Прокурорлық қадағалау жайлы


Мазмұны

Кіріспе: Кіріспе
3: 3
Кіріспе: 1 Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеттері . . .
3: 7
Кіріспе:
  1. ҚР прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы . . .
3: 7
Кіріспе: 1. 2 Прокурордың іс жүргізудегі құзыреті, функциясы . . .
3: 22
Кіріспе: 2 Қазақстан Республикасының құқығындағы прокурор функциясының негізгі бағыттары . . .
3: 26
Кіріспе: 2. 1 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру . . .
3: 26
Кіріспе: 2. 2 Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары . . .
3: 36
Кіріспе: 2. 3 Жедел іздестіру қызметінің істері мен маңызын прокурорлық қадағалау . . .
3: 39
Кіріспе: 2. 4 Анықтау және алдын ала тергеу заңдылығының орындалуын прокурорлық қадағалау . . .
3: 47
Кіріспе: Қорытынды . . .
3: 62
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 65

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарынның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі беркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

Құқықтық мемлекетті құру, прокурорлық қадағалау әрекеттерін және дәрежесін жоғарлатуды, прокуратура дербестігін күшейтуді, оның қызметіне қандай да бір араласудың болмауын, олардың алдына қойылған тапсырмаларды табысты орындау үшін жеткілікті кепілді жасауды талап етеді.

Шын мәнінде, прокуратура тапсырмаларды шешуде ерекшелік күшіне сай, билікті бөлудің таптық сызбасына кірмейді, яғни заң шығару, орындаушылық міндеттерді және соттық билікті жүзеге асырмайды. Республикада прокуратура жын мәнінде сот саласында және мемлекеттік басқару саласында заң бұзушылыққа қарсы тұрады. Дамушы конституциялық билікті бөлу қағидаларын әрбір билік тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, билік өкілеттілігін шынайы мазмұнмен толықтыруды қарастырған.

Осыған сәйкес кейбір тұлғалар шеңбері жағынан әртүрлі негіздерді және себептерді келтіріп, прокуратура міндеттеріне мемлекеттік саясат саласында заңдылықты қамтамассыз ету тән емес-деп прокуратураның өкілеттілік көлемін тарылтуға әрекеттер жасады.

Қадағалау өндірісі орындаушы, сот органдарына және заң шығарушы билікке тән болмауы қажет. Осы жоспарда оларға бақылау қызметі тән, ал қадағалау міндетіне өзінше өкілеттілік берілген-қандайда бір шешім қабылдаумен байланысты емес, бірде- бір билік тармағына бағынышты емес прокуратура органына жүктелінуі қажет.

Заң шығарушы органның тапсырмаларын тарылту шеңберінде, мемлекет көлемінде заңдардың орындалуын қадағалау міндетін арнайы органға беру, яғни прокуратураға мемлекет атынан Жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру жайлы сұрақ шешіліп, тапсырылды. [1]

Шын мәнінде бүгінгі күнде прокуратура, мемлекеттің Ел Басына ортақтандырылған заң қолдану тәжірибесін, шұғыл түрде заңды тұлғалардың, азаматтардың, сот инстанцияларының заң бұзушылық жайлы арыздануын күтпей-ақ, прокурорлық елеумен алдын алу шараларын орындауға мүмкіндік беретін орган болып отыр.

Демократиялық және республикада өзекті реформалар шарттарында, қоғам өмірінің барлық жағын құқықтық жаңартуды реттеуде, Конституцияның жоғарлылығын қамтамассыз етуге бағытталған және Қазақстан Республикасындағы заңдардың бірлігіне және заңдылықты нығайтуда прокуратура органдарының жұмыстары маңызды орын алады.

Құкыктық мемлекет кұруға бағыт алған Қазакстан Республикасындагы құқыктық реформаны жүзеге асыру жағдайында мемлекетіміздің ең басты әлеуметтік құндылықтарының бірі - заңдылықты сактауға ерекше мән беріледі.

Осыған байланысты, әсіресе қылмыстық сот ісі жүргізу саласында еліміздегі заңдардың орындалуын әмбебаптық қадағалау органдарының бірегей орталыктандырылған жүйесі ретіндегі прокуратуралардың құзырын нығайту қажет.

Қазакстан Республикасының Қылмыстык іс жүргізу кодексі қылмыстык процестің міндеттерін қылмысты тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану деп белгілеген.

Осы міндеттерді орындауға тергеу органдарының ездерінің іс жүзіндегі қызметін аткару кезінде заңдылықты тікелей камтамасыз етуімен, сондай-ақ қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептер мен шарттарды дер кезінде әшкерелеумен және болдырмаумен кол жеткізіледі.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылықты камтамсыз етудің бірден-бір жолы прокурорлық қадағалау болып табылады.

Прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдарды әртүрлі жолдармен дәлме-дәл және біркелкі ғана емес, бұлжытпай орындауға, кімнің тарапынан болса да кез келген заң бұзушылықты жоюға дер кезінде шара колдануға, сондай-ақ азаматтарды заңды қастерлеу рухында тәрбиелеуге шақырылады.

Мемлекеттік құрылымдар, бұқаралык ақпарат кұралдары, заңгерлік коғамдастықтар мен азаматтар тарапынан заңдылық жағдайына баса назар аударылуы осы саладағы құқықтық, нигилизмнің етек алуына, жүртшылықтын құқыктық сана-сезімі деңгейінің төмендігіне, заңдылықтардағы кейбір карама-қайшылыктарға және кұқық колдану саласындағы толып жаткан құкық бұзушылық фактілеріне байланысты.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халықтарына Жолдауындағы «бәрі де заң бойынша өмір сүретін шынайы құкықтық мемлекет құру. . » және «. . болашақ ұрпақтың алдында қазіргі біздің ұрпақтардың орасан зор жауапкершіліктері жатыр: олар өздерінің балалары үшін алаңдамай, көшелерде еркін жүріп және өздерінің мүліктері үшін алаңсыз бола алар ма екен» деп айтылған сөздері біздің мемлекетіміздің алдындағы бірінші кезектеп міндеттердің бірі болып саналады. [2]

Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңында прокурор - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын, өзге де нормативтік-кұқықтық актілердің дәл және бір-қалыпты қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің зандылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерінін өкілі болуды, сондай-ақ занда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам, деп анықтама берілген.

Осыған байланысты, заңдылыққа жоғары қадағалау жүргізетін ізге түсу органы бола отырып, прокурор өзінің өқлеттігін орындау кезінде ешкімге де тәуелді емес және ол заңға ғана бағынады.

Сондыктан да қылмысты тергеу кезіндегі анықтау мен алдынала тергеу органдарының заңдарды орындауына прокурорлық қадағалау жүргізу мәселелерін зерттеу өзінің актуальдылығын ешқашанда жоғалтпайды.

Керісінше, заңдылыктардағы, қылмыстылық жағдайы мен динамикасындағы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріндегі, құқық қорғау органдарындағы кадрлық және құрылымдык елеулі өзгерістер қылмыстық іс жүргізетін органдар жүйесіндегі прокуратураның рөлі мен алатын орны, олардың қадағалау қызметін жүргізудегі функциясы, өкілеттігі мен әдістерін қарастырады.

Зерттеудің мақсаты: адамдардың және азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерін, құқықтарын, бостандығын сақтауға прокурорлық қадағалау жасау.

Оның тиімділігі кең дәрежеде, жеке алғанда прокуратура қызметкерлерінің құзіреті, республикада болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын түсінуі және прокуратура жүйесініңнегізгі орындаушылары- аудандық, қалалық прокурорлардың өздерінің тапсырмаларын қаншалықты табысты орындауымен, берілген өкілеттіліктерін дер кезінде толық қолдануымен, заң бұзушылықтарды табандылықпен жоюда және кінәлілерді жауаптылыққа тартумен тікелей байланысты.

Зерттеудің міндеті :

  • “Заңдылықты сақтаудағы прокурорлық қадағалау” тақырыбы бойынша жеке зерттеу.
  • Зерттеу тақырыбы бойынша (анализ және талдап қорыту) тәжірбиелер пайдалану.

Бүгінде заңдылық мемлекеттік құрылыстың құрамдық бөлігі, қоғамдағы әділдіктің кепілі, ал оны қамтамассыз ету, саясаттың жоғарғы дәрежесі. Осы саясаттың жетекшісінің бірі, Қазақстан Республикасында заңдардың қолданылуын Жоғарғы қадағалайтын, прокурорлық қадағалау болуы тиіс.

Прокуратура органдары өздеріне тиісті құқықтық құралдармен және әдістермен тар ведомствалық бюрократиялық кедергілерді жоюға, шаруашылықтың табысты қызметі үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге, заң қабылдаушылықты болдырмауға әр кезде ықпал жасауға міндетті.

Диплом жұмысының пәні: прокурордың атқаратын қызметі мен оның құзыретін зерттеуге бағытталған.

Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасының прокуратурасы.

Зерттеудің әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында логикалық, талдау, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық негіздері: Диплом жұмысын зерттеу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының және шет ел ғалымдарының оқулықтары пайдаланылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысы материалдарын осы саладағы одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік құқық, ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі бойынша тиісті арнайы курс шеңберінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы заңдылықты сақтаудағы прокурорлық қадағалау түсінігіне, олардың түрлеріне талдау жасалынған. Осы мағлұматтарға сүйене отырып прокуратура маңыздылығы баяндалған.

Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы кіріспе бөлімнен, 2 тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеттері

  1. ҚР прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы

ҚР Конституциясына сәйкес "прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Зандылықтың кез келген заң бүзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен зандарына қайшы келетін зандарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңцармен белгіленген тәртіп пен шекте қьшмыстық қудалауды жүзеге асырады".

Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі ргосіеиг деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді.

ҚР Конституциясы және "Прокуратура туралы" ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.

ҚР Конституциясына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен зандар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау кағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" бөліміне енгізілген Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ешқандай күмән келтірмейді.

Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік қүрылымдағы прокуратураның мүндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың езгешелігі туады.

Осы айтылғандардан оқу курстарын игеруде маңызды принципиальды бірнеше ережелер шығады.

Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бүл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе езге үйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.

Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, қүқық бүзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.

Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің езіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де қүқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген қүралдардың көмегімен анықталған қүқық бүзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмүнымен анықталады.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді. [3]

Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана қүрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бүл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, занда аталғандарды коспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, қүқық бүзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше қүзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, үйымдардың заң бүзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара колдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бүзушылыктарды жою бойынша шаралар колданады. Зандардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.

Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бүзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.

ҚР Конституциясына сәйкес республика прокуратурасы төменгі түрған прокурорларды жоғары түрған прокурорларға және республика Бас прокурорына бағындыра отырып, басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз бірыңғай орталықтандырылған жүйе қүрайды. Қазақстан Республикасының Президенті прокуратураға қатысы бойынша жоғарғы мемлекеттік саты болып табылады.

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Президент Парламент Сенатының келісімімен Бас прокурорды бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Осы Конституциялық заңына сәйкес Президент прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шендер береді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті прокуратура органдарын тікелей қалыптастырады және олардың қызметтеріне бақылау жасайды.

Прокурорлық қадағалаудың маңызы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.

Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, барлық кәсіпорындарға, меншік нысанына қарамастан атқарушы және белу органдарына және лауазымды адамдарға, сондай-ақ қоғамдық үйымдар мен республиканың азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге қатысты әрекет етеді. [4]

Заңдармен белгіленген тәртіп пен негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық оргаңцарға, үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тиісті.

Прокурорлық қадағалаудың маңызы, сондай-ақ біздің қоғамдағы қүқық рөлімен анықталады.

Сонымен, прокурорлық қадағалаудың маңыздылығы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.

Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға қатысты әрекет етеді.

Прокурорлар жоғары аталған субъектілердің зандарды бірыңғай орындауын бақылауға және білінген заң бүзушылықтарды жоюға тиіс.

Занда белгіленген тәртіппен және негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық органдарға, үйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға міндетті.

Прокурорлық қадағалаудың мәні, сондай-ақ біздің қоғамдағы қүқықтың рөлімен анықталады. Сонымен, прокурорлық қадағалау мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Президентінің бақылауында іске асырылады, жергілікті органдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік барлық аумақтарында және барлық министрліктерге және ведомостволарға, оларға бағынышты мекемелер мен кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, қоғамдық үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға қатысты әрекет етеді.

Осы әлеуметтік рөлді орындаудың қүқығы көп жағдайда заңның дәл орындалуына байланысты. Заңды іс жүзінде қамтамасыз ету заңдардың қолданылуына және оны бүзғаны немесе орындамағаны үшін жазаға тартуда қатаң қадағалауды іске асыруға байланысты. Осыған орай, прокуратуратәрізді орган қүру қоғам мен мемлекетті дамытудағы қүқық пен заңдылықтың әлеуметтік рөліне қатысты объективті қажеттілік болып табылады.

Осыған сәйкес, прокурорлық қадағалау - бұл, тек кез келген қол сүғушылық пен заңсыздыққа қарсы ғана емес, сондай-ақ қүқықты қамтамасыз ететін қарым-қатынасқа қарсы әрекеттің мықты және сенімді кепілі. Қүқықты мемлекет қүрудағы ең маңызды прокурорлық қадағалау зандарды қолданудағы жоғары қадағалау болып табылады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері.

"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес прокурорлық қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен заңдардың үстем түруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, түтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәртебесімен, мемлекеттегі оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады.

Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі, мазмүны, шешімдерінің қүралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының қүзыреті бойынша бөлінеді.

Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы және жеке (накты) .

Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңгейде. Жеке міндеттерді шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуге себепші болады. Өз кезегінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы шешімдерге бағынышты.

Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-қүқықтық актілерімен, мысалға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады.

  • Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан түрады; оларға мына республиканың Конституциясы мен заңдарына кайшы келетін заңдар өзге де қүқықтық актілерге наразылық жасау;
  • сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;
  • заңда белгіленген жагдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
  • мемлекеттік-қүқықтық статистика қүру және қүқықтық статистикасаласында қадағалауды іске асыру.

Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын зандардың мазмүнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан түрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен түрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртүтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмүны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында түрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың қүзыретімен анықталады. [3]

Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бүйрықтарымен және езге де қүқықтық актілермен реттеледі.

Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың қүқықтық қүралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бүл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулыға қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық қүралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді.

Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейіндегі прокуратуралардың жүмыс жоспарларында белгіленеді.

Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген қүқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі.

Прокурорлық қадағалаудың салалары.

ҚР Конституциясына, ҚР "Прокуратура туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрықтарына сәйкес прокурорлық қызметтің мынадай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалау туралы
Қазақстан Республикасының құқығындағы прокурор функциясының негізгі бағыттары
Прокурорлық жалпы қадағалау
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуi, түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі
Прокурордың қадағалау сот сатысына қатысуы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ. ПРОКУРОРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЗАҢДЫ БОЛУЫН ҚАДАҒАЛАУЫ
Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары
Жедел-іздестіру әрекетіне қатысты бақылау мен қадағалау сұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz