Денсаулықты түсінуді, өзін-өзі түсінуді, стресс, түс
• І Кіріспе
• ІІ Негізгі бөлім
1) Денсаулықты түсіну
2)Стресс
3) Түс
• ІІІ Қорытынды
• ІV Пайдаланылғын әдебиеттер.
• ІІ Негізгі бөлім
1) Денсаулықты түсіну
2)Стресс
3) Түс
• ІІІ Қорытынды
• ІV Пайдаланылғын әдебиеттер.
Стресс- бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы. Біз оны әр уақытта сезінеміз- өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”. Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс көруді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білді. З.Фрейд түс көрудің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар, сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының символдық бейнесі деп білді. К.Юнг бойынша түс көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегі сана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психикалық өмірі бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді.
• Айтбембет Б.Н. «Ішкі аурулар пропевдикасы», Алматы, 2009 жыл
• Түсіпқалиев Б.Т.«Педиатриядағы мейірбикелік іс», Ақтөбе, 2011жыл
• Баранова А.А., Шеплягин Л.А.«Физиология роста и развития детей и подростков», Москва, 2006 год
• Қаржанова Л.К. «Ішкі аурулар семиотикасы негіздері» Семей, 2007жыл

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реанимотология курсымен
Тақырыбы:Денсаулықты түсінуді, өзін-өзі түсінуді, стресс, түс.
Орындаған: Жолдас Ж. Ә.
Тобы:303 АМІҚ
Қабылдаған: Даткаева А.
Шымкент 2014 жыл
Жоспары:
oo І Кіріспе
oo ІІ Негізгі бөлім
1) Денсаулықты түсіну
2)Стресс
3) Түс
oo ІІІ Қорытынды
oo ІV Пайдаланылғын әдебиеттер.
Кіріспе
Стресс- бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы. Біз оны әр уақытта сезінеміз- өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Түс көру - қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін "күзетші пункт" деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта "тіріледі". Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс көруді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білді. З.Фрейд түс көрудің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар, сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының символдық бейнесі деп білді. К.Юнг бойынша түс көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегі сана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психикалық өмірі бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді. Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады. Қазақ дәстүрлі қоғамында да түс көруге бей-жай қарамағанын, мән беріп, мағынасын жорығанын ауыз әдебиеті мұраларынан, ырымдар мен жоралардан көруге болады. Түс көру адамның ырқынан тыс болғандықтан оны көрудің мағынасынан гөрі түсті жоруға көбірек көңіл бөлген. Түсті әрдайым жақсылыққа жорып, "Түс - балқыған қорғасын" оны жақсылыққа жорысаң - жақсы ниет қабыл болып жақсылыққа айналады, жамандыққа жорысаң - жамандыққа айналуы мүмкін деген ұғым бар. Түсті рухани әлемнің хабаршысы ретінде қабылдау діни танымға жат емес. Түс көруде рухани адамға аян берілетіні, ғайыптан болашақтан хабар берілетіні жайлы көптеген аңыз әңгімелер бар. Құранда аты аталатын Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) түсінде аян алуы мен түс жору ғылымын иеленуі Құдайдың құдіреті деп сенеді. Түс көру мен оны жору діни және рухани танымға жат емес, адамның рухани өміріндегі, психологикалық халіндегі маңызды құбылыс
Денсаулық- адам организмінің қалыпты жағдайы.Адамның денсаулығын биологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі.Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай ақ климаттық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығу, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады.Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы - жеке адамның ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты.
Стресс
Стресс (ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2) төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3) әлсіреу - бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады
Эмоциялық стрестің жалпы даму заңдылықтары физикалық, химиялық ауыртпалықтармен ұқсас болып келеді. Шамалы жан-дүниелік ауыртпалықтар адамның кейбір жағдайларға адаптациясын (икемделуін, бейімделуін) туындатса, (мысалы, олардың әсерінен жаңа пәндерді игеруі арқылы оқушылардың еске сақтау қабілеті артады, әртістер жан-тәнімен өздері сомдаған кейіпкерлері бейнесін көрермендерге жеткізеді, кәсіпкерлер нарыққа бейімделеді, т.с.с), шектен тыс ауыртпалықтар көптеген дерттердің дамуына себепкер болады. сондықтан да қазіргі уақытта тым ауырлап бара жатқан жан-дүниелік ауыртпалықтардың ауру туындататын ықпалы адаптациялық бейімділіктен басым болып отыр.
Адам денсаулығы туралы ерекше зерттеулер жүргізген Өтейбойдақ бабамыз атпалы ұшық жүрек пен мидың сырқаттарын туындатады деп түсінген. Бірақ, ол кезде дерттердің аңғарымдық мүмкіншіліктері қазіргіден төмен болғандықтан, жан-дүниелік ауыртпалықтардан дамитын дерттердің көріністерін тек соңғы сатыларында, адамның ақыл-есінен айырылғанда ғана байқағанын зерттеушінің мына сөйлемінен түсінеміз: Серейлік ықпалдар ұшықтық тек адамзатты сезгір ой, сезімтал көңіл, теңіздей толғамдық естік жалғамның тоғалылығының бұзылуына ғана көз көргелік бермек. Бұл сөйлемнен біз жан дүниелік ауыртпалықтарға әр адам әр түрлі жауап қайтаратынын түсінеміз. Ол ойы олқы, көңілі жарым, көңіл-күйі қатты толқып тұратын адамдарда ақыл-есінің бұзылуына дейін әкелетін дерттер болуы ықтимал дейді. Бұл туралы қазіргі ғылым не дейді?
Эмоциялық ауыртпалықтың әсері адам организмінің дене бітімі мен мінез-құлқының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктеріне қарай адам организмінің бірнеше конституциялық түрлерін ажыратады. Солардың ішінде бүгінгі күні адамның орталық жүйке жүйесінде (миында) өтетін физиологиялық қозу мен тежелу процестерінің күшіне, олардың өзара бірімен-бірі теңгерілу және ауысу жылдамдығына қарай И.П. Павловтың жіктеуі кең тараған. Осы жіктеу бойынша жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлері:
1-түрі күшті, ұстамды, жігерлі түрімен көрінетін адамдардың еті тірі, қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарын икемділікпен шеше білетін болады. Мұндай адамдарды Гиппократтың жіктеуі бойынша сангвиниктер деп атайды.
2 түрі күшті, ұстамды, салмақты түрімен сипатталатын адамдардың мінез-құлқы сабырлы, тым салмақты, байсалды, мінезі ауыр болады. Бұндай адамдар ойына келген істі бітірмей, басқа іске кіріспейді. Олардың миында қозу мен тежелу үрдістерінің орын ауыстыруы баяу болады. бұл адамдарды Гиппократ флегматиктер деп атаған.
3-түрі күшті, ұстамсыз адамдар көп жағдайда алды-артын байқамайтын, тіпті шамасын білмей, артық кетіп қалатын, ашушаң, күйгелек болады. бұл түр Гиппократта хоелриктер делінеді.
4-түрі әлсіз, қиындықтарға төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, енжар, уайымшыл адамдар. Мұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша меланхоликтерге жатады. Осыған байланысты эмоциялық ауыртпашылықтарға жоғарылығы 1 және 2-түрлеріндегі адамдар жеңіл түрде икемделсе, 3 және 4- түрлеріндегі адамдар оларға дұрыс икемделе алмайтындықтан артынан дене мүшелерінің көптеген ауруларына ұшырайды.
Ойсоққыға ұшыраған кезде мидың кейбір бөліктерінде белсенділігі көтерілген нерв жасушаларының тобы пайда болады. ол мида ұдайы қозу ошағын туындатады. Бұл қозу ошағы бастапқы кезеңдерде шектеліп, сыртынан тежелу үрдістерімен қоршалады. Артынан қозу үрдісі өз бетінше, ешқандай сырттан әсер болмай-ақ күшейе түсіп, айналасындағы ми орталықтарына тарайды. Осылай белсенділігі көтерілген нерв жасушалары дерттік қозу ошағын туындатып, мидың басқа құрылымдарын жұмылдырып, оларды бір функциялық дерттік жүйеге біріктіреді. Ішкі ағзалар мен дене мүшелерін нервтік реттеу бұзылады. Ары қарай ешбір сыртқы әсерсіз-ақ организмде дерттік үрдістер туындап немесе ойда бар дерттері өрши түседі. Жан мидың қызметі болғандықтан, жан жараларынан дамитын дене мүшелерінің аурулары психосоматикалық аурулар деп аталады. Оларға жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, тері, нерв, буын аурулары, жандүниелік дерттер, т.б. жатады. Кейде алдында тұрған мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден кейбір адамдар өздеріне-өздері қол жұмсайды. Соңғы кездері психосоматикалық аурулардың жиілеп бара жатқаны байқалады. Ресей ғалымдарының зерттеуінше, 1941-1945 жылдары екінші әлем соғысында қоршауда қалған Ленинград қаласы тұрғындарының арасында ауыр эмоциялық стрестен аурушаңдық кең етек алғандығы көпшілікке мәлім. Ал соңғы қайта құру жылдарында халық арасында аурушаңдық одан да көбейгені анықталып отыр. Оның себебі неде? Бұл сұраққа ғалымдар қазіргі адамдардың нарық заңдылықтары алдында дәрменсіздігінен, бейшаралығынан, амалсыздығынан, болашаққа сенімі жоғалуынан, ауыр мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден деп жауап қайтарады.
Осы көзқараспен әбден келісуге болады. шынында, соғыс кезіндегі оның жеңіспен аяқталатынына адамдарда үміт болды, олар ертеңгі күнге белгілі бір сеніммен қарады. Қазіргі заманда адамдарды үмітсіздік билеп алған.
Сонымен, жағымсыз ойсоққының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz