Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның ерекше белгіліері



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның ерекше белгілері;
2.2. Мемлекеттік қызметтің кадрлық саясаты саласында мемлекеттік басқару;
2.3. ҚР.да мемлекеттік басқару институтының дамуының негізгі бағыттары;
2.4. Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту және әлеуметтік қорғау;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда ксібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібініде тұратын мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 1997 жылғы «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауындағы Қазақстан Республикасының 2030 жылға даму Стратегиясының жариялануы мемлекетті нақты қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай реформалауға нық бағыттады. «Қазақстан - 2030» стратегиясының ұзақ мерзімді «Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәсіпқой мемлекет» басымдығында Елбасы: «... Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау, басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру» міндетін қойды. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлар мен қамтамасыз етуді талап етеді. Кез-келген мемлекеттің даму тарихын зерделеу арқылы оның бәсекеге барынша қабілетті болып қалыптасуы мен жалпы әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуын қамтамасыз ету тікелей кәсіби білікті мамандарға және оңтайлы жүргізілген кадрлық саясатқа байланысты екенін көруге болады.
1. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 612 Қаулысы
2. Мемлекеттік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Заңы
3. Мемлекеттік қызмет істері бойыша Агенттік туралы ереже, Үкімет қаулысы.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның ерекше белгіліері

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.

Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның ерекше белгілері;
2.2. Мемлекеттік қызметтің кадрлық саясаты саласында мемлекеттік басқару;
2.3. ҚР-да мемлекеттік басқару институтының дамуының негізгі бағыттары;
2.4. Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту және әлеуметтік қорғау;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда ксібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібініде тұратын мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 1997 жылғы Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы Жолдауындағы Қазақстан Республикасының 2030 жылға даму Стратегиясының жариялануы мемлекетті нақты қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай реформалауға нық бағыттады. Қазақстан - 2030 стратегиясының ұзақ мерзімді Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәсіпқой мемлекет басымдығында Елбасы: ... Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау, басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру міндетін қойды. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлар мен қамтамасыз етуді талап етеді. Кез-келген мемлекеттің даму тарихын зерделеу арқылы оның бәсекеге барынша қабілетті болып қалыптасуы мен жалпы әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуын қамтамасыз ету тікелей кәсіби білікті мамандарға және оңтайлы жүргізілген кадрлық саясатқа байланысты екенін көруге болады. Осы ретте, біздің елімізде де мемлекеттік кадр саясатының мән-маңызы жоғары, өзектілігі өте ерекше. Әрбір елдің өзін-өзі басқаруы ұлттық мүддеге қызмет ететін мемлекеттік құрылыс арқылы іске аспақ. Біз бүгінде өтпелі кезеңде тұрмыз. Тек елдік бірлік, негізгі тағдырлық мәселелерде өзара түсінушілік қана бізді үдемелік даму жолына алып шығады. Соңғы жылдарға дейін белгілі себептермен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кадр саясаты мәселесі арнайы тақырып ретінде қарастырылмады. Осы себепті кадр саясатының проблемалары мен жетілдіру жолдарына байланысты еңбектердегі тақырыпқа қатысты айтылған қандай да болмасын ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды саралап, жаңа деректер негізінде кешенді түрде талдап қарастыру қажеттігі туады. Тәуелсіздік жылдары жүріп жатқан әлеуметтік-мәдени процестер және өткен тарихымызды теориялық және методологиялық талдау жасау жағдайында өте өзекті тақырыптардың бірі. Бүгінгі қоғамдық өмірде жастарға білім мен тәрбие беретін, кәсіби мамандануына жағдай жасайтын мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері және оның Қазақстан халықтарының әлеуметтік- экономикалық, рухани-мәдени өмірін деректік материалдар негізінде талдап, олардың теориялық және практикалық тәжірибелерін зерттеудің маңыздылығы тақырыптың барынша өзекті екенін танытады.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстанның қоғамдық-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі жүргізіліп отырған мемлекеттік кадр саясатының мазмұны мен маңызын жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсету. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда кадр саясатын жүзеге асырудың теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстандағы мемлекеттік басқару мен ондағы кадр саясаты жұмыстарының қалыптасуы мен даму жолдарын сараптау;
- мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдерін айқындау;
- мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен , қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1. Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның ерекше белгілері;
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.
ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;
ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.
Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал тар мағынасында - бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді. Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.
Мемлекеттік лауазымды жүзеге асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер беріледі. Лауазымдық өкілеттілік - бұл заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында қойған мақсат-міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік. Осы лауазымды өкілеттілік лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Лауазымды тұлға - үнемі, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша мемлекет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметтерді атқаратын адам.
Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері:
1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі;
2) әкімшілік, еңбек, азаматтық, қаржы және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі;
3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады;
4) олардың қызметінің мәні - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын практикада жүзеге асыру.
Мемлекеттің қызметтің қағидалары - мемлекеттік қызметтің негізіне қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген ). Оларға мыналар жатады:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;
5) жалпының қол жетушілігі, яғни ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуына тең құқылығы;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі;
8) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіліктері шегінде қабылдаған шешімдерінің бағынышты төменгі органдардың орындаулары үшін міндеттілігі;
9) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есеп берушілігі;
10) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбек ақыны тең төлеу;
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13) қызметтік міндеттін адал, ынтал атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
14) қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу.
Кез келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын қоғамға пайдалы қызметті жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған адамдардың ұжымынан тұрады. Мемлекеттік немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде қандайда болмасын нақты қызмет рөл атқарады. Кез келген мемлекеттік органның қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі көбінесе онда істеп жүрген адамдарға - мемлекеттік қызметкерлерге байланысты болады. Мемлекеттің әрбір органының құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның жетекшілерінің, орынбасаларының және оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің) әрекеттерінде іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейтін адамдар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады, ал олармен атқаратын қызметі мемлекеттік қызмет деп аталады.
Мемлекеттік қызметкердің күнделікті қызметі адамның еңбек етуінің ерекше түрі болып табылады.

Қызметкердің еңбек етуінің жұмысшының еңбек етуінен ажырататын бірқатар ерекшеліктері болады:
1) мемлекеттік қызметкердің еңбек ету процесіндегі әрекеттері нақты бір құқықтық салдарларды туғызады, соның байланысты қызметкерлердің қызметінің негізгі ақтары құқық нормаларымен реттеледі, ал жұмысшының еңбек ету процесіндегі әрекеттері ешқандай заңды салдарларға әкелмейді;
2) қызметкердің еңбек ету сипаты оның мемлекеттік басқару аппаратындағы алатын лауазымына байланысты анықталады, нақты құқықтық мәртебесі болады, ал мамандығы бойынша жұмыс істейтін жұмысшының еңбегі тек ндіріс құралдарын дұрыс пайдалану білімін ғана қажет етеді;
3) мемлекеттік қызметкердің еңбегі нормаланбаған, ал еңбегі - уақыт бойынша есептелетін болса, ал жұмысшының еңбегі қатаң нормаланған, және еңбек ақысының төлемі жұмысының мөлшері мен сапасына байланысты болады;
4) кез келген мемлекеттік қызметкер мемлекеттік аппаратта қатаң анықталған ұйымдық-құқықтық тәсіл арқылы лауазымға ие болады, ал жұмысшы - тек келісімшарт негізінде ғана орналасады.
Сонымен, мемлекеттік қызметші - мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіпте республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.
Мемлекеттік қызметшілердің екі түрі бар:
1) Мемлекеттік әкімшілік қызметші - бұл мемлекеттік саяси қызметкерлердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті атқаратын мемлекеттік қызметкер;Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін санаттар белгіленеді, лауазымдық санаттарды және әкімшілік лауазымдарды санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР Президенті бекітеді.
2) Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызмет етуі саяси сипатта болатын және саяси мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін жауаптылық жүктелген мемлекеттік қызметкер. Мемлекеттік саяси қызметкерлердің құқықтық мәртебесі заңның 7 бабында анықталған. Саяси лауазымдарға мына лауазымдар жатады:
1) ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;
2) ҚР парламентінің Палаталары және оның төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;
3) ҚР Конституцмясына сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметкерлер;
4) Орталық атқару органдары мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары.
Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
8-1) мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
11-1) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi
1. Мемлекеттiк қызметшiлер:
1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
4-1) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде бейтарап және саяси партиялардың, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болуға;
5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) қызмет этикасы нормаларын сақтауға;
8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға; өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
12) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға;
13) оқуды аяқтағаннан кейін өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда, сондай-ақ мемлекеттік қызметте тікелей жұмысты өтеуге мiндеттi. Оқу және жұмысты өтеу мерзімдері уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде айқындалады.
2. Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлердiң осы Заңда белгiленген негiзгi мiндеттерiнен туындайтын нақты мiндеттерi бiлiктiлiк талаптар негiзiнде айқындалады және қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiледi.
Лауазымдық нұсқаулықтарды мемлекеттiк органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өзге де адамдар бекiтедi.

2.2. Мемлекеттік қызметтің кадрлық саясаты саласында мемлекеттік басқару;
Мемлекеттік кадр саясаты - еліміздің еңбек әлеуетін қалыптастыру, дамыту және ұтымды пайдалану жөніндегі жалпымемлекеттік стратегия. Кадрлардың шағын жүйесі - бір-бірімен күрделі қарым-қатынасқа түсетін адамдар жиынтығы; бұл шағын жүйенің негізін персоналмен жүргізілетін мынадай жұмыстар құрайды: мемлекеттік кадр саясаты, кадрларды жоспарлау, іріктеу, оқыту, негіздеу, дамыту, сапалы жұмыс істеу үшін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ету және т.б. Кез-келген қоғамның немесе мемлекеттің ілгері дамуының аса маңызды стратегиялық міндеті адам факторын белсенді ету негізінде қоғамның кадрлық әлеуетін қалыптастыру және оны тиімді пайдалану болып табылады. Аталған міндеттің өзектілігі ең алдымен, оның қоғамдық дамуының тек құралы ғана емес, сонымен бірге түпкілікті мәні екендігімен де тығыз байланысты. Мемлекеттік кадр саясаты еңбекті, түрлі басқару деңгейлеріндегі персоналды басқару органдары, яғни өз деңгейінде кадр саясатын әзірлейтін ұйымның персоналды басқару қызметтері арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Кадрлық саясаттың негізгі мазмұны мыналар болып табылады: біріншіден, кадрларды жоспарлау, іріктеу және құрылымды жоғары сапалы кадрлармен жасақтау, оларды қызметтен босату (зейнет жасына келу, жұмыстан шығару), кадрлық ағымды талдау мен тағы басқалар; екіншіден, қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру мен қайта даярлау, аттестациядан өткізу, кәсіби деңгейін анықтау, қызметте жоғарылауды ұйымдастыру; үшіншіден, кадрлардың еңбекке ынталылығын дамыту, әлеуметтік төлемдер төлеу. Мемлекет қоғамның кадр әлеуетін кәсіби дамыту саласында негізгі қағидаттар мен басымдықтар әзірлеуді қамтамасыз ете отырып, кадр саясаты арқылы өзінің мүмкіндіктерін қоғамды топтастыруға, бірыңғай әлеуметтік- мәдени кеңістікті сақтауға, әрбір азаматтың әл-ауқатының өсуіне; қоғамның кадр әлеуетінің қажеттілігін басқаратын субъектілерді экономикалық тұрғыдан ынталандыратын қағидаттар мен тетіктерді әзірлеуге; қоғамды бейкәсібиліктен, білімсіздіктен қорғау үшін құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер қалыптастыруға; кәсіби қызмет түрлерімен айналысатын азаматтардың мүдделерін қорғау, оларға кепілдік және өтемақы беру жүйесін құруға; адамға тұруға лайық баспана жағдайларын, олардың қабілеттерін дамыту мен қолдануды қамтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени кеңістік құру ету үшін Қазақстан аймақтарына кадр әлеуетін бөлу жөніндегі экономикалық тетіктерді қалыптастыруға арнайды. Біздің елімізде мемлекеттік кадр саясатының басым бағыты - білім беру саясаты, қазіргі заманғы білім сапасына қол жеткізу, білім сапасының адам, қоғам және мемлекеттің өзекті және келешегі бар қажеттіліктеріне сәйкестігі. Ол ұлттық қауіпсіздігімізді, азаматтар мен еліміздің әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін аса маңызды факторға айналуда. Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесінің өзгеруі азаматтардың кәсіби еңбекке қабілеттілігін ұтымды пайдалану мен өндіргіштігін басқаруда мемлекет рөлінің де өзгеруіне, түрленуіне себепші болды. Алайда, бұл мемлекеттің осы үдерістерді реттейтін қызметтерінің толық жойылуына алып8 келмейді. Қоғам дамуын кадрлармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың қайталануының жалпы
Мердігерлік шартының жеке түрінің ерекшеліктері
Банкілік құқық құқық саласы ретінде
Қылмыстардың қайталануының жіктелуі
Қоректік орта
Ойлау туралы түсінік
Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар
Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
Қылмыс құрамы және түсінігі
Пара берудің криминологиялық сипаттамасы
Пәндер