Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы


Орындаған: Егнаева Ж. А.
Тобы: ДЯ-301
Тексерген: Кушуков Г. С.
Жоспар:
- Басқару мазмұны, сипаты, ерекшелігі
- Іскерлік этика ұғымы, ережелері
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Өндірістік және басқару еңбектерін салыстыруды мынадай тиісті белгілері бойынша жүргізуге болады; еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтижесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны.
Өндірістк еңбекті жүйелі түрде бөлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс-әрекетіндегі ерекше түрге бөлуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективі қажеттілік, өйткені оны жүзеге асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның өзі басқару арқылы қамтамасыз етіледі.
Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік-экономикалық табиғаты болады. Оның өзі қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда болады.
Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықтайды.
Өндірістік және басқару еңбектерін салыстыруды мынадай тиісті белгілері бойынша жүргізуге болады; еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтнжесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны.
Еңбек заты дегеніміз - адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді.
Басқару еңбегінің затына көбінесе мәліметтерді жатқызады. Өйткені, басшы қызметшілер шындығында мәліметтерді өңдеумен шұғылданады. Алайда, мәліметтерді басқару еңбегінің бірден бір құралы деп есептеуге болмайды. Тағы бір атап көрсететін жайт, басқару объектісі адамдар болып саналады.
Еңбек заты - бұл іс-әрскетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері - адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару.
Басқару - ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштыларымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда, « мәлімет » ұғымын, басқарудың ерекше және оның негізгі заты ретіндегі « адам және оның іс-әрекеті » ұғымымен біріктіруге болмайды. Адамдарға және олардың іс-әрекеттеріне басқару еңбегінің негізгі ықпалдары бағытталған. Ал, мәлімет адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін құралы болып саналады.
Демек, басқару еңбегінің елеулі ерекшелігі, оның өндіріс еңбегінен өзгешелігі еңбек затының айырмашылығында.
Еңбектің маңызды сипаттамасының бірі, оның ақырғы және тікелей мақсаты мен нәтижесі. Өндірістік және басқару еңбегінің түп мақсаты ортақ, өйткені басқару еңбегі өндірістің бір бөлігі ретінде, тұтастай жұмыс ұғымына ене отырып, өндірістік еңбектің түпкі мақсатынан өзгеше болуы мүмкін емес.
Қоғамдық еңбекті бөлісу жүйесінде басқару және өндірістік еңбектің тікелей мақсатының ерекшеліктері болады. Нақты өндірістік еңбектің тікелей мақсаты мен нәтижесі нақты өнімді әзірлеу немесе белгілі бір қызмет көрсету болып саналады. Басқару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, оның сипаты мен мәні де өзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты - ұжымның бірлескен күш-жігерін үйлестіру және оның мүшелерінің ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету.
Жалпы ұғымда еңбек құралы дегеніміз « . . . Зат немесс заттар жиынтығы, оны адамдар өзі мен еңбек құралы аралығында қояды және де оның өзі осы затқа ықпал ету үшін қызмет етеді» . Еңбек құралдарын қолдану мен жасау - адамдардың еңбек әрекетінің өзіндік көрінісі.
Басқару еңбегімен, құрамында басшылары, мамандары мен техникалық орындаушылары бар арнайы аппарат шұғылданады. Басқару қызметкерлерінің саны өндіріс қызметшілерінің санына қарағанда негізсіз көбейіп кететін фактілер байқалады. Мұның өзі басқару аппаратын ұстау шығынын көбейтуге әсер етеді. Сондықтанда басқару жұмысын ықшамдау, басқару енбегінің өнімділігін және оның ұйымдастырылуын арттыру жолдарын қарастырудың зор маңызы бар.
Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесінде қалыптасады.
Басшылық тәсілі ұжым деңгейіне тығыз байланысты, олар өзара қатысты әрі бірін-бірі жетілдіріп отырады.
Басшының ұжыммен қарым-қатынасы көбінесе оның жеке басына және де сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей білуіне байланысты. Осыған орай басшының ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым-қатынасы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден ұжымдағы қарым-қатынас жағдайыпа басшыға тиісті право мен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай праволарды жүзеге асыру, басшының ұжыммен ресми, іскерлік қарым-қатынас орнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым-қатыас жеке адамдармен үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін.
Екіншідең көпшілік ұжым үшін басшы - бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан түрлі болып саналатын басшы этикасы, басшылық этикасы туралы айтуға тура келеді.
Үшіншіден, басшының ұжыммен қарым-қатынас этикасы топтасқандықтың, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік функциясын орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым-қатынасқа ықпал етуі, оның өкілеттілігі, правосы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басынвң үлгісі.
Төртіншіден, ұжым құрамына қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынан да көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады.
Басшылық психологиясы мынаған байланысты:
- сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын құбылту арқылы айтқан сөзін 40%-тей тиімді ете алады. Айта, тыңдай, сөйлей білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты қызу әңгімеге тарта білу де тиісті;
- еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;
- мінез-құлық мәдениетіне: этика, эстстика. Сыртқы мәдениеті ішкі мәдениетіне үнемі сәйкес келе бермейді;
- сезім мәдениетіне: эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі басқалардан әлде қайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі-өнегесін көрсете білуі тиіс.
- сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет;
- сын жалпылама болмай, нақтылы адамға арналуы тиіс (жеке басын емес, ісін сынау қажет) ;
- сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы; мағлұмат алу;
- адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді оңашада айту;
- сынау орнын және тәсілін ойластыру;
- сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.
Американдық менеджерлерге қойылатын басты талаптың бірі - сынай білу және сынды қабылдай білу. Сынау мен жазалаудан жалтаруға болмайды.
Сынаудан қорқаттын басшы - басшы емес . Әйтеуір қалайда сынау керек деген пиғылдан аулақ болған жөн, мұндайда сынның беделі түсіп, жұртшылық арасында «бәрібір басшының бабын таба алмайсың», деген қаңқу сөз тарайды. Сын әділ болуы, нақты кемшілікті дөп басуы тиіс.
Білікті педагогтар оқыту процесінде оқушылардан тек қателік іздеуге болмайтындығын жақсы біледі. Іскер педагог ешқашанда «бұлай істеме» деп айтпайды, «былай істесек қайтедік» дейді, яғни өктемдік көрсетпей, сыпайы ғана жұмсайды.
Этика - адамдар арасындағы қарым - қатынастылықты реттейтін нормалармен талаптар, өнегелікпен мораль жайындағы ілім. Неміс философы, И. Канттың тұжырымдауынша осы ілімнің ғылымның көмегінсіз адамдарға жетекшілік ету мүмкін емес. Қазіргі кезеңде имиджді құру мәселелері бойынша этикаға деген мақсаттылық пен қызығушылық артуда. Осындай образ (кейіп) өзгере, түзетіле алады, алайда ол қоғамның талаптарына жауап бере алуы қажет, яғни өзге адамдармен тұлғалық қарым -қатынастылықтағы мінез - құлық. Орыс философы Н. Ф. Феодоров жекелей тұлғалық ерекшеліктердің жалпы қоғамдық талаптармен сай келуіне аса көңіл бөлген. «Адам жеке бақытына ұмтыла отырып, мақсат, күш жігері арқылы қол жеткізілуі тиісті» деп тұжырымдаған. Менеджердің мінез - құлық этикасы жекелей пайдасын ойламастан, өз ұжымы, мекемесі, кәсіпорыны үшін қызметтелуімен, жасалынатын іс - әрекеттерді есепке ала отырып шешім қабылдау мен сипатталады. Француз зерттеушісі Ф. Сейт - Марк, « оның тағдырымен мемлекетінің тағдыры байланысты, тәуелді болатын жолды, адамның өзі таңдап алады ». Адамның әлсіздік немесе ұлылық ерекшеліктерінің қай түріне басымдылықпен қараймыз? Қоғамның адаммен, жеке тұлғаның қоғаммен қарым - қатынастылық формасында анықталатын, этиканың басты сауалы. Қандай мақсаттылыққа кемелдене қол жеткізу қажет және неден бас тарту сауалнамаларына этика ғылыми жауап береді. Осы тұста, өнегелік адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынастылығымен құндылықтарымен сипатталады.
Орыс теоретигі Б. А. Крапоткинаның этика саласы бойынша концепсиясы (ой - пікірі), өзара қарым - қатынастылық идеясымен құрылған аумақты эксперименталды жұмыстарға негізделген. « Этика » деп аталатын еңбегінде автор: « Адамдар бір - біріне көмектесуі арқасында өмір сүре ала отырып, дамудың жаңаша өнегелі деңгейіне шыға алады » деген тұжырымдама жасайды. Менеджерге белгілі бір әлеуметтік экономикалық статусты ұсына отырып адамның қоғамға деген қатынастылығы бойынша ережелер мен шарттарды бекітеді. Қоғам тарапынан менеджерге ұсынылатын талапта моральды бағыттағы іс -әрекеттер болса, ол менеджер жағынан қоғаммен үндесу типтері мен түрлері, сонымен қатар өнегелілік жүйе (берілушілік, орындаушылық және тағы сол сияқты) . Этика, менеджердің әлеуметті - жауапкершілік мінез - құлықтарын, іс - әрекеттерін қарастыра отырып экономикалық инфра құрылымында қалыптасатын құқықтық құжаттарда бағаланады. Қоғамдағы адамдардың ролі тек қана жоғарғы буынға байланысты екендігіне көз жеткізуде қос моларьды көзқарастар пайда болады. Демократиялық қоғамда, менеджердің жалпы адамдық жоспарына ізгі ниеттілікпен қатынасуы, және шеберліктілігі адамның құнды ерекшеліктер мен оның имиджін интеграциялайды. Өндірістік іс - әрекеттіліктің тиімді критериялары, оған жұмсалатын тірі еңбектің оның орындаушыларымен қатынастырылу жағдайында қалыптасады. Еңбекті орындаушылардың көңіл - күйіне зиян нұсқан келтірмеу шартында еңбек қамтамасыз ете отырып толық орындалады. И. Кант былай деп жазды « Мақсатты, мұраттылық хандығында барлық жағдайлар бағаға немесе артықшылық, қадір - қасиеттілікке ие болады, бағалы зат, өзіне ұқсас эквивалентті өзге затпен алмастырылуы мүмкін ». Имиджді құруға қажетті қадір - қасиеттілік сезімі қоғамдағы адамдардың өзара қарым - қатынастылықтарымен, оның материалды және рухани ерекшеліктерімен сипатталады, көрініс табады. Қадір - қасиеттілік, ел үшін тауар өндіру мен қызметтер көрсетудегі өндірістік және өндірістік емес салаларда көрінуі тиісті. Қасиеттілік пен беделділікті сақтау, қоғамдық қатынастылықтағы экономикалық, әлеуметтік - саяси, құқықтық және мәдени жүйелермен байланысты. Осы аталған жүйеде менеджер іс - әрекеттеледі. Сондықтан менеджердің әрекеті мен қызметі қорғаудың әлеуметтік кепілдігі болуы тиісті. Менеджменттегі шыншылдық, әділдік - қоғаммен бекітілген ережелерді сақтау.
Кез - келген жағдайдағы этикалық мінез құлықтың негізін қалаушы принциптері ежелгі тұлғалармен ұсынылған: өзгелерді өзіндей қадірлей біл, « өлтірме », « ұрлық жасама », « өтірік айтпа », « өзгеге жамандық ойлама », « өз әке шешеңді қадірлей біл ». « Адам баласын қадірлей білуден артық ештеңе жоқ » - деп айтқан Конфуций.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz