Құрылыс жүргізу туралы


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

I. Негізгі бөлім

I. 1. Құрылыс - жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру негіздері

II. Құрылыс технологиясы және оны ұйымдастыру бөлімі

II. 1. Негізгі құрылыс жинақтау өндірісінің технологиясы және оны ұйымдастыру жайлы жалпы сипаттама

ІІ. 2. Құрылыстың бас жоспарын жобалау

II. 3. Қойма бөлмелері мен алаңдарын есептеу

II. 4. Құрылыс алаңындағы жолдар

II. 5. Құрастырушы кранды таңдау

II. 6. Құрылыс алаңын кешенді механикаландыру және автоматтандыру

II. 7. Құрылыс жүктері және оларды тасымалдау

ІI. 8. Калькуляция және еңбек шығындары

II. 9. Құрылыс алаңындағы жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны

II. 10. Құрылыс алаңына қажетті суды анықтау және канализация

II. 11. Құрылыс алаңын электр қуатымен жабдықтауды және жарықтандыруды жобалау

III. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

III. 1. Құрылыстағы техника қауіпсіздігі

III. 2. Жер жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы

III. 3. Су құбырларын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздігі

III. 4. Электр қауіпсіздігі

III. 5. Өрт қауіпсіздігі

III. 6. Қоршаған ортаны қорғау шаралары

Қорытынды

Әдебиеттер

Кіріспе

Құрылыс - материалдық өндіріс саласы, негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Үймәреттетр, ғимаратттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауыл шаруашылық құрылыстар салуда ұйымдастырудың әдіс тәсілдері бар. Құрылыс жинақтаудың әдіс тәсілдері бар. Құрылыс жинақтау жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы құрылысты кешенді және технологиялық әдіс ретімен жүргізу.

Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестеріне бөлінеді. Құрылыс жұмыстары - жер жұмыстары, бетон және темірбетон, жинақтау әрлеу тағыда басқа өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы; жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын (қыртысын) бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, олардың түбін тазалау тағыда басқа жұмыстар.

Аталған құрылыс жұмыстары мен оның процестерін белгіленген технологиялық ретімен істелуі қажет. Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары - жер астындағы құрылыстар (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ, бояу) .

КЖ 1401000 15. 15.
Өлш.
Пар.
Құжат № документа
Қолы
Күні
: Орындаған
: Абдикадырова
:
:
: Кіріспе
КЖ 1401000 15. 15.: әдебиет.
парақ
парақтар
: Жетекші
: Мамбетова Р.
:
:
: У
КЖ 1401000 15. 15.:
: Рецензент
:
:
:
: 4СЭС-12-1 тобы
: Кеңесші
:
:
:
: ЦӘК төрай
: Шуленбаева
:
:

Құрылысқа мөлшерленген уақытты қысқарту үшін құрылыс кезеңін тасқынды әдіспен жүргізу қажет.

Бұл әдіс құрылыстың өзіндік құның кемітед, еңбек өнімділігін арттырады және машина механизмдерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Құрылыс мерзімін қысқартуға жинақтау процестері ерекше әсер етеді.

Сондықтан, жоғарыда аталған процестерді жүргізу мерзімдері жинақтау процестеріне тікелей байланысты. Атап айтқанда, жинақтау процестерін жеделдету дегеніміз жалпы құрылыс мерзімін қысқарту.

Елбасымыздың Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылы «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты жолдауы бойынша құрылыс саласына барынша мән берілді. Онда тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту арқылы 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын

қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтылатыны туралы, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу, балалар бақшасының жетіспеушілігін жою туралы айтылған.

I. Негізгі бөлім

I. 1. Құрылыс - жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру негіздері

Үймереттер, ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауыл шаруашылық құрылыстар салуды ұйымдастырудың әдіс тәсілдері бар. Құрылыс - жинақтау жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді - жолы құрылысты кешенді әдіспен және технологиялық ретімен жүргізу.

Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге бөлінеді. Құрылыс жұмыстары - жер жұмыстары, бетон және темір - бетон, жинақтау, әрлеу т. б. өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы; жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын (қыртысын) бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау, т. б.

Аталған құрылыс жұмыстары мен оның процестерін белгіленген технологиялық ретімен істелуі қажет. Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары - жер астындағы құрылыстары (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ, бояу) .

Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) құрылысты жобалау тапсырмасының құрамына енеді де, негізгі жоба ретінде есептеледі. ҚҰЖ - күрделі, ұзақ жылдар салынатын және кешенді құрылыстарға жасалады. Онда салынатын обьектілердің ретімен аяқталатын мерзімді, жылдық орындалатын жұмыстардың көлемі және бөлінген қаражаттардың мөлшері, дайындық жұмыстардың көлемі, обьектілердің кезекті салыну реті, негізгі құрылыс жұмыстарын салу әдістері, қажетті мамандардың саны, шикізат, техникалық және электр қуаттарының қажеттілігі көрсетіледі.

КЖ 1401000 15. 15.

Өлш.

Пар.

Құжат№ документа

Қолы

Күні

:

Орындаған

:

Абдикадырова РР7

:
:
: 1. Негізгі бөлім
КЖ 1401000 15. 15.:

әдебиет.

парақ

парақтар

:

Жетекші

: Мамбетова Р.
:
:
:

У

КЖ 1401000 15. 15.:
:

Рецензент

:
:
:
:

4СЭС-12-1 тобы

:

Кеңесші

:
:
:
:

ЦӘК төрай

:

Шуленбаева

:
:

Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) жеке обьектілердің дайындық және негізгі құрылыс жұмыстарын орындауға жасалады. Оның құрамына ҚҰЖ - да қабылданған шешімдер енеді және жергілікті техникалық - ұйымдастыру шаралары қолданылады. ЖӨЖ - ның құрамына төмендегі аталған көрсеткіштер енеді:

дайындық жұмыстарын жүргізу реті:

негізгі құрылыс - жинақтау жұмыстарының озат технологиясы мен кешенді механикаландыру жолы:

құрылыс жұмыстарын тасқын әдістермен жүргізу:

жұмысшылардың бригада, звено құрамын мамандық дәрежелеріне сәйкес анықтау және оларды құрылыстың барлық кезеңінде бірдей жұмыспен қамтамасыз ету:

қауіпсіздік сақтау және еңбекті қорғау шараларын белгілеу:

обьектілік жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары:

дайындық жұмыстарының графигі, көлемі және оның тізімі:

  • құрылыстың бас жоспары (обьектінің жер асты әлде жер үсті жұмыстарына арналған) :
  • қажетті шикізат, түзілістер және бөлшектердің тасымалдау графигі (егер жинақтау көліктен болса - тасымалдау көліктердің сағатты графигі) :
  • құрылыс процестерінің технологиялық картасы, жобаға берілетін түсініктеме және оның техника - экономикалық көрсеткіштері:

Құрылыстың технологиясын жобалағанда оның ерекшеліктерін ескеру қажет. Мысалы, ғимараттардың типтері, конструктивтік айырмашылықтары, өндірістің негізгі технологиялық және ұйымдастыру принциптері т. б.

II. Құрылыс технологиясы және оны ұйымдастыру бөлімі

II. 1. Негізгі құрылыс жинақтау өндірісінің технологиясы және оны ұйымдастыру жайлы жалпы сипаттама

Құрылыс жұмыстары - жер жұмыстары, бетон және темір-бетон, құрастыру, әрлеу және т. б. өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т. б. аталған құрылыс жұмыстары мен оның процестері белгіленген технологиялық ретімен істелуі қажет.

Күрделі құрылысқа жаңа құрылыс, кеңейту, жаңғырту және техникамен қайта жабдықтау, жұмыс істеп тұрған мекемелерді, үймәреттер мен ғимараттарды күрделі жөндеу жатады.

Құрылыс өндірісі өз кезегінде әр қайсысының өз маңызы және ғылыми негіздері бар құрылыс өндірісінің технологиясы және құрылыс өндірісін ұйымдастыру жүйесінің екі саласын біріктіреді.

Құрылыс өндірісінің технологиясы бұйымдар мен конструкцияларды дайындау бойынша құрылыс процестерін орындау саласындағы және оларды дайын құрылыс өніміне - үймәреттер мен ғимараттарға айналдыру жөніндегі білім жиынтығын айтамыз. Құрылыс кешендерінің негізінде әрқашан

да физикалық, химиялық, механикалық процестер және еңбек құралдарын тиімді пайдалану бойынша олардың жиынтық

КЖ 1401000 15. 15.

Өлш.

Пар.

Құжат № документа

Қолы

Күні

:

Орындаған

:

Абдикадырова

:
:
: I I. Құрылыс технологиясы және оны ұйымдастыру бөлімі
КЖ 1401000 15. 15.:

әдебиет.

парақ

парақтар

:

Жетекші

: Мамбетова Р.
:
:
:

У

КЖ 1401000 15. 15.:
:

Рецензент

:
:
:
:

4СЭС-12-1 тобы

:

Кеңесші

:
:
:
:

ЦӘК төрай

:

Шуленбаева

:
:

Тары жатады. Процесс аяқталғаннан кейін орындауды ескереді, жарыспалы (қатар) әдіс барлық алымдарда бүкіл процестер бір мезгілде орындалғанды қажет етеді, тасқынды әдіс бірінші екеуінің үйлесімі болады.

Жүйелі әдісте барлық технологиялық циклдер бірінен соң бірі орындалады, алдымен бірінші, сосын екіншіде, үшіншіде және т. б. цикл ұзақтылығы мұнда ұзарады және мына формула бойынша анықталады;

Т=тТ ц

Құрылыс тасқынының құрылымы мынадай технологиялық параметрлермен анықталады: жеке тасқындардың құрастыру сипаттамасымен және санымен. Процесі толық және жарым-жартылай бөлшектелген тасқындарды айырып таниды. Бірінші жағдайда жеке тасқынның маңызы қарапайым құрылыс процесі болады.

Технологиялық параметрлерге жататындар: жеке тасқынның саны, тұрғызылатын обьект бөлінетін жеке циклдердің саны, жұмыс көлемі, еңбек сыйымдылығы.

Кеңістік параметрлерге жұмыс майданы, алым, кесінді, ярустер жатады.

Нақтылы обьект, оның алымы немесе учаскесі үшін жұмыс көлемі тұрақты шама болады.

Өзінің құрылымы бойынша құрылыс тасқындары мамандандырылған, обьектілік және кешенділерге; ырғақтық сипаттамасы бойынша - ырғақты және әр түрлі ырғақты; процесс бөлшектеу тереңдігі бойынша - жарым-жартылай және толық бөлшектелгенге; даму дәрежесі бойынша - тұрақталған және тұрақталмағанға бөлінеді.

Мамандандырылған деп өнімі бір немесе бірнеше үймәреттердің біркелкі конструктивтік элементтері әлде жұмыстың жеке түрі (жер жұмыстар, шатыр жасау, т. с. ) тасқындарды атайды.

Обьектілік тасқындар мамандандырылған тасқындардың топтарымен жасалады. Мұндай тасқынның өнімі - аяқталған құрылыс обьектісі.

Кешенді тасқындар - жалпы кешенге біріктірілген әр типті үймәреттер мен ғимараттарды құру үшін арналған обьектілік тасқындардың үйлесуі.

Ырғақты құрылыс тасқындары жеке тасқындардың тепе-теңдігімен немесе еселімен, әр түрлі ырғақты - әр түрлі жеке тасқындарда және олардың қайсында болса да ырғақтың жоқтығымен сипатталады.

ІІ. 2. Құрылыстың бас жоспарын жобалау

Құрылыстың бас жоспары деп - құрылыс алаңын айтамыз. Онда жобаланатын бұрыңғы үйлер және үймәреттер, инвентарлық ғимарат, тұрақты және уақытша жолдар, қоймалар, канализация жүйесі, су және электрмен жабдықтау, ірілендірілген жинақтау алаңы көрсетіледі. Жобада көрсетілген құрылыстың бас жоспары обьектілік бас жоспарға сәйкес жасалынады. Құрылыстың бас жоспары обьектілік және алаңдық болып екіге бөлінеді. Құрылыстың бас жоспарын жасағанда құрылыс алаңын тиімді пайдалануға ұмтылу керек. Ол үшін:

  • Уақытша тұрғызылатын үймәреттердің көлемі аз болуы тиіс;
  • Құрылыс алаңында бұрыннан бар бұзылуға жататын ғимараттар мен үймәреттерді құрылысты жүргізу кезінде уақытша құрылыс есебінде пайдалану керек;
  • Техника-қауіпсіздік ережесін және өртке қарсы нормаларын сақтай отырып уақытша ғимараттар мен үймәреттерді құрылыс алаңына орналастыру;
  • Уақытша ғимараттар мен үймәреттерді жайғастырғанда пайдалануға ыңғайлы болуы тиіс;
  • Уақытша су мен электрмен жабдықтау жүйелерінің ұзындығы қысқа болуы тиіс;
  • Уақытша ғимараттар және үймәреттер жылжымалы инвентарлық болып қарастырылуы керек;
  • Уақытша жолдарды, қоймаларды және ірілендірілетін жинақтау алаңдарын орналастырғанда құрылыс жүктерін тасымалдау мен арту сандары аз болуы тиіс.

Барлық остері бойына аражабын тақталарының деңгейінде антисейсмикалық белдеу жасалған, ол рамаға көлденең қаттылық дискісін қалыптастырады. Басбалдақ алаңдары, сатылары құрастырмалы темірбетон.

Едендері линолеумнен, керамикадан, мозаикадан жасалған.

СНиП бойынша объектінің соғылу мерзімі 1, 5 ай, құрылысты жүргізі үшін комплексті бригада қабалдадым. Жұмысшылар саны 26 адам, жұмысты жүргізуші (прораб) -1 адам, шебер - 1 адам, күзетші - 1 адам, өндірістік-техникалық бөлім-1 адам, құрылыс алаңында барлығы 30 адам жұмыс істейді.

II. 3. Қойма бөлмелері мен алаңдарын есептеу

Құрылыс ұйымдары көп жағдайда артық материалдар мен бұйымдарды, конструкцияларды қоймада сақтайды. Оның бірінші себебі нарықтық экономика жағдайында материалдардың бағалары тұрақты емес. Екінші, жағынан көп сақтауға болмайтын құрылыс материалдары бар. Олар: шіриді, ескіреді және басқа да жағдайларға ұшырайды. Сондықтан құрылыс алаңында артық материалдар бұйымдар конструкциялар қоймада сақталуы тиіс.

Материалдар және бұйымдар
Автомобиль көлігімен жүкті тасымалдау бойынша арақашықтық, күн; артық материалдар сақтау нормасы
50км дейін
50км ары
Материалдар және бұйымдар: Болат арматуралар, құбырлар, ағаш материалдары
Автомобиль көлігімен жүкті тасымалдау бойынша арақашықтық, күн; артық материалдар сақтау нормасы: 12
15 . . . 20
Материалдар және бұйымдар: Металлконструкциялары, терезе блоктары, есіктер
Автомобиль көлігімен жүкті тасымалдау бойынша арақашықтық, күн; артық материалдар сақтау нормасы: 8 . . . 12
10 . . . 15
Материалдар және бұйымдар: Кірпіштер, құрастырмалы темір бетон конструкциялары, қалқалар
Автомобиль көлігімен жүкті тасымалдау бойынша арақашықтық, күн; артық материалдар сақтау нормасы: 5 . . . 10
7 . . . 20

Құрылыс материалдарына қажетті жағдайларын есептеу мына формуламен анықталады:

Р қойма. арт. мат .

Мұндағы:

Р қойма. арт. мат - қоймада артық жатқан материалдар саны

Р жалпы - құрылысқа қажетті материалдардың саны

Т - күтізбелік жоспар бойынша анықталған жұмыстардың орындалу ұзақтығы, күн ;

Т Н - қоймада норма бойынша артық материалдар (кесте-1)

К 1 - қоймаға құрылыс матрериалдарының біркелкі түспеу коэффициеті - 1, 1;

К 2 - құрылыс материалдарын пайдаланудың біркелкі еместігінің коэффициенті - 1, 3;

Қойма алаңын анықтау мына формула бойынша анықталады:

F қойма = Р қойма. арт. мат f

f - 1м 2 қойма алаңына жиналатын материалдар саны (кесте-2)

Негізгі материалдар мен бұйымдардың артық сақталу нормалары.

Құрылыс материалдарын конструкцияларын және бұйымдарын ашық алаңда сақтау бойынша алаңды анықтау нормасы

II. 4. Құрылыс алаңындағы жолдар

Бұрынғы тұрақты жолдар барлық уақытта құрылыс материалдарын тасымалдау қажеттілігін өтей алмайды, сондықтан уақытша жолдар саламыз, ол тұрғызылып жатқан жаңа объектінің барлық сметалық бағасының 2 %-ына тең болады.

Құрылыс алаңындағы ең арзан жай топырақтан жасалған жол, сағатына 3 автомобиль жүреді.

Егер жол бір қатарлы болса, жолдың ені - 3, 5 м, екі қатарлы болғанда 6-8м-ге дейін болады. . Жол тіке, дөңгелек, бұрылатын болып бөлінеді.

Жолдан қоймаға дейінгі ара қашықтық 0, 5-1, 0м; кранасты жолына дейін 6, 5-12, 5 м; қоршау мен жол арасы 1, 5 м; жол мен өрт гидрант арасы 1, 5-5м.

II. 5. Құрастырушы кранды таңдау

Жабын плитасын монтажадау кезінде ең басты машина құрамына: монтаждаушы кранды, көмекші машиналарды - жүк көтергіш, жүк тасымалдағыш көліктктерді және технологиялық құрылғыларды жатқызамыз.

Конструкцияларды жинақтауға арналған кранды қабылдау оның сипаттамаларының есебімен және кранның жинақтау сипаттамаларын ескере отырып жүргізіледі. Жүкті ілмектің берілген биіктігі, қажетті кран көтергіштігі келесі формуламен анықталады:

Мтр=Мэ+Мт=4, 75+1, 5=6, 25 т

Мэ - жинақтау элементінің салмағы;

Мт - ЖҚҚ салмағы;

Кран тұрағының деңгейінен жебенің жоғарғы жағына дейінгі ең кіші ара-қашықтығының формуласы:

ho - кран тұрағы деңгейінен жоғарғы жинақтау көкжиегіндегі элементтің тірегіне дейінгі арақашықтық;

hз - көкжиектегі артық шама;

hэ - құрастырылатын элементтің биіктігі;

hс - ілмек биіктігі;

hп - полистпаст биіктігі;

Көтерудің қажетті биіктігіндегі ең төменгі қажетті жебе биіктігін анықтау:

- кран тұрағының деңгейінен жебенің бұрылу өсіне дейінгі арақашықтық (1, 5м) ;

в - құрастырылатын элементтің жоғарғы деңгейіндегі жебе қалыңдығының жартысы (0, 5 м) ;

- құрастырылатын элемент пен жебе арасындағы ең аз саңылау (1, 0м) ;

- ауырлық центірінен элементтің жебеге жақын шетінің арасындағы ара қашықтық (1, 5м) ;

Жебе ұзындығы келесі формуламен анықталады:

Осы мінездемелері бойынша кранды қабылдаймыз:

  1. КС5063

Конструкциялар бірлігін құрастырудың өзіндік құны келесі формула бойынша анықталады:

[1, 08( ]

мұнда - 1. 08, 1. 5 - жұмыстарды өндіруге және еңбек ақыға үстеме шығындарды ескеретін коэффиценттер:

- крандардың 1 бірлікке кететін өзіндік құны;

- жинақтау мерзімі;

- құрастыруға, демонтаждауға, тасымалдауға және жолдарды орнатуға кеткен бірмезгілдік шығындардың құны;

3n - жинақтаушылардың еңбекақысының құны;

v - жұмыстар көлемі;

1) КС 5063 [1, 08(36, 34*61, 44+81, 7) +1, 5*6091] /1250 8, 8 теңге

Өзіндік құны бойынша тиімді КС 5063 краны болып табылады.

II. 6. Құрылыс алаңын кешенді механикаландыру және автоматтандыру

Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру деп технологиялық міндеті, техникалық деңгейі және өнімділігі бойынша өзара үйлестірілген ұтымды машиналар звеносы көмегімен негізгі және қосалқы процестерді орындауды атайды. Звенолар және жинақтың бөлек машиналары операцияларды жүйелі тәртіппен үздіксіз тасқынмен орындап біріңғай агрегат ретінде істейді.

Жинақты топырақты өңдеуге және тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше жетекші машиналар және топырақты алдын ала қопсыту, тегістеу және тығыздау, жер бетін пішіндеу үшін қосалқы машиналар болады. Кейбір жағдайда бір машинамен бірнеше процестер орындалады: топырақты өндейді, ауыстырады, тегістейді және т. б.

Жетекші машина - экскаватор, скрепер, бульдозер және т. б. - жинақтың өнімділігін және белгілі шамада оның құрамын және жұмысты ұйымдастыруын анықтайды. Барлық машиналарды, ең алдымен жетекшіні, әбден толық пайдалану үшін қабылданған машиналардың негізгі параметрлері үйлестіріледі.

Машиналар жинағының құрамы жер ғимараттарының түріне, жұмыстың көлеміне, топырақтың сипаттамасына, деректі мерзімге және жұмыс өндірісінің жағдайына байланысты, соңғыға жататындар: өңдеу учаскелеріндегі жер массасын үйлестіру, топырақты тасымалдау қашықтығы, жер бедері, жыл мезгілі және басқалар.

Жинақ үшін машиналарды таңдағанда олардың қайсысын қайда тиімді пайдалануға сүйенеді. Мысалы, қазаншұңқыр және ұзын орлар өндегенде алдымен ойманың берілген енің және тереңдігін, топырақты түсіру тәсілін және жұмыс көлеміне сәйкес келетін өнімділіг қамтамасыз ететін машинаның негізгі техникалық параметрлерін есепке алады.

Тасқынның берілген өсімталдығы бойынша машиналар жинағының саны мына формуламен анықтауға болады

N Ж = J/Ө П

Мұндағы N Ж - машиналар жинағының саны; J - тасқынның өсімталдылығы; Ө П - машиналар жинағының пайдалану өнімділігі (жетекші машина бойынша) .

Жер жұмыстарын орындаудың бірнеше мүмкін варианттары болған жағдайда машиналар жинағының ең тиімді вариантын таңдау үшін техника - экономикалық көрсеткіштерін салыстырады, атап айтқанда: 1 м 3 жер жұмыстарына келтірілген үлес шығындар; 1 м 3 топырақты өңдеу еңбек сыйымдылығы және жұмыстың ұзақтылығы.

Құрылыстың жалпы алғанда және соның ішінде жер жұмыстарын орындау тиімділігін көтерген фактор процестерді автоматтандыру болады. Автоматтандырылған машиналарды (бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер, тығыздағыш қондырғылар, тегістегіштер, көп шөмішті экскаваторлар және т. б. ) қолдану тәжірибе көрсеткендей жұмыстың құны арзандайды, еңбек өнімділігі артады және ең маңыздысы жұмыс сапасы елеулі жақсарады. Дегенмен автоматтық жүйелер жер жұмыстарын өңдеуге әзірше олардың жоғары күрделілігіне және жердің бедеріне, топырақтың физика - механикалық сипаттамаларына, гидрогеологиялық жағдайларға және т. б. қатысы бар кіргізетінхабардың көп құбылмалығына байланысты ойдағыдай даму алған жоқ.

II. 7. Құрылыс жүктері және оларды тасымалдау

Құрылыс жүктері олардың ерекшеліктерін және физикалық күйін еске алумен келесі түрлерге бөлінеді:

сусымалы - құм, малта тас, қиыршық тас, топырақ;

ұнтақ тәрізді - цемент, гипс, минералды ұнтақ;

қамыр тәрізді - бетон және асфальт қоспалары, ерітінді, ізбес қамыры:;

ұсақ даналы - кірпіш, керамикалық тастар, шой тас, т. б;

аналы темір - бетон тақталар, панельдер, блоктар, ағаш шеберлігі бұйымдары;

ауыр салмақты - едәуір салмақты темір - бетонды элементтер, ауыр жабдықтар;

өлшемі ұзындары - бағаналар, қадалар, фермалар, арқалықтар, құбырлар, ағаш материалдар;

шаршы көлемді - тазалық техникалық кабиналар, блок бөлмелер, ірі габаритті контейнерлер, резервуарлар және басқа да сыйымдылықтар;

Жер қазып - тасылмайтын машиналармен топырақты өңдеудің технологиялық процесі топырақты қазу, түсіру және оны үйіндегі тегістеуден тұрады. Жер қазып - тасымалдайтын машиналардың негізгі түрлері бульдозерлер, скреперлер және грейдерлер болады.

Жер қазып - тасымалдайтын машиналар тегістеу жұмыстарында, карьерлерді қайта өндегенде және үйінділер салғанда, яғни топырақты өндеумен қатар үйіндіге қабаттап салу керек болғанда, кеңінен қолданылады.

Топырақты бульдозермен өңдеу . Бульдозермен топырақ өндеу процесі үш негізгі операциялардан тұрады: топырақты алу, тасымалдау және үю.

Бульдозерлерді топырақты атжалға немесе биіктігі 1, 5 м-ге дейін үйінділерге тікелей ауыстырып терең емес (2 м-ге дейін) оймалар өндеу; алаңшалар оймалар мен үйінділер құламасын тегістеу; ұзын орлар және қазаншұңқырлар қуыстарын қайта көму; жүк тиеушілер алаңында өнделген топырақты домбықтау үшін қолданады. Бульдозерлер сонымен қатар қосалқы жұмыстарда және дайындық жұмыстарын жүргізгенде ( учаскені бұталардан, ағаштардан, түбірлерден, тастардан тазартқанда, өсімдік қабатын алғанда) кең пайдаланады.

Алаңшаларды бульдозерлермен тегістеу көбінесе екі тәсілмен орындалады: ормен және қабатпен (2. 18 - сурет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот тауартану сараптамасы
Құрылыс объектілерінің жіктелуі
Кәсіпорында бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері
Мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемін анықтау
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Мәліметтер қорын жүйелеу
Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
Құрылыс саласындағы жобалау құжаттарының сипаттамасы
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz