Қазiргi таңдағы қазақстанның топырақ жағдайы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Әдебиеттік шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

I. Қазiргi таңдағы Қазақстанның топырақ жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II. Қызылорда облысынын топырак түзілу факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Ауа райы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Биологиялық фактор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Аналық жыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5. Антропогендік фактор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Ш. Топырақ бонитетінің әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

IV. Қызылорда қаласы ЖШС «Ақжарма» топырақтары ... ... ... ... ... ... ... ... .

V. Зертелінген территорияны сапалық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

VI. Экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

VII. Жерді экономикалық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе

Топырақ бонитировкасы қарқынды егiншiлiк деңгейiнiң салыстырмалылығын олардың өндiрiстiк жағдайында салыстыратын сандық бағасын көрсетедi. Топырақ бонитетiнiң балы ауыл шаруашылық дақылдардың (немесе экологиялык талаптары жағынан жақын дакылдар тобы) өнiмдiлiгiне топырақ бонитировкасы жүргiзiлетiн қатынастарында пропорционалды болуы керек.
Топырақ бонитировкасы егiншiлiк қарқындылығының әтүрлi деңгейiне байланысты жүргiзiле бередi. Осылайша, бір территория аймағында және белгiлi бiр дақыл (немесе дақылдар тобы) үшiн бонитировка шкаласының көрсеткiшi әртүрлi болып келуi мүмкiн, мысалы, озық шаруашылықтарда қол жеткiзiлген орташа деңгейi және т.б. Дегенмен, бiр бонитировка шкаласында қарқынды егiншiлiк деңгейінiң әртүрлi деңгейi берiлмейдi. Топырақ бонитетiнiң шкаласында ауыл шаруашылық өндiрiсiндегi ғылыми-ұйымдастырушылық факторының орташа деңгейi бейнеленедi.
Топырақ бонитетiнің көлемi балмен көрсетiледi. Топырақ бонитет балы егiстiк жерлердегi ауыл шаруашылық дақылдардың (немесе дақылдар тобының) топырақ құнарлылық деңгейiне қатынасын көрсетедi. Топырақ құнарлылығы егiншiліктегi дақыл және қарқындылық деңгейiнiң салыстырмалылығында бағаланады.
Топырақ құамындағы қарашiрiк мөлшерi оның құнарлылығының басты белгiсi, ол топырақтың барлық физикалық қасиеттерiмен тығыз байланысты және биологиялық пен химиялық процестердi айтарлықтай деңгейде анықтайды. Топырақты игергенде және ауыл шаруашылығында пайдаланғанда бiрiншiлiк органикалық заттардың минерализациялануы және топырақтан өнiмдiлiкпен бiрге қоректiк заттардың алып шығуы қарқынды жүредi, бұл топырақ құрамындағы қарашiрiк мөлшерiнiң өзгеруiне әкеледi. Нақты орналасқан жерiн есепке ала отырып белгiлi бiр топырақтағы қарашiрiк мөлшерiнiң пайдалануды нәтижелi бақылау үшiн бiз шаруашылық iшi топырақ бонитетiн пайдаланамыз.
Топырақ бонитетiн жүргiзудегi негiзгi құжаттар болып табылатындар: үлкен масштабты (1:25000) карта, агротопырақтық очерк және шаруашылық iшiлiк жерге орналастыру жоспары. 2008 жылдың 1 қаңтары бойынша жалпы жер пайдаланудың ауданы 6547,0 га, олардың iшiнде ауылдық округ —
696.0 га; Зерттелiнген аудан — 5851,0 га, оның iшiнде егiстiк жерлер —2182,5 га, ауыспалы егiсте емес — 3668,5 га.
Далалық зерттеу, камералдық жұмыстарды өңдеу және зертханалық анализдер бойынша: топырақ контурларымен балл бонитетiнiң картограммасы, шаруашылық учаскелердiң балл бонитетiнiң картограммасы құрылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Биғалиев А. Қазақстанның топырағы және оның экологясы /
А. Биғалиев, Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева - Алматы «Санат» 1995-128бет
2. Асқаров Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау / Ұ.Б Асқаров. – Алматы: Заң әдебиеті 2007-90бет
3. Ақбасова А.Ж. экология: ЖОО арналған оқу құралы / А.Ж Ақбасова, Г.Ә.Саинова – Алматы «Бастау» баспасы 2003-292бет.
4. Тазабеков Т. – Жалпы топырақтану (оқулық) / Т.Тазабеков және авторлар ұжымы - Алматы, «Агроуниверситет» баспасы , 135 бет
5. Академия наук КазССР генезис, классификация характеристика почв Казахстана: Изд.Наука Алма-Ата 1972, 197с
6. Муха В.Д. Агропочвоведение / В.Д. Муха, Н.М. Картамышев, Д.В. Муха Под. Ред. В.Д.Мухи – М: КолосС-2004. 528 с ил
7. Общее почвоведение / Мамонтов В.Г. Панов Н.П., Кауричев И.С., Игнатьев Н.Н – М.: КолосС 2006-456с ил.
8. Қ.Р. Жер рессурстарын басқару агенттігінің 2009-2011 ж арналған стратегиясы жоспарынан / Егемен Қазақстан, 7 ақпан 2009ж
9. Гендельман М.А., Қрықбаев Ж.Қ. Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері: Оқулық / М.А. Гендельман,
Ж.Қ. Қрықбаев– Астана: Фолиант, 2004-154б
10. Жер санаттары //Қ.Р. Жер кодексі – Алматы Юрист 2004 -107б
11. Гаврилюк Ф.Я. Бонитировка почв изд / Ф.Я. Гаврилюк - М.: «Высшая школа» -1970
12. Кауричев И.С. Почвоведение / И.С Кауричев, Н.П. Панов, Н.Н. Розов и др - М.: ВО Агропромиздат 1989-719с ил.
13. Вальков В.Ф. Почвоведение / В.Ф. Вальков, К.Ш. Казеев, С.И Колесников - Москва: ИКЦ «Март» Ростов н/Д: Изд.центр «Март» 2006-496с
14. Рахимгалиева С.Ж. Плодородие почв Западно-Казахстанской области / Рахимгалиева С.Ж.
15. Бекбаев Р.К. Тұзданған топырақты мелиорациялағанда жылжымалы заттардың шайылу құбылысын төмендету/ Р.К. Бекбаев, Е.Д. Жапарқұлова //Жаршы - 2002 - №7, 33-36бет
16. Тазабеков Т. Қазақстандағы топырақтану ғылымы / Т.Тазабеков, Е.Тазабекова, С.Қалдыбаев //Жаршы – 2001 - №12, 42-44бет
17. Абралиев О. Құнарлы топырақ қабатын қалыптастырудың экология- экономикалық тиімділігі/ О. Абралиев //Қазақстан жоғарғы мектебі- 2004-№4, 467-469бет
18. Жұбатырова С.С. Топырақ құнарлылығы мәселелері мен шешімдері / С.С.Жұбатырова, Е.С. Кучеров // Жаршы – 2000 №2, 31-35бет
19. Саданов А. Суарылатын танаптағы гумус, азот, нитрат мөлшері / А.Саданов, Ж. Абдукадыров //
20. Раисов Б.О. Топырақты әртүрлі өңдеп және оны сумен бастырғанда тыңайтқыштардың күріш өнімділігіне әсері / Б.О. Раисов //
21. Әбілқайыров Ш.К. Батыс Қазақстан облысындағы каштан топырағының гумус жағдайы / Ш.К. Әбілқайыров, С.Ж.Рахимгалиева // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары - Алматы, изд «Бастау ЖШС», 2008ж
22. Кубашева С.С. Уровень обеспеченности почв питательными веществами / С.С.Кубашева // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары - Алматы, изд «Бастау ЖШС», 2008ж
23. Воллодин М.А. Качественная оценка почвенного покрова первосветского сельского округа Зеленовского района Западно-Казахстанской области / М.А. Воллодин, С.Ж. Рахимгалиева // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары Алматы, изд «Бастау ЖШС», 2008ж
24. Үмбетов И. Сұр топырақтың су-физикалық қасиеттеріне ауыспалы егіс тізбектерінің әсері / И. Үмбетов, Н.Ш.Сүлейменов, А.Тағаев //
25. «Аграрлық ғылымының көрнекті кемеңгері» (Академик, Социалистік Еңбек Ері, Ленин сыйлығы лауреаты Александр Бараевтың туғанына 100жыл) //Жаршы-200-№2, 31-35бет
26. Сүлейменов Б. Сұр топырақтың құнарлылығын болжау әдісі / Б.Сүлейменов //Жаршы-2008-№8, 6-8бет
27. Досбергенов С.Н. Құрғаған Арал теңізі табанының топырағындағы карбонаттардың антропогендік шөлейттенуден өзгеруі / С.Н.Досбергенов //Ізденіс-Поиск (Жарат. және техникалық ғылымдар)-2002-№1, 134бет
28. Елемесов Ж.Е. Ауыспалы егістегі қара қоңыр топырақ құнарлылығын сақтау / Ж.Е. Елемесов, Қ.М. Мұхамбеткәрімов // Жаршы – 2002 - №9, 38-46бет
29. Шарқымбаев Ж.Ш. Күріш дақылы және минералды тыңайтқыштар қолдану / Ж.Ш.Шарқымбаев, Г.И.Бекова //Жаршы- 2000- №6, 34-39бет
30. Елешев Р.Е. Агрохимия / Р.Е. Елешев – Алматы, Қайнар 1990ж
31. Тазабеков Т. Орысша-қазақша топырақтану түсіндірме сөздігі / Т., Тазабеков, Е. Тазабекова – Алматы, Ана тілі 1994ж
32. Большой русско-казахский словарь для студентов и школьников - Москва Толмач, Костанай Центрально Азиатское книжное издательство 2008ж
33. Егіншілік жөніндегі орысша-қазақша түсіндірме сөздік - Алматы Қайнар 1984ж
34. Дурасов А.М. Почвы Казахстана / А.М. Дурасов, Т.Т, Тазабеков - Алматы Қайнар 1981г
35. Микробиологические и физико-химические исследовании почв Казахстана - Алматы, Академия наук КазССР 1963г
36. Антропов В.Н. Бонитировка и экономическая оценка земель /
В.Н. Антропов, К.Д. Каражанов - Академия наук КазССР Инст. Почвоведения - Алматы 1987г
37. Генезис и мелиорация засоленных почв Казахстана: (сб.статей I / АН КазССР, инст. Почвоведения; (Редкол. В.А. Корниенко и др) Алматы, Наука 1979г
38. Общесоюзная инструкцмя по бонитировке (качественной оценке) почв, 1964г
39. Сборник временных методических указаний по оценке КазССР Алматы 1979г
40. Временное указание по корректировке материалов почвенных изысканий и бонитировки и пашни РКАстана 2003 г

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиеттік
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
I. Қазiргi таңдағы Қазақстанның топырақ
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Қызылорда облысынын топырак түзілу
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Ауа
райы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
2.2. Биологиялық
фактор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
2.3. Аналық
жыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
2.4.Жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
2.5. Антропогендік
фактор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
Ш. Топырақ бонитетінің
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
IV. Қызылорда қаласы ЖШС Ақжарма
топырақтары ... ... ... ... ... ... ... ... .
V. Зертелінген территорияны сапалық
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
VI. Экологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
VII. Жерді экономикалық
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Топырақ бонитировкасы қарқынды егiншiлiк деңгейiнiң салыстырмалылығын
олардың өндiрiстiк жағдайында салыстыратын сандық бағасын көрсетедi.
Топырақ бонитетiнiң балы ауыл шаруашылық дақылдардың (немесе экологиялык
талаптары жағынан жақын дакылдар тобы) өнiмдiлiгiне топырақ бонитировкасы
жүргiзiлетiн қатынастарында пропорционалды болуы керек.
Топырақ бонитировкасы егiншiлiк қарқындылығының әтүрлi деңгейiне
байланысты жүргiзiле бередi. Осылайша, бір территория аймағында және
белгiлi бiр дақыл (немесе дақылдар тобы) үшiн бонитировка шкаласының
көрсеткiшi әртүрлi болып келуi мүмкiн, мысалы, озық шаруашылықтарда қол
жеткiзiлген орташа деңгейi және т.б. Дегенмен, бiр бонитировка шкаласында
қарқынды егiншiлiк деңгейінiң әртүрлi деңгейi берiлмейдi. Топырақ
бонитетiнiң шкаласында ауыл шаруашылық өндiрiсiндегi ғылыми-
ұйымдастырушылық факторының орташа деңгейi бейнеленедi.
Топырақ бонитетiнің көлемi балмен көрсетiледi. Топырақ бонитет балы
егiстiк жерлердегi ауыл шаруашылық дақылдардың (немесе дақылдар тобының)
топырақ құнарлылық деңгейiне қатынасын көрсетедi. Топырақ құнарлылығы
егiншiліктегi дақыл және қарқындылық деңгейiнiң салыстырмалылығында
бағаланады.
Топырақ құамындағы қарашiрiк мөлшерi оның құнарлылығының басты белгiсi,
ол топырақтың барлық физикалық қасиеттерiмен тығыз байланысты және
биологиялық пен химиялық процестердi айтарлықтай деңгейде анықтайды.
Топырақты игергенде және ауыл шаруашылығында пайдаланғанда бiрiншiлiк
органикалық заттардың минерализациялануы және топырақтан өнiмдiлiкпен бiрге
қоректiк заттардың алып шығуы қарқынды жүредi, бұл топырақ құрамындағы
қарашiрiк мөлшерiнiң өзгеруiне әкеледi. Нақты орналасқан жерiн есепке ала
отырып белгiлi бiр топырақтағы қарашiрiк мөлшерiнiң пайдалануды нәтижелi
бақылау үшiн бiз шаруашылық iшi топырақ бонитетiн пайдаланамыз.
Топырақ бонитетiн жүргiзудегi негiзгi құжаттар болып табылатындар:
үлкен масштабты (1:25000) карта, агротопырақтық очерк және шаруашылық
iшiлiк жерге орналастыру жоспары. 2008 жылдың 1 қаңтары бойынша жалпы жер
пайдаланудың ауданы 6547,0 га, олардың iшiнде ауылдық округ —
696.0 га; Зерттелiнген аудан — 5851,0 га, оның iшiнде егiстiк жерлер
—2182,5 га, ауыспалы егiсте емес — 3668,5 га.
Далалық зерттеу, камералдық жұмыстарды өңдеу және зертханалық анализдер
бойынша: топырақ контурларымен балл бонитетiнiң картограммасы, шаруашылық
учаскелердiң балл бонитетiнiң картограммасы құрылды.

Әдебиеттік шолу

Топырақ – жердің жақсы қопсытылған, өлі табиғат пен тірі
организмдердің межесінде жатқан құнарлы қабаты. Академик В.И. Вернадский
айтуынша, топырақ әрі тірі, әрі өлі денеден құралады (биокостное тело).
Жалпы жер көлеміне қарағанда, топырақ - өте жұқа қабат. Топырақ ауыл
шаруашылық негізгі өндіргіш құралы. [1]
Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығының
қалыптасуына жағдай жасайды. Топырақ құнарлылығы дегеніміз –оның
өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және адамның
топыраққа әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының
тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауыл шаруашылық
дақылдарының өнімінің, ауыл шаруашылық дақылдары өндірісінің негізі. [2]
Қазақстан жері солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600км, шығысынан Батысына
қарай 300км-ге созылып жатыр. Қазақстан жалпы топырақ түрлері мен
аймақтарын келесідей төрт аймаққа бөлуге болады:
1) Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы,
Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік
шеттерінде топырақ түрі қара топырақты дала және орманды дала (90,4
млн, га);
2) Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның батыс жағы, Қостанай, Ақтөбе,
Орал, Қарағанды облыстарының көптеген жерінде қара қоңыр топырақты
құрғақ дала және шөл дала (90,4 млн га)
3) Батыс Қазақстан облыстарының біраз жері, Атырау, Қызылорда түгелімен,
Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
құба және сұр құба топырақты шөл дала (119,2 млн.га), тау аймағы (31,0
млн.га)
4) Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының Жаңғар Іле
Алатауы, Жамбыл облыстарының – Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан
Өлем, Қазығұрт, Қаратау (31,4 млн.га). [3]
Осы жоғарыда атап өткендей еліміздің, сонымен бірге әлемнің
топырақтарын қорғау үшін қазіргі таңда топырақ мониторингі, бонитировкасы
жүргізіледі. Сонымен, бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) – топырақтар
сапасын ауыл және орман шаруашылығында салыстармалы бағалау. Ол санды
көрсеткіштермен белгіленеді және топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін
есептеуге негізделген. Топырақтарда бонитеттеуде В.Докучаев пікірінше
топырақ құнарлығын анықтайтын көптеген қасиеттерді есепке алу керек, олар:
геологиялық (қарашірінді қабатының қалыңдығы, ондағы гумус мөлшері, аналық
жыныс және жайлаус жағдайлары, т.с.); химиялық қасиеттер; оларды анықтау
үшін әр топыраққа толық химиялық талдау жүргізілген: топырақты фторлы сутек
қышқылы мен ыдыратып, минералдық құрамындағы негізгі қоректік элементтерді
( 10 және 1 процентті тұз қышқылы сүзіндісіндегі) анықтау; топырақтың
сіңіру қабілеті физикалық қасиеттері. Көрсетілген қасиеттердің әр тобында
ең жақсы топырақ 100 балл алған, сонымен салыстыра қалған топырақтар
баллдарын анықтаған. Жоғарыда 4 көрсеткіштердің орташа балдары топырақтың
соңғы бонитеттік бағасын құраған. Топырақтардың осындай бағалау деректерін
өнім мен салыстырғанда жақсы ұйқастығы көрінген. [4]
Нижегородская губерниясындағы жерді сапалық бағалау жұмыстары кезінде
(1882-1886жж) В.В. Докучаев алғаш рет жерді сапалық бағалаудың ғылыми
негізін қалаған. Бағалау жұмыстарын ол екі бөлімге бөлген Алдыменен ең
қажеттісі... геологиялық, химиялық, физикалық және фито-зоологиялық
ерекшеліктеріне сүйене отырып, жыртылатын жердің табиғи, натуралды, өзіндік
құндылықтарын анықтау керек, осыған топырақтың климатқа және т.б. қатынасы
тең. Бұл... жұмыстың табиғи тарихи жартысы топырақтанушы-мамандармен жасалу
керек... осыдан кейін ...жан-жақты ауыл шаруашылық-экономикалық зерттеуге
кірісуге болады... Жергілікті жердің табиғи жағдайына қатаң түрде тәуелді
болып. Бұл бағалау жұмыстарының екінші жұмысы санақшы мамандармен
орындалады... бұлардың біріншісі негізігі және басқасы үшін критерийлі
болатындай қызмет атқару керек. (Курсив Докучаева, 1898 цит. по изд. 1949г.
т. II стр 342). Осы әдіс бойынша топырақты бағалауды жүргізу Ресейде
Докучаев тірі кезінде өріс алды. Кейін олар өздерінің алғашқы бағытын
жоғалтты. Соңғы уақытта жер бонитетінің әртүрлі топырақты-географиялық
жағдайда әртүрлі танаптық дақылдар тобы астында суарылатын және
суарылмайтын егіншілікке ғылыми негізделген жүйесін жасауға бағытталған
зерттеулер жүргізілуде. Осы немесе басқа аудан мен облыстардың бонитет
жүйесін өңдеуге топырақтанушылар белгілі ережеге сай докучаев принципін,
жер бағалауда зерттелініп жатқан жер бөлігінің топырақ қасиетін негізге ала
отырып пайдаланады. Тек кейбір жағдайда ғана жерді бағалау үшін
пайдаланатын топырақтың бағалау көрсеткіштерінің қасиеттері ажыратылады.
Бірақтан бұл зерттелініп жатқан территорияның топырақ жамылғысы мен бонитет
мақсаты ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Топырақ жамылғысы салыстырмалы
түрде бір текті шағын аймақтардың жерлерін бағалауда топырақ құнарлылығын
анықтайтын азғантай қасиеттерін және өнімділікті алуға болады, топырақ
жамылғысы әртүрлі үлкен аумақтарға осындай қасиеттердің көптігіне орасан
зор мән беру керектігі әбден түсінікті. [5]
Ауыл шаруашылығына орналасқан жерлер – жер категорияларының ең құндысы
болып табылады. Олар тек қана белгілі бір объектілерді орналастыруға
арналған базис ретінде ғана пайдаланылмайды, сонымен бірге жердің басты
сапасы – құнарлылықты пайдаланып өндіріс құралы болып табылады. Топырақ
құнарлылық дәрежесіне қарай ауыл шаруашылық жерлеріне арналған жерлердің
ішінде кадастрлық бағалауға пайдаланатын жерлерде орташа аудандық дәрежеден
жоғары және белгілі бір ауданға жердің өнімділігінде өте құнды жерлерді
ерекшелейді. Осындай жерлерге заңнамада қатаң құқықтық тәртәп белгіленген.
Берілген құқықтық тәртіптің негізгі мақсаты ауыл шарушылығына пайдаланатын
жерлерді ауыл шаруашылық айналымнан құнды жердің алып кетілмеуіне жол
бермеу, солардың құнарлылығын сақтау және көтеру болып табылады. Орташа
аудандық дәрежеден жоғары кадастрлық бағаланатын ауыл шаруашылық дақылдарын
өсіруге пайдаланатын жерлерді ауыл шаруашылық емес жерлерге пайдалану үшін
алу тек қана ерекше жағдайда ғана жіберіледі. Берілген аймаққа кейбір
өнімді жерлер аса бағалы болып келуі мүмкін. Бұл, бірінші кезекте, тәжірибе
танаптары және ғылыми зерттеу мекемелері мен оқу орындарының учаскелері,
табиғи-қорық қорындағы жерлер, тарихи-мәдени белгіленген жерлер және т.б.
ерекше қорғалатын территориядағы жерлер алып тастауға берілмейді. [6]
Агроценоздарда тиімді құнарлық ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі
арқасында, не болмаса табиғи құнарлылық және климаттық жағдай арқасында
ғана қалыптаспайды, сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімінің қарқындылық
деңгейіне де байланысты болады. Экономикалық құнарлылық өз алдына тиімді
құнарлылықтың өнімділік құнын және оны алу үшін кеткен шығындарды есепке
алатын, бағалы көрсеткіштерде көрініс табады. Салыстырмалы құнарлылық
агроценоздардың топырақ құнарлылығын бағалауда топырақ құнарлылығының
салыстырмалы сипатын ескеру қажет. Салыстырмалы құнарлық – бұл белгілі бір
дақыл немесе биологиялық талаптары жақын дақылдар тобына топырақ
құнарлылығының қатынасы. [7] Қазақстан Республикасы Жер рессурстарын
басқару агенттігінің 2009-2011 жылға арналған стратегиясы жоспарынан біз
келесідей мәліметтермен таныса аламыз. Қазақстан Республикасы Жер
кодексінің қабылдауымен және ауыл шаруашылыққа арналған жерлерге жеке
меншікті енгізумен мемлекет Қазақстан Республикасы Жер рессурстарын басқару
агенттігі қызметінің негізгі алушысы болып табылады. Осы орайда, жер
рессурстарының сапалық және сандық жағдайы туралы нақты генезисті елдің
географиялық топырақты жабуын зерттеуге негізделген фундаментальді білім
қажет. Сапалық сипаттама дәнді-дақылдық техникалық жағдайын анықтау және
топырақ сапасын бағалау іздестіру жұмыстары (топырақ, геобатаникалық)
негізінде зерттеледі және зерттеу жеткізудің 7-10ж кезеңімен жүргізіледі.
Сонымен қатар, топырақты зерттеудің материалдары (топырақ карталары,
агроөндірістік топтастыру картограммалары т.б.) 185,3 млн га көлемді
құрайды, бұл барлық ауыл шаруашылығына арналған жерлердің 85,9 пайыз
көрсеткіші, оның ішінде 1990ж дейінгі 152,2 млн га аумаққа арналған
зерттеулер материалдары ескірген және қайта зерттеуді қажет етеді.
Қазақстанда соңғы рет 2000ж өткізілген елдің жер рессурстарын экономикалық
бағалауды 5 жыл кезең аралығында өткізу қажет. (Қ.Р. Жер рессурстарын
басқару агенттігінің 2009-2011 ж арналған стратегиясы жоспарынан). [8]
Жерді бағалауға қатысты алғашқы іс-қимылдарды жерді бонитеттеу
әдістемесі мен оны қолдану жөніндегі ұсыныстарды дайындаған Бүкілодақтық
тыңайтқыштар институты (БТИ) жүзеге асырады. Мысалы, Ақмола облысында
бонитет балының эталоны ретінде Балкашин (қазіргі Сандықтау) ауданындағы
қара топырақтың балы алынады. Осы эталонға қарай жергілікті топырақтану
мамандары (И.Я. Половецкий және т.б.) облыстың барлық аудандары мен
шаруашылығына арналған бонитеттеу шкаласын жасады. Бірақ, топырақтың
бонитет балы жер учаскесінің тек табиғи құнарлылығын ғана ескерді.
Ландшафттың басқа кеңестік ерекшеліктері болса (орны, контурлылығы
бедерінің күрделілігі және т.с.с.), есепке алынбайды. Оның үстіне нақты
шаруашылықтағы жер учаскесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы бонитет
балында мүлде қамтылмайды. Осыған себепті жерді экономикалық тұрғыдан
бағалау қажеттігі туды. [9] Жер кодексінің үшінші бөлім (Жер санаттары),
оныншы тарауында (ауыл шаруашылығында жер), 97 бабында Ауыл шарушылығы
мақсатындағы жер ұғымы және оның құрамы төртінші пунктінде – Ауыл
шаруашылық алқаптарына егістіктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген
жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады деп көрсетілген. Осы аталғандарға
қысқаша сипатама беріп кеисек. Егістік – жүйелі түрде өңделетін және көп
жылдық шөптердің егістігін қоса алдғанда, ауыл шаруашылық дақылдарының
егістігіне пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала
егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (3 жылдан аспайтын уақыт
аралығында), Түбегейлі жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтыр мен
жайылымдардың жер учаскесі, сондай-ақ бақылаудың егіске пайдаланылатын
қатар аралығы егістікке жатпайды. Тыңайған жер – бұрын егістік құрамында
болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылық дақылдарын егуге
пайдаланылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі. Табиғи
шабындықтар мен жайылымдар – шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелі түде
пайдаланылатын жер учаскелері. [10]
Топырақ бонитировкасының міндеті топырақтың өндірістік-генетикалық
жіктелуіндегі құнарлылығын баллмен өрнектеу болып табылады. Мұндай
құнарлылығы баллмен көрсетілген топырақтарды арнайы жіктеу бізге осы
топырақтардың басқа топырақтармен салыстырғанда жақсы немесе нашар
екендігін көрсетеді, яғни топырақтың салыстырмалы сапалық бағасын береді.
Топырақ бонитетінің мақсаты:
- топырақтарды салыстыру мен топтастыру
- әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарына қолайлы жерлер табу
- өндірістік баға беру
- топырақ-климат жағдайына қарай әділетті бағалау
- топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып ауыл шаруашылық жүйесін
рацоналды енгізу (дақылдарды орналастыру, шаруашылықтың мамандануы
т.б.), ішкі шаруашылық орналастыруды жүргізеді.
- Шаруашылықтың әртүрлі топырақтарда өнімділікті көтеру үшін дұрыс
шараларды құрастыруға көмектеседі.
- Адамдардың топырақ құнарлылығын сақтау және жоғарылатуға
қызығушылығын шақырады.
Топырақты бонитеттеуде агроөндірістік қасиеттерге аса маңызды көңіл аудару
керек, С.С. Соболев айтып кеткендей, топырақ бонитировкасы – бұл топырақтың
салыстырмалы сандық көрсеткіштеріне дейін жеткізілген агроөндірістік
сипатттамасы. Топырақ бонитировкасының мәліметтері жоғарыда аталған
міндеттердің негізгі ғылыми шешімі болып табылады. Өз алдына топырақ
бонитировкасы топырақты топырақтанушылар қатысумен экономисттер жүргізетін
экономикалық бағалауда қолданылады. [11]
В.В. Докучаев пен Н.М. Сибирцев топрақ бонитировкасының теориясы мен
практикасын дамыту үшін зор үлес қосты. Олар топыраққа табиғи-тарихи дене
ретіндегі түсінік топыраққа еңбек объектісі мен ауыл шаруашылығындағы
негізгі өндірістік құрал ретінде пайдалануға болатынын көрсетті. Топырақ
бонитетінің қазіргі әдістемесі В.В. Докучаев ұсынған принцип бойынша
жасалады да, өнімділікпен тығыз арақатынастағы топырақтың сандық
көрсеткіштері мен агроклиматтық жағдайы және егіншіліктің қарқындылық
деңгейі төмен болған кездегі ауыл шаруашылық дақылдарының көп жылдық орташа
деңгейін біріктіріп құрылады. [12]
АҚШта топырақ бонитировкасы 1899ж 1952ж дейін ауыл шаруашылық
министрлігінің топырақ қызметімен жүргізілді, ал қазір арнайы топырақ
қорғау қызметімен жүргізіледі. АҚШ топырақ қорғау қызметі орталық органы
штаттардағы филиалдар мен 24000ге жуық аудандық ұяшықтардан тұрады.
Аудандық ұяшықтар жерді зерттеумен айналысатын топырақ қорғау қызметі жерді
тиімді пайдалану үшін топырақ зерттеу жұмыстарын жүргізеді және соған лайық
ұсыныстар енгізеді.
АҚШта топырақ бонитетінің екі әдісі кең өріс алған:
1) комплексті – табиғи-территориалды комплекстерді ерекшелеу мен олардың
көпжылдық (10 жәнеодан да көп) өнімділігін бағалау.
2) факторлы – топырақтың қасиетін және олардың мелиорациялау жолдарын
анықтайтын, табиғи факторларды есепке алу. [11]
Топырақты бағалау үшін олардың келесідей қасиеті мен көрсеткіштері
зерттеледі: топырақтың жалпы сипаттамасы, топырақтың жер бедеріне,
өсімдіктер мен картадағы шекаралары орнатылады. Лабораториялық жағдайда
қарашірінді мөлшері, азот, pH, физикалық қасиеті, сіңіру сыйымдылығы және
т.б. анықталады. Алынған мәліметтерге сүйене отырып генетикалық, химиялық,
физикалық топырақ сипаттамасы мен олардың сіңіру қабілетінің орташа
көрсеткіштері анықталады. Топырақ қасиеті мен дақылдар өнімділігі
арасындағы көрсеткіштер, экономикалық-статистикалық жолмен алынған,
арасындағы қатынас өте жақын. Осылайща В.В. Докучаев бағалау әдісіне
олардың табиғи қасиеті мен көрсеткіштерін жатқызған, ал дақылдар өнімділігі
әртүрлі топырақтар арасындағы қарым-қатынастың дұрыстығын растау үшін
қолданылады. Топырақ бонитировкасының объектісі болып топырақ картасында
көрсетілетін топырақтың бөлшектік таксономиялық бірлігі жатады. Ауыл
шаруашылық дақылдарының өнімділігі тәуелді болатын топырақ көрсеткіштерін
бонитировка критерийі (белгісі) деп аталады. [13]
Топырақ бонитетінің басты бір белгісі топырақ құнарлылығы болып
табылады. Адам жердің байлықтарын зерттей отырып, топырақ деп аталатын
жердің жұқа қабығы жайлы көп жағдайда ұмытып кетеді. Топырақтың жоғарғы
құнарлы қабаты көптеген мыңжылдықтар аралығында пайда болады. Сондықтанда
қарашірінді горизонтына деген қарым-қатынасымыз өте ұқыпты болу керек.
Соңғы онжылдықтың ішінде мұнай өндіретін бұрғылардың көбеюіне байланысты
топырақ жамылғысынан мыңдаған гектар құнарлы топырақ әкетіледі. Ресей
ғалымдарының мәліметтері бойыша Жердің әлемдік ластанудың 10 пайызы 2,5
пайыз тұрғыны бар Ресейге келеді екен. [14]
Біздің зерттеген шаруашылығымыз суамалы егіншілікпен айналысатындақтан
суармалы егіс жайлы тоқталып кетсек те жөн болады. Қазақстанда суармалы
жердің өнімділігінің төмендеуінің бір себебі топырақ қабатында улы
тұздардың жиналуына да байланысты. Бұл құбылыс, әсіресе, соңғы жылдары
жедел дамуда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында
облыстық су шаруашылығы мекемелерінің мәліметтері бойынша 786,3 мың га
суармалы жердің 372,2 мың га мелиоративиік жақсартуды қажет етеді. Топырақ
қабатынан тұздар мен қоректік заттардың сумен шайылу құбылысы өзгермелі
құбылыс екенін байқатты және оның динамикасы суару мөлшерімен
анықталғандығын көрсетті. Сондықтан тұзды топырақ мелиорациялағанда осы
жағдай ескерілсе, шаю суы мөлшерін, жылжымалы қоректік заттың шайылуын
кемітуге болады. [15]
XX ғасырдың жетпісінші жылдары оңтүстік шығыс Қазақстанның тау етегі
суармалы жерлерінде топырақ бетін тегістеу жұмыстары және ирригациялық
эрозия дами бастауына байланысты ҚАШИ-ның Жаңашар оқу-тәжірибе
шаруашылығының Талғар бөлімшесінде ғылыми-тәжірибелік тұрақты стационар
құрылды. Бірінші жағдайда (тегістеу) топырақтың (күңгірт қара қоңыр) табиғи
кескіні бұзылып, жиектері араласып, тіпті үстіңгі құнарлы қарашірінділі
жиегі артылып, астындағы аналық жыныс лөс егістік бетіне шығып қалатын
болған. Екінші жағдайда сулық эрозия топырақтың үстіңгі жиегінен құнды
органика-минералдық массаны (Н.Бабаевше маусымда 500 тга) шайған. Аталған
екі жағдайда антропо-(адам) текті топырақ бұзылуынан суармалы егістікте
топырақ құнарлығы туып егілген дақылдар өнімі төмендеді. [16]
Сонымен қатар топырақ бонитировкасын біз тек ауыл шаруашылығында емес
сонымен бірге жермен байланысты басқа да салаларда қолданамыз. Еліміздің 14
облысының кез-келген облысы мен 160 аудан территориясынан пайдалы қазбалар
мен құрылыс салу кезіңде жер келбеті өзгеріп, құнарлы топырақ құнарсызбен
араласып жер өнімділігінің төмендеуіне әсер етеді. Бұл тізбек сол аймаққа
экология-экономикалық зиян мен зардап алып келеді. Бөлінген жер құрылымын
толық зерттеп, құнарлы топырағын сыдырып жинап, оны басқа өнімі жерге
апарып төсеу арқылы жер құнарлылығының экология-экономикалық тиімділігін
арттырудың маңызы зор және өзіндік болашағы бар. [17]
Топырақ ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі құралы болып табылады. Ауыл
шаруашылық дақылдарының жоғары және тұрақты өнім алу үшін топырақтың
құнарлылық қорын сақтай отырып, өсімдіктің өсуі мен дамуына қолайлы жағдай
жасау қажет. Көптеген ғалымдардың зерттеулері мен тәжірибелері егіншілікті
интенсивтендіру топырақ құнарлылығының төмендеуіне және соның негізінде
қарашірік мөлшерінің кемуіне ықпал ететінін дәлелдейді. Сонымен, ауыл
шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда егіншілік мәдениеті жоғары
болған Сырым ауданының Правда газеті атындағы бұрынғы астық кеңшарында
топырақтың жыртылатын қабатында 24 жыл ішінде қарашірік мөлшері 2,6-дан 2,2
пайызға дейін немесе 0,4 пайыз төмендеді. Теректі ауданды Шаған
кеңшарының қою қара қоңыр топырағында қарашірік мөлшерінің төмендеуі соңғы
20 жыл ішінде 3,0-ден 2,1 процентке дейін жетті. [18]
Топырақ құнарлығының негізі, топырақ құрамындағы шірінді (гумус)
заттардың егістік алқапта жеткілікті болуы жоғары өнім кепілі. Жалпы
гумустың танаптағы мөлшері төмендегенше егістіктің айдамалы қабатында
гектарына 30 т гумус болса, өте аз деп есептелінеді. 30 т-дан 50 т
аралығында болса құнарлығы төмен, 50-100 т орташадан аз қамтылған деп, 100-
150 т гумус айдалмалы қабатта кездессе орташа болып өсімдіктердің гумусқа
талабы қанағаттанарлы болады. Егер танапта гумустың құрамы 200 т болса,
егістік органикалық заттарға бай танап деп аталады. [19]
Негізінен балл бонитетін анықтағанда біз дақылдың өнімділігін де
пайдаланамыз. Егер де шаруашылық дақылды өсірудің технологиясын дұрыс
пайдаланса, дұрыс ауыспалы егіс құрса дақыл өнімділігі әрине біршама
артады. Күріш өсірудің қарапайым агротехникасы бойынша жоңышқаның қыртысына
азот тыңайтқышы N60 мөлшерінде берілгенде, зерттеу жылдарында орташа көктеп
шығу жиілігі мен күзге дейін сақталған өсімдіктер шамасы тиісінше 396 және
282 данам2 жетіп, ал астық өнімділігі 40,4 цга мөлшерінде қамтамасыз
етілді. Топырақ бетіндегі жырту қабатының қалыңдығын арттырып және оған
қолданылатын тасқындатып сумен бастыру тәсілін азот пен фосфор
тыңайтқыштарымен сәйкестендіріп бергенде күріш өнімі едәуір артады. 2002-
2004 жылдар аралығындағы тәжірибеде берілген тыңайтқыштардың түріне және
мөлшеріне, сондай-ақ күріш ауыспалы егістігіндегі олардың берілген орнына
байланысты, күріштің өсу мен жетілу көрсеткіштері және өнімділігі төмендегі
заңдылықтарға жүгінеді. [20]
Шаруашылығымыз Қызылорда облысында орналасса да біз өзге де облыстардың
қазіргі таңдағы құнарлылық деңгейіне көңіл аударсақ. Ш.К. Әбілқайыровтың
зерттеу жұмыстарына тоқталып кетсек. Батыс Қазақстан облысының каштан
топырағының гумус қабаттарына зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, одан
алынған топырақтағы гумус мөлшері орташа деңгейді көрсетеді. Жер бетінің
аса баға жетпес бөлігі болып, гумус қабаты табылады. Сол бір қарашіріндінің
пайда болу үшін бірнеше жүздеген жылдары қажет етеді екен. Топырақтағы
оттегі мөлшері 0,44-1,53 пайызға дейін ауытқып отырады, ал гумин қышқылдары
0,012 ден 0,912 пайызға дейін, фульво қышқылдары 0,012-0,324 пайызды
құрайды. [21]
Топырақтың гранулалық құрамы бойынша топырақ байлығы топырақтағы
құнарлы заттардың көлемін білуге, сонымен қатар топырақтың коллойдтық
құрамы мен құрылымы мен басқа көрсеткіштері арқылы да білуге болады.
Топырақтың гранулометриялық құрамына байланысты топырақ құраушы
процестердің әсерінен топырақта әртүрлі органикалық қосылыстар жиналады.
Осындай табиғи жағдайларға байланысты әртүрлі механикалық құрамды аналық
жыныстарда әртүрлі қасиетті топырақтар пайда болады. [22]
Жер басқа өндірістік құрал ретінде бағалауды қажет етеді. Бұл мақсатта
топырақ құнарлылығының қасиеттерін сапалық бағалау үшін топырақ
бонитировкасы қолданылады. Бонитет балы зональды топырақтарда 30,1ден 0,4
дейін өзгереді, топырақтар тұзданбаған, автоморфты, сортаңдану процесі
байқалмайды. Зоналды топырақтардың шайылу барысында гумус мөлшері
1,7пайызға дейін төмендейді. Бұл тиісінше топырақтың сапалық көрсеткіші
балл бонитетінде көрініс табады, яғни балл бонитеті 25,4ке төмендейді. [23]

Топырақ ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс құралы екені белгілі.
Басты байлығымыз болып табылатын осы жерді біржақты пайдалану, яғни өнімді
өндіріп, алынған қоректік заттардың орнын толтырмау, топырақ құнарлылығының
азып-тозуына әкеліп соқтырады. Т.Е. Айтбаева Тыңайтқыштардың топырақтағы
қарашірінді мөлшеріне және көкөніс өнімділігіне әсері, ауыспалы егістер –
егіншілік жүйесінің қарқынды буындарының бірі. Ол өсірілген дақылдардың
көлемі мен алмастырып егу тәртібін анықтап қана қоймай, көп жылдар бойы
жүргізілетін агромелиоративтік және басқа да іс-шараларды жүйелі түрде іске
асыруға негіз болады. Егіншілік мәдениетін арттыру, осы негіздерге тікелей
байланысты болып келеді, және де әр гектардан алынатын өнімді жылма жыл
молайту, егін шаруашылығының тұрақтылығын арттыру шарттарының бірі –
ауыспалы егістерді игеру болып есептеледі. Топырақ құнарлылығын бағалау
үшін өніммен тікелей байланысты болып келетін оның агрофизикалық
көрсеткіштерін пайдаланады, яғни топырақтың гранулометриялық құрамы, оның
құрылымы, өңдеу қабатының құрылысы, тығыздығы, қуыстылығы және жырту
қабатының қалыңдығы. Осы қатарға топырақтың су, ауа, жылу қасиеттері және
оның физикалық-механикалық қасиеттері де кіреді. [24]
Академик, Социалистік Еңбек Ері, Ленин сыйлығы лауреаты Александр
Бараевтың туғанына 100жылға арналған мақалада былай деп жазылған: Жер
ресурстарын пайдаланудың Александр Бараев ұсынған жүйелендірген әдісі
агрономия ғылымындағы тың жаңалық еді. Ол далалық аймақта егін салуда, бұл
бағыттағы ғылымды түбегейлі өзгерткен жаңа әдіс – топырақ қорғау жүйесін
енгізді. Қысқа ротация негізіндегі астық себу айналымы, қар тоқтату, егін
егудің ұтымды мерзімдері, фосфорлық тыңайтқыштар енгізу, құрғақшылық
жылдары дәнді топыраққа терңірек егу, арамшөптермен күресте гербецидтерді
пайдалану және т.б. осы жүйенің басты элементтері болып табылады. Дегенмен
жүйені ұсыну басқа да, оны өндіріске енгізу басқа. Дәл осы мәселеге
келгенде кедергілер аз болмады. Оларды жеңе білген Александр Бараев
тәжірибе шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайтып, егіс
көлемін ұлғайтуға қол жеткізді. Нәтижесінде ондаған миллион гектар жердің
топырақ құнарлылығын байытуға, ауыл шаруашылық дақылдардың түсімін
арттыруға мүмкіндік туды. [25]
Сонымен кері топырақ құнарлылығына оралсақ. Топырақтың гумус заттары
минералдық бөлшегінің өзара байланысын зерттеу барысында суармалы сұр
топырақтың түзілу жолы мен құнарлылығының даму бағыты анықталды. Суарудың
ықпалынан сұр топырақтағы органикалық заттардың жылжымалы формалары арта
түседі де, топырақ гумусының ылғалданбаған бөлігі азаятындығы байқалды.
Суару фульво қышқылдарын топырақ пішінінің төменгі қабатына шоғырланады.
Бұл топырақтың төменгі бөлігінде көміртегінің түзілуін арттырады да, ал
белгілі бір дәрежеде көміртегінің азотқа қатынас аясын кеңейте түседі. [26]
Сонымен әдебиеттік материалдарға жүгінсек, топырақтың өте мол ылғалдану
жағдайында топырақ кескіні бойынша оның жоғарғы жағында магнезитттер, орта
шенінде калциттер, ал төменгі жағында доломиттер таралған. Карбонаттар
кристалл түрінде кездеседі. Карбонаттар топырақта өтіп жататын әр түрлі
химиялық, алмасты құбылыстарда жаралып, көбінесе саңырауқұлақтар шырмауығы
(шілтері), борпылдақ шоғырлар және ақ дақ (ақкөз) тәрізді болып
қалыптасады. Карбонаттардың жинақталуы оның геологиялық құрылымы мен тау
жыныстарының құрамында әк тастардың болуына байланысты. Карбонаттардың
топырақ кескіні бойынша бөліне таралуына өсімдік жамылғысы белсенді түрде
кіріседі. Сондықтан да элементтердің топырақ - өсімдік жүйесі бойынша
жылжуын көп ғалымдар зерттеген. Топырақ пен өсімдік арасындағы тығыз қарым-
қатынастардың нәтижесінде жылжымалы элементтер топырақ қабатында
дифференцирленген түрінде жинақталатыны анықталды. Олар карбонаттардың
жоғарғы қабатынан шайылуы салдарынан да артады. Сонымен қатар шөл аймақ
атырауындағы аллювиалды шөгінділер шөгу кезінің өзінде-ақ карбонатты
болған. Карбонаттардың жоғары мөлшерде болуы аридтік аймақтардағы
аллювиальды шөгінділерге тән сипат. [27]
Республикамызда қалыптасқан қазіргі экономикалық жағдайда топырақтағы
қарашіріндінің, әсіресе астықты аймақтарда біртіндеп төмендеп бара жатқаны
байқалады. Топырақта органикалық заттардың көбеюіне көңіл бөлмегендіктен,
органикалық және минералды тыңайтқыштарды аз қолданғандықтан, топырақтың
түйіртпектілгі төмендеп, алынатын өнімнің мөлшері азайып, сапасы
нашарлауда, сондықтан топырақтағы қарашірінді деңгейін бірқалыпты сақтау ең
маңызды шаралардың бірі болып саналады. Органикалық заттар топырақтың
химиялық, физикалық, биологиялық қасиеттеріне жан-жақты әсер етіп, ондағы
қоректік заттардың көбеюіне және өсімдіктің өсуіне керек жағдайларды
реттеуге көмектеседі. Топырақтағы қарашіріндінің тепе-теңдігін сақтау оған
түсетін органикалық өсімдік қалдықтарының мөлшерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы және Астана қалаларының физика географиялық сипаттамасы
Маңғыстау облысының географиялық орны
Экологиялық проблемалар және қышқылдық жауындардың пайда болуы
Қазақстанда жер ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясы
Қазақстан ормандары және оларды қорғау
Таза табиғат – халық байлығы
Республикамыздың орман қоры туралы
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі.docx
Ауданның экологиялық жағдайы
Қазақстан Республикасының табиғаты, облыстарының жалпы экологиялық жағдайы
Пәндер