Әкімшілік жауаптылық



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Әкімшілік жауаптылық түсінігі. Әкімшілік жауаптылық туралы заңнама.
2.2. Әкімішілік жазаның шаралары. Әкімшілік юстиция. Әкімшілік юрисдикция.
2.3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс түсінігі.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылык мәселелерін "Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы" Кодексі және басқа құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.
Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылык көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыздықта жасалған) іс-әрекеті неәрекетсіздігі немесе заңды тұлғанын құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Тәртіпсіздікке бару әкімшілік жауапкершілікті туындатады. Әкімшілік жауатпылықта болуға тиісті тұлғаларға мыналар жатады:
- ақыл-есі дұрыс он алты жасқа толған жеке адам;
- заңды тұлға.
Бұлардан басқа лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
Тәртіпсіздікке барғандарға әкімшілік жаза қолданылады және ол жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шаралары болып табылады.
1. Әкімшілік құқықы бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі – Алматы: Юрист, 2014. – 388 б.;
2. Ғаламтор ресурстарынан http://ortalyk-kaz.kz/;
3. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.;
4. Әкімшілік құқық. Жоғары оқу орындарына арналған. Е. Баянов.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Әкімшілік жауаптылық

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.

Алматы 2015 ж.

МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Әкімшілік жауаптылық түсінігі. Әкімшілік жауаптылық туралы заңнама.
2.2. Әкімішілік жазаның шаралары. Әкімшілік юстиция. Әкімшілік юрисдикция.
2.3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс түсінігі.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылык мәселелерін "Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы" Кодексі және басқа құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.
Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылык көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыздықта жасалған) іс-әрекеті неәрекетсіздігі немесе заңды тұлғанын құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Тәртіпсіздікке бару әкімшілік жауапкершілікті туындатады. Әкімшілік жауатпылықта болуға тиісті тұлғаларға мыналар жатады:
- ақыл-есі дұрыс он алты жасқа толған жеке адам;
- заңды тұлға.
Бұлардан басқа лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
Тәртіпсіздікке барғандарға әкімшілік жаза қолданылады және ол жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шаралары болып табылады.
әкімшілік жазаның түрлеріне:
- ескерту жасау;
- әкімшілік айыппұл салу;
- әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе онын тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою;
- әкімшілік құкық бұзушылықты жасау құралы немесе онын тікелей объектісі болған, әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу;
- арнаулы құқықтан айыру;
- лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне берілген не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
- жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
- өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
- әкімшілік қамауға алу;
- шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру жатады.
Бұл жазалардың ең көп қолданылатын түрі әкімшілік айыппұл. Ол - мөлшері айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен, лауазымды адамға салынатын айыппұл- бес айлық көрсеткіштен, ал заңды тұлғаға салынатын айыппүл -жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
Әкімшілік қамауға алу - он бес тәулікке, ал төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамауға алуды судья қолданады және т. б.
Әкімшілік жауапкершіліктің жекелеген түрлері мен негіздері Кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген (меншікке қарсы, кәсіпкерлік, салық, қоршаған ортаны қорғау, еңбек, транспорт, қоғамдық тәртіп, шекара т.б.).
Әкімшілік істерді төменгі органдар қарайды:
- аудандық және соларға теңестірілген соттардың судьялары;
- кәмелетке толмағандардың құкықтарын қорғау жөніндегі аудандық (калалық), қалалардағы аудандық комиссиялар;
- ішкі істер органдары, мемлекеттік инспекция органдары және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 543-576 баптарымен осындай істерді қарауға
уәкілеттік берілген басқа да қадағалау және бақылау органдары және олардың лауазымды адамдары, мысалы еңбек инспекциясы, полиция, статистика, салык, өрт
сөндіру және т. б. болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалынады, оған хаттаманы жасаған лауазымды қызметкер, куәлері (егер бар болса) және тәртіпсіздік жасаған адам қол қоюға тиіс.
Әкімішілік жауаптылық тақырыбындағы жұмыстың мақсаты - әкәімшілік құқықы бұзушылық туындаған кездегі қолданылатын шаралар, нормаларды айқындау зерттеу. Осы тақырыпта жұмысты жазу барында Әкімшілік құқық бұзулық туралы қазақстан Республикасының заңының нормаларына сүйене отырып жазамын.
Жұмыс кіріспе, үш бөліімшеден тұратын негізігі бөлімдерден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1. Әкімшілік жауаптылық түсінігі. Әкімшілік жауаптылық туралы заңнама.
Әкімшілік құқық бұзушылық -- мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде "әкімшілік теріс қылық" деп те атайды.
Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.
Әкімшілік жауапкершілік -- азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі" қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын -- сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын -- сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт -- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:
1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;
2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;
3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі -- әкімшілік құқық бұзушылық;
4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;
5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;
6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;
7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.
Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік -- құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.
Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тарталады.
Осы аталған тұлғаларға әкімшілік қамау қолданылмайды.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.
Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38 -- 43 бабарында қарастырылған:
1) қажетті қорғану;
2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;
3) аса қажеттілік;
4) негізді тәуекел;
5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;
6) бұйрықты немесе өкімді орындау;
7) ақыл есінің кемдігі (33 бап).
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады (61 бап):
1) кінәлі адамның өкінуі;
2) кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;
5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;
6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтжесінде жасау;
7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады (62 бап):
1) уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты жалғастыра беру;
2) бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстің 66 бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;
4) кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;
5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңы әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
7) кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғаныс немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.
Әкімшілік жазаны салу ережелері
Әкімшілік жазаларды салу ережелері ҚР Әкімішілік құқық бұзушылық туралы Қодексінің 5 бөлімінде бекітілген. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де актілерге сай жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауаптылық қарастыратын нормативті актілерде белгіленген шекетерде салынады.
Әкімшілік жаза салынуы мүмкін:
1) тиісті органдармен немесе лауазымды тұлғалармен олардың құзырлығы шегінде;
2) егерде кінәлі тұлғаның іс-әрекетінде әкімшілік теріс қылықтың құрамы болса;
3) егерде осы құрам ҚР ӘҚБтК немесе әкімшілік құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативті актілердің тиісті нормаларында бекітілген болса;
4) егерде осы баптың санкциясы жасалған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастыратын болса;
5) жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының жеке басын, кінәлілік деңгейін, мүліктік жағдайын, сонымен қатар жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып салынады.
Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану (63 бап). Бір 2 немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеке -жеке әкімшілік жаза қолданады. Егер адам бірнеше әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі бір жазалар қолданылған жағдайда , жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген 3 еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға лудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда -- 30 тәуліктен, ал төтенше жағдайлар кезінде -- 45 тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыппұлдар актілерде белгіленген міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының процентімен көрсетілген жағдайда, оларды бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салған кезде, айыппұл әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бөлек өндіріліп алынады.
Әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік залалды өтеу. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде азаматқа немесе ұйымға мүліктік залал келтірілсе, судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келе, дау болмағанда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде бір мезгілде мүліктік залалды өтеу туралы мәселені шешуге құқылы. Өзге уәкілетті органдар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік залалды өтеу, залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда , азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап 1 жыл ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін -- оны жасаған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін, осы Кодексте көзделген жағдйларды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Жеке тұлға салық салу саласында әкімшілік сыбайлас жепқорлықпен әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес, ал заңды тұлға салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде адам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.
2.2. Әкімішілік жазаның шаралары. Әкімшілік юстиция. Әкімшілік юрисдикция
Әкімшілік ескерту шараларын қолданудың құқықтық реттелуі;
Әкімшілік - ескерту (алдын алу) шаралары алуан түрлі. Солардың ішінде анағұрлым кең тарағандары:
-- тұрғын үйлерге және қызметтік кеңселерге полиция қызметкерлерінің кіруі, мысалы, төл құжаттық тәртіпті (режимді) сақтауларын тексеру үшін;
-- құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құжаттарды тексеру, мысалы, жүргізушілерден - жүргізуші куәлігін, жолдама, тауаркөліктік құжаттар; азаматтардан - жеке басын куәландыратын құжаттар, аңшылар мен балық аулаушылардан -- тиісті лицензияларын тексеру;
-- мемлекеттік шекара арқылы өткенде контрабанданың алдын алу мақсатында, сонымен қатар азаматтық авиация кемелерінде ұшу кезінде тиым салынған жүктерді және құралдарды (мысалы, қару - жарақ, жарлығыш заттар, тез жанатын, улы заттар, сонымен қатар есірткілерді) табу мақсатында заттарды, қол жүктерін қарау, сондай-ақ жеке басын қарау;
-- көліктер мен жаяу адамдардың қозғалысын қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіп - қатерді төнген кезде тоқтату немесе шектеу, мысалы, табиғи апаттар кезінде, жол апаттарында, жолдарды, газ, электр және басқада желілерді жөндегенде);
-- желіге техникалық бұзылған көліктерді шығаруға тиым салу;
-- тұлғалардың (мысалы, тамақ өнеркәсібі мен сауда қызметкерлерінің) денсаулық жағдайларын және кәсіпорындардың (мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының) санитарлық жағдайларын тексеруден өткізу;
-- эпидемия және эпизотиялар кезінде карантин енгізу (мысалы, кіруге және шығуға тиым салу немесе шектеу);
-- бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау;
-- мүліктерді реквизициялау, яғни мүліктің ақысын төлеп мәжбүрлеп алу (мысалы, әскери жағдай кезінде жеке көліктерді алу);
2 ) Әкімшілік - бұлтартпау шаралары және іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары мәжбүрлі түрде құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату (кесу) және олардың зиянды салдарларын жою кезінде қолданылады. Бұл шаралар да кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етеді және полиция органдары, мемлекеттік инспекторлар және кейбір жағдайларда халық бақылаушылары (народные дружинники) қолданады. Әкімшілік бұлтартпау шараларына мыналарды жатқызуға болады:
-- әкімшілік ұстау, яғни тұлғаның физикалық бостандығын қысқа уақыт ішінде шектеу. әкімшілік құқық бұзушылықтарды тоқтату, хаттама толтыру, әкімшілік істерді өз уақытында қарауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Бұл шараны көбінесе полиция қызметкерлері қолданады;
-- кәсіпорындардың жұмыстарын тоқтату, мысалы, еңбекті қорғау ережелерін, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайда;
-- техникалық жағдайы қауіпсіз жол қозғалысына қауіп төндіретін жағдайда ақауы бар автокөліктерді пайдалануға тиым салу;
-- егерде оларды иемденуге рұқсаты болмаса, қандайда болмасын ережелерді бұзушы тұлғалардан мүліктерін алу (суық қаруды, мөрлерді, штамптарды);
-- қалпына келтіру сипатындағы мәжбүрлеу шаралары (мысалы, өз бетімен тұрғызған құрылыстарды бұзу, өз бетімен тұрғын үйге кіріп алғандарды әкімшілік шығару);
-- полиция қызметкерлерінің қаруды қолдануы, мысалы, шабуылдан азаматтарды қорғауда, кепілге алғандарды босатқанда, полиция қызметкерлеріне шабуыл көрсеткенде;
-- қоғамдық тәртіпті әдейі бұзушыларға самбоның, еркін күрестің, әскери күрес әдістерін қолдану, рәзіңке таяқшаларды пайдалану, кісен салу арқылы тікелей физикалық ықпал ету;
-- өкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қоғамға жат қылықтарды тоқтату талабы.
Әкімшілік -- ескерту шаралары да (құқық бұзушылықтардың алдын алу), сондай -- ақ әкімшілік бұлтартпау шаралары да (жасалынып жатқан құқық бұзушылықтарды тоқтату), ереже бойынша, кінәлі тұлғаларды олардың құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалауға дейін қолданылады, яғни әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады. Іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары, мысалы, жеке басын тінту, қарау, тексеру, заттарды тінту, тексеру, қарау, заттар мен құжаттарды алу, әкімшілік істерді шешу тәртібі заңдылықты нығайтуға ықпал етеді, заңнамада белгіленген шектерде және тәртіпте қарастырылған жағдайда ғана қолданылады.
3) Әкімшілік жазалау шаралары, мысалы, айыппұл салу, тәркілеу, әкімшілік қамау -- заңды жауапкершілік шараларын білдіреді және нақты құқық бұзушылықтарды істегенде қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бұл тобы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны заңдылықты сақтау, адамзат тұрмыс - тіршілігінің ережелерін құрметтеу және құқық бұзушылардың өзерін, сондай-ақ басқа да тұлғалардың жаңа құқық бұзушылықтарды жасамауларын ескерту рухында тәрбиелеу мақсатында қолданылады.
Әкімішілік құқық бұзушлық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 6 тарауы 44 бабында Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық
ықпал ету шаралары туралы жазылған.
Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары
1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.
2. Әкiмшiлiк жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершiлiк қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян тигiзудi мақсат тұтпайды.
Қазақстан республикасының Әкімішілік құқық бұзушылық таралы Кодексінің 45- бабында әкімшілік жазалардың түрлеріне тоқтап өткен.
Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн:
1) ескерту жасау;
2) әкiмшiлiк айыппұл салу;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу;
5) арнаулы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
8) өз бетiмен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
9) әкiмшiлiк қамауға алу;
10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.
Құқық бұзушылықтың жалпы алдын алу:
1) халықтың неғұрлым қауқарсыз тобын әлеуметтiк қорғау және
экономиканы жалпы сауықтыру жөнiндегi әлеуметтiк-экономикалық шараларды;
2) экономиканы, әлеуметтiк саланы, құқық қорғау қызметiн
басқарудағы қателiктер мен кемшiлiктердi жоюға бағытталған
ұйымдастырушылық-басқару шараларын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын
алуды нормативтiк, ақпараттық, әдiстемелiк және ресурстық қамтамасыз
етудi жетiлдiруге бағытталған шараларды;
3) қоғамдық санада құқыққа қарсы мiнез-құқыққа және қоғамға қарсы
iс-әрекеттерге төзбеушiлiктi қалыптастыратын азаматтардың бойында жалпы
адамзат құндылықтарына бағытталған адамгершiлiк ұстанымдарын
қалыптастыру арқылы криминогендiк факторларды жоятын немесе шектейтiн,
адамдардың жалпы, тұрмыстық, құқықтық мәдениетiн арттыратын
идеологиялық шараларды;
4) құқық бұзушылықты жасауға кедергi болатын ғылым мен техниканы;
5) мыналарды:
құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнаманы жетiлдiрудi;
құқық бұзушылық субъектiлерiнiң қызметiн құқықтық реттеудi;
нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша криминологиялық
сараптама жүргiзу кiретiн құқықтық шараларды қолдану арқылы iске
асырылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алудың арнайы шаралары
Арнайы шараларға:
1) құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерiнiң алдын алуға (жеке
тұлғаға, меншiкке, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке, халықтың
имандылығына және денсаулығына, басқару тәртiбiне, мемлекет мүдделерiне
қол сұғатын және т.б.);
2) халықтың белгiлi бiр әлеуметтiк топтары: кәмелeткe
толмағандар, әскери қызметшiлер, бұрын сотталғандар, спирттiк
iшiмдiктердi шамадан тыс пайдаланатындар, қылмыстық жазасын өтеушiлер,
әйелдер, туыстық, әлеуметтiк байланыстарын жоғалтқан және тұрғылықты
жерi жоқ адамдар, мигранттар арасында құқыққа қарсы мiнез-құлықты
қалыптастыруға ықпал ететiн себептер мен шарттарды анықтауға және жоюға
бағытталған республикалық және өңiрлiк бағдарламалар әзiрлеу және iске
асыру кiредi.
Құқық бұзушылықтың жеке алдын алу шаралары
1. Жеке алдын алудың мақсаты профилактикаланатын адамның
қоғамға қарсы мiнез-құлқын заңға бағынатын мiнез-құлыққа өзгертуге
ықпал ететiн оның жеке басын жағымды жолға қою үшiн оған жүйелi
мақсатты бағытталған ықпал ету болып табылады.
2. Жеке алдын алудың негiзгi мiндеттерi:
1) мiнез-құлқы құқық бұзушылық жасаудың шынайы мүмкiндiгi туралы растайтын адамдарды анықтау;
2) осы адамдарды, сондай-ақ оларға терiс әсер ету көздерi мен факторларын зерделеу;
3) олардың мiнез-құлқын болжау;
4) жеке алдын алу шараларын таңдау;
5) жағымды жолға қоюға әсер ету болып табылады.
3. Жеке құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына:
1) алдын алу әңгiмесiн өткiзу;
2) қоғамға қарсы әрекеттердi тоқтату туралы ресми ескерту;
3) алдын алу есебiне қою және профилактикалық бақылау орнату;
4) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды жою туралы ұсынымхат жiберу;
5) әлеуметтiк оңалту және бейiмдеу;
6) мәжбүрлеу және шектеу сипатындағы шаралар:
мәжбүрлеп емдеуге жiберу;
өз балаларын тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын
ата-аналар мен өзге де заңды өкiлдерiн ана-аналық құқықтан айыру не
болмаса шектеу;
әкiмшiлiк қадағалау орнату;
әкiмшiлiк және тәртiптiк жаза қолдану;
қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану;
7) кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты
қолданылатын шаралар кiредi.
4. Жеке алдын алу шаралары олар қолданылатын адамдардың жеке
ерекшелiктерi, олар жасаған құқық бұзушылықтардың немесе қоғамға қарсы
әрекеттердiң сипаты мен дәрежесi ескерiле отырып, белгiленедi.
5. Мәжбүрлеу және шектеу сипатындағы шаралар арнайы заңдарда көзделген негiзде және тәртiппен қолданылады.
Әкімшілік зайиет, әкімшілік юрисдикция -- мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың нақты әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттерді қарап, шешімін табуға және арнаулы тәртіпке сәйкес заң алдындағы жауапкершілік шараларын қолдануға қатысты заң актілерімен белгіленген қызметі. Бұл:
1) әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде;
2) азаматтардың шағымдары, өтініштері бойынша;
3) жаңалық ашу, өнертабыс жөнінде;
4) әкімшілік қадағалау, еріксіз емдеу т.б. бұлтартпау шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу қызметтеріне бөлінеді.
Әкімшілік зайиет әкімшілік. құқық бұзушылық жөнінде іс жүргізудің сатыларымен -- іс қозғау, істі қарау және қаулы шығару, шығарылған қаулыға шағымдану (қарсылық білдіру), қаулыны орындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарау және жаза шараларын белгілеу құзіреті, іс жүргізу мерзімдері, қатысушылардың құқылары мен міндеттері, т.б. белгіленген.
2.3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс түсінігі;
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы ережелерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген шекте, осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.
2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.
3. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, соның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындалмағаны үшiн аталған жаза қолданылған мiндеттердi атқарудан, жол берiлген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.
6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалардың қолданылуы мүмкiн.
2.3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс түсінігі;
Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері
Экологиялық құқық бұзушылық
ҚР экологиялық және жер құқық негіздері
ҚР экологиялық және жер құқық негіздері туралы
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Пәндер