Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

Тақырыбы: 1. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар. 2. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері.

Орындаған: Ақжолов Е.

Тексерген: Омарбеков Е. О

Семей 2015 ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар.

2. 2 Санитарлық- микробиологиялық зерттеулердің принциптері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерінің адамзат өмірінде маңызы өте зор. Өйткені санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерін анықтау арқылы азық-түліктің, судың жəне т. б. пайдаланатын заттардың микроорганизммен ластануын анықтап отырадыЖануар мен адам организмінде тұрақты (резидентті, қалыпты) жəне факультативті микрофлора болады. Қалыпты микрофлора негізінен патогенді емес болады.

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерінің жалғыз табиғи резервуары организм болып табылады. Егер де мұндай микробтар организмнен тыс жерде - суда, ауада немесе басқа да ыдыстарда кездессе, онда олар мұнда организмнен түсті деп түсіну керек. Егер сыртқа ортада ішек микрофлорасының өкілдері кездесетін болса, онда олар мұнда ішектен нəжіс массасынан түсті деп қорытындылау керек. Сонымен бірге ішек микрофлорасынан басқа онда ішек инфекциясының көптеген қоздырғыштары кездесуі мүмкін. Егер сыртқы ортада тыныс мүшелерінде тұрақты тіршілік ететін микробтар кездессе, онда мұрын сұйықтығы арқылы

ластанды деп ұғыну керек, яғни онда тыныс жолдары инфекциясының қоздырғыштары болуы мүмкін, бөлінген микробтар санитарлық көрсеткіші жағынан таза емес, яғни инфекцияның өршуіне потенциалды мүмкіндік болып табылады.

Тазалықты - көрсеткіш микроорганизмдер төмендегідей талаптарға жауап беруі керек.

1. Адам мен мал организмінің қуыстарының тұрақты өкілдері болып табылады, олардың бөлінділерінде кездеседі жəне қоршаған ортаға көптеген мөлшерде түсіп отырады.

2. Оларда адам мен мал организмінен басқа табиғи резервуар жоқ.

3. Олар қоршаған ортада өздерінің тіршілік ету қабілетін сол жолдар арқылы бөлініп шыққан зардапты микробтардың өмір сүру мерзімімен сəйкес сақтай алуы керек.

4. Олар қоршаған ортада көбеймеу керек.

5. Олар қоршаған ортада өздерінің биологиялық қасиеттерін өзгертпеуі керек.

6. Олар жеткілікті түрде өздеріне тəн болуы керек, себебі оларды дифференциациялау жəне идентификациялау жəй əдіспен орындалуы тиіс.

Тазалықты - көрсеткіш микроорганизмдер

1. Нəжіспен ластану көрсеткіштері

1. 1. Enterobacteriaceae тұқымдасы, Escherichia. Citrobacter.

Enterobacter. Klebsiella туыстарына жататын колифромды бактериялар

1. 2. Streptococcaceae тұқымдасы, Streptococcus туысына жататын энтерококтар.

1. 3. Bacillaceae тұқымдасы, Clostridium туысына жататын клостридиялар.

1. 4. Ішек таяқшасының фагтары.

2. Шіріген заттармен (қоқыстардың ыдырауымен) ластану көрсеткіштері,

2. 1. Термофильдер.

2. 2. Enterobacteriaceae тұқымдасы, Proteus туыстарына жататын протейлер.

3. Ауыз тыныс жолдары бөлінділерімен ауа арқылы ластану көрсеткіштері.

3. 1. Streptococcaceae тұқымдасы, Streptococcus туысына жататын жасыл түсті немес гемолитикалық стрептококтар.

3. 2. Micrococcaceae тұқымдасы, Staphilococcus туысына жататын алтын түстес стафилококк.

4. Өндірістік ластану көрсеткіштері: микроорганизмдердің өндірістік штамдары.

Колиформды тазалықты - көрсеткіш микроорганизмдер. 18963 - 73 «санитарлық - бактериологиялық анализ тəсілдері» МҚСТ - ына сəйкес ішек таяқшасы тобына жататын бактерияларды төмендегідей дифференциалды - диогностикалық байланысты қарастырылады.

Санитарлық-микробиологиялық зерттеулердің принциптері

I- сынаманы дұрыс (стерильді) күйде алу - санитарлық-микробиологиялық зерттеулердегі барлық жағдайлар нормативті құжаттарға сай жүргізіледі. Сынаманы алған кездегі қателік дүрыс емес және қайтымсыз қортынды сараптамаларға әкеліп соғады. Сынаманы тасымалдау кезінде зерттелетін объектідегі бастапқы микрофлораның көбейіп кетпеуін және тіршілігін жоймау үшін жағдай жасау қажет. Сондықтан да, сынаманы алғаннан кейін 2 сағат ішінде зерттеуді өткізу қажет, бірақ осы уақыт ішінде оны жеткізу мүмкін болмаса, онда сынаманы контейнер тоңазтқышта +4-10ºс сақтау және тасымалдау уақытты 6 сағатқа дейін. Әр сынама құжатпен қоса зертханаға жіберіледі: құжатта зерттелетін материалдың аты, сынаманың номері, алу уақыты, алған жері, объектінің сипаттамасы, сынаманы алған маманның аты-жөні, қолы жазылады.

II - сараптамаларды әр жерден жекелеп жүргізу (серийность проводимых анализов) . Объектіде әр түрлі микроорганизмдер бар. Сондықтан да зертелетін объектіден сынаманы әр учаскілерден (аймақтан) алады, мүмкіншілкке қарай сынаманың санын көп мөлшерде алады және объекті жайлы толық сипат беруге мүмкіндік береді. Зертханаға жеткізілген сынаманы араластырып, керекті материалды дәл өлшеп алады да әрі қарай зерттеу жүргізіледі.

III - сынаманың алуын қайталау - салыстырмалы нәтижесін алу үшін қажет. зерттелетін материалдар тұрақсыз яғни өзгеріп тұрады (су, ауа және т. б. ), онда уақыт бойынша және кеңістікте микрофлораның ауысуы өте жоғары. Патогенді микроорганизмдер қоршаған ортаға аздаған мөлшерде түседі және таралуы бір келкі емес. Сондықтан да сынаманы қайтадан алу қоршаған орта объектілерінде биологиялық контаминацияны нақты анықтауға көмектеседі.

IV - бекітілген тиісті нұсқауларды, стандартты және жүйелі зерттеу әдістерін қолдану . Контаминация бойынша субстратты салыстыруға мүмкіндік береді.

V - басқа да гигиеналық көрсеткіштер (органолептикалық, химиялық, физикалық және т. б. ) есебімен қоса, санитарлы-микробиологиялық тестілерді қолданып, зерттелген объектілердің сараптамаларының қорытынды жиынтығына бағалауды жүргізу.

VI - тест кешендерін қолдану. тура және жанама әдістерді қолдану арқасында бірдей мәлімет мүмкіндігін алу.

VII - зерттелетін объектілердің жағдайы туралы нақты қорытынды жасап және тұжырымын негіздеу санитарлы қызметегі ыТағам өнімдерін, су қоймаларындағы суды қолдануға, өндірістің санитарлық талаптарға сай емес себептеріне байланысты жабылуы экономикалық шығынға әкеліп соғады. Осындай шешімдер қабылдау үшін санитарлы дәргігер жауапты. Алынған нәтижелерді әділ бағалау және қортынды жасау үшін дәрігерлер стантарттарды қолданады, қарастырады.

Эпидемиялогиялық мағыналы объекттер

Микробтардың туыстығын зерттеу обьектісінде емдеу ортасына залалсыздандыру эффективтілігіне баға беру өтеді. Сынамалар эпидмиялогиялық мағыналы обьекттердің беткейінде жуу әдісімен жүзеге асырылады. ол үшін пробиркаға батырылған таяқшадағы стерилді тампондар қолданылады. ол 2см 3 0, 9% ерітіндінің натрий хлоридін құрайды. Әр затты жуған соң әр орында жалпы көлемі 100-200см 2 . Ұсақ затты бақылау барлық затты жуу арқылы жүзеге асырылады. . Бактериялогиялық бақылау S. aureus, P aeruginosa жатады. Ал эпидмиялогиялық көрсеткіштер бойынша потогенді және шартты потогенді микроорганизмдер жатады. егер бір пробадан потогенді микроорганиздер табылса ол санитарлық профилактиканың сақталмағанын білдіреді.

Санитарлы микробиологиялық зерттеулер емдеу профилактикалық мекемесінде бақылау мақсатында бактериялогиялық зерттеулер маманы секілді жүргізеді. Бактериялогиялық бақылау және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша тексерулер жүргізу түрлерін ажыратады. Бактериялогиялық бақылауға хирурггиялық бөлім, анестезиялогия және реанимация, иммунтапшылық науқастар үшін асептикалық блоктар, сонымен қатар стерилденген бөлмелер, аптека, қан құю орталығы, қоректік блок, буфеттер және асханалар жатады.

Ауа ортасы

Ауаның микробиологиялық зерттеулері микроорганизмдердің жалпы жиналуын және аудағы стаффилакоктың 1м 2 жиналуы. сонымен қатар ауаға зерттеулер жүргізу грамтеріс бактериялар, ала және ашытқы саңырауқұлақтар жатады. Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша ауада пайда болған спектр қоздырушылар кең көлемде жайылуы мүмкін. Ауаға сыныма жүргіз аспирационды әдіспен жүргізіледі. Бұл әдісті Кротов аппараты арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар кең қолданылатын дәістердің ірі HiAir Petri тм . Бұл әдісте 1000л ауаны 200 сек ішінде өткізеді. Сонымен қатар Кох әдісі де қолданылады. Мұнда емдеу профилактикалық мекемесінің хирурггиялық бөлім, анестезиялогия және реанимация, иммунтапшылық науқастар үшін асептикалық блоктар, сонымен қатар стерилденген бөлмелер, аптека, қан құю орталығы, қоректік блок, буфеттер және асханалар жатады. Осы Кох әдісімен зерттеу сирек жүргізіледі себебі ауаны ластаушы микробтың деңгейіне баға беру процестері өтеді.

Санитарлық - бактериологиялық зерттеуде анықталады:

•1. 1 м 3 ауадағы жалпы микробтар саны.

•2. 1 м 3 ауадағы патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер саны.

•Ауадағы микроорганизмдерді анықтау үшін арнайы құралдар мен арнайы орталар қолданылады (диагностикалық және дифференциальды-диагностикалық) .

Ауадан сынама алу әдісі

Ауаны зерттеуге арналған негізгі екі әдіс бар: 1) седиментациялық-микроорганизмдердің механикалық жолмен түсуіне арналған; 2) аспирациялық - ауаны активті түрде соруға негізделген (бұл әдіс арқылы бактериялардың сандық және сапалық деңгейін анықтауға болады) .

Седиментациялық әдіс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері туралы ақпарат
Микроорганизм ұғымына жалпы түсінік
Оларға қойылатын талаптар. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық микробиологиялық зерттеу
Ішек таяқшасы тобының бактериялары
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық көрсеткіш микрооргагизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы жайлы ақпарат
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Шұжық фарышының микроорганизмдермен ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz