Азаматтық құқық жайлы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ

1. Азаматтық құқық субъектілері түсінігі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері

2. 1 Жеке тұлға ұғымы

  1. Заңды тұлға түсінігі

3. Мемлекет азаматтың құқықтың субъектісі ретінде

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті - азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады.

Субъектілер 2 топқа бөлінеді :

  • жеке тұлға
  • заңды тұлға

Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі 2 шартпен тікелей байланысты. Ол:

  • құқық қабілеттілік
  • әрекет қабілеттілік.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі - бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқық қабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т. б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқық қабілеттілік туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.

Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігін шектеуге және одан айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Азаматтық құқық қабілеттілік адам өмірге келгеннен бастап күшіне енеді.

Заңда әлі дүниеге келмеген азаматтардың кейбір құқықтары да бекітілген, нақтырақ айтқанда презюмцияланатын жағдайлар белгіленген. Мысалы, мұра қалдырушының көзі тірісінде жүкті болған және ол қайтыс болған соң дүниеге келген бала заң бойынша мұрагер болып танылады және мұрадағы өз үлесіне құқығы бар. Бұл орайда құқық қабілеттілік адам туылғанға дейін пайда болады деп айтуға болмайды. Құқықтың субъектісі болмай, оның құқыққабілеттілігі де болмайды. Мұның тек кейбір құқықтарға ғана қатысы бар.

Азаматтардың әрекетқабілеттілігі - азаматтардың өз ерекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Яғни, азаматтардың әрекет қабілеттілігінің маңызы әрекет жасаушы өзінің әрекетінен келетін заңдық салдарды түсінетіндігінде және әрекеті арқылы зиян келтірсе оның орнын толтыруға мүмкіндігінің барлығын немесе жоқтығын белгілейтіндігінде.

Жеке тұлғаның азаматтық әрекетқабілеттілігі тұлғаның жасына және психикалық жағдайына тәуелді. Толық әрекет қабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері - ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.

Шектеулі әрекетқабілеттілік те болады. Есірткі заттары мен спирт ішімдіктерін адам ұдайы пайдаланатын болса, соның салдарынан үй-ішін ауыр материалдық жағдайларға душар қылса, онда мүдделі адамдардың, яғни туған туысының, ата-анасының, әйелінің, т. б. арызы бойынша сот оның әрекетқабілеттілігін шектей алады. Оған қамқоршылық тағайындайды. Ол ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасағанымен, басқа да мәмілелерді қамқоршы келісімімен жасауға міндетті болады. Бұл әрине уақытшашара. Егер ерекетқабілеттілігі шектелген адам түзелетін болса, онда сот арқылы әрекетқабілеттілігі шектелгендігі алынып тасталынады жене ол толық әрекетқабілеттілікке ие болады. Сонымен бірге тұрақты жан күйзелісімен ауыратын тұлғаның әрекетқабілеттілігі сот арқылы шектеледі.

Әрекетқабілеттіліктің бір бөлігі деликтқабілеттік болып табылады.

Деликтқабілеттік - тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.

Әрекетқабілеттілік пен деликтқабілеттілікті айыра білу керек. Құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік бірге құқық субъектілік (не құқық әрекетқабілеттілік) деп аталады. Құқық субъектілік - бұл осыдан туындайтын барлық салдармен бірге тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті.

Жеке тұлғаларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады.

  • ҚР-ның азаматтары
  • азаматтығы жоқ адамдар жатады.
  • шетел азаматтары

1. ҚР-ның азаматтарына 18 жасқа ҚР-ның жеке куәлігін алған, ҚР-ның аумағында тұрақты тұратын азаматтар.

2. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе азаматтық алмаған азаматтар келген елдің заңдарына бағынады, әйтсе де олардың құқық қабілеттілігі шектеулі: олар әдетте тек азаматтарға ғана берілетін, сайлау және басқа құқықтарды пайдалана алмайды. Екінші жағынан, азаматтығы жоқ адамдар, аталмыш мемлекеттің халықаралық шарттар арқасында шетелдік азаматтарға беретін құқықтарын, сондай-ақ дипломатиялық қорғауды пайдалана алмайды.

3. Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз. Шетел азаматтары біздің елімізде Қазақстан азаматтарымен бірге азаматтық құқық қабілетін тепе-тең пайдаланады, оларға ұлттық режим ұсынылады Бәздәі еліміздегі шетел азаматтары нәсіліне, түріне, дініне, жынысына, тіліне, саяси немесе өзге де көзқарастары мен сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік табына қарамастан тең құқықтық қабілетке ие. Олар:

  • аумағына қайтып оралуға;
  • заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;
  • дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру;
  • заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасалып, міндеттемелерге қатысу;
  • өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға;
  • материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлғалар жатады. Заңды тұлға - бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т. б. жатады.

Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.

Лицензия дегеніміз - заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мысалы: жеке оқу орны мемлекеттің арнайы рұқсатын алғаннан кейін ғана өзінің қызметін атқара алады.

Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі сол лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.

Заңды тұлғалар заңға сәйкес 2 түрге бөлінеді:

  • коммерциялық
  • коммерциялық емес

Қоммерциялық заңды тұлғалардың мақсаты пайда табу.

Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.

Коммерциялық заңды тұлғалар:

мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.

Коммерциялық емес заңды тұлғалар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Шетелдердегі адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесінің негіздері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Азаматтық құқық түсінігі
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
Шетелдегі негізгі құқықтық жүйелер
Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi
Талап қою туралы ілім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz