Кентау құрылыс алаңы


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 04-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларының технологиясы»

Курстық жобаға

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Тақырыбы:

Пән

Мамандығы

Орындаған

(студенттің Т. А. Ә, тобы)

Жетекші Қамбаров М. Ә, т. ғ. к., аға оқытушы

Жоба бағаға

(баға)

қорғалды

«__»

Нормобақылау

(Т. А. Ә)

Комиссия

(Т. А. Ә)

Комиссия

(Т. А. Ә)

Шымкент - 2013ж

Ф. 7. 05-04

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының технологиясы»

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

Көпжасаров Б. Т.

«__» 2013ж

«Өндірістік құрылыс негіздері» пәні бойынша курстық жобалауға

ТАПСЫРМА № __

Студент тобы: СМ-12-8к3

(Т. А. Ә)

Жоба тақырыбы

Бастапқы мәліметтер: құрылыс ауданы Кентау қ.

Технологиялық сызба
Габариттік сызба
Технологиялық сызба:
Технологиялық сызба: Негізгі өндірістік бөлмелер және олардың параметрлері, м
Габариттік сызба:
Өндірістік бөлім атаулары
№3 нұсқа
Технологиялық сызба: 1
Габариттік сызба: Металл қоймасы
24х42
Технологиялық сызба: 2
Габариттік сызба: Дайындау бөлімі
24х30
Технологиялық сызба: 3
Габариттік сызба: Сығымдағыштағы штамптау бөлімі
90х72
Технологиялық сызба: 4
Габариттік сызба: Жылулық бөлім
30х24
Технологиялық сызба: 5
Габариттік сызба: Механикалық өңдеу бөлімі
30х24
Технологиялық сызба: 6
Габариттік сызба: Дайын өнім қоймасы
30х24
Технологиялық сызба: 7
Габариттік сызба: Жөндеу - құрал-жабдық бөлімі
24х24
Технологиялық сызба:

Көлемдік-жоспарлық шешімнің

параметрлері, м

Габариттік сызба: l 1
24
Технологиялық сызба: l 2
Габариттік сызба: 24
Технологиялық сызба: L
Габариттік сызба: 120
Технологиялық сызба: H 1
Габариттік сызба: 14, 4
Технологиялық сызба: H 2
Габариттік сызба: 16, 2
Технологиялық сызба: Кранның жүккөтергіштігі, т
Габариттік сызба: Q 1
30
Технологиялық сызба: Q 2
Габариттік сызба: 50
Технологиялық сызба: Жұмысшылар саны
Габариттік сызба: Барлық ауысымдағы тізімдік саны
420
Технологиялық сызба: Ең көп ауысымдағы келу саны
Габариттік сызба: 240
Технологиялық сызба: Әйелдер
Габариттік сызба: 25
Технологиялық сызба: Инженерлік техникалық жұмысшылар және қызметкерлер, адам
Габариттік сызба: 30
Технологиялық сызба: Ауысым саны
Габариттік сызба: 2
Технологиялық сызба:

Кәсіпорын аумағындағы өзге нысандардың

габариті, м

Габариттік сызба: Завод басқармасы
18х36
Технологиялық сызба: Қосалқы-өндіріс цех блоктары
Габариттік сызба: 36х84
Технологиялық сызба: Металл өңдеу цехы
Габариттік сызба: 48х84
Технологиялық сызба: Жанар-жағармай қоймасы
Габариттік сызба: 18х24
Түсіндірме жазбаның мазмұны
Орындалу мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№:
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Кіріспе
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 1
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 1. 1
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Бас жоспар
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 1. 2
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Өндірістің технологиялық торабы
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 1. 3
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Цехішілік көтеріп тасымалдау жабдықтары
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Үйлердің көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдері
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2. 1
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Оңтайлы ұстын торын таңдау
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2. 2
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Үйлердің негізгі көтергіш және қоршау элементтері мен олардың конструкциялық шешімдерін таңдау және негіздеу
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Қоршау элементінің жылутехникалық есебі
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Қоршаған ортаны қорғау
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№:
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Қорытынды
Орындалу мерзімі:
Көлемі(парақ саны):
Сызба бөлімінің мазмұны
Орындалу мерзімі
Көлемі (парақ саны)
формат
№: 1
Сызба бөлімінің мазмұны: Бас жоспары, цех жоспары, тік қимасы, түйіндер (3кем емес)
Орындалу мерзімі: 07. 12. 2013
Көлемі (парақ саны): 1
формат: A-I

Ұсынылатын әдебиеттер:

1

2

3

4

5

6

Тапсырмалардың берілген күні

Жобаны қорғау күні

Жобаның жетекшісі

(Т. А. Ә, лауазымы, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылданды

(студенттің қолы, күні)

Кіріспе

Қазіргі өндіріс кәсіпорындарын ең алдыңғы технологиялық процестің талаптарын есепке алып жобалау керек. Өндірістік құрылыстың қарқынын үдету және оның сапасын жоғарылату үшін ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері қолданылады.

Жаңа нысандардың құрылысы алдын-ала дайындалған жобалық құжаттар бойынша жүргізілетіні баршаға мәлім. Оның негізін құрайтын графикалық, яғни сызбалар орындау техникасын меңгеру барысында сәйкес қабілеттілікке ие болу үшін, кеңінен тараған құрылымдардың түрлерін және оларды құрайтын элеметтерді, үймереттер мен ғимараттардың құжаттарының графикалық бөлімін орындаудағы қойылатын талаптардың орындалғаны жөн.

Құрылыстық сызбалар деп құрылыс нысандарды тұрғызу, сонымен қатар оларға қатысты құрылыстың бұйымдар мен құрылымдарды дайындау, қажетті нысандардың және оның бөліктерінің проекциялық кесінділері берілген сызбаларды айтады.

Құрылыстық сызбалардың мазмұны және безендірілуі, көбінесе жобалау сатысына, үймереттердің типтері мен олардың қай жерде қолданылуына байланысты.

Өндірістік үйлердің жоспарлық шешімдері, яғни өндіріс үйінің қабаттылығы, ғимараттардың жоспардағы өлшемдері, конструкциялық шешімдері, транспорттық жолдар, вентиляция және жарықтандыру, жылыту әдістері және тағыда басқа тікелей өндірістің технологиялық процестеріне байланысты болады.

Өндіріс ғимараттарын жобалау кезінде еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы, қоршаған орта қауіпсіздігі талаптарына сай орындалуы тиіс. Конструкциялардың беріктігі және ұзақ мерзімділігі мен үнемділігі, өрт қауіпсіздігі, санитарлық - техникалық күйінің жоғарылылығы, архитектуралық - көркемдік безендірілуі де қарастырылуы қажет.

Жалпы өндіріс цехтарын, ғимараттарын жоспарлау кезінде негізінен функционалдық, техникалық, экономикалық, архитектуралық талаптардын ескеріп, өнім шығару процестерінің және еңбек етуші жұмысшыларының жағдайы қарастырылады. Өндірістік үйлер құрылысы қоғамдық ғимараттар құрылысынан айрықша болып келеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы жылдары құрылыста үлкен өзгерістер болды. Жаңа сәулеттік шешімдер және конструкциялар, жобалау, есептеу әдістері сонымен қатар жүк көтергіш және қоршау конструкцияларына арналған құрылыс материалдары пайда болды. Құрылыстың мөлшерлі құжаттары жаңартылды. Өндірістік үйлер құрылысы қазіргі таңда қарқынды даму үстінде.

Ғылыми жаңарту ретінде заманауи құрылыс материалдарындың (жылытылған жеңілбетон, пластикті есік терезелер, шатыр материалдары және әрлеу матералдары) әртүрлі конструкциялық шешімдердің ғимаратты жобалау барысында мүмкіндігін қарастыру.

Негізгі мақсаты және зерттеу нысаны. Курстық жұмысты орындаудың негізгі мақсаты теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру, техникалық мөлшерлік құжаттарды қолдана білу, функционалдық процестерді ескере отырып көлемдік-жоспарлық шешімді қабылдап үйрену, заманауи конструкциялық элементтерді жетік қолдана білу: жабын материалдары, ұстындар, едендер.

  1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы

Соқпалы-баспақтау цехы машина жасау зауытының құрамында орналасқан өндіріс цехы болып табылады. Цех шыңдалған машина бөлшектерін сериялық өндіру үшін тағайындалған.

Соқпалы-баспақтау цехы келесі бөлімдерден тұрады:

-өндірістік бөлімдер, яғни дайындау, штамптау, жылулық тазарту және тазарту бөлімдері;

-көмекші бөлімдер: құрал - жабдықтар - штамптау, жөндеу - механикалық;

-металдар, дайын өнімдер, көмекші материалдардың, құрал - жабдықтардың қоймалары;

-қызметтік және тұрмыстық бөлімдер.

Өндірістің негізгі шикізаты ретінде шыбықтар және табақшалар түріндегі дайын металл бөлшектері қолданылады. Металл қоймасынан шикізат дайындау бөліміне жеткізіледі. Дайындау бөлімінде қайшымен және дөңгелек аралармен қажетті металды кесу процессі жүреді. Кейіннен штамптау бөлімінде металдың қыздырылуы жүргізіледі және керекті қалыпқа келтіріледі. Әрі қарай бөлшектер жылулық өңдеуден, механикалық тазарту және өңдеуден өтеді. Нәтижесінде бақылаудан соң бұйым дайын өнім қоймасына жөнелтіледі.

Құрал-жабдықтарды жөндеу үшін жөндеу-құрал-жабдықтар бөлімі қарастырылған.

Цех үш бірдей биіктікті және көлденең аралықты бойлық аралықтардан тұрады.

Цехтағы жүктердің тасымалдануы көпірлік крандар көмегімен жүзеге асады. Металл қоймасына дайын бөлшектер теміржол вагондарымен жеткізіледі. Арнайы көтергіш - транспорттық машиналар ауыр дайын бөлшектерді пешке және пештен қайта преске тасымалдауға арналған.

Соқпалы-баспақтау цехы заманауи техникамен жабдықталған. Цех бас жоспарын жоспарлау кезінде жел бағыты анықталып, құрылыстық нормалар мен ережелері бойынша жоспарланған.

Соқпалы-баспақтау цехындағы жұмысшыларды екі санатқа бөлуге болады. Олар өндіріс жұмысшылары, яғни машиналарда жұмыс атқаратын жұмысшылар, балғалардағы және престердегі машинистер, крандағы жұмысшылар, жүккөтергіш машиналарының машинистері, жылулық өңдеу жұмысшылары, металдарды кесу, тазалау және өңдеу жөніндегі жұмысшылар. Ал, кәсіпорындағы көмекші жұмысшылардың мөлшері негізінен 30 - 35 %-ды құрайды, кейбір соқпалы-баспақтау цехтарында 85 %-ға дейін жетеді.

Инжинерлік және техникалық жұмысшылар 10 - 12%-ды құрайды. Есептеу- кеңселік жұмысшылар жалпы 3 - 5%-ды, ал кіші қызмет көрсетуші жұмысшылар 1 - 2%-ды құрайды.

Соқпалы-баспақтау цехындағы қажетті металл мөлшерін дайын шыңдалған өнім салмағы және қалдығына байланысты анықталады.

Бөлшектік жоспарлау кезінде қажетті металл салмағын керекті дайын өнімді технологиялық карта бойынша есептеу арқылы табады. Осы негіздерді есепке алып жылдық қажетті металл мөлшерін анықтайды.

Жанар-жағармай түрін таңдау кезінде жергілікті талаптарға сай және оны қолдану тиімділігі есепке алынады. Пештердегі жанар-жағармай ретінде мазут, көмір, газ қолданылады. Заманауи баспақтау цехтарында сонымен қатар пештерде электрлік қыздыру қолданылады.

Жылдық жанар-жағармай қажеттілігі 1 т металл үшін кететін тонналық жанар-жағармай бөлуі және шығындалатын жанар-жағармай мен шығарылатын дайын өнімнің салмақтарының пайыздық қатынасына байланысты анықталады.

Жанар-жағармай тура қажеттілігін пештердегі жылу қуаттылығы арқылы анықтауға болады.

Соқпалы-баспақтау цехтарындағы гидравликалық шыңдау және бу - гидравликалық престерде, соғу машиналарының штамптарын салқындату кезінде және фрикциондық престерде, пештік арматураларда өндірістік су қажеттілігі болады.

Цехтың аумағын жайластыру цехта жүргізілетін технологиялық торабына байланысты орындалған. Цехтың аумағындағы қоймалар өзара ыңғайластырылған. Сонымен қатар цех аумағында көгалдандыру жүргізілген және еңбек етуші жұмысшыларға демалыс орындары қарастырылған.

Жалпы соқпалы-баспақтау цехы, барлық жағынан, техникалық, архитектуралық, функционалдық, экологиялық және экономикалық жағынан толықтай қамтылған.

Цехтағы барлық құрылғылардың орналасуы олардың типтері және технологиялық торабы принциптеріне байланысты.

Құрылғылар типтері бойынша бөлек топтастырылып орнатылады, яғни бу балғалары бір топқа, пневматикалық құрылғылар бір топқа, престер бөлек бір топқа топтастырылды. Біркелкі және кіші сериялы өндірістерде құрылғылар типтері бойынша орналасады.

Технологиялық торабы принциптеріне байланысты құрылғылар технологиялық картадағы бағдар бойынша орналасады. Бұл кезде шикізатты алып келуі және оның өңделу жолдары, дайын өнім шығарылынуына дейінгі жолдар қарастырылған.

Цехта ауа алмасуды қамтамасыз ететін аэрациялық фонарлар орнатылған.

  1. Бас жоспар

Заманауи жасау зауытының құрамына кіретін барлық цехтар мен құрылғылар тағайындалуы мен сипаттамасына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Зауыт құрамы бірқатар жағдайда өнім шығару деңгейіне, технологиялық торабы және басқада өндірістік факторына қарай анықталады.

Бірқатар жағдайда цех құрамы мен құрылғы зауыты олардың өндірісінің мамандандырылу деңгейіне және басқа зауыттар, кәсіпорындар мен аралас өндірістермен байланыста болады.

Цехтың бас жоспарын жасауда қоймалар арасындағы тиімді жолдар таңдалды.

Өндірістік үйлерді тиімді орналастыру үшін үлкен топтарды бір-бірінен ажыратпай топтастыру қажет. Мұндай топтар өндіріс аумағын құрайды. Заманауи үздік техникамен жабдықталған өндіріс комплекстері өндіріс кәсіпорындары аумағынан алшақтау орналасуы мүмкін.

Қалалық өнеркәсіптік аумақтарда өндірістік зиянды газ (газ, түтін, шаң, жағымсыз иістер) шығарылатындықтан жел бағытына байланысты орналастырылуы қарастырылады. Бұдан басқа өндірістік зияндылығына байланысты қаланың халқы қоныстанған аумақтан алшақ болуы шарт.

Өндірістің зиянды аумағы мен халық қоныстанған аумақ арасындағы жолдары санитарлық-қорғаныс жолағы болып табылады, ол 50, 100, 300, 500, 1000 м - ден кем болмауы керек.

Цехтың бас жоспары құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын ескерумен жобаланды. Бас жоспар шешімі өндіріс торабына, еңбек жағдайына қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарына, жер телімінің тиімді қолданылуына жауап береді. Сонымен қатар құрылыс алаңында үйлер мен ғимараттардың орналасуы құрылыс тығыздығы көрсеткішінің нормаларын қамтамасыз етеді. Үйлердің, ғимараттардың және транспорт жолдарының орналасуы цехтағы еңбек пен өндірістік торабы үшін ыңғайлы жағдайда жобаланған.

Цехтың құрылыс ауданын таңдауда жергілікті жер рельефтерін, жер асты суларының болуы және олардың деңгейі қарастырылды.

Цехтың аумағының жайластырылуы кезінде сыртқы өндірістік транспорттық және басқа да қоршаған кәсіпорындармен байланысын тиімді ұйымдастырылуы қарастырылды. Соқпалы-баспақтау цехының бас жоспары өндіріс алды және өндіріс аймағы, сонымен қатар металл өңдеу қоймасы, қосалқы өндірістік цех блоктары, жанар-жағармай қоймасы, әкімшілік бөлімі, демалыс орындарымен қамтылған. Цехтың өндіріс алды аймағында зауыт басқармасы, асхана, медициналық бөлім орналасқан.

Цех аумағында көгалдандыру және демалыс орындары қарастырылған. Сондай-ақ жұмысшылардың еңбек жағдайының талаптары ескеріліп, газон, шыршалар, декоративті ағаштармен қамтылған. Сонымен қатар көше орындықтары орнатылған.

Өндіріс аумағындағы қоймалар өзара технологиялық торабына байланысты тиімді орналасқан.

Бас жоспар шешімі өндіріс технологиясына қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайына, еңбек жағдайына, жер бөлімдерін тиімді пайдалануға жауап береді. Цех аумағындағы транспорттық жолдардың орналасуы өндірістік торабы мен еңбек өнімділігінің тиімді жағдайын қамтамасыз етеді.

Бас жоспарды қорытындылай келе негізгі талаптар:

-өндірістік бөлімшелерді технологиялық торабы бойынша орналастыру - шикізаттар қоймасы, материалдар және жартылай өнімдер, дайындау, өңдеу, құрастыру цехтары, дайын өнім қоймалары;

-көмекші бөлімдері, шаруашылықтарды, яғни олар қызмет көрсететін негізгі өндірістік цехта жақын жерде орналастыру;

-шикізаттарды, материалдарды, жартылай өнім және дайын өнімдерді тасымалдаудың ең қысқа жолдары;

-кәсіпорынның сыртқы комуникациясын және инжинерлік тораптарды, жолдарды, теміржолдарды және т. б. қызмет көрсетеді;

-кәсіпорынның ішінде тиімді кіріс жолдарын құру. Олар шикізат қоймалары, материалдар және жартылай өнім және дайын өнім қоймалары сияқты жинақталуы тиіс.

Бас жоспар соқпалы-баспақтау цехы құрылымының алдағы уақытта даму мүмкіндіктерін, сонымен қатар шығындардың жоғарылау, төмендеу нәтижелерінің, жетістіктерінің орындалу талаптарын қамтамасыз етуін қарастырады.

Құрылыстың ауданы, оның тиімді тығыздығы мен қабаттылығы капиталды салымдарды, өңдеуде құрылыс жұмыстары мен ішкі зауыттың тасымалдау көлемдерін төмендетуге, коммуникация ұзындығын қысқартуға, өндірістік циклдың уақытын азайтуға, өндірістік және қосымша процестерді механизациялау мен автоматтандыруды кешенді түрде енгізуге, дайын өнімнің қоймадағы уақытын қысқартуға, еңбек өнімін жоғарылатуға, өнім сапасын жақсартуға, өндіріс шығындарын төмендетуге, пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.

  1. Өндірістің технологиялық торабы

Машина бөлшектерін дайындау технологиялық торабын жобалаудың мақсаты - өңдеу жұмыстарының тиімді әрі үнемді болуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдайда металл бөлшектерді кесу станоктарында өңдеу кезінде барлық талаптар ескерілуі міндетті. Осылайша жобаланған технологиялық торабы барлық өңдеу процестерінің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Соқпалы-баспақтау цехы өндірісінің негізгі тәсілдері келесілері: балғалы еркін соғу және темір соғу престерінде, штамптау, темір соғу машиналарында соғу, автоматтарда, металдар мен қорытпаларды прокат станының айналмалы білектерінің арасына салып қысыммен өңдеу. Қолмен соғу тәсілі тек қана майда және жөндеу жұмыстарында және кіші соқпалы-баспақтау цехтарында қолданылады.

Соқпалы-баспақтау цехтарында жұмыстар үшін әртүрлі типтегі соғу балғалары қолданылады. Мысалы, бу мен әуелік, қозғалтқыш пневматикалық және механикалық ( тақтайшалы және белбеулі рессорлық және фрикциондық) . Соқпалы-баспақтау цехтарында әртүрлі типтегі престер қолданылады. Олардың қатарына механикалық соғу, штамптау және калибрлеу, нақыштау, кесу, фрикциондық және де көлденең соғу машиналары, автоматтар және жартылай автоматтар, соғу біліктері престері жатады.

Цехта шыңдалған машина бөлшектері сериялық түрде шығарылады. Өндірістің негізгі шикізаты ретінде шыбықтар және табақшалар түріндегі дайын металл бөлшектері қолданылады.

Дайын металл бөлшектері металл қоймасынан дайындау бөліміне жеткізіледі. Дайындау бөлімі әртүрлі геометриялық формадағы шикізаттарды кесу, бөлу жөндеу және сыдыру қызметін атқарады.

Дайын өнім бөлімінің құрылғыларының соқпалы баспақтау цехында орналасуының ерекшеліктері болады. Ірі соқпалы-баспақтау цехтарында дайын өнім бөлімдері орнатылады. Дайын өнім бөлімдерінде қайшылар және металдарды кесуге арналған арнайы аралар, механикалық немесе гидравликалық престер, газ апараттары, плиталар жабдықталған. Осы құрылғыларды қолдана отырып дайын металл бөлшектерді кесу процессі жүзеге асады. Металл кесу процестерінің шартты режимі анықталады, яғни кесу тереңдігі және уақыты, жылдамдығы. Кейіннен дайындау бөлімінде өңделіп шыққан өнімді штамптау бөліміне жібереді.

Штамптау бөлімінде металдың қыздырылуы жүргізіледі және керекті қалыпқа келтіріледі.

Штамптау әдістері еркін соғу әдістеріне қарағанда кеңінен қолданылады, өйткені штамптау әдісінің басымдылықтары көп. Оларға келесілерді жатқызуға болады:

-соғу кезіндегі сапасының өсуі, металл структурасының беріктігі және өнім беріктігі;

-өнім шығару жоғарылылығы;

-соғу өндірісінің дәлдігі ( кейбір өндірістерде өнім әрі қарай механикалық өңдеусіз немесе аз ғана өңделуімен дайындалады) ;

-металл шығынының азаюы және оның тиімділігі;

-жанар-жағармай шығынының азаюы;

-төмен квалификацияланған жұмыс күшін қолдану мүмкіндігі;

-өнім бағасының арзандауы.

Штамптағы соғу кезінде әртүрлі балғаларды өндіріс түріне байланысты қолданады. Үлкен және орташа соғу кезінде бу мен әуелік балғалары, майда соғу кезінде тақтайшалы және белбеулі фрикциондық соғу балғалары қолданылады. Штамптағы соғулар сериялық және барлық өндірістерде, үлкен көлемді өндірістерде қолданылады.

Көлденең соғу машинасының жұмысы металды тұндыруында болып табылады. Мұндай машиналарда әртүрлі формадағы шыңдалу өнімдері жасалынады.

Ірі шыңдалу өнімдерін дайындау кезінде бу-гидравликалық пресстер қолданылады.

Штамптау бөлімінен өткен материалдар әрі қарай жылулық өңдеуден, механикалық тазарту және өңдеуден өтеді. Нәтижесінде барлық бақылаудан өткен өнім дайын өнім қоймасына барады.

Цехтың технологиялық процестерінің түрлері және анықтамалық сипатын технологиялық карталар арқылы білуге болады. Оның ішінде құрылғы бөлшегінің аталуы және нөмірі; бағдарлама бойынша мөлшері және салмағы; материал және оның аталуы, маркасы, өлшемдері және салмағы; пайыздық өлшемі және салмағы берілген қалдықтар; дайын өнімдердің түрлері, өлшемдері және салмағы; соқпалы операциялардың аталуы және нөмірі мен пайдаланылатын құрылғылардың типтері; күштілігі; керекті құрал-жабдықтар; құрал-жабдықты орнату уақыты; қыздыру температуралары; бір өнімді шығаруға кететін уақыт; бір жылдық жоспарды орындауға кететін уақыт мөлшері және керекті құрал-жабдықтар; еңбек етуші жұмысшылардың саны және олардың қызметі мен дәрежелері.

Жалпы өндіріс барысын жоспарлау кезінде құрылғылардың орналасуын материалды өңдеу кезінде жүктердің бағытын, яғни материалдардың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің жүру жолдарын барынша қысқа және ыңғайлы етіп орналастыру қажет.

  1. Цех ішілік көтеріп тасымалдау жабдықтары

Цех ішілік көтеріп тасымалдау жабдықтары негізінен шикізаттарды, дайын өнімдерді және басқада жүктерді цех ішінде технологиялық торабы бойынша тасымалдауға тағайындалған. Ол станокты, жиналмалы стендті жұмыс орындарына, цехтік және қоймалық бөлмелерде қызмет көрсетеді. Транспорттық құрылғы ретінде электрлік, авто және қол арбалар, қалыпты енді және енсіз теміржолдар, бұрылыс крандары, көпірлік крандар, конвейерлер, рольгангалар, скаттар, лифттер, пневматикалық көтергіштер, склиздер қолданылуы мүмкін.

Негізінен цех ішілік транспорттарды таңдауда шығарылатын өнімнің сипаттамасы, оның өлшемдері және салмағы, өндіріс түрі және жұмысты ұйымдастыру формалары, жүктер айналымының өлшемі, транспорт тағайындалуы секілді факторларға сүйенеді.

Цех ішілік транспорт өндірістік процесс кезінде рационалды және тиімді қызмет ететіндей таңдалады. Ол үшін әрбір жүкті тасымалдауға кететін уақытты есептеп, оны өндірістік торабының ырғақтарына сәйкес келетіндей етіп алады.

Соқпалы-баспақтау цехтарында кең таралған транспорт түріне көпірлік крандар жатады. Олардың басымдылығы ретінде жүк көтергіштігі және транспорттық құрылғы ретінде қолданылуын айтуға болады. Ол цехтың бүкіл аумағында қызмет көрсете алады. Аралықтардың ені 40 метрден асады, жүккөтергіштігі 350 тонна және одан да көбіне жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтын негізі
Түркістан
Оңтүстік Қазақстан облысы
ТҮРКІСТАН ҚАЛА ҚҰРЛЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Кентау экскаватор зауытының модернизациядан өткен механикалық цехті электр энергиясымен жабдықтау
Оңтүстік Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық факторлары
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылыс кешені және оны бағалау
Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзендерді ғылыми тұрғыдан зерттеу
Оңтүстік – Қазақстан және Қарағанды облыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz