Абайдың діни және әлеуметтік ойлары



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Абайдың діни және әлеуметтік ойлары

ІІІ. Қорытынды

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Құнанбай өте діншіл адам болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ аулдарының арасына кең тарай коймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан; намаз, ораза, зекет сияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татардың молдаларын қарамағандығы аулдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған. Сондай қожа-молдаларды өз ауылын да ұстап, өз балаларын, оның ішінде Абайда Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3-4 жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлімінде «мүтәкәлимин» аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих, поэзия, математика,философия сияқты дүние тану пәндерін алараластыра оқытуды қажет көретін ағымның өкілі болады. Соның медресінде 4 жыл оқыған Абай араб, иран және Орта Азия әдибиеті классиктерінің шығармаларымен танынысып, соларға еліктеп қысқаша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семейде Абай ұзақ бола алмайды. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері, тақпақшылары, күлдіргілері, әнші-күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Сөздері ұтымды, билік шешімдері тұжырымды болады. Ел ішіне осындай онерімен танылған Абай 70 жылдардың бас кезінде Тобықты руындағы Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады. «Заманды қай жан билемек» дем өзі айтқандай, би және болыс болған күндерінде Абай сол заманның ауқымынан ұзап шыға алмайды.
1.Кішібеков Д., Сыдықыв У. Философия – Алматы, 1996.

2.Алтай Ж., Қасабеков А., Мухамбетәли Қ. Философия тарихы. Оқу құралы. – Алматы, 1999

3.Қасабеков А., Алтайев Ж. Қазақ философиясы. – Алматы, 1996

4. Қара сөз (А, Қ).

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Абайдың діни және әлеуметтік ойлары

ІІІ. Қорытынды

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Абай Құнанбаев (1845-1904)

Құнанбай өте діншіл адам болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ аулдарының
арасына кең тарай коймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан;
намаз, ораза, зекет сияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ болған.
Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татардың молдаларын
қарамағандығы аулдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған.
Сондай қожа-молдаларды өз ауылын да ұстап, өз балаларын, оның ішінде
Абайда Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3-4 жыл
оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы
мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлімінде
мүтәкәлимин аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих,
поэзия, математика,философия сияқты дүние тану пәндерін алараластыра
оқытуды қажет көретін ағымның өкілі болады. Соның медресінде 4 жыл оқыған
Абай араб, иран және Орта Азия әдибиеті классиктерінің шығармаларымен
танынысып, соларға еліктеп қысқаша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семейде
Абай ұзақ бола алмайды. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан Абай қазақтың
білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері, тақпақшылары,
күлдіргілері, әнші-күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, өз
халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де билер үлгісінде
шешен сөйлеуге төселеді. Сөздері ұтымды, билік шешімдері тұжырымды болады.
Ел ішіне осындай онерімен танылған Абай 70 жылдардың бас кезінде Тобықты
руындағы Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады. Заманды қай
жан билемек дем өзі айтқандай, би және болыс болған күндерінде Абай сол
заманның ауқымынан ұзап шыға алмайды. Мұнысына кейін өкінгені Өлсем орным
қара жер сыз болмай ма деген өлеңінен байқалды. Өмірінің ақырғы шағында,
яғни 1903 жылда Ойға тұстім, толғандым деген өлеңінде өкінішін
тереңдетіп, өзіне сын айтады. Әкімшілік етіп тұрған тұста Абай ауыл
арасындағы барымта, ұрлық, зорлық сияқты біраз істерді кисық деп санап,
бұларды тұзетуге де талаптанған. Бірақ бұл ниетінен іс шығара алмаған да,
халқына пайдалы санаған ойларын өлең тілімен үгіттеуге кіріскен. Содан
кейін Көңілдін күйі тағы да, Өмірдін улап алды ішін, Аударды өлең жағына,
Нәпсінің сынған қайғысын деп, біржола өлең жазу ісімен шұғылданған. Бұл
шамасы, 80 жылдардың орта тұсы, Абайдың жасы — қырықты алқымдаған кез.
Өлең жазуға бала жасынан әуестенгенімен және алғашқы өлеңдерінен-ақ
ақындық үшқыны шашырағанымен, біріңғай жазу жумысымен Абай жасы 40-қа
жеткен кезде ғана айналысады. Өйтуіне өмір тәжиребесінің молаюы және көркем
әдебиетке деген қөзқарасының тұрақталуы себеп болады. Ел басқару ісіне жас
өспірім кезінен араласқан Абай туған халқының тұрмысындағы сәулелі және
көлеңкелі жақтарын түгел көріп, оның өмірін жан-жақты таниды. Халық
тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсірмек болғанымен, бұл талабынан ол
оншалықты нәтиже шығара алмайды.

Сондықтан халқына пайдалы деп ойлаған істерін көркем сөзбен, әсірісе
өлеңмен насихаттамақ болады. Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің ең күшті
жанрлары шешендік сөз бен өлең-жыр болатын. Бірақ бұлар Абайды
қанағаттандырмайды. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақыншы мал үшін
тұрман зарлап дейді ол. Ескі бише бос мақалдап дегенді Абай босқа
айтпаған. Патриархты аулдың көне заманнан Абайға дейінгі дау істерін билер
шешіп келген. Билік үстінде олар өз ара шешендік салыстырған, бірақ қай би
әлдірек жақтың өкілі болса, істің ақ, қарасына қарамастан, сол жеңіп
отырған. Қазақтың Істің ағы білмейді, жігіттің бағы біледі деген мақалы
содан шыққан. Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап деуі қазақтың өлеңді
ауызша шығаратын ақындардың көбі кедей болып, өлендерін күн көрістің
құралына айналдырған; тындаушыларынан, әсіресе олардың байларынан ақы
тілеген. Сондықтан да Абай оларды Жат елде қайыршылық қылып жүрып, Өз елін
бай деп мақтап құдай қарғап деп сөккен. Абайға дейінгі қазақтың байлары
немесе атақтылары руымызда ақын мен бақсы шыққан жоқ деп мақтанған.
Өйткені ақындық кедейлердің күн көріс кәсібіне айналып, тілемсектік пайда
болған. Содықтан Абай оларды менсінбей, Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-
жерді қылған жоқтан қармап деген. Ел ішінде аты ауызға ілінген дара
ақындар шыға бастаған кезде, Абай олардан да мін тауып: Шортанбай, Дулат
пенен Бұхар жырау, Өлеңі бірі — жамау, бірі -құрау деген. Халық жырларының
эпикалық түрлерін айтатын жырауларды да жаңа заманға лайық көрмей, Абай
Батырды айтсам, елшауып алған талап, Қызды айтсам, қызықты айтсам
қыздырмалап, Әншейін күн өткізбек әңгемеге, Тыңдар едің бір сөзін мыңға
балап деп, өз тұсының тыңдаушысына тигізе сойлеген. Қасқасы Абай қазақ
ауыз әдебиетінен тіл, образ, сарын жөнінде көп нәр алғанымен, оның
дәстүрлерін жаңа реалистік жазба әдебиетке шексіз үлгі етпеді.Оның көп
қолданғаны — мақалдар мен мәтелдер. Бұларды өлеңіне ретін тауып қосып
отырған. Мысалы, Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп деген мақалды
өлеңінде Берерменге бесеусің, Аларманға және алтау деген түрде алған.
Абайдың ислам діні тараған Шығыс елдері әдебиетімен жақсы таныстығы
мәлім. Алғашқы бірер өлеңінде бұл әдебиеттің классиктерін пір тұтып, оларға
сиынады да: Иузи — раушан, көзі гауһар,Әлифби тағы бірнеше қысқа
өлеңдерін солардың үлгісінде жазады. Кейін Масғұт және Ескендір дейтін
екі Шығыс хикаясын өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген Абай
тәңріні тану жайындағы философиялық көзқарасын да өлең еткен. Шығыстың
классикалық поэзиясының үлгілеріне үйренген. Алайда ол ислам ақындарының
дінді уағыздайтын мінажат аталған щығармаларың үлгісінде аса көп ештеңе
жазбаған. Ахмет Ризаның Семейдегі медресесінен кетер алдында Абай үш айдай
орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан
кейін де, Семеймен қатынасын ұзбей, ондағы орыстардан достар тапқан,
әсіресе саяси көзқарастары үшін жер аударылған орыс оқымыстылары Н.И.
Долгополов және Е.П. Михаэлиспен танысып, орысша білімін тереңдете түсүге
жәрдем алған.

Абайға ерекше жәрдем берген — өзінің туған інісі Халилолла (Халел)
Өскенбаев. Ол орысша бастауыш білімді Семейде алған, одан кейін Омбыдағы
кадет корпусында, Москваның Павлов атты әскери училищесінде оқыған.
Замандастарының, әсіресе Г.Н. Потаниннің сипаттауында Халел әскери іспен
қатар көркем әдебиетті де жақсы білген.Ол әскери қызметте жүргенде, жасы
отызға жетпей қайтыс болған. Осы адамдардың ақылымен және өз ынтасымен Абай
орысша кітаптарды көп оқыды. Бұлар — тек орыс авторларының шығармалары ғана
емес, дүние жұзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының орыс тіліне
аударылған енбектері. Мысалы, Ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотельдің
философия және әдеби шығармаларымен толық танысқан. Сол кездін атақты
данышпаны Сократты да білетіндігі шығармаларынан көрініп отырады.
Орыстың ойшыл ғалымдарынан Абайдың ерекше ұнатып оқығаны-
В.Г.Белинскийдің енбектері. Оның эстетикалық қағидаларын өз шығармаларына
таяныш қылып қолданған. Сайып келгенде, бұл қағидалардың айтары: өнер —
өнер үшін емес, өмір үшін; көркем шығарманың міндеті — өмір шындығын қаз-
қалпында сипаттау ; ақынның міндеті — өз заманының жыршысы болу. Көркем
Әдебиетке осындай көзбен қараған Белинский орыс әдебиетінің 19 ғасырдағы
өкілдерінен А.С. Пушкинді үлгіге тартқан. Оның айтуынша, Пушкиннен бұрынғы
және онымен тұстас орыс жазушыларының бәрі Россия жерінде ағатын өзендер
болса, Пушкин — солардың бәрін бойына жинайтын Еділ. Белинскийдін ойынша,
өз ұлтын сүйген адам ғана бүкіл адамзатты сүйе алады. Белинскийдің
бағасынша, орыс әдибиетін шын мағынасындағы бірінші ұлттық ақын — Пушкин.
Белинскийдің бұл пікірін өз творчествосына нысана тұтқан Абай қазақтын
бірінші ұлттық ақыны болған. Ол жазушылыққа үлкен тәжірибемен және
теориялық даярлықпен кірісті. Көркем әдебиеттің теориясына жетік, оның
өркендеуіне жөн сілтейтін адамның бәрі бірдей ақын я жазушы бола алмайды.
Жазушылық, яғни көркем ойлап, сол ойын ауызша айта аларлық немесе қағазға
түсіре аларлық дарын — адамның бойына табиғат беретін сый. Абай — осындай
дарын иесі. Оның ойынша, ақындық — адамға тәңірінің берген өнері, ол кез
келген жерде таси бермейді, шабыт келген сәттерде ғана, яғни ақынның не
қуаныш, не қайғыға батқан шақтарында ғана келеді. Абайдың өмір жолы
М.Әуезовтің романдары мен зерттеулерінде толық бейнесін тапқан.
Абайша, ақындықтың құралы — тіл, Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, яғни
көркем өнердін басқа түрлерінің ешбір құралы тілдей өткір бола алмайды.
Осындай ұғымдағы Абай көркем шығарма жазуға кірісерде: Мақсұтым — тіл
ұстартып, өнер шашпақ дейді. Қазақ тілін көркемдіктің биігіне көтеру үшін
оған араласып жүрген бөтен сөздерден өлеңді аршымақ болады. Бөтен сөз
дейтіні: біріншеден, ауызша немесе жазба әдебитте белгілі бір пікірге
қатысы жоқ жолдардың, сөздердің бытысып жүруі; екіншіден, қазақ тіліне
ислам діні арқылы кірген, қазаққа ұғымсыз араб, парсы сөздерінің орынсыз
араласып кетуі. Белинскийдің қағидасын қолданатын Абайдың да ойынша :

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы . Тілге
жеңіл, жұрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Бұл тақырыпқа
ақын жұрттың ұғымына әрі жеңіл, әрі көркем түр тапқан.
Абай поэзиясы түгелімен лирикалық өлеңдерден құралады. Ол поэма жанрына
беріле бой ұрмаған ақын.Бірақ Абай қысқа өлеңдеріңде табиғаттың бейнесін
адам портретін жасауға, оның ішкі-сыртқы қылық, мінездерін айқын
суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай тақырыпқа жазған өлеңінде болса да ;
қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының бейнелері айқын елестеп тұрады.
Мысалы, қысты ол Ақ киімді, денелі, ақ сақлды, Соқыр , мылқау, танымас трі
жанды...Кәрі құдаң — қыс келіп , әлек салды* деп,қазақтың қатал шалдарына
ұқсатады. Сонмен қатар, қазақтың сол кездегі да киіз үйде отыратын тұрмысын
елестетіп, *Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй
шайқалды дейді. Мезгіл тақырыбында жазған өлеңдерінен табиғат
көріністерінен басқа ауылдың әлеуметтік өмірі де, бай мен жарлының
тұрмысындағы айырмашылық та, таптық теңсіздік те көрініс беріп
отырады.Жазғытұры, Жаз, Күз, Қан сонарда, Желсіз түнде жарық ай,
Шоқпардай кекілі бар... сияқты өлеңдері ірі шеберлердің қолынан шыққан
ғажап суреттердей өте көркем, өте ұғымды, сонымен бірге бұл-тек қазақ
даласында кездесетін көріністер. Болыстарды, билерді, пысықтарды, тағы
сондай типтерді суреттегенде, көз алдыңа тірі адамның бейнесін елестетеді.
Өзінің және өзгелердің жан-жүйесін сипаттағанда да Абай өте шебер.
Жастардың махаббат сырын бейнелеуде де алдына жан салмас жүйрік. Абайдан
бұрынғы қазақ поэзиясында негізінен қара өлең және жыр аталатын екі-ақ
өлең түрі болған. Абай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың философиясы, дін туралы ойлары
Абайдың философиялық көзқарасы
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ЭТИКАСЫ
Абай Алланы танушы ойшыл
Ұлы ақын Абай
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
Абай дүниетанымындағы негізгі мәселелер
Абайдың қара сөздері: сипаты мен мазмұндық тереңдігі
Қазақ ағартушыларының философиясы
Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану
Пәндер