Әкімшілік алдын алу шаралары: жалпы, арнайы және процессуалдық



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға әкімшілік бақылау;
2.2. Күштеп емдеу түсінігі ерекшеліктері және түрлері;
2.3. Әкімшілік ескерту шараларын қолданудың құқықтық реттелуі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Құқық бұзушылықтың жалпы алдын алу:
1) халықтың неғұрлым қауқарсыз тобын әлеуметтiк қорғау және
экономиканы жалпы сауықтыру жөнiндегi әлеуметтiк-экономикалық шараларды;
2) экономиканы, әлеуметтiк саланы, құқық қорғау қызметiн
басқарудағы қателiктер мен кемшiлiктердi жоюға бағытталған
ұйымдастырушылық-басқару шараларын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын
алуды нормативтiк, ақпараттық, әдiстемелiк және ресурстық қамтамасыз
етудi жетiлдiруге бағытталған шараларды;
3) қоғамдық санада құқыққа қарсы мiнез-құқыққа және қоғамға қарсы
iс-әрекеттерге төзбеушiлiктi қалыптастыратын азаматтардың бойында жалпы
адамзат құндылықтарына бағытталған адамгершiлiк ұстанымдарын
қалыптастыру арқылы криминогендiк факторларды жоятын немесе шектейтiн,
адамдардың жалпы, тұрмыстық, құқықтық мәдениетiн арттыратын
идеологиялық шараларды;
4) құқық бұзушылықты жасауға кедергi болатын ғылым мен техниканы;
5) мыналарды:
құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнаманы жетiлдiрудi;
құқық бұзушылық субъектiлерiнiң қызметiн құқықтық реттеудi;
нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша криминологиялық
сараптама жүргiзу кiретiн құқықтық шараларды қолдану арқылы iске
асырылады.
1. Ашитов З. О., Ашитов Б. З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері.— Алматы, Жеті-Жарғы, 2003.
2. Баққұлов С. Д. Құқық негіздері.— Алматы, 2004.
3. Таранов А. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.— Алматы, 2003.
4. Баянов Е. Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамасы.— Алматы, 2003.
5. Әкімшілік құқықы бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі – Алматы: Юрист, 2014. – 388 б.
6.«Психиатриялық көмек және оны көресту кезіндегі азаматтардың құқықтарының кепілдіктері туралы» ҚР-ның Заңы 7 сәуір 1997 ж.
7. «Туберкулезің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды күштеп емдеу туралы» ҚР-ның Заңы 10 желтоқсан 1999 ж.
8. "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қарашадағы N 1086 Қаулысы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Әкімшілік алдын алу шаралары: жалпы, арнайы және процессуалдық

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.

Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға әкімшілік бақылау;
2.2. Күштеп емдеу түсінігі ерекшеліктері және түрлері;
2.3. Әкімшілік ескерту шараларын қолданудың құқықтық реттелуі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Құқық бұзушылықтың жалпы алдын алу:
1) халықтың неғұрлым қауқарсыз тобын әлеуметтiк қорғау және
экономиканы жалпы сауықтыру жөнiндегi әлеуметтiк-экономикалық шараларды;
2) экономиканы, әлеуметтiк саланы, құқық қорғау қызметiн
басқарудағы қателiктер мен кемшiлiктердi жоюға бағытталған
ұйымдастырушылық-басқару шараларын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын
алуды нормативтiк, ақпараттық, әдiстемелiк және ресурстық қамтамасыз
етудi жетiлдiруге бағытталған шараларды;
3) қоғамдық санада құқыққа қарсы мiнез-құқыққа және қоғамға қарсы
iс-әрекеттерге төзбеушiлiктi қалыптастыратын азаматтардың бойында жалпы
адамзат құндылықтарына бағытталған адамгершiлiк ұстанымдарын
қалыптастыру арқылы криминогендiк факторларды жоятын немесе шектейтiн,
адамдардың жалпы, тұрмыстық, құқықтық мәдениетiн арттыратын
идеологиялық шараларды;
4) құқық бұзушылықты жасауға кедергi болатын ғылым мен техниканы;
5) мыналарды:
құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнаманы жетiлдiрудi;
құқық бұзушылық субъектiлерiнiң қызметiн құқықтық реттеудi;
нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша криминологиялық
сараптама жүргiзу кiретiн құқықтық шараларды қолдану арқылы iске
асырылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алудың арнайы шаралары
Арнайы шараларға:
1) құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерiнiң алдын алуға (жеке
тұлғаға, меншiкке, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке, халықтың
имандылығына және денсаулығына, басқару тәртiбiне, мемлекет мүдделерiне
қол сұғатын және т.б.);
2) халықтың белгiлi бiр әлеуметтiк топтары: кәмелeткe
толмағандар, әскери қызметшiлер, бұрын сотталғандар, спирттiк
iшiмдiктердi шамадан тыс пайдаланатындар, қылмыстық жазасын өтеушiлер,
әйелдер, туыстық, әлеуметтiк байланыстарын жоғалтқан және тұрғылықты
жерi жоқ адамдар, мигранттар арасында құқыққа қарсы мiнез-құлықты
қалыптастыруға ықпал ететiн себептер мен шарттарды анықтауға және жоюға
бағытталған республикалық және өңiрлiк бағдарламалар әзiрлеу және iске
асыру кiредi.
Құқық бұзушылықтың жеке алдын алу шаралары
1. Жеке алдын алудың мақсаты профилактикаланатын адамның
қоғамға қарсы мiнез-құлқын заңға бағынатын мiнез-құлыққа өзгертуге
ықпал ететiн оның жеке басын жағымды жолға қою үшiн оған жүйелi
мақсатты бағытталған ықпал ету болып табылады.
2. Жеке алдын алудың негiзгi мiндеттерi:
1) мiнез-құлқы құқық бұзушылық жасаудың шынайы мүмкiндiгi туралы растайтын адамдарды анықтау;
2) осы адамдарды, сондай-ақ оларға терiс әсер ету көздерi мен факторларын зерделеу;
3) олардың мiнез-құлқын болжау;
4) жеке алдын алу шараларын таңдау;
5) жағымды жолға қоюға әсер ету болып табылады.
3. Жеке құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына:
1) алдын алу әңгiмесiн өткiзу;
2) қоғамға қарсы әрекеттердi тоқтату туралы ресми ескерту;
3) алдын алу есебiне қою және профилактикалық бақылау орнату;
4) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды жою туралы ұсынымхат жiберу;
5) әлеуметтiк оңалту және бейiмдеу;
6) мәжбүрлеу және шектеу сипатындағы шаралар:
мәжбүрлеп емдеуге жiберу;
өз балаларын тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын
ата-аналар мен өзге де заңды өкiлдерiн ана-аналық құқықтан айыру не
болмаса шектеу;
әкiмшiлiк қадағалау орнату;
әкiмшiлiк және тәртiптiк жаза қолдану;
қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану;
7) кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты
қолданылатын шаралар кiредi.
4. Жеке алдын алу шаралары олар қолданылатын адамдардың жеке
ерекшелiктерi, олар жасаған құқық бұзушылықтардың немесе қоғамға қарсы
әрекеттердiң сипаты мен дәрежесi ескерiле отырып, белгiленедi.
5. Мәжбүрлеу және шектеу сипатындағы шаралар арнайы заңдарда көзделген негiзде және тәртiппен қолданылады.
Өзінідік жұмыстың мақсаты: Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігін түрлерін бөліп қарастыру, ойды тыйанақты жеткізу. Жұмыс кіріспе бөлімінен, 3 бөлікке бөлінген негізгі бөлімдерден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1.Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға әкімшілік бақылау;
Әкiмшiлiк қадағалау бас бостандығынан айыру орындарында Заңның "а" және "б" тармақтарға сәйкес соттар аса қауiптi рецидивист деп танылған және ауыр қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған немесе қасақана жасаған қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыруға екi және одан да көп рет сотталған жасы кәмелетке толған адамдарға қатысты, егер жаза өтеу кезiнде олардың мiнез-құлықтары, олардың түзелу жолына түсудi қаламайтындығы және қоғам үшiн қауiптi болып қала беретiндiгi дәлелдеген жағдайда тағайындалады.
Түзелу жолына түсуге табанды қарсылық деп адамның жаза өтеу режимiн жүйелi түрде бұзуын көрсететiн тұрақты терiс мiнез-құлықты және олардың тәрбие ықпалының шараларын елемеудi түсiндiредi. Мiнез-құлықтың тұрақты терiс бағытта болуына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу сәтiне үш және одан да көп немесе алынып тасталмаған жазалардың, олардың iшiнде айыптылық оқшаулау орындарына немесе камералық үлгiдегi үй-жайларға ауыстыру куәлiк болып табылады.
Босатылған адамдарға әкiмшiлiк қадағалауды тағайындау мақсатында түзеу мекемесiнiң қызметкерлерi мынадай функцияларды орындайды:
1) Арнайы бөлiмдер - әкiмшiлiк қадағалауға алуға жататын түзеу мекемесiнен босатылуына үш ай қалғанда ол туралы мәлiметтердi тәрбие, жедел және режимдiк аппараттарға бередi, мiнездемелерде көрсетiлген жазалар мен көтермелеудiң болуы туралы мәлiметтердiң олардың iс қағаздары материалдарымен сәйкестiлiгiн салыстырады, үкiмнiң көшiрмесiн режим бөлiмiне бередi, босату туралы анықтамаларда "Қадағалау тағайындалған" деген мөртабан қойылады, комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргiзедi.
Әкiмшiлiк қадағалауға алынбаған, бiрақ сотты болудың формальды белгiлерi бойынша Заң ықпалына түсетiн адамдар босатылған кезде босату туралы анықтамаларда "Қадағалауға жатады" деген мөртабан қойылады.
2) Жедел бөлiмдер - түзеу мекемесiнiң басқа да қызметтерiнiң бiрге босатылатын адамдар туралы, оның iшiнде сотты болудың формальды белгiлерi бойынша Заң ықпалына түсетiндер туралы ақпаратты жинау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi, олар туралы қажеттi мәлiметтердi iшкi iстер органына жолдайды.
3) Режимдiк бөлiмдер - арнайы және жедел бөлiмдерден, топ бастықтарынан тиiстi материалдарды алып және зерттеп бiлген соң, Заңның 2-бабындағы "б" тармағында көрсетiлген адамдарға қатысты түзеу мекемесінің, тұрақты іс-әрекеттегi комиссияға берiлетiн түзелу жолына түсуге сотталғандардың табанды түрде қарсылық көрсетуi жөнiнде куәлiк ететiн материалдарды дайындайды; әкiмшiлiк қадағалауға алынған және сотты болудың формальды белгiлерi бойынша Заң ықпалына түсетiн адамдарға қажеттi материалдарды iшкi iстер органдарына жiбередi; әкiмшiлiк қадағалауды тағайындау туралы қаулыларды тiркеу журналын жүргiзедi (1-қосымша); сотталған адамның босатылуынан бiр ай бұрын оған тұлғаның ақпараттық-iздеу карточкасын толтырады және фотосуретiн, үкiмнiң көшiрмесiмен бiрге таңдап алған тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органына жолдайды. Аса қауiптi рецидивистерге есепке алу құжаттары (АIК - 2 данада, фотосурет - 3 данада) жаза өтеу мерзiмiнiң аяқталуынан жиырма күн бұрын таңдап алған тұрғылықты жерi бойынша IIБ ЖТК ҚАжББ-ға жiбередi.
4) Топ бастықтары - заңның 2-бабындағы "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлген босатылатын адамдарға әкiмшiлiк қадағалауды тағайындаудың мақсатқа сәйкестiлiгi туралы дәлелдi қорытындылары бар мiнездемелердi жазады; мiнездемемен түзеу мекемесi бастығының тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары, жедел және режимдiк бөлiмдердiң бастықтары келiседi және оларды мекеме бастығы бекiтедi.
5) Сотталғандарды тұрмысқа және еңбекке орналастыру жөнiндегi аға инспекторлар - босатылғандардың таңдап алған тұрғылықты мекенi бойынша оларды тұрмысқа және еңбекке орналастыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк еңбекпен қамту қызметiмен және iшкi iстер органдарымен хат алмасып тұрады.
5. Заңның 2-бабындағы "б" тармақшасында көрсетiлген адамдардың материалдары босатылған, сондай-ақ осы адамдардың жаза өтеу мезгiлiндегi мiнез-құлқын сипаттайтын түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi шақырылатын тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияның отырысында қаралады.
6. Комиссия материалдарды қарап және босатылған адамның мiнез-құлқы, түзелу жолына түсуге оның табанды түрде қарсылығы туралы куәлiк етедi деген қорытындыға келiп, бұл адамдарға әкiмшiлiк қадағадалауды тағайындау туралы өтiнiштi қозғайды.
Комиссия отырысы хаттамамен рәсiмделедi, оған отырыс төрағасы мен хатшы қол қояды.
7. Түзеу мекемесiнiң бастығы, Заңның 2-бабындағы "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлген адамдардың босатылуына бiр ай қалғанға дейiнгi уақыттан кешiктiрмей, әкiмшiлiк қадағалауды тағайындаудың қажеттiлiгi туралы сотқа дәлелді ұсыным жолдайды.
Ұсынымға сотталғанның түзеу жолына тұруға табанды қарсылығы туралы куәлік ететін материалдар қоса беріледі.
8. Заңның 2-бабындағы "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты әкімшілік қадағалауды алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге түзеу мекемесінің орналасқан жері бойынша соттың отырысында аудандық (қалалық) сот өзі ғана тағайындайды.
Соттың отырысына оған қатысты әкiмшiлiк қадағалауды тағайындау туралы ұсыным енгiзiлген адам жеткiзiледi, оның өтiнiшi бойынша қорғаушы, ұсыным енгiзген мекеменiң өкiлi, бастығы шақырылады.
Мәселенi қарау ұсынымның және онымен бiрге келiп түскен материалдардың мазмұнын баяндаудан басталады, одан кейiн сот отырысына келген адамдардың түсiнiктемелерi тыңдалады.
Сот iстi қарағаннан кейiн шешiм қабылдау үшiн кеңестiк бөлмеге шығады, қаулы отырыс залында жарияланады.
Соттың қаулысы үш данадан құралады, оның екеуi сотталғанның түзелу жолына түсуге табанды түрдегi қарсылығы туралы куәлiк ететiн материалдармен бiрге атқару үшiн түзеу мекемесiнiң бастығына жолданады.
9. Әкiмшiлiк қадағалауды тағайындау туралы түзеу мекемесiне атқару үшiн келiп түскен соттың қаулысы келiп түскен күнi хатшылықта (кеңседе), ал одан соң әкiмшiлiк қадағалауды тағайындау туралы қаулыны тiркеу журналына тiркелуi тиiс.
10. Сотталған адамның түзеу мекемесiнен босатылар кезiнде оған әкiмшiлiк қадағалауды тағайындау туралы қаулы жарияланады. Сотталғанға бiр уақытта таңдап алған тұрғылықты жерiне белгiленген мерзiмде келмегенi үшiн, сондай-ақ әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару мақсатында олардың тұрғылықты жерiнен өздігінен кетiп қалғаны үшiн жауапкершiлiк шаралары түсіндіріледі.
Адам әкiмшiлiк қадағалауды орнату туралы қаулыға қол қоюдан бас тартқан жағдайда ТМ бастығы режимдiк бөлiмнің қызметкерлерiн және отряд бастығын қатыстыра отырып тиiстi жазба жасайды.
11. Қадағалаудағы адамды, бас бостандығынан айыру орнынан босатар алдында, түзеу-мекемесiнiң әкiмшiлiгi, соттың әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулысымен қоса оның келiп жететiн мерзiмi көрсетiлген ескерту қағазын босатылған адамның таңдаған тұрғылықты жерiндегi iшкi iстер органына жiбередi.
Iшкi iстер органдарында әкiмшiлiк
қадағалауды ұйымдастыру
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде әкiмшiлiк қадағалауға алынған адамға шектеу орнату тәртiбi:
1) Iшкi iстер органының бастығы немесе оның орынбасары түзеу мекемесiнен жазасын өтеген адамға қатысты әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулыны алған соң, ол қаулыны қадағалауға алынған адам тұратын учаскенiң учаскелiк инспекторына тапсырады және оған қадағалауға алынған адамның таңдаған тұрғылықты жерiне келуiне бақылау жасауды ұйымдастыруды тапсырады.
Әкiмшiлiк қадағалау iсiн жүргiзуге әкiмшiлiк қадағалауды орнату туралы қаулысы негiз болады.
2) Әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулыны алған учаскелiк инспектор бас бостандығынан айыру орнынан келген адаммен әңгiмелеседi, бас бостандығынан айыру орнынан алынған Т-АIК көрсетiлген деректердiң дұрыстығын салыстырады, оны тұрғылықты мекен-жайының тiркеу ережесiн сақтау жөнiндегi жауапкершiлiк туралы ескертедi, қадағаланушының дер кезiнде тiркеуге тұруын бақылайды және Заңның 7 бабында қарастырылғандай шектеулер орнату жөнiнде iшкi iстер бөлiмiнiң бастығына өз ұсыныстарын баяндайды.
IIББ, IIБ ЖТҚ КажББ-на (Криминалдық ақпарат және бақылау басқармасына) тiркеу орны, қажеттi жағдайда нақты тұрып жатқан жерi, басқа да өзгерiстер: сырт келбетi, татуировкалары және т.б. көрсетiлген коррекция парағын жiбередi.
3) Аса қауiптi рецидивист деп танылған қадағаланушыға үш күн мерзiм iшiнде жазбаша хабарлама дайындайды және оны IIБ ЖТҚ КажББ-ға жiбередi (N 19 қосымша).
4) Iшкi iстер органының бастығы қадағаланушыға шектеу орнату туралы ұсыныс (N 3 қосымша) жасайды және оны он күндiк мерзiм iшiнде қарауға жататын сотқа үш күн iшiнде жiбередi. Соттың шектеу орнату туралы қаулысы үш данада жасалады, оның екеуi орындау үшiн iшкi iстер органының бастығына жiберiледi.
5) Iшкi iстер органының бастығы учаскелiк инспекторды қатыстыра отырып қадағаланушыға әкiмшiлiк қадағалау тәртiбiн, оның мiндеттерi мен қадағалаудың тәртiбi мен шектеуiн бұзғаны, сондай-ақ олардың қадағалаудан жалтару мақсатымен тұрғылықты жерiн өз бетiмен тастап кеткенi үшiн жауапкершiлiктi түсiндiредi.
6) Қадағалаушыға шектеу орнатылған соң учаскелiк инспектор оған әкiмшiлiк қадағалау iсiн (N 4 қосымша) ресiмдейдi, журналдың бiрiншi бөлiмiнде әкiмшiлiк қадағалау iсiн және iшкi iстер органы қызмет көрсететiн аумаққа келген қадағаланушыны тiркеу (5-қосымша); қадағаланушыға күзету карточкасын (8-қосымша) толтырады және оны облыстық мекен-жай бюросына жiбередi.
Әкiмшiлiк қадағалау iсi iшкi iстер органының үй-жайында сақталады, мұндай жағдайда әкiмшiлiк қадағалау iсiн жүргiзу участкелiк инспекторларға жетекшiлiк ететiн әкiмшiлiк қызмет бөлiмшесi инспекторларының бiрiне жүктеледi. Iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының ұйғарымы бойынша әкiмшiлiк қадағалау iсi учаскелiк инспектордың үй-жайында сақтауға болады, егер сақтау ережесi бұзылмаған жағдайда.
7) Түзеу мекемесiнен жазасын өтеген қадағаланушыға қатысты әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулы келмеген немесе қадағаланушы босату туралы анықтамада көрсетiлген тұрғылықты жерге емес, басқа жерге келген (әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару ойы болмаған) жағдайда мұндай адам нақты тұратын учаскедегi инспектор үш күн мерзiмнен кешiктiрмей ТМ-ге немесе қадағаланушы келуге тиiс iшкi iстер органына оған қатысты әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулыны жiберу туралы сұрау салады.
8) Әкiмшiлiк қадағалау, әдетте, қадағаланушының тұрғылықты жерi бойынша жүзеге асырылады. Егер қадағаланушы дәлелдi себептер бойынша аталған мекен-жайда тұра алмаса, iшкi iстер органының бастығы учаскелiк инспектордың мәлiмдемесi және қадағаланушының арызы бойынша оған қызмет көрсетушi аймақтың шегiндегi басқа жерде уақытша тұруға рұқсат бере алады.
9) Бұдан арғы барлық өзгерiстер, сондай-ақ қадағаланушының еңбекке орналасқаны туралы IIБ ЖТҚ КажББ коррекция парақшасы арқылы хабарланады.
2.2. Күштеп емдеу түсінігі ерекшеліктері және түрлері;
ҚР азаматтары денсаулық қорғауда ажыратылмайтын құқыққа ие,қоршаған ортаны қорғау,еңбек шартына қолайлық жасау,демалыс, тұрмыс,азаматтарды оқыту және тәрбиелеу,тамақ сапасын жүргізу,сонымен қатар халықты дәрігерлік әлеуметтік көмекке шақыру. ҚР азаматына кез келген қалыпта тең құқықтан айырғанда әртүрлі ауруда қорғауға кепіл береді,ал айыпты жақ заң алдында жауапты болады.Заңдар,жоғарғы мемлекеттік билікте болып және заң шығару органдары мен қабылданады,бекітіледі,қоғамдық қатынастарда жүргізілуі реттеледі.Тәртіппен денсаулық сақтау жүйесімен қалыптастырады,күзетудің негізгі заңдылығын қамтамасыз етеді және халық денсаулығын бекітеді.
Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртiбi
1. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрiгер тағайындаған емдеуден бас тартуы негiз болып табылады.
Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешiмдi денсаулық сақтау органдарының не қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң әкiмшiлiгi жанындағы дәрiгерлiк комиссияның ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнен босатылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, жазасын өтеу кезеңiнде емдеудiң толық курсынан өтпеген азаматтарға соттың шешiмiмен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшiн түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi босатылғанға дейiн бiр ай бұрын материалдарды сотқа жiбереді.
2. Мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы материалдарды, олар келiп түскен күннен бастап бес күн мерзiмде, сот мәжбүрлеп емдеуге жiберiлетiн азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы ұсыныс енгiзген ұйым өкiлiнiң қатысуымен қарайды.
3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы сот шешiмiн орындау аумақтың әдiлет органдарының сот орындаушыларына жүктеледi.

Мәжбүрлеп емделуде жүрген аурулардың құқықтары
1. Мәжбүрлеп емделуде жүрген аурулар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында болу режимiн сақтау қажеттiгiне байланысты шектеулермен пайдаланады.
2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында мәжбүрлеп емдеуге жiберу соттылыққа әкеп соқпайды.
3. Мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген аурудың жұмыс орны сақталады.
4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында жалпы еңбек стажы үзiлмейдi және оған есептеледi.
5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйiнде тұратын, мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген аурулардың емдеуде болуының бүкiл уақыты iшiнде тұрғын үйi сақталады.
Психиатриялық жәрдем көрсетiлетiн азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау
1. Азамат өзiне психиатриялық жәрдем көрсетiлген кезде өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн өз қалауымен өкiл шақыруға құқылы. Өкiлдiк Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
2. Кәмелетке толмаған және белгiленген тәртiп бойынша iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамның психиатриялық жәрдем көрсетiлген кездегi құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады.
3. Азаматқа психиатриялық жәрдем көрсетiлген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды адвокат немесе заңды өкiл жүзеге асырады. Адвокатты шақыру және оның қызметiне ақы төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделедi.
Диагностика және емдеу
4.Психиканың бұзылуы диагнозын клиникалық көрiнiстерге, лабораториялық деректерге, объективтi мәлiметтерге сәйкес психиатр-дәрiгер қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және дiни құндылықтармен келiспеуiне не оның психикалық денсаулық жағдайына тiкелей байланысы жоқ өзге де себептерге негiздеуге болмайды.
5.Психиканың бұзылуынан зардап шегушi адамға диагноз қою және оны емдеу үшiн Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарымен рұқсат етiлген медициналық құралдар мен әдiстер қолданылады.
6. Медициналық құралдар мен әдiстер аурулы ауытқулар сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады, оларды психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамды жазалау түрiнде немесе басқа адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 21 тарау 319 - бабынды
Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн егiстiктi күзетудi қамтамасыз етуге шаралар қолданбау Құрамында есiрткi заттары бар сора, көкнәр немесе басқа өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмдерiн сақтау мен қайта өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, солсияқты құрамында есiрткi заттары бар бастырудан қалған егiстiктердi және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау, - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
319-1-бап. Есірткіні, психотроптык заттарды және прекурсорларды өткізудің және медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау
1. Ойын-сауық мекемесінің, сондай-ақ білім беру ұйымының лауазымды адамының және (немесе) иесінің есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы - лауазымды адамдарға және (немесе) қызметі тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз- ден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), - лауазымды адамдарға және (немесе) дара кәсіпкерлерге дара кәсіпкерлік қызметіне тыйым салына отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып - айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. Осы Кодексте аталған ойын-сауық мекемелеріне көңіл көтеру- демалу, театр-ойын-сауығы, спорт, мәдени-демалу мақсаттарында қызмет көрсететін ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсаттарындағы объектілер және өзге де үйлер, мекен- жайлар, ғимараттар жатады.
320-бап. Өткiзу мақсатынсыз есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен заңсыз айналысу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткiзумақсатынсыз заңсыз түрде дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе салып жiберу, - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялык емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезіктіні ұстаудың жалпы сипаттамасы және маңызы
ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУДІҢ ТҮСІНІГІ
Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері
Тергеушінің процессуалдық дербестігінің түсінігі
ТЕРГЕУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ
Қылмыскерді ұстау
Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
Қылмыстық ізге түсудің түсінігі
Өртке байланысты қылмысты тергеу әрекеттері
Пәндер