Өндірісті ұйымдастыру процесстері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

  1. Кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлаудың теоретикалық-әдістемелік негіздері . . . 4Өндірісті ұйымдастырудың мәні мен принциптері . . . 4Негізгі өндірісті жоспарлау . . . 8Кәсіпорынның өндірістік процестерді ұйымдастыру әдістері . . . 9
  2. «Құрылыс материалдары» кәсіпорнындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау . . . 11Компанияның ұйымдық сипаттамасы . . . 11Кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау . . . 12
  3. Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлауды жетілдіру жолдары . . . 13

Қорытынды . . . 14

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 15

КІРІСПЕ

Кез келген өндіріс кеңістікте және уақыт өтеді. Бұл тұрғыда, өндірісті ұйымдастыру әр түрлі және көптеген компоненттерге байланысты болады. Нарықтық экономика жағдайында әрбір өндіріс орыны өзінің принциптері мен өндіріс процесін жоспарлайды.

Өндіріс түрлі формалар мен әдістеріді пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Сол уақытта кез келген өндірістік процестің негізгі принциптері орындалуы тиіс. Атап айтқанда, оның үздіксіздігі мен ырғақтылығы сақталуы керек. Осы принциптердің мәні мен оларды өндірісті ұйымдастыру әдістерімен жүзеге асыру кез келген экономика маманы үшін маңызды. Осыған байланысты зерттеу объектісі мен затының рөлі өседі.

Кәсіпорын экономиканың субъектісі жұмыста зерттеу заты болып табылады.

Осы курстық жұмыстың негізгі зерттеу объектісі - негізгі өндірісті ұйымдастыру мен нақты бір кәсіпорын ішінде жоспарлау және оның өндірістік мүмкіндіктері болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: тақырыпқа байланысты білімді жан-жақты зерттеп, бірнеше теориялық және әдістемелік материалдармен таныса отырып жүйелеу.

Осы мақсатқа жету үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • Негізгі өндірісті жоспарлау мен өндірісті басқарудың теоретикалық әдістемелік негіздеріен бөліп алу;
  • Кәсіпорынның өндірістік құрылымын сипаттау мен кәсіпорында негізгі өндірісті жоспарлау сипаттамасын беру;
  • Өндірістік сектор кәсіпорындарында жоспарлауды жақсарту жолдарын ұсынуға;
  • Бұл жұмыстың нәтижелерін қорыту.
  1. Кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлаудың теоретикалық-әдістемелік негіздері. Өндірісті ұйымдастырудың мәні мен принциптері.

Негізгі өндірістің алғашқы түйіні жұмыс орыны болып табылады. Жұмыс орны дегеніміз жұмысшы немесы жұмысшылар тобы тиісті жабдықтар мен техникалық құралдарды пайдалана отырып өнімді өндіру бойынша белгілі бір операцияны орындауға немесе өндіріс процессіне қызмет көрсетуге арналып бөлінген өндіріс алаңының бір бөлігі.

Жұмыс орнының түрі мен ерекшелігін негізінен оның құрылымы анықтайды. Бір жұмыскер бір жабдықпен жұмыс істесе, жұмыс орны қарапайым болуы мүмкін. Бір жұмысшы бірнеше жабдықпен жұмыс істесе, көп станокты болуы мүмкін. Жұмысшылар тобы бір құрылғыны басқарған кезде ұжымдық болуы мүмкін.

Техникалық жабдықталу деңгейін көтерген кезде жұмыс орны күрделенеді: қиын механизмдер мен машиналар негізінде комплекстік жұмыс орындар басым бола бастайды, ал жұмыскерлердің функциясы машиналарды күту мен өндіріс процесін қадағалауға ауысады.

Жұмыс орын топтары өндірістік учаскелерге бірігеді. Осында дайын өнім өндіру немесе технологиялық процессті орындау сатысында өндіріс процессінің жергілікті біткен бөлігі орындалады.

Кәсіпорнынның бастапқы құрылымдық немесе өндірістік бірлігі учаске болып табылады. Өндірістік учаскенің өнімдері кәсіпорынның ішінде қайта жасап шығаруға немесе процесстің қорытынды кезеңін орындау үшін арналған. Учаскелер саны, құрамы және олардың арасындағы өндірістік байланыс үлкен өндірістік бөлімшелердің (цех) құрымы мен жалпы кәсіпорынның структурасын анықтайды.

Біртектес немесе бір-бірімен нық біріккен кооперацияланып байланысқан учаскелер өндірістік цехтарды құрайды. Цехта өнімнің аяқталған бөлігі жасалады немесе технологиялық процесстің қандай да бір сатысы жүріп жатады. Цехтің өнімі кәсіпорында да, одан тыс та қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ ол дербес бір кәсіпорынның дайын өнімі бола алады.

Үлкен зауыттарда цехтар бірігіп корпусты құрайды. Маңайында өндірістік учаскелер, цехтар, корпустар қалыптастыратын, өндірістік процессті бөліктерге бөлу, шартты түрде және елеулі шамада өндірістің масштабымен анықталады.

Осылайша, цех дегеніміз осы немесе басқа кәсіпорындарда қолданылатын жартылай дайындалған өнім шығарылатын, өнім (немесе оның бір бөлігі) өндірілетін немесе өндірістің белгілі бір кезеңі орындалатын кәсіпорынның өндірістік әкімшілік-жекеленген бөлімшесі.

Ұсақ және ортанша кәсіпорындардың көбі цехсыз структурада құрылған. Ондай жағдайда кәсіпорын тек өндірістік учаскелерден ғана құралады.

Әдетте цехтар мен өндіріс учаскелерінің келесі түрлері болады: а) негізгі, б) көмекші, в) күтуші, қызмет көрсетуші және г) жанама, қосалқы.

Негізгі цехтарда және өндірістік учаскелерде негізгі шикізатты немесе жартылай фабрикатты касіпорынның дайын өніміне айналдыру (мысалы, машина жасау зауытындағы құю, механикалық және құрастыру цехтары) үшін өндірістік процесстің арнайы сатысы, не тікелей бір затты немесе оның бөлігін жасау (мысалы, тоңазытқыш цехы, т. б. ) бойынша бірнеше сатылар қатары орындалады.

Көмекші цехтар және учаскелер негізгі өнімді шығаруға жағдай жасайды, негізгі цехтардың дұрыс жұмыс істеуіне керек көмекші өнім түрлерін өндіреді: оларды құралдармен жабдықтандырады, энергиямен қамтамасыз етеді және т. б.

Өндірістің қарапайым элементтері бірыңғай әрекеттегі процесске бірігу үшін өндірісті ұйымдастыру қажет, яғни қарапайым элементтер мен өндіріс учаскелерінің үйлесуі болып табылады.

Өндіріс процессінің элементтері сапалық белгі мен саны бойынша бір-біріне лайық болуы керек. Сонымен, жүйеге деген талаптарды өзгерту және бөлшектерді өңдеудегі дәлдік сәйкес дәлдікті және күрделі құралдарды, қосымша бақылау аспаптарын, жоғары дәрежелі еңбекті қолдануды талап етеді. Жоғары беріктік материалдарды қолдану құралды қолдану режимін, кейде өңдеу әдістерін өзгертуді талап етеді. Жаңа машинаның, механизмдердің, техникалық процесстердің түрлерін қолдану үшін тиісті білікті мамандарды дайындау керек.

Өндірісті ұйымдастыру өндіріс кәсіпорынындағы еңбекті ұйымдастырумен тығыз байланысты. Бір жағынан, еңбекті бөлу және кооперациялау өндірісті тиімді ұйымдастырудың алғышарттары болып табылады. Екінші жағынан, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру еңбектің өнімділігін жүйелі көтеруге, еңбек жағдайын жақсартуға, кәсіпорын жұмыскерлерінің мәдениет деңгейін көтеруге жағдай жасайды.

Өндірістік процессті ұйымдастырудың көптеген сұрақтары бұйымды жасау технологиясын дамыту, оны өндіруге керек жабдықтар, материалдарға қойылатын талаптар, өндірістік бөлімдер бойынша жұмысты бөлу кеңістік өндірісті ұйымдастырудың нұсқасын негіздеу кезінде алдын ала жобалау кезеңінде анықталады. Әдетте бұл жұмыс конструкторлық жобалық, технологиялық және ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларымен орындалады.

Өндірісті ұйымдастыру, Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру - өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын - салалық және ішкі салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды.

Өндірісті ұйымдастыру қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан қоғамдық еңбек бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен кәсіпорындардың мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және негіздеуді, өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын қамтиды. Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай еңбек бөлінісінен туындайды, ол еңбектің кәсіпорын ішіндегі бөлінісі мен ұштастырылуын қамтиды. Өнеркәсіп өндірісін кеңістікте ұйымдастыру өнімді дайындау үдерісінің жеке үдерістерге бөлшектелуінен және кәсіпорынның жекелеген өндірістік буынынан тұрады. Осы деңгейде өндірісті ұйымдастырудың үш түрін бөліп алуға болады, олар: үдерісті жұмыс орнында, цех ішінде және цехтардың арасында ұйымдастыру.

Негізгі өндірісті ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Олардың атқарымдық міндеті - машиналар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс жағдайында болуын қолдау, энергиямен, еңбек заттарымен, құрал-саймандармен, аспаптармен, бейімдемелермен қамтамасыз ету. Көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастыруда кәсіпорын мен басқа да бөлімшелердің аспаптық және жөндеу өндірісінің, көлік және энергетикалық шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру қамтылады. Өндірістің оңтайлы ұйымдастырылуы тиісті сапада өнім өндіру көлемінің ұлғайтылуын, бұйымдардың жетілдірілуін, еңбек өнімділігінің арттырылуын, өндіріс шығынының азайтылуын, еңбек жағдайының жақсартылуын, кадрлардың мәдени-техникалдық деңгейінің көтерілуін қамтамасыз етеді.

  1. Негізгі өндірісті жоспарлау.

Негізгі өндірісті жоспарлаудың басты объектісі өндірістік бағдарлама болып табылады.

Болжанатын сату көлемі және кәсіпорынның өнім шығуы негізінде мемлекеттік тапсырыс пен тұтынушылар сұранысының нарығын зерттеу процессінде айқындалған тұтынушының тапсрыс есептері өндірістік бағдарламаны қалыптастырады.

Мемлекеттік тапсырыс өнім шығаратын, маңызды халық шаруашылық мәні бар немесе жеткіліксіз қамтамасыз етілген халық топтарына тұтыну үшін кәсіпорынмен әкелінеді. Мемлекеттік тапсырыстар жүйесі нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде қолданылады. Олардың орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тапсырыс жұмысты тиімді жасау жолын қамтамасыз ететін компанияларға тапсырылады.

Өндірістік программа үш бөлімнен тұрады: табиғи түрде өнім өндіру жоспары, құндық түрде өнім өндіру жоспары, табиғи және құндық түрде өнімді сату жоспары.

Табиғи түрде өнім өндіру жоспары номенклатура бойынша өнім шығару көлемі, ассортимент және физикалық бірліктегі өнім сапасы бойынша тапсырманы құрайды.

Номенклатура - кәсіпорынмен шығарылатын өнімдердің іріленген тізімі. Ал ассортимент оның құрамын түрі, типі, сұрыпы, үлгісі және т. б. белгілері бойынша сипатталады.

Өндіріс пен табиғи түрде өнімді сатуды жоспарлау нарыққа қажетті белгілі өнім түрін шығаруды анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Кәсіпорынның өндірістік процестерді ұйымдастыру әдістері.

Өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістері үздіксіз, топтамалық және дара болып табылады (1-сурет) .

1-сурет. Өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістері.

Өндірісті ұйымдастырудың әдістерінің ішіндегі ең ілгеріндісі үздіксіз әдіс болып табылады. Ол өндірісті ұтымды ұйымдастырудың барлық принциптерін шамалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Үздіксіз өндіріске тән: а) өндіріс процесстерін біршама үлкен емес операцияларға бөлшектеу және оларды жұмыс орындарына қатаң орнықтыру; б) анық және операцияны орындау реттілігінің бір мәнді анықтамасы мен технологиялық процесс барысында жұмыс орындарының орналасуы; в) бір жұмыс орнынан екіншісіне қарай еңбек затының бірбағыттылық қозғалысы мен тоқтаусыз істейтін немесе жүріп тұрған көлікті қолдану; г) барлық немесе бірнеше жұмыс орындарында операцияларды параллель орындау.

Құрылымды және технологиялық ұқсас немесе біркелкі өнім шығару бір өндірістік түйінде жинақталу үздіксіз өндірістің алғышарттары болып табылады. Біркелкі өнімді тұрақты шығару тән жаппай өндірісте ағын ұйымдастырудың негізгі формасын ұсынады. Кесек және орташа сериялық өндірістерде ағымда түрлі конструкцияларда қолданылатын кең қолданылыстағы түйін мен бөлшектер жасалады. Өндірісті үзіліссіз ұйымдастырудың элементтері ағымда жасалатын бірнеше конструктвті өнім түрлері және әр түрлі бұйым жасауда қолданылатын дара өндіріске де енеді.

Жұмыс орындарын тұрақты және тар көлемді мамандандыру автоматтандырылған және механикаландырылған жоғары өнімді құрылғыларды қолдануға жағдай жасайды, кейде қайта жөндеу үшін құрылғылардың тұрып қалуын жояды, еңбектің өнімділігінің өсуін қамтамасыз етіп, көмекші операциялардың үлесін азайтады. Әдеттегі үздіксіз өндірісті жоспарлаудың мысалы ретінде келесі сурет бола алады (2-сурет) .

2-сурет. Үздіксіз өндірісті жоспарлау.

Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялық) әдісі өнімді сериялап шығарумен белгіленеді, және осыған орай жұмыс орындарында өңделетін өнім түрлерінің өзгеруімен, сондай-ақ өнімнің жаңа сериясын жасауға арнап құрал-жабдықты қайта реттеудің салдарынан оның жұмысындағы мерзімді түрдегі үзілістермен белгіленеді. Бұл әдіс бағыттанудың төмен дәрежесін меңзейді. Оның артықшылығы өндірістің өнімнің бір түрінен екінші бір түріне жеңіл ауысуына негізделген. Оны ағымдық әдіс бойынша ұйымдастырылған жаппай көпшілік өндіріс кәсіпорындарының жекелеген бөліктерінде қолдануға болады.

Өндірісті ұйымдастырудың бірлі-жарымдық әдістері кезінде өнім жекелеген бірліктер мен ұсақ серия түрінде шығарылады. Бірлі-жарымдық өндіріс техника мен технологияны жетілдіру себебінен жаңа, бұрынғысына қарағанда жетілдірілген өнімді шығаратын тәжірибелі өндірістің дамуымен байланысты болып келеді. Онда әмбебап құрал-жабдық жұмыс істеп және жоғары білікті әмбебап-жұмысшылар еңбек етеді. Жаппай көпшілік өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдісі аса жетілдірілген әдіс ретінде әртүрлі өнеркәсіп салаларында үлкен тарауға ие болды: тоқыма, аяқ-киім, тағам, аға өңдеуде, машина жасауда, металл өңдеуде, металлургияда, химияда.

2. «Құрылыс материалдары» кәсіпорнындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау.

2. 1. Компанияның ұйымдық сипаттамасы.

«Құрылыс материалдары» кәсіпорыны - мүлік формасы бойынша ұжымдық кәсіпорын деп сипаттауға болатын жаңа кәсіпорын.

Кәсіпорын жергілікті ресурстар мен басқа жақтан әкелінген шикізаттан түрлі құрылыс материалдарын өндірумен айналысады.

Көлемі мен жылдық өндіріс қуаты бойынша кәсіпорынды ортанша кәсіпорындар категориясына жіктеуге болады.

Кәсіпорындағы басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы төменгі органдардың жоғары тұрған органдарға бағыну принциптері бойынша құрылады. Еңбекті функционалды бөлу белгісі бойынша кәсіпорынды материалдық-техникалық қамтамасыздандыру, маркетинг пен өнім өткізу, жоспарлау, бухгалтерлік есеп пен есеп берушілік, кәсіпорынның техникалық дамуын басқару бөлімшелері құрылды.

Кәсіпорын әкімшілігін директор (бас директор) басқарады. Ол кәсіпорынның қожасы болып тағайындалады. Директор кәсіпорын атынан әрекет етеді. Оны барлық шаруашылық және мемлекеттік мекемелерде таныстырады. Директор заңнама мен кәсіпорын жарғысына сәйкес бұйрықтар шығарады, кәсіпорын мүлкін басқарады, басқа мекемелермен келісімшарттарға отырады, өз атынан басқа тұлғаларға сенімхат береді, банктарда есеп айырысу шотын ашып, шоттардағы ақшалай қаражатқа иелік етеді.

Директор өндіріс, коммерциялық және финанстық сұрақтар, инженерлік-техникалық сұрақтар, қызметкерлер кадры мен тұрмысы бойынша өз өкілдігінің бір бөлігін өзінің орынбасарына береді.

2. 2. Кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау.

«Құрылыс материалдары» кәсіпорынында қолданылатын өндірістік процесс ұсақ сериялы өндіріс типіне ие және өндірілетін бұйымдардың тар номенклатурасымен, үлкен емес шығарылым көлемімен, аз қайталанумен сипатталады. Сонымен бірге өндірістік процесс механикаландырылған еңбектің үлкен үлесімен бірге әр түрлі әмбебап құрылғыларда жүзеге асырылады.

Өнімді өндірудің өндірістік процессі үш деңгейден тұрады: даярлық, өңдеуші, қорытынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
Бетондар және болаттардан шыбықтардың бірігіп жұмыс жасауы, олардың арасындағы күштерімен тығыз байланыста
Бюджеттеу
Макарон
Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің мәні мен маңызы
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Жобаларды басқарудың ұйымдық құрылымдары
Басқарудың теоретикалық және әдістемелік аспектілері
Кәсіпорын, өндіріс
Технологиялық процессті автоматтандыру сұлбасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz