Қызмет етуді сертификаттау туралы


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Қызмет етуді сертификаттау

Орындаған: Амангелді Ж

Қабылдаған: Басқанбаева Д

Қызылорда, 2015ж

Мазмұны:

  1. Қызмет етуді сертификаттау
  2. Шет мемлекеттегі сертификаттау жүйесі

Қызмет етуді сертификаттау
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (әрі қарай ДСУ) кіруге әзірлік жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет саудасының Бас келісіміне (ҚСБК) қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвестицияның бір елден бір елге еркін жүруіне кедергі жасамайды. Бас келісім бағалы қағаздар, көлік түрлері, телекоммуникация, құрылыс, банк жүйесі, туризм, білім, медициналық қызметтер т. б. қызмет ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге қол қойған ел, қатысушы елдерге өз рыногында ең қолайлы жағдайлар жасауға тиіс, оның ішінде, сауда тарифын төмендеті, реттеу мәселелерінің анықтығы т. с. с. Қызмет етуді сертификаттау, көрсетілетін жұмыска нақты стандарт талабы болуын қажет етеді. Республикада қалыптасқан тұрмыстық қызмет етудің ішінде-шаштараз, монша, тұрмыстық радиоэлектроника, электр аппараттары, бас киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, кір жуу, аяк киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т. с. кең тараған. Нарықтык экономикага көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй қызмет ету жұмысы да кең тарап келе жатыр.
Аталған қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды талап етеді.
Қызмет етудің қауіпсіздігіне байланысты басты міндеті бірнеше сатыларға бөлінеді. Осы көрсеткіштерге қарай сертификаттау құрылымы да өзгеріп отырады. Мысалы, шаштараз қызмет ету жұмысында әртүрлі пайдаланатын химикаттар т. б. заттар адам өміріне қауіпсіз болуы керек. Осындай көрсеткіштер автокөлік, киім тазарту т. с. с. қызмет етуде де орындалуы қажет.
Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттау автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және өңдеу (ҚР Е 3. 24-94), химиялық тазарту мен бояу, туристік, қонақ үй қызмет ету, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды сертификаттау жаңа калылтасып келеді.
Қызмет етуді сертификаттау жүйесінің принципі, өнімдерді сертификаттау жүйесімен бірдей (міндеттілігі жэне өз еркімен, үшіші жақтың қатынасуы, сертификаттау органын аккредитациялау, сәйкестік сертификатын беру т. б. ) . Сонымен қатар қызмет етуді сертификаттаудың өзіндік ерекшелігі де бар, қызмет ету барысында орындаушы мен тұтынушының қарым-қатынасы, түтынушыға көрсетілген қызметтік әсері, уақыты, сапасы т. б.
Қызмет ету жұмысын салыстырмалы түрде материалды емес (қасиетінің өзгеруі, жасауы, т. б. ) және моральдық-психологиялык рухына әсер ету деп бөлуге болады.
Қызмет етуді сертификаттау құрылымына мына жұмыстарды қосуға болады:
- материалдық қызмет етудің нәтижесін тексеру;
- көрсетілген қызметтің сапа жүйесін сертификаттау;
- қызмет ететін жұмыскерді аттестациялау;
- қызмет ету технология тәсілін аттестаттау;
- қызмет көрсететін кәсіпорындарды сертификаттау;
- инспекциялық бақылау.
Қызмет етуді сертификаттау құрылымы негізінен орындаушының шеберлігін, көрсетілген қызмет етудің үрдісін, кәсіпорынды аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау, қызмет етудің нәтижесін қалауынша тексеруден тұратындай етіп алуға болады. Ал, инспекциялық бақылауды қызмет ету нәтижесін бағалау, технологиялық бағалау, үрдістің тұрақтылығын тексеру арқылы жүргізуге болады, ол көрсетілетін қызметке байланысты таңдап алынады.
Қызмет етудің материалдық түрін сертификаттағанда орындаушының кәсіптік деңгейін аттестациялау (шағын кәсіпорындар және кәсіпкерлерді) қызмет ету үрдісін аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау және осы аталған көрсеткіштерді инспекциялық бақылау арқылы жүргізіледі.
Қызмет көрсетуді сертификаттау үшін халықаралық, регионалдық және ұлттық стандарттардың талаптарын пайдаланады.
Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттауды мемлекет деңгейінде заң, ережелер, негіз болатын стандарттар, классификатор пайдаланылады. ҚР СТ-ы кәсіпорын деңгейінде нақты қызмет ету түріне техникалық шарт, фирма, кәсіпорын стандарттары, конструкторлық, технологиялық құжаттар рецептер және мөлшерлеуіш құжаттары пайдаланылады.
Міндетті сертификаттауда пайдаланылатын құжаттарда адамның денсаулығы мен өміріне қауіпсіздік нормасы, экологиялық параметрлері, қызмет ету тәсілі, технологиялық үрдістің орындалу, орындаушының шеберлігін, сапа жүйесін қамтамасыз ету тәсілдерінің талаптары көрсетілуі тиіс.
Сертификаттау жүйесінде қызмет етуді инспекциялық бақылауды сертификаттау органы немесе эксперт-аудитор жүргізеді.

Қызметтерді сертификаттау нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Қызметтерді сертификаттаған кезде қызметтердің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі және мыналарға:

1) қызметтерді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде оның жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгіге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестігін және функционалдық арналуын тексеруге;

2) сертификатталатын қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері (тексерістері) қолданылады.

Сертификаттау кезінде пайдаланылатын схемаларды қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтарды жүргізу мүмкіндігін, дәлелдеудің талап етілетін деңгейін, тұтынушының мүлкінің сақталуын қамтамасыз еткен кездегі өтінім берушінің ықтимал шығындарын ескере отырып, өтінім беруші анықтайды.

Схемалар біртекті қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін белгілейтін құжатта көрсетілуге тиіс.

Қызметтерді сертификаттау кезінде қолданылатын сертификаттау схемалары «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінде келтірілген.

Қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өтінім беруші төлейді.

Сертификаттауды жүргізу тәртібі

Қызметтерді сертификаттау мыналарды қамтиды:

1) Органға сертификаттауға өтінім беру; 2) өтінім бойынша шешім қабылдау; 3) сертификаттау схемасын таңдау; 4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу; 5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу; 6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау; 7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу; 8) Сертификат беру; 9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес) .

Өтінім беруші сертификаттауға арналған өтінімді нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жібереді.

Осы қызметтерді көрсететін бірнеше орган болған кезде өтінім беруші өтінімді олардың кез келгеніне жіберуге құқылы.

Орган оны алғаннан кейін бір айдан кешіктірмейтін мерзімде өтінімді қарайды, өтінім берушіге шешімді хабарлайды және олар қол қойған, екі данадағы қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім нысан бойынша жасалады және осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетілген сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды.

Сертификаттау сынақтары Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.

Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады:

1) көрсетілген қызметтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру;

2) сынақтардың (тексерістердің) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу.

Қызметтердің тексерілетін нәтижелерінің саны мен оларды іріктеу тәртібін осы қызметке арналған нормативтік құжаттарға сәйкес Орган анықтайды.

Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жібереді.

Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерістер) мен берілген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде Сертификатты ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді және өтінім берушіге береді.

Қажет болған жағдайда қызметтерді орындаушы белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады.

Сертификаттың қолданылу мерзімін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, Орган белгілейді.

Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиіс.

Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтінім берушіге Сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді.

Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейді:

1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;

2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру;

3) тексерістер жүргізу;

4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау.

Қызметтердің сертификаттау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Орган анықтайды.

Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан шағымдар бірнеше рет түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін.

Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу іс-шараларының жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады.

Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді.

Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу іс-шаралары жүзеге асырылады.

Түзеу іс-шараларын жүргізген кезде Орган:

1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;

2) қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді;

3) түзеу іс-шараларын орындау мерзімін белгілейді;

4) түзеу іс-шараларын орындауды тексереді;

5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды.

Түзеу іс-шаралары орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді.

Қызметтерді орындаушы түзеу іс-шараларын орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды.

Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды ҚР СТ 3. 9 сәйкес жүргізеді.

Бұл стандарт бойынша ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде міндетті сертификаттауға жататын шетелдік өнімдердің сәйкестігін растаудың жалпы ережелерін, жүргізу тәртібі мен рәсімдерін орнатады.

Бұл стандарт сертификаттау жөніндегі аккредиттелген барлық органдарына, сынақ зертханаларына, сарапшы-аудиторларға, сонымен қатар ҚР МСЖ қызметіне қатысатын басқа да заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып саналады.

Шетелден әкелінген өнімдердің Қазақстанда күші бар нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растауын ҚР МСЖ орнатылған тәртіпте аккредиттелген сертификаттау органдарымен жүргізіледі.

Міндетті сертификаттауға жататын шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды отандық өнімдерге орнатылған ережелер бойынша жасалады, бірақ енгізілетін өнімдердің ерекшеліктері мен келісім-шарттардың бар болуы ескерілуі керек (Қазақстан мен экспортер-мемлекет арасындағы) .

Қазақстан Республикасында МСЖ шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауын мына жолдармен жүргізеді:

а) сәйкестік сертификаттарының түпнұсқаларын берген ТМД қатысушыларының-мемлекеттерінің СО мойындалуы;

- сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін берген ТМД қатысушыларының-мемлекеттерінің СО мойындалуы;

- ҚР МСЖ орнатылған тәртіпте аккредиттелген ТМД қатысушыларына жатпайтын мемлекеттердің СО берілген және мөрімен куәландырылған шетелдік сәйкестік сертификаттарын немесе олардың көшірмелерін мойындалуы;

б) Өнімдердің сәйкестігін растау тәртібі техникалық регламентіне сәйкес талаптарға сертификаттау сұлбаларын қолдана отырып өнімдердің партиясын сертификаттау;

в) өтінушімен сәйкестік декларациясын қабылдау.

ҚР аймағында мойындалған шетелдік СО берілген сәйкестік сертиффикаттардың тізімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органымен анықталады.

Міндетті сәйкестікті растауға жататын шетелден әкелінген өнім енгізу уақытына өнімнің партиясы ретінде саналады, сериялы өнідіріске сәйкестік сертификаты болса да. Мұнда партияның мөлшері енгізілетін құжаттың тауарменжүретін құжаттамаға сай анықталады.

Міндетті сәйкестікті растауға жататын көтерме саудаға арналған шетелдік өнімге мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат болуы керек. Бұл ақпаратқа келесі мәліметтер кіреді: өнімнің атауы, дайындаушы-мемлекет пен кәсіпорын, дайындау күні, сақтау мерзімі, жағдайлары, қолдану тәсілі, тағамдық құндылығы. Аударманың дұрыстығына өтінуші жауап береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Сапа жүйесін сертификаттау
Сертификаттаудың мағынасы мен мазмұны
Қызмет етуді сертификаттау
Кәсiпорын өнiмiнiң сапасын стандарттау және сертификаттау
Жолаушыларды автомобильдік транспортпен тасымалдау қызметін сертификаттау. сәйкестік белгісі
ЖШС КазЭкспо Аудит бойынша жүргізілген іс - тәжірибе
Бетонның құрылыс материалының түрлері
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау
Сапаны басқару механизмінде жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz