Ірі қара малдың гигиенасы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министілігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Ірі қара малдың гигиенасы

Орындаған: Мырзабекова Н. Т

Тобы: ВС-303

Тексерген: Садуақасов М. С

Семей 2015жыл

Жоспары:

Кіріспе:

1. 1Гигиена терминіне түсініктеме

Негізгі бөлім:

2. 1 Ірі қара мал гигиенасы

2. 2 Ірі қара малына арналған қора климаты

2. 3 Жас төлдерді күтіп бағу гигиенасы

2. 4 Малдар байланатын тұрақтарға мынадай негізгі гигиеналық талаптар қойылады

2. 5 Мал организмі үшін ауаның маңызы

2. 6 Мал организмі үшін судың маңызы

Қортынды

Кіріспе

Гигиена (гректің hygienos-тазалық, денсаулық, емдік-деген сөзінен алынған) -Малдарға тиімді күтім жасау, азықтандыру және өсіру тәсілдерін қолдана отырып, оның денсаулығын арттыруға, өнімін молайтуға жағдай туғызуға бағытталған ғылыми пән.

Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы - бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.

Сыртқы немесе қоршаған орта - бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу үрдісімен нақтыланады.

Сыртқы орта факторлары ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға, қоректенуге, жылу реттелуіне әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта факторлары тірі ағза үшін патогенді болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның төменгі температурасында және суық су ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су және азық жануарларда жұқпалы және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай жасайды; ауа, су және азықтың химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу бұзылуына, улануға душар етуі мүмкін.

Негізгі бөлім

2. 1 Ірі қара малдарының гигиенасы: Ірі қара малдарының қораларын жобалап салу және пайдалану көздерінде оларға ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына және ветеринариялық-санитариялық ережелерге сүйеніп жасалынады.

Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жоспарлар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшелітеріне, ауа райы, жер орайы малдарды күтіп бағу ережелеріне байланысты жүргізіліді.

Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап салу және пайдалану көздеріне ен басты ветеринариялық санитариялық проблема малдарды әр түрлі аурудан сақтау және олардан алынатын өнімдердін сапасының жоғары болуын қамтамасын ету болып саналады.

Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты оларға арналған шаруашылықтар:

1. Тұқымдық-мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған.

2. Өнімдік-ет сүт өнімдерін алуға бағытталған шаруашылықтар.

3. Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар.

4. Ірі малдарды бордақылау ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар.

2. 2 Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы. Ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстауға арналған қоралардың микроклиматы тұрақты және қалыпты, яғни малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ауа температурасы +8 градустан төмендемей, салыстырмалы ылғалдығы 85 пайыздан жоғары емес, ауа қозғалысының жылдамдығы қыс айларында 0, 3 м/сек артпай, көмірқышқыл газының концентрациясы 0, 25 пайыздан жоғарламай, әр куб. м ауада аммиактың мөлшері 20 мг-нан, күкіртті сутегі газы - 10 мг-нан аспауы керек. Қораның табиғи жарықтану коэффициенті 1:15 қатынасынан төмен болмауға тиіс.
Бос еркін байлаусыз ұстау - бұл тәсілді кәзіргі кезде екі түрде қолданады: қалың төсенішті едендерде бос байлаусыз және арнайы бокстарда ұстау.
Ірі қара малдарын қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау үшін қораның табиғи еденінің өсімдік қабатын (10 см) қырып үстіне, дезинфекциялық және ылғалдықты төмендету мақсатында, әр шаршы метр ауданға 0, 5 кг есептеп қортылған хлорлы әкі (известь) салады да, оның үстіне 10-15 см қалыңдықта төсеніш (солома, торф салып, оны жинап шығармай мезгіл-мезгіл жаңартып үстіне төсеніш қосып, малды қолда ұстау мерізімінің аяғында төсенішті қыйымен қоса механикалық тәсілмен (бульдезер, қырғыш транспортер т. б. ) тазалайды. Бұл тәсілдің істі механикаландыруға оңайлығы, еңбек өнімділігінің жеңілдігі, малдардың қозғалыстан шектелмей денсаулығына тиімді әсер тигізуі, қора-сиымдылығының артуы т. б. пайдалы көрсеткіштерімен қатар айтарлықтай жиі шектеу келтіретін кемшіліктері де байқалады. Олар:

1. Малды жыл бойына қорада ұстайтын болса өте көп төсеніш қажет болады да, шаруашылықтың мүмкіншілігі болмай малдардың астынан сыз-суық өтіп, арытып күйінің төмендеуіне апарып соғады.

2. Қора ауасының ылғалдылығы жоғарлап, зиянды газдардың мөлшерінің көбеюі, мал денесінің ластанып, өнімінің сапасын төмендеуіне әсерін тигізеді.

3. Малдардың арасында, әсіресе әртүрлі жастағы, жынысты малдардың бір-бірін сүзіп жарақаттауы жиі байқалады.

2. 3 Жас төлдерді күтіп бағу гигиенасы:

Ірі қара малдарына арналған шаруашылықтарда көбінесе екі тәсіл қолданылады. 1. Тұрғызып байлауда ұстау; 2. Байлаусыз еркін ұстау.

а) Тұрғызып байлауда ұстау - сүт өнімдерін өндіруге арналған шаруашылықтарда, кей кездерде малдарды интенсивті түрде, жедел семіртіп ет алу үшін қолданылады. Мұндай тәсілмен ұстау үшін арнайы сиыр қоралар қаралады да олардың ішінен байлау орындары (тұрақ орын), байлауыштар, азық науалар мен су құбырлары және олардың арасынан азық таратып, көң тазалайтын, малдар мен адамдар жүретін жолдар қалдырылады. Мал басының мөлшеріне байланысты мал тұратын орындарды екі немесе төрт қатарлы қылып жасайды. Көбінесе қорадағы малдың саны жүзге дейін жоспарланса екі қатарлы, ал 150 одан артық болса төрт қатарлы тұрақтар қаралған жөн. Қора ішінде мал тұратын орындар екі қатар орналасатын болса ондай қоралардың ендерінің ішкі өлшемі 12-15 м, ал төрт қатарлы болса 18-21 м жасалады.

Малдардың ірілігіне байланыстырып, қора ішіне үш түрлі размерде тұрақтар қаралады:

1) ұзын тұрақ - ұзындығы 190-220 см, ені - 120-150см. Мұндай тұрақтар салмағы 500 кг-нан жоғары ірі сиырлар мен бұқаларға және сиыр бұзаулайтын бөлмелерде жасалады.

2) Орташа тұрақтар - ұзындығы 170-190 см, ені - 100-120 см.
3) Кіші тұрақтар: ұзындығы 145-170 см, ені - 80-100 см, көбінесе жас малдарды (тайынша, құнажын) және бордақылауға арналған өгізшелерді байлап тұрғызып семірту кезінде жасалады.

2. 4Малдар байланатын тұрақтарға мынандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:

  1. Тұрақ орны тегіс, тайғақ емес, ойық шұнқыры жоқ, сәл артқы жаққа қарай су ағар еңістігі бар (1 градустан аспау керек) болу қажет. 2) Тұрақ орнының астына сұйық өтпейтін, яғни мал нәжістері өтіп, сіңіп, одан зиянды газдардың (аммиак, күкіртті сутегі) бөлінуіне жол берілмеуі керек. 3) Тұрақ орындары мал организміне жайлы, жылу өткізгіштігі төмен, су сіңіргіш емес, құрғақ материалдардан жасалуы керек. 4) Тұрақ орындары сыртқы факторлардың және химиялық ерітінділердің (дезинфекциялық) әсерлеріне төзімді болу керек.

2. 5 Мал организмі үшін ауаның мағызы: Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т. б. ), химиялық құрамы (тұрақты компаненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т. б. болуы) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы) . Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады.

Ауа-мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым-қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді. Ауа мал тіршілігіне аса қажет және биосфераның маңызды элементі болып табылады. Биосфераға-атмосфераның төменгі бөлігі-бүкіл гидросфера және тірі организм қоныстанған, жер литосферасының үстіңгі қабаты кіреді. Оған В. И. Вернадский «тірі зат-тіршілік ететін аймақ» деген анықтама берген.

Мал шаруашылығы қора-жайларының ауасы жиі жануарлардың тіршілік өнімдерімен - аммиакпен, күкіртсутекпен, көмірқышқыл газымен, ұшқыш май қышқылдарымен ластанады, ал тиісті желдету жүйесі болмаған жағдайда олардың концентрациялары орнатылған нормативтерден бірнеше жоғары болуы мүмкін. Бұл қосылыстар киімге, адамның шашына, терісіне жеңіл сіңетін және ұзақ сақталатын болғандықтан, олар адамда жағымсыз иістер пайда болуына себепші болады. Зиянды газ тәрізді заттардың концентрациясының өсуі жоғары тыныс жолдарының, көздің, шырышты қабығының тітіркенуіне, бронхоспазм құбылысына, сілекей көп шығуына алып келеді, жүрек айнуына жәнебасы ауыруын қоздырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы. Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Малды жазда бағып-күту гигиенасы
Ірі қара гигиенасы
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Ірі қара гигиеналары
Ірі қара малының гигиенасы туралы мәлімет
Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы
Ірі қара мал гигиенасы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz