Еңбек құқығының қайнар көздері



Кіріспе
1.Еңбек құқығының қайнар көздерінің мазмұны

Негізгі бөлім
1.1.Еңбек құқығының қайнар көздерінің түсінігі
1.2.Еңбек құқығының қайнар көздерінің түрлері
2.Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесінің ұғымы
2.1.Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесінің ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Еңбек құқығының қайнар көздері - бұл қай органның қандай мәселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын және олардың мазмұны анықталатын қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының және нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек қатынастарымен байланысты.
Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге асырылған кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама-қайшы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды реттеудің, еңбек қатынастары жүйесіндегі белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады.
1. Ахметов А., Ахметова Г. Алматы Нұр-пресс, 2005
2. Қағазов О. 2003Ж
3. Айымханова Н.М. Еңбек заңдарының негізгі ережелері. Алматы 1998
4. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
1.Еңбек құқығының қайнар көздерінің мазмұны

Негізгі бөлім
1.1.Еңбек құқығының қайнар көздерінің түсінігі
1.2.Еңбек құқығының қайнар көздерінің түрлері
2.Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесінің ұғымы
2.1.Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесінің ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Еңбек құқығының қайнар көздері - бұл қай органның қандай мәселелерге
қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының
нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров атап өткендей, еңбек құқығы
қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама
беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын және олардың мазмұны
анықталатын қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2
құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының
және нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек қатынастарымен
байланысты.
Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге асырылған кезде
қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси және әлеуметтік
қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама-қайшы болуы мүмкін. Мұндай
жағдайда оларды реттеудің, еңбек қатынастары жүйесіндегі белгілі бір
құқықтық нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады.
Енбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін
мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек құқығы қайнар
көздерінің түсінігі мемлекеттік органдардың құқықты калыптастыру, оған
заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге нормативтік құқықтық актілер нысанын
беру жөніндегі тікелей кызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек құқығының
қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.
Сонымен, енбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті
органдарының енбек және өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы
құқық шығарушы қызметінің нәтижелерін тануға болады. Басқаша айтар болсақ,
енбек құқығының қайнар көздері - бұл жалданбалы қызметкерлердің енбегін
пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі қатынастарын, енбек нарығын реттейтін
нормативтік құқықтық актілер.
Еңбек құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады және оларды
осы нормаларды қолдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР Еңбек
туралы заңы еңбек құқығының жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын
қайнар көзі, ал ұйым басшысының жұмыстан босату (немесе кызметке кабылдау,
ауыстыру, тәртіптік жаза тағайындау) туралы бұйрығы құқық қолдану актісі
болып табылады.
Жалпы алғанда еңбек құқығының барлық қайнар көздері қайнар көздер жүйесін
құрайды, мұнда олар өз мәні, бағыныстылығы бойынша ҚР Конституциясынан,
еңбек туралы халықаралық - құқықтық актілерден (Халықаралық еңбек ұйымының
конвенциялары және ұсыныстар, БҰҰ-ның актілері және өзге де халықаралық
шарттар) және республиканың басқа да міндеттемелерінен, сонымен катар ҚР
Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан, ҚР
Еңбек туралы заңынан және өзге де заңға сәйкес актілерден құрайды.
В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер 2 түрге бөлінеді:
негізгі және туынды.
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР
Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар,
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР
Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары,
министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының
нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік
комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік
қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілікті
мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге әр
түрлі ережелер. нұсқаулар, ұсыныстар және т.б. жатады. Туынды актілер
негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізінде қабылданады және олармен
бірге біртұтас жүйені құрайды.
ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Нормативтік құқықтық актілер
туралы заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда өзге нормативтік-
құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін
деңгейлерге сәйкес болады:
Қазақстандық құқықтың, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздерінің
арасында ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген.
Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында
ол тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданатын заңдар мен
өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.
Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.

1)Конституция заңдар мен заңға сәйкес актілерге қарағанда артықшылық рөлге
ие;
2)Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сәйкес
актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.

Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін
негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық,
соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздеріне катысты бірқатар жаңа
ережелер бекітті. ҚР Конституциясы адам және азаматтың құқықтарын,
бостандықтарын және міндеттерін, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің
теңдігін заңнамалық тұрғыда бекітті.
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне
байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай
кемсітуге болмайды. Конституция әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен
кәсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз еңбекке тыйымды және қауіпсіздік
пен тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығын; еңбегі үшін нендей бір
кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға
құқығын жариялады. Конституция қызметкерлердің заңмен белгіленген
тәсілдерді пайдалана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығын
мойындады. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс
істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және
мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда және заңға
сәйкес актілерде сипатталады.
ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілер туралы
заңына сәйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар ені ізетін заңдар;
Конституциялық заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие
жарлықтары;
Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің заң күшіне
ие жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік
қаулылары; орталық мемлекеттік орғандардың нормативтік бұйрықтары және
қаулылары;
мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары деңгейдегі
нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс.
ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау
комиссиясының нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.
Заңның өзге заңға сәйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады. Бұл
заңдылық қағидасының мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану
саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер
мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар
мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау
сияқты маңызды мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы
заңға сәйкес актілермен реттеледі.
Еңбек құқығының маңызды қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының
заңдары табылады.
ҚР Конституциясына және ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік
құқықтық актілер туралы заңына сәйкес заңдардың келесі түрлерін атап өтуге
болады:
ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Олар ҚР
Конституциясында (62-6. 3-т.) белгіленген тәртіппен қабылданады. Мысалы:
мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7
қазандағы ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
заңы (33-б. 4-т.);
ҚР конституциялық заңдары. Конституциялық заң ретінде ҚР Конституциясында
осылай танылған және Конституцияда белгіленген тәртіпте қабылданған заң
танылады. Мысалы, ҚР 1991 жылғы 16 қазандағы ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы конституциялық заңы;
жай заңдар. Мысалы, ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР еңбек туралы заңы,
ҚР 1998 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР халқын жұмыспен қамту туралы заңы және
т.б.

Сонымен катар, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде еңбек қатынастары
саласындағы заңға сәйкес актілер де танылады.
Заңға сәйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге де нормативтік
құқықтық актілер жатады. Бұл - ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары, ҚР
Парламентінің және Үкіметінің нормативтік қаулылары, министрлердің
нормативтік бұйрықтары, мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Заңға сәйкес нормативтік актілер 2 белгімен сипатталады:

заңға сәйкес нормативтік актілер заңдарға қайшы келмеуі және шегінен
шықпауы тиіс;

олар заңдарды орындауды ұйымдастыруға бағытталған.

ҚР Конституциясының 62-бабына сәйкес, Парламент Республиканың бүкіл
аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің
қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне
енеді. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары
Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының
қаулылары заңдарға қайшы келмеуі тиіс.
Заңға сәйкес актілердің қатарынан ҚР Президентінің нормативтік
жарлықтары жоғары заңды күшке ие. Олар ҚР Парламенті мен оның Палаталарының
құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қабылданады. Мысалы, ҚР
Президентінің 1990 жылғы 29 мамырдағы Мемлекеттік және еңбек тәртібін
нығайту бойынша шұғыл шаралар туралы жарлығы.
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігін Қазақстан
Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары құрайды. Олар жалпы
мемлекеттік сипатқа ие.
ҚР Конституциясының 69-бабына сәйкес Үкімет өз құзыретіндегі мәселелер
бойынша қаулы, ал Премьер-министр - өкімдер шығарады. Бұл актілер бүкіл
республика аумағында міндетті сипатқа ие.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасының ҚР
еңбек туралы заңының орны ерекше. Бұл акт еңбек құқығының жүйесіне кіретін
қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін реттейді.
Еңбек саласындағы манызды заңдарға Қазақстан Республикасы еңбек құқығының
қайнар көздері ретінде жалпы сипаттама. Қазақстан Республикасында еңбек
мәселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:
Халықты еңбекпен қамту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық деген пайда
болып, жұмыссыздардың саны көбейіп келе жатқан жағдайда қабылданған бұл акт
- біздің республикамыздағы халықты енбекпен қамтуға бағытталған алғашқы
заң. Аталған заң еңбекпен қамту қағидасын бекітіп, еңбекпен қамту,
жұмыссыз, жұмыссыздың мәртебесі сияқты түсініктерді анықтады, сонымен
катар, мемлекеттік органдардың жұмыс берушілермен және жұмыссыздар мен
қарым-қатынастарын реттеді.
Осы заңға сәйкес еңбекпен қамту және жұмысқа орналастыру органдары да
жұмыс істейді. Қызметкерлер еңбек шартын бекітпестен бұрын аталған
органдармен қатынасқа түседі.
Ұжымдық шарттар туралы заң кәсіпорын, ұйым деңгейінен жоғары әлеуметтік -
әріптестік қатынастарды реттейді. Сонымен қатар, бұл заң ұжымдық шарт және
оның бекіту тәртібін реттейді және де алғаш рет ұжымдық шарттарды және
әлеуметтік - әріптестік қатынастарды бекіту бойынша ұжымдық келіссөздерді
жүргізудің тәртібін бекітті.
Енбекті қорғау туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің
өмір және денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін реттейді.
Кәсіптік одақтар туралы заң Қазақстан Республикасында кәсіптік одақтарды
құрудың құқықтық негіздерін орнықтырды, олардың негізгі құқықтары мен
кызмет кепілдіктерін бекітті, кәсіптік одақтардың қызметкерлер құқықтарын
қорғауға байланысты жұмыс берушілермен және олардың бірлестіктерімен,
мемлекеттік билік органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарымен, заңды тұлғалармен және азаматтармен қарым-қатынастарын
реттеді. Ұжымдық енбек даулары туралы заң ұжымдық еңбек дауының түсінігін,
ұжымдық келіспеушіліктерді шешу мерзімін және тәртібін бекітті.
Мемлекеттік кызмет туралы заң - мемлекеттік қызметшілердің арнайы
еңбегін реттеуге бағытталған алғашқы заң. Заңда мемлекеттік қызметшілердің
түсінігі берілген, оларды кызметке алу және босату тәртібі, олардың
құқықтары мен міндеттері анықталған. Бұл заң мемлекеттік қызметшілер үшін
арнайы нормаларды (мысалы, мемлекеттік қызметшілерге катысты бірқатар
шектеулер) және демалыс уақыты, қосымша ақы төлеу бойынша жеңілдік -
нормалар және т.б. белгіленген. Бұл актіде мемлекеттік қызметшілерге
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының (заңдардың өзінде
аталып өткен кейбір ережелерді санамағанда) әрекеті таралатындығы аталып
өткен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары)
ҚР Еңбек құқығының пәні
Еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесі
Еңбек құқығының қайнар көзі түсінігі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының қайнар көзі
Еңбек құқығының қайнар көздерінің түсінігі
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Еңбек құқығы туралы түсінік
ҚР-ның еңбек құқығы
Пәндер