Темірбетон бұйымдарын арматуралау



Темірбетон бұйымдарын арматуралау
Темірбетондағы қасиеттері
Темірбетон бұйымдары
Арматуралық каркастар
Темірбетон дегеніміз – бетонмен арматураның бірігіп жұмыс жасауына қолайлы келетін, механикалық қасиеті бойынша ерекшелігі бар кұрылыс материалы. Бетонның өзі басқа да тас материалдары сияқты қысатын күшке жақсы қарсы тұра алады, бірақта морт болғандықтан созылатын кернеуге нашар қарсы тұра алады. Бетонның созылу беріктілігі шамамен 10 – 15 есе сығылу беріктілігінен аз. Сондықтан бетонды созылатын кернеу туғызатын құрамалар дайындауға пайдалану тиімсіз. Арматура , яғни болаттың темір бетон өнімінде пайда болатын созылу кернеуіне мүмкіншілігі болғандықтан, ол жоғарғы созылу беріктілікке ие. Темірбетонды әсіресе майысу кернеуіне қарсы қолданылатын кұрамаларда, мысалға алғанда ғимараттардың қабат аралық орналасатын тақталарына пайдалану өте тиімді. Өйткені мұндай құрамаларға күш түскеңде бір-біріне қарсы сығылу және созылу кернеулері пайда болады. Сондықтан бетонмен болатың материалда бірігіп жұмыс жасауы үйлеседі.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

ҚМБжКТ кафедрасы

Тақырыбы: Темірбетон бұйымдарын арматуралау

Орындаған: Тәліп Р
Тобы: СМ-12-8к2
Қабылдаған: Шукенов И

Шымкент 2015 ж.

Темірбетон бұйымдарын арматуралау

Темірбетон дегеніміз – бетонмен арматураның бірігіп жұмыс жасауына
қолайлы келетін, механикалық қасиеті бойынша ерекшелігі бар кұрылыс
материалы. Бетонның өзі басқа да тас материалдары сияқты қысатын күшке
жақсы қарсы тұра алады, бірақта морт болғандықтан созылатын кернеуге нашар
қарсы тұра алады. Бетонның созылу беріктілігі шамамен 10 – 15 есе сығылу
беріктілігінен аз. Сондықтан бетонды созылатын кернеу туғызатын құрамалар
дайындауға пайдалану тиімсіз. Арматура , яғни болаттың темір бетон өнімінде
пайда болатын созылу кернеуіне мүмкіншілігі болғандықтан, ол жоғарғы созылу
беріктілікке ие. Темірбетонды әсіресе майысу кернеуіне қарсы қолданылатын
кұрамаларда, мысалға алғанда ғимараттардың қабат аралық орналасатын
тақталарына пайдалану өте тиімді. Өйткені мұндай құрамаларға күш түскеңде
бір-біріне қарсы сығылу және созылу кернеулері пайда болады. Сондықтан
бетонмен болатың материалда бірігіп жұмыс жасауы үйлеседі.
Темірбетондағы қасиеттері әр түрлі екі материалдың бірігіп жұмыс
жасауының себебі, бетонның болат шегенімен берік жабысуында, осының
салдарынан темірбетон құрамасындағы пайда болған кернеуге қарсы екі
материал бірігіп жұмыс жасайды. Темірбетон бүйымдары негізінен мынадай
белгілерімен сипатталынады: шегендеу және орындалу сипаты, бетонның түрі,
құрлымы, және геометриялық үлгісі бойынша.
Темірбетон бұйымдары өлшеміне қарай ұзын (бағаналар, арқалықтар,
фермалар, ригельдер), жалпақ (жабыңдық және қабат аралық плиталар,
қабырғалық панельдер), қалың (массивті құрама фундамент және цоколь
блокгары) және көлемді (санитарлық техника бөлмелері, лифті шахтасының
көлемді элементтері, блок-бөлмелер, құдық сақиналары) болып шығарылады.
Темірбетон бұйымдары және құрамаларына мыналар жатады. Барлық қойылған
талаптарды қанағаттандыратындай темірбетон алу үшін, дайындалынатын,
қалыпқа салынатын бетонның құрамын дұрыс жобалау болып табылады және
нығыздалынатын бетон қоспасын, сонымен қатар оның алғашқы уақыттағы қатаю
кезеңін дұрыс ұстау керек. Темірбетонды бұйымдарды арматуралаусыз да,
кәдімгі арматуралаумен де және алдын-ала керіп арматуралауға болады.
Арматураны қоймадан алдын-ала дайындау бөліміне, ал одан арматуралық
цехқа жіберіледі, онда арматуралық каркастарды, сеткаларды, көтергіш
ілмектерді, бөлгіш бөлімдерін және басқа да элементтерін дайындайды.
Арматуралық жұмыстың құны арматураланған жеңіл бетонның 20% құрайды.
Арматуралық каркастарды дайындау жұмыстарының өндірісі келесі тәртіп
бойынша: алдымен әртүрлі ұзындық шыбықшаларын дайындайды, одан кейін
түзулеу, тазалау және дұрыс кесетін автоматтандырылған станокты пайдалану
арқылы оқтамаларды кесу. Осы станокта 3-14мм диаметрдегі, 180-460-тан 6000-
8000мм-ге дейінгі ұзындықтағы оқтаманы автоматты түрде түзетеді және
кеседі. Жұмсақ арматура үшін станоктың екі түрі қолданылады: біріншісі
жұмсақ жеке оқтама үшін, екіншісі – жұмсақ сетка немесе оқтама тобы үшін.
Осы станокта 40, 70 және 90мм дейінгі жеке оқтамаларды созуға болады.
Әртүрлі арматуралық бұйымдар үшін әртүрлі дәнекерлеу әдістерін және жоғары
өнімділіктегі дәнекерлеу қондырғыларының болғанын талап етеді. Жеке
оқтамаларды байланыстыратын негізгі түрлері тоғыстыру және нүктелі
дәнекерлеу болып табылады. Арматуралық оқтамаларды кесіп өткеде нүктелі
түйіспелі дәнекерлеу қолданылады.
Сымтемірлік арматуралық болаттарды тазалау, туралау және кесу арнайы
станоктармен орындалуының жұмыс істеу схемасы: 1) ораманы ұстағыш; 2)
тазалағыш және туралағыш барабан; 3) тартқыш роликтер; 4) кескіш механизм;
5) бағыттағыш; 6) дайын кесілген, тураланған оқтамалар.
Ораманы ұстағыштан келетін сымтемір барабаннан өткізіліп созатын
роликтерге бекітіледі. Тазалағыш және туралағыш барабанның үлкен
жылдамдықпен айналуының нәтижесінде тазаланады. Бір мезгілде тартқыш
роликтердің жұмыс істеуімен сымтемір қажетті ұзындыққа жеткенде кесу
механизмі іске қосылады. Кесудің, реттеудің екі түрі: автоматты түрде және
ақырғы ажыратқыш.

Темірбетон конструкцияларын арматуралау

Арматуралық болаттардың түрлері және олардың нормативтік сипаттамалары.
Өндірісте жай темірбетон бұйымдарын жасап шығару барысында келесідей
арматуралармен арматуралық болаттар қолданылады:
А – II классты ыстық әдіспен өндірілген периодты профильді стерженьдік
арматура (σт= 30 кгмм2, RH = 50 кгмм2) ал монтажды ілгіштер мен кран
ілгіштерін жасау үшін A – I классты тегіс арматура қолданылады (σт=
40кгмм2, RH = 60 кгмм2 ). Осындай арматуралық болаттар ұзындығы: 6–12 м;
диаметрі: 14 мм шыбық тәріздес күйде орнатылады.
Суық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептік күшсалмақтар
Технологиялық карта
Қалыптарды босату
Жабын тақта цехы
Арматура түрлері және арматуралау тәсілдері
Темірбетон конструкциялары
Портландцемент өндіру үшін шикізат материалдары
Бетонға арналған толықтырғыштар
Темір бетон бұйымдарын өндіретін цеч
Бетондық араласпаның қасиеттері
Пәндер