқулық
Жинақтаушы зейнетақы қоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz