Сотқа дейінгі тергеп-тексеру
КІРІСПЕ
1 Анықтау нысанында жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп.тексеру
1.1 Анықтау қызметінің тергеу әрекетіндегі ролі
1.2 Анықтау нысанында жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп.тексерудің ерешелігі
2 Хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп.тексеру
2.1 Хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп.тексерудің мазмұны мен ерекшеліктері
2.2 Тергеушінің қылмыстық іс жүргізу барысында анықтау органдарымен күштерін біріктіру мәселесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Тақырыптың өзектілігі. Заңмен белгіленген құқықтық мәртебелерге байланысты қылмыстық іс жүргізудің қатысушылары деп-өзінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық істі тергеу өндірісіне мемлекеттік органдармен тартылған немесе жіберілген жеке не заңды тұлғаларды айтамыз. Сонымен қатар, олардың қатарына кең іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болатын, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органда және көмекші қызметтерді атқаратын өзге тұлғалар мен органдар жатады. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеу мәселелесімен көптеген авторлар айналысқан. Қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеудің қандай түрі болмасын, ондағы басты рөлді мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар атқарады. Оларға қылмыстық істі жүргізу, қылмыстық ізге түсуді бастау, қылмыстық істі бағыттау және оның тағдырын анықтау туралы шешімдерді қабылдау бойынша арнайы өкілеттіктер берілген. Іс жүргізудің қалған қатысушыларының орны өзгеше. Олардың өздері іс бойынша ешқандай шешім қабылдамайды, бірақ іс жүргізуге қатыса отырып, белгілі бір іс-жүргізушілік қызметті жүзеге асырады және сонысымен қылмыстық істің қозғалысына әсерін тигізеді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз (02.02. 2015 ж. өзгерістер мен толықтырулар).
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі 2015 ж. 1 қаңтар.
3. Шейфер С.А. Следственные действия. Система и процессуальная форма. М., 2001
4. Рыжаков А.П. Следственные действия и иные способы собирания доказательств. М., 1997
5. Сильнов М.А. Вопросы прокурорского надзора за законностью производства следственных действий. М., 2001
6. Межуева Е.А. Следственные и судебные действия как способы собирания письменных документов и предметов//Следователь.-М.,2002 - №12.- с.13-17.
7. Шадрин. Производство следственных действий// Российский судья.-М.,2001 - №7.-с.26.
8. Гаврилов А.К., Ефимичев С.П. Следственные действия. М., 1994.
9. Основы уголовно процессуального права. В таблицах и схемах. М., 1997.
10. Клейман Л. В. Установление относимости доказательств в уголовном судопроизводстве. - М.. 2003. С. 109.
11. Даулбаев А.К. Вопросы законодательной регламентации порядка проведения доследственных проверок. Материалы международной научно-практической конференции «Обеспечении конституционных прав граждан в досудебных стадиях уголовного процесса». - Алматы: ДП «Эдельвейс». 2010. - С. 58-59.
12. Оспанов С. Д. Уголовный процесс (общая часть). Учебник. Алматы: Юридическая литература, 2003 г.
13. Практикум по уголовно-процессуальному праву РК. Алматы, 2002.
14. Толеубекова Б. Х. Уголовно-процессуальное право РК. Часть общая. Учебник. Алматы, 1998.
15. Шуменова Р. Т. Сборник задач по уголовно-процессуальному праву (учебно-практическое пособие). Алматы: “Данекер”, 2002 г.
16. Большой юридический словарь // под ред. А.Я. Сухарев, В.Е. Крутских, А.Я. Сухарева. - М.: Инфра-М, 2003.
17. Ким К.В. Законодательная регламентация цели уголовного судопроизводства Республики Казахстан//Право и государство.- 2013.-№3 (60).
18. Ахпанов А.Н. Возбуждение уголовного преследования и применение мер процессуального принуждения. – Караганда. – 2000.
19. Капсалямов К.Ж. Уголовное преследование и способы собирания доказательств. – Астана. – 2001.
20. Халиулин А.Г. Уголовное преследование как функция прокуратуры: Автореф. дис. … д-ра юрид.наук. – М. – 1997.
21. Манова Н.С. Уголовный процесс: Конспект лекций. Иститут экономики и права. — [ЭР]. Режим доступа: http: // be5.biz/pravo/umns/toc
22. Нургалиев Б.М., Лакбаев К.С. Негласные следственные действия: история, понятие, проблемы, перспективы // Ситуационный подход в юридической науке и правоприменительной деятельности: Актуальные проблемы использования ситуационного подхода в юридической науке и правоприменительной деятельности. Материалы междунар. науч.-практ. конф. — Калининград: Изд-во БФУ им. И. Канта, 2012. — С. 162-165.
23. Буланова Н.В. Правовая регламентация возбуждения уголовного дела в уголовно-процессуальном законодательстве (опыт, проблемы, пути совершенствования / Обеспечение конституционных прав граждан в досудебных стадиях уголовного процесса - Алматы: ДП «Эдельвейс». 2006. - С. 66.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (бірінші, екінші және алтыншы бөліктерінде), 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441 (бірінші бөлігінде), 443(бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 460, 463 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма екінші - жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген iстер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әскери полиция органдары жүргізеді. Осы баптың жиырмасыншы бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, олар бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234 (бірінші бөлігінде), 236 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қаржы полициясы органдары не кеден органы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 348 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 378, 379 (бірінші бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 390 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді. Анықтау өндірісі аяқталысымен істе бар дәлелдер мен дәйектемелерді негізге ала отырып, анықтаушы айыптау хаттамасын жасайды.
Хаттамада оны жасаған уақыты мен орны, хаттама жасаған анықтаушының аты, әкесінің аты, тегі көрсетіледі; қылмыс жасау мән-жайлары түгел баяндалады; айыпкер туралы мәліметтер, іске қатысы бар деп есептелген басқа да мән-жайлар айыпкерді жауаптылыққа тарту жөніндегі Қылмыстык кодекстің бөлігі, бабы, тармақтары көрсетіледі.
Айыптау хаттамасына анықтау барысында алынған барлық материалдар, сонымен қатар сотқа шақыруға қажет деп танылған адамдар тізімі қоса тігіледі, сәйкес өзіне айыптау хаттамасын жасаған адам айыптаушы деп танылады.
Айыптау органының бастығы (оған жататындар: бас басқарма, басқарма, бөлім, бөлімше және басқа анықтау органының құрылымдық бөлімше бастықтары) өз өкілеттігі шеңберінде істі материалдарымен қоса прокурорға жолдау үшін бекітуге немесе оны бекітпеуге құқығы бар.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні - анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ерекшеліктері.
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны - дейінгі тергеп-тексеру.
Курстық жұмыстың мақсаты. Курстық жұмыстың мақсаты анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру мазмұнын анықтау;
- анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын көрсету;
- анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін қарастыру.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында келесідей әдіс-тәсілдер қолданылды: тарихи, логикалық, салыстыру, топтау, жүйелеу, талдау т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Анықтау нысанында жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру
1.1 Анықтау қызметінің тергеу әрекетіндегі ролі
Қылмыстық іс жүргізу қызметі іс-жүргізушілік-құқықтық қатынас нысанында жүзеге асырылады. Ал өз кезегінде мұндай қатынасқа түскен субъектілер заңға сәйкес белгілі бір іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болады. Сонымен қатар, олардың қатарына кең іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болатын, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органда және көмекші қызметтерді атқаратын өзге тұлғалар мен органдар жатады. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеу мәселелесімен көптеген авторлар айналысқан. Қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеудің қандай түрі болмасын, ондағы басты рөлді мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар атқарады. Оларға қылмыстық істі жүргізу, қылмыстық ізге түсуді бастау, қылмыстық істі бағыттау және оның тағдырын анықтау туралы шешімдерді қабылдау бойынша арнайы өкілеттіктер берілген. Іс жүргізудің қалған қатысушыларының орны өзгеше. Олардың өздері іс бойынша ешқандай шешім қабылдамайды, бірақ іс жүргізуге қатыса отырып, белгілі бір іс-жүргізушілік қызметті жүзеге асырады және сонысымен қылмыстық істің қозғалысына әсерін тигізеді.
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдарына прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы және анықтаушы жатады (ҚР ҚПК 7-бап). Біздің диссертациялық зерттеу пәніне анықтау органы мен анықтау органы бастығының іс-жүргізушілік-құқықтық қызметтері мәселелері кіреді. Сондықтан да, біз іс жүргізу заңдылығын жетілдіру мақсатында осы екі субъектінің төңірегінде жиналған, әлі шешілмеген сұрақтарды қарастырамыз. Соның ішінде, әсіресе, "Анықтау органдары дегеніміз не, олар немен айналысады. Оның құқықтық мәртебесі және Анықтау органының бастығы деп кімді айтамыз, Оның құқықтық мәртебесі қандай деген мәселелерді қозғаймыз. Анықтау органы мен анықтау органы бастығының құқықтық мәртебелерін реттей отырып, заң шығарушы бұл іс жүргізудің қатысушыларына нақты және толық анықтамалар бермеді. Бір жағдайда оларға мемлекеттік органдар жатады:
1. Ішкі істер органдары;
2. ұлттық қауіпсіздік органдары;
3. әділет органдары - сот шешімдерінің атқарылу тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар туралы істер бойынша;
4. қаржы полициясы органдары;
5. кеден органдары- контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша;
6. әскери полиция органдары - ҚР қарулы күштерінде, ҚР басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша;
7. мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен бөлімшелері - өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша;
Басқа жағдайларда оларға мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары жатады:
1. шекара бөлімдерінің командирлері - ҚР мемлекеттік шекарасы туралы заңдарды бұзу туралы істер бойынша, сондай-ақ ҚР континентальдық шелфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша;
2. әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың, командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары-ҚР Қарулы Күштерінде басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынышты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған қылмыстары туралы істер бойынша;
3. ҚР дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және өкілетті өкілдіктердің басшылары - өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша;
Заң анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтар мен міндеттерді сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының, басқа да мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына жоғарыда аталған анықтау органдары алыс, көлік қатынасы болмаған кезеңде жүктейді.
Заң шығарушының мұндай ыңғайы Л.В. Павлухинның пікірінше бірқатар себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, анықтау органдарының бұндай топтарға бөлінуі, ондағы анықтауды жүргізетін лауазымды тұлғалардың санына байланысты.Жоғарыда айтылған екінші топтағы анықтау органдарына қарағанда, бірінші топтағы анықтау органдарында (әсіресе ішкі істер органдарымен салыстырып қарағанда( лауазымды тұлғалардың саны басым болып келеді. Бұны ол екі топтың да анықтау органдарымен жүргізілетін қылмыстық істердің мөлшерімен де түсіндіреді. Екіншіден, мемлекеттік органдар басым көпшілік қылмыстық істер бойынша анықтауды жүргізетіндіктен, олардың негізгі функциясы болып анықтауды жүргізу функциясы табылады. Ал екінші топтағы анықтау органдарының негізгі функциясы, мысалы әскери бөлімдерде әскери тәртіп пен құқық тәртібін сақтау болғандықтан, әдетте, бұл мекемелермен анықтау жүргізілетін қылмыстық істер аз немесе мүлдем болмауы мүмкін ( мысалы, теңіз кемелерінде). Сондықтан да, анықтау өндірісі соңғы аталған органдарда эпизодикалық сипатқа ие болып, тұрақты функция ретінде бола алмайды.
Анықтау органының бастығы реттелген, бұл нормаға сәйкес анықтау органы бастығы болып өз құзыретінің шегінде Бас басқарманың (Департаменттің), басқарманың, бөлімінің, бөлімшенің және анықтау органының өзге де бөлімшелерінің бастықтары табылады. Біздің ойымызша, анықтау органының бастығы түсінігіне берілген бұл анықтама нақты және толық емес, оның себебі, ол тек 65-бапта көрсетілген орган деп аталатындарға ғана қатысты, ал қалған анықтау органдарының түрлеріне қолдануға жатпайды ( шекара бөлімдерінің командирлері, әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, дипломатиялық өкілдердің, консулдық мекемелердің және өкілетті өкілдердің басшылары, т.с.) сонымен қатар, бұл анықтама анықтау органы бастығына тән барлық белгілерді ашып көрсетпейді. Бұл екі категория түсініктеріне баға бере отырып, біз олардың бір-біріне өте жақын және ұқсас ұғымдар екенін тұжырымдаймыз. Бұндай қортынды жасауға көптеген іс-жүргізуші ғалымдардың осы екі түсінікке берген көзқарастары, пікірлері себеп болды.В.Н.Шпилев, А.П.Рыжаков пен А.И.Сергеев, В.М.Савицкий мен Ф.А.Томасевич, А.А.Чувилев,Р.Х.Якупов, Л.В.Павлухин, т.с.с. Енді жоғарыда айтылған анықтау органы мен анықтау органының бастығы түсініктеріне жан-жақты, толық және нақты дефинициялар беру мақсатында бұл субъектілердің құқықтық мәртебелерін ескере отырып, осы ғалымдардың көзқарастарын қарастырайық.
Анықтау органы болып оның құзыретіне жатқызылған кез-келген іс бойынша анықтауды жүргізуге құқылы басшы табылады. Анықтау органының бастығы анықтауға басшылық етіп, нақты істер бойынша анықтауды жүргізу үшін тұлғаларды тағайындайды.
В.Н.Шпилевтің көзқарасы бойынша, анықтау органы-бұл анықтауды жүргізуге өкілеттігі бар мекеме немесе сол мекемені басқарушы лауазымды тұлға. Демек, осы анықтамаға және ҚР ҚІЖК 65-бабының 2-бөлігіне сүйене отырып, анықтау органдары болып мыналар табылады екен: ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, қаржы полициясы, кеден, әскери полиция органдарының бастықтары, шекара бөлімдерінің командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары, өртпен күресу қызметінің мемлекеттік орган бастығы, ҚР дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және өкілетті өкілдіктердің басшылары.
Осындай В.Н.Шпилев сияқты берген көзқарасты А.П.Рыжаков пен А.И.Сергеев те ұстанады.Олар анықтау органын мемлекеттік мекеме деп, сонымен бірге, анықтау органдарының қатарына белгілі бір қызметтер мен басқармаларды қосқан. Сондай-ақ, олар мекеме дегеніміз - бұл атқарушылық және әкімшілік секілді қызметтердің бірін жүзеге асыратын белгілі бір қызметкерлер тобы деп есептейді. Жоғарыда берілген анықтамалардың ішінен В.Н.Шпилевтің берген анықтамасын мейлінше дұрыс деп санауға болады, оның себебі әрбір анықтау органы деген кезде, ең біріншіден оның мәртебесін және т.б. белгілерін көрсететін оның бастығы болып табылады. Басқаша айтқанда, анықтау органы бастығының мәртебесін белгілейтін сол анықтау органы немесе мекеме, ал ондағы біз айтқан орындаушылар, яғни лауазымды адамдардың мәртебесі олардың өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері негізінде белгіленеді. Алайда, В.Н.Шпилевтің берген анықтамасында А.П.Рыжаков пен А.И.Сергеев айтқан атқарушылық функциясын жүзеге асыратын анықтаушылар көрсетілмеген. Анықтау органы үлкен мекеме болғандықтан, онда басшыдан басқа, атқарушылар, яғни анықтаушылар болуы тиіс. Бұл орайда А.П.Рыжаков пен А.И.Сергеевтың берген анықтамасын да бір жағынан дұрыс деп санауға болады.
Ал осыған байланысты, В.М.Савицкий мен Ф.А.Томасевич басқашалай анықтама берген. Олардың пікірінше, анықтау органының бастығы белгілі бір мекеменің тек әкімшілік басшысы болып табылады және ол ешқандай да іс-жүргізу қызметтеріне ие бола алмайды. Біз бұл ғалымдардың берген анықтамасымен жартылай келісеміз. Оның себебі, бір жағынан, кез-келген мемлекеттік мекеме бастығы қызметінің негізгі сферасы әкімшілік немесе басқарушылық сипатқа ие. Ал, екінші жағынан, ҚР ҚІЖК 66-бабына көз жүгіртетін болсақ, анықтау органының бастығы процессуалды басшылық ету және тергеу функцияларын жүзеге асырады, олай болса, оның қызметі сонымен бірге, іс-жүргізушілік құқықтық сипатқа да ие.Осы анықтамаға ұқсас, біршама толық пікірді Ю.Н.Белозеров те білдірген болатын. Оның көзқарасы бойынша, полиция қызметіне тән үш бағытты бөліп қарауға болады және олардың әрқайсысының айрықша құқықтық сипаты бар. Олар: әкімшілік қызмет, жедел-іздестіру қызметі, анықтау өндірісі. Алайда, ҚР "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңының 6-бабына сәйкес анықтау органдарының кейбіреуінің ғана жедел-іздестіру қызметімен айналысуға құқығы бар. Олай болса, Ю.Н.Белозеровтың берген бұл пікірі заңда белгіленген барлық анықтау органдарына қатысты бірдей қолдануға келмейді. Сол себептен де, анықтау органдары түсінігінің дефинициясын берген кезде олардың жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыратындығын ерекше белгілеп айтудың керегі жоқ. Өйткені, бұндай жағдайда біз, анықтау органдарына кіретін мемлекеттік органдар мен мекемелердің санын жасанды түрде азайтып алуымыз мүмкін. Ю.Н.Белозеровтың көзқарасын әрі қарай дамытқан Р.Х.Якупов. Ол, мемлекеттік мекеме басшысы қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес анықтаушының бүкіл процессуалдық өкілеттігіне ие бола тұрып, өзінің басшылық жағдайымен немесе мәртебесімен байланысты басқа да процессуалды құқықтар мен міндеттерге ие болатынын көрсеткен. Осының салдарынан ол қылмыстық іс жүргізудің дербес субъектісі болып, анықтау органының бастығы деп аталынған.
Бірқатар ғалымдардың пікірлерін қарастырып, олардың әрқайсысына біздің көзқарасымызды білдірігенен кейін, жоғарыда айтып өткендей бұл категориялардың іс-жүргізушілік-құқықтық мәртебесіне көңіл аударғанды жөн көріп отырмыз. Ең біріншіден, құқықтық мәртебенің не екенін, оның элементтерін еске түсірейік. "Мәртебе" этимология мағынасында - бұл субъектінің "құқықтық жағдайы, қалпы". Яғни, егер құқықтық мәртебені тұлға мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, индивид пен басқа индивидтің өзара қатынасын көрсететін белгілер жүйесі ретінде кең мағынада қарастырсақ, онда адамның қоғамдағы шынайы жағдайын заңи түрде анықтайтын, сипаттайтын, кепілдейтін, бекітетінінің барлығы құқықтық немесе заңды мәртебені құрайды. Құқықтық мәртебенің элементтерін Д.Д.Цабрия аса шеберлікпен сипаттап өтті. Ол, басқару органдарының құқықтық мәртебесін талдай отырып, олардың мемлекеттік органдардың жалпы жүйесінде орнын, түрін, белгілеуін, сипатын анықтайтынның барлығы мәртебенің сипатын құрайтынын айтты. Құқықтық мәртебеге ресми атауы; құрылу тәртібі мен тәсілдері; аумақтық қызметі; қызметтің мақсаттары; міндеттер мен функциялар; нақты билік өкілеттіктерінің көлемі мен сипаты; қызметтің нысандары мен әдістері; органдағы ведомстваға қарасты мәселерді шектеу тәртібі; жауапкершілік; органды қаржыландырудың қайнар көздері; заңды тұлғаның құқықтарының бар-жоқтығы; белгілі бір құрылымға ие болу құқығы және міндеті; мемлекеттік рәміздерді пайдалану құқығы және міндеті. Мәртебе қызметінің мазмұнын сипаттайтын элементтерге, яғни мақсаттарға, міндеттерге, функцияларға, нақты билік өкілеттіктеріне және жауапкершілікке ерекше назар аудару керек. Бұл элементтер құқықтық мәртебенің өзегі болып табылады." Сонымен қатар, А.П.Кругликов анықтау органдарының құқықтық мәртебесінің элементтері қатарына олардың қылмыстылық пен күресті жүргізетін басқа да мемлекеттік органдармен және азаматтармен процессуалдық қарым-қатынасын жатқызады. Бұл мәселелерді ұғып алғаннан кейін, құқықтық мәртебенің бұл элементтерін ең біріншіден, анықтау органына қатысты қолданайық. Анықтау органының мақсаттарын сөз еткенде, олардың іс жүргізу заңдылығында көзделмегендігін ескерген жөн. Бұл іс жүргізу заңдылығындағы тағы бір кемшілік. Ол заң ғылымында "мақсаттар" және "міндеттер" түсініктерінің теңдестіріл-гендігімен түсіндіріледі. Логика тұрғысынан алып қарағанда қылмыстық іс жүргізудің міндеттері осы қылмыстық іс жүргізудің жалпы мақсаттарынан тікелей шығу керек және шығады, ал қылмыстық іс жүргізудің мақсаттары өз кезегінде қылмыстық сот ісінің жалпы бағыттарын анықтайды. А.Л.Хан өзінің диссертациялық зерттеуінде қылмыстық іс жүргізудің мақсаттары болып іс бойынша ақиқатқа жету және жазаны жүзеге асыру табылады және соған сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу органдарының алдына міндеттер қойылады деп жазған. Анықтау органының сотқа дейінгі қызметпен айналысатынына байланысты, оның міндеттері жалпы міндеттерден, қылмыстық іс жүргізудің кейбір қағидаларынан және дәлелдеуге жататын мән-жайлардан шығады. Олар төмендегідей:
-қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және әділ қылмыстық жазаға тарту;
- істің мән-жайын объективті, жан-жақты және толық зерттеп, қылмыстық заңды дұрыс қолдану;
- азаматтарды заңсыз айыптау мен соттаудан қорғау, заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда толық ақтауды қамтамасыз ету;
- дәлелдемелерді табу мен бекіту негізінде оларды қылмыстық іс жүргізуде және сотта қолдану үшін алғышарттар жасау;
- қылмыспен келтірілген зиянның бар-жоқтығын анықтау, бар болған жағдайда, оның мөлшерін анықтау және оны қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау;
- қылмыстың алдын алу мен оны жасауға итермелеген жағдайларды анықтау, оларды жою;
- заңды және дәлелді түрде айыпталушы ретінде жауапқа тарту;
- заңдылық пен құқық тәртібін нығайту;
- құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыру.
Анықтау органдарының функцияларын жалпы 3-ке бөліп қарауға болады: әкімшілік, тергеу және жедел іздестіру. Бірақ, соңғысын барлық анықтау органдары бірдей жүзеге асырмайды. Оның себебін біз жоғарыда толық түсіндіріп кеткен болатынбыз. Анықтау органдары мемлекеттік мекемелер мен басшылар деп бөлінген, ал мемлекеттік мекемелердің өздері оны басқаратын басшыдан және лауазымды тұлғалардан тұрады. Демек, олар қылмыстарды тергеуге бағытталған іс жүргізу қызметі мен басқа қызметтерді атқарады.
Анықтау органдары іс жүргізу қызметін жүзеге асырған кезде келесі құзыреттерге ие болады:
- қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолдану;
- алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша көзделген тәртіппен қылмыстық іс жүргізу және жедел - іздестіру әрекеттерін орындау;
- алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтауды жүргізу;
- алдын ала тергеу жүргізу мерзімі 2 ай.
Анықтау органының құрылымы іс-жүргізу заңдылығына сәйкес анықтау органының бастығы мен лауазымды тұлғалардан, яғни анықтаушылардан тұрады. Бұл екеуіне де анықтауды жүргізу функциясы берілген, сонымен бірге, анықтау органының бастығы әкімшілік функциясын да жүзеге асырады. Ал, бұндай құқықтар мен міндеттерге заң бойынша ие болған субъектілер іс-жүргізушілік қатынастарға түсе отырып, өзіне берілген құқықтар мен міндеттерге сәйкес белгілі бір жауапкершілікті атқарады. Анықтаушы сотқа дейінгі іс өндірісін жүргізген кезде онымен қабылданатын бүкіл шешімдердің заңды және дәлелді болуына жауапты болады. Іс жүргізу заңдылығында анықтаушының қылмыстық іс өндірісін жүргізу бойынша жауапкершілігі тікелей көрсетілмеген, ол "ҚР Прокуратурасы туралы" заңының 7-тарауында, сонымен бірге іс жүргізу заңдылығының кейбір нормаларында жанама көрсетілген. Тергеушіге қатысты көрсетілген жауаптылықты заң аналогиясы бойынша анықтаушыға да қатысты қолдануға болады. Өйткені қылмыстық ізге түсу органдарына тергеуші де, анықтаушы да кіреді, сондай-ақ, олардың атқаратын тергеу функциясы екеуіне де ортақ, арасындағы тек бір ғана айырмашылық олардың процессуалдық дербестігінде болып табылады. Ал анықтау органы бастығының өз құзыреті шегіндегі жауапкершілігі іс-жүргізу заңдылығымен реттелмеген. Бірақ, бірқатар ғылыми әдебиеттерде оның қылмыстық іс өндірісін жүргізетін анықтаушымен қатар жауапты болатындығы көрсетілген. Мысалы, лауазымды тұлғаға тергеу үшін тапсырылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізу міндеттеріне жету (қылмысты ашу, кінәлі адамдарды әшкерелеу, қылмыскермен келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету т.б.) мен анықтаудың сапасы мен мерзімдерін сақтау бойынша анықтау органының бастығынан жауапкершіліктің түспейтінін А.А.Чувилев айтқан болатын. Алайда, олай айтылған болса да, анықтау органының бастығы заң бойынша анықтаушы сияқты ешқандай құқықтарынан айырылмайды. Мысалы, анықтаушы шығарған белгілі бір қаулының күшін формальды жою арқылы заңдылықты қалпына келтіру мүмкін болмаса ( тінту жүргізіліп, оны жүргізуге негіз болмаған жағдайда), прокурор кінәліні жауапқа тартуға шаралар қабылдайды, ол анықтаушыны қылмыстық істі одан әрі тергеуден шеттетуі мүмкін. Сонымен қатар, прокурор анықтау органының бастығына емес, анықтаушыға қатысты іс бойынша өндірісті жүргізуге қарсылық білдіру мәселесін де шешуге құқылы. Бұл екі жағдайда да анықтаушы белгілі бір объективті немесе субъективті себептер бойынша істі тергеу құқығынан айырылады.
Анықтау органының қылмыстылықпен күресетін басқа мемлекеттік органдармен және азаматтармен процессуалдық қарым-қатынасы іс жүргізу заңдылығымен және осы мемлекеттік органдардың ведомствалық нормативтік актілерімен реттеледі. Бұл қатынас, мысалы, қылмыстық істерді тергелу реті бойынша бір органнан екінші органға беру, қылмыстық істерді біріктіру, анықтау, тергеу органдарының қызметін жетілдіру бойынша бірігіп шараларды өңдеу, біріккен кеңестерді өткізу және т.б. шаралардан айқын көрінеді.
Осы жоғарыда айтылған көзқарастар мен пікірлерді және анықтау органының құқықтық мәртебесін құрайтын элементтерін ескере отырып, анықтау органы деп-бұл заңға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болған, іс жүргізу мақсаттары мен міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық іс-жүргізу және басқа қызметтерді жүзеге асыратын және сол үшін белгілі бір себептер мен негіздер болған жағдайда жауапкершілік атқаратын, сондай-ақ қылмыстылықпен күресу жағдайында басқа мемлекеттік органдармен және азаматтармен өзара әрекет ететін мемлекеттік орган немесе мекеменің бастығы және олардың лауазымды тұлғаларын айтамыз.
Анықтау органы бастығының қылмыстың белгілері мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу мақсаты бойынша құзыреті:
Анықтау органдары толық тергейтін қылмыстық істер бойынша:
- заңдылық пен дер кезділікке бақылау жасау;
- анықтаушылардың іс жүргізуіндегі істерді тексеру;
- жекелеген тергеу және өзге де іс жүргізу әрекеттерін жүргізу, айыпталушы ретінде жауапқа тарту, қылмысты саралау және айыптаудың көлемі туралы істерді бір анықтаушыдан екіншісіне беру туралы нұсқау беру;
- анықтау жүргізуді бірнеше анықтаушыларға тапсыру;
- қылмыстық іс қозғау және істі өзінің жүргізуіне қабылдап не жекелеген іс жүргізу әрекеттерін орындай отырып анықтауды жеке-дара жүргізу.
Демек, анықтау органы бастығының құқықтық мәртебесінің ерекшелігі мен жоғарыда айтылып кеткен ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, анықтау органының бастығы деп- бұл өзінде бір-бірімен байланысқан және шартталған әкімшілік, процессуалды басшылық ету және тергеу функцияларын біріктіретін және өзінің заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттері шегінде белгілі бір құзыретке ие болатын және негіздер болған жағдайда сол бойынша жауапкершілік атқаратын мемлекеттік орган немесе мекеменің басшысын айтамыз.
1.2 Анықтау нысанында жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ерешелігі
Анықтаушынын. қылмыстық іс бойынша қабылдаған негізгі іс жүргізу шешімдері мен тергеу әрекеттерінің нәтижелері (заң бойынша прокурордың санкциясы талап етілмеген жағдайларды қоспағанда) аныктау органыньң бастығымен бекітіліп, қол койылуы міндетті. Өйткені басқа жағдайда олардың заңды күші болмайды.
Егер де тергеуші, прокурордың санкциясын талап етпейтін жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс бойынша барлық шешімдерді дербес өзі қабылдайтын болса, анықтаушы көптеген іс жүргізу шешімдерін анықтау органы бастығының келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша қабылдайды.
Анықтаушының анықтау органы бастығының берген нұсқаулары бойынша прокурорға шағымдануы, олардың орындалуын тоқтатпайды. Өйткені аталған нұсқаулардың орындалуын ұйымдастыру үшін анықтау органының бастығы тікелей өзі жауап береді. Сондай-ақ, осы істер бойынша қылмыстың саралануы мен айыптаудың көлемі, айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы шешімдер бойынша прокурорға шағым жасау тек тергеушінің құзыреті болып табылады.
Осы қылмыстық істер бойынша анықтауды жүргізу кезінде анықтаушының іс-әрекетгерін анықтау органының бастығы бақылайды. Ал іс алдын ала тергеу органдарына берілгеннен кейін, оның іс-әрекетіне тергеуші басшылық жасайды. Бұл ретте, тергеуші анықтаушының қылмыстық іс бойынша орындалуы міндетті тапсырмалары меи нұскауларын анықтау органы бастығының атына береді.
Алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істер бойынша :: анықтауға жүзеге асырылатын прокурорлық қадағалау да шектелген болып келеді. Оның қадағалауы анықтау органының осы қылмыстар туралы арыздар немесе хабарлар бойынша есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына, тексеру материалдары бойынша негізделген әрі занды шешімнің қабылдануына және кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің заң талаптарыи бұзбай, жүргүзілуінс, сондай ақ, қылмыстық істің өрі қарай тергелуі үшін уақтылы (бес тәуліктен кейін) тергеушіге берілуін бақылауға бағытталған. Анықтаушы мен анықтау органының бастығы осы қылмыстық істер бойынша тергеудің алғашқы кезеңіне, яғни кылмыстық істің тергеушіге берілгенге дейінгі кезеңге жауап береді. Бұл олардың заңмен белгіленген ерекше құқықтық қатынастарына байланысты. Ал қылмыстық іс тергеушіге берілгеннен кейін анықтау органы тек тергеушінің осы істер бойынша берген тапсырмаларын орындайды. Сол себептен де осы кезден бастап прокурорлық қадағалау алдын ала тергеу органының қызметіне жүзеге асырылады.
Анықтау органының бастығы тек тергеушінін берген нұсқауларының орындалуын ұйымдастырып, бақылайды және соған жауап береді.
Анықтау органы бастыгының анықтау органымен тергелетін қыл-мыстық істердің заңдылығы, дер кезділігі мен негізділігі ушін жауапкершілігі деп аталатын үшінші бөлімшеде анықтау органы бастығының алдын ала тергеу міндетті және алдын ала тергеу міндетті емес қылмыстық істер бойынша қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілігі белгіленіп, оны қылмыстық іс жүргізу заңына енгізу жөнінде ұсыныс жасалған.
Осы мәселені зерделеу барысында анықтау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілігінің қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленбегенін көрсетеді. Осыған байланысты диссертацияда аныктау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілігі түсінігіне анықтамасын берген:
Анықтау органы бастығының қылмыстык-іс жүргізушілік жауапкершілігі деп - оның қылмыстык сот ісін жүргізу барысында заңмен берілген өкілеттіктерді тиісті түрде жүзеге асырмауы негізінде жіберілген заң бұзушылықтар мен тергеу қателіктгерін жоюға және азаматтардың бұзылған құкықтарын қалпына келтіруге бағытталған институтты айтамыз.
Бұл ретте қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz