Валюталық операциялар туралы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихына көз салсақ, оның антик дәуірде пайда болғанын байқаймыз. Ежелгі Греция мен Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген.

Халықаралық валюта және қаржы - несие нарықтары дүниежүзілік шаруашылықтың, халықаралық экономикалық қатынастардың ең маңызды буындарының бірі. Қаржы нарығының дамуының негізінде қаржы айналымының объективті заңдылықтары жатыр. Бір жерлерде уақытша бос капиталдар пайда болса екінші жерде оған сұраныс қалыптасады. Дүниежүзілік валюта және қаржы - несие нарықтары бұл қайшылықтарды дүниежүзілік шаруашылық деңгейінде шешеді.

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта - қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді. Бұл қатынастардың толық қанды мүшесі болу үшін Қазақстанға бірталай мәселерді шешуге тура келді. Негізгі валюталық саясаттың бірі - теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру. Мұның өзі бір жағынан, теңдестірілген (балансталған), екінші жағынан, шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық нарықтың болуын талап етеді. Теңгенің еркін ауысатын валюталармен салыстырғандағы бағамының орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік нарыққа, оның ішінде валюталық нарыққа шығудың тиімді жолы.

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылыстары қарыз капиталының дүниежүзілік нарыққа шығуына, портфельдік және тікелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкіндіктер береді. Керісінше, егер валюталық шектеулерге, шетелдік капитал үшін қолайсыз инвестициялық ахуалға, ұлттық валютаға тұрақты сенімсіздік жағдайларына жол берілсе аталған мүмкіндіктерден айырыларымыз анық. Бұл факторлардың бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің күмәні болмаса керек. Осы тізбекті үзіп алмай, экономикалық реформалар бағытымен тынбай қозғалу, шаруашылық жүргізу механизмін, соның ішінде валюта нарығын дамыта беру Қазақстанның дүниежүзілік валюталық нарықта өз орнын табуының кепілі.

Қазақстанда қазірдің өзінде теңгенің ел ішінде еркін ауысуына іс жүзінде қол жеткізіліп отыр. Ішкі еркін ауысуы дегеніміз - ол теңгенің ішкі валюта нарығындағы шетелдік валютаға өзгермелі бағам бойынша еркін айырбасталу мүмкіндкігі. Ал, теңгенің толық ауысуы мүмкіндігіне жетуі үшін елдің саяси - экономикалық және қаржы - қаражат тұрақтылығы, алтын және валюта резервтерінің қорлануы, ТМД елдерімен валюталық ынтымақтастық механизмінің қалыптасуы қажет, яғни ТМД елдерімен экономикалық және валюта одағын қалыптастыру. Бұл арада Еуропалық Одақ шеңберінде қалыптасқан бай тәжірибені пайдалану қажет.

1. Валюталық операциялар ұғымы

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын "валюта" терминінің мәніне тоқталайық.

Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңына (24. 12. 1996 ж. ) сәйкес, "валюта - мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданган ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалган тиындар (айналымнан алынган немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауга жататынын ңоса алганда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындагы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардагы, соның ішінде халықаралъқ ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары ".

Осы заңда "валюталық опертшяларга" төмендегідей түсінік берілген:

1) меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құнды-лықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;

2) валюталық кұндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республи-касына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;

Мұндағы валюталық құндылықтарга мыналар жатады:

  1. шетел валютасы;
  1. номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қагаздар және төлем құралдары;
  1. тазартылган құйма алтын;
  1. ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар жэне төлем кұжаттары.

Мүндағы резиденттерге жататындар:

  • ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
  • ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;
  • ҚР-дан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда жэне өзге де өкілеттіктер жатады.

Ал, бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық заңды жэне жеке түлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына багалы металдар (алтынан басқа да) мен табиги асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялар агымдыц операциялар жэне капитал қозға-лысымен байланысты операцияларга бөлінеді.

1. Агымдық операцияларга жататындар:

  • тауарлар, жұмыстар жэне қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мэмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;
  • салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды жэне өзге де табыстарды алу жэне аудару;
  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді жэне басқа сомаларды аудару;
  • осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозгалысына байланысты операгшяларга жататындар:

  • инвестицияларды жүзеге асыру;
  • интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше кұқықты толық бе-руд! көздейтін мэмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;
  • мүліктік құқыққа жэне өзге де жылжымайтын мүлік қүқығына төлеуге аударымдар;
  • тауарлар, жүмыстар жэне қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге үзартуды көздейтін экспорт-импорт мэмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
  • 180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;
  • өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға қүқығы бар шетел баңкілерінде және өзге де қаржылық үйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;
  • зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмлелер бойынша халықаралық аударымдар;
  • жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталық реттеу - нормативтік қүқықтық актілерді жасау және бекіту, акпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

Валюталық заңға сәйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар жатады:

  • лицензиялау;
  • тіркеу;
  • хабарлау.

Тіркеу жэне лицензиялауға жататын валюталық операциялар тізімі төмендегі кестемен берілген.

Кесте -1

Валталық операциялардың түрлері
ҚР-на кіретін
ҚР-на шығатын
: 1
Валталық операциялардың түрлері: 180күн мерзімнен асатын коммерциялық несиелер
ҚР-на кіретін: Тіркелді
ҚР-на шығатын: лицензияланды
: 2
Валталық операциялардың түрлері: Тікелей инвестициялар
ҚР-на кіретін: Тіркелді
ҚР-на шығатын: Тіркелді
: 3
Валталық операциялардың түрлері: Бағалы қағаздарды сатып алу
ҚР-на кіретін: Тіркелді
ҚР-на шығатын: лицензияланды
: 4
Валталық операциялардың түрлері: 180 күн мерзімнен асатын қаржылық займдар
ҚР-на кіретін: Тіркелді
ҚР-на шығатын: Тіркелді
: 5
Валталық операциялардың түрлері: Капитал қозғалысымен жасалатын өзге операциялар
ҚР-на кіретін: Тіркелді
ҚР-на шығатын: Тіркелді

Тіркеуге жататын ең төменгі сома төмендегі кестеде берілген.

Кесте - 2

Қазақстан Республикасына келіп түскен мүлік 300 мың АҚШ долларына асқан жағдайда.
Қазақстан Республикасынан қаражат аудару сомасы 10 мың АҚШ долларынан асса
Қазақстан Республикасына келіп түскен мүлік 300 мың АҚШ долларына асқан жағдайда.: Резиденттің бейрезидентке мүлікті қайтарумен байланысты міндеттемесі 300 мың АҚш долларынан асқан жағдайда
Қазақстан Республикасынан қаражат аудару сомасы 10 мың АҚШ долларынан асса: Резиденттің бейрезидентке мүлікті қайтарумен байланысты талабы 10 мың АҚШ долларынан асса

Сонымен қатар заңды тұлға резиденттердің шетелдегі филиалдары мен өкілдіктерін үстау шығыстарын каржыландырумен байланысты шетел банктерінде шот ашуы тіркеуге алынады.

Тіркеуге жатпайтын валюталық операцияларға мыналар жатады:

  • мемлекеттің сыртқы займдар, мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы займдар туралы келісімдер, сондай-ақ осындай келісімдердің төңірегінде жасалатын операциялар;
  • валюталық келісімшарттың толық сомасына жасалған мәмілелік құжаты бар тауарларды экспорттаумен (импорттаумен) байланысты коммерциялық несиелер;
  • хабарлау режимінде жасалатын банктердің меншікті операциялары;
  • ҚР-да шетелдік мекемелердің жүзеге асыратын валютальщ опера-циялары;
  • бейрезиденттердің ҚР-да шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы;
  • бейрезиденттердің қазақстандық депозитарлық қолхаттарды сатып алуы;
  • брокерлік қызмет көрсету негізінде бейрезиденттер резиденттердің бағалы қағаздарын сатып алуы;
  • өзге мемлекеттердің заңдарына сәйкес және олардың аумағында резиденттердің шығарған бағалы қағаздарын бейрезиденттердің сатып алуы.

Валюталық операцияларды тіркеуге алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • тіркеуі үшін өтініш;
  • валюталық келісімшарт көшірмесі (тігілген және мөр басылған) ;
  • төл қүжатының көшірмесі (жеке түлғалар үшін) ;
  • заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
  • ҚР Статистика ұйымының тарапынан заңды түлғаға жеке иденти-фикациялық кодының берілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • СТТН көшірмесі;
  • Валюталық келісімшартқа сәйкес міндеттемелердің орындалуы және аяқталуын растайтын қүжаттардың көшірмесі.

Банктердің мынадай меншікті операциялары 300 мың АҚШ долларынан асса хабарлануға жатады:

- 180 күн мерзімнен асатын бейрезиденттерден алған коммерциялық
несиелер мен займдар;

  • бейрезиденттердің банктерге жасаған тікелей инвестициялары;
  • бейрезиденттердің банктердің бағалы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ банктердің халықаралық капитал нарығында бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
  • жылжымайтын мүлікке деген меншік құқығын сатып алумен бай-ланысты жасаған бейрезиденттердің аударымдары.

2. Валюталық операциялардың жіктелуі

Экономикалық эдебиеттерде банктер жүргізетін валюталық операция-лардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді.

1. Клиенттердіц шоттарын ашу және жүргізу.
Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:

  • заңды жэне жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
  • шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
  • овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;
  • операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;
  • кез келген уақыт аралығына шот архивін рэсімдеу;
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (кли-енттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату) ;
  • экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.
  1. Сауда емес операциялар. Сауда емес операцияларға клиенттергетауарлар жэне қызметтер экспорты мен импорты жэне капитал қозғалысыбойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуларға байланыссыз операциялар жатады.

1-сурет. Валюталық операциялардың жіктелуі

Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:

  • қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;
  • шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын ин-кассациялау;
  • шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу) ;
  • ақшалай аккредитивтерді төлеу.
  1. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату.

Халықарапық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

а) НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) -банк-корреспондентте ком-мерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

ә) ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) - коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.

4. Конверсиондъщ операциялар

Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:

  • СПОТ мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
  • ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мэмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктікжұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операцияларды классификациялау
Валюталық операциялардың сипаттамасы
Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны
Валюталық операциялардың жіктелуі
Валюталық операциялар есебі жайлы
Қазақстан Республикасының валютасымен операциялар
Банктегі валюталық операциялар
Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы
Валюталық операция түрлерін жүргізетін және реттеу органдары мен ұйымдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz