Мұнай-химия - шикізат шырмауынан шығу жолы


Мұнай-химия - шикізат шырмауынан шығу жолы
Қазақстан экономикасының мұнай мен газ экспортына бағыныштығынан шығу жолындағы әрекеттері былтырдан көріне бастады. Баспасөз беттерінде әлсін-әлсін шығып жатқан мағлұматтарға қарағанда, бұл бағыттағы үкіметтің қимылдары отандық және халықаралық сарапшыларға ішкі және сыртқы мұнай-химия нарығын зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, мемлекет қарамағындағы «ҚазМұнайГаз»-ға жүктелген нақты тапсырыстардан көрінеді. Бұл тапсырыстар алдыменен совет заманынан қалып, өткен оншақты жылда төзіп, күйреу жағдайына жеткен елдегі химия кәсіпорындарын қайта қалпына келтірумен қатар, мұнай-химия саласындағы аса маңызды жаңа жобаларды жүзеге асырумен байланысты.
Химия нарығында зерттеу жұмыстарымен айналысатын американдық «Chemical Market Associates Inc. » (CMAI) мәлімдері бойынша, полистиролдың дүние жүзілік тұтыну көлемі жылына 14, 4 млн тоннаға тең, соның ішінде, Батыс және Шығыс Европа тұтыну көлемі 3, 5 млн тонна құрастырады. Ең ірі тұтынушы Азия елдері, олардың үлесі жалпы көлемнің 30%-на жуық .
Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдерінде қалыптасқан полистирол пластиктерінің тұтыну көлеміндегі негізгі үлесін соққыға төзімді полистирол құрайды - 51 %, сополимерлер үлесі - 20 %, көбіктенетін полистирол -18 %, жалпы қолданыстағы полистирол - 9 %, және сополимерлер үлесі 2 % құрайды. Бұл пластик нарығындағы қаптама материалдар мен жылу өткізбейтін материалдар қалыпты сұраныста екендігін байқатады. Сарапшылардың болжамы бойынша 2010 жылға дейін дүние жүзіндегі тағамдық қаптама нарығы 3, 5 есе арта түсуі күтілуде.
Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері мұнай-химия өндірісін дамытуға Қазақстанда толық мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларындағы шикізат көздері, мұнай мен газ қорлары және дүниежүзі мен аймақтық нарықтағы полимер өнімдеріне күннен-күнге өсіп келе жатқан сұраныс көлемдері осыған дәлел болмақ.
2005 жылдың 18 наурыз күні Алматыда мұнай-химияны дамыту тақырыбында өткен I конференциясында қазақстандық ғалымдар тобы мен қатысты мекемелердің өкілдері осы саланы дамыту мәселелерін терең талқылаған болатын. Ірі мұнай өндіруші елдердің қатарындағы Қазақстанның көмірсутегі шикізат өнімдерін әрмен қарай мұнай-химия өндірісінде өңдеуден өткізуге талпыну өте орынды. Қазақстан өкіметі құлдыраған кәсіпорындарды қалпына келтіріп, жаңадан өндіріс көздерін құруға үміт артып отыр. Бұл энергетика және минералды ресурстар дайындаған 2015 жылға дейінгі мұнай-химия және химия салаларын өркендету бағдарламасында қомақты орын алды.
Совет өкіметі заманында мұнай-химия өнеркәсібі жалпы одақтық өндіріс шеңберінің бір бөлігі ретінде салынып, басым көпшілігі негізінде ресейлік шикізаттарды өңдеп, дайын өнімдері бүкіл Совет елінің сұраныс нарығына бағытталған болатын. Кейіннен, экономикалық және өндірістік қарым - қатынастардың үзілу салдарынан, қазақстандық мұнай-химия кәсіпорындары шикізат тапшылығы мәселесіне тіреліп, басым көпшілігінің 60 %-дан аса өндіріс қуаттары тозу - қажалуға жетіп, өндірісін тоқтатуға мәжбүр болды.
«Nexant Ltd» атты консалтингілік компаниясының бағалауынша, Қазақстанның мұнай-химия саласын құрудың бас жоспарын 15 жылда іске асыру үшін 7 млрд доллар қаржы қажет. Осыншама ұзақ мерзімді және қомақты қаржының қажеттігі, елде жаңадан оншақты химия кешендерін салып, оларды алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықтаумен қатар, совет заманынан қалған іске асатын зауыттарды қайта қалпына келтіру. «Nexant LTD» сарапшылары қосымша қаржылардың қажет болу мүмкіндігін болжап отыр.
Бүгінгі таңда, Қазақстанда Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өндіру зауыты және Теңіз, Қазақ, Жаңажол газ өңдеу зауыттары істеп жатыр. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты жылына 20 млн тонна құрайды. Осымен қатар, олардың қуат қабілеттілігі тек 40 %-ға пайдаланып келеді, бұл қондырғылардың жұмысына және 60 % құрайтын шикізат өңдеу тереңдігіне кедергі келтіреді. Газ өңдеу зауыттары 6, 25 млрд текше метр газды өңдеп, ілеспе газдың тек 60 % өңдейді. Осының салдарынан, жалпы көмірсутегін өңдеу мұнай мен газды айырумен ғана шектеліп, мұнай-химия шикізаты пайдаланудан тыс қалады. Ал осы шикізат полистирол, техникалық резина, шиналар сияқты бұйымдар өндіретін кәспорындардың іске қосылып, қалыпты жұмыс жасауына аса қажет.
Мұнай мен газды терең өңдеуді қолға алмайынша, мұнай-химия шикізат қорын қалыптастыру мүмкін емес. Қазіргі кезде еліміздегі мұнай-химия өнімдерін тұтынудың басым бөлігі сырттан келетін импорт арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша химия өнімдерінің импорт айналымы 500 млн доллардан асады, оның жартысынан көбі мұнай өнімдері.
Осы келеңсіз жағдайды түзету мақсатында, үкімет 2004-2010 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасының мұнай-химия өндірісін дамыту бағдарламасын дайындады. 2005 жылы Ақтаудағы полистирол өндіретін «SAT Operating Aktau» зауытын қайта іске қосылуы бағдарламаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Кәсіпорынды «SAT&Company» және «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ иелігіндегі «ATOLL» АҚ басқарып отыр. «SAT Operating Aktau» - стиролды синтездеу мен өндіру бойынша ТМД кеңістігіндегі ірі кешендерінің бірі болып табылады. Шикізат- стиролмен қамтамасыз етіп отырған «Нижнекамскнефтехим» ресейлік компаниясы. Алайда, сырттан келетін шикізаттың бағасы, оның сапасы зауыт шығаратын полистиролдың құны мен нарықтағы бәсекелестік қабілетіне тікелей өсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты, 21 сәуірде «ҚазМұнайГаз» қарамағындағы Атыраудағы мұнай өндіру зауытында (АНПЗ) бензол шығаратын қондырғы жобасының жапондық «Марубени» компаниясы дайындаған техникалық-экономикалық негіздемесінің таныстыру рәсімі өтті. Бензол салада кең пайдалынылатын қасиеттерімен қатар, қазір аса қажетті стирол шығаратын шикізат, сондықтан жобаның тез арада іске асырылуы күтілуде.
2005 жылы 23 қараша күні Астана қаласында өткен «Қазақстандағы мұнай-химияның дамуы, қазіргі кезеңі және болашағы» тақырыбындағы II халықаралық конференциясында мұнай-химия саласының даму бас жоспары талқыланып, ғылыми мәселелері мен әлемдік озат технологияларды ендіру, саланың бәсеке ортасындағы мүмкіндіктері және келешектегі өнімдерді әлемдік полимерлер нарығына шығару әдістерін игеру мәселелері қарастырылды. II конференциядағы ҚР Премьер - Министрі Даниял Ахметовтың айтуы бойынша көмірсутектерді өндіру мен барлау жұмыстарына лицензия алатын компанияларға қойылатын негізгі талаптардың бірі - мұнай-химия кешеніне қатысуы болмақ. Осыған қоса айтылған кешендерде «экономикалық ерік аймақ» ашу (СЭЗ), қатысушыларға түрлі салықтық жеңілдіктер беру ниетіне қарағанда, өкіметтің инвестициялық саясатының маңызды саланы дамытуға бет бұрғанын көрсетеді.
26 сәуірде Алматыда өткен III Халықаралық мұнай-химия конференциясында Атырау облысында жаңадан салынатын мұнай-химия кешені жобасының таныстыру рәсімі өтті. Қазіргі заманға сай құрылатын кешен қуаты жылына 400 000 тонна тығыздығы төмен және жоғары полиэтилен, 400 000 тонна жүйелі полиэтилен және 400 000 тонна полипропилен өндіретін болады. Жобаның жалпы құны 3, 5 млрд АҚШ долларға бағаланып отыр. Көзделген жобаны жүзеге асыруға BASSELL, Shell International сияқты әйгілі әлемдік мұнай-химия компаниялары мен қаржы институттары ат салысуға ынтасын білдірді. Жақында, осы мақсатта, аталмыш компаниялармен тиісті Меморандумға қол қойылған болатын. Қазақстан жағынан қатысушылар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру», «ATOLL» және жекеменшік «SAT&Company» кәсіпорындары болды.
Жаңажол - ілеспе газ өндірудегі алғашқы қадамдар
Осыған байланысты газ саласын қалыпты деңгейде дамытып келе жатқан Қазақстан алдында күрделі мақсаттар тұр. Елдің Батыс өлкелерінде шоғырланған мұнай кен орындарындағы ілеспе газ көбінесе қолданыстан қалып, бекер жағылып келетіні белгілі. Табиғи газдың таза түрін өнімдейтін Өзбекстан мен Түркпенстан елдерінің газ құбырлары Кеңес заманында Қазақстан арқылы Ресей жағына созылып, әрмен қарай Европаға бағытталған болатын. Қазақстан тек транзиттік кеңістік ретінде қарастырылып, мұнай ілеспе газдың триллиондаған көлемдері зая кетіп отырды. Тәуелсіздік алған Қазақстан, тек 90-жылдардың аяғында ғана мұнай өндірушілеріне ілеспе газды өндіру жөнінде талаптар қоя бастады. Осы салдардан, Жаңажол мұнай кен орнына келген CNPC Қытай мұнайшылары 1997 жылы газ өндіру зауытын салып, газ құбырларын Ақтөбе облыс орталығына жеткізді. Өзбекстан газын тұтынып отырған Ақтөбе қаласы мен құбыр бойын жағалаған поселкелер бағасы 3 есе арзан жергілікті отынға жарыды. Олардың жылу беру қондырғылары, қаладағы ТЭЦ мазут пен көмірден арзан және таза көгілдір отынға көшті. Осы арада пайданы тез көретін Қытай іскерлерінің маркетингілік айласын айтып кету орынды. Олар газ зауытын салар алдында, облыс әкімшілігі қолдауымен, магистралдық газ құбырын созуға жергілікті кәсіпкерлерден инвестициялық салымдар тартып, салым көлемі бойынша әр инвесторға құбырды учәскелеп таратып берген болатын. Мұның ұтымды жақтары анық көрінеді: облыстың әлеуметтік, экономикалық мәселелерінің жеңілдеуі, аймақтағы экологиялық проблемалардың шешілуі, оған қоса жергілікті кәсіпкерлер транзиттің көлденең пайдасын әлі де көріп отырғаны. Әрине оған облыс әкімшілігінің де ат салысқаны аз емес. 10 жыл арасында газ қондырғыларының 2-ші, 3-ші сатыларын орындап, былтыр Бұқара - Орал магистралдық құбырына қосылған Жаңажол газ зауыты халықаралық газ транзитіне ілікті.
Ұлттық оператордың әрекеттері
Осыған куә болған «КазТрансГаз» ұлттық операторы мен ел өкіметі Қызылорда өңіріндегі Құмкөл мұнай кендерін өңдеуге бел байлаған жаңа инвесторлар алдында ілеспе газ өндіру жөнінде нақты талап қойып, 2004 жылы «Ақшабұлақ» кен орнында зауыт салдыртып, газ құбырларын Қызылорда қаласына жеткізді. Келген газ көлемі тұрғындардың пайдаланысына да, өнеркәсіп қолданысына да жеткілікті болып шықты. Өмірі табиғи газ рахатын көрмеген қызылордалықтарға бұл әрине зор жетістік болып отыр. Қалада газотурбиналық зауыт салынғаннан кейін шеттен келетін қымбат электр қуатына арзан балама табылып, облыс энергетикалық тәуелсіздікке таяп қалды деуге болады. Мұнай мен газ арқасында тұрғын үй, өнеркәсіптік ғимарат құрылысы дамып, аймақтың өндірістік кешені өркендеу жолына бағыт алып келеді. Бұл табиғи газ сұранысының үдемі ұлғаю тенденциясын көрсетеді. Сондықтан бір бірінен алшақ жатқан мұнай кен орындарын газ құбырларымен жалғастырып, жеткізілетін газ көлемін арттыру жақын арада қажеттілікке айналуы ықтимал.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz