Діни экстримизм



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

• Діни экстримизм проблемасы және оның алдын алу шаралары

ІІІ. Қорытынды

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Экстремизм термині сөзбе - сөз (лат. Ехігет - шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада әртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір созбен негативті және әлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды «консерваторлар» деп белгілеуге болады. «Консерваторлар» бағытыңдағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау орғандарының қызметкерлері.
Зерттеушілердің бір бөлігі бұл мәселені салыстырмалы түрде, жіктеп қарастыруға тырысады. Оларды шартты түрде «либералдар» деп атауға болады. Либералдар экстремизмді жағымсыз құбылыс деп анықтаудан бас тартады. Мысалы Ресейдің адам құқығы институтының эксперті Лев Левинсон экстремизм бұл әртүрлі құбылыстарды кеңінен алатын іс-әрекеттің мүмкіншілігі. Сондықтан экстремизмге шек қою мүмкін емес. Экстремизм қылмыс емес. Бұған әлемдік марш сияқты ортақ құпталған шеңберден шыққан іс-әрекеттің бәрін кіргізуге болады дейді. Сонымен қоса қоғамдық құрылысқа қарсы құбылыс болса, құқықты шектеуші ретінде анықтау дұрыс емес. Себебі, кейбір әлеуметтік наразылықтар да (аштық жариялау, мемлекеттің кейбір қаулыларына қарсылық марштары) қоғамдық қауіпті феномен деп анықталып кетуі мүмкін болар еді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Діни экстримизм проблемасы және оның алдын алу шаралары

ІІІ. Қорытынды

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Экстремизм термині сөзбе - сөз (лат. Ехігет - шеткі) шектен тыс
көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа
шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс
беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада әртүрлі
түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір
созбен негативті және әлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты
ұстанушыларды консерваторлар деп белгілеуге болады. Консерваторлар
бағытыңдағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау
орғандарының қызметкерлері.
Зерттеушілердің бір бөлігі бұл мәселені салыстырмалы түрде, жіктеп
қарастыруға тырысады. Оларды шартты түрде либералдар деп атауға болады.
Либералдар экстремизмді жағымсыз құбылыс деп анықтаудан бас тартады. Мысалы
Ресейдің адам құқығы институтының эксперті Лев Левинсон экстремизм бұл
әртүрлі құбылыстарды кеңінен алатын іс-әрекеттің мүмкіншілігі. Сондықтан
экстремизмге шек қою мүмкін емес. Экстремизм қылмыс емес. Бұған әлемдік
марш сияқты ортақ құпталған шеңберден шыққан іс-әрекеттің бәрін кіргізуге
болады дейді. Сонымен қоса қоғамдық құрылысқа қарсы құбылыс болса, құқықты
шектеуші ретінде анықтау дұрыс емес. Себебі, кейбір әлеуметтік наразылықтар
да (аштық жариялау, мемлекеттің кейбір қаулыларына қарсылық марштары)
қоғамдық қауіпті феномен деп анықталып кетуі мүмкін болар еді.
Экстремизмнің пайда болуына сараптама жасай келе бұл құбылыстың
негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары экономикалық,
әлеуметтік, этникалық және конфессиялық қарама-қайшылықтары жатқанын көруге
болады.
Бұндай мүдделердің, қарама-қайшылықтардың масштабы әр түрлі болуы
мүмкін: жеке индивидтің жеке Мендік мүддесінің бүкіл қоғамға қарсы
тұруынан бастап, бүкіл мемлекеттік жүйелердің қатал тайталасымен аяқталады.
Қанда да бір себептермен мүдделері сақталмай қалған жағдай да тайталас екі
жақтың бірі өздерінің саяси, діни, этникалық, тағы басқа мәселелерінің
шешімін табу үшін шектен шыққан методтарға көшуі әбден мүмкін.
Экстремизмнің кең және нақтылы өлшемдеріне бағаны берген Ресейлік
эксперт М. Краснов. Оның ойынша экстремизмге мынадай идеяларды, бағыттарды,
доктриналарды таратуға бағытталған әрекеттерді жатқызуға болады:

адамдарды таптық, меншіктік, рассалық, ұлттық немесе діндік ерекшеліктеріне
байланысты бөлу;
адам құқығын конституциялық құндылық ретінде жоққа шығару;
ашық плюрализм мүмкіндігін, идеяларды еркін тарату және айырбастауды жою;
бір идеологияны мемлекеттік ретінде орнату;

Британдық зерттеуші Ширин Акинердің ойынша өз идеялары оз өмірлеріне
ғана қолданып қоймай заңды тұрде де, заңсыз да барлық мүмкін әдістерді
қолдана отырып, қоғамға қолданғылары келетіндердің барлығын, экстремистерге
жатқызуға болады. Кейбір жағдайда бұл терроризмге жетіп қоғамға үлкен қауіп
туғызуы мүмкін.
Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол
қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де
экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез-
келген қоғам мен мемлекетке тән. Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда
болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер мыналарды ұсынады:

әлеуметтік экономикалық тоқырау;
жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің кұрт түсуі;
мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы;
олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу;
саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып
тастауы;
еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау;
жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі;
лидерлердің саяси амбициялары және т.б.

Бұл негізгі факторлармен қоса ғалымдар экстремизмнің пайда болуы және
дамуына әсер ететін қосымша факторларды атап көрсетеді. Оларға халықаралық
немесе мемлекеттік жүйеде экстремизм көріністеріне қарсы күрестің осалдығы,
тұрғындардың, жеке топтардың саяси және құқықтық мәдениетінің төмендігі,
мемлекетаралық қатынастың әлсіреуі, әлеуметтік шиеленістің өсуі т.б.
Дін адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды бөлшегінің біріне айналды.
Дін арқылы адамдар арасындағы рухани байланыстан, ұлтаралық келісім мен
қоғамның беріктігі, адами құндылықты, салт-дәстүрді сақтаудың ең жақсы
мүмкіндігін көре білуіміз қажет. Ұлттық мәселелердің дұрыс шешілуі
Қазақстанның халықаралық қауымдастықта лайық орынға ие болуына, әлемдік
өркениеттің горизонттарынан орын алуға мүмкіндік береді.
Қоғамның діни өмірінің демократизациялауы бір жақты оң нәтиже бере
бермейді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бұл көптүрліліктің нәтижесі діни
конфессиялар формасы. Бұлардың әр қайсысы өз наным-сенімдерінің
қағидаларымен өмір сүреді. Әртүрлі діндердің бір кезеңде, бір этно-мәдени
кеңістікте болуы теологиялық мәселе ғана емес, әлеуметтік мәселе
тудыратындығы сөзсіз. Діндердің өзгертуге болмайтын өзіндік діни ілімдері
мен дәстүрлері бар, кейбір жағдайларда бір-біріне қайшы келетін, тіпті
жоққа шығаратын, дінаралық сұхбат мүмкін болмайтын жақтары да кездеседі.
Сонда шешім қайда? Шешім қандай жағдайда болсын нақтылы болуы шарт.
Дерексіз шешім болмайды. Шешім жасау үшін нақтылы тарихи, әлеуметтік,
қоғамдық, саяси, мәдени жағдайды есепке алуымыз керек. Нақтылы жағдай -
Қазақстан Республикасы, яғни, мәселе осы мемлекеттің мазмұнына, оның
мүддесіне орай шешілуі керек.
Елбасымыздың үстіміздегі жылы елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы
саясаттың негізгі бағыттары жөнінде Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан атты
Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында ішкі және сыртқы саясатымыздың аса
маңызды бағыттарының бірі ретінде қоғамдық келісімді одан әрі нығайту,
сайып келгенде, еліміздің серпінді дамуын қамтамасыз етумен өзіміз
алдымызға қойған асқақ міндетті ойдағыдай орындаудың негізі болып
табылатыны белгіленді.
Қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кез келген көріністеріне және
біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін
әрекеттерге қарсы қатаң әрі дәйекті қарсы тұру қаралды. Қазақстан
Республикасының басқару тәртіптері мемлекетіміздің Ата Заңы Конституцияда
белгіленгендіктен ол талаптар қоғамның әрбір мүшесі тарапынан орындалуы
тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес - Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары болып табылған.
Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп
өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан
келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік топтық және рулық
араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың
қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделген әскерилендірілген құрамалар құруға
тиым салынады.
Қазақстан Республикасының Қоғамдық бірлестіктер туралы Заң жобасына
сәйкес, экстремистік мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға
және олардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасында
көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құруға тиым салынса,
Экстремизмге қарсы күрес туралы Заңымен Қазақстан Республикасының
аумағында экстремистік бағыттағы ұйымдардың, бөлімдердің ашылуына және
олардың қызметіне тиым салынған.
Қазақстан Республикасының Конституция сында ар-ождан бостандығы мен
діни бостандықтың принциптері, әр түрлі конфессияларға жататын азаматтардың
өздерінің діни бірлестіктерін құруға тең құқылығы, мемлекеттің шіркеуден
бөлінгендігі туралы принциптер бекітілген. Сондай-ақ діннің және діни
бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне
негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер дайындалып
шығарылды. Қазақстандағы қандай да болмасын діни бірлестіктіктердің қызмет
етуінің нормативтік құқықтық негізі белгілі дәрежеде әзірлен гендігіне
қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен
рольі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер
әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл
анықталмаған. Осы еліміздегі белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары
еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа тенденцияларға байланысты
анық та, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терроризмге қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі
Діни сауаттылық – діни экстремизммен басты күрес
Қоғамда экстримизм мен терроризмге қарсы діни сананы қалыптастыру
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері.
Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
Жалғыз ғана заңды саяси қозғалыстар
Қазіргі заман психологиясы және міндеттері
Қазақстан Республикасының экономикасының дамыту стратегиясы
Пәндер