Транскрипция және транслитерация мәселелері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1. Транскрипция және транслитерация мәселелері 2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу 3. Он сөйлем жазып, фонетикалық талдау жасаңыз

Топ :Фи-503

Орындаған :Камбаева Н. Т

Тексерген :Қалиева. С. Е

Семей 2015 ж

Транслитерация мен транскрипцияның арақатынасы

Транслитерация (лат. Trans арқылы, littera әріп) - бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудың әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды басқа бір әліпбиге ауыстыру [1, 329] . О. Н. Тимохов пен М. А. Корнееваның редакторлығымен шыққан «Теоретическая фонетика» атты оқу құралында транслитерацияның ғылыми және практикалық екі түрі бар деп қарастырылған. Ғылыми транслитерация транслитерацияланған таңбалардың жүз пайыздық кері аударылуын қамтамасыз ететін транслитерациялық жазбалар мен түпнұсқаның графемалары арасындағы өзара бірмағыналы сәйкестік принципіне құрылады. Мысалы, орыс кириллицасының латын әріптеріне негізделген ғылыми транслитерациясында орыстың е және э немесе и және й әріптерінің түрліше берілуін қамтамасыз етеді. Осы секілді айырымдар латын әріптеріне диакритикалық таңбаларды қосу, кейде латын әліпбиінен өзге әліпбилердің кейбір элементтерін пайдалану арқылы жүзеге асады. Осылай неміс, ағылшын және бірсыпыра басқа тілдердің сөздері және формалары латын әріптері негізіндегі транслитерациямен, алайда түрлі диакритикалық және жазудың басқа жүйелерінен алынған жекелеген таңбалардың қосылуымен берілген. Халықаралық библиографияда қолданылып жүрген кириллицаның ғылыми транслитерациясы да дәл осы жолмен құрылады (жасалады) .

Практикалық транслитерация ғылыми транслитерациядан қабылдаушы тілдің әліпбиі жүйесіндегі дәстүрлі таңбалар репертуарымен шектелетіндігімен ерекшеленеді. Бұл жүйеде, бірнеше жағдайларда, орыс әріптерін оның ішінде е және э (=e), и және й (=i) әріптерін бір таңбамен береді. Осылайша ол толықтай кері аударылуға кепілдік бере алмайды. Мысалы, tvoi екі формадағы твои және твой дегендерге сәйкес келеді

«http://ru. wikipedia. org/wiki/» интернет желісінде транслитерацияның қатаң (строгая транслитерация) , босаң (ослабленная транслитерация) және кеңейтілген (расширенная транслитерация) үш түрі көрсетілген: қатаң (тәртіппен құралған) транслитерацияда әрбір әріп жеке таңбамен ауыстырылады (а→a, б→b, в→v . . . ), босаң транслитерацияда кей әріптер өзге әліпбидің екі немесе одан көп әріптіркестерімен алмастырылады (ж→zh, ч→ch, я→ya . . . ), ал кеңейтілген транслитерацияда кей әріптіркестер ерекше жолмен беріледі (ый→y) [3] .

Орыс ғалымы А. А. Реформатский: «Транслитерация аты айтып тұрғандай бір тілдің әріптік жазуын немесе бір графикалық жүйені өзге графикалық жүйенің таңбаларына аударып жазу. Мәселен, грек жазуын латын әріптерімен беру: ῐππος - hippos («лошадь»), Άϑήνη - Athēnē («Афины»), серб жазуын хорват әріптерімен беру: Љубљана - Ljubljana, Крагуевец - Kraguevac . Сондай-ақ, орыс есімдерін, географиялық атауларды және т. б. латын әріптерімен беру», - дейді. Оның пікірінше транслитерация халықаралық жазу. Өйткені ол қандай да бір ұлттық әліпби жүйесіне бейімделмейді.

Қазақ ғалымы К. Аханов: «Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т. б. жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады. Бір тілдің алфавит құрамы екінші тілдің алфавит құрамына сай келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда транслитерацияны қолдану кейбір қиындықтарға соқтырады. Мысалы, Oslo, London деген атаулардың жазылуын орыс әріптерімен, ал Москва дегенді латын әріптерімен транслитерация жасау оңай да, Stockholm дегенді орыс әріптерімен транслитерация жасау қиын. Бұлай болатындығы орыс алфавитінде латын алфавитіндегі c, h әріптеріне сәйкес келетін әріптер жоқ. Сондай-ақ латын алфавитінде орыс тіліндегі Ярославль, Щербаков тәрізді жалқы есімдерді жазуға керекті әріптердің жетіспеуі бұл сөздердің транслитерациясын қиындатады. Мұндай жағдайда сөздің жазылуын емес, дыбысталуын жазып беру үшін шартты (жартылай) транслитерация қолданылады. Кейде бір тілде бар әріптер ғана емес, сонымен бірге дыбыстар да екінші тілде болмауы мүмкін. Мұндайда ондай дыбыс екінші бір тілдегі сәл болса да ұқсастығы бар әріппен беріледі. Мысалы, неміс, ағылшын және т. б. тілдегі фаргинал һ дыбысы орыс тілінде болмағандықтан, ол көбінесе г әрпімен беріледі (мысалы: Гейне ) . Аталған тілдердегі һ дыбысына дыбысталуы жағынан орыс тіліндегі х дыбысы да жақын келеді. Осыған орай соңғы кезде һ әрпі орыс тілінде х әрпімен де беріліп жүр (мысалы: Хирт, Хьюлет, және т. б. ) », - дейді [5. 584] . Байқап отырғанымыздай ғалымдар айтып отырған транслитерацияның практикалық, босаң және шартты (жартылай) түрлері атаулары әртүрлі болғанымен бір ұғымды білдіретін тәрізді. Өйткені бұл үшеуі де беруші тіл онимдерінің қабылдаушы тіл мәтіндерінде ешқандай диакритикалық қосымша таңбаларсыз сол тілдің орфографиялық заңдылықтары шеңберінде дұрыс оқылып жазылу мәселесін қарастырады. Сондай-ақ, «Теоретическая фонетика» атты оқу құралындағы транслитерацияның ғылыми түрі мен орыс ғалымы А. А. Реформатскийдің келтірген транслитерацисы бір ұғымды білдіретін тәрізді өйткені бұл екеуінде де транслитерацияланған таңбалардың жүз пайыздық кері аударылуын қамтамасыз ететін транслитерациялық жазбалар мен түпнұсқаның графемалары арасындағы өзара бірмағыналы сәйкестік принципіне құрылады.

Осы орайда транслитерациядан транскрипцияны ажырата білу керек. Графика тілдегі дыбыстардың шын бейнесін дәл таныта бермейді. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш, тіпті онан да көп дыбысты немесе дыбыстардың қосындысын бейнелейді. Мәселен, бір ғана и әрпінің дыбыстық көрінісі мынадай болып келеді:

1) ый: мый, (жазылуы ми), қый (қи), ыйық (иық), таный (тани), қыйа (қия), қыйын (қиым), жый (жи), тыйын (тиын) ;

2) ій: кій (ки), тій (ти), ійне (ине), ійіс (иіс), бекій (беки), ерій (ери), бійлік (билік), ійір (иір), тійін (тиін) ;

3) үй: мұхұйт (мұхит), бұлтұй (бұлти), бұртұй (бұрти), жорұй (жори), мұқұйат (мұқият), құрұй (құри), құпұйа (құпия) ;

4) ұй: мурұйт (мұрит), мүлгүй (мүлги), түксүй (түкси), үрпүй (үрпи), үсүй (үси), мөлүй (мөли), дүнүйе (дүние) .

5) и: институт, университет, инициатива, физика, кино.

Қысқасы, дыбыс пен оның таңбасы сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді. Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу - транскрипция (лат. transcriptiе - көшіру) қолданылады.

Е. М. Арынның редакторлығымен шыққан «Қазақ тілі энциклопедиясында»: «Транскрипция (лат. transcription - қайта көшіріп жазамын) - белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланылатын шартты таңба. Транскрипцияның негізгі қызметі - сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәл көрсету. Бір фонема жазуда (графика) әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол (фонема) бір ғана таңбамен белгіленеді. Транскрипцияның екі түрі бар: 1) фонематикалық (немесе фонологиялық) транскрипция, ол сөздердің дыбысталуындағы өзгерістерді ескермей, тек фонемаларды жазады. Дыбыс, сөз айтылуына жуықтап беріледі. Мысалы, ор у [ор ұу ], күл у [күл үу ], қ и ый ], и ек [ ій ек], ш и кі [ш ій кі], тісте с ші [тісте ш ші], бұз у [бұз ұу ] ; 2) фонетикалық транскрипция, мұнда тілдегі сөздердің айтылуындағы дыбысталу ерекшеліктері дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы, қаза н қ ап [қаза ңғ ап], орта н бел [орта м бел], сейсе н бі [сейсе м бі], се н гіш [се ң гіш], о тау [ уо тау], Ама нк елді [Ама ңг елді] . Фонематикалық транскрипция әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындап белгілеу үшін жұмсалады да, фонетикалық транскрипция барлық тілдердегі немесе тілдердің тобындағы дыбыстық ерекшеліктерді түгел қамтып көрсету үшін жасалады.

Мына төмендегі келтірілген сөздерге тоқталатын болсақ, 1) қа т , са т , жа т , за т , ма т ; 2) ке т , е т , же т ; 3) со т , о т , то т , шо т , құ т, тұ т, жұ т ; 4) сө т , ө т , сү т , кү т , ондағы т фонемасы дауысты дыбыстардың ықпалымен әр түрлі реңкке ие болып тұр. Бірінші т езулік, жуан; екінші - езулік, жіңішке; үшінші - еріндік, жуан; төртінші - еріндік, жіңішке. Оның үстіне о, ө дыбыстарының алдынан у, ал е -нің алдынан и дыбысы айтылатыны да ескерілуі тиіс. Бұл ерекшелікті көрсету үшін фонетикалық транскрипцияда айрықша белгілер қолданылады. Мысалы, жуандық белгісі - 1, жіңішкелік - 1’, жуан еріндік - 1Ә, еріндік жіңішкелік - 1᾽Ә, Ү - ұяң, - қатаң, :- созылыңқы, < - ашық, // - қысаң т. б. Сонда жоғарыдағы сөздер былай өрнектеледі: к’ет᾽, ж᾽ет᾽, сӘотӘ, отӘ, шӘотӘ, қӘұтӘ, с᾽Әөт᾽Ә, с᾽Әүт᾽Ә, к᾽Әүт᾽Ә. Асшы, басшы, ашса дегендерді аш:-ы, баш:-ы, аш:-а түрінде (ш:- созылыңқы ш) жазу керек болады», - деп транскрипцияның екі түрін мысалдар арқылы түсіндіріп өтеді

Жалпы фонетикалық транскрипциядағы таңбалардың жиынтығы фонетикалық әліпби деп аталады, ол мынадай принциптерге негізделеді: 1) әрбір дыбысты белгілеу үшін бір-бір таңба болуы шарт, яғни таңбалардың саны жеткілікті болуы қажет; 2) белгілі бір дыбыстың айрықша ерекшелігін дәлме-дәл көрсету үшін қосымша диакритикалық таңбалардың болуы міндетті; 3) таңбалардың барлығы да оңай, қолайлы, тез жазуға да, еске сақтауға да ыңғайлы, белгілеуге жеңіл болуға тиіс; 4) дыбыстың (сөздің) айтылуы неғұрлым дәл берілуі керек 5) бас әріптер мен тыныс белгілері қолданылмайды; 6) қысқартылған сөздер мен сандар толық дыбысталуы бойынша беріледі; 7) сұраулы және лепті әуендер (интонация) әуендік белгілер арқылы беріледі 8) фонетикалық транскрипцияның мәтіні тік жақшаға, фонематикалық транскрипцияның мәтіні сынық жақшаға алынады

А. А. Реформатскийдің пікірінше практикалық транскрипция шетел сөздерін қабылдаушы тілдің әліпбиі жүйесінен шықпай, яғни жаңа әріп не қосымша диакритикалық таңбаларды енгізбестен жазуды талап етеді [5, 384] . Сонымен, практикалық транскрипция - бір тілдегі сөз және сөз тіркесінің (өзге жүйедегі) өзге тілдің әліпбимен берілуі. Бұл жағдайда бір тілдің фактілерін өзге тілдің құрамы мен жүйесіне енгізу үшін қабылдаушы тілдің лингвистикалық (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық және графикалық) сипаттарын толығымен қабылдайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. http://ru. wikipedia. org/wiki/

2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы. ҚР ЖОО Қауымдастығы баспасы, 2002. - 664 бет.

3. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. - Алматы: Сөздік-Словарь, 1999. - 201 б.

2. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М. Терентьев жазған «Гармматикада» [1] қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы жайында азын-аулақ мәлімет береді. Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В. В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П. М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В. Катаринскийдің. «Грамматика киргизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизскому языку» (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді.

Аталған еңбектердің фонетика тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады.

Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А. Байтұрсынов еңбектерінде ойып орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда - тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.

Фонема, сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғаш(1870) негізін салған-орыс және поляк тілін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ. Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі к о м б и н а т о р л ы р е ң к деп аталады. Тіл білімінде фонема туралы мәселенің өзіне тән тарихы бар. Фонема туралы ілім орыс лингвистикасында өткен ғасырдын жетпісінші жылдарында пайда болған. Фонема теориясының алғаш негізін қалаған лингвист - орыс ғалымы и. Бодуен де Куртанэ (1845-1929) . Оның ғылыми - зерттеу жұмыстарының әр дәуірінде фнема туралы түсінік өзгеріп отырды. Мысалы, Бодуан де Куртанэ алғашында фонеманы этимология - морфологиялық құбылыс деп қараса, кейінгі кездерде фонемаға психологиялық анықтама береді. Бодуен де Куртенэнің фонема туралы ілімін ары қарай дамытқан оның шәкірті акад. Л. В. Щерба болды. Л. В. Щерба сөздер және формаларды ажырататын реңкі фонема деп атайды.

Қазақ тіл білімінің өсіп-өркендеуі, биіктерге көтерілуі, жеткен табыстары,

әрине, жеке адамдарға, тұлғаларға байланысты.

Тіл білімініңқазіргі деңгей талабынан көрінуіне Ахмет Байтұрсынұлы көшін бастаған ғалымдар шоқтығы -Х. Досмұхамедов, Е. Омаров, Қ. Кемеңгерұлы, М. Малдыбаев, Т. Шонанов, Қ. Жұбанов, Х. Басымов, С. Аманжолов, Н. Т. Сауранбаев, М. Балақаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев сынды ғалымдарымыздың үлесі зор.

Сейіл Жиенбаевтың қазақ тіл білімі саласындағы барлық қалам

тартқан салалары, атап айтқанда, әліпбе, емле, пунктуация, морфология және

синтаксис мәселелері замандастары пікірлері мен қазіргі таным негізінде

сараланып, талданды

Қазақ тілбілімінің қалыптасу, өсіп-өркендеуі әр уақытта бір деңгейде

болмағаны анық. Ғылым саласының белгілі бір жетістіктері, оның қалыптасу

ерекшеліктері уақыт өте келе тарихи мұраға айналатыны сөзсіз. Қазақ тіл

білімінің қалыптасып, дамуын тілге тиек еткенде, осы мәселе де назарда

ұсталғаны абзал. Аталмыш тақырыпқа байланысты түркітануда, оның ішінде

қазақ тіл білімі саласында да бірқатар зерттеу еңбектері баршылық

(1. Кононов.

А. Н. История изучения тюркских языков в России. Л., 1972; Конд

улачова С.

Материалы по киргизскому языку, собранные В. В. Радловым. АКД. А-ты. 1974 ;

Хусаинов К. Ш. Радлов и казахский язык. А-Ата . 1981. ; Тектіғұлова Ж.

Қ, Жұбанов және қазақ тіл білімі мәселелері. ҚДА. А-ты. 1995 ; Әмірова Г. О.

Академик Н. Т. Сауранбаев еңбектеріндегі қазақ тілі морфологиясының теориялық мәселелрі. ҚДА. А-ты. 1997 . ) .

Мұның өзі -жеке тұлғаның, сол салада сіңірген еңбектерін бағалай білу болып табылса, сонымен қатар, белгілі бір ғылым саласының тарихи даму жолына жасалған қысқаша ғылыми анықтама.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Сапархан Мырзабековтың

«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» атты кітабы жоғары оқу орындарының

филология факультеттерінің ұстаздары мен студентеріне қосымша құрал

ретінде ұсынылып отыр. Тіл мәдениеті сөздерді айтуда да, жазу да

бірізділіктің болуын талап етеді. Тілдік қатынас ауызша және жазбаша түрде

жасалады. Мұның алдыңғысы сөйлеу арқылы, кейінгісі жазу арқылы іске

асады. Тіл мәдениетінің аса маңызды белгісіне жататын айту мен жазудың

сырын фонетиканы жақсы меңгергенде ғана ұғуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдердің аудару мәселелері
Аудармадағы аударылмайтын сөздер
Oнoмастика және аударма
Қазақтың тұрмыстық болмыстарының аудармасы
Реалияның аудармасы
Эквиваленсіз лексикалық аудармасы
Қазақ тілінен ағылшын тіліне реалиялардың аудару мәселелері және реалийлердің жіктелуі
Транскрипция және транслитерация мәселелері жайлы мәлімет
Транслитерацияның транскрипциядан айырмашылығы
Аударма эквиваленттілігі проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz