Жауап алу процессі



КІРІСПЕ
1 Сот тергеуі басталуының жалпы шарттары
1.1 Жауап алу мен беттестірудің түсінігі және мәні
1.2 Жауап алудың шарттары
2 Жауап алу ғылыми.техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейне байланыс режимінде жауап алудың (қашықтықта жауап алу) ерекшеліктері
2.1 Жауап алу кезінде ғылыми.техникалық құралдарды пайдалану
2.2 Бейне байланыс режимінде жауап алудың (қашықтықта жауап алу) ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбір-ленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол кылмыстык іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, манызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын артгыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қол-данылады. Бірак, ол каншалыкты тиімді болғанымен ол занда көрсетілген тәртіпке кайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда кылмыстык оқиғаға катысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамнын кдтысқа-ны, істеген кылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және кылмыстык окиғанын басқа да мән-жайлары анықтала-ды. Бүлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей катысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ак, жауап алу аркылы тікелей кылмыстық оқиғаға катысы жоқ, бірак. кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, кылмыскердің кайда жүр-генін, оның мекен-жайын білу үшін кылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мүндай аралыктүрінің, кылмыстыкоқиғағатікелей қатысы болмасада, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып үстауда, істің кейбір мән-жайын аныктауда үлкен манызы бар.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз (02.02. 2015 ж. өзгерістер мен толықтырулар).
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі 2015 ж. 1 қаңтар.
3. Комментарий к УПК Республики Казахстан, Общая часть. Под ред. И.И.Рогова, К. А.Мами и С. Ф.Бычковой Алматы, 2002.
4. Оспанов С. Д. Уголовный процесс (общая часть). Учебник. Алматы: Юридическая литература, 2003 г.
5. Практикум по уголовно-процессуальному праву РК. Алматы, 2002.
6. Строгович М.С., Карницкий Д.А. Уголовно-процессуальный кодекс РСФСР. Текст и постатейный комментарий. М., 1926, с. 204. Взято из кн.: Баев О.Я. Тактика уголовного преследования и профессиональной защиты от него. Следственная тактика: Научно-практическое пособие / О.Я.Баев. - М.: Издательство «Экзамен», 2003, с. 141.
7. Баев О.Я. Тактика уголовного преследования и профессиональной защиты от него. Следственная тактика: Научно-практическое пособие / О.Я.Баев. - М.: Издательство «Экзамен», 2003, с. 140-141.
8. Шейфер С.А. Следственные действия. Основания, процессуальный порядок и доказательственное значение. – М.: Издательство «Юрлитинформ», 2004, с. 67, 80.
9. Шейфер С.А. Следственные действия. Основания, процессуальный порядок и доказательственное значение. – М.: Издательство «Юрлитинформ», 2004, с. 79-80.
10. Любичев С.Г. Подготовка и производство обыска и выемки // Криминалистика / Под ред. д-ра юрид. наук, проф. В.А.Образцова. - М.: Юристъ, 2001, с. 492.
11. Шейфер С.А. Следственные действия. Основания, процессуальный порядок и доказательственное значение. – М.: Издательство «Юрлитинформ», 2004, с. 79.
12. Шейфер С.А. Следственные действия. Основания, процессуальный порядок и доказательственное значение. – М.: Издательство «Юрлитинформ», 2004, с. 83-84.
13. Толеубекова Б. Х. Уголовно-процессуальное право РК. Часть общая. Учебник. Алматы, 1998.
14. Шуменова Р. Т. Сборник задач по уголовно-процессуальному праву (учебно-практическое пособие). Алматы: “Данекер”, 2002 г.
15. Гаврилин Ю.В., Победкин А.В., Я шин В.Н. Следственные действия. Учебное пособие. - М.: МосУ МВД России, Книжный мир, 2006. - С. 10
16. Гирько С.И. Уголовно-процессуальные проблемы деятельности милиции. — М.: Издательская группа «Юрист», 2004. - С.57.
17. Григорьев В.Н. Победкин A.B., Яшин В.Н. Уголовный процесс: Учебник. - М.: Изд-во Эксмо, 2006. - С.423;
18. Иванов А.Н. Обыск как средство поиска и предварительного исследования материальных источников криминалистической информации: дисс. ...канд.юрид.наук: 12.00.09. - Саратов, 1999. - С.37.
19. Исаева Л. Обыск: роль специалиста//Законность. - 2001. - №6. - С. 19.
20. Ильясов И.Е. Процессуальные правила выемки. Справочная система ЮРИСТ. 4.0 08.04.2005
21. Абишева Г.А. Схемы по уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Алматы, 2001. С.25.
22. Ларин Е.И. Процессуальные правила производства следственных действий. М.-2004.-143с.
23. Төлеубекова Б.К. Қапсәламов Қ.Ж. Шынарбаев Б.Қ. Бекішев Д.Қ. ҚР-ның Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлім. Сотқа дейін іс жүргізу.- Алматы: «ҚазМЗУ».- 2002.-303б.
24. Жәкішев Е. Криминалистикалық тақтика. – Алматы: «Жеті жарғы». - 1997.- 92 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбір-ленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол кылмыстык іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, манызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын артгыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қол-данылады. Бірак, ол каншалыкты тиімді болғанымен ол занда көрсетілген тәртіпке кайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда кылмыстык оқиғаға катысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамнын кдтысқа-ны, істеген кылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және кылмыстык окиғанын басқа да мән-жайлары анықтала-ды. Бүлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей катысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ак, жауап алу аркылы тікелей кылмыстық оқиғаға катысы жоқ, бірак. кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, кылмыскердің кайда жүр-генін, оның мекен-жайын білу үшін кылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мүндай аралыктүрінің, кылмыстыкоқиғағатікелей қатысы болмасада, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып үстауда, істің кейбір мән-жайын аныктауда үлкен манызы бар.
Жәбірленушінің, куәнін жауаптары істегі баска деректерді нактылап, тергеушінін, соттын окиғаның мән-жайына толық канығып, тиісті шешім кабыддауына зор септігін тигізеді. Де-генмен, болған кылмыстын мән-жайын кылмыскердің өзінен артык. ешкім білмейді. Сондыктан кылмысты мойындап, өз кателігін дүрыс түсінген кылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірак оны асыра бағалап, оған ерекше сенімді лікпен карауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелде-мелік күштері бірдей, бірінен-бірінін артыкшылығы жок. Сон-дықтан кылмыскердін кылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен карау керек. Тіпті, кей жағдайларда кылмыскердін жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсак кылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр кылмыстарынан кұтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлык деректердің тұжырымды корытындысына ғана негізделуі тиіс.
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінін осы тергеу әрекетін өткізу адцывда жүргізген дайындық жүмыс-тары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не кылмыскер-ден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, кұжат-тарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толык танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында кандай мәселе-лерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге кандай сұрак кою керек екендігін және осы сүрактарды қандай кезекте кою керек екендігін алдын ала анык-тап, белгілеген жөн.
Жауап алуға дайындық үстівде қажет адамнын мінез-күлкы, моральдык және зияткерлік (интеллектуалдык) қасиеттері женінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта, қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.
Дайындық жұмыстарын еткізу барысында жауапты кай уакытта, қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шеш-кенде, жауап алуға шақырылатын куәнін денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап бе-руге азғырып, көндіруі мүмкін деген кауіп туса, одан уақыт еткізбей дереу жауап алған жөн.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні - жауап алу және беттестірудің іс жүргізу тәртібі және өзге тергеу іс-әрекеттерінен ерекшелігі.
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны жауап алу және беттестіру процесі табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Курстық жұмыстың мақсаты - жауап алу және беттестірудің іс жүргізу тәртібі және өзге тергеу іс-әрекеттерінен ерекшелігін зерттеу, мазмұның қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- жауап алу мен беттестірудің түсінігі және мәні н анықтау;
- жауап алу және беттестірудің түрлерін талдау;
- ауап алу және беттестірудің іс жүргізу тәртібін қарастыру;
- жауап алу және беттестірудің өзге тергеу іс-әрекеттерінен ерекшелігін анықтау.
Зерттеу әдістері: үлгілеу және жалпылау, салыстыру, топтау, жүйелеу, талдау, жинақтау, сонымен қатар эмпирикалық әдістерден зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті оқу, нормативті, нұсқау - әдістемелік құжаттарды игеру т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 Сот тергеуі басталуының жалпы шарттары
1.1 Жауап алу мен беттестірудің түсінігі және мәні

Жауап алуға шақырылған адамға одан кiм ретiнде, қандай қылмыстық iс бойынша жауап алынатыны хабарланады, осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi, бұл туралы хаттамада белгi жасалады (ҚР ҚПК-тің 210 бабы).
Бір іс бойынша шақырылған адамдар басқа жауап алынатын адамдардан бөлек жауап береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір іс бойынша жауап алуға шақырылған адамдардың жауап алу басталғанға дейін бір-бірімен сөйлесе алмауы үшін шаралар қолданады.
Жауап алу жауап алынатын адамға iстің өзiне белгiлi болған мән-жайларын айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам iске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтатын болса, оған бұл туралы ескертiлуге тиiс.
Еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылауға және толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкiн. Жетелеушi сұрақтар қоюға тыйым салынады.
Егер айғақтар цифрлық деректермен немесе есте сақтауға қиын өзге де мәлiметтермен байланысты болса, жауап алынатын адам құжаттар мен жазбаларды пайдалануға құқылы, олар жауап алынатын адамның өтiнiшхаты бойынша немесе оның келiсiмiмен хаттамаға қоса тiгілуі мүмкiн.
Егер жауап алу барысында жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдемелер мен құжаттар көрсетілсе, басқа тергеу әрекеттерінің хаттамалары жария етілсе және тергеу әрекетінің дыбыс- және (немесе) бейнежазба, киноға түсiру материалдары тыңдатылып-көрсетілсе, онда бұл туралы жауап алу хаттамасында тиісті жазба жасалады. Бұл ретте хаттамада жауап алынып отырған адамның оған көрсетілген дәлелдемелер, жария етілген хаттамалар, тыңдатылып көрсетілген тергеу әрекеттерінің дыбыс- және (немесе) бейнежазбалары, кино түсiрілімдер бойынша берген айғақтары көрсетіледі.
Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбiрленушiден, күдіктiден, айыпталушыдан жауап алу сурдоаударма дағдыларын меңгерген адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетiледi.
Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болған кезде одан жауап алу дәрiгердiң рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шешімі бойынша, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, куәнің немесе жәбірленушінің өтінуі бойынша жауап алу кезінде дыбыс- және бейнежазба қолданылуы мүмкін. Жауап алынатын адамға мұндай дыбыс- және бейнежазбаның қолданылатыны туралы жауап алу басталғанға дейін хабарланады.
Дыбыс- және бейнежазба жауап алудың барысын толығымен көрсетуге және жауап алынатын адамдардың айғақтарын толық қамтуға тиiс. Жауап алудың бiр бөлiгiн дыбыс- және бейнежазбаға түсiруге, сондай-ақ сол жауап алудың барысында берiлген айғақтарды жазып алу үшiн арнайы қайталауға жол берiлмейдi.
Жауап алу аяқталғаннан кейiн дыбыс- және бейнежазба толығымен жауап алынып отырған адамға тыңдатылып-көрсетіледі. Айғақтардың дыбыс- және бейнежазбасына жауап алынып отырған адам жасаған толықтырулар да фонограммаға және бейнеграммаға енгiзiледi. Дыбыс- және бейнежазба жауап алынатын адамның олардың дұрыстығын куәландыратын мәлiмдемесiмен аяқталады.
Жауап алу барысында дыбыс- және бейнежазба қолданылып алынған айғақтар жауап алу хаттамасына енгiзiледi. Жауап алу хаттамасы, сондай-ақ: дыбыс- және бейнежазбаның қолданылғаны және бұл туралы жауап алынып отырған адамға хабарланғаны туралы белгiнi; ғылыми-техникалық құралдар, дыбыс- және бейнежазба жағдайлары мен оны тоқтата тұру фактiлерi, тоқтатудың себептерi мен ұзақтығы туралы мәлiметтердi; жауап алынып отырған адамның дыбыс- және бейнежазбаны қолдану себебі жөнiндегi мәлiмдемесiн; жауап алынып отырған адамға дыбыс- және бейнежазбаның тыңдатылып көрсетілгені туралы белгiнi; жауап алынып отырған адамның және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның хаттаманың және дыбыс- және бейнежазбаның дұрыстығын куәландырғанын қамтуға тиiс. Фонограмма мен бейнеграмма iспен бiрге сақталады және олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мөрмен бекiтiледi.
Қосымша жауап алу мынадай:
1) жауап алынған адам тергелетін істің мән-жайлары бойынша бұрын берген айғақтарын олардың жеткілікті түрде анық немесе толық болмауына қарай нақтылауға немесе толықтыруға ниет білдірген;
2) бұрын жауап алынған адамға іс үшін елеулі жаңа сұрақтар туындаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Қайталап жауап алу мынадай:
1) бастапқы жауап алуды жүргізудің процестік нормалары елеулі түрде бұзылған;
2) жауап алынған адам бұрын берген айғақтарынан бас тартқан және жаңа айғақтар беруге ниет білдірген жағдайларда жүзеге асырылады.
Жауап алудың барысы мен нәтижелерi ҚПК-тің 199-бабының талаптары сақтала отырып жасалатын хаттамада көрсетiледi.
Айғақтар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Сұрақтар мен олардың жауаптары жауап алу кезiндегi ретi бойынша жазылады. Хаттамада жауап алуға қатысқан адамдардың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қабылдамаған немесе жауап алынып отырған адам жауап беруден бас тартқан сұрақтары да, оларды қабылдамаудың немесе олардан бас тартудың уәждерi көрсетiле отырып, қамтылуға тиiс.
Бірінші жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректер, оның iшiнде: тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған уақыты мен жерi, азаматтығы, ұлты, бiлiмi; отбасылық жағдайы, жұмыс орны, қызмет түрi немесе лауазымы, тұрғылықты жерi, сондай-ақ ҚПК-тің 199-бабы төртінші бөлігінің қағидаларына сәйкес істің мән-жайлары бойынша қажет болуы мүмкін басқа да мәлiметтер көрсетiледi.
Кейiнгi жауап алулар кезінде жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректердi, егер олар өзгермеген болса, оның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсетумен шектелуге болады.
Күдіктiден жауап алу хаттамасында бұрын сотталғандығының бар-жоғы көрсетiледi.
Жауап алынып отырған адам схемалар, сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға қоса тiркеліп, онда бұл туралы белгi жасалады.
Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адамдар көрсетіледі. Олардың әрқайсысы хаттамаға, сондай-ақ оған жасалған барлық толықтырулар мен нақтылауларға қол қоюға тиіс.
Еркін баяндаудан кейін жауап алынып отырған адам өз айғақтарын өз қолымен жазуға құқылы. Жауап алынып отырған адам айғақтарын өз қолымен жазғаннан және оларға қол қойғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам толықтырушы және нақтылаушы сұрақтар қоюы мүмкін.
Жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттама оқып шығу үшiн жауап алынып отырған адамға ұсынылады не оның өтiнуi бойынша жарияланады. Жауап алынып отырған адамның хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгiзу талабы мiндеттi түрде орындалуға тиіс.
Айғақтармен танысу фактiсiн және олардың жазылуының дұрыстығын жауап алынып отырған адам хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы куәландырады. Жауап алынып отырған адам сонымен қатар хаттаманың әрбiр бетiне де қол қояды. Жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бас тарту себептерiн анықтайды, оларды хаттамаға енгiзедi және хаттаманы өзiнің қолымен куәландырады.
Егер жауап алынып отырған адам дене бітімінің кемiстiгiнен немесе өзге де себептердің салдарынан хаттамаға өзi қол қою мүмкіндігінен айырылса, оның өтiнуi бойынша хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетiн өкiл немесе өзге адам қол қояды, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
Егер жауап алуға аудармашы не сурдоаударма дағдыларын меңгерген адам қатысса, онда олар да хаттаманың әрбiр бетiне және тұтас хаттамаға қол қояды. Олар жауап алынатын адамның өз қолымен жазған айғақтарының аудармасына да қол қояды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алу алдында куәнiң, жәбiрленушiнiң күдіктiге қандай қатысы бар екенiн анықтайды, оларға процестік құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, айғақтар беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi. Бұл ретте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәнің, жәбiрленушiнің өзiнiң, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін, сондай-ақ ал діни қызметшінің тәубеге келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi. Бұл құқықты пайдаланбаған куәге, жәбiрленушiге олардың көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледі.
Егер куә жауап алуға заң көмегін көрсету үшін шақырылған адвокатпен бірге келсе, онда адвокат жауап алу кезінде қатысады. Жауап алу аяқталғаннан кейін адвокат жауап алудың мәні бойынша ескертулер беруге және жауап алу хаттамасына енгізілуге тиіс өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
Қалған жағдайда куә мен жәбiрленушiден жауап алу ҚПК-тің 210-бабының қағидалары бойынша жүргiзiледi.
Он төрт жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алуға қатысу үшін, ал сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қалауы бойынша он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог және (немесе) психолог шақырылады. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкiлдерi қатысуға құқылы.
Он алты жасқа дейінгі куәлар мен жәбiрленушiлерге олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығы туралы ескертілмейді. Мұндай куәлар мен жәбiрленушiлерге процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіру кезінде оларға тек қана шындықты айту қажеттігі көрсетіледі. Кәмелетке толмаған куә мен жәбiрленушiге оның өзiнiң немесе жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тарту құқығы түсiндiріледі. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдардан жауап алу кезінде қатысып отырғандарға жауап алынып отырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық туралы, хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертулер жасау, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен жауап алынып отырған адамға сұрақ қою құқығы түсiндiрiледi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қойылған сұрақты қабылдамауға құқылы, бірақ оны хаттамаға енгізуге және қабылдамаудың себебiн көрсетуге тиіс.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алудың алдында күдіктіге оның қандай қылмыстық жазаланатын әрекетті жасады деп күдік келтіріліп отырғанын хабарлайды, сондай-ақ оған айғақтар беруден бас тарту құқығын қоса алғанда, ҚПК-тің 64-бабында көзделген құқықтарды түсіндіреді.
Cотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге оған келтірілген күдіктің мәнін түсіндіре отырып, күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасауда өзін толық немесе ішінара кінәлі деп мойындайтынын не өз кінәсін мойындамайтынын анықтайды.
Күдіктінің жауап беруден бас тартуы оның өз кінәсін мойындамауы ретінде бағаланады.
Жауап алу күдіктiге келтірген күдік жөнінде және iс үшiн маңызы болуы мүмкін барлық басқа мән-жайлар бойынша айғақтар беруiн ұсынудан басталады.
ҚПК-тің 67-бабында көзделген жағдайларда, ҚПК-тің 69-бабы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, қорғаушының қатысуы міндетті.
Қалған жағдайларда күдіктiден жауап алу ҚПК-тің 210-бабының қағидалары бойынша жүргiзiледi.
Прокурор, күдікті немесе іске қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокаты жәбірленуші, куә болып табылатын адамнан, егер олардан сотқа дейінгі тергеп-тексеру не сот отырысы барысында неғұрлым кешірек жауап алу объективті себептерге (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұруы, шетелге шығуы, денсаулығының ауыр жағдайы, қауіпсіздік шараларын қолдану) байланысты мүмкін болмауы ықтимал деп пайымдауға негіз болған жағдайда, сондай-ақ психикасын жарақаттаушы әсер етуді болдырмау үшін кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілерден кейіннен жауап алуды болдырмау мақсатында тергеу судьясының жауап алуы туралы өтінішхат беруге құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурор алдында айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты тергеу судьясына жіберу туралы мәселеге бастама жасауға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жолданымға қылмыстық істің жәбірленушінің, куәнің айғақтарын сақтауға қою қажеттігін растайтын материалдарын қоса береді.
Прокурор ұсынылған материалдарды қарап, бір тәулік ішінде айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты тергеу судьясына жіберу туралы мәселені шешеді.
Тергеу судьясы өтінішхатты ол алынған кезден бастап үш тәулік ішінде қарайды және оның нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын белгілейді, бұл туралы прокурорға, күдікті мен оның іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатына хабарлайды. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады және наразылық білдіріледі. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу негіздерінің болуын көрсететін мән-жайлар туындаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
Тергеу судьясының жәбірленуші мен куәдан жауап алуы олардың айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат берген тұлғалардың, ал қажет болған жағдайларда процеске басқа қатысушылардың қатысуымен жүргізіледі. Егер күдіктінің жауап алуға қатысуы жәбірленушінің, куәнің қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, күдікті жауап алуға шақырылмайды. Айғақтарды сақтауға қою кезінде адамдардың сот отырысына қатысу үшін келуін қамтамасыз ету тергеу судьясына өтінішхат мәлімдеген тұлғаларға жүктеледі. Күдіктінің қорғаушысы адамдарды шақыру үшін тергеу судьясының алдына адамдардың жауап алуға келуін қамтамасыз етуге көмек көрсету туралы өтінішхат беруі мүмкін.
Прокурордың, қорғаушының, күдіктінің дәлелді себептер бойынша келмей қалуына байланысты жауап алуды жүргізу, егер осы баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында санамаланған мән-жайлар бұған кедергі келтірмесе, кейінге қалдырылуы мүмкін.
Тергеу судьясының жауап алуы мен жауап алу хаттамасын жүргізуі ҚПК-тің 347, 369, 370, 371-баптарының қағидалары сақтала отырып жүргізіледі.
Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тіркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қол қояды. Айғақтарды сақтауға қою кезінде болған процеске қатысушылар сот отырысы хаттамасының көшірмесін алуға және оған өздерінің ескертулерін келтіруге құқылы, оларды тергеу судьясы дәл сол күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан кейін сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескерту келтірілген болса, осы ескертулер және судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық іс материалдарына қосып тігу үшін процесс прокурорына жіберіледі.

1.2 Жауап алудың шарттары

Шақыру қағазы жауап алуға шақырылатын адамға одан қолхат ала отырып табыс етіледі не байланыс құралдарының көмегімен беріледі. Жауап алуға шақырылатын адам уақытша болмаған жағдайда, шақыру қағазы оның отбасының кәмелетке толған мүшесiне немесе тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй-пайдалану ұйымына немесе әкiмшiлiкке не жұмыс орны бойынша әкiмшiлiкке немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасы бойынша өзге адамдар мен ұйымдарға табыс етіледі, олар шақыру қағазын жауап алуға шақырылатын адамға беруге міндетті.
Жауап алынатын адам өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып шақырылуы мүмкiн.
Күзетпен ұсталып отырған күдіктi жауап алуға күзетпен ұстау орнының әкiмшiлiгi арқылы шақырылады және жеткізіледі.
Жауап алуға шақырылатын адам белгіленген мерзімде келуге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды келмеу себептері туралы алдын ала хабардар етуге міндетті. Жауап алуға шақырылатын адам дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда күштеп әкелінуі мүмкін не оған осы Кодексте көзделген өзге де процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
Он сегіз жасқа толмаған адам жауап алуға оның заңды өкілдері арқылы, ал олар болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы орган арқылы не оның жұмыс немесе оқу орны бойынша әкімшілігі арқылы шақырылады.
Әскери қызметші жауап алуға әскери бөлім қолбасшылығы арқылы шақырылады.
Жауап алу сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жерде жүргiзiледi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, егер оны қажет деп тапса, жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргiзуге құқылы.
Жауап алу кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, күндiзгi уақытта жүргiзiледi.
Жауап алу үзiлiссiз төрт сағаттан артық жүргiзiлмеуге тиiс. Жауап алуды демалу мен ас iшуге арналған кемiнде бiр сағат үзiлiстен кейiн жалғастыруға жол беріледі, бұл ретте жауап алудың бiр күн iшiндегi жалпы ұзақтығы сегiз сағаттан аспауға тиiс. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, жауап алудың ұзақтығы дәрiгердiң жазбаша қорытындысының негiзiнде белгiленедi.
Кәмелетке толмаған адамнан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, жалпы алғанда күніне төрт сағаттан артық жүргiзiлмейді. Кәмелетке толмаған адамның қажығаны анық болған жағдайда, жауап алу осындай уақыт өткенге дейін де үзілуі мүмкін.
Жауап алғанда кылмыстык оқиғаға катысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамнын катысқаны, істеген кылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және кылмыстык окиғанын басқа да мән-жайлары анықтала-ды. Бұлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей катысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ак, жауап алу аркылы тікелей кылмыстық оқиғаға катысы жоқ, бірак. кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, кылмыскердің кайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін кылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мүндай аралыктүрінің, кылмыстык оқиғаға тікелей қатысы болмасада, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып үстауда, істің кейбір мән-жайын аныктауда үлкен манызы бар.
Жәбірленушінің, куәнін жауаптары істегі баска деректерді нактылап, тергеушінін, соттын окиғаның мән-жайына толық канығып, тиісті шешім кабыддауына зор септігін тигізеді. Де-генмен, болған кылмыстын мән-жайын кылмыскердің өзінен артык. ешкім білмейді. Сондыктан кылмысты мойындап, өз кателігін дүрыс түсінген кылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірак оны асыра бағалап, оған ерекше сенімді лікпен карауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінен-бірінін артыкшылығы жок. Сондықтан кылмыскердін кылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен карау керек. Тіпті, кей жағдайларда кылмыскердін жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсак кылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр кылмыстарынан кұтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлык деректердің тұжырымды корытындысына ғана негізделуі тиіс.
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінін осы тергеу әрекетін өткізу адцывда жүргізген дайындық жүмыс-тары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не кылмыскер-ден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, кұжат-тарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толык танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында кандай мәселе-лерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге кандай сұрак кою керек екендігін және осы сүрактарды қандай кезекте кою керек екендігін алдын ала анык-тап, белгілеген жөн.
Жауап алуға дайындық үстівде қажет адамнын мінез-күлкы, моральдык және зияткерлік (интеллектуалдык) қасиеттері женінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта, қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.
Дайындық жұмыстарын еткізу барысында жауапты кай уакытта, қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шешкенде, жауап алуға шақырылатын куәнін денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген кауіп туса, одан уақыт еткізбей дереу жауап алған жөн.
Жауап алу уакытын белгілегенде тергеуші бұған өзінін бос уакыты бар ма, жок, па соны мұқият ескеруі тиіс. Бұрын баска тергеу әрекеттері жоспарланған, баска да жұмыстар қат-кабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шаршап жүргенде өткізілген шаранын сапасы, әрине, төмен болады.
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарланады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жүмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Кылмыскер камауда отырса, тергеуші одан жауапты кебінесе сол камау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, камау орнының әкімшілігі тергеушінін жүмыс бөлмесіне жеткізеді.
Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәден жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің калауы бойынша жасы толмаған куәнің ата-анасы да катысады.
Дайындык жүмысы жауап алу жоспарын күрумен аякталады. Жауап алынатын әр адамға арнап кұрған жоспарда, оған койылатын сүрақтар жазылады, істегі кандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді кандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар күру тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте кажет. Көп көріністі істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толык зерттеп, аныктауға көмектеседі.
Жауап алушы - тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қандай көлемде және кавдай мәлімет алуға болатынын білу үшін, куәнің, жәбірленушінің ойында жауаптың калыптасу ерекшеліктерін есепке алуы керек.
Жауаптың калыптасу процесі бірнеше кезеңнен күралады. Бірінші кезең - окиғаны, не істің баска бір мән-жайын қабылдау (көру, есту), екінші - осы кабыддап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші - осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге ай-тып жеткізу кабілеті.
Болған окиғаны қабылдап алу, оқиғаға катысты мәлімет-тердің толык қабыддануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер объективті және субъективті болып екі топқа бөлінеді. Объективті себептер -- көруге, естуге бегет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру мүшелерінің кабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер окиғаны шұғыл, таяң уақытта кабылдау, жарықтың түсу жағдайының нашар болуы, катты шудан нашар естілу, болып жаткан окиғаны алыстан көру, ауа-райының жаман болуы, кар не жауын жауып түрғанда окиғаны кабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анык керіп, естіп кабылдауына бегет жасайды, оқиға жөніндегі акпаратгың толыктығына, сапасына кері әсер етеді. Сондыктан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.
Кабылдауға субъективті түрде әсер ететін себептермен, яғни жауап беріп отырған адамның қабыддау мүшелерінің кемістігімен, есту, көру мүшелерінін кабылдау кабілетінін төмендігімен бірге, окиғаны толык және анык қабыддауға жауап беруші адамның мамандығы, жасы, интеллектуалдык. кабілеті, ол окиғаға зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жок па, міне, осының бәрі әсер етеді. Айталык, жол-көлік окиғасын екі куә бір кезде, бірдей жағдайда көрді дейік. Куәлардың біреуі -- айталык карт адам, екіншісі -- автокөлік жүргізушісі. Екеуі де окиғаны бір жерден бірдей кдшықтыктан көрді дейік. Мұндай жағдайда осы екі куәнін кайсысынан оқиға жөнінде толык мәлімет алуға болады? Әрине, окиғаны бірдей жағдайда көргенімен толык мәліметті жүргізуші бере алады. Ол машинаның маркасын, түрін ғана айтып қоймай, қай машина жол жүргізу ережесін бұзғандығы жөнінде де мәлімет бере алады. Байсалды, сабырлы адамның окиғаны кабылдау кабілеті, аңғалақ, жеңілтек адамға карағанда, әрине жоғары. Сабырлы, байсалды адамдар оқиғаның кейбір көзге көп іліне бермейтін маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнаралық байланыс пен бағыттылық
Электролиз заңдары
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні
Жауап алудың түсінігі, маңызы және түрлері
Дизентерия және ішек амебалары
Жарнаманың әсер ету процессі мен қабылдануы
Психологиялық консультация жайында
Өрт қауіпсіздігі
Геннің экспрессиясы
Пәндер