Парсылар


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Парсылар

Орындаған: Амангелді Ж.

Қабылдаған: Мұхтаров К.

Қызылорда, 2015ж

Жоспар:

Парсылар

  1. Парсы мәдениеті
  2. . Салт-Дәстүрі

Парсылар

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/a/af/Assassination_of_Nizam_al-Mulk.jpg

Парсылар (өз атауы - фарсы, ирани) - ұлт, Иранның негізгі халқы. АҚШ, Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, ГФР, Австрия, Франция, Ұлыбритания, ТМД елдері, т. б. мемлекеттерде де тұрады. Жалпы саны 33 млн. адам (2002) . Антропология жағынан үлкен еуропоидтық нәсілдің үнді-жерортатеңіздік тобына жатады. Парсы тілінде сөйлейді. Ислам дінінің шиит тармағын ұстанады. Ежелгі иран тайпалары Орталық Азиядан б. з. б. 2-мыңжылдық соңында оңтүстік-батыс өңірлерге қоныстанған. Олар Мидия мемлекетінде, Ахемен әулеті құрған мемлекетте негізгі рөл атқарды. 7 ғасырдағы араб шапқыншылығынан кейін парсылар арасында ислам діні тарала бастады. Парсылардың этникалық тарихында арабтардан соң түріктер (11 - 12 ғасырлар, салжұқтар), түркі-моңғолдар (13 -14 ғасырлар, Хұлағу әулеті) өз іздерін қалдырды. 16 ғасырдың бас кезінде парсылар ирандық Сефеви әулетіне бағынса, 19 ғасырдың орта тұсында оларға қаджарлар өз үстемдігін орнатты. 19 ғасыдың ортасында ұлт болып қалыптасуы аяқталды. Парсылар ежелден суармалы егіншілікпен айналысты; бидай, тары, күріш, мақта, арпа, шай, қызылша, т. б. дәнді дақылдар екті. Қой өсірді. Қалалық жерлерде қолөнер мен сауда дамыды. Парсы шеберлері жасаған кілемдер, керамик. ыдыстар, зергерлік бұйымдар көп елдерде жоғары бағаланады. Баспаналары саз балшықтан, кірпіштен тұрғызылып, төбесі қамыспен жабылды. Ауқатты парсылар ауласына хауз (бассейн) салдыртты. Ерлер матадан тігілген көйлек, шалбар, үстіңгі жағына жеңсіз каба, қой терісінен тігілген күртеше, басына киіз кулах киді. Әйелдердің негізгі киімі - көйлек, кофта, дамбал, бүкіл денесін жауып тұратын чадра болды. Дәстүрлі тағамдары күріштен, еттен және сүттен жасалды. Мұсылмандық мерекелерден басқа Наурыз мейрамын да тойлайды. Өте бай ауыз әдебиеті сақталған.

Салт-дәстүрі

Жасы балиғатқа жеткен жасөспірім жігіт қалыңдығын көшеде танысып, қосылмайды. Ата-аналары арнайы рұқсат беріп, құда түсіп екі жасқа батасын бергеннен кейін ғана қосылып, некелері қиылған күні ғана жақындасуға мүмкіндік алған.
Қазақ жылқы мінездес дегенді жиі айтады. Бұл сөз тегін айтылмаған сияқты. Жылқы да өз үйіріне өзге үйірдің жылқыларын қоспайды. Қосыла қалған жағдайда ол үйірден бөлініп кетуі неғайбыл. Осы орайдан келгенде қазақтарда ежелден ата-атаға бөлініп өздерінің ұлттық қасиетті қағидаларын сақтап келеді. Рулық топ жеті атаға толған кезде арнайы ру ақсақалдары екі рудың жастарын боз биенің сүтіне шомылдырып, қол жайып бата беріп олардың қосылуларына рұқсат берген. Содан барып қазақ ұлтында жаңа ру қосылып отырады.
Әсіресе қазақтар арасында үйлену кезде олардың рулық қатынастарының маңызы зор болғандықтан әр қазақ өзінің аталық шежіресін жақсы білуге тиіс. Сондықтан қазақтар аталық шежіресін есте сақтауды мықтап меңгеріп, өзіндік салт-дәстүрін қатаң ұстанған.

Мәдениеті

Парсы тілі - руханият, хикмет пен мистика тілі. Ол өзінің осы тартымдылығы арқылы көптеген шекараларды асып өтіп, әртүрлі елдер мен құрлықтарға таралды. Ислам, ирандық-исламдық мәдениет пен өнер жайлы сөз бола қалған барлық жерде парсы тілі теңдессіз асыл тастай жарқырайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын Алматыдағы Абылайхан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті Иран, Қазақстан, Ресей, Армения мен Тәжікстаннан келген парсы тілі мен әдебиетінің 30 ұстазын қабылдады. Қазақстандағы ИИР-ның мәдени өкілдігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абылайхан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетінің өзара әріптестігімен және Қазақстан мен Иранның жауапты қайраткерлерінің қатысуымен "Парсы тілінің Қазақстан, Орта Азия мен Кавказдағы өткені, бүгіні мен ертеңі" атты форум өтті.

ИИР-ның Парсы тілі мен әдебиеті мәдени орталығының басшысы доктор Ғұламәли Хаддадәділ осы форумға жолдаған жолдауында: "Парсы тілі мен әдебиеті ұстаздарының парсы тілі, оны үйретудің жолдары мен тәсілдері, сондай-ақ оны дамытып-нығайту жөнінде ой бөлісіп, пікір алмасу үшін Қазақстанда жиналуы көңілге қуаныш ұялатады. Парсы тілі өткен ғасырларда Азияның кең ауқымды бөлігін қамтып, Таяу Шығыстан Орта Азияға дейінгі аралықта, Қытайдың оңтүстігі мен Үндістан түбегінде көптеген ғалымдар, әдебиетшілер мен мәдениет сүюшілердің тілі болды", -деді. ИИР-ның мәдени өкілі тарапынан оқылып шыққан доктор Ғұламәли Хаддадәділ өз жолдауының соңында: "Көптеген айтулы тұлғалар, ұстаздар мен зерттеушілердің осы форумда бас қосуы парсы тілінің Қазақстандағы даму жолын жеңілдетуге септігін тигізеді деген үміттеміз. ИИР-ның Парсы тілі мен әдебиеті мәдени орталығының төрағасы өз кезегінде осы жолды іздеушілермен өзінің барлық тәжірибелері мен жетістіктерін бөлісіп, аталмыш мақсаттың орындалуына көмектесуге дайын", -делінген.

Абылайхан атындағы университет ректорының ғылыми-зерттеу істері жөніндегі орынбасары Эльмира Наурызбаева ағымдағы жылдың 1-2 маусымында Алматыда өткен "Парсы тілі" форумында парсы тілінің әлемдегі ең үлкен әдебиетті өз атына тіркей алғандығын айта келіп: "Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері парсы тілі осы елдің университеттерінде оқытылады. Қазақстан тарихының 80 пайыздан астамы парсы тілінде жазылған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша қазақ тілінде парсы тілінен алынған 3060 сөз бар", -деді.

ИИР-ның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы доктор Мұхаммад Бақер Хоррамшад "Парсы тілінің Қазақстан, Орта Азия мен Кавказдағы өткені, бүгіні мен ертеңі" атты форумда сөйлеген сөзінде парсы тілін атақты шайырлардың тілі деп атады, сондай-ақ аталмыш шайырлардың өткен мен бүгінге ғана емес, келешекке де тиесілі екендігін атап өтіп: "Қытай, Үндістан, Пәкістан, Орта Азия елдері, Түркия, Кавказ бен Балкан елдерінің кітапханаларында парсы тілінде жазылған әртүрлі қолжазбалар бар. Парсы тілінде жазу және каллиграфия жаңа өнер түрін тудырды. Қазір де парсы тілінде өлең жазу парсы әдебиетінің көрнекті тұлғаларының арқасында жалғасын табуда. Шахриярдың өлеңдер жинағы - солардың бірі. Бүгін әртүрлі елдер, соның ішінде Латын Америкасы елдерінде парсы тілін үйренуге деген ынта байқалуда", -деді.

Хоррамшад парсы тілі мен әдебиетінің ертеңгі мақсаттарын санамалай келіп: "Парсы тілі ресми тілдердің бірі ретінде тіркеліп, ғылым мен технологияның дамуына байланысты қайтадан Ислам әлемінің екінші тілі саналады. Сондықтан мүмкіндігінше парсы тілінің таралуы аясы кеңейтіледі деп үміттенеміз", -деді. Ол, сондай-ақ: "Қазақстандағы ИИР-ның мәдени өкілдігі университеттер мен Мәдени өкілдіктің өзінде парсы тілін үйрету курстарын өткізуге дайын", -деп мәлімдеді.

Парсы тілінің мүмкіндіктері және жаһандану кедергілері, шетелдіктерге парсы тілін үйрету тәсілдері, Ислам діні мен мәдениетінің Қазақстанда таралуындағы парсы тілінің тарихи рөлі, Иранның тарихи болмыс-бітімін сақтаудағы парсы тілінің рөлі мен ұлттық сана-сезім - осының барлығы "Парсы тілінің Қазақстан, Орта Азия мен Кавказдағы өткені, бүгіні мен ертеңі" атты форумға қатысушы парсы тілі мен әдебиетінің ұстаздары екі күн бойы талқылап, өздерінің жаңа зерттеулерін ұсынған өзекті тақырыптар болды.

Ардақты ағайын, "Парсы тілінің Қазақстан, Орта Азия мен Кавказдағы өткені, бүгіні мен ертеңі" атты форумы негізінде парсы тілі мен әдебиетінің рухани тартымдылығы мен парсы тілінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы жайлы сөз қозғауды жөн көріп отырмыз.

Парсы тілі мен әдебиеті исламдық Иранның бай мәдениетінің түрлі түсті нақыштарын көрсетуші құрал болып табылады. Парсы тілі - руханият, хикмет пен мистика тілі. Ол өзінің осы тартымдылығы арқылы көптеген шекараларды асып өтіп, әртүрлі елдер мен құрлықтарға таралды. Ислам, ирандық-исламдық мәдениет пен өнер жайлы сөз бола қалған барлық жерде парсы тілі теңдессіз асыл тастай жарқырайды.

Құран, хадис пен фикх, философия және мистиканың ұлы тұлғаларының сөздері парсы тілі мен әдебиетінің ажырағысыз бөлігі болып табылады. Парсы әдебиетінің барлық құнды туындылары адам баласының болмысымен астасып, оның рухын биіктете түсетін рухани тартымдылыққа толы. Моулави "Маснавиінің" әрбір парағы, Хафиз өлеңдерінің әрбір құнды бейті, Сағдидің хикметке толы насихаттары, Фердоуси "Шахнамасының" даналыққа толы нұсқаулары - осының барлығы бүгінгі адамды парсы әдебиетінің миуалы бағына кіргізіп, шындық, дұрыстық пен рухани биіктіктен дәм тарттырады.

Мәскеу университетінің мәдениеттанушы ұстазы Ирина Абраменко: "Парсы поэзиясы мен әдебиетінсіз рухани өсу мен мистика жайлы сөз қозғау мүмкін емес. Тіпті осы дүниенің ғашықтығын жырлайтын Низамидің "Ләйлі-Мәжнүн" мен "Хосроу-Шырын" сияқты поэмалары мен Иранның ең маңызды эпикалық кітабы болып табылатын Фердоусидің "Шахнамасы" да руханияттан кенде емес. Бұл еңбектерден мистикалық мағынаға толы бейттерді көптеп кездестіруге болады", -дейді. Доктор Абраменконың пікірінше, "Құдай, ғашықтық пен адам - парсы әдебиетінің маңызды үш рухани тартымдылығы. Бүкіл болмысты қамтитын құдайды тану, ластық пен жамандықтан тазартатын ғашықтықты тану, бүкіл дүние оның кемелденуі үшін жаралған адамды парсы тілі мен әдебиетін танусыз мүмкін емес".

Кең байтақ жері бар қазақ елі тарих бойында Иран мәдениеті және өркениетімен үнемі байланыста болған. Бұл ұлан-ғайыр жерде Иран мен Тұран тайпалары алыс-беріс жасап отырған. Әлі де осы кең байтақ жердің түкпір-түкпірінен Иранның бай мәдениеті мен өркениетінің белгілерін көруге болады. Қазақтар арасындағы ирандық мәдениеттің ең маңызды элементі - парсы тілі. Қазақ халқының көпшілігі әлі күнге дейін өз балаларына Рүстем, Аспандияр мен Бижан сияқты Иранның эпикалық батырларының аттарын таңдап қояды. Мыңдаған парсы сөздерінің қазақ тілінде болуы ирандықтар мен түркітілдестер арасындағы қатынастардың ежелден келе жатқандығынан хабар береді. Намаз, ораза, пайғамбар, періште мен басқа да көптеген сөздер мен атаулардың барлығының түп-тамыры парсы тілінде жатыр. Бұл сөздер әлі күнге дейін қазақ тілінде қолданылады. Бүгінде Алматы көшелерінің бойымен жүріп өтсеңіз, дәріхана, асхана, шайхана, көше және осы тектес басқа да ондаған сөздерді кездестіресіз. Бұл сөздердің барлығы парсы тілінен алынған.

Осы күнге дейін жасырын қалып, тіркелмеген Қазақстанның құнды қазыналарының бірі - осы елдің әртүрлі кітапханаларында сақтаулы жатқан әртүрлі қолжазбалар мен кітаби нұсқалар. Осы қолжазбалардың арасында әлі күнге дейін ғылыми тұрғыдан тізімге алынбаған көптеген құнды еңбектер бар. Осы нұсқалардың 85-90 пайызы парсы тілінде парсы жазуымен жазылған. Қазақ зерттеушілерінің бірі: "Қазақтар жайлы сөз етілген ортағасырлық тарихи-мәдени дереккөздердің 90 пайызы парсы тілінде жазылған", -дейді. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: "Қазақтар арасында "Шахнама" мен "Ләйлі-Мәжнүн" дастандары негізінде көптеген суреттер салынған. Олар ел арасында ерекше ықыласқа ие болған. Қазақтың ұлы ойшылы әрі ақыны Абай Құнанбаев араб-парсы тілдерін біліп, дін ілімі мен Шығыс әдебиеті, әсіресе ежелгі парсы әдебиеті, Фердоуси, Сағди, Хафиз, Моулави және Низами сынды парсы тілдес шайырлармен таныс болған және өз өлеңдерінде ақындық талантын ұштау үшін осы ұлылардан медет сұраған. Абай мен басқа да қазақ ақындарының шығармашылығын зерттеген кезде қазақ-парсы ақындары арасында мазмұн-мағыналық тұрғыдан көптеген ортақтастықтардың барлығына көз жеткізуге болады", -деген пікірде.

Парсы тілі мен әдебиетінің қазақ мәдениеті мен тіліне әсері мен ондағы орнын назарға ала отырып, Қазақстанның қазіргі жас ұрпағы өз ата-бабаларының еңбектерін оқып, тану үшін парсы тілін үйренулері қажет және парсы тілінде сөйлетін адамдармен танысуы тиіс. Осы себепті соңғы жылдары Қазақстанда парсы тілі мен әдебиетін үйрету айтарлықтай дамыды. Парсы тілі мен әдебиеті Қазақстан Кеңес Одағы бақылауынан шыққаннан кейін х. қ. ж. с. б. 1368 жылы (1989 жылы) профессор Л. Рүстемовтың көмегімен Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде оқытыла бастады. Содан кейін бұл тіл басқа да университеттерде, атап айтқанда Абылайхан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті, Халықаралық журналистика униерситеті, Қожа Ахмет Яссауи мен Еуразия университеттерінде оқытыла бастады.

Парсы империясы

  • Ежелгі Парсы патшалығы

Парсы империясы деген терминмен парсылармен құрылған бірнеше мемлекетті атайды:

  • Ахеменилер империясы (б. з. д. 550 жыл - б. з. д. 330 жыл
  • Парфия, Парфия империясы, Парфия патшалығы, Парфия державасы немесе Аршакилер империясы
  • Сасанилер империясы (226 - 651)

Көбінесе «Парсы империясы» деп Ахеменилер мен Сасанилерді атайды.

Ежелгі Парсы патшалығы

Парсы патшалығының құрылуы

Сурет:Парсы патшалығы.jpg Ежелгі Парсы патшалығының картасы

Иран үстіртінің оңтүстігінде, Вавилонның оңтүстік-шығысында парсы тайпалары өмір сүрген еді. Олар сыртқы жауларға қарсы күрестің барысында бірігіп, тайпалар одағын құрды. Парсы тайпалары одағын ахемен деп аталған рудан шыққан көсемдер басқарды. Солардың ішінде Кир есімді қабілетті көсем болды. Кейбір аңыз бойынша, оны кішкентай кезінде бір ерекше аң емізіп асырапты. Одан соң мал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп өсіріпті. Сөйтіп, құдіретті аң сүтінен нәр алып, өзі де қасиетті болыпты. Кир парсы тайпаларының одағын күшейтті. Оның басқару жүйесін жетілдірді. Содан соң өзін парсылардың патшасымын деп жариялады. Бұл кездерді Вавилонның солтүстік- шығысында Мидиямемлекеті пайда болған еді. Ассирия мемлекетінің әлсіреу мидиялықтардың күшеюіне мүмкіндік берді. МидиялықтарВавилонмен одақтаса отырып, әлсіреген Ассирия мемлекетін талқандайды. Одан соң мидиялықтар Кіші Азияға, оңтүстігіндегі парсыларға да өктемдік жүргізеді. Бірақ Мидияның Вавилонмен одақтастық, достық қарым-қатынасы ұзаққа бармады. Екеуінің арасындағы келіспеушілік қанды соғысқа ұласты. Мидияның патшасы Астиаг (вавилонша Иштубек) пен Вавилон билеушісі Набонид соғысып жатқан кезде Кир парсыларды мидиялық өктемдікке қарсы көтерді. Ол Мидия патшасы Астиагты оңай жеңді. Мидияны жаулап алғаннан кейін, Кир жаулаушылық саясатын кеңейте түсті. Кіші Азиядағы бірнеше мемлекетті басып алды. Бұл кезде Вавилонның өз ішінде алауыздықтар басталған еді. Әсіресе, абыздар мен саудагерлер елдегі жиі болып жатқан бүліктер мен көтерілістерге, патша билігінің әлсіздігіне наразы болды. Оны білетін Кир өзін Вавилон дінінің, мәдениетінің қамқоршысы боламын, елде тыныштық орнатамын деп мәлімдеді. Сондықтан оны вавилондық абыздар қолдады. Саудагерлер де үмітпен қарады. Кир оларға арқа сүйей отырып, барлық әскерін бастап Вавилонға басып кірді. Вавилонды Парсы патшалығына қосқаннан кейін, Кир әскерлерімен батысқа аттанды. Кешегі Египетке тәуелді болған Финикия мен Палестина халықтары парсыларға қарсылық көрсете қоймады. Бұдан соң Кир Орта Азиядағы жауынгер сақ тайпаларының жерін өзіне қаратуға ұмтылды. Бірақ оның сақтарға қарсы жорығы сәтсіздікпен аяқталады. Ол жорығының барысында парсылар талқандалып, Кирдің өзі де қаза табады. Оның орнына ұлы Камбиз патша болады. Ол Египетке жорық жасап, оны бағындырады. Сөйтіп, шығысы Орта Азияға, батысы Жерорта теңізі мен Египетке дейінгі аралықты алып жатқан ірі Парсы патшалығы құрылды.

I Дарий, оның ішкі және сыртқы саясаты

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/4/47/Pic-3.jpg

I Дарий

Камбиз Египеттен қайтып келе жатқанда қайтыс болды. Бағындырылған халықтар парсы өктемдігіне қарсы көтерілістерге шықты. Парсы патшасының тағына Б. з. д. 522 жылы I Дарий (парсыша Дарайявауш) отырды. Оның билігінің алғашқы жылдары көтерілістерді басумен өтті. Көтерілістер орасан зор мемлекеттің жекелеген аймақтарды арасындағы байланыстың нашар екенін, мемлекеттерді басқару жүйесін реттеу қажеттігін көрсетті. Көтерілсітерді басып, тағына мықтап отырғаннан кейін I Дарий мемлекетті басқару жүйесіне өзгерістер енгізуді қолға алды. Алдымен 20 аймаққа бөлді. Әрбір аймақты патша тағайындаған хакімдер басқарған Аймақтар белгілі бір көлемде патша қазынасына салық төлеп отыратын болды. Әрбір аймақта әскери бөлімдер тұрды. Оларды тікелей патша тағайындайтын әскербасылар басқарды. Олар аймақ хакімдеріне емес, тікелей патшаға бағынды. Сондықтан олар, әскербасылар аймақ хакімдерінің үстінен патшаға шағым айта алады. Ал аймақ хакімдері де әскербасылардың үстінен патшаға шағымдануға қақылы болды. Бұл жергілікті билеушілерді патшаға тәуелді ете түсті. Барлық билік патшаның қолына жинала берді. I Дарий енгізген үлкен жаңалықтардың бірі әлемдегі ең таза алтын теңге шығартуы болды. Ол дарик де аталды. Оны Парсы мемлекеті ғана емес, көптеген басқа елдер де құнды ақша ретінде пайдаланды. Сөйтіп, дарик, бүгінгі таңда дағы америкалық доллар сияқты, халықаралық саудада негізгі ақша қызметін атқарды. Бұл халықаралық саудадағы Парсы елінің беделін көтерді. Елдегі сауданың дамуы, әрбір аймақтар арасындағы байланыстың нығаюы үшін үлкен жол салынды. Ол жол сонау Сарды қаласынан басталып, бүкіл Кіші Азияны басып өте отырып, Тигр өзенінің бойымен оңтүстікке қарай Вавилон мен Сузы қалаларына дейін созылды. Жол бойындағы әрбір 20 километр жерге бекеттер мен керуен сарайлар орнатылды. Оларда шабармандар мен хат тасушылар аттарымен, хабарды келесі бекеттегілерге жеткізуге дайын тұрды. Осы жол арқылы елдің орталығынан патша жарлықтары оның шеткері аймақтарына тез жеткізіліп отырды. Бұл жолды сол себепті кейде "патша жолы" деп те атады. Бұл жолмен сауда керуендері де ағылып, жұріп жатты.

Парсы тілі

Парсы тілі үнді-еуропа тілдік семьясы иран тобының оңтүстік-батыс тармағына жатады. Иран Ислам Республикасының ресми тілі. Орта ғасырларда әдеби тіл ретінде Иранмен шекаралас жатқан Ауғанстанға, Орталық Азияның кей өңірлеріне, Үндістан мен Әзербайжанға тарады. Парсы тілі тарихы көне, орта, жаңа болып үш дәуірге бөлінеді. Қазіргі парсы тілі көне парсы (жазба ескерткіштері б. з. б. 6 - 4 ғасырлардан белгілі), орта парсы (3 - 7 ғасырлар), классикалық кезеңдегі жаңа парсы (7 - 15 ғасырлар) тілдерінің заңды жалғасы. Классикалық парсы тілінің базасында туысқан тәжік және дархи тілдері дамыды (айырмашылықтары 16 - 17 ғасырларда басталды) . Сондықтан классикалық парсы тіліндегі әдеби мұра Ауғанстан, Тәжікстан және Иранхалықтарына ортақ болып табылады. Парсы тілі бай жазба дәстүрге ие дүние жүзіндегі ежелгі тілдердің бірі. Бұл тілдегі жазба ескерткіштердің 2500 жылдан астам тарихы бар. Парсы тілі бірнеше диалектіге бөлінеді, әдеби тілі тегеран диалектісі негізінде жасалған. Фонет. ерекшеліктері 6 монофтонг, 2 дифтонг, 23 дауыссыз фонеманың болуымен, тіл арты (фарингаль), көмей (увуляр) дыбыстардың сақталуымен айқындалады. Сөз басында дауыссыздар қатар келмейді, екпін сөздің соңғы буынына түседі. Есімдер септелмейді, род категориясы жоқ. Күрделі етістіктің есімді тіркесі мен аналитикалық тәсілі жиі қолданылады. Араб, түркі тілдерінің сөздері көп кездеспегенімен, 19 ғасырдан француз, ағылшын, орыс тілдерінен енген сөздер жеткілікті. Жазуы араб әліпбиіне негізделген.

Парсы патшасы І Дарийдің Бехистундік жазуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарий I -дің Скифияға жорығы
Дарий I Скифияға жорығы
Парсы шапқыншылығы
Тарих бастауы сақ дәуірі
Сақ тайпаларының орналасуы
Сақтар туралы мәліметтер
Сақтар
Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Жетісу жеріндегі сақтардың отырықшылығы, жер шаруашылығы және қалалық өмірі
Сақтар жөнінде деректер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz