Мұнай мен газды өндіру техникасы мен технологиясы



1. Ұңғымаларды, сағалық және ұңғыма ішілік жабдықтарды пайдаланудың ұсынылатын тәсілдерін таңдау негіздемесі.
Ұңғымаларды пайдалану көрсеткіштерінің сипаттамасы
2. Ұңғымаларды пайдалану барысында туындайтын қиындықтардың алдын алу мен күресу бойынша шаралар
3. Ұңғыма өнімін кәсіптік дайындау және жинау жүйесіне қойылатын талаптар мен ұсыныстар
4. ППД жүйесіне, сумен толтыруға арналған су сапасына қойылатын талаптар және ұсыныстар
1. Ұңғымаларды, сағалық және ұңғыма ішілік жабдықтарды пайдаланудың ұсынылатын тәсілдерін таңдау негіздемесі.
Ұңғымаларды пайдалану көрсеткіштерінің сипаттамасы

Лақтыбай кен орнында 01.01.2002 жылға 10 барлау ұңғымалары бұрғыланды. Пайдалану қоры 4 (төрт) ұңғыманы № 27,32,34,37 құрайды.
Мұнай ұңғымалары фонтанды тәсілмен пайдаланылады.
Ұңғымалардың шапшу кезеңінің ұзақтығы қолданылатын қат қысымын ұстау әдістеріне ғана емес, фонтан көтергішінің құрылмасы мен мөлшеріне де тәуелді .
Көтергіш энергияның минималды салыстырмалы шығынында мұнайдың оңтайлы өнімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
Осымен байланысты № 27,32,34,37 ұңғымалардың жұмыс режімін анықтау мен жабдықтарын таңдау үшін А.З.Истоминнің фонтанды көтергішті есептеу бойынша әдістемесі пайдаланылды.
Көтергіштің 48; 60; 73; 89 мм тең бекітілген диаметрлерінде әртүрлі өнімділік қатарын ала отырып ∆р/L анықталды және графоаналитикалық тәсілді қолдана отырып әр ұңғыма бойынша көтергіштің оңтайлы диаметрлері анықталды (6.1-6.4 сур.).
№№ 6.1-6.4 суреттеріндегі қисық берілген газмұнай қоспасына қатысты фонтан құбырларының өткізгіштік қабілетін сипаттайды. Олар, қоспаның жылдамдығының өсуімен бірге көтергіштегі арынды жиынтықты жоғалтудың алғышқыда азаятындығын, ең төменгі деңгейіне жететіндігін, ал содан кейін көбейе бастайтындығын көрсетеді. Оларды құраушылардың өзгеруімен түсіндірілетін арынның жиынтықты жоғалтуының мұндай өзгеруі бір қысым градиентіне әртүрлі екі өнімділікке сәйкес келетіндігін білдіреді.
№№ 6.1 –6.4 суреттерін талдау бойынша көтергіш диаметрін, ұңғыма өнімділігі қисық учаскесіне минимум нүктесінен аздап оңға сәйкес келген жағдайда оңтайлы деп санауға болады.
Есептеулерге сәйкес фонтан көтергіштерінің оңтайлы диаметрлері № 6.1.2. кестесінде берілген.
01.01.2002 ж. бойынша Рзаб. > Рнас. кен орыны бойынша.
Ұңғымаларды шапшыту мүмкін болатын ең төменгі забой қысымын анықтау үшін А.З. Истомин әдістемесі қолданылды. Есептеу нәтижелері № 6.1.2. кестесінде берілген.
Кен орнының терең ұңғымалары үішн фонтан құбырларының колоннасының құрылмасын таңдауда беріктікке әсер ететін келесі факторлар ескерілді:
- құбырлардың өз салмағынан күші;
- құбырлардың бұрандаларының және муфталық қосылыс күйі;
- еңісті бағытталған және қисық ұңғымаларда түсіру-көтеру операциялары барысында жағалату мұнарасына құбырлар мен муфтаның үйкеліс күші;
- коррозиялық орта (жебірлік сулардың, газдардың және т.б. әсері);

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мұнай мен газды өндіру техникасы мен технологиясы
Лақтыбай кен орнын қазудың технологиялық сұлбасы

1. Ұңғымаларды, сағалық және ұңғыма ішілік жабдықтарды пайдаланудың
ұсынылатын тәсілдерін таңдау негіздемесі.
Ұңғымаларды пайдалану көрсеткіштерінің сипаттамасы
2. Ұңғымаларды пайдалану барысында туындайтын қиындықтардың алдын алу мен
күресу бойынша шаралар
3. Ұңғыма өнімін кәсіптік дайындау және жинау жүйесіне қойылатын талаптар
мен ұсыныстар
4. ППД жүйесіне, сумен толтыруға арналған су сапасына қойылатын талаптар
және ұсыныстар

1. Ұңғымаларды, сағалық және ұңғыма ішілік жабдықтарды пайдаланудың
ұсынылатын тәсілдерін таңдау негіздемесі.
Ұңғымаларды пайдалану көрсеткіштерінің сипаттамасы

Лақтыбай кен орнында 01.01.2002 жылға 10 барлау ұңғымалары
бұрғыланды. Пайдалану қоры 4 (төрт) ұңғыманы № 27,32,34,37 құрайды.
Мұнай ұңғымалары фонтанды тәсілмен пайдаланылады.
Ұңғымалардың шапшу кезеңінің ұзақтығы қолданылатын қат қысымын
ұстау әдістеріне ғана емес, фонтан көтергішінің құрылмасы мен мөлшеріне
де тәуелді .
Көтергіш энергияның минималды салыстырмалы шығынында мұнайдың
оңтайлы өнімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
Осымен байланысты № 27,32,34,37 ұңғымалардың жұмыс режімін анықтау
мен жабдықтарын таңдау үшін А.З.Истоминнің фонтанды көтергішті есептеу
бойынша әдістемесі пайдаланылды.
Көтергіштің 48; 60; 73; 89 мм тең бекітілген диаметрлерінде әртүрлі
өнімділік қатарын ала отырып ∆рL анықталды және графоаналитикалық
тәсілді қолдана отырып әр ұңғыма бойынша көтергіштің оңтайлы
диаметрлері анықталды (6.1-6.4 сур.).
№№ 6.1-6.4 суреттеріндегі қисық берілген газмұнай қоспасына қатысты
фонтан құбырларының өткізгіштік қабілетін сипаттайды. Олар, қоспаның
жылдамдығының өсуімен бірге көтергіштегі арынды жиынтықты жоғалтудың
алғышқыда азаятындығын, ең төменгі деңгейіне жететіндігін, ал содан кейін
көбейе бастайтындығын көрсетеді. Оларды құраушылардың өзгеруімен
түсіндірілетін арынның жиынтықты жоғалтуының мұндай өзгеруі бір қысым
градиентіне әртүрлі екі өнімділікке сәйкес келетіндігін білдіреді.
№№ 6.1 –6.4 суреттерін талдау бойынша көтергіш диаметрін, ұңғыма
өнімділігі қисық учаскесіне минимум нүктесінен аздап оңға сәйкес
келген жағдайда оңтайлы деп санауға болады.
Есептеулерге сәйкес фонтан көтергіштерінің оңтайлы диаметрлері №
6.1.2. кестесінде берілген.
01.01.2002 ж. бойынша Рзаб. Рнас. кен орыны бойынша.
Ұңғымаларды шапшыту мүмкін болатын ең төменгі забой қысымын анықтау
үшін А.З. Истомин әдістемесі қолданылды. Есептеу нәтижелері № 6.1.2.
кестесінде берілген.
Кен орнының терең ұңғымалары үішн фонтан құбырларының колоннасының
құрылмасын таңдауда беріктікке әсер ететін келесі факторлар ескерілді:
- құбырлардың өз салмағынан күші;
- құбырлардың бұрандаларының және муфталық қосылыс күйі;
- еңісті бағытталған және қисық ұңғымаларда түсіру-көтеру
операциялары барысында жағалату мұнарасына құбырлар мен муфтаның
үйкеліс күші;
- коррозиялық орта (жебірлік сулардың, газдардың және т.б. әсері);
- құбырлардың қабырғаларының мұнараға үйкелісінен және құммен және
газбен желінуден тозуы;
- құм тығындарымен және металл сальниктерімен ұстаудан созылатын
жүктеменің өсуі.
Сорғы-компрессорлық құбырлардың беріктігінің аталған факторларының
ішінде өздерінің жеке салмағынан созу күші неғұрлым кері әсер етеді.
Кен орындарының ұңғымаларында құбырларды түсірудің қауіпсіз
тереңдігін анықтау кезіндегі есептеулер үшін өздерінің салмағынан сорғы-
компрессорлық құбырдың мұнараға жүктемесіне ғана көңіл аударылды. Барлық
қалған факторлар беріктік қорының коэффицциентімен есептеледі.
Берілген формулалар бойынша қауіпсіздіктің 1,5 коэффициентінде
бұрандамалы қосылыс үшін жүктемеге қатысты берілген формула бойынша
есептелген орғы-компрессорлық құбырларды түсірудің рұқсат етілген
тереңдігі төмендегі № 6.1.1. кестесінде көрсетілген.

Сорғы-компрессорлық құбырлардың бір мөлшерлі мұнараларының шектік
тереңдіктері

№ 6.1.1. кесте
Құбыр Болаттың беріктік тобы
диаметрі,мм
Д К Е Л М
48,2 1750 2350 2550 3070 3500
3150 4150 4550 5350 6100
60,3 2000 2600 2850 3400 3900
3150 4100 4500 5300 6200
73,0 2050 2700 3000 3550 4100
3100 4100 4500 5300 6000

Ескерту: алымында – тең емес құбырлар үшін,
Бөлімінде – тең құбырлар үшін.

АНИ стандарттары бойынша дайындалған импорттық сорғы-компрессор
құбырларын қолдану мүмкін. Осы ұңғымаларға арналған сорғы-компрессорлық
құбырлар мұнараларын алдын ала есептеулермен таңдайды.

№ 6.1.2. кесте
Ұңғыма нөмірлері Көтергішті Минималды забой Көтергіштің
түсірудің қысымы МПа оңтайлы диаметрі,
максималды мм
тереңдігі
27 3900 25,91 60
32 4500 38,35 48
34 4450 28,3 48
37 3900 35,40 73

Орташа қат қысымы өнімді горизонттар бойынша 545 атм құрайтынына,
забой қысымы 345-460 атм шегінде болатындығына байланысты, сондай-ақ
өнімнің физика-химиялық қасиетін ескере отырып және ұңғымалар бойынша
максималды жұмыс қысымы қат қысымын өлшеуде фонтанды арматурамен құрылуы
тиіс.
Фонтанды арматураны құрылмалық және беріктік белгілері бойынша
ажыратады:
- жұмыс немесе сынақ қысымына (70-105 МПа);
- “елка” оқпанының өту қимасының мөлшерлерімен (50-150мм);
- фонданды елка құрылмасына (крестік және үш тармақты типтері);
- ұңғымаға түсірілетін құбырлар қатарының санымен (бір-және екі
қатарлы);
- ілмектік құрылғылар түрімен (тиек немесе крандар);
- көмірсутектің қос тотығы ортасында орнықтылығы (коррозиялық-берік
және қарапайым орындау).
ГОСТ 13846-74 сәйкес фонтанды арматураларды шығарады:
- 7,14,21 және 35 МПа жұмыс қысымдарына үш трамқаты түрде;
- 14,21,35,70 және 105 МПа жұмыс қысымына крест түрінде.
Өнімді қаттың гидродинамикалық жағдайын және өнімнің физика-химиялық
қасиетін ескере отырып кен орындарының ұңғымалары үшін 70 МПа жұмыс
қысымына, “елка” өту оқпанының қимасының 60 мм мөлшерімен, коррозиялық-
берік, екіқатарлы орындауда крест түріндегі фонтанды арматураны орнату
керек.
Лақтыбай кен орны бойынша механикалық алуды енгізу күніне суландыру
жобасында минималды забой қысым мен сорғы түрі № 6.1.3. кестеде берілген.

№ 6.1.3. кесте

№ рр Ұңғыма № Перформация Рзаб. НСВ Сорғыны Сорғы типі
аралығының қолданудағы түсірудің
ортасы максималды, оңтайлы
атм тереңдігі,
м
1 2 3 4 5 6
1 27 3950 129,8 2300 НСВ-1-38
2 32 4551 173,0 2300 НСВ-1-38
3 32 4556 184,1 2300 НСВ-1-38
4 37 3967 145,6 2300 НСВ-1-38

НСВ 1

НСВ 1 ұңғымалық штангалық салынбалы сорғылары 2500 м дейін
тереңдікаспамен қиындықсыз жағдайларда мұнай ұңғымаларында пайдалануға
арналған. Сорғы екі сору және екі айдамалау клапандарымен жабдықталған.
Клапандардың түйіндерінде үлкейтілген өту қимасы болуы мүмкін.

НСВ 1 сипаттамасы
Сорғының шартты мөлшері, мм 38
Плунжер жүрісінің максималды ұзындығы, мм 600
n=10 жүр.мин, м3тәул. максималды оңтайлы беру 98,5
Түсірімнің максималды тереңдігі, м 3500
Сұйықтық тұтқырлығы мПа*с (көп емес) 25
Механикалық қоспалардың болуы, айн.% 0,05 дейін
Ұңғымалық штангалық сорғының теориялық беруі – 97,6 м3тәул n=10
айдмин, nнап=1, плунжердің жүріс ұзындығы – 6000мм.
НСВ-1 ұңғыма сорғыларын үлкен тереңдіктерге (1200 м астам) диам 68-73
мм, болаттың “L” маркасының центраторларымен беріктік тобымен түсіруде
ұсынылатын НКТ құрастыруы.
20 НМ легірленген маркасынан жасалған қарнақтың ұсынылатын тереңдігі
мен диаметрі қалыпты, J=90МПа.
Ø25 мм – 20% жалпы тереңтіктен
Ø22 мм – 23% жалпы тереңтіктен
Ø19 мм – 57% жалпы тереңтіктен
Сорғы жұмысына газдың әсерін азайту мақсатында газ якорьларын
қолдану ұсынылады, мысалы Shlumberger фирмасының “табақша тәріздес
якорьлары”, сорғылардың ерітілген газ режімінде жұмыс істеу есебімен.
Лақтыбай кен орнының ұңғымалары бойынша СКД12-3-5600 тербелу-
станоктары штангалардың іліну нүктесіне максималды жүктеме бойынша,
редуктордың қисықшипті валында максималды айналу сәтіне және
жоспарланған режімнің көрсеткіштеріне сәйкес сорып шығарудың неғұрлым
жоғары жылдамдығы бойынша таңдалып алынған.
СКД12-3-5600 техникалық сипаттамасы
1. номиналды жүктемесі (сағалық штокта), кН-120
2. сағалық шток жүрісінің номиналды ұзындығы, м-3,0
3. номиналды айналу сәті (редуктордың шығыс валында), кН*м –56
4. минутына балансир жүрісінің саны 5-12
5. түсіру тереңдігі (м) беру (м3тәул.) жүрістің 3м ұзындығында,
сорғының 38 м диаметрінде – 269132,5
6. редуктор – Ц2НШ-560

Ұңғыма саағсын өндірудің механикаландырылған тәсілмен жабдықтауда
Лақтыбай кен орнында шапшудың болуы мүмкіндігінде, сондай-ақ
технологиялық операцияларды, ұңғымаларды жөндеу және зерттеу жұмыстарын
жүргізу үшін сағаны қымтау мүмкіндігін қарастыру керек.
Ұңғымалар үшін неғұрлым қолайлылары ОУ-140-146168-656ХЛ сағалық
жабдық, 14 МПа жұмыс қысымымен, құбырлық және құбыр сырты кеңістікті кері
клапан арқылы ораумен (коллектордағы қысымнан 10 % жоғары жұмыс
қысымымен), құбыр сырты кеңістігінде артық қысымды өшіру үшін.

2. Ұңғымаларды пайдалану барысында туындайтын қиындықтардың алдын алу
мен күресу бойынша шаралар

Кен орнының өнімді деңгейжиегінің геология-физикалық жағдайы,
ұңғыма өнімінің құрамы мен қасиеті ұңғымаларды пайдалануды қиындататын
келесі факторларға негіз болады:
- сағалық арматураның қымтауының бұзылуы нәтижесінде ашық
реттелмеген шапшу;
- НКТ ішкі қабырғаларында және лақтыру сызықтарында асфальтшайырлы
және парафинді шөгінділердің түзілуі;
- ұңғымалардың уақытысынан бұрын тоқтап қалуына әкеліп соғуы мүмкін
шапшу барысындағы лүпілдер;
- ұңғыма забойында және НКТ ішінде тұз шөгінділері;
- забойдағы құм тығындарының түзілуі.
Ұңғымалардағы аномальды жоғары қат қысымына байланысты
перфорацияның үстінен 50-100 метр аралығы шегінде пакер орнату керек,
сондай-ақ ұңғыма оқпанының қымталған жабынын қамтамасыз ету үшін
сағаның қымтамасының бұзылуы жағдайында және басқа қиындықтарда КУСА-Э
түріндегі жабдықтар кешенін қолдану ұсынылады, оның негізгі элементтері
пакер, НКТ ішіне 200 м дейін тереңдікте орнатылатын ұңғымалық кесуші-
клапан және жер бетіндегі басқару станциясы.
Сынақ пайдалану процессінде кен орны мұнайының қасиеті мен құрамын
физика-химиялық талдау мұнайдың аз күкіртті, парафинді, хош иісті
көмірсутегінің аздаған құрамымен метан-нафтенді екенін көрсетті.
Күкірт құрамы көп шамада ауытқиды – 0,08 ден 0,64 % дейін. Жалпы
мұнай үшін 0,29 орташа шамасында күкірт концентрациясының 0,46% дейінгі
мөлшері сипатты.
Мұнайдағы қатты парафиндер 0,2-5 % мөлшерінде анықталған, мұнайдағы
қатты парафиннің орташа концентрациясы 2,34 % құрайды. Парафиннің
өнеркәсіптік құрамы ІІ деңгейжиек мұнайында анықталған: І блок шегінде –
4,38 %, ал ІІ блок үшін - 3 %.
Шайыр мен асфальтендер құрамы бойынша мұнай аз шайырлы. Бұл
құрамдардың жиынтықты құрамы сынамалардың көпшілігінде 6 % жетеді.
Лақтыбай кен орнын пайдалану басында мұнай кәсібі жабдықтарында,
өндіру жүйесінде, жинауда, тасымалдауда және ұңғыманың забой аймағында
асфальтшайырлы және парафинді шөгінділермен (АШПШ) байланысты қиындықтар
туындады
Парафин шөгінділерінің алдын алу үшін және ұңғыманың қалыпты жұмыс
жағдайын қамтамасыз ету үшін әртүрлі әдістер қолданылады:
- механикалық;
- жылу;
- ішкі жабыны эмальдан немесе эпоксидті шайырдан тұратын құбырларды
қолдану;
- әртүрлі парафин шөгінділерін еріткіштерді қолдану.
Ұңғыма өнімінің өнімді деңгейжиектің геология-физикалық шарттары,
құрамы мен қасиеттері және оларға сәйкес келетін құрылма (паркерлерді
орнату) АШПШ-мен күрестің дәстүрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік
бермейді. Бұл жағдайлар қазіргі заманғы әдістерді қолдануды талап
етеді.
Тұрақты магнитті өрістердің сорғы-компрессорлы құбырларда (СКҚ) және
олар тасымалданатын құбырларда мұнайға әсер етуі, мұнда:
- СКҚ және құбырлардың қабырғаларында асфальтты-шайырлы-парафинді
шөгінділер (АШПШ) азаяды;
- Жөндеу аралық кезеңі ұзарады;
- Құбырлардың коррозия жылдамдығы азаяды.
Мұндай жоғары қуатты магниттерді пайдалану өздері орнатылатын
көтергіштер мен құбырлардың диаметріне тең өту диаметрімен индукторларды
құруға мүмкіндік тудырады, бұл энергия шығынынсыз өңдеудің пайдалы
әсерін жоғарылатады.
Ұңғыма жабдықтары:
№ 6.2.1. кесте

Индуктор типі Габарит Ішкі диаметрі, ммСалмағы, кг
мөлшерлері, мм
МИОН-СМ 73 Ø-94 56 3,6
L-207

Ұсынылатын нұсқа бойынша ұңғымаларды пайдалану барысында шөгінділердің
алдын алу шаралары

№ 6.2.2. кесте
№ Қажет шаралар Қолдану көлеміКезеңділігі Ескерту
1 КУСА-Э типіндегі жабдық Барлық тұрақты
кешенін қолдану өндіруші
ұңғымалар
2 Әртүрлі парафин Барлық тұрақты
шөгінділерін өндіруші
еріткіштерді қолдану ұңғымалар,
құбырлар және
жабдықтар
3 Тұрақты магнит Барлық тұрақты
өрістерінің мұнайға өндіруші
сорғы-компрессорлы ұңғымалар мен
құбырларда (СКҚ) және құбырлар
құбырларда әсері
4 Коррозия Барлық тұрақты
ингибиторларының түрлеріайдамалау
ұңғымалары,
құбырлары және
жабдықтар
5 Тұз шөгінділерінің Барлық тұрақты
ингибиторларының түрлеріайдамалау
ұңғымалары,
құбырлары және
жабдықтар
6 Гидраттүзінділерінің Барлық
ингибиторларын енгізу өндіруші
ұңғымалар мен
құбырларда
газды
қолдануда

3. Ұңғыма өнімін кәсіптік дайындау және жинау жүйесіне қойылатын
талаптар мен ұсыныстар

Кен орнын жасау шарттарын,мұнай мен газды өндірудің болжанатын
динамикасын, пайдалану тәсілі мен өндіруші ұңғымалардың сағалық
қысымын, мұнай мен газдың құрамы мен қасиетін және қоршаған ортаны қорғауды
есепке ала отырып келесі талаптар қабылданады:
- мұнай мен газды жинау мен тасымалдауды қымтау;
- қолданыстағы стандарттарға сәйкес өнімнің талап етілетін тауар
сапасын қамтамасыз ету;
- мұнай мен газ ағынымен үстіңге бетке шығатын артық энергияны
тиімді пайдалану, жоғары қысымдар, температуралар түрінде;
- мұнай мен газды жинау мен дайындау процесстерін біріктіру;
- жаңа техника мен блокты құрылманы пайдаланумен технологиялық
нысандарды тиімді ірілендіру және орталықтандыру;
- шығындар мен пайдалану шығындарын макисмалды қысқарту;
- негізгі технологиялық процесстерді автоматтандыру және теле
механикасы;
- Табиғат пен жер қойнауын қорғау, қоршаған ортаның ластануын
болдырмау,
- Мұнай мен газды кәсіптік жинау мен тасымалдаудың барлық
тізбектерін оңтайландыру.
Учаскедегі ұңғыма сағасынан автоматтандырылған топтастырылған өлшеу
құрылғылырына (АТӨҚ) дейін ұңғыма өніміні кәсіпішілік жинауды бір
құбырлы қымталған арынды жүйе бойынша жүзеге асыру қажет.
Б-40-14-500 типіндегі Спутник автоматтандырылған топтық өлшеу
құрылғысында (АТӨҚ), 400 м3тәул. өткізу қабілетімен, 5-400 м3тәул.
сұйықтық бойынша өлшеу шегімен және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай - газ кеніштерін газ арынды режимінде игеру
Мұнайды дайындауды жоспарлау
Контур ішінен сулаңдыру түрлері
Теңізшевройл біріккен кәсіпорнының қәзіргі даму жағдайлары
Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және игеру кезеңдері
Табиғи газды өңдеуге дайындау
Адсорбция процесі
Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау
Мұнай және газ саласында қолданылатын қауіпсіздік техникасы
Типтік өндіру ұңғыларда қабатты гидравликалық жару
Пәндер