Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жерге меншік құқығының және басқа да заттық құқықтардың түсінігі, мазмұны және рекшеліктері;
2.2. Жерге меншік құқығының түрлері. Жерге меншік құқығының субъектілері;
2.3. Жер учаскесін анықтау тәртібі. Қазақстан Республикасының жер қорының құрамы;
2.4. Жер учаскесіне меншік құқығының мазмұны. Жерге меншік құқығының пайда болу, өзгерту және жойылу негіздері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады. Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын. Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
1. Бектурганов Ә.Е Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары: Алматы, Жеті жарғы, 1997. 240 бет;
2. Стамщлова А.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы: Алматы, Заң әдебиеті баспасы.2005.;
3. Ә.Е. Бектұрғанов. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы: Жетi жарғы, 1997. 240 бет.;
4. А.С. Стамқұлов. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң әдебиетi баспасы, 2005.;
5. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы N442 Кодексі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі

Орындағын: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Мадиярова А.С.

Алматы 2015 ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жерге меншік құқығының және басқа да заттық құқықтардың түсінігі, мазмұны және рекшеліктері;
2.2. Жерге меншік құқығының түрлері. Жерге меншік құқығының субъектілері;
2.3. Жер учаскесін анықтау тәртібі. Қазақстан Республикасының жер қорының құрамы;
2.4. Жер учаскесіне меншік құқығының мазмұны. Жерге меншік құқығының пайда болу, өзгерту және жойылу негіздері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік -- адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады. Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын. Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз -- субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік -- бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктіңзаңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік -- бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.
Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл -- бірлескен ортақ меншік.
Меншік құқығын иемдену тәртібі
Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату -- сатып алу, айырбастау, сыйлау.
Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.
Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.
Меншік құқығының тоқтатылуы өз еркімен және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Мүлікті өз еркімен басқа тұлғаға беру, сату, меншік құқығынан бас тарту, мүлікті жою және т.б. Мәжбүрлі түрде меншік құқығын тоқтату: тәркілеу, реквизация, иесіз мәдени немесе тарихи маңызы бар мүліктерді сатып алу және т.б. негізде жүргізіледі.
Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз -- мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.
Пайдалану құқығы дегеніміз -- мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда -- кіріс, өсім, жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай майдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану -- иелену құқығы, ал оны басқа тұлға пайдалануға беру -- пайдалану құқығы болып табылады.
Билік ету құқығы дегеніміз -- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.
Жұмыстың тақырыбы: Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі. Жұмыстың мақсаты: Жерге меншік құқығынң түсінігін ашу, түрлеріне тоқталу және өзге де заттық құқықтарға тоқталып өту. Жұмыс кіріспеден, 4 бөліктен тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1. Жерге меншік құқығының және басқа да заттық құқықтардың түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері;
Заттық құқық (лат. jus in rem) -- нысаны зат болып табылатын субъективтік азаматтық құқық. Заттық құқықты иеленуші тұлға оны қандай да бір іс-әрекетке, басқа міндетті тұлғалардың жәрдеміне жүгінбей-ақ, өз бетінше дербес жүзеге асырады. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі" бойынша, заттық құқықтарға мыналар жатады: меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, мүлікті басқару құқығы.
Мүлікке заттық құқық осы мүліктің меншіктенушісі болып табылмайтын тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Затқа меншік құқығының басқа тұлғаға көшуі осы мүлікке өзгедей заттық құқықтың тоқтатылуы үшін негіз болмайды. Заттық құқықтарға, заңдарда өзгеше көзделмесе немесе Заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Заттық құқық - абсолют құқық. Заттық құқық нақты міндетті адамдарға қарсы заңмен қорғалатын міндеттемелік құқықтан өзгеше түрде барлық және әрбір адамнан, яғни осы құқықты кез келген бұзушылардан қорғалады. Мұның мәнісі - нақты адамның заттық құқығына нұқсан келтіруден барша адам тежелуге міндетті, ал меншік иесінің өз кезегінде өзінің заттық құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді тоқтатуды, бұзылған құқықты табиғи түрде қалпына келтіруді, яғни өзінің иелігінен шығып кеткен затын қайтарып беруді барлық және әрбір адамнан талап етуге құқығы бар. Мұндай талаптар "заттық құқықтық талаптар" деп аталады.
Осы елде қолданылатын заңдарда тікелей көзделген құқықтар ғана заттық құқықтарға жатады, яғни жеке тұлға өз еркімен заттық құқықтардың қандай да бір өзге түрлерін жасай алмайды.
Әр түрлі заң актілерінде заттық құқықтардың осынау тұйық шеңбері бірдей емес. Белгілі бір елдік құқық жүйесінде орталық институт болып табылатын меншік құқығы барлық елдердің азаматтық құқығыңдағы заттық құқықтар жүйесінде жетекші орын алады.
Сонымен қатар, кепіл, сервитут, узуфрукт құқығы секілді заттық құқықтар осы жүйеге жатады. Бұлардың бәріне ортақ нәрсе -- бұл мүлік иелеріне меншік иесінің кейбір өкілеттіктеріне (әдетте иелену, пайдалану) жататын кейбір өкілеттіктерді бекітіп беретін бөтеннің мүлкіне құқық. Басқаша айтканда, бұл меншік құқығынан туындайтын заттық құқықтар.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда заттық құқықтардың жаңа түрлері пайда болуда. Атап айтқанда, жаңа заттық құқықЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта пайда болды. Бұл заң актісінде жер қойнауын пайдалануды баянды ету одан әрі өрістетілді (Жарлықтың 3-тарауы). Бұл құқық бұрын да бар болатын, бірақ ол ешқашан азаматтгық-құқықтық және заттық құқық ретінде қарастырылған емес. Жер қойнауы және минералдық шикізатты өндеу туралы 1992 ж. ескі Кодексте жер қойнауын пайдалану құқығы әкімшілікқұқықтық қатынастар моделі бойынша таукен құқығының көлемінде қарастырылды. Бұл қатынастарды азаматтық құқық арнасына бұру жөніндегі алғашқы батыл қадам Мұнай туралы жарлық арқылы жасалды, ол бойынша жер қойнауын пайдалануға берудің келісім-шарттық жүйесі енгізілді.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта жер қойнауын пайдалану құқығы жерді пайдалану құқығы секілді модельмен құрастырылған. Бұдан былайғы міндет мынада: табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі басқа қатынастарды шарттык принциптерге көшіру және орманды пайдалану, суды пайдалану, секілді заттық құқықтарды, сондай-ақ неғұрлым жалпы құқықтық институт -- табиғат қорғау құқығын қалыптастыру.
Заттық құқықтарды меншік құқығына және меншік нелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқығына бөлу олардың негізгі жіктелуі болып табылады (АК-ның 195-бабы).
Мұның екінші тобы рим құқығында бөтеннің затына құқық деп аталды. Осы заманға әдебиеттерде оларды кейде шектеулі заттық құқықтар деп атайды.
АК-ның 194 жене 195-баптарында заттык құкықтардын кейбір түрлері аталғган:
-- шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, жерді пайдалану құқығы, тұрғын үйге заттық құқықтар. Жерді пайдалану құқығына ұқсас заттық құкық секілді, жер қойнауын пайдалану құқығы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта баянды етілген.
Кейбір құқықтар (жылжымайтын мүлікгі мемлекеттік тіркеу) АК-ның 118-бабының 2-тармағында аталған: жалдау құқығы, ипотека (кепіл), сервитуттар (бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы). Алайда, бұл құқықтар заттық қана емес, сондай-ақ міндеттемелік құқықтар болуы да мүмкін.
Заң әдебиеттерінде заттық құқықтардың алуан түрлі жиынтығы беріледі.
Әдетте, Азаматтық кодекстерде тікелей заттык құқықтар деп аталған құқықтарды тізбеге енгізеді. Бұдан әрі ала-құлалык басталады: тізбеге алуан түрлі құқықтарды енгізеді -- мекемеге тиесілі мүлікке дербес билік ету құқығы, кепіл немесе ипотека, кооператив мүшесінің пәтерге оны сатып алғанға дейінгі құқығы, тұрғын үйдің меншік иесі отбасы мүшелерінің құқықтары, нақты иесінің құқығы, су объектілеріне құқық және т.с.с.
Осымен қатар, заттық құқықтарды шамадан тыс ұлғайтуға жол берілмейтіні туралы пікірлер айтылуда. Даулар негізінен жалдау құқығы төңірегіңде өрбуде. Бір авторлар мүліктік жалдау шарты негізінде пайда болатын мүлікті пайдалану құқығын заттық құқықтардың қатарына жатқызуға болмайды деп есептейді. Келесі авторлар жалгерге жалға алған мүлкін сатып алу құқығын беруден басқа жағдайларда жалдаушының құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік және муниципалдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу құқықтарын заттық құқықтар деп тану мүмкіндігін теріске шығарады.
Үшінші авторлар соңғы жылдары жалға алу (әсіресе жылжымайтын мүлікті) құқығы барған сайын заттык құқық белгілерін иеленуде деп атап көрсетеді: жалгердің колындағы өкілеттік ауқымы заттық құқық иесінің өкілеттігіне өте жақын келеді, жалгерге тіпті меншік иесіне (жалға берушіге қарсы) өз иелігін қорғау құқығы берілген.
Біз заттық құқықтардың жоғарыда тұжырымдалған белгілеріне сүйене отырып, заттық құқықтардың мынадай тізбесін ұсынамыз.
Заттық құқықтарды екі үлкен топқа бөлуге болады:
Бөтеннің мүлкіне құқықты былайша жіктеуге болады:
Бұлайша жіктеуде белгілі бір қайшылықтар бар, өйткені ол бір мезгілде мынадай екі санат бойынша жүргізілген: қолданылу саласына қарамастан, заттық құқықтың мәні бойынша (мысалы, сервитут немесе жалдау шарты кез келген қатынас саласында қолданылады) және заттық құқықтың қолданылу саласы бойынша (табиғатгы пайдалану құқығы, тұрғын үй алу құқықтары). Екінші өлшем айтарлықтай жасанды болады, бірақ біз осы салалардың маңыздылығына және осы салаларда заттық құқықтардың кең таралуына байланысты оны қолдануға мәжбүр болдық.
2.2. Жерге меншік құқығының түрлері. Жерге меншік құқығының субъектілері;
Жерге меншiк құқығының түрлерi: Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.Меншiк құқығының субъектiлерi:
- республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы; шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар.
Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы
1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) меншiк құқығын табыстау;
2) меншiк құқығын беру;
3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.
2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.
3. Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;
2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiгi
1. Осы Кодекске сәйкес жеке меншiкте болмайтын жер учаскелерiн қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.
Шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншiк құқығы иелiктен алынуға немесе осы Кодекстiң 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресiмделуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман өсiру үшiн, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.
4. Тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсiруге арналған жердi қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскелерi шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға жеке меншікке беруге жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы
1. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншiк құқығымен берiлуi мүмкiн.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік заттай гранттар ретінде жеке меншікке беруге жол берілмейді.
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін
жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алады.
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы негiзде жүргiзiледi.
Шаруа немесе фермер қожалығын , тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін және орман өсіруді жүргiзу үшiн жер учаскесiне (жер учаскелерiне) жеке меншiк құқығының табысталуына мүдделi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың:
1) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын жер учаскесiнiң осы Кодекстiң 10 және 11-баптарына сәйкес анықталатын кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына;
2) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңiлдiктi бағамен сатып алуына болады.
Бұл ретте әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер бойынша жер учаскелерiне жеңiлдiктi бағаның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Мәмiлелер жасалған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығын (ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығын) мемлекеттен бұған дейiн сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалары, осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген кезден бастап осы Кодексте белгiленген жер учаскелерi нормаларының шегiнде жеке меншiк құқығын сатып алуға қосымша төлемақы алынбай, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне айналады.
Аталған тұлғалардың жер учаскесiне жеке меншiк құқығын iске асыруы осы баптың 3-тармағында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алу ақысын толық төлеген тұлғаның:
осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер учаскесiмен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мәмiлелердiң кез келген түрiн жасасуға құқығы бар;
осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, жеңілдікті бағамен сатып алынған жер учаскесімен мәміле жасасуды шектеу мерзімі өткеннен кейін, жер учаскесімен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған мәмілелердің кез келген түрін жасасуға
құқығы бар, шектеу мерзімі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын әрбір он процент төмендету үшін екі жылды құрайды. Бұл шектеу жер учаскесін кепілге салуға қолданылмайды.
5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде, азаматтықтан шыққан кезден бастап үш ай ішінде меншік иесінің таңдауы бойынша жер учаскесi иеліктен шығарылуға тиіс немесе жер учаскесiне құқық он жылға дейiнгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына қайта ресiмделуге тиiс не жергiлiктi атқарушы органның келісімімен жер учаскесi осы учаскенi мемлекеттен (меншік иесінен) сатып алған баға бойынша жер учаскесiнiң бағасы төлене отырып, мемлекет меншiгiне қайтарылады.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының күзетiлетiн аймағына тікелей іргелесіп жатқан (үш шақырымдық аймақ) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi, егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, оларды делимитацияланғанға және демаркацияланғанға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана уақытша жер пайдалану құқығымен берiледi.
Жеке меншiк құқығын iске асыру
1.Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.
2. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады.
Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi.
3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.
Жерге мемлекеттiк меншiк
1. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер қорындағы, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.
2. Мынадай жер учаскелерi:
қорғаныс және мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк меншiктегi қорғаныс өнеркәсiбi қажеттерiне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау және күзету үшiн тұрғызылған инженерлiк-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттерiне арналған жер учаскелерi;
3. Азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне және жер пайдалануына:
тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар;
ортақ пайдаланудағы жолдар, оның iшiнде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелерiне өтуге арналған жолдар;
жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттерi) орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральды темiр жолдарды, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын және магистральды құбырларды, байланысты, жер қойнауын пайдалануды энергетиканы дамыту үшін белгiленген тәртiппен резервке қойылған, сондай-ақ сәулет-қала құрылысының және (немесе) құрылыстың бекiтiлген құжаттамасына сәйкес әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (әуежайлар, әуеайлақтар, вокзалдар, станциялар, ортақ пайдаланудағы жолдар, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа объектiлер) құрылысына арналған жер учаскелерi олардың жобалық игерiлуiне дейiн жер пайдаланушыларға басқа мақсаттар үшiн уақытша пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.
5. Егер осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi жеке меншiкте бола алатын жағдайда, оларды азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне беруден бас тартуға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру
Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:
1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;
1-1) ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;
2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда iске асырылуы мүмкiн.
Жер пайдалану құқығының субъектiлерi
Жер пайдаланушылар:
1) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес;
2) ұлттық және шетелдiк;
3) жеке және заңды тұлғалар;
4) тұрақты және уақытша;
5) бастапқы және кейiнгi болып бөлiнедi.

2.3. Жер учаскесін анықтау тәртібі. Қазақстан Республикасының жер қорының құрамы;
Қазақстан Республикасының жер қоры
1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Жерге меншік құқығы
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Пәндер