Жауапкершілік


Мазмұны

Кіріспе. . .: Кіріспе . . .
3: 3
Кіріспе. . .: 1 Жауапкершіліктің ұғымы, түрлері және алатын орны . . .
3: 7
Кіріспе. . .: 1. 1 Жауапкершіліктің ұғымы, мазмұны . . .
3: 7
Кіріспе. . .: 1. 2 Жауапкершіліктің түрлері және оның түсінігі . . .
3: 13
Кіріспе. . .: 1. 3 Құқық бұзушыларға қолданатын заңды жауапкершілік . . .
3: 29
Кіріспе. . .: 2 Тәртіптік жауапкершіліктің ұғымы, міндеттері және ерекшелігі . . .
3: 45
Кіріспе. . .: 2. 1 Тәртіптік жауапкершіліктің ұғымы . . .
3: 45
Кіріспе. . .: 2. 2 Тәртіптік жауапкершіліктің міндеттері. Басқа жауапкешіліктерден ерекшелігі . . .
3: 48
Кіріспе. . .: 2. 3 ІІО қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі . . .
3: 50
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 60
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 62

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Заңды жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және заңды жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келтін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заң қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.

Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе алмауда. Бұдан шығатын қорытынды заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықтыда.

Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады. [1]

Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.

Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.

Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады.

Кейбір сипатына қарай құқық бұзушылықтар жалпы бірдей болғанмен, олар өте әртүрлі болып келеді. Бұл әлеуметтік қатынастардың әртүрлі мазмұнымен, субьектілердің көп жақтылығымен, жасау мақсатымен, өмірдегі жағдайлармен және т. б. анықталады.

Осындай кең ауқымды құқық бұзу актілері оларды әртүрлі бөлімдерге жіктеуіне әкеледі.

Ең көп тараған және әлеуметтік маңызды құқық бұзушылықтың әлеуметтік қауіпсіздігіне (зардабына ) байланысты жіктелуі болып табылады. Бұл жағдайда барлық құқық бұзушылықтар қылмыс және терісқылықтар болып бөлінеді.

Қылмыстар қоғамға аса қауіптілігімен ерекшеленеді. Олар ең маңызды қылмыстық заңмен жанасушылықтан қорғалатын құндылықтарына жанасады. Қылмыс жасаудың обьектілері болып қоғамдық және мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйесі, әртүрлі жеке меншік және басқада азаматтар құқықтары (саяси, еңбек, меншік) саналады. [1]

Қоғамға қауіптілігіне байланысты қылмыс істегені үшін заң қатаң жазалар қолданады. Қылмыстық заңмен қаралған қылмыстық істер басқа құқық бұзуларға қарағанда талқыланып толық түсіндірілмейді.

Зерттеудің мақсаты: Бұл диплом жұмысында жауапкершілік түсінігін, сонын ішінде заңды жауапкершілік түсінігін, олардың түрлерін, маңыздылықтарын, міндеттерін зерттейді. Заңды жауапкершілік түрлерінің ішіндегі тәртіптік жаупкершілік түсінігін, мақсатын және міндеттерін толығырақ баяндау. Қазақстан Республикасындағы заңды жауапкершілік, соның ішінде тәртіптік жауапкеншілік ұғымын тереңінен мазмұндау.

Зерттеудің міндеті :

  • “Тәртіптік жауапкершілік: түсінігі, мақсаты және міндеттері” тақырыбы бойынша жеке зерттеу.
  • Зерттеу тақырыбы бойынша (анализ және талдап қорыту) тәжірбиелер пайдалану.
  • Құқық бұзушылық профилактика мәселесі бойынша жаңа бағыттар жасау.
  • Практикада оқып білумен байланысты ұсыныс енгізу.

Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:

Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.

Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес” деген . Бірақ та сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды.

Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады.

Диплом жұмысының пәні: Заңды жауапкершілік жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құкықтық нормалардың жазылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады, Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. [2]

Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершілігінің түсінігі - тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Сондықтан, диплом жұмысының мәні жауапкершіліктің түрлерін жан-жақты талдауға, әсіресе, тәртіптік жауапкершілікті кеңінен сараптауға бағытталған.

Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасындағы заңды жауапкершілік түсінігі, жауапкершілік түрлері, оның ішінде тәртіптік жауапкершілік түсінігі, міндеттері және мақсаты.

Зерттеудің әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында логикалық, талдау, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық негіздері: Диплом жұмысын зерттеу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының және шет ел ғалымдарының оқулықтары пайдаланылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысы материалдарын осы саладағы одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік құқық, ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі бойынша тиісті арнайы курс шеңберінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы заңды жауапкершілік түрлеріне, оның ішінде тәртіптік жауапкершілік түріне кеңірек талдау жасалынған. Осы мағлұматтарға сүйене отырып жауапкершілікті сақтаудың маңыздылығы баяндалған.

Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы кіріспе бөлімнен, 2 тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Жауапкершіліктің ұғымы, түрлері және алатын орны

1. 1 Жауапкершіліктің ұғымы, мазмұны

Занды жауапкершілік - жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құкық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтык, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.

Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі - тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Tap мағынада - мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.

Заңды жауапкершілік - тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады.

Занды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады. [3]

Шарттың міндетін бұзған азамат немесе көсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Занды жауапкершілік - тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық - іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.

1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.

2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.

3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады.

Занды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:

Кінәлі әрекет үшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана занды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзін басқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.

Заңдылық қағидасы. Бұл қағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталына отырып бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік занды болып табылады.

Әділеттілік кэғидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:

  • теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды;
  • адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;
  • жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды;
  • бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады;
  • жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс;
  • жауапкершілік бұзылған құқық пен келтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс.

Мақсатқа сәйкестілік қағидасы. Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуін талап етеді:

  • Құқық бұзушылыктың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;
  • Егер жазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;
  • Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса, завды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру.

Жауаптылық қағидасы:

  • Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;
  • Құқық бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;
  • Құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы;

Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды.

Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизімінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмүны оның қатысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекетті қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқық нормасының санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса, жасалған әрекеті үшін құзыретті органның тағайындаған жазасын орындайды және ол жазаның тиісті құқық нормасының шегінен шығып кетпеуін талап етуге құқылы. [3]

Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның шегінде және заңның негізінде әрекет етеді. Завдылык, режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың өрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.

Сонымен занды жауапкершіліктің функциялары:

1. Жазалау - құқық бұзушыға, қоғамның басқа да мүшелеріне, келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.

2. Бұзылған құқықты қалпына келтіру - азаматтық құқық пен реттелетін қоғамдық қатынастарға сәйкес, бұзылған құкықты қалпына келтіреді.

З. Тәрбиелік азаматтық занды сақтап, өзгелердің құқықтары мен занды мүдделерін құрметтеуге баулаиды.

Заңды жауакершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрқайсысына өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі тән болады.

Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:

  • ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;
  • бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;
  • темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.

Қылмыстық және өкімшілік құқықтық жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады. Қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін занда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты - тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.

Жауапкершіліктің қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құқық нормаларын өз еріктері мен орындауға тәрбиелеу, олардың құқыққа сай тәртіптің қажеттігін түсінуге баулуға негізделген. Мемлекетте заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі - азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде сендіре білу болып табылады.

Занды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты - құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғары деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Занды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібі, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік тұрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік - соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық - тек соттық тәртіпте іске асады.

Сонымен, құқық бұзушылықты - құқық нормаларын, оның қағидаларын, ол жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау және оған жол берген адам міндетті түрде занды жауапкершілікке тартылады. Тура жауаптан босататын мән - жайлардың да орын алатынын ескерген жөн.

Қажетті қорғану. Әркімнің жеке өміріне өзінің және от басының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар намысын қорғауына құқығы бар. Қажетті қорғану деп заң қорғайтын мүддені қылмыскердің қол сүғуына оған зиян келтіру арқылы қорғануды айтамыз. Қажетті қорғану қылмыскердің озбырлығына қарсы қолданылатын әрекет. Осындай әрекеттің нәтижесінде қылмыскердің денесіне жарақат түсуі мүмкін. Ол тіпті өлуі де мүмкін. Адам қылмыскердің зорлығынан қашып күгылуы мүмкін. Алайда, қылмыстың объектісі болған адам, қылмыскерден қашпай, оған бар күшімен қарсылық көрсетсе, бұл қажетті қорғану болып табылады. Ол занды болуы үшін заң қорғайтын мүддеге төнген қауіпті әрекетке тойтарыс беруге бағытталуы керек. Қажетті қорғану арқылы азамат өзінің жеке басын, өмірін, денсаулығын, мүлкін, саяси әлеуметтік басқа да құқықтарын қорғай алады. Қажеттік қорғану арқылы қылмыстық жауапқа тарту жасына толмаған баланың да әрекетінен қорғануға жол беріледі.

Занды қызмет міндеттерін атқарып жүрген лауазым иесі өз өміріне қауіп төнсе ғана қорғануды қолданады, басқа жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Егерде лауазым иесінің әрекеті заңсыз болып көрінсе, (қамап қою, ұстап тұру, т. с. с. ) азамат оған қарсыласпай, заңсыз деген әрекетке шағым бере алады. Лауазым иесінің заң қорғайтын мүддеге көрінеу қылмыстық қол сұғуына ғана қарсыласуға болады, мәселен, милиция қызметкері мас күйінде бұзақылық жасап, біреудің өміріне, денсаулығына қауіп төнген жағдайда қажетті қорғану мүмкіндігі пайда болады (милиционер қажетсіз жағдайда құралын пайдаланса, кісілерді қорқытса т. с. с) . Қажетті қорғану болуы үшін қылмыс басталуы (тонай бастау, ұра бастау) немесе қылмыс қаупі тікелей төну керек. Егер қылмыс жасалып болса, қылмыс қаупі өтіп кетсе, қажетті қорғануды қолдануға болмайды. [4]

Қорғану қылмыстың түріне және қауіптілігіне сәйкес келсе ғана заңды деп танылады. Қорғану тәсілінің қылмыстық әрекетке сәйкестігі туралы мәселені сот қарап, шешеді. Жәбірленуші қорғану әрекетін қолданғанда оның шегінен шығып кетуі мүмкін. Әрине, қажетті қорғанудың шегі өте жұқа әрі уақыты байқала бермейді. Әсіресе, қылмыс қаупі төнгенде оны ойлап, білу қиын. Өйткені шабуылға тап болған адам сасқалақтайды, үрейленеді. Осының салдарынан ол қылмыскердің әрекетіне сәйкес емес тәсілдер қолданып, оның қылмысына лайықсыз зиян келтіруі мүмкін. Кейбір жағдайда қажетті қорғаныстың шегінен шығуға жол беріледі (абыройына қол сүққан қылмыскерді әйелдің өлтіруі, тонаушыға қарсы қару қолдану т. с. с) . Болған жағдайлардың барлығын жан-жақты тергеп мәселені шешетін сот.

Мәжбүрлі қажеттілік күйінде жасалған әрекет заңды және қоғамға қауіпті емес деп табылады. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында заң қорғайтын екі мүдде бірімен-бірі айқасады. Осы айқасудың нәтижесінде тек біреуінің сақталуы мүмкін болғандықтан, екіншісі құрбан болады. Заң қорғайтын мүддеге қауіп адамның әрекетінен, сәтсіз жағдайдан (көшеде тайып құлап, аяқ қолын мертіктіру), табиғи апаттан (жер сілкіну, су тасу, өрт, т. с. с. ) болуы мүмкін. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында қауіп нағыз анық болуы керек. Мәселен, сүзеген сиыр адамға тура ұмтылғанда, оны атып өлтірді делік. Бұл адамды жануарды өлтіріп, зиян келтіргені үшін мүліктік жауапқа тартуға болмайды. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайда келтірілген зиян занды деп танылады:

  • Егер төнген қауіптен сол сәтте қорғайтын мүддеге зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса.
  • Егер келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлде қайда кем болса (үлкен үйді, өрттен сақтап қалу үшін жанып жатқан төбесін қирату, жараланған адамды жедел емханаға жеткізу үшін біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кету т. с. с) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк
Заңды жауапкершілік
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері және нысандарының сұрақтары
Жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы түсінік
Азаматтық құқықтық
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
Міндеттемелер бойынша жауапкершілік шарттары және негіздері
Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері
Заңды жауапкершіліктің жекелеген мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz