Биологиялық әралуандылық


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
1. Биологиялық әралуандылық
Негізгі бөлім
2.
3. Биологиялық алуантүрліліктің кемуі
4. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау
5. Биологиялық әралуандылықты сақтау проблемалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Техносфераның биосфераға жасайтын қысымның ең маңызды көрінісі - табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни биоалуантүрліліктің кемуі болып табылады.
Биологиялық әралуандылық - түрлердің белгілі бір аумақта, экожүйеде немесе тіпті планета бетіндегі әралуандылығы
Биоәралуандылық тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
Қазіргі кезде әлемде 2, 5 млн-дай түр белгілі, оның 74%-ы тропиктік белдеуде, 24%-ы қоңыржай аймақта болса, тек 2%-ы полярлық белдеуде тараған. Дегенмен, ғалымдардың болжауынша, бұл деректер әлі толық емес. Себебі майда жәндіктер түрлері әлі толық анықталмаған. Түрлердің ішіндегі ең көп тарағаны - жәндіктер, олардың түрлері 1 млн-нан астам. Дегенмен соңғы жылдардағы әлемдік ғылыми-техникалық үдеудің нөтижесінде адам қоғамының табиғатқа зиянды әсерлерінің көбеюінен түрлер саны жыл сайын азаюда. Қазір дүние жүзінде жыл сайын 1-ден 10-ға дейінгі жануарлар түрі жойылады екен. Ескеретін жағдай, өсімдіктің бір түрінің жойылуы майда жәндіктердің бірнеше түрлерінің жойылуына апарып соғады. Бұл жағдай әлемдегі биологиялық тепе-теңдікті бұзып, көптеген экологиялық келеңсіздікке әкелуі мүмкін. Осыған орай бүкіл әлем қауымдастығы алаңдауда.
1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ-ның "Қоршаған орта және даму" конференциясында биологиялық әралуандылық туралы әлемдік Конвенция қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен оның элементтерін тұрақты қорғау болып табылады.
Биоалуантүрлілік - адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.
Биоалуантүрлілік экожүйелердегі байланыстардың толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қаситі - тұрақтылық ты қамтамасыз етеді. Неғұрлым экожүйенің деңгейі жоғары болса, соғұрлым оны құрайтын элементтердің көршілігі олардың алуан түрлілігін қамтамасыз етеді. Элементарлық іс жүзінде бөлінбейтін экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады, ал ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуында оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.
Мысалы, ғаламдық экожүйе ретінде биосфераның алуантүрлілігі, олай болса оның тұрақтылығы және т. б қасиеттері түрлердің, популяциялар мен экожүйелердің санына ғана емес, тіршілік ету орталарына, рельеф формаларына, климаттың типіне, табиғат белдеулеріне, геохимиялық аймақтар, ландшафттар және басқа да құрылымдық бірліктердің ерекшіліктеріне де байланысты.
Қарапайым жүйелердің тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет. Мысалы қышқылдық жаңбырлардың әсерінен тіршілігі жойылған су қоймасы сырттан табиғи күйге келтіретін энергия жұмсалмаса қалдықтардың қоймасына айналды.
П. Ревелль мен Ч. Ревелльдің 1994 болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін, олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.
Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану 30-35%, солан кейінгі орында азық қорының кемуі 4%, зиянкестерді жою 3% және кездейсоқ жемтік 2% тұр.
Түрлердің алуантүрлігінің кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді.
- Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен тығыз байланысты, бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.
- Екіншіден, қандай да бір түрді толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына келе алмайды. Ірі омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей 500-100 дара, ұсақ омыртқасыздар үшін бірнеше шамамен 50 мың дара, өсімдіктер үшін бірнеше мың дара.
Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефті, өзен арналарын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, белгілі бір өзіне қажетті ағаш түрлерінен тұратын бағалы ормандарды ғана өсіреді.
Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекелеген экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.
Экологиялық мәселерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы - Қызыл кітап. Табиғат ресурстары мен табиғатты қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.
Қызыл кітапқа сирек және жойылу қаупі төніп отырған ағзалар енгізілген. Қызыл кітап - қауіптің жаршысы. Қызыл кітапқа енген түрдің шамамен санының кему себебі, таралу территориясы қорғау үшін орындалатын іс-шаралар және т. б. мәліметтер көрсетіледі. Қызыл кітапқа енген барлық түрлерді бірнеше категорияларға бөледі:
1. жойылу қаупі төніп тұрған түрлер (арнайы қорғау шаралары қажет),
2. кеміп келе жатқан (тіршілігін сақтау үшін саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жатқан),
3. сирек (жойылу қаупі жоқ, бірақ саны аз немесе шектелген ерриторияларда ғанаткездеседі),
4. анықалмаған (қамқорлыққа алуға негіз бар, бірақ олар туралы мәлімет аз) .
Қызыл кітаптағы түрлердің тізімі үнемі өзгеріп отырады. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шыарылады. Ал тізім басқа тіршілік күйі нашарлаған түрлермен толықтырылады.
Қазақстанның қызыл кітабы. Өркениеттің дамуы жердің табиғат байлықтарының кемуін шекті дәрежеге дейін кемітеді. 1948 жылы Халықаралық табиғат қорғау және табиғат ресурстарының Одағының (ХТҚО) құрылуына әкеледі. Бұл одақтың мәліметтері бойынша 1600 жылдан 1973 жыл аралығында жер бетінен сүтқоректілердің 63 түрі және құстардың 94 түрі жойылып кеткен. ХТҚО-ның ұсынысымен қызыл кітап ұйымдастырылды. Қызыл кітапқа енгізілген түр территориясында мекендейтің әрбәр мемлекет адамзат алдында оны сақтап қалуға жауапты.
Қазақ ССР-нің Қызыл кітабының бірінші томы 1978 жылы жарық көрді. Оған республика территориясында мекендейтін сирек және жойылып бара жатқан жануарлар кірді. 1981 жылы өсімдіктер туралы екінші томы жарық көрді. Бірінші томға сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі және балықтардың 4 түрі енгізіліп, толық сипатталған. 1984 жылдың соңына қарай омыртқалы жануарлардың 15 түрі енгізген.
Сирек және жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалу үшін оларды қорықтарда қорғауға алынады. Егер жануар немесе өсімдіктің саны популяцияның минималды мөлшерінен төмен болса, онда оларды сақтап қалу үшін қолдан көбейтіп, өсіреді. Бұл жұмыстарды Қазақстан ҒА-ның ботаникалық бағы, хайуанаттар бағы жүргізіледі.
Тек мемлекеттің қолдауымен, ғалымдар мен көпшілік халықтың бірлескен қызметі нәтижесінде ғана флора мен фаунаны қалпына келтіруге болады.
Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағыттылған іс-әрекетін бір арнаға бағыттауы керек.
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістердің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.
Кез келген мемлекеттін ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
- жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.
Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.
Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1, 6-2, 0%-ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. Га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5, 3 млн. га; Вуд-Баффало (Канада) - 4, 5 млн га; Үлкен Гобий қорығы (Моғолстан) - шамамен 4 млн. га.
Қазақстанда екі ұлттық бағыт құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.
Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғатттың ерекше обьектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдасстыру түрі - қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи ұлттық саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті - халықты рекреациялық қамтамасыз етеді.
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады.
Қазақстан қорықтары 8 .
- Ақсу-Жабағылы.
- Барса-келмес.
- Наурызым.
- Алматы.
- Қорғалжын.
- Марқакөл.
- Бетпақ-дала.
- Қаратау қорығы.
Биосфералық қорық жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорық қорықтық белдеу, буферлік белдеу мен иненсивті шаруашылық белдеуінен тұрады.
1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жердің жоғарғы форумында Биологиялық алуантүрлілік туралы конвенцияға қол қойылды. Биосфералық қорықтардың осы конвенцияны орындауға көмек беруге мүмкіндіктер бар. Ұлттық саябақтар мен қорғауға алынған территориялар мәселесі бойынша Каракс (ВЕНЕСУЭЛА, 1992 жыл) қаласында өткен төртінші Дүниежүзілік Конгресте биосфералық қорықтарды басқаруға жаңалықтар енгізілді және биорезерваттардың жаңа формалары жасалды. Мысалы, Кластерлік және трансшекаралық қорықтар. Биосфералық қорықтар өзара толықтарушы 3 функцияны атқару керек:
- генетикалық ресурстарды, биологиялық түрлер, экожүйелер мен пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функциясы;
- тұрақты экономикалық және адамзаттық дамуа көмектесу үшін даму фуекциясы;
- зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету функциясы. Сонымен қатар, білім беру, мамандарды дайындау, жергілікті, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс-шараларға байланысты мониторингті жүзеге асыру.
Әрбір биосфералық қорық 3 элементтен тұрады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz