Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Әкімшілік құқық бұзушылық;
2.2. Әкімшілік жауаптылық;
2.3. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән.жайлар;
2.4. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылык мәселелерін "Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы" Кодексі және басқа құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.
Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылык көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыздықта жасалған) іс-әрекеті неәрекетсіздігі немесе заңды тұлғанын құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Тәртіпсіздікке бару әкімшілік жауапкершілікті туындатады. Әкімшілік жауатпылықта болуға тиісті тұлғаларға мыналар жатады:
- ақыл-есі дұрыс он алты жасқа толған жеке адам;
- заңды тұлға.
Бұлардан басқа лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
1. Әкімшілік құқықы бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі – Алматы: Юрист, 2014. – 388 б.;
2. Ғаламтор ресурстарынан http://ortalyk-kaz.kz/;
3. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.;
4. Әкімшілік құқық. Жоғары оқу орындарына арналған. Е. Баянов.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.

Алматы 2015 ж.

МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Әкімшілік құқық бұзушылық;
2.2. Әкімшілік жауаптылық;
2.3. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар;
2.4. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылык мәселелерін "Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы" Кодексі және басқа құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.
Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылык көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыздықта жасалған) іс-әрекеті неәрекетсіздігі немесе заңды тұлғанын құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Тәртіпсіздікке бару әкімшілік жауапкершілікті туындатады. Әкімшілік жауатпылықта болуға тиісті тұлғаларға мыналар жатады:
- ақыл-есі дұрыс он алты жасқа толған жеке адам;
- заңды тұлға.
Бұлардан басқа лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
Тәртіпсіздікке барғандарға әкімшілік жаза қолданылады және ол жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шаралары болып табылады.
әкімшілік жазаның түрлеріне:
- ескерту жасау;
- әкімшілік айыппұл салу;
- әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе онын тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою;
- әкімшілік құкық бұзушылықты жасау құралы немесе онын тікелей объектісі болған, әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу;
- арнаулы құқықтан айыру;
- лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне берілген не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
- жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
- өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
- әкімшілік қамауға алу;
- шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру жатады.
Бұл жазалардың ең көп қолданылатын түрі әкімшілік айыппұл. Ол - мөлшері айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен, лауазымды адамға салынатын айыппұл- бес айлық көрсеткіштен, ал заңды тұлғаға салынатын айыппүл -жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
Әкімшілік қамауға алу - он бес тәулікке, ал төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамауға алуды судья қолданады және т. б.
Әкімшілік жауапкершіліктің жекелеген түрлері мен негіздері Кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген (меншікке қарсы, кәсіпкерлік, салық, қоршаған ортаны қорғау, еңбек, транспорт, қоғамдық тәртіп, шекара т.б.).
Әкімшілік істерді төменгі органдар қарайды:
- аудандық және соларға теңестірілген соттардың судьялары;
- кәмелетке толмағандардың құкықтарын қорғау жөніндегі аудандық (калалық), қалалардағы аудандық комиссиялар;
- ішкі істер органдары, мемлекеттік инспекция органдары және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 543-576 баптарымен осындай істерді қарауға
уәкілеттік берілген басқа да қадағалау және бақылау органдары және олардың лауазымды адамдары, мысалы еңбек инспекциясы, полиция, статистика, салык, өрт
сөндіру және т. б. болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалынады, оған хаттаманы жасаған лауазымды қызметкер, куәлері (егер бар болса) және тәртіпсіздік жасаған адам қол қоюға тиіс.
Заңда көрсетілген жагдайларда тәртіпсіздікті одан әрі болдырмау максатында бұлтартпау шаралары қолданылады. Ондай шараларға мыналар жатады: әкімшілік ұстау, бостандығынан айыру жазасын өтеп келгендерге әкімшілік бақылау орнату, жұмыстарды тоқтату, жәй күш қолдану құралдары (қызметтік иттерді пайдалану, жауынгерлік күрес), арнайы құралдарды қолдану (су шашқыш, броньды машиналар, қолға кісен салу), атыс қаруын колдану. Мысалы, тәртіпсіздікті одан әрі болдырмау үшін, құқық бұзушының аты-жөнін анықтау мақсатында уақытша ұстау қарастырылған. ОндайШара мерзімі үш сағаттан аспауы тиіс (егер мас болса, мерзім мастығынан айыққан кезден саналады).
2.1. Әкімшілік құқық бұзушылық;
Әкімшілік құқық бұзушылық -- мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде "әкімшілік теріс қылық" деп те атайды.
Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы осы Кодекстен тұрады. Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi.Әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң шығаруды талап ету туындайтын жағдайлардан басқа кезде, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
1. Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
2. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкiмшiлiк жауапқа тартылуы да кiнәлi жеке адамды осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды.
3. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасауЕгер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасауЕгер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиiстi назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.
2.2. Әкімшілік жауаптылық;
Әкімшілік жауапкершілік -- азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі" қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын -- сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын -- сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.
Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар
Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:
1) ақыл-есi дұрыс, осы Кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам;
2) заңды тұлға.
Жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
Ақыл-естiң кемдiгi
Кодексте көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi кем жағдайда болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн түсiне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзылуының, ақыл-ес кемдiгiнiң немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан ақыл-есi кем жағдайда болған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
Басқару функцияларын орындайтын лауазымды және өзге де адамдар мен жеке кәсiпкерлердiң әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Лауазымды адам қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiстi дәрежеде орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылықта болуға тиiс.
2. Ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi орындауға байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған, заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азамат (бұдан әрi - жеке кәсiпкер), сондай-ақ мемлекеттiк органдар немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары болып табылмайтын ұйымдардың жетекшiлерi, басқару функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлерi лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
3. Кодекстiң баптарында заңды тұлғаның жауаптылығы көзделген жағдайларда жеке кәсiпкер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 19-бабының 3-тармағындабелгiленген ережелер ескерiле отырып, заңды тұлға ретiнде жауаптылықта болады.
Ескерту. Осы Кодексте тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын (яғни оларға қызмет жағынан тәуелдi емес адамдарға қатысты заңда белгiленген тәртiппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актiлер шығару құқығы немесе билiк ету өкiлеттiгi берiлген) не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.
Тәртiптiк жарғылардың не арнайы ережелердiң күшi қолданылатын әскери қызметшiнiң, прокурордың және өзге де адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген азаматтар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тиiстi органдарда қызмет өтеу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi, санитариялық заңдарды, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жолда жүру ережелерiн, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерiн, аң аулау, балық аулау ережелерiн, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелерi мен нормаларын бұзғаны үшiн жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде, ал шақыру бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлерге, әскери және арнаулы оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) айыппұл түрiнде де әкiмшiлiк жаза қолдануға болмайды.
3. Қызмет туралы тәртiптiк жарғылардың немесе арнайы ережелердiң күшi қолданылатын, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандардан басқа адамдар осы актiлерде тiкелей көзделген жағдайларда - қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта, ал қалған жағдайларда жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
4. Әкiмшiлiк жаза қолдану құқығы берiлген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға әкiмшiлiк жаза қолданудың орнына, кiнәлi адамдарды тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруi мүмкiн.

Заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнде тiкелей көзделген жағдайларда заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
2. Егер осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнде көзделген әрекеттi заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
3. Егер осы Кодекстiң нормаларында олар жеке адамға немесе заңды тұлғаға қолданылатын-қолданылмайтыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мәнi бойынша олар тек жеке адамға қатысты және соған ғана қолданылуы мүмкiн жағдайларды қоспағанда, осы нормалар жеке адамға және заңды тұлғаға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылады.
4. Дербес салық төлеушi болып табылатын және салық салу саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
3. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.

2.3. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар;
Қажеттi қорғану
1. Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғану шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Өздерiнiң кәсiби немесе өзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері
Әкімшілік құқық бұзушылық – әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және белгілері
Әкiмшiлiк құқық субъектілері
Пәндер