Атқарушы билік


Мазмұны

Кіріспе.: Кіріспе.
3: 3
Кіріспе.: 1 ҚР Атқарушы билік ұғымымен түсінігі . . .
3: 6
Кіріспе.: 1. 1 ҚР Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары . . .
3: 6
Кіріспе.: 1. 2 Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы биліктің жоғары органы . . .
3: 17
Кіріспе.: 2 Мемлекеттегі атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі . . .
3: 41
Кіріспе.: 2. 1 Азаматтардың әкімшілік-құқыктык мәртебесі . . .
3: 41
Кіріспе.: 2. 2 Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі . . .
3: 43
Кіріспе.: 2. 3 Қоғамдық ұйымдар мен атқарушы билік . . .
3: 56
Кіріспе.: Қорытынды . . .
3: 65
Кіріспе.: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 67

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.

Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.

Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.

Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді (мысалы, партия) .

Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады.

Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді (олардың ішінде өздерінің актілерін де) орындау үшін құрылады. [1]

Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: адамдардың және азаматтардың, заңды тұлғалардың атқарушы билік органдарымен қарым-қатынасы.

Атқарушы билік - “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке - мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді.

Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.

Зерттеудің міндеті :

  • “Азамат және атқарушы билік” тақырыбы бойынша жеке зерттеу.
  • Зерттеу тақырыбы бойынша (анализ және талдап қорыту) тәжірбиелер пайдалану.

Азамат құқықта - сәздіңтар мағынасында - аталмыш елдің азаматтығын алған, конституцияда көрсетілген құқықтар мен міндеттердін барлық жиынтығына ие адам. Бұл сөздің кең мағынасында - өз кадірін сезінетін, саяси және құқықтық мәдениетті меңгерген, «отанының лайықты ұлы» атағына сай және аталмыш мемлекеттің заңдарына бағынатын әнегелі адам. Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдары тұлғасында республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардын тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күшкүдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

Диплом жұмысының пәні: Қазақстан Республикасының азаматтары мен атқарушы билік органдарының өзара қарым-қатынасына талдау жасауға бағытталған.

Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасының атқару билігі мен азаматтары.

Зерттеудің әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында логикалық, талдау, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық негіздері: Диплом жұмысын зерттеу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының және шет ел ғалымдарының оқулықтары пайдаланылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысы материалдарын осы саладағы одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік құқық, ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі бойынша тиісті арнайы курс шеңберінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы азамат, атқарушы билік түсініктеріне, олардың байланысы талдау жасалынған. Осы мағлұматтарға сүйене отырып атқарушы билік органдары мен азаматтардың арасындағы байланыс маңыздылығы баяндалған.

Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы кіріспе бөлімнен, 2 тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚР Атқарушы билік ұғымымен түсінігі

1. 1 ҚР Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары

Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.

Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.

Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді (мысалы, партия) .

Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Олар өзінің қызметін, оларды құратын мемлекеттің атынан, бірақ қандай да болмасын биліктік өкілеттіктерсіз және өзінен сыртқары қандай болса да басқару функцияларын атқармай, жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады. [1]

Бұл келтірілген жағдайлар отқарушы билік органдарының ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдардын жүйесінде ерекше орын алады, ол өзінің тікелей көрінісін мыналардан табады.

Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот биліктері органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың бөлек буыны болып табылады. Бұл, біріншіден, олардың мемлекет атынан тікелей өкілдік ететінін, шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын жүзеге асыратынын білдіреді және, екіншіден, оларға мемлекет бұл үшін қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі бір көлемін береді, бұлардың кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін емес.

Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың:

  • мемлекет атынан ұйымдастыру бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығару;
  • құқықтық актілермен белгіленген талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқап отыруды (қадағалауды) жүзеге асыру;
  • заңды түрде міндетті болатын актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және оларды бұзушылықтан өзінің сипаты бойынша мемлекеттік иландыру, түсіндіру, мадақтау т. с. с. шараларды, ал қажет болған жағдайларда-мемлекеттік (әкімшілік) мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қорғау құқығынан көрініс табады.

Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді (олардың ішінде өздерінің актілерін де) орындау үшін құрылады.

Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.

Республиканың да, сондай-ақ аймақтың да деңгейлерін - де болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады. Осы жүйенің шегінде оның әрбір буынының яғный нақты атқарушы билік органының қажетті қолма-қолдық дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі мен тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің шарасында оның құзыретінен (міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі) табады. Бұл органдардың құзыретінің негіздері жарым-жартылай Конституцияда және заңнамалық актілерде бекітіледі. [1]

Азаматтық құқық қабілеттілік атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесінің белгісі болып табылмайды. Оларды сипаттау үшін Заңды тұлғаның санатын жалпы алуға болмайды, өйткені олардың жүзеге асыратын мемлекеттік-басқарушылық қызметінің сипатын да, сондай-ақ оларға тиісті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің ерекшелігін де білдіруге қабілетсіз.

Атқарушы билік органдары адамдардың белгілі бір ұжымы әкімшілік-басқарушылық персоналдың қызметкерлері немесе мемлекеттік қызметшілер (штаттар) . Ұжымның шеңберінде белгілі бір ұйымдық-құқықтық байланыстар жасалынады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай-ақ тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік-қызметтік қатынастар, өйткені осы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.

Атқарушы билік органдарының ұйымдастыру құрылымы, яғный бағынышты құрылымдық бөлшектер құруын болжайтын ішкі құрылысы болады (мысалы, министрліктердің департаменттері) . Олардың қызметі осы атқарушы билік органының өзінің сыртқары, яғный тікелей мемлекеттік басқару аясында міндетін тиімді орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың (өзін-өзі ұйымдастырудың) көрінісі болып табылады.

Атқарушы биліктің әрбір органының мемлекеттік-басқарушылық қызметінің белгілі бір аумақтық немесе қызметтік (мәселелік) көлемі болады. Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не Қазақстанның бүкіл аумағында, не белгілі бір аймақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі не жалпы басқарушылық функцияларды (мысалы, Үкімет), не белгіленген қызмет аяларында арнаулы сипаты бар белгілі бір басқару функцияларын жүзеге асыруды болжайды. Олардың қатарында реттеу, рұқсат беру, бақылау және өкім ету функциялары. Бірақ олар да әртүрлі аумақтық көлемде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сонымен, атқарушы билік органы деп мемлекеттік-биліктік механизмінің (мемлекеттік аппараттың) мынадай буыны түсініледі, билікті болу принципіне сәйкес мемлекет оған қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси өмірінің әр түрлі облыстарында атқарушы-өкім етуші қызметін іс жүзінде жүзеге асыруды тапсырады.

Принциптер - бұл атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің аса маңызды саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері.

1. Заңдылық мемлекеттік-басқарушылық қызметтің заңға тәуелсіздігі-нен, сондай-ақ Конституция мен заңдардың жоғары тұратындығынан туындайды (Конституцияның 3, 4 - баптары) . Атқарушы билік органдары заңнама талаптарын қатал сақтауға, оларға тапсырылған қызмет аяларында оны қамтамасыз етуге міндетті.

2. Мемлекеттік-басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерің ескеру принципі. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптегсн мемлекеттік емес құрылымдардың, жеке меншік институттарының, әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің пайда болуымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.

Осыған сәйкес басқарушылық ықпал етудің әр түрлі әдістерін таңдау, тікелей басқару құралдарын шектеу, мемлекеттік реттеу (үйлестіру) құралдарын кеңірек пайдалану, жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделерді, орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру қажеттілігі пайда болады.

3. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен дара басшылықты дұрыс үйлестіру мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен атқарушы биліктің тиісті органдарының жанынан құрылатын әр түрлі консультативтік, үйлестірушілік, ақылдасатын кеңестер, комис сиялар кеңінен өріс алуда. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда (мысалы, министрліктерде) алқалар құрылады.

Сонымен бірге, дара басшылық атқарушы-өкім ету сипаты бар қызмет үшін қажет тиісті тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ дара басшының басшылығымен жауапты басқару режимін әр орнатудың құралы болып табылады.

4. Жоғарыдағы принциптен келесі - тұтастай атқарушы билік оргадарының және әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін жауапкершілін туындайды. Бұл принцип атқарушы билік органдары туралы ережелерде, "Мемлекеттік қызмет туралы 1999 ж, 23-шілдедегі заңда, тәртіп туралы жарғыларда және лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.

5. Атқарушы билік органдары жұмысының жариялылық принципі өзінің жұмысының аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария етуді, жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.

Атқарушы билік органдары өз қызметінің мазмұны және нақтылы бағыты бойынша ажыратылады. Оларды төмендегідей түрлі топтарға болуге болады.

1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша атқарушы билік орган дарының екі деңгейін бөлуге болады: республикалық және жергілікті. Бұл белгі унитарлық мемлекеттік құрылыспен және Қазақстан Республикасын әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлу мен байланысты. Қазақстанның бүкіл аумағына Үкіметтің, республика министрліктерінің және өзге де республикалық атқарушы билік органдарының қызметі таратылады. Жергілікті: облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың (селолардың), кенттердің атқарушы билік органдары өзінің қызметін тиісті аумақтың шеңберінде жүзеге асырады.

Республикалық атқарушы билік органдары жергілікті жерлерде өздерінің аумақтық органдарын (басқармалар, департаменттер және т. б. құра алады, бірақ олар жергілікті атқару органдары жүйесіне кірмейді. Мұның сыртында, кейбір республикалық атқарушы билік органдарының аумақ аралық органдары болады. Олардың қызметі бірнеше аумақтарды қамтиды (мысалы, темір жол, әскери округтар және т. б. ) . [2]

2. Ұйымдастыру - құқықтық нысандары бойынша, бұл ең алдымен олардың аттарынан көрініс табады. Республика деңгейінде мыналар ажыратылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктері, агенттіктері, комитеттері, ұлттық комиссиялары, өзге де атқарушы билік органдары.

Жергілікті жерлерде мұндай нысандарға өкімдер, әкімдіктер, комитеттер, басқармалар, департаменттер, бөлімдер және өзге де органдар жатады.

3. Атқарушы билік органдары құзіретінің сипатына байланысты мыналарға бөлінеді:

  • жалпы құзіретті, яғный мемлекеттік-басқарушылық қызметтің барлық немесе көпшілік бөлшектеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға. Бұлар аса маңызды органдар: Үкімет, өкімдер, әкімдіктер;
  • саламық құзіретті, яғный өздеріне тапсырылған басқару салаларының немесе қызмет аяларының шеңберінде функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға (мысалы, денсаулық сақтауды, ішкі істерді т. с. с) . Бұлар, әдетте, министрліктер, жергілікті атқарушы органдар.
  • салааралық құзіретті, яғный барлық немесе бірнеше салалық жүйелерге жалпы бірдей болатын олардың қарастылығына жатқызылған арнаулы мәселелер бойынша функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға (мысалы, стандартизаңиялау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша т. с. с) . Бұлар министрліктер де, агенттіктер де, ведомствалар да және т. б. болуы мүмкін.

Бұлардың арасынан кейде салалық және салааралық құзіретті органдар белгілерін қамтитын арнаулы және аралас құзіретті органдарды бөледі. Мұндай құзірет көпшілігінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы республикалық орталық атқарушы билік органдарына тәнді.

4. Өз ведомствосына қарасты мәселалерді шешу тәртібі бойынша мыналар ажыратылады:

а) алқалы органдар, оларда құзіретінің негізгі мәселелері осы орган мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі (мысалы, Үкімет, әкімдіктер алқалы болып табылады) ;

б) дара басшылық органдары, оларды негізгі мәселелерді шешу өкілеттіктері басшының қолына шоғырландырылған (барлық қалған органдар, мысалы, министрліктер) .

Қолданылып жүрген 1995 ж. Конституция бойынша Президент ресми түрде атқарушы биліктің басшысы болмаса да, шындығында оның бұл аядағы рөлі өте зор.

Конституцияға сәйкес ол Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен оның орын басарларын және министрлерді қызметке тағайындайды әрі қызметтерінен босатады; Президенттің құзыретіне республика министрліктерін және басқа да Үкімет құру, мына кірмейтін орталық атқарушы билік органдарын құру тарату жатқызылған; Республикалық атқарушы билік органдарының жүйесі де Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президенттің жарлықтарымен бекітіледі. Қазіргі кезде ол "Атқарушы өкіметтің орталық органдарының жүйесін ретке келтіру туралы Президенттің 1993 ж. 9 маусымдағы жарлығымен айқындалады.

Президент ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етуге, Үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешім қабылдауға құқылы.

Президент Үкіметтің және облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері актілерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы. Оның жарлықтарымен атқарушы биліктің қызметі мен механизмінің көптеген маңызды жақтары регламенттелінеді.

Мемлекеттік билік - бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар әралуан. Мемлекет органы дегеніміз - белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердін орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден, мемлекет органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген. [3]

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай - орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша - тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады) ; құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша - алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша - құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; құзыретінің сипатына қарай - жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер) органдар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып табылады, ол билікті органдар және лауазымды адамдар, әлеуметтік топтар, мекемелер немесе жекелеген адамдар тарапынан қиянат болмауы үшін амалдар жасайды. Бұл орайда олардын әрқайсысы дербес әрі бірін-бірі тежеуші әрі тепе-теңдік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін органдардың айрықша жүйесі және ерекшелікті нысандар арқылы жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атқарушы биліктің құрылымы
Заң шығарушы билік органдары
Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері
Орталық атқарушы органдар
Атқарушы билік органдары
ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі. Шетел мемлекеттерінің заңнамасымен салыстырмалы анализ
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
ҚР жергілікті атқарушы билік
Атқарушы билік органы
Жергілікті атқарушы билік органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz