Әлеуметтану қоғамдық – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : ӘЛЕУМЕТТАНУ қоғамдық - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде. Әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы. Қоғам - әлеуметтік жүйе ретіндеӘлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер .

Орындаған : Баракбай А. Н.

Топ : Қ - 513

Тексерген : Мамырбеков А. М.

Семей 2015 жыл

ЖОСПАР :

  1. ӘЛЕУМЕТТАНУ қоғамдық - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.
  2. Әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары.
  3. XX ғасыр әлеуметтануы.
  4. Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде.
  5. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер.

Әлеуметтану ұғымы мен қалыптасуы.

«Әлеуметтану» ұғымы - латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos - ілім деген сөзінен шыққан. Әлеуметтану - қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам түрлерінің, ұйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. «Әлеуметтану» ұғымын алғаш XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт (1798 - 1857) енгізді. Оның алғашқы маңызы - қоғамтану болатын. Тек қана, кейіннен әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атауын тапты.

Бірақ қоғам тек әлеуметтану ғылымының ғана емес басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану - қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл әлеуметтану ғылымының өзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды. «Әлеуметтану» термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде : мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады. Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады. Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану - тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы өз алдына дербес ғылым. Әлеуметтану - қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым. Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық (действительность) . Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. «Әлеумет», «қоғам» деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз - адамдардың әртүрлі деңгейдегі өзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры. Әлеуметтану пәні деп отырғанымыз - қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері.
1. Әлеуметтану әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде .

Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе - ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.

Яғни, әлеуметтану негізінен қоғаммен тығыз байланысты деген сөз. Қоғам болу үшін адамдар қажет. Ал әлеуметтану адамдардың қоғаммен байланысын қалыптасырады.

Мысалы : ортаңғы топ жоғары топқа қосылғанда бастапқыда көптеген қиыншылық көреді. Сол қиыншылықты жеңу үшін әлеуметтану өз үлесін қосады. Жоғары топқа келгенде адам бұрыс жолға түсіп кетуі де мүмкін. Сондай қателікке бой алдырмау үшін әлеуметтану қоғаммен байланыста болады.

Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады.

Мысалы : Мен қазір студентпін, яғни білімге ұмтылу үстіндемін. Оқу арқылы, білімге ұмтылу арқылы болашағымның берік іргетасын қалаудамын. Нақты факт бойынша : 2012-2013 оқу жылында Қазақстан Республикасының ЖОО саны - 139, елімізде студенттер саны - 571 691 адамды құрайды. Ал 2013-2014 оқу жылында 146 ЖОО жұмыс жасауда, студенттер саны - 629 507 адам. Білімге ұмтылу көрсеткіші артуда.

Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде- құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т. б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды.

  1. Әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары мен кезеңдері.

1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 - 30 - жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болады. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.

Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде - ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.

2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың 30-60 жылдарын қамитиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппартын дайындау басталды., әлеуметтану эксперементальды (практикалық ) ғылымға айналды. Оның әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кенінен қолдана бастады.

3- кезең . ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезенде әлекуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттің сайлаулардың қарсанында нақтылы әлеументтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады.

4-кезең . Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.

Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған жылдар бұрын грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, т. б. әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанынбайқаймыз.

Әлеуметтану XIX ғасырдың 30 - 40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798 - 1857 ж. ж. ) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О. Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл - сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О. Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл - ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданады.

Мысалы : Егер де мен өмірдегі кейбір сәтсіздіктерге тап болсам, ол менің тағдырым, менің маңдайыма жазылған сол деп ойлаймын. Бұл теологиялық көзқарас.

Екінші , яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялық ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі - ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

Бұл кезең адам ойының біршама интеллектуалды ойлауының артқан кезі. Кез келген нәрсеге сыни көзбен қарай бастауы. Адам санасының дами бастаған кезеңі.

Мысалы, жаңағы жағдайды алатын болсам, өзіме жасалып жатқан сәтсіздіктерді мен әділетсіздік ретінде қарастырамын. Яғни менде сыни көзқарастар пайда бола бастайды. Бұл метофизикалық көзқарас.
Ал, үшінші , яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.

Соңғы үшінші кезеңде адам ойы, қабілеті біршама жоғары деңгейге көтеріледі. Қабілеттерді саралап, сана - сезім, ойлау биік деңгейде дами бастайды.

Мысалы : Мен өмірдегі сәтсіздіктерге тап болғанда сәйкесінше соған қарсы күресу жолдарын, содан шығу амалдарын іздеймін. Бұл абстракті ойымның дамығанының көрсеткіші. Яғни позитивтік көзқарас.

О. Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер - бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.

Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида - ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды) білім жеңілірек, тезірек болады. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік» әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т. б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.

Мысалы, мемлекеттің негізгі құндылығы адамдар, яғни отбасы болып табылады. Отбасы- бұл мемлекет бастауы. Мемлекеттің экономикалық дамуында, әлеуметтік жағдайының жақсаруында өте үлкен рөл атқаратын отбасы болып табылады. Отбасы құқығын қорғау, оларға көмек көрсету, жас отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселелер мемлекеттің басты бағдарламасы болып табылады. Осыны барлығы мемлекет мойнында, сондықтан мемлекет субъектілік рөл, ал отбасы объектілік рөл атқарады деп ойлаймын.

О. Конттың ой - пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820 - 1903 ж. ж. ) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқталсақ, Г. Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой - пікір, идея Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.

1) Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;

2) Әлеуметтік эволюция идеясы.

Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Ч. Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшіліктер туралы ой - пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керсінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.

Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндеу көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болады.

Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ, 1897, Основание социологии, СПБ, 1906г. ) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.

Г. Спенсер әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т. б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді.

Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі - Эмиль Дюркгейм (1858 - 1917 ж. ж. ) . Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударады. Ал, бұл методология «социологизм» деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланысты өмір сүреді. Қоғам - ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметтанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналу үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.

Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.

Э. Дюркгейм айтады «Егер бір тылсым күш болмаса, адамдар баяғыда-ақ бір - бірін жеп қояр еді» деп. Яғни, бұл кісі теологиялық көзқарасты ұстанған. Адамдарды ұстап тұрған бір тылсым күштің бар екеніне сенген.

Макс Вебер (1864 - 1920 ж. ж. ) - батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М. Вебердің ой - тұжырымдарымен көп санасады. М. Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс - әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.

М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік - тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс - әрекетінде, қызметінде оның мұң - мұқтажын, талап - тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т. б. әр уақытта ескеріп отыру керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті - адамдардың іс - әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.

М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады.

Мысалы : мен өмірде жетістіктерге жету үшін алға қарай талпынамын. Түрлі жарыстарға қатысамын, түрлі сындардан өтемін. Бірақ уақыт өте келе бірінен болмаса, бірінен сүрінуіме тура келеді. Бұл жерде мен мұң - мұқтаждығыммын нәтижесінде сәтсіздікке ұшыраймын.

Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі) . Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой - пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу) негізінде жасалады.

Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой - пікірінің жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы) . Идеалды тип зерттеушілірінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне - кестесі. Идеалды типтік құрылымдар - бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т. б.

М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.

XIX ғасырдағы әлеуметтану - әлеуметтанудың жаңа дәуірі, біріншіден, эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуымен байланысты болды. Екіншіден, жаңа тұжырымдамалар мен бағыттардың шығуымен, үшіншіден, теориялық және эмпирикалық әлеуметтануды белгілі бір дәрежеде біріктіруге бағыт алуымен сипатталады.

  1. XX ғасыр әлеуметтануы.

Бұл дәуір XX ғасырдың 20-шы жылдаранан басталып, біздің қазіргі өмірімізге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуір негізінен үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең 20-жылдардан 40-шы жылдарға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде эмпирикалық әлеуметтанудың басымдылығы байқалады;

Екінші кезең - 40-шы екінші жартысынан 60-шы жылдың аяғына дейін созылды. Бұл уақытта, керісінше, теориялық-әдістемелік әлеуметтанудың құрылымы күшейіп, эмпирикалық әлеуметтанудан жоғары көтерілді.

Үшінші кезең - 70-жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғастары. Үшінші кезеңде теориялық әлеуметтанудың зерттеулерін микро және макро әлеуметтанумен біріктіруге әрекет жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтануды жеке ғылым ретінде жаңа деңгейге шығарып әлеуметтік процестерді зерттеу, оларды жаңа сапада түсіну, ұғыну мақсаттары қойылды. Жаңа қағидалы интегративті бағыттар пайда болды.

Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары - эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады.

Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды, қорытындылауды айтады. Мұндай нақты зерттеулер 20-30-жылдары АҚШ-та, сонан кейін басқа дамыған елдерде өте қызу жүргізіле бастады. Адольф-Кетле (франко-белгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флорина Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті.

Дегенмен, эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет болды, өйткені әлеуметтік теориялық сұрақтарға уақытында жауап берілмеді.

Бұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т. б. зор еңбек сіңірді.

Талкотт Парсоностың (1902-1979ж. ж. ) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс-әрекет, қимыл («социальное действие») және құрылымды-функциональды талдау («структурно-функциональный анализ») қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні мынадай. Қандай да бір әлеуметтік іс-әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне) сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді.

Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Әлеуметтану ғылымының тарихы
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Әлеуметтану – әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория
Социология ғылым ретінде
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz