Оқытуды бағалау жүйесінің дамуы



Бағалау
Заманауи түсінік
Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық
Бағалаудың мәні
Қадағалау
Бағалау – оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты санат. Осы санат бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативтік бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқыту үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.
Модуль мұғалімдерге:
• бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;
• бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;
• бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға/бағалауға;
• әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын/жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.
1.Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Мәдениетпенпедагогика] Wiley-Blackwell
2.Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқытуүшінбағалау: 10 ұстаным] University of Cambridge Faculty of Education.
3.Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning. [Тестілеу, қызықтыружәнеоқыту] University of Cambridge Faculty of Education.
4.Black, P. and Wiliam, D. (1989a) Assessment and Classroom Learning, Assessment in Education: Principles, PolicyandPractice [Бағалаужәнесыныптыоқыту, білімберусаласындағыбаға: ұстанымдар, саясатпенпрактика]. 5 (1): 5-75.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Оқытуды бағалау жүйесінің дамуы

Тексерген:Адильжанова Қ.С
Орындаған:Қаймақова С.М

Семей 2015
Бағалау - оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты санат. Осы санат бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативтік бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқыту үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.
Модуль мұғалімдерге:
* бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;
* бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;
* бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауғабағалауға;
* әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынынжақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.

Заманауи түсінік

Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Бағалаудың екі нысаны да білім беру жүйесіне қажет-ақ. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау формативтік бағалау, басқаша айтқанда, оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады.

Бағалаудың мәні

Бағалау термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:
* қадағалау;
* алынған мәліметтердің интерпретациясы;
* бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

Қадағалау
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет.

Интерпретация
Интерпретация қызығушылық тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрліне қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесе өлшем деп атайды және оларды оқыту мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінез-құлықтан шығаруға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.

Қорытынды
Мәліметтерді интерпретациялау негізінде бағалауды қамтитын қорытынды жасалады. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ол қызмет ететін түрлі мақсаттарға және ақпарат қолданылатын тағайындауларға сәйкес түрліше ұсынылған.

Оқуды бағалау
Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкессәйкес емес деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.

Оқыту үшін бағалау
ОүБ кезінде бақылау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды және шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.
Бағалау Реформасының Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
Оқыту үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.

Жиынтық мәліметтерді формативті пайдалану
Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте мәліметтер деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер жұмыс үлгісін сәйкестендіруді және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға мұғалімдерден ерекше назар аударуды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама (PISA) ОЭСР сияқты Халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті білім мен икемділік қаншалықты дәрежеде екендігі туралы мәліметтерді жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай мәліметтердің қалай жиналатындығын анықтап, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет.
Мектептер бұдан әрі мәліметтердің алыну себептерін білу мен бұдан кейінгі іс-әрекеттерін жоспарлау үшін мәліметтерді жинайды. Осылайша, жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Бейіндік оқытудың жүйесі
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
Педагог кадрларды даярлау процесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Инклюзивті білім беруді енгізу
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі
Пәндер