Қоғамға қауіпті ауруларды күштеп емдеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Қоғамға қауіпті ауруларды күштеп емдеу
Орындаған: Иргебекова Ф. Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж. Т.
Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨлім ;
2. 1. Туберкулез, алкогализм, наркоманияны күштеп емдеу шаралары;
2. 2. Таксикомания, психикалық аурулар, лепраны күштеп емдеу шаралары;
2. 3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықы бұзушылық кодексіндегі қоғамға қауіпті аурулардың аладын алу нормалары;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
ҚР азаматтары денсаулық қорғауда ажыратылмайтын құқыққа ие, қоршаған ортаны қорғау, еңбек шартына қолайлық жасау, демалыс, тұрмыс, азаматтарды оқыту және тәрбиелеу, тамақ сапасын жүргізу, сонымен қатар халықты дәрігерлік әлеуметтік көмекке шақыру. ҚР азаматына кез келген қалыпта тең құқықтан айырғанда әртүрлі ауруда қорғауға кепіл береді, ал айыпты жақ заң алдында жауапты болады. Заңдар, жоғарғы мемлекеттік билікте болып және заң шығару органдары мен қабылданады, бекітіледі, қоғамдық қатынастарда жүргізілуі реттеледі. Тәртіппен денсаулық сақтау жүйесімен қалыптастырады, күзетудің негізгі заңдылығын қамтамасыз етеді және халық денсаулығын бекітеді. Денсаулықты қорғау жүйесіндегі азаматтардың құқығы. Адамның құқықтық қатынаста реттеу және мемлекеттік ортада барлық адамның денсаулығын қорғау жүйесінен кете алмайды. Әртүрлі қалалардың конституциясында медициналық көмектің айырмашылығы қаралады. 1948 жылы азаматтардың жалпы халықаралық масштабы қабылданды. Азаматтар денсаулығын қорғау өз кезегінде қоғамдық құқықтық реттеу маңыздылығы 1990ж. дейін Қазақстанда заң шығарушылық шектелді. “СССР дің негізгі заң шығарушылығы немесе денсаулық сақтау жөніндегі одақтық республика Қаз. ССР заңдары” “Денсаулық сақтау” негізінде қабылданды. ҚР-ның Констиутциясына сәйекес ҚР азаматтары денсаулығын қорғауға құқығы бар және медициналық көмекті тегін алууға кепілберуі заңмен бекітілген. Бұл кепілдің негізгі ұстанымын қамтамасыз ету болып адам құқығын сақтау және адамның денсаулығын қорғау саласында және осы мемлекеттік кепілдің құқықтарын қамтамасыз ету. -профилактикалық шаралардың басымдылығы -әлеуметтік көмектің медициналық ұстанымы -басқарушылық және мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігі, кәсіпкерлік, мекемелердің және жеке форумнан тәуелсіз ұйымдар, лауазымды тұлғалардың адамдардың денсаулығын қорғауға қамтамасыз ету. Адамдардың денсаулығының құқықтарын қорғау саласындаәрдайым қаралды, денсаулық қорғау жүйесінде жұмысшылардың сонымен қатар заңгерлер. Әдебиеттерде көбіне медициналық көмектің мамандандырылған және адамның құқығын қорғау денсаулығын сақтау және қамтамасыз ету сұрақтарын жариялауды шығару. Бұл құқықтарды зерттеу әлеуметтік маңызды жағынан ғана емес, олардың заңгерлік негіздерінің байланысы мен бір-біріне иерархиялық әсер етуі.
2. 1. Туберкулез, алкогализм, наркоманияны күштеп емдеу шаралары;
Азаматты туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырады деп танудың тәртiбi
1. Азаматты туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырады деп тануды, оны медициналық тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады.
Медициналық тексеру жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлейдi.
2. Туберкулезбен ауыруы себептi есепте тұратын азамат медициналық тексеруден жалтарған жағдайда оны тиiстi денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша мәжбүрлеп тексеруден өткiзу үшiн денсаулық сақтау қызметкерiнiң қатысуымен iшкi iстер органдары арнаулы медициналық автокөлiкпен жеткiзедi.
3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешiмiне оның жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдана алады.
Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртiбi
1. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрiгер тағайындаған емдеуден бас тартуы негiз болып табылады.
Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешiмдi денсаулық сақтау органдарының не қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң әкiмшiлiгi жанындағы дәрiгерлiк комиссияның ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнен босатылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, жазасын өтеу кезеңiнде емдеудiң толық курсынан өтпеген азаматтарға соттың шешiмiмен мәжбүрлеп емдеутағайындалады, бұл үшiн түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi босатылғанға дейiн бiр ай бұрын материалдарды сотқа жiбереді.
2. Мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы материалдарды, олар келiп түскен күннен бастап бес күн мерзiмде, сот мәжбүрлеп емдеуге жiберiлетiн азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы ұсыныс енгiзген ұйым өкiлiнiң қатысуымен қарайды.
3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы сот шешiмiн орындау аумақтың әдiлет органдарының сот орындаушыларына жүктеледi.
Мәжбүрлеп емделуде жүрген аурулардың құқықтары
1. Мәжбүрлеп емделуде жүрген аурулар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында болу режимiн сақтау қажеттiгiне байланысты шектеулермен пайдаланады.
2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында мәжбүрлеп емдеуге жiберу соттылыққа әкеп соқпайды.
3. Мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген аурудың жұмыс орны сақталады.
4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында жалпы еңбек стажы үзiлмейдi және оған есептеледi.
5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорыныңтұрғын үйiнде тұратын, мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген аурулардың емдеуде болуының бүкiл уақыты iшiнде тұрғын үйi сақталады.
Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымдарында ауруларды емдеу және күтiп бағу
1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымдарында ауруларды емдеу және күтiп бағу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында мәжбүрлеп емдеудi ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбi, сондай-ақ онда аурулардың болу режимi Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органыбекiткен ережелермен белгiленедi.
3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу олардан туберкулездiң микробактериялары бөлiнiп шығуы тоқтатылғанға дейiн жалғастырылады, содан соң олар туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымынан шығарылуға тиiс және емдеудi жалғастыру үшiн тұрғылықты жерiне жiберiледi.
4. Аурудың медициналық тексеруде болған уақыты мәжбүрлеп емдеу кезеңiне есептеледi.
Ауруларды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейiнгi медициналық қадағалау және емдеу
Мәжбүрлеп емдетiлген аурулар туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымынан шығарылғаннан кейiн тұрғылықты жерi бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырудың қайталануын болдырмайтын ем алып тұруға мiндеттi.
Аурулардың мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі еңбекке және тұрмыстық жағынан орналасуы
Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымынан шығарылған ауруларға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке және тұрмыстық жағынан орналасуына көмек көрсетеді.
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтардың емделуден бас тартқаны және инфекция таратқаны үшін жауаптылығы
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес жауаптылықта болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz