Халықаралық экономика



1. Халықаралық еңбек бөлінісі.
2. Халықаралық интеграция.
3. Халықаралық сауда.
4. Халықаралық қаржылық валюталық ұйымдар және халықаралық жұмысшы күші миграциясы.
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н.Барнский оны – экономикалық жағрапиялық негізгі ұғым деп атады.
Халықаралық еңбек бөлінісі – адам қоғамының дамуы туралы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік – экономикалық жағдайларында, даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрінде және т.с.с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілуіне әкеп тірейді.
Бұл жекелеген экономикалық аудандарға қатысты, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісінің арқасында өзара байланысқан тұтас елдерге де қатысты.Ол ежелгі кезде туған, бірақ, дүниежүзілік шаруашылықтың шығуына байланысты дүние жүзін қамтыды.
1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008.
2. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007.
3. Камали Қ.М. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2005.
4. Кайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Қожагельдиев Б.Қ. Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау. Оқулық. – Семей: ПК «Семей-печать», 2010.
5. "Қазақ Энциклопедиясы" 9 том
6. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Орындаған: Султанғазиева Қ.Е.
Тексерген: Габдуллина Л.Б.
2015 жыл

Жоспар:
1. Халықаралық еңбек бөлінісі.
2. Халықаралық интеграция.
3. Халықаралық сауда.
4. Халықаралық қаржылық валюталық ұйымдар және халықаралық жұмысшы күші миграциясы.

Халықаралық еңбек бөлінісі.
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н.Барнский оны - экономикалық жағрапиялық негізгі ұғым деп атады.
Халықаралық еңбек бөлінісі - адам қоғамының дамуы туралы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік - экономикалық жағдайларында, даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрінде және т.с.с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілуіне әкеп тірейді.
Бұл жекелеген экономикалық аудандарға қатысты, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісінің арқасында өзара байланысқан тұтас елдерге де қатысты.Ол ежелгі кезде туған, бірақ, дүниежүзілік шаруашылықтың шығуына байланысты дүние жүзін қамтыды.
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің өнімінің белгілі бір түрлерін өндіруге белгілі бір қызмет көрсетуге оларды айырбастауға мамандануынан көрінеді. Халықаралық еңбек бөлінісі уақыт ішінде өзгереді.
Жеке елдердің, өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануы өндіруші елдің оларды өз қажетінен артық өндіруін қажет етеді. Ол халықаралық мамандану салаларының, яғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталған және халықаралық еңбек бөлінісінде елдің "келбетін" бірінші кезекте айқындайтын салалардың қалыптасуынан нақты көрініс табады.
1-мысал. Жапония электроника жасау жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Бүкіл шығарылатын электрониканың шамамен алғанда жартысын ол басқа елдерге экспортқа жібереді. Электроника өнеркәсібі оның халықаралық мамандану саласы.
2-мысал. Канада дәнді - дақылдарды жинау жөнінен дүние жүзінде бесінші, ал экспортқа шығару жөнінен екінші орын алады. Астық шаруашылығы оның халықаралық мамандану саласы. Өз кезегінде, халықаралық мамандану тауарлар мен қызметтің халықаралық айырбасын қажет етеді. Бұл айырбас халықаралық экономикалық байланыстардың дамуынан, жүк тасқындарының саны мен қуатының артуынан көрінеді, оның үстіне, өндіру орны мен тұтыну орны арасында қашанда үлкен немесе кіші аумақтық алшақтық түзіледі.
Дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық еңбек бөлінісі дүние жүзінің барлық елдерін қамтып болғаннан кейін, соңғы онжылдықтарда тереңге қарай өсуде. Олар күрделеніп, жаңа формалар табуда. Халықаралық маманданудың және айырбастың тереңдеуі бірқатар елдердің ұлттық шаруашылығының ерекшеленуіне себепші болады. Сөйтіп, халықаралық еңбек бөлінісінің жаңа, жоғарғы сатысы -- халықаралық экономикалық интеграция пайда болды. Ол жеке елдер тобының олардың мемлекет аралық келісім саясаты негізінде тым терең және тұрақты өзара байланыстарда дамуының заңды процесі болып табылады.
Ал,1973-ші жылы төрт мемлекет қосылды: Англия, Дания, Исландия, Греция, 1986-шы жылғы қаңтардан бастап Испания, Португалия қосылып -- "Еуропа он екілігі" дүниеге келді. Ұлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция) қаласында өткізеді. Қызмет саласына қауымдастықтың бюджет-қаржы істерін бақылау жатады. Министрлер Кеңесі ЕЭҚ-тың үкіметаралық органы болып Министрлер Кеңесінің шешімі серіктес мемлекеттің заңдарымен пара-пар саналады. Кеңес жұмысының аясына қауымдастық қызметінің негізгі сұрақтары толық енеді. Әр мемлекеттің басшысы Кеңес мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавиттік ретпен ауыстырылады.
Еуропалық экономикалық қауымдастық аумағына енген елдерден кеден салығы алынбайды. Сондықтан, тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өзара еркін қозғалып отырады.
Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруден Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес болды.
Ал, 1967-ші жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда экономикалық тобы(АСЕАН) құрылды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур,Тайланд, Филиппин, Латын Америкасы аумағында 1980-ші жылы сондағы елдерден ең ірі экономикалық сауда тобы құрылды. Мақсаты- аймақтағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту, басқа елдермен сауда- экономикалық байланыстарды ұлғайту, келешекте латынамерикалық жалпы нарық құру болып табылады. Бұл қауымдастыққа 11 ел кіреді:Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор. Штаб-пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналасқан.

Халықаралық интеграция.
Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен integer -- толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік - технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара кедергілерді жою бағыттарында айқын көрінеді.
Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.
Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.
Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.
Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі - ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтінэкономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО - ғы (Еуропа одағы) шеңберінде - бұл ЕО комиссиясы.
Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін - бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.
Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.
ЕО, НАФТА - ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.
Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.
Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.
Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.
Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.
Пост социалистік мемлекттердің интеграциялық процестерге қатысуы. 20 ғасырдың сексенінші жылдарының соңындағы басты дүниежүзілік оқиға -- Кеңес Одағының ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында қоғамдық өмірді қайта құру, көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық және гуманитарлық қатынастарды сақтай отырып, ұлттық мемлекеттерді қалыптастыру мен нығайту мәселері пайда болды. Посткеңестік кеңестіктегі мемлекеттер бұрынғы Одақтан әміршілік-бюрократиялық басқарудың әкімшілік органдарын, жоспарлы-бұйрықты және шығынды экономиканы мұраға алды, бірақ олар сыртқы саясат және сыртқы экономикалық іс-әрекеттің ескі принциптері мен әдістерін қабылдамады. Енді өзара және үшінші мемлекеттермен қатынаса заман ағымына сай жаңа нормалар мен ережелер қажет болды.
90-шы жылдар жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу кезеңі болды. Бірақ бұл онжылдық бір-біріне қарамақайшы екі қоғамдық тарихи процестермен сипатталынды.
Біріншіден, бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ұйымдық-құқықтық тәркіленіп, экономиканың қалыптасуы, ол экономикалық дербестікті қалыптастыру жолында өзіндік қаржы-бюджеттік, валюталық, салықтық жүйелердің және де тәуелсіз мемлекеттің басқа да міндетті құрамаларының пайда болуынан басталады.
Екінші процесс - бұл халықаралық нормаларға негізделген өзара жаңа саяси және экономикалық қатынастар қалыптастыру қажеттілігі. Процесс қатаң орталықтандырылған қоғамдық - экономиканық жүйесінің біртұтас тоталитарлық мемлекеттің күшті әрі жан-жақты ықпалымен өтті. Бұл ықпалды бұзу және жаңа қатынастарды қалыптастыру біршама ұзақ мерзімді қажет етті.
Кейбір саясаткерлер басты мақсатты жаңа туған мемлекеттер интеграциясы деп таныды. Осыған байланысты 1991 жылы Беловеж келісімі нәтижесінде біртұтас мемлекет ыдырап, орнына жаңа 15 мемлекет пайда болды. Оның 12-сі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды (Әзербайджан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей Федерациясы, Тәжікістан, Түркменістан, Украина, Өзбекістан).
Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы (ТМД) 1991 жылдың 8-ші желтоқсанындағы ТМД құру туралы Беловеж келісімі мен Келісімнің Протоколына және 1991 жылдың 21-ші желтоқсанындағы Алматы декларациясына сәйкес құрылды.
ТМД Жарғысы бірнеше бөлімдерден тұрады: мақсаты мен принциптері, ұжымдық қауіпсіздік және әскери - саяси ынтымақтастық, дау-жанжалдық алдын алу және келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу; экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салаларда бірігіп әрекет ету; Достастық органдары, парламенттік ынтымақтастық, қаржы-қаражат мәселелері.
Дүние жүзілік шаруашылық және Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы рөлі. Дүниежүзілік шаруашылық бір-бірімен тауарларлы -- ақша қатынастарымен байланысқан егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық нарықтық экономиканың заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм. Яғни бұл ұлттық шаруашылықтар бір бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр түрлі сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық, ғылымдық, т.б. байланыстар арқылы біріккен ғаламдық экономика.
Дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшеліктерінің бірі тұйықталған ұлттық шаруашылықтың жүргізу тәжірибесінің бірте-бірте сыртқы нарыққа бағытталып, ашық экономикаға көшу. Көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылықта өзгерістер боды. Соған байланысты бүкіл дүниежүзілік шаруашылық бір тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастады. Бірақ елдердің даму деңгейлері бірдей емес.
Дүниежүзілік шаруашылықтың болашағына және оның дамуына әсер ететін себептер:
-- ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдадауы, жаңа технологияның тарауы;
-- қоршаған ортаның проблемаларындағы ғаламдық өзгерістер;
-- халықаралық өсу мен қоныстаудың қозғалысы;
-- бай және кедей елдердің арасындағы алшақтықтың өсуі.
Халықаралық қатынастардың басты формаларына жататындар:
-- халықаралық еңбек бөлінісі,
-- тауарлар мен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда,
-- халықаралық несие,
-- өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы,
-- халықаралық валюта-қаржы қатынастары,
-- халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар,
-- экономикалық интеграция.
Халықаралық сауда.
Халықаралық сауда -- әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі - халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.
1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар - жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
2. Табиғи экономикалық факторлар - табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
3. Техникалық экономикалық факторлар - жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.
4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.
Сыртқы сауда -- тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса - онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.
Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:
1. Абсолюттік артықшылық теориясы - басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.
2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде болады.
Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
1. Протекционизм -- жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:
-- Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.
-- Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).
-- Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдестіреді, демпингтен қорғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көлемінің өсуін ынталандырады.
2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
-- белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
-- меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;
-- бір жақты аудармалар.
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі
Халықаралық экономикалық қатынастар: мәні және түрлері
Ашық экономика мәні
Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СИПАТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Халықаралық экономикалық ұйымдар туралы
Халықаралық сауданың теориялары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ PR-ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы
Пәндер