Модель ( үлгі ) жасау үшін қажетті материалдар



Тіс немесе жақ – бет протезі, металды немесе пластмассалы шендеуіштерін және басқа да кез – келген, тіпті сынаны қосқандағы стоматологиялық аппараттардың барлығының белгілі бір қатаң түрдегі жеке тағайындалулары, сонымен қатар пішін икемділігі ( конфигурациясы ) модельдеу арқылы жүзеге асырылады.

Модель жасауға қажетті стоматологиялық балауызды материалдар
Тістің, протез базисінің немесе қаңқаның анатомиялық пішінін келтіру үшін модель жасайтын балауызды стоматологиялық материалдар, кейіннен металл, ситалл немесе пластмасса сияқты негізгі материалдармен ауыстырылады. Модель жасайтын материалдар әртүрлі балауызды композицияны құрайды және уақытша, яғни негізгі материалға ауыстырылатын материал болып табылады.
Көп жағдайда модель жасайтын материалдарды қолданбай тіс протездерін дайындау мүмкін болмайды. Оларға болашақ протездің дәлдігі және көптеген басқа қасиеттері байланысты болады. Сондықтан аталған материалдар белгілі бір талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Токсикологиялық енжарлығымен қатар модель жасайтын балауызды материалдан төмендегілер талап етіледі:
1. Аз шөгуі (салқындаудың әрбір градусіне 90 – нан 0С – ге дейін 0,1 – 0,15 пайыздан артық болмайтындай көлемде);
2. 41 – 55С аралығындағы температуралық интервалда жақсы созылғыштық қасиеті;
3. Ауыз қуысында алынған өнім пішінінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін 37 – 40С температурада жеткілікті қатты болуы;
4. Бөлме температурасында өңдеу барысында сыну және ыдыраудың, сонымен қетар 500С температурада балқытылғаннан кейін салмақты қалдығының болмауы;
5. Жұмсарғанда біркелкі болуы;
6. Протез материалын боямауы,и гипсті пішеннен тез және түгелдей алынуы, протез материалымен жеңіл ауыстырылуы;
7. Ауыз қуысы шырышты қабатының реңінен айрықшалатын түсте болуы;
Балауыз – балқу температурасы 40 – 90С болатын май тәрізді аморфты зат.
Химиялық құрамы жағынан – бұл май қатарының жоғарғы шектелген көмірсутегісі, олардың бір атомды спирттері және жоғарғы эфир қышқылдарының күрделі эфирлері.
Балауыздар бос күйінде барлық аталған заттардан тұруы мүмкін, бірақ көп жағдайда эфирлер деп аталатын қосылыстар түрінде болады. Эфирлет спирттің су молекулаларынан айырылған қышқылдармен өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Балауыздар бензинде, хлороформда, бензолда және эфир майларында жақсы ериді.
Олардың салыстырмалы тығыздылығы 1 – ден төмен болады, олар судан жеңіл. Әлсіз қыздырғанда олар жақсы жұмсарады, жоғарғы дәрежедегі созылғыштыққа ие болады. Ары қарай температураны көтергенде олар сұйық күйге жеңіл өтеді, ал сосын өте аз көлемде күл қалдырып қалдықсыз жанады, осы қасиетінің құю барысында маңызы зор.
Балауыздар төмендегідей топтарға бөлінеді:
- Өсімдәк текті
- Құмырсқалар мен жануарлар өндіретіндер
- Минералды
- Қазбалыф
- Жасанды
Стоматологиялық тәжірибеде балауыздар көп жағдайда әртүрлі
Қолданылған материалдар:

1) А. М.Маженова, Н. Қ.Сейітмәмбетова Стоматологиялық ортопедия,Алматы 2003

2) В. Н. Копейкин, «Ортопедическая стоматология», Москва «Медицина» 1988

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Модель ( үлгі ) жасау үшін қажетті материалдар

Тіс немесе жақ – бет протезі, металды немесе пластмассалы
шендеуіштерін және басқа да кез – келген, тіпті сынаны қосқандағы
стоматологиялық аппараттардың барлығының белгілі бір қатаң түрдегі
жеке тағайындалулары, сонымен қатар пішін икемділігі ( конфигурациясы )
модельдеу арқылы жүзеге асырылады.

Модель жасауға қажетті стоматологиялық балауызды материалдар
Тістің, протез базисінің немесе қаңқаның анатомиялық пішінін
келтіру үшін модель жасайтын балауызды стоматологиялық материалдар,
кейіннен металл, ситалл немесе пластмасса сияқты негізгі
материалдармен ауыстырылады. Модель жасайтын материалдар әртүрлі
балауызды композицияны құрайды және уақытша, яғни негізгі материалға
ауыстырылатын материал болып табылады.
Көп жағдайда модель жасайтын материалдарды қолданбай тіс
протездерін дайындау мүмкін болмайды. Оларға болашақ протездің
дәлдігі және көптеген басқа қасиеттері байланысты болады. Сондықтан
аталған материалдар белгілі бір талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Токсикологиялық енжарлығымен қатар модель жасайтын балауызды
материалдан төмендегілер талап етіледі:
1. Аз шөгуі (салқындаудың әрбір градусіне 90 – нан 0С – ге дейін
0,1 – 0,15 пайыздан артық болмайтындай көлемде);
2. 41 – 55С аралығындағы температуралық интервалда жақсы
созылғыштық қасиеті;
3. Ауыз қуысында алынған өнім пішінінің тұрақтылығын қамтамасыз
ететін 37 – 40С температурада жеткілікті қатты болуы;
4. Бөлме температурасында өңдеу барысында сыну және ыдыраудың,
сонымен қетар 500С температурада балқытылғаннан кейін салмақты
қалдығының болмауы;
5. Жұмсарғанда біркелкі болуы;
6. Протез материалын боямауы,и гипсті пішеннен тез және түгелдей
алынуы, протез материалымен жеңіл ауыстырылуы;
7. Ауыз қуысы шырышты қабатының реңінен айрықшалатын түсте
болуы;
Балауыз – балқу температурасы 40 – 90С болатын май тәрізді
аморфты зат.
Химиялық құрамы жағынан – бұл май қатарының жоғарғы шектелген
көмірсутегісі, олардың бір атомды спирттері және жоғарғы эфир
қышқылдарының күрделі эфирлері.
Балауыздар бос күйінде барлық аталған заттардан тұруы мүмкін,
бірақ көп жағдайда эфирлер деп аталатын қосылыстар түрінде болады.
Эфирлет спирттің су молекулаларынан айырылған қышқылдармен өзара
әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Балауыздар бензинде, хлороформда,
бензолда және эфир майларында жақсы ериді.
Олардың салыстырмалы тығыздылығы 1 – ден төмен болады, олар судан
жеңіл. Әлсіз қыздырғанда олар жақсы жұмсарады, жоғарғы дәрежедегі
созылғыштыққа ие болады. Ары қарай температураны көтергенде олар
сұйық күйге жеңіл өтеді, ал сосын өте аз көлемде күл қалдырып
қалдықсыз жанады, осы қасиетінің құю барысында маңызы зор.
Балауыздар төмендегідей топтарға бөлінеді:
- Өсімдәк текті
- Құмырсқалар мен жануарлар өндіретіндер
- Минералды
- Қазбалыф
- Жасанды
Стоматологиялық тәжірибеде балауыздар көп жағдайда әртүрлі
компоненттерден тұратын композиция түрінде қолданылады. Бұл қоспалар
табиғи жасанды балауыздан, шайырдан, майлародан және май
қышқылдарынан, сұйық майдан, пигменттен және бояғыштардан тұрады.
Өзара белгілі бір пропорциялық қатынаста болатын бұл
компоненттердің барлығы, олардың клиникалық қолданылуын алдын ала
анықтайтын қасиеттер жинағы басым болатын балауызды алуға мүмкіндік
береді.
Тіпті сапасы жақсы балауыздардан, егер оның технологиясының
бірқатар бұзылуларында алынған үлгінің де ішкі кернеуі артық
болады. Егер балауызды қыздыру жолымен жұмсартып, сосын суытқанда, ол
ішкі кернеу әсерлеріне тап болады. Қайта қыздыру, бірқатар
жағдайларда алынған үлгіні ұзақ уақыт сақтау оның пішінінің
өзгеруіне әкеліп соқтырыуы мүмкін. Салқын жағдайда сақтау оның
пішінінің бірқатар азаюына ықпал етеді, ол үлгіні дайындағаннан
кейінгі алғашқы 2 – 3 сағаттарда үлкен шамада байқалатын кернеудің
шешілуіне сәйкес дамиды.
Сонымен қатар есте болуға тиіс балауызды үлгінің басқа
сипаттамасына жылу кеңейту коэффициенті ( ЖКК ) жатады. Бұл көп не аз
дәрежеде қазіргі заманғы барлық балауызға тән кемшіліктердің бірі.
Басқа стоматологиялық материалдардан модель жасайтын балауыздың
ЖКК 300 * 10-6С-1-ден 350 * 10-6 С-1-ге дейін артық болады. Сондықтан
балауыздан құрылғыны дәл етіп дайындау барысында оны салқындатқанда
шөгуі мүмкін еккндігін есте сақтау қажет болады. Температураның
тұрақсыз болу әсеріне ь талданбаса, онда модель өлшемдері тіпті
оннан бір бөлік пайызда өзгеруі мүмкін болады.
Сыртқы факторлердің әсерінен балауыз қасиеттерін өзгертпес үшін,
оларды дұрыс сақтаудың маңызы зор. Балауызды күн сәулесінің тік
түсуінен сақтайтын жабық құрғақ жерде, 30С-ден жоғары емес
температурада және 80 пайызға дейінгі ылғалдықта, ашық от көздерінің
жоқ болуында және жылу беретін приборлардан 1 метрден кем емес
қашықтықта сақталуы тиіс.
Балауызды қоспалардың тағайындалуына байланысты төменде-гідей
түрлері бар:
- Базисті
- Бюгельді
- Алынбайтын протездер үшін алу, оның ішінде сынаға арналған
батырылатын қоспалар;
- Профильді
Осы аталған топтастырылу белгілеріне т сәйкес отандық балауызды
композициялар және олардың шетелдік аналогтары төменде қарастырылады.
Базисті балауыздар
- Базисті балауыз ашық қызыл түсті, өлшемі 170*80*1,8 мм болатын
тікбұрышты пластинка түрінде шығарылады. Оның төмендегідей
қасиеттері бар:
- Жоғары созылғыш, қыздырған жағдайда пішінге жақсы келеді;
- Сындырылмай және қабаттары ажырамай құралмен жақсы өңделеді;
- Жанарғы шамының жалынында жеңіл балқытылғаннан кейін беті
тегістеледі.
- Балауыз үлгінің салқындауына қалдық кернеуі онша үлкен
болмайды;
- Гипсті пішін қайнаған сумен түгелш және қалдықсыз жуылады;
Базисті балауыздың құрамы:
- Парафин – 77,99;
- Церезин – 20,0;
- Даммарн шайыры – 2,0;
- Бояғыш – 0,01;
Базисті балауыздың қолданылуы: алмалы протез базистерінен,
ортодонтикалық аппараттардан және жеке қасықтардан үлгі алу,
окклюзиялық тістемі бар балауыз базистерін дайындау болып табылады.
Модель жасауға арналған Спофа Дентал ( Чехия ) фирмасының
Церадент балауызы жұмсақ және орташа қатты 2 түрде шығарылады.
Церадент – 1 балауызы тістемт белдіктерін дайындау және окклюзиялық
көшірмені алу үшін қолданылады. Церадент – 2 алмалы протездің
балауызы базисін және ортодонтикалық аппараттарды дайындау үшін
қолданылады. Шығаратын өнім түрлерін фирма қатты балауыз есебінен
кеңейтіп отыр, оны 3 деген рим санымен белгілемек. Бұл балауыз жан –
жақты балауыз болмақ. Ол алынбайтын протездер үлгісін алуда, сонымен
қатар алмалы жартылай протездің балауызды базисін дайындауда
қолданылады.
Шулер – Дентал ( Германия ) фирмасының базисі ашық қызыл түсті
восктары қасиеттері жағынан үлгі алуға жақсы, иілуге берік және
жаққаннан кейін тез қататын материал болып табылады. Термиялық онша
көп емес шөгу қасиетіне байланысты гипсті үлгіде берілген базис
пішінінің тұрақтылығын сақтайды. Қалыңдығы 1,5 мм болатын пластинкада
төмендегідей түрлері жеткізіледі:
- стандарттық;
- орташа арнайы созылмалы;
- стандартты созылмалы;
- жазғы қатты;
- қысқы жұмсақ;
Жоғарыда аталған базисті балауыздар тіс техниктеріне және
ортопед – стоматологтарына бірқатар іс - әрекеттердің жүргізілуін
жеңілдетіп, оңайлататын және жартылай протез фабрикатының жоғарғы
сапасына кепілдік беретін балауыз дайындауларын қолдануға мүмкіндік
береді. Мысалы, Шулер – Дентал ( Герма – ния ) фирмасының қойылма
балауызы толық және жартылай алынатын протездің дайындалуына тістер
қойылымын жеңілдетеді. Мұның тісті қою барысында маңызы зор, өйткені
қату кезінде созылу сатысы бастьалады, сондықтан тіс технигінің
түзету қойылымын жүргізуге мүмкіндігі болады.
Қойылым балауызы қатқаннан кейін тістің ығысуына жол берілмейді.
Ауыз қуысында 37С температурада ол қаттылығын сақтайды және тістің
тұрақты орналасуына ықпал етеді. Мұнан басқа қойылым балауызы
базистер және окклюзиялық тістемдер арасындағы байланысты жақсартады.
Ашық қызыл түсті жолақ түрінде жеткізіледі.
Мұнан басқа Шулер – Дент (Германия) фирмасымен окклюзиялық
тістем және таңдай шаблонының дайындамалары шығарылады.
Толық окклюзиялық балауызды тістемдер окклюзиялық тістемі бар
балауыз базистерін дайындауда қолданылады. Олар тіссіз жоғарғы жақ
үшін жартылай эллипс пішінінде, ал тіссіз төменгі жақ үшін парабола
пішінінде жеткізіледі, балауыз базисіне оларды орнықтыруға кететін
уақытты біршама азайтуға мүмкіндік береді.
Осы пішіндерде сагитальды және трансверзальды окклюзиялық
қисықтар есепке алынған болады. Ерін қапталында окклюзиялық тістемдер
протрузиялық қимылда жазықтықты ь байланыста қалады. Мұнан басқа
осындай тістемдерді қолдану жақтың орталық қатынасын тіркеу
барысындағы дәрігердің жұмыс уақытын едәуір үнемдеуге мүмкіндік
береді.
Балауызды жартылай тістемдер жартылай алмалы тіс протездерімен
протездеу барысында окклюзиялық тістемі бар балауызды базистерді
дайындауда қолданылады. Олардың өлшемдері 110*10*6 мм – ді құрайды.
Жұмсақ тістемнің лимонды сары, орташа – сары, қатты – ашық қызыл
түстері болады.
Таңдай шаблондары жуандығы 1,5 мм – лік 3 өлшемде жеткізіледі.
Олар созылғыш болады және үлгіні тартып тұрады.ұ Үлгіге қысқанда
беттері бүлінбейді.
Бюгельді балауыздар
Бюгельді балауыздар диаметрі 82 мм, жуандығы 0,4 және 0,5 мм
болатын ашық қызыл түсті дискі түрінде шығарылады. Оның құрамы
базисті балауызға ұқсас келеді, бірақ арнайы технологиялық өңдеу
нәтижесінде балауызды фольга жоғарғы созылғыштығымен және жылулық
шөгуінің аз болуымен сипатталады. Доғалы протездің қаңқасын үлгілеуде
аралық қабатты құру үшін қолданылады.
Доғалы протездер үшін үлгілеу құйма формодент және қатты
формодент атауларымен тікбұрыш пішініндегі жасыл түсті пластинка
түрінде шығарылады.
Құйма формодент балауызды композицияны құрайды, қыздырған жағдайда
әртүрлі кламердің, доғаның және доғалы протездің басқа
элементтерінің балауызды үлгісін дайындауда тағайындалған форма
ұяшықтарын – матрицаларды оңай толтырады.
Балауыз қайталау агар материалын қолдану арқылы отқа төзімді
гипсті модельді қайталау әдісімен құйылған модельде ғана қолданылады.
Қатты формодент балауызы түгел құйылған доғалы протездің
қаңқасын үлгілеуде қолданылады. Жұмсарған күйінде гипсті модеьде
шытынамай, қабаттары ажырамай жақсы пішінге келеді. Бөлме
температурасында жеткілікті қатты күйде болады. Жылулық шөгу кіші
болады және күлділігі 0,02 пайыздан жоғары болмайды.
Бего (Германия) фирмасының балауызды шаблоны молярлар мен
премолярларға құйылған тіреп – ұстап тұратын кламердің әртүрлі типін
модельдеу үшін жасыл түсті дайындама түрінде шығарылады.
Бего(Германия) фирмасының ішкі жақты оңашалау балауызы жақты
қырылады, кесіледі, және модельмен мықты байланысады. Сондықтан модель
құю технологиясында оңашалау үшін қолданылады.
Шулер - Дентал (Германия) фирмасының балауыздан құйылған
балауызды шаблоны доғалы протездің құрылғысын дайындау үшін
қолданылады. Олар өзінің созылғыштығымен және жабысқақтығымен
ерекшеленеді, дайындаудың жаңа әдісіне байланысты мұндай балауызды
шаблондар өзінің астарынан ажыратылады.
Жұмысшы температурасы 20С – ден төмен болмауы тиіс. Балауызды
шаблонның жинағы төмендегідей дайындамалардың:
- кламерлердің (екіиықты Бонигард кламмері; Роуч кламмері; сақиналы
кламмерлер; көбөлікті кламерлер; премолярлар мен молярларға
салынатын кламерлер;)
- үлкен және кіші пластинкалы ретенциялық торлардың;
- тұрақты ретенциялық құрылғылардың;
- төменгі жаққа салынатын доғалардың болуын қарастырады.
Шулер - Дентал (Германия) фирмасының жоғарғы және төменгі жақтың
доғалы (бюгельді) протезінің ретенйиялық бөлігін үлгілеуге арналған
ретенциялық құрылғысы тұрақтылығымен және созылғыштығымен
ерекшеленетін бір балауызды композиция түрінде т дайындалады. Мұнан
басқа олар отқа төзімді қоспаға жақсы жабысады. Ретенциялық
құрылғылардың төмендегідей: дөң- гелекті, екіқатарлы, жиегі ұшты түрлері
әкелінеді.
Шулер - Дентал (Германия) фирмасының ершікті және астарлы
балауызы – мөлдір, созылмалы келеді, отқа төзімді үлгі үшін пішін алу
кезінде ыстық қайталаушы қоспамен байланысқанда ажырамайды. Қалыңдығы
0,3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматологиядан дәрістер
Әйелдер жакетін дайындауға жобалық-конструкторлық құжаттаманы әзірлеу
Техникалық еңбек сабақтарын жүргізу әдістемесі
Аустенит цементит феррит
Пластмассалардың түрлері қасиеттері
Деректер базасын жасау
ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң патенткеқабiлеттiлiгiнiң талаптары
Дайындау пішу цехы
Биыл сәнде баулы аяқ киімдер
Пәндер