Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретіндегі даму тарихы



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Әкімшілік құқықтың ғылым және құқық саласы ретіндегі түсінігі және пәні
2.2 Әкімшілік құқық ғылымының мақсаттары
2.3 Әкімшілік құқық және полициялық құқық арақатынастары және даму этаптары
2.4 Әкімшілік құқық саласы мен ғылымының дамуының қазіргі жағдайлары
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Әкімшілік құқық конституциялық және азаматтық құқықтармен бірге Қазақстан құқығы жүйесінің негізгі салаларының өзегі болып саналады. Республика көлемінде атқарушы биліктің нұсқаулары мен тапсырмаларын нақты іс жүзіне асыратын мемлекеттік әкімшілік. Атқарушы билік органдары немесе атқарушы органдары заңнамаларды орындауды, халықтың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және әкімшілік- саяси өмірдің аяларын қамтамасыз етеді. Олардың қызметінің әкімшілік, яғни басқарушылық, атқарушылық, соттан тысқары сипаты осылай айқындалады. Қазіргі кезеңде біздің қоғамдық ұйымды құрайтын барлық бөліктердің келісімді, тәртіптелген қызметін қамтамасыз ету өзінің негізгі міндеті болатын мемлекеттік басқару біртұтас мемлекеттік билік салаларының бірі – атқарушы биліктің механизмі болып табылады. Бұл механизм бүкіл Республика көлемінде атқарушы билікті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.
2. Алексеев С.С. Теория права.М.:БЕК.1994.
3. Алехин А.П.,Козлов Ю.М.Админстративное право Российской Федерации.Часть1.М.:ТЕИС.1994.
4. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретіндегі даму тарихы

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.

Алматы 2015ж.
Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Әкімшілік құқықтың ғылым және құқық саласы ретіндегі түсінігі және пәні
2.2 Әкімшілік құқық ғылымының мақсаттары
2.3 Әкімшілік құқық және полициялық құқық арақатынастары және даму этаптары
2.4 Әкімшілік құқық саласы мен ғылымының дамуының қазіргі жағдайлары
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Әкімшілік құқық конституциялық және азаматтық құқықтармен бірге Қазақстан құқығы жүйесінің негізгі салаларының өзегі болып саналады. Республика көлемінде атқарушы биліктің нұсқаулары мен тапсырмаларын нақты іс жүзіне асыратын мемлекеттік әкімшілік. Атқарушы билік органдары немесе атқарушы органдары заңнамаларды орындауды, халықтың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және әкімшілік- саяси өмірдің аяларын қамтамасыз етеді. Олардың қызметінің әкімшілік, яғни басқарушылық, атқарушылық, соттан тысқары сипаты осылай айқындалады. Қазіргі кезеңде біздің қоғамдық ұйымды құрайтын барлық бөліктердің келісімді, тәртіптелген қызметін қамтамасыз ету өзінің негізгі міндеті болатын мемлекеттік басқару біртұтас мемлекеттік билік салаларының бірі - атқарушы биліктің механизмі болып табылады. Бұл механизм бүкіл Республика көлемінде атқарушы билікті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік. Атқарушы билік органдары немесе атқарушы органдар заңнамаларды орын- дауды, яғни олардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ете отырып, іс жүзінде әкімшілік етеді, яғни экономикалық, әлеуметтік - мәдени және әкімшілік саяси өмірдің салаларын басқарады. Олардың қызметінің әкімшілік, яғни басқарушылық, атқарушы- лық, соттан тысқары сипаты бар. Мемлекеттік әкімшілік өзінің атқарушық қызметінде жария- құқықтық мүддені білдіреді, ол үшін оған айтарлықтай заңдық- биліктік өкілеттер беріледі, оларды өзінің азаматтарымен, қоғам- дық бірлестіктермен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен, жергілікті оргындармен қарым-қатынастарында пай- даланады. Сонымен бірге оның оргындарының көбі әкімшілік жауапкершілік пен соттан тысқары мәжбүрлеудің басқа шарала- рын қолдану жөнінде юристикциялық құралдарды кеңінен пайда- ланады. Бұдан басқа, мына жағдайды ескеру керек, атқарушы биліктің республикалық та, жергілікті де органдары еліміздің өмі- рін көптеген жақтарына (мысалы, экологиялық, қаржылық, моно- полияға қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, жол-көліктік, т.с.с.) 6 мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Ең соң- ында, тап сол атқарушы биліктің өкілдері (мысалы, лауазымды адамдар) ресми мемлекеттік сатылар болып табылады, сондықтан азаматтардың заңды мүдделері мен талаптарының іске асуы солар- дың іс-қимылдарына байланысты. Мәселен, атқарушы биліктің өкілдері әр түрлі қызметке (мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айна- лысуға), лицензиялар (рұқсаттар) береді, тіркеу жасайды (мысалы, уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын жерін өзгертуді), әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады (мысалы, мемлекеттік зейнет- ақы, жұмысқа орналастыру мәселелерін шешеді), тұрғын үй-комму- налдық мәселелерін шешеді (мысалы, тұрғын үй қажеттіктерін қағанаттандыру, коммуналдық қызмет көрсету, т.б.). Басқару біздің қоғамның заң сыйлайтын барлық мүшелерінің күнделікті өмірлік мүдделеріне бәрінен де гөрі жиірек ықпал ететін болғандықтан (бұзушыларға, оларда аз емес, басқару органдары бөгеу қояды, яғни оларды жауапқа тартады), сондай-ақ мұндай ықпалдың өркениеттік, яғни қолданылып жүрген заңнамаларды қатал сақтауға негізделген, сипаты болу үшін, басқарушылық қызметке заңдық нысан беру талабы объективті болып табылады. Нақ осындай нысан әкімшілік құқық болып табылады. Ол, құқық жүйесінің саласы ретінде, атқарушы билікті жүзеге асыру барысында, яғни мемлекеттік басқару аясында пайда бола- тын қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған.

2.1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ПӘНІ
XX ғ. 90-шы жылдарында Қазақстанның әкімшілік құқығында түбегейлі өзгерістер болды. Қазақстанның егеменді мемлекетті- 7 лігін құру, күрделі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар әкімшілік-құқықтық нормалардың барлық сілемінде үлкен өзгеріс- тер туғызды, ол жаңартылып, кеңейтіліп, қазіргі жағдайға сәйкес өзгертілді, неғұрлым демократия болды. Осыған сәйкес, барлық әкімшілік заңнамалар адам мен азамат- тың заңды мүдделерін, оның Конституцияға бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғауды бірінші кезекке қойып отыр. Бұл, мысалы азаматтық туралы емін-еркін жүріп-тұру, уақытша болатын және тұрғылықты тұратын жерін таңдап алу туралы, ар-ождан бостандығы туралы, ардагерлер туралы, қоғам- дық бірлестіктер туралы, жергілікті өзін-өзі басқару туралы, білім туралы, лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттеріне шағым беру туралы, жұмыспен қамту туралы, шағын кәсіпкерлік туралы нор- малар, т.б. Шын мәнінде, азамат өзінің әр түрлі мүдделері мен талап-тілектерін жүзеге асыру жөнінде жалпы құзыретті және құқық қорғау атқарушы органдар тарапынан үнемі ұлғаю деңгей- інде әкімшілік құқықтық қолдау табуда. Экономикада нарықтық қатынастарға көшу әкімшілік-құқық- тық реттеудің мазмұнына да айтарлықтай ықпал етті. Меншіктің әр түрлі нысандарының пайда болуы оның барлық нысандарын мемлекет тарапынан бірдей қорғауды, жаңа экономи- калық процестерді барынша қатал мемлекеттік реттеуді талап етті, онсыз олардың қалай болса солай дамуы мүмкін болатын болды. Осыны түсінудің арқасында мемлекет әкімшілік құқықтың тетікте- рін пайдалана отырып, экономикалық тетіктерге-бағаға, пайдаға, салықтарға, баждарға, тарифтерге, квоталарға, кредиттерге, т.б. әкімшілік-құқытық нысан бере отырып, экономикаға өзінің ұйым- дастырушылық ықпалын күшейте түсті. Ол экономикалық процес- терді мемлекеттік реттеудің бай тәжрибесімен қаруланған барлық дамыған елдер жүріп келе жатқан жолға түсті. Солай болғандықтан, бұл сияқты жағдайда да әкімшілік құқықтың рөлі тек сақталып қана қоймай, сонымен бірге күшейе түсуде, ал әкімшілік-құқықтық реттеудің өзі мемлекеттің экономикаға мақсатты бағытта ықпал етуінің қажетті құралдарының біріне айналды. ҚР-сы Конституциясы жоғарылығының негізінде құқықтық мемлекет құру, құқықтық реформа, қоғам өмірінің барлық аялар- ында заңның басымдығы әкімшілік құқықты да тыс қалдырған жоқ. Атқарушы билікті жүзеге асыру аясында болып жатқан өзгеріс- тердің мәні мынада, бұрын әкімшілік құқық көбінесе заңға тәуелді 8 құқықтық актілердің, яғни үкімет қаулыларының, министрліктер мен ведомстволардың, нормативтік актілерінің - бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, жарғылардың, тәртіптердің жиын- тығы болып табылатын, олар заңды тек қана жиі алмастырып отырған жоқ, сонымен бірге толықтырып, өзгертіп, ал кейде тіпті жоюға дейін жеткізді. Қазір атқарушы биліктің қызмет атқаруының негізгі мәселелері заңнамалық актілер мен ҚР-сы Президентінің нормативтік жарлықтары негізінде реттеледі. Бұл, атап айтқанда, әкімшілік заңнамалар рөлінің күрт артқандығын білдіреді, өйткені әрбір заңда әкімшілік құқықтың нормалары қаралады деуге болады. Мемлекеттік басқару аясында заңдылық пен тәртіпті бұлжытпай сақтауды қамтамасыз ететін құралдар күшейтілуде, әкімшілік бақылау мен қадағалау кеңейіп, күшейе түсуде. Соңғы жылдары айырықша әкімшілік-құқықтық сипаты бар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Салық кодекс, Кеден кодексі, Бюджет кодексі және Экологиялық кодекс қабылданды. Әкімшілік құқықтың нормалары өзінің әр түрлілігіне және құқықтық реттеумен қоғамдық қатынастарды кеңінен қамтитынды- ғына байланысты әрбір заң қызметкері үшін, ол мемлекеттік немесе мемлекеттік емес құрылымның буынында қандай да лауазымдық қызмет атқармасын, атқарушы билік жүйесі мен оны жүзеге асырудың механизмі туралы білімнің қайнар көзінің рөлін атқаруға тиіс екендігі белгілі. Қалай болғанда да барлық құрылымдар атқарушы органдармен, мемлекеттік басқару органдарымен және әкімшілік құқықпен қажетті түрде байланысты. Атап көрсетілген құқықтар заңдылық талаптарына арызбен немесе өтінішпен келген адамдарға қоғамдық өмірдегі сан-салалы жөнсіздіктер мен жолсыздықтарға орай заңдық мәселелер қарала- ды. Қаралған істің қайсысы болсын заңдылық талаптарына сай келгені дұрыс. Өйтпеген жағдайда, ондай мәселелер дер кезінде дұрыс шешімін таба қоймайды. Қорыта айтқанда, тәртіп пен реттілікті біздің қоғамымызда дұрыс жолға қоятын және арызданушы-шағымданушының қойған талаптарын қанағаттандыратын тек заңдық нормалар ғана. Осыны әкімшілік және оның айналасындағы атқарушы органдардың жете біліп, жеріне жеткізуі олардың заңдық сауаттылықтары мен әділдік тұрғысынан қарайтын іскерліктеріне тығыз байланысты. Сонда ғана халықтың мүддесі шынайы қорғанысын табады.
Әкімшілік құқық - құқық саласы және ғылым ретінде. ҚР Конституциясына сәйкес, мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады. Адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік билік-басқару органдарымен құқықтық қарым-қатынасқа түседі. Ал сол құқықтық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесіне әкімшілік құқық ғылымы жатады.
Әкімшілік құқық ғылымы - Қазақстанның құқық ғылымының құрамдас элементі, әкімшілік құқық саласы және оның реттейтін пәні туралы ғылыми көзқарастар мен түсініктердің, білім мен теориялық ережелердің жүйесі.
Әкімшілік құқық ғылымының пәні - мемлекеттік басқарудың дамуы мен қызмет етуінің ең жалпы заңдылықтары болып табылады. Ол мемлекеттік басқарудың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылығын, ондағы санаттар мен ұғымдар жүйесін, мемлекеттік басқарудың негізгі принциптерін, әкімшілік құқықтық заңнамаларды, әкімшілік құқық субъектілерінің құқық қолдану тәжірибесін, сондай-ақ әкімшілік құқықты жетілдіру мен дамыту туралы болжамдар мен ұсыныстарды қамтиды. Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің жеке саласы ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейді.
Әкімшілік құқық саласы - мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқық саласының мынадай белгілері бар:
- әкімшілік құқық ҚР құқығының негізгі, жариялы салаларының бірі;
- әкімшілік құқықтың өзінің реттейтін пәні бар, сол арқылы ол басқа құқық салаларынан ажыратылады.
- әкімшілік құқық өзінің құқықтық реттеу әдістеріне ие.
- әкімшілік құқық ішкі ұйымдастырушылық құрылымына ие.
- нормативтік базасына, яғни қайнар көздеріне ие.
Әкімшілік құқықтың пәні - әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Әкімшілік (администрация) сөзі латын тілінен аударғанда - басқару деген мағына береді, сондықтан бұл саланы көбіне басқару құқығы деп те атайды. Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері. Әкімшілік құқықтың жүйесі дегеніміз - мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалардың реттелген жиынтығы. Әкімшілік құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімге мемлекеттік басқару жүйесіне жалпы сипаттама беретін әкімшілік құқықтың негізгі институттарын құрайтын нормалар жатады. Бұлар: мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары, әкімшілік құқық субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесі, мемлекеттік басқару нысаны мен әдістері, әкімшілік құқықтық жауаптылық, әкімшілік іс жүргізу тәртібі, мемлекеттік басқарудағы заңдылықты сақтау тәртібі. Ерекше бөлімде әр сала бойынша басқару органдары, олардың нақты атқаратын функциялары туралы айтылады. Бұлар: сыртқы істерді басқару, ішкі істерді басқару, әділетті басқару, қорғанысты басқару, денсаулық сақтауды басқару, білім беруді басқару, көлік және коммуникацияны басқару, т.б.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:
- нормативтік құқықтық акт
- әкімшілік шарт
- әкімшілік прецедент
- құқықтық әдет-ғұрып
- ғылыми-құқықтық доктрина
Нормативтік құқықтық акт дегеніміз - референдум немесе мемлекеттің өкілетті органдары мен лауазымды адамдары қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, өзгертетін немесе тоқтатын, белгіленген нысандағы нормативті құжат. Әкімшілік шарт дегеніміз - екі не одан да көп субъектілер арасындағы келісім, оның ережелері тек сол субъектілер үшін ғана міндетті болады.
ҚР әкімшілік құқықтың қайнар көзінің иерархиясы:
1. ҚР Конституциясы;
2. Конституциялық заңдар;
3. Заңдар;
4. ҚР Президентінің Жарлықтары;
5. ҚР Үкіметінің қаулылары;
6. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері;
7. Парламент палаталарының қаулылары;
8. Әкімшілік құқық нормалары қаралған мемлекетаралық келісім шарттар;
9. Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың қаулылары;
10. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативті актілері;
11. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативті актілері;
12. Локальдық нормативтік актілер.
Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің ерекше саласы, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қаты- настарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеу- шілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқықты құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген. Сондықтан әр түрлі қоғамдық қатынастар жалпы түрде Қазақс- тан құқығының осы саланың пәнін құрайды деп айтуға болады. Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байла- нысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу Атқарушы биліктің негізгі мақсаттары Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Халықтың аман-есендік өміріне мүмкіндік туғызатын жағдайлар жасау Азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де субъектілердің өздерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін қоғамның саяси экономика және әлеуметтік- мәдениет өмірі үшін қажетті жағдайлар жасау 17 пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтау- мен байланысты. Өйткені реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипаты бойын- ша құқықтық салалар ажыратылады. Олай болатын болса, әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғам- дық қатынастарға нелер тән? Ең алдымен мынаны айту керек, олар мемлекеттік баскару аясында пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады. Бұған қара- ғанда бәрі түсінікті сияқты көрінеді, өйткені бұл аяның шекарасы ҚР-ның барлық деңгейіндегі атқарушы билік жүйесінің (механи- змінің) ұйым-дастырылуымен және жұмыс істеуімен, мемлекеттік - басқарушылық қызметті жүзеге асыру процесімен айқындалатындығы белгілі.
2.2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ
Әкімшілік құқықтардың реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің Әкімшілік құқық - Қазақстан құқығының саласы, мемлекеттік - басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы Әкімшілік құқық саласының белгілері Қазақстан құқығының негізгі, жариялы салаларының бірі Өзін реттейтін пән - атқарушы билікті іске асыру жөнінде пайда болатын басқару қатынастары Өзін құқықтық реттейтін әдісі Ішкі ұйымдастырылуы Нормативтік базасы (нормативтік қайнар көздері) 18 органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар. Атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратын болса, тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылады. Басқаша айтқанда, мына жағдай еске алынып отыр, ол өзінің құзыреті мазмұнын құрайтын заңдық биліктік өкілеттіктерін іске асырады. Ал мұндай құзырет оған нақ сол мемлекеттік-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу үшін беріледі. Әкімшілік-құқықтық реттеудің тағы бір айырықша ерекшелігі бар. Оның мәні мынандай: әкімшілік құқықтың өзінің заңдық құралдары бар, солардың көмегімен құқықтың басқа салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды қорғау жүзеге асырылады. Бұл жерде әкімшілік жауапкершілік туралы айтылып отыр. Әкімшілік-құқықтық реттеудің айырықша ерекшеліктерін біл- діретін барлық баяндалған жәйттар әкімшілік құқық пәнін сипат- таған кезде ескерілуге тиіс. Бірақта оның анықтамасына тікелей қатысты тағы да бірнеше көзқарастар бар. Мемлекеттік-басқарушылық қызмет өзінің негізгі көріністері бойынша ұйымдастырушылық немесе ұйымдастырушы болып табылады. Бұл орайда ұйымдастыру деп қандай да болмасын бір жүйенің (тұтастай қоғамның, оның жекелеген элементтерінің, ұжымдардың) қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасаумен түсіндіріледі. Сонымен бірге, әкімшілік құқық жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті атқарушы билік органда- ры арасындағы басқарушылық қатынастарды да реттейді. Сондықтан, әкімшілік құқықтың пәні әр түрлі. Бұл нарықтық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңдегі жағдайында да өмірдің экономикалық және әлеуметтік аяларындағы қоғамдық байланыс- тардың көп тобын қамтитын мемлекетгік басқарушылық қызметтің қоғамдық саяси маңыздылығымен толығынан алдын ала айқындал- ған жаңа құбылыстар (экономикалык реформалар, жеке меншік институттарының қалыптасуы, жекешелендіру, т.б.) өзінен-өзі, сти- хиялы білінбейді. Олар тек мемлекеттік қолдау мен қорғауды ғана емес, сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде даму тарихы
Құқықтың түрлері
Мамандықтың пәндер каталогы
Құқық негіздері, нормасы және жүйесі
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Халықаралық ұйымдар
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу тарихы мен дамуы, құқық жүйесіндегі орны
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
Конституциялық құқық
Пәндер