Метрология және техникалық өлшеу



1.Метрология және техникалық өлшеу негізгі анықтамалары, мақсатары
2. Өлшеу және бақылау аспаптарының классификациясы.
3.Негізгі метрологиялық көрсеткіштер
Метрикалық жүйе, метрология және прогресс ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Метрикалық жүйе қолданылуы метрологияның ең басты жетістігі.
Метрология - өлшеу жұмыстарын жүргізу, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Қазіргі замандағы өлшеу жұмыстары ғылыми-техникалық білім негізі болып, материалдық ресурстарды есепке алу және жоспарлау, өнім сапасын қамтамасыз ету, бөлшектер мен тораптардың өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету және технологияларды дамыту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа мәселелерді шешуге бағытталады.
Қандай да болса талдау, жобалау, жоспарлау, бақылау, реттеу барысында әрқашан да шикізат, дайын өнім көлемі және сапасы туралы, технологиялық әрекет немесе тұтас өндірістік цикл туралы ақпарат қажетті. Бұл ақпарат әр түрлі көптеген физикалық шамаларды, көрсеткіштерді және параметрлерді өлшеп анықтауын талап етеді.
1. Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау/ Астана: Фолиант, 2008
2. Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау / Қызылорда: Тұмар, 2007
3. Каржаубаев К.Е. Стандарттау, сертификаттау және менеджмент жүйелері/ Алматы: Нур-Принт, 2011
4. Асқаров Е.С. Стандарттау, метрология, сертификаттау және сапаны басқару/ Алматы: Экономика, 2013

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Метрология және техникалық өлшеу

Орындаған: Амангелді Ж
Қабылдаған: Басқанбаева Д



Қызылорда, 2015ж
Мазмұны:
1.Метрология және техникалық өлшеу негізгі анықтамалары, мақсатары
2. Өлшеу және бақылау аспаптарының классификациясы.
3.Негізгі метрологиялық көрсеткіштер

Метрикалық жүйе, метрология және прогресс ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Метрикалық жүйе қолданылуы метрологияның ең басты жетістігі.
Метрология - өлшеу жұмыстарын жүргізу, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Қазіргі замандағы өлшеу жұмыстары ғылыми-техникалық білім негізі болып, материалдық ресурстарды есепке алу және жоспарлау, өнім сапасын қамтамасыз ету, бөлшектер мен тораптардың өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету және технологияларды дамыту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа мәселелерді шешуге бағытталады.
Қандай да болса талдау, жобалау, жоспарлау, бақылау, реттеу барысында әрқашан да шикізат, дайын өнім көлемі және сапасы туралы, технологиялық әрекет немесе тұтас өндірістік цикл туралы ақпарат қажетті. Бұл ақпарат әр түрлі көптеген физикалық шамаларды, көрсеткіштерді және параметрлерді өлшеп анықтауын талап етеді.
Қажетті дәлдікпен анықталған нақты ақпарат дұрыс шешім қабылдануына әсер етеді, ал керісінше, жалған ақпарат өнім сапасын төмендетеді, әр түрлі төтенше жағайлардың себебі болуы мүмкін көптеген қателіктерге апарады.
Кейбір мәселелер әртүрлі жерде, әртүрлі кезде, әр түрлі өлшеу жабдықтарымен өлшеу нәтижелері бойынша қорытындалады. Сондықтан өлшеу нәтижелерін қолдануға болады, егер олар бір-бірімен сәйкес болса.
Өндіріс саласында түпкі өнімді бақылаумен шектелмей, әрқашан да технологиялық процесс бойында өнім сапасына қатысты көрсеткіштерді өлшеу және бақылау жағдайларын қарастыру маңызды.
Жаңа өнім шығару және технологиялық процессін дайындау кезінде, өндірістің метрологиялық дайындығы туралы мәселе қолдануға алынған. Аттестациядан өткен өлшеу және сынау әдістер мен жабдықтары негізінде атқарылуы тиісті.
Қолдану тапқан өлшеу техникасының деңгейі бойынша өндіріс саласының, мемлекеттің ғылыми және техникалық даму деңгейі анықталады.

Метрологияның негізгі мақсаттары:
# физикалық шамалар мәндерін, мемлекеттік эталондарын және үлгілі өлшеу жабдықтарын орнату;
# өлшеу теориясын, әдістерін және өлшеу мен бақылау жабдықтарын дайындау;
# өлшеу бірлігін қамтамасыз ету;
# өлшеу қателіктерін, өлшеу және бақылау жабдықтарының дәлдігін анықтау әдістерін дайындау;
# өлшемдерді эталондардан немесе үлгілі өлшеу жабдықтарынан жұмысшы өлшеу жабдықтарына беру әдістерін дайындау.

Негізгі анықтамалар мен ұғымдар

Өлшеу - белгілі бip физикалық шаманың мәнін өлшеу жабдығы көмегімен анықтау.
Өлшеу жабдықтары - мөлшерленген метрологиялық қасиеттерімен бөлінген техникалық жабдықтар.
Өлшеу жабдықтары қатарына жатады: физикалық шамалар эталондары, үлгілі мөлшерлер, үлгілі өлшеу жабдықтары және жұмысшы өлшеу жабдықтары.
Физикалық шамалар эталондары - ресми түрінде физикалық шамалар эталондарымен бекітілген ең жоғары болуы мүмкін дәлдікті қамтамасыз етуге негізделген өлшеу жабдықтары немесе өлшеу жабдықтарының кешені.
Үлгілі мөлшерлер - берілген физикалық шаманы қамтамасыз етуге негізделген өлшеу жабдықтары.
Үлгілі өлшеу жабдықтары - үлгілі есебінде бекітілген мөлшерлер, өлшегіш аспаптар немесе түрлендіргіштер.
Жұмысшы өлшеу жабдықтары - физикалық шаманы беруімен байланысты емес өлшеуге қолданылатын мөлшерлер, құрылғылар немесе аспаптар.

Өлшеу жабдықтарының метрологиялық көрсеткіштері

Бөліктер белгісі- өлшенетін өлшемнің кейбір сан мәніне тең өлшеу межелігіндегі сан түріндегі бөлік белгісі (белгі нүкте,сызықша болуы мүмкін).
Аспап өлшеу межелігінің бөлігі - өлшеу межелігіндегі екі көрші тұрған бөліктер белгілерінің аралығы.
Өлшеу межелігінің ұзындығы - өлшеу межелігіндегі екі көрші тұрған ең қысқа сызықшамен белгіленген бөліктер белгісі осьтерінің арасындағы арақашықтық.
Өлшеу межелігінің бөлім бағасы - өлшеу межелігіндегі екі көрші тұрған бөліктер белгісі мәндерінің айырмашылығы.
Көрсеткіштер ауқымы - өлшеу межелігіндегі бастапқы және соңғы мәндермен шектелген аудан.
Өлшеу ауқымы - өлшеу аспабының бойында өлшенетін өлшем мәндерінің мүмкіндік қателіктері нормаланған ауданы.
Өлшеу шегі - өлшеу межелігінің ең үлкен немесе ең кіші мәні.
Өлшеу аспабы мүмкіндік қателіктерінің шегі - өлшеу аспабы жарамды және қолдануға мүмкін болып есептелуіне сәйкес мүмкіндік қателіктерінің ең үлкен мәні.
Өлшеу дәлдігі - өлшеу нәтижелері қателігінің нольге жақын болуын сипаттайтын өлшеу аспабының сапалық көрсеткіші.
Өлшеу аспабының дәлдігі - қателіктер нольге жақындығын сипаттайтын өлшеу аспабының сапалық көрсеткіші.
Түзету - өлшеу аспабының көрсеткішіне немесе мөлшерлегіш номиналды өлшеміне алгебралық қосылуына тиісті мән. Бұл мән қайталанып тұратын қателіктерді жоюға және өлшенетін өлшем немесе мөлшер мәнің, нақты мәнге жақындатып алуға негізделген.

Нақты дәлдік және машиналар мөлшерленетін параметрлерінің ауытқуы туралы ақпарат беретін техникалық өлшеулер

Машиналар сапасын өлшеу техникасын қолданбай қорынтындылау мүмкін емес, яғни әрбір өнімді өндеп шығару кезінде өлшеу жұмыстары қажет.
Өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу аспаптары дәлдікті баламаланған, өлшем бірліктерін дәлдікті беруін қамтамасыз ететін, уақытылы тексерілген болса, сол кезде дайын өнімнің өлшемдері (есептеу немесе стандарттау негізінде орнатылған) дұрыс болады.
Еліміздің өндіріс кәсіпорындарында өзара ауыстырымдылық негізінде мамандандыру және кооперация атқару үшін, өлшеулердің қажетті дәлдігін және өлшеу бірлігін қамтамасыз ету қажетті.
Өлшеу бірлігі дегеніміз өлшеу жұмыстары заңды орнатылған өлшем бірліктерімен және нормаланған дәлдікпен анықталған нәтижелер.
Ұзындық өлшемдерін беру және оларды тексеру әдістері жүйесі ғылыми дәлелденген және ол Мемлекеттік өлшеу жүйесінің бөлігі болып табылады.
Осы жүйеге байланысты барлық өлшеу жабдықтары келесі топтарға бөлінеді: физикалық мәндер эталондары, үлгілі мөлшерлер және аспаптар, жұмысшы мөлшерлер және аспаптар.
Эталондар - ең жоғары дәлдікті қамтамасыз ету және сақтау үшін арналған үлгілі өлшемдер және аспаптар. Олардың қатарына метрдің үлгісі, эталондық шетті ұзындықтар мөлшерлерінің жиынтығы (реттілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші) жатады. Бірінші реттілікті эталондарды метр үлгісі бойынша, ал екінші реттіліктіні бірінші реттілікті бойынша, ал үшінші реттіліктіні екінші реттілікті бойынша тексереді.
Үлгілі мөлшерлер және аспаптар лабораториялық және зауыттық мөлшерлерді баламалау және тексеру үшін арналады. Олар разрядтарға бөлінеді және бір-біріне қатысты тексеріледі.
Цехтық мөлшерлер және аспаптар өнімдерді тексеру үшін қолданылады. Оларды әрбір өндіріс орнында ұйымдастырылған метрологиялық лабораторияларда үлгілі мөлшерлер және аспаптар бойынша тексереді.
Еліміздегі барлық өлшеулер бірлігін және дәлдіктілігін Мемлекеттік стандарттау қызметі біртұтас метрологиялық жүйесі бойынша атқарады.
Өлшеу жабдықтары мезгіл бойынша тексеруден өтеді және олар орнатылған техникалық талаптарға сәйкестігі қолдануға жарамды немесе жарамсыз қорытындыланады.
қорытындалады: Барлық өлшеу және бақылау жабдықтары құрылымы және қолдану сипаттары бойынша келесі топтарға бөлінеді: мөлшерлер, өлшеу аспаптары, өлшеу қондырғылары мен жүйелері.
Мөлшерлер деп берілген физикалық мәннің шамасын өлшеуге қажетті дәлдікпен нақты көрсетуге арналған денелерді немесе құрылғыларды атайды.
Өндірісте көбінесе қолданылатын ұзындықтар өлшемдерінің мөлшері болып жазық параллельді шетті ұзындықтар мөлшерлері болады, ал бұрыштық өлшемдер үшін бұрыштық мөлшерлер.
Мөлшерлер қатарына калибрлер жатады. Калибрлер машинажасау саласындағы бұйымдардың өлшемдерін, пішіндерін, беттерін, осьтер бір-біріне қатысты орналасуын және сапаны, қойылған техникалық талаптарға сәйкестігін бақылайды (өлшемейді).
Өндірісте ең жиі қолданылатын калибрлер құрылымдары (калибр-тығын, калибр-қапсырма) өлшемдерді бақылау жұмыстарының қажетті дәлдігін және жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан олар машинажасау саласында бақылау үшін қолданылатын негізгі техникалық жабдық болып табылады. Калибрлердің басты кемшілігі, олар тек қана бұйымдар өлшемдерінің ақауын қорытындылайды. Олардың көмегімен ақауды шектеуге немесе себебін анықтауға мүмкін емес. Келесі маңызды кемшілігі олар тек қана бір өлшемді бақылайды. Сондықтан ірі көлемді және жаппай өндірісте есептік өлшеуіш құрылғылармен жабдықталған (индикаторлар, рычагті бастиектер, микрокаторлар т.б.) өлшеуші айлабұйымдар кеңінең қолдана бастады.
Өлшегіш аспаптар және құралдар деп анықталатын өлшемді тікелей немесе жанамалы түрде өлшем бірлігімен салыстырып көрсететін қоңдырғыларды атайды. Аспап немесе құрал деп бөлінуі шартты. Қарапайым түрлері құралдар қатарына, ал күрделі түрлері аспаптар қатарына жатады.
Өлшеу жабдықтары қолдану сипатына байланысты әмбебап және арнаулы негізделген болып бөлінеді.
Сызықтық және бұрыштық өлшемдерді өлшеуге арналған әмбебап өлшеу аспаптары құрылымы және жұмыс атқару принциптері бойынша түрлері көп, сондықтан оларды келесі топтарға бөледі:
қарапайым өлшеу құралдары (сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшемдер өлшегіш т.б.);
сызықтық нониуспен жабдықталған штрихты құралдар (штангенқұралдар, әмбебап бұрышөлшегіштер);
микрометрлік аспаптар (микрометрлер, микрометрлік ішкі өлшемдерді және тереңдікті өлшегіштер);
рычагті-механикалық аспаптар, индикаторлар, микрокаторлар;
рычагті-оптикалық және оптикалық аспаптар (оптиметрлер, құралдық микроскоптар, проекторлар, өлшеуші микроскоптар);
пневматикалық (төмен қысымды, ротаторлы жоғары қысымды) аспаптар, қондырғылар және жүйелер;
электрленген (электртүйіспелі және индуктивті бергіштері) аспаптар, қондырғылар және жүйелер.

Арнаулы негізделген өлшеу аспаптары келесі топтарға бөлінеді:
жазықтықты, тікбағыттықты және горизонтальдықты өлшеу аспаптары (тексеру сызғыштары, тақталар, деңғейөлшегіштер);
беттер кедір-бұдырлығын бақылау аспаптары (профилометрлер, профилографтар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан метрологиясының дамуы
Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базаға талдау жасау
Метрологияның теориялық негізі.
Өлшеу құралдары және түрлері
ҚР стандарттау мен сертификаттау саясаты
Метрологиялық қадағалаудың формалары
Сертификаттау туралы түсінік
Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
ИСО халықаралық стандарттары
Пәндер