Авторлық құқық туралы



КІРІСПЕ
1. Авторлық құқықтың түсінігі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. Авторлық құқықтың объектілері
3. Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары
4. Автор құқығы, авторлық құқықты қорғау
5. Автордың жеке мүліктік емес, мүліктік құқықтары


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Авторлық құқық - санаткерлік меншік саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (автолрық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқық) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Авторлық құқық - азаматтық құқықтың бір институты. Авторлық құқық жеке институт ретінде белгілі бір мәселелерді реттейді, оған мүліктік, мүліктік емес құқықтар және автордың заңды мүдделерін толықтай қорғау, ғылыми және көркем туынды шығару үшін құқықтық әдістерді пайдаланып жағдай жасау, туындының қоғамда кең қолданылуы жатады.
Объективтік мағынада, авторлық құқық - ғылым, өнер, әдебиет туындыларын шығару және қолдануға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Субъективтік мағынада, авторлық құқық дегеніміз - ғылым, өнер, әдебиет туындыларын шығарған адамның мүліктік және мүліктік емес қатынастары.
1. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы 10.08.2005 ж.
2. «Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 131 Бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. (Жалпы және Ерекше бөлімдері) - Алматы: ЮРИСТ, 2014. - 368 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ
1. Авторлық құқықтың түсінігі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. Авторлық құқықтың объектілері

3. Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары

4. Автор құқығы, авторлық құқықты қорғау

5. Автордың жеке мүліктік емес, мүліктік құқықтары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Авторлық құқық - санаткерлік меншік саласында ғылым, әдебиет және өнер
туындыларын (автолрық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты,
фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын
(сабақтас құқық) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын
қатынастарды реттейді. Авторлық құқық - азаматтық құқықтың бір институты.
Авторлық құқық жеке институт ретінде белгілі бір мәселелерді реттейді, оған
мүліктік, мүліктік емес құқықтар және автордың заңды мүдделерін толықтай
қорғау, ғылыми және көркем туынды шығару үшін құқықтық әдістерді пайдаланып
жағдай жасау, туындының қоғамда кең қолданылуы жатады.
Объективтік мағынада, авторлық құқық - ғылым, өнер, әдебиет туындыларын
шығару және қолдануға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар
жиынтығы.
Субъективтік мағынада, авторлық құқық дегеніміз - ғылым, өнер, әдебиет
туындыларын шығарған адамның мүліктік және мүліктік емес қатынастары.
Авторлық құқық ауызша, жазбаша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу,
көлемді-кеңістікті сипатта жарияланған туындыларға да, жарияланбаған
туындыларға да қолданылады. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың,
принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың,
фактілердің өздеріне қолданылмайды. Жалпы авторлық құқық ғылым, әдебиет
және өнер туындысына, оның жасалу дерегіне қарай туындайды. Осы авторлық
құқықтың пайда болуы және оны әрі жетілдіру, дамыту үшін ол туындыны
тіркеу, өзге де арнайы ресімдеу немесе кез келген шарттылықтың жүзеге асуы
басты талап емес.
Авторлық құқықтың қолданылу аясы, ол автордың бүкіл ғұмыр бойы және
автор қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды. Автордың
өзінің құқығын, оның есімінің құқығын және автордың беделін қорғау құқығын
қорғауға шек қойылмайды. Белгілі бір туындыға авторлық құқықтың пайдалану
уақытының бітуі олардың қоғамдық игілікке айналғандығын білдіреді. Біздің
еліміздің аумағында қорғауға алынбаған туындылар да қоғамдық игілікке
айналған болып табылады. Ал қоғамдық игілікке айналған туындыларды кез
келген адам авторлық сыйақы төлемей еркін қолдана алады. Ондай жағдайда
авторлық құқық автор есімінің құқығы мен беделін қорғау құқығы сақталуға
тиіс. Негізінен авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретінде беріледі және
ол мұрагерлік тәртібімен заң бойынша немесе өсиет бойынша беріледі.
Сол себептен де, авторлық құқық дегеніміз - бұл жай ғана сөз, жалған
жансыз түсінік емес, ол әрбір өнерге құштар адамның, ғалымның,
өнертапқыштың толағай жемісі, еңбегінің нәтижесі.

Авторлық құқық объектілері болып табылатын туындылар жатады:
- драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
- әдеби туындылар; (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық )
- сценарий туындылары;
- хореография және пантомима туындылары;
- мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
- дыбыс-бейнежазу туындылары;
- кескiндеме, мүсiндеме, графика туындылары;
- қолданбалы өнер туындылары;
- сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
- суретке түсiру туындылары:
- суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;
- бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
- карталар, топография және географияға туындылар;
- жоспарлар, нобайлар, безендiрулер үш өлшемдi туындылар;
- ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
- өзге де туындылар.
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың
(соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты
қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық
түрiне қолданылады.
Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:
- туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар,
рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және
басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
- жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және
материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық
еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.
- туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне
енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан,
авторлық құқықпен қорғалады.
Сонымен қатар, авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар да
кездеседі, олар төменде көрсетілген:
ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, сот сипатындағы және дипломатиялық
сипаттағы мәтіндер, заң әкiмшiлiк және өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың
ресми аудармалары;
мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша
белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
халық шығармашылығы туындылары;
оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.

Авторлық құқық субъектілері шығармашылық еңбекпен өнер туындылары, әдебиет
және ғылым шығарған тұлғалар болып табылады. Субъективтік авторлық құқық
азаматтың жасына, денсаулығына, мүліктік жағдайына, шығарманы жарыққа
шығарған орнына байланысты болмайды. Авторлық құқық субъектілері болып
туындыға қатысты субъективтік авторлық құқық тиесілі тұлға болып табылады.
Субъективті авторлық құқық Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел
азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, мұрагерлер және басқа да құқық
мирасқорлары болуы мүмкін.
Авторлық құқықтың субъектілері ретінде тек қана ҚР азаматтары ғана
емес, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдар да бола алады. Алайда, Қазақстан
Республикасының азаматының туындысы оның жарияланғанға немесе объективті
нысанда орналасқан жеріне байланыссыз қорғалатын болса, шетел азаматтары
мен азаматтығы жоқ адамдардың туындылары:
1) Қазақстан Республикасы территориясында жарияланған немесе Қазақстан
Республикасында белгілі бір объективті нысанға ие болса;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қорғалатын болса
ғана Қазақстан Республикасы территориясында қорғалуға жатады.
Егер шетел азаматының туындысы бірінші рет ҚР-да шықса немесе белгілі
бір объективті формада ҚР территориясында болса шетел азаматы Қазақстандық
авторлық субъектісі болып табылады.
Авторлармен қатар, авторлық құқық субъектілерінің қатарына әдебиет,
өнер туындылары, әдебиет және ғылым шығару процесіне қатыспаған тұлғаларды
да жатқызуға болады. Оларды мирасқорлар деп атайды. Мирасқорларға туындыны
пайдаланудың белгілі бір құқықтары өтеді. Заң мұрагер мен автор арасында
жасалған шарт белгілі бір құқық шеңберінің мирасқорға өтуінің негізі болып
табылады. Автормен оның туындыларын пайдалану туралы шартқа отырған
мұрагерлер, мемлекет немесе мекемелер (баспалар, театрлар және т.б.)
мирасқорлар болып саналады.
Миросқорлардың құқықтары автор құқықтарымен салыстырғанда шектеулі
болады. Мұрагер мен автор құқықтары көлемі жағынан ғана емес, пайдалану
мерзімі жағынан да әртүрлі. Мұрагердің авторлық құқығы автор өлгеннен кейін
25 жыл ғана күшінде болады.
Автор тірі кезінде тек өзі немесе заңды өкілі ғана бұзылған немесе
даулы құқықты қорғауға құқығы бар. Қос авторлықта кез келген автор немесе
авторладың біреу туындыны қорғау құқығына ие. Егер қос авторлар туындыға
байланысты құқықтық қорғауды жүзеге асыруды бір ғана авторға тапсырған
болса, сол автор барлық авторлардың атынан әрекет жасайды. Белгілі бір
жағдайларда ғана мемлекет авторлық құқық субъектісі болып саналады. Мысалы:
авторлық құқықты еріксіз саттырғанда, туындыны халық игілігі деп
жариялағанда, авторлық құқықа ие болған заңды тұлғаның жойылу кезінде.

Берн конвенциясына сәйкес, авторлық құқықтарды автоматты түрде беріледі.
Ол үшін тіркеу немесе өзге де формалды әрекеттерді орындау қажет емес.
Алайда, авторлық құқық жөніндегі кейбір ұлттық мекемелер туындылардың
тіркелуін талап етеді. Бұл туындының авторлығына байланысты дауды оңай
шешуге мүмкіндік береді.
Аздаған ақпарат:
Happy Birthday to You деген әйгілі ән әлемде өте көп айтылатын әннің
бірі. Барлық туған күн кештерінде ол шырқалмайтын кезі сирек. Алайда, оны
коммерциялық кештерде, жиындарда қолдану әлдекімнің авторлық құқын бұзу
болып саналады. Бұл әнді апалы-сіңлілі Пэтти Хилл мен Милдред Дж. Хилл 1893
жылы жазған. 1935 жылы әннің авторлық құқы бекітілді. АҚШ заңына сәйкес ол
құқықтың қызмет ету мерзімі 2030 жылы ғана өтеді. Өздеріңіз де байқаған
боларсыздар, бұл ән ешқандай фильмде де, саундтрек ретінде де
қолданылмайды. Ал, егер аса қажет жағдайда Сіз әнді пайдалану үшін ақы
төлейсіз. АҚШ тың құқық қорғау органдары тек осы әннен ғана жылына екі
миллион долллар табыс табады екен.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық туралы
Авторлық құқықтың ұғымы және қатынастардың реттелуі
Авторлық құқық туралы ақпарат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Авторлық құқық объектілері
Авторлық құқық туралы заңнама
Авторлық құқықтың объектілері
Авторлық құқық туралы мағлұматтар
Шығармашылық қызметпен байланысты қатынастарда азаматық-құқықтық реттеу
Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
Пәндер