Жер құқығының пәні, қағидалары және жүйесі



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Жер құқығының жалпы сипаттамасы, түсінігі, пәні,құқықтық реттеу реттеу әдістері;
2.2 Жер құқықтық қатынастарының түсінігі мен мазмұны;
2.3 Жер заңдарының міндеттері, мақсаттары, қағидалары;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Тақырыптың өзектілігі. Халықымыз Елбасымыздың жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды және болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз өзінің 2010 жылғы жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады» деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұлға біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет. Жер – өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол – өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай ұрығын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау және ұтымды пайдалану мәселесін көбінесе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырына, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап, оның орындалуын қамтамасыз етеді.
1. Қазақстан Республикасының Жер кодексі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
2. Стамқұлов Ә.С., Стамқұлова Г.Ә.Қазақстан Республикасының Жер құқығы, жалпы бөлім, оқу құралы Алматы-2004ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Жер құқығының пәні, қағидалары және жүйесі

Орындағын: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Мадиярова А.С.

Алматы 2015 ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Жер құқығының жалпы сипаттамасы, түсінігі, пәні,құқықтық реттеу реттеу әдістері;
2.2 Жер құқықтық қатынастарының түсінігі мен мазмұны;
2.3 Жер заңдарының міндеттері, мақсаттары, қағидалары;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Халықымыз Елбасымыздың жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды және болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз өзінің 2010 жылғы жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұлға біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет. Жер - өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол - өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай ұрығын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау және ұтымды пайдалану мәселесін көбінесе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырына, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Ал, бұл міндеттер мен іс-шаралардың орындалуын жер заңдарының шеңберінде және белгіленген құзыреті жер ресурстарын басқаратын орталық қамтамасыз етеді. Өмірдің серпінді дамуына ауылшаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал, жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы болып табылады. Статистикка бойынша халқымыздың 45 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады екен. Олар жер байлығын пайдаланып, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына, халықымыздың ұлттық қадір-қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны шындық. Елбасы айтқандай, қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұданда жарқын болатынына сенімім мол. Жолдаудағы жоба-жоспарлар, ой-түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады.
Болашаққа серпін беретін Жолдауда көрсетілген аса маңызды мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және қорғау болып табылады. Осы мәселелер бойынша Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Мұндағы негізгі проблема - ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді, ұтымды пайдалану және қорғау.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуы, жер пайдалану құқығының артуы, экологиялық жағдайдың шиеленісуі, жерді пайдалануда және жерді қорғау саласындағы заңдарды және басқару органдарының қызметтерін реформалауды талап етуде, осыған байланысты жер реформасына заңгер ретінде үлес қосу.
Жұмыс құрылымы мен көлемі мыналардан тұрады: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2.1 ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ТҮСІНІГІ, ПӘНІ, ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды роль атқарған. Жер - табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.
Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз - жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.
Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегеніміз - көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пікірлерінің және әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі қарай даму жолына болжам жасау. Сонымен бірге, жер қатынастарын құқықтық реттеудегі ақтаңдақтарды, кемшіліктерді жою, оларды болдырмау және осы саладағы заңдардың өзара қарама-қайшылықтарын жою болып табылады.
Жер саласындағы қазіргі күнгі отандық ғалымдар - Әбдірайымов Б.Ж., Байдельдинов Д.Л., Стамқұлов Ә.С., Бектұрғанов А.Е., Хаджиев А.Х., Еркінбаева Л.Қ., Айгаринова Г.Т. т.б.
Оқу пәні ретінде жер құқығы - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.
Жер құқық қатынастарының өзіне тән белгілері:
* бұл қатынастар жерді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған;
* бұл қатынастар жерді меншік обьектісі, пайдалану обьектісі, аумақтық кеңістігі және табиғат байлығы ретінде қарастырады;
* бұл қатынастар жер құқық нормаларымен қатар, өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледі;
* бұл қатынастар тек жер учаскесін пайдалану емес, сонымен қатар, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті де пайдаланумен байланысты қатынастар;
Жер құқық қатынастарының да өзге құқық қатынастары сияқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі және мазмұны болады. Жер құқық қатынастарының обьектісі ретінде Қазақстан Республикасының жер қоры, жер учаскесі және жер үлесі танылады.
А.Х.Хаджиевтің пікірі бойынша: жер құқығы қатынастарының жалпы объектісі - еліміздің экономика салаларында қолданылып жатқан және қолдануға мүмкін болатын еліміздің жер ресурсы, барлық жер қоры құрайды.
Ал, Ә.Е. Бектұрғанов жер құқық қатынастары жердің өзі туралы емес, оның құқықтық мәртебесі туралы қатынастар оның объектісі болып саналады дейді.
Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес, жеті санатқа бөлінеді:
1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер;
2. елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5. орман қорының жері;
6. су қорының жері;
7. босалқы жері;
Жерді пайдалану құқығы дегеніміз - бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с.с.) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі болып табылады.
Жер пайдалану құқығы мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
:: мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;
:: жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;
:: жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға беріледі.
Жер пайдаланудың мынадай түрлері бар:
:: уақытша өтеулі жер пайдалану:
- қысқа мерзімді (5 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін;
:: өтеусіз негізіндегі уақытша жер пайдалану (ақысыз беріледі) түрі, бұл ретте уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс, (жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайларды қоспағанда);
Жер учаскесі дегеніміз - белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 13-тармағы).
Жер учаскесінің мынадай белгілері бар:
Біріншіден, түрақты белгілі бір аумақта орналасқан жердің бір бөлігі;
Екіншіден, тұйықталған шекарасының болуы;
Үшіншіден, заңда белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетіндігі;
Төртіншіден, жер учаскесіне құқықтарды растайтын арнайы құжаттарының болуы. Мысалы, жер учаскесіне жеке меншіктің мемлекеттік актісі т.б.
Жер учаскесінің екі түрі бар. Ол бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскесі. Бөлінетін жер учаскесі дегеніміз - өзінің нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай бөліктерге бөлуге болатын, бөлінгеннен кейін әрқайсысы дербес жер учаскесін құрайтын жер учаскесінің түрі. Егер бұлай болмаған жағдайда жер учаскесі бөлінбейтін деп танылып, жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатта көрсетіледі.
Жер үлесі дегеніміз - бір жер учаскесіне екі немесе одан да көп тұлғалардың құқықтары болған жағдайда, сандық тұрғыдан анықталған үлес. Жер үлесі бірнеше түрлерге бөлінеді:
* ортақ меншіктегі және ортақ пайдаланудағы жер үлесі;
* қонымды жер үлесі;
* шартты жер үлесі.
Екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі жер учаскесі оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктегі немесе ортақ пайдаланудағы жер үлесі ортақ үлестік меншік құқығында (пайдалану), мысалы: ауылшаруашылық серіктестіктерінің жерге меншік (пайдалану) құқығы немесе ортақ бірлескен меншік құқығында (пайдалану), мысалы: ерлі-зайыптылардың жерге меншік (пайдалану) құқығы болуы мүмкін.
Қонымды жер үлесі кондоминиум объектілері болып табылады. Кондоминиум дегеніміз - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге де құқықтың) ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және заңды тұлғалардың бөлек дербес меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпайтын бөліктері, оның ішінде жер учаскесі де, оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады және бөлек меншігіндегі жылжымайтын мүлік бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды. Мысалы: көп пәтерлі үйдің ауласы, шатыры, баспалдақ алаңы, лифт т.б.
Шартты жер үлесі дегеніміз - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің сандық тұрғыдан анықталған үлесі.
Ғалым Ә.Е. Бектұрғановтың пікірінше құқықтық қатынасқа қатысушылардың барлығы бірдей құқық субъектісі бола бермейді. Құқық нормалары құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтық жағдайын белгілеп, олардың мәртебесін, керек болса, құқықтық қатынасқа қатысушылардың мүмкіншіліктерін де белгілеп береді. Жер құқығы қатынастарының субъектісі кез-келген тұлға бола алмайды, тек әрекет етуші заңмен анықталған құқықтар мен міндеттерге ие және құқықтық қатынастарға қатыса алатын тұлғалар ғана болуы мүмкін. Сондай-ақ ол құқықтарға ие болу деңгейі жер құқығы қатынастарындағы субьектілердің құқықтық дәрежесін анықтауда негізгі өлшем болып табылады.
Жер құқығы қатынастары субьектілерінің құқық көлемі мынадай жағдайларға тәуелді болады:
- субъектінің түріне;
- субъектінің заңи маңызы бар әрекетіне;
- аталған жер құқығы қатынастарының ерекшелігіне;
- құқық қатынастары субьектісінің өз функциясын жүзеге асыру жағдайына байланысты болады.
Жер құқығы қатынастары субъектілерінің қатары, мазмұны және олардың құқықтарының ара-қатынасы елдегі жер саясаты және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар сипатына тәуелді өзгеріп отырады.
Кеңес одағы кезінде мемлекет жерге меншік құқығы қатынастарының айрықша жеке субъектісі болғаны бәрімізге аян. Ал жерге жеке меншік институтын енгізген соң жерге меншік құқығы қатынастарының субъектілері қатарына жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар қосылды.

2.2 ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ
Жер құқық қатынастарының мазмұнына байланысты:
жерді табиғи объект ретінде қорғаумен байланысты қатынастар;
жерді өндіріс құралы ретінде пайдаланумен байланысты қатынастар;
жер ресурстарын мемлекеттік басқарумен байланысты қатынастар;
жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік қолданумен байланысты қатынастар;
Жер құқық қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұнына байланысты:
жерге меншік құқығын жүзеге асырумен байланысты қатынастар;
жерге меншік құқығынан туындайтын өзге құқықтарды жүзеге асырумен байланысты қатынастар;
Жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары
Тұрғын үй құқығының пәні, жүйесі, әдісі, қағидалары, қайнар көздері
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Мамандықтың пәндер каталогы
Жерге меншік
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Пәндер