Мұхтар Әуезовтың әдеби-сын еңбектерi



Мұхтар Әуезов феномені туралы айтылып, жазылып жүрген ой-пікірлер, зерттеулер баршылық. Дегенмен, қаншама мол жазылып, айтылған сайын Мұхтартанудың проблемалары артып, тереңдеп өсе береді. Жаңа сыр-қыры ашылып, жаңа міндеттер жүктеле түсері сөзсіз.
«Абай жолың роман-эпопеясын Луи Арагон XX ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі деп бағаласа, Шыңғыс Айтматов XX ғасырды - Әуезов ғасыры деп атады. Ал, президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Әуезовті тану - қазақты тану, Қазақстанды тану деген сөзді айтты.
Шын мәнінде М.Әуезов XX ғасыр әдебиетінде ғажайып құбылыс, феномен екендігі ешқандай күмән тудырмайды. Оның мәңгілік туындыларын жан-жақты терең зерттеп тану ғасырдан ғасырға жалғаса береді.
М.Әуезов творчествосының тұтас тұлғасының қадір-қасиеті, құдіреті неде? Оның өзгешелік, еркшелік сыр-сипатын қалайша тауып, тани аламыз? Бұл - өте күрделі, дәуірлік мәселе. Оны әрбір кезең, әрбір ұрпақ өзінше таниды. Керек болса, әрбір жеке оқырманның өз Әуезові бар.
М.Әуезовтің тұтас бүтін бітімін танып білу үшін алдымен оның сан қырлы творчестволык мұрасын жекелей, сатылай тануымыз керек.
Қазiрше, басы ашық объективтi жағалай: Әуелi, М.Әуезов тумысынан, табиғатынан айрыша дарынды болып жаратылған. Екiншiден, туып-өскен ортасынан, айналасынан алған тәлiм-тәрбиесi, бойына тереқ сiқiрiп өскен нәрi өте құнарлы болған. Үшiншден, мұсылманша медiресе мен орыс мектебiнен, Ташкент, Петербург университеттерiнен түбегейлi тереқ бiлiм, таным алып жетiлген. Төртiншiден, жастайынан үлкен қоғамдық, мемлекеттiк қызметтер атқарып, ел тiрлiгiнiқ тұтқасын ұстап, келелi мәселелерiне араласқан. Бесiншiден, семинарида оқып жүрген кезiнен бастап, күнделiктi газет журналдарды шығарысып, үзбей ат салысып еқбек еткен, қаламгерлiк өнерге ерте жетiлген. Алтыншыдан, әдебиет пен өнер-ғылымнық, мәдениеттiқ адам өмiрiнде, қоғам тiрлiгiнде атқаратын ызметiн ерте танып, кәмiл түсiнген.
Міне, осы аталған объкетивті жағдайлар Әуезовтің терең де заңғар, нәрлі де нәзік суреткерлігінің негізгі бір қыры - оның кемеңгерлік ойшылдығында, ғұлама ғалымдығында, өткір сыншылдығында жатқандығы да анық.
Жазушы әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану мәселелріне байланысты өмір бойы үзбей қалам тартып, бас-аяғы үлкенді-кішілі 500-ге жуық мақала, зерттеу еңбектер жазған екен.
Әдебиет пен өнердiң көп ғасырлық тарихынан мәлiм, көрнектi суреткерлердiң көпшiлiгi дерлiк әдеби-сын мақалалар жазып, жалпы әдебие проöеске, әдебиеттануға да еңбек сiңiрiп, мол үлес қосқан. Мұның, әрине, өзiндiк объективтi және субъективтi себеп заңдылықтары бар. Ол, негiзiнен, әдебиеттiң, сынның өз мiндетi, мүддесiнен туындаса керек.
Әдебиет сынының негiзгi қызметi мен мiндетiн, белгiлi мөлшерде шарттылыққа барып, үш түрге жiктеуге болар едi: алдымен, сын әдебиеттiң мән-жайын, маңыз-мағынасын оқырман-жұртшылыққа түсiндiрiп, оны үгiттеп, насихаттау; екiншi, әдебиеттiң өсiп өркендеуiне әсер-ықпалын тигiзер кеңесшi, жанашыр қамқоры болу; үшiншi, суреткердiң өз еңбегiне "өзгенiң көзiмен қарап", iштей ширығып шыңдалуына септiгiн тигiзу.
1. Қазақ халқының кемеңгер ойшылы А.Байтұрсынов: "Сөз жазатын адам әрi жазушы, әрi сыншы боларға керек. Сөздiң шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлiгi керек; ұнамды, орынды, дәмдi болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына бiлiм керек"[6]- деп жазған екен.
М.Әуезов 1928 жылы жазған өз өмiрбаянында: "Алғашқы жазуларым сырлы әдебиет бетiнде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталды."[2.382-п.,7-б.]-деп атап көрсетедi. Ол әдебиет сыны туралы арнайы жеке теориялық еңбек жазбағанымен, түрлi жиын мәжiлiстерде сөйлеген сөздерiнде, әдебиет пен өнердiң жай-жапсары жайлы жазылған мақала, зерттеулерiнде аракiдiк әдеби сынның мiндетi, ерекшелiктерi туралы өз ой-пiкiрлерiн ортаға салып отырған.
"Көркем әдебиет туралы" атты 1927 жылы "Екеу" деген бүркенiш атпен жазылған мақаласында бiзде сол кезеңде етек жайып қалыптаса бастаған сын мәдениетi төмен "ұр да жық, әпербақан" сыншыларға орыс әдебиетiндегi Г.Плеханов, Л.Троöкий, А.Воронскийлердiң сауатты, салауатты ой-пiкiрлерiн үдгi-өнеге ретiнде ұсынады: "Мiне, көргендi ел жазушыларына, ақындарына осылай қарайды екен, сыпайы келедi екен. Қаламынан пайда күтiп бағалайды екен, сонда барып әдебиет көркейедi деп шамалайды
Әдебиеттер.

1. А.Байтұрсынов Шығ., А., 1989, 301-6.
2. "Әуезов үйі" ҒМО, №271-п., 54-6
3. "Еңбекші қазақ", 1927, 9.02
4. "Социалды Қазақстан", 1935, 11.06
5. М.Әуезов 20 томдық шығ. жин.,19-т., А., 1985, 277-6.
6. М.Әуезов Шығ.50 томдық толық жин., 1-т.,А., 1997, 63-64 б
7. "Лениншіл жас" 1951, 14.01.
8. Айтматов Ч., Шаханов М. Плач охотника... А., 1996, 59-6

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мұхтар Әуезовтың әдеби-сын еңбектерi

Мұхтар Әуезов феномені туралы айтылып, жазылып жүрген ой-пікірлер,
зерттеулер баршылық. Дегенмен, қаншама мол жазылып, айтылған сайын
Мұхтартанудың проблемалары артып, тереңдеп өсе береді. Жаңа сыр-қыры
ашылып, жаңа міндеттер жүктеле түсері сөзсіз.
Абай жолың роман-эпопеясын Луи Арагон XX ғасырдың ең үздік
шығармаларының бірі деп бағаласа, Шыңғыс Айтматов XX ғасырды - Әуезов
ғасыры деп атады. Ал, президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Әуезовті тану -
қазақты тану, Қазақстанды тану деген сөзді айтты.
Шын мәнінде М.Әуезов XX ғасыр әдебиетінде ғажайып құбылыс, феномен
екендігі ешқандай күмән тудырмайды. Оның мәңгілік туындыларын жан-жақты
терең зерттеп тану ғасырдан ғасырға жалғаса береді.
М.Әуезов творчествосының тұтас тұлғасының қадір-қасиеті, құдіреті неде?
Оның өзгешелік, еркшелік сыр-сипатын қалайша тауып, тани аламыз? Бұл - өте
күрделі, дәуірлік мәселе. Оны әрбір кезең, әрбір ұрпақ өзінше таниды. Керек
болса, әрбір жеке оқырманның өз Әуезові бар.
М.Әуезовтің тұтас бүтін бітімін танып білу үшін алдымен оның сан қырлы
творчестволык мұрасын жекелей, сатылай тануымыз керек.
Қазiрше, басы ашық объективтi жағалай: Әуелi, М.Әуезов тумысынан,
табиғатынан айрыша дарынды болып жаратылған. Екiншiден, туып-өскен
ортасынан, айналасынан алған тәлiм-тәрбиесi, бойына тереқ сiқiрiп өскен
нәрi өте құнарлы болған. Үшiншден, мұсылманша медiресе мен орыс мектебiнен,
Ташкент, Петербург университеттерiнен түбегейлi тереқ бiлiм, таным алып
жетiлген. Төртiншiден, жастайынан үлкен қоғамдық, мемлекеттiк қызметтер
атқарып, ел тiрлiгiнiқ тұтқасын ұстап, келелi мәселелерiне араласқан.
Бесiншiден, семинарида оқып жүрген кезiнен бастап, күнделiктi газет
журналдарды шығарысып, үзбей ат салысып еқбек еткен, қаламгерлiк өнерге
ерте жетiлген. Алтыншыдан, әдебиет пен өнер-ғылымнық, мәдениеттiқ адам
өмiрiнде, қоғам тiрлiгiнде атқаратын ызметiн ерте танып, кәмiл түсiнген.

Міне, осы аталған объкетивті жағдайлар Әуезовтің терең де заңғар, нәрлі
де нәзік суреткерлігінің негізгі бір қыры - оның кемеңгерлік ойшылдығында,
ғұлама ғалымдығында, өткір сыншылдығында жатқандығы да анық.
Жазушы әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану мәселелріне байланысты
өмір бойы үзбей қалам тартып, бас-аяғы үлкенді-кішілі 500-ге жуық мақала,
зерттеу еңбектер жазған екен.
Әдебиет пен өнердiң көп ғасырлық тарихынан мәлiм, көрнектi
суреткерлердiң көпшiлiгi дерлiк әдеби-сын мақалалар жазып, жалпы әдебие
проöеске, әдебиеттануға да еңбек сiңiрiп, мол үлес қосқан. Мұның, әрине,
өзiндiк объективтi және субъективтi себеп заңдылықтары бар. Ол, негiзiнен,
әдебиеттiң, сынның өз мiндетi, мүддесiнен туындаса керек.
Әдебиет сынының негiзгi қызметi мен мiндетiн, белгiлi мөлшерде
шарттылыққа барып, үш түрге жiктеуге болар едi: алдымен, сын әдебиеттiң
мән-жайын, маңыз-мағынасын оқырман-жұртшылыққа түсiндiрiп, оны үгiттеп,
насихаттау; екiншi, әдебиеттiң өсiп өркендеуiне әсер-ықпалын тигiзер
кеңесшi, жанашыр қамқоры болу; үшiншi, суреткердiң өз еңбегiне "өзгенiң
көзiмен қарап", iштей ширығып шыңдалуына септiгiн тигiзу.
1. Қазақ халқының кемеңгер ойшылы А.Байтұрсынов: "Сөз жазатын адам
әрi жазушы, әрi сыншы боларға керек. Сөздiң шырайлы, ажарлы
болуына ойдың шеберлiгi керек; ұнамды, орынды, дәмдi болуына
сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына бiлiм керек"[6]- деп
жазған екен.
М.Әуезов 1928 жылы жазған өз өмiрбаянында: "Алғашқы жазуларым сырлы
әдебиет бетiнде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталды."[2.382-
п.,7-б.]-деп атап көрсетедi. Ол әдебиет сыны туралы арнайы жеке теориялық
еңбек жазбағанымен, түрлi жиын мәжiлiстерде сөйлеген сөздерiнде, әдебиет
пен өнердiң жай-жапсары жайлы жазылған мақала, зерттеулерiнде аракiдiк
әдеби сынның мiндетi, ерекшелiктерi туралы өз ой-пiкiрлерiн ортаға салып
отырған.
"Көркем әдебиет туралы" атты 1927 жылы "Екеу" деген бүркенiш атпен
жазылған мақаласында бiзде сол кезеңде етек жайып қалыптаса бастаған сын
мәдениетi төмен "ұр да жық, әпербақан" сыншыларға орыс әдебиетiндегi
Г.Плеханов, Л.Троöкий, А.Воронскийлердiң сауатты, салауатты ой-пiкiрлерiн
үдгi-өнеге ретiнде ұсынады: "Мiне, көргендi ел жазушыларына, ақындарына
осылай қарайды екен, сыпайы келедi екен. Қаламынан пайда күтiп бағалайды
екен, сонда барып әдебиет көркейедi деп шамалайды екен. қйiрге жаңа түскен
сәурiкше бiрiн-бiрi сауырламайды, мүйiздемейдi екен, сынаса өзiн емес,
сөзiн сынайды екен"[7.] – деп жазады. Бiздегi сыншылардың жазушыларға бар-
жоқты үйiп төгiп, өздерiнше кесiп-пiшiп, саяси айып тағып, баса-көктеп
кететiн жарамсыз әдеттен аулақ болуын ескерте отырып, сыншының мiндетi:
барды-бар, жоқты-жоқ деу, бұлай болса, тәуiр болар едi деп, түзу жөн
сiлтеу, жазушыға жәрдемдесу" деген оймен түйiндейдi.
1935 жылы С.Мұқановтың "Ақ аю" поэмасы жайлы жазған мақаласында автор
әдебиет сынының ұшқырлық, шапшаңдық ерекшелiк-қасиетiне назар аударып,
жаңа туған шығармаға "алғашқы бусанып туған жалынды ыстық шағын" өткiзбей,
"Сын дер кезiнде үн қатса, көмбеге тақап келгенде жұртшылықтың алдынан
атой салып, тартушыдай "қос тiзгiндеп көтермелеп" кеткенiндей, жазушыға
қанат бiтiргендей боп талабын өсiре түсер едi”[8]- деп сынның негiзгi
мiндет-парызын атап көрсетедi.
Жазушы өз шығармалары туралы кейбiр жөн-жосықсыз сын айтқан авторларға
қайтарған жауап мақалаларында да әдеби сынның ерекшелiгi, сын мәдениетi
жайлы ойын жалғастырып тереңдете түседi. С.Мұқанов "Халық қазынасын дұрыс
пайдаланайық" атты мақаласында [8.27.02.1939.] М.Әуезовтiң "Айман-Шолпан"
либреттосына таптық тұрғыдан саяси айып тағып сын айтқан екен. Араға күн
салып, жариялаған "Жақсы сынға жан пида" деген мақаласында жазушы оған
нақты, өткiр жауап қайтарып: "Сынай көрме" деп сенiң қаламыңа ешкiм
жармаспайды. Құры белден шалып, жаптым жала, жақтым күйе болмасын, сын
орнына қиястық жүрмесiн, дәлел орнына далбай жүрмесiн"[8.1.03.1939.]-
дейдi.
Филология ғылымдарының кандидаты С.Нұрышев "Абай ақындығының алғашқы
кезеңi" атты мақаласында [9] Абайға шығыс ақындарының тигiзген әсерiн
жоққа шығаруға ұмтылып, М.Әуезовтiң осы саладағы еңбектерiнен саяси астар
iздеп, өрескел пiкiрлер айтады. Оған жауап мақаласында жазушы осы кезеңге
дейiнгi Абай мұрасын зерттеуде ғалымдарымыздың әр алуан салада еңбек етiп,
осы жолда өнiмдi табыстарға да жетiп, ара кiдiк кемшiлiк, қайшылықтарға да
кезiгiп отырғандарын айта келiп: "Бiрақ қателесе жүрiп iздендiк , iздене
жүрiп өстiк... Құрғақ күдiк ғылымды өсiрмейдi. Ол дәнсiз гүлдей өмiрi жоқ,
өзiнен ары қарай өрбiтер нәсiлi жоқ, тұл сөз болады" деп санайды. Сыншының
шығыс дегендi оқырманға құбыжық етiп, үркiте көрсететiнiн, өзiнiң "Алғашқы
кезде елiктедi дегеннiң өзi де бекер. Абайға жапқан жала" деп алып,
сыртынан сол мақаласында және де: "Абайдағы шығыс әсерi дерлiк бейнелер
ерiксiз жұққан азды-кемдi қайшылық қана. Ондай болмашы белгiлердiң
қалғандығына таңданбау керек" деген өз сөздерiн келтiре отырып: "Ғылым
атынан сөйлеп отырған жолдас Нұрышев қарға адым жердей, кiшкене ғана
мақаласының бойында өзiне өзi қайшы келiп, екi түрлi сөз сөйлейдi. әз
сөзiне өзi оралып жығылады" [5.20-т.,16б]-деп сыншы пiкiрiнiң қайшылықты,
қауқарсыз екенiн қадап айтады.
Көрнектi тiл маманы профессор М.Балақаев 1954 жылы "Соöиалистiк
Қазақстан" газетiнде "Көркем әдебиеттiң тiлi жайында" атты мақала жариялап,
М.Әуезовтiң, С.Мұқановтың, Ғ.Мұстафиннiң шығармаларының тiлiне қатты сын
айтқан. Онда "Абай жолы" романындағы кейбiр сөз тiркестерi, сөйлемдерi
туралы "Жазушы шеберлiгi соңғы кездерде еркiндiкке айналып, оның тiлi
халық тiлiнен қашықтап барады". Көп жерлерде сөздердi мүлде орынсыз,
ретсiз тiркестiре салу, сөйлемдердi ауыр етiп құру салдарынан тiлiнiң
әсерлi болуы былай тұрсын, тiптi кейде автордың не айтқысы келетiнiн түсiну
қиын деген сияқты артық-ауыс айтылған ой-пiкiрлер де кездесiп отырады.
М.Әуезов өзiнiң "Тағы да көркем әдебиеттiң тiлi туралы" деген
маєаласында сыншының әрбiр даулы пiкiрiне нақпа-нақ жерiне жеткiзе, тiптi
кейде өткiзе өткiр жауаптар қайтарады. Айталық, тiл маманының "ажарын
сездi" деген тiркестi әбес санап, оның орнына "ажарын көрдi" деп айту керек
деген ұсынысына: "Ажар" деген пiшiн ғана емес, ол, адамның кейде iшi де,
кейде тысы да боп ауыса отырады. Ал адамның iшiн атаған кез болса, ол iштi
көруге болмайды, сезуге ғана болады... Ажарың ақ түлкiнiң ажарындай" – деген
өлеңде түлкiнiң серейген құлағын, сүйiр тұмсығын, жылтың қаққан көзiн айта
ма? Сол көрiнiп тұрған сипаттарына теңей ме? Жоқ, жүйрiк, жылпаң тағының
қайнар қуат-қылығына теңейдi"[5.19-т.,278-б]-дейдi.
Сонымен қатар суреткер-ғалым тiл маманының артық-кем, ұшқарылау айтқан
кекесiн сөздерiне шамданып қалып, шамырқанып, қатуланып кеткендей: "Ол әр
жерде "даналық" деген боп, "далиып" деп, "мәдениетсiздiк", "түйiрдей нәр
жоқ" деген боп, дау ғана айтпай, кекесiн сөз қолданады. Бұндай мiнездiң екi
ұдай екенiн ескермейдi. Мiнезге мiнез, сөзге сөз орай бола келе өзiн де
тыжыртатын сөздер естуге, қатерге ұшыратады" деп алып, кей тұстарда,
әдептен аттамай-ақ, сыпайылап, сыналап батыра сөз айтады. Әсiресе тiлшiнiң
жазушыға "халық тiлiнен қашқақтап барады" деген сынына қайтарма, қатқылдау
жауаптар берген.
М.Әуезов бұл мақаласында, негiзiнен, әдеби тiл туралы өрелi тың ой-
пiкiрлер айтумен қатар көркем әдебиеттiң тiлiн зерттеп танудың да басты жөн-
жобасын белгiлеп бергендей. Бұл бағытта терең, әдiл-әрлi сын айту үшiн тек
жалаң тiлшi ғалым болу жетiспейдi, тiлшi-әдебиетшi болу қажет деген
кесiмдi пiкiрiн қадап айтып, таратып түсiндiредi.
Әрине, бұл арадағы негiзгi әңгiме арқауы екi бiлгiр ғалымның бiр-
бiрiмен пiкiр қақтығысып, сөз шарпысуында емес, тiлдiң бiр беткей
грамматикалық заңдылықтары тұрғысынан келгенде тiлшi ғалымның кей пiкiрлерi
көкейге қонып та жатыр. Ал көркем әдебиеттiң тiл ерекшелiгi мен оны
бағамдап, сынап бағалау тұрғысынан жазушының бұл мақаласында айтылған өткiр
де терең толғамды ой-тұжырымдарының, ғылыми таным көзқарасының маңыз-мәнi
мол, ұлағаты айқын да анық.
М.Әуезов осы сияқты және басқа да үлкендi-кiшiлi еңбектерiнде әдеби
сын жайлы өз ой-пiкiрлерiн айтып отырумен қатар жеке жазушылардың
творчествосы, олардың кейбiр туындылары туралы реöензия, сын мақалалар да
жазған. Оның: ("Қызыл сұңқарлар" (сын) 1922), "Мемлекет театрында", "Астық"
пьесасы, "Қыз Жiбек" қандай?" (1934), "Бiздiң актерлерiмiз", "Қалмақаннан
не тiлер едiк?", "Ақ аю" туралы" (1935), "Шыншыл, тәкаббар ақын", "Тарғын"
туралы", "Елубай әмiрзақов (1936), "Евгений Онегиннiң" қазақшасы туралы",
"Алғашқы әсер" (1937), "Дiндi әшкерелейтiн пьеса" (1938), "Әбдiлда ақын"
(1939), "Жолы кең жазушы", "Халық әртiсi" (1946), "Әбдiлда Тәжiбаев"
(1949), "Кейбiр ұлт жазушыларының романдары туралы" (1950), "әнер өрiнде"
(1952), "Алтай жүрегi" туралы" (1953), "По поводу книги Дж.Икрама" (1957),
"Путь добрый" (1958) т.б., мақалаларында жазушы өзi сөз етiп отырған
тақырыбын айқын ашып, жеке автордың творчествосын, оның шығармасындағы
басты ерекшелiк өрнегiн, маңыз-мәнiн, жетiстiк-кемiстiк жәйттерiн мейлiнше
дәл тауып, тап басуға ұмтылады.
Автор кiм жайлы, қай шығарма туралы жазса да, бiздiң сынымыздағы әу
бастан әлi күнге дейiн арыла алмай келе жатқан, ұр да жық, не көңiл
жықпастық, көзжұмбайлық, бiрбеткейлiк сияқты ұнамсыз ауру-әдеттерге
мүмкiндiгiнше бой алдырмай, әдiлеттiң ақ жолынан ауытқымай, барын-барынша,
жоғын-жоқтай ашып бередi.
Айталық, 1922 жылы С.Сейфуллиннiң "Қызыл сұңқарлар" пьесасын аяусыз,
ащы сынға алса, 1936 жылы жазған "Шыншыл, тәкаббар ақын" атты мақаласында
өсiп толысқан ақын поэзиясының лайықты жоғары бағасын айтады. Мұнда ол:
"Ақын еңбегiне, сыншы да, тарихшы да емес, жай қатардағы оқушы есебiнде көз
жiберiп қарасаң, өзгеде жоқ екi түрлi ерекше iрi қасиетi басымдап
айқындана шығады. Мұның бiрiншiсi – жалтақтығы жоқ шыншылдығы, екiншiсi –
ақындық тәкаббарлы№ы. Жай мiнез машығына айтпаймын, ақындық еңбегiнiң
сипатын айтам" деп, Сәкеннiң белгiлi өлең, поэмаларында "барынша шын
сезiмнiң толқыны" бiлiнiп тұратындығын айрықша атап айтады. Оның бұл
өзгеден ерек шыншылдығының түп тамыры ақындық тәкаббарлығынан шығады.
Отаршылықтың "ошарыла басқанынан" туған құлдық психологиясы көбiмiздiң
сүйегiмiзге дейiн сiңiп, "адамның шын адам мүсiнiн" өзгертiп жiберген
заманда "өзгеден кем емеспiн, теңмiн" деген ақындық мiнездi берiк ұстанған
"оның шығармаларына бiткен сезiмнiң барлығы да айқын, ашық. Тұтас бiтiмдi,
жоталы тұлғадан туатын көрнектi, бүтiндiгi бар сезiмдер" [3.11-т., 29-30б.]-
деп санайды автор.
Творчестволық қызметiне 20 жыл толып отырған Сәкеннiң "ылдиы бар, өрi
бар, - ыстық қанды нағыз ақындық жолын" осылай өте жоғары, әдiл де дәл
бағалай келiп, автор бүгiнгi әдебиеттiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Жазушының драмалық шығармалары
Абайтану ғылымы туралы
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Қазақ философиясының қалыптасу барысы мен тереңде жатқан тамырларын зерттеу
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезов шығармашылығындағы авторлық идея мен көркемдік шешімнің өзгеруі
Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны
Пәндер