Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі туралы



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жер пайдалану құқығының түсінігі және түрлері;
2.2. Жер пайдалану құқығының субъектілері және олардың жіктелуі;
2.3. Сервитут түсінігі және пайда болуы түрлері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды рөл атқарған. Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.
Мемлекетiмiздiң басты байлығы – оның экономикалық және әлеуметтiк қолайлы негiзi болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процесi жер қатынастарын түбегейлi өзгерту және мемлекеттiң тiкелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргiзу қажеттiлiгiн туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердiң негiзгi өндiрiс құралы, аумақтық кеңiстiктiң негiзi және маңызды табиғи объект ретiнде жердiң басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлi меншiк нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгiзу және жердi заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектiсi ретiнде тану қажеттiлiгiн объективтi түрде туындатып отыр. Қазiргi кезде жердiң экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез келген шаруашылық қызметiнiң және өмiрiнiң негiзi. Жердiң экономикалық қасиетi-мен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру қажет. Жер – қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi, табиғи ресурс.
1. Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. Алматы: БОРКИ, 1997. 295 бет.
2. Бектұрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы: Жетi жарғы, 1997. 240 бет.
3. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң әдебиетi баспасы, 2005.
4. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. Алматы. 2001.
5. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы N442 Кодексі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі

Орындағын: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Мадиярова А.С.

Алматы 2015 ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жер пайдалану құқығының түсінігі және түрлері;
2.2. Жер пайдалану құқығының субъектілері және олардың жіктелуі;
2.3. Сервитут түсінігі және пайда болуы түрлері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды рөл атқарған. Жер - табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.
Мемлекетiмiздiң басты байлығы - оның экономикалық және әлеуметтiк қолайлы негiзi болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процесi жер қатынастарын түбегейлi өзгерту және мемлекеттiң тiкелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргiзу қажеттiлiгiн туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердiң негiзгi өндiрiс құралы, аумақтық кеңiстiктiң негiзi және маңызды табиғи объект ретiнде жердiң басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлi меншiк нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгiзу және жердi заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектiсi ретiнде тану қажеттiлiгiн объективтi түрде туындатып отыр. Қазiргi кезде жердiң экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез келген шаруашылық қызметiнiң және өмiрiнiң негiзi. Жердiң экономикалық қасиетi-мен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру қажет. Жер - қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi, табиғи ресурс.
Заң ғылымында құқық нормаларын жекелеген салаларға өзара ажырату үшiн келесiдей алғышарттар қолданылады: бұл құқықтық реттеудiң ерекше пәнi, ерекше реттеу әдiсi, құқықтық реттеудiң жүйеленген қайнар көздерi, өзiндiк қағидалары және жеке құқық саласына бөлiп шығаруға деген қоғамның мүдделiгi. Жер қатынастарының экономикалық, әлеуметтiк және эколо-гиялық мәнi жер қатынастарының ерекше құқықтық реттеу пәнi ретiнде тануға негiз болады. Жер қатынастары тек жер құқығының нормаларымен ғана емес, сонымен қатар, әкiмшiлiк құқық, азаматтық құқық, қаржылық құқық және өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледi. Сәйкесiнше, аталған жер құқық қатынастар тобын реттеу әдiсiнiң ерекшелiгi, яғни, жер қатынастарының субъектiлерiне әсер етудiң ерекше үйлесiмдiгi бар. Жер құқығының жүйеленген қайнар көзi 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған Жер кодексi және жер заңнамасының жүйесiн қалыптастыратын нормативтiк-құқықтық актiлердiң жиынтығы. Жер құқық қатынастарын реттеу барысында басшылыққа алынатын құқық қағидалары осы аталған заңнама жүйесiнде тiкелей көрiнiс тапқан. Ал, ендi жер құқығының дербес құқық саласы ретiнде қызмет етуi - тұрақты даму жағдайында, жердi азаматтық айналымға енгiзу жағдайында тұрған, қазiргi уақытта елiмiздiң жерiн ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудегi қоғамның мүдделiлiгiн айқындайды.
Рефераттың тақырыбы жер пайдалану құқығы. Жұмыстың мақсаты жер пайдалану құқығына байланысты сұрақтарға жауап беру. Сервитут ұғымына тоқталу. Жұмыс кіріспеден, 3 бөлемшеден тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1. Жер пайдалану құқығының түсінігі және түрлері;
Жер пайдалану құқығы -- жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді:
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар;
2) осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;
3) тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар;
4) бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар;
5) жеке және заңды тұлғалар.
Тұрақты Жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимумобъектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу,сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау -- бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану -- келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ.
Жер пайдалану құқығының анықтамасы Жер кодексiнiң 12-бабында көрсетiлген. Жер пайдалану құқығы дегенiмiз - тұлғаның мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн өтеулi немесе өтеусiз негiзде мерзiмсiз немесе белгiлi бiр мезгiл iшiнде иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының келесiдей ерекшелiктерiн атап көрсетуге болады:
1. Пайдаланудағы жер әрқашан да мемлекеттiң меншiгiнде болып қалады;
2. Жер учаскесiн пайдалануға мерзiмсiз немесе бiр мерзiм iшiнде берiлiп отырады, ал, меншiк құқығында барлық пайдалану мерзiмсiз болып табылады;
3. Жер учаскесiн пайдалануға ақылы түрде берiлуi мүмкiн, бұл пайдаланудың түрi өтеулi деп аталады. Жер заңдарында көрсетiлген тұлғаларға жер тегiн түрде берiледi, бұл пайдаланудың түрi өтеусiз деп аталады.
Жер пайдалану құқығының мынандай түрлерi бар:
1. Тұрақты жер пайдалану құқығы;
2. Уақытша жер пайдалану құқығы;
3. Өтеулi жер пайдалану құқығы;
4. Өтеусiз жер пайдалану құқығы;
5. Иелiктен шығарылатын жер пайдалану құқығы;
6. Иелiктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы.
Тұрақты жер пайдалану деп жердi алдын ала мерзiмiн белгiлемей отырып пайдалану болып табылады. Тұрақты пайдалануға тек мемлекеттiк тұлғаларға ғана берiледi. Бұл Жер кодексiнiң 34-бабында көрсетiлген. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:
1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға берiледi. Сонымен қатар, тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдiк жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.
Уақытша жер пайдалану құқығы
1. Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.
3. Уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шекті мерзімдері Кодексте белгіленген уақытша жер пайдалану мерзімдеріне сәйкес жер учаскесiн нысаналы пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, жалдаушының өтініші негізінде белгiленедi.
Өтеулi жер пайдалану құқығы дегенiмiз - жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынатындығын бiлдiредi. Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн. Жер кодексiне сәйкес, жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алудың төрт түрлi жағдайы көрiнiс тапқан. Олар:
Бiрiншiден, жердi жер учаскесiнiң кадастрлық бағалау құнына сәйкес сатып алу;
Екiншiден, жер учаскесiн кадастрлық бағалау құнына сәйкес, сатып алу сомасын төлеу мерзiмiн он жылға дейiн ұзарту арқылы;
Үшiншiден, жер учаскесiнiң кадастрлық құнына қарай ай-қындалатын жеңiлдiктi бағамен;
Төртiншiден, жер учаскесiнiң кадастрлық құнына қарай айқындалатын жеңiлдiктi бағамен сатып алу сомасын төлеу мерзiмiн он жылға дейiн создыру арқылы сатып ала алады.
Өтеусiз жер пайдалану құқығы, керiсiнше мемлекеттен сатып алынбайтынын бiлдiредi. Оларға мыналар жатады:
- шалғайдағы мал шаруашылығы, маусымдық жайылымдар үшiн;
- тұрғын халықтың мал жаю мен шөп шабуы үшiн;
- мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;
- бақша өсiру үшiн; - қызметтiк жер телiмi;
- ортақ пайдаланатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiгi және әлеуметтiк мәдени мақсаттағы обьектiлер құрылысы кезеңiне;
- тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен үйлердi және ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берiлген кезде,
- Ғибадат объектiлерi үшiн дiни объектiлер;
Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады. Қызметтiк жер телiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзiмге сәйкес, осы телiмге құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемле-кеттiк заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлiнедi. Ол қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шөп шабу және мал жаю үшiн берiледi.
Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi № 908 қаулысына сәйкес, Қызметтiк жер үлесiне қызметкерлердiң мынадай санаттарының құқығы бар:
1) темiр жол көлiгiнiң желiлiк қызметкерлерi: жолдарды, көпiрлердi, құлайтын жерлер мен тоннельдердi тексерушiлер, жол айырығындағы кезекшiлер; жол жұмысшылары және құрылыстарды ағымдағы ұстау және жөндеу жөнiндегi жұмысшылар, жол бригадирлерi, техниктер; жол машиналары мен механизмдердiң механиктерi және механиктердiң көмекшiлерi, автодрезин, мототасығыш жүргiзу-шiлерi мен олардың көмекшiлерi, сондай-ақ жолдарды ағымдағы ұстаумен және жөндеумен айналысатын автомашиналар жүргiзушiлерi; аға жол шеберлерi, көпiр, жол және тоннель шеберлерi; қорғаныштық орман алқа ағаштары қашықтығының орман дақылдары өндiрiстiк учаскелерiнiң шеберлерi, орманшылары, бастықтары, бригадирлерi, бригадир-механиктерi, автомашина жүргiзушiлерi, тракторшылары; кезекшi айырушылар, дабыл берушiлер, машинистер, маши-нистердiң көмекшiлерi, электромеханиктер, күл шығарушылар, тауар және билет кассирлерi, қож тазалаушылар; локомотив бригадасының демалыс үйлерiнiң және ауысым пункттерiнiң меңгерушiлерi мен кезекшiлерi; түрлi пункттерде тұратын локомотив машинистерi, олардың көмекшiлерi; электрмен жабдықтаудың желiлiк аудандарының қызметкерлерi; IV және V санаттардағы станциялардың электромеханик-бастықтары; бақылау-техникалық қызмет көрсету пункттерi жылжымалы құрамының қараушы-жөндеушiлерi, операторлары, слесарлары; ПОНАБ және ДИСК аспаптарымен жабдықталған қауiпсiздiк посттары вагондарын қараушылар; сумен жабдықтау пункттерiнiң қызметкерлерi: сорғы станцияларының шеберлерi, бригадирлерi, слесарлары, автомашиналардың жүргiзушiлерi, электриктep, бульдозершiлер, экскаваторшылар, тракторшылар, ағаш шеберлерi, жабдықтаушылар, газ-электрмен дәнекерлеушiлер, токарьлар, от жағушылар; байланыстық желi аудандарының, тартқыш кiшi станцияларының бастықтары, электромеханиктерi, электромонтерлерi, автомотокөлiк жүргiзушiлерi; орталықтандырылған дабыл беру және блоктaу (ОББ) электромеханиктерi; IV және V санаттар станциялары бойынша бастық пен кезекшiлер, поезд құрастырушылары мен олардың көмекшiлерi; жолдарда орналасқан мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен медпункттердiң, сауда нүктелерiнiң қызметкерлерi;
2) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау қызметiнiң желiлiк қызметкерлерi; жол жұмысшылары, жөндеушiлер; көпiр қарауылдары; паромшылар; жол және көпiр шеберлерi; қардан қорғау және сәндiк ағаштар бойынша шеберлер және ағаш питомниктерiнiң қызметкерлерi;
3) өзен және теңiз флотының қызметкерлерi: аға және қатардағы посттар мен жол жұмысшылары, кеме жағдайын хабарлаушылар; шамшырақтар мен гидротехникалық құрылыстардың қызмет-керлерi;
4) мемлекеттiк орманды қорғау қызметкерлерi: орманшылар, орман шеберлерi, қорықшылар, аға қорықшылар; орманшылардың көмекшiлерi, орманшылар, аңшылар; орманды күзету, қорғау, молайту және орман өcipу мәселе-лерiн жүргiзушi барлық санаттағы инженерлер; орман шаруашылығын жүргiзушi ұйымдардың бiрiншi жетек-шiлерi мен олардың орынбасарлары;
5) техникалық желi цехтары мен учаскелерiнiң, халықаралық байланыс және теледидар кабельдiк магистралы байланысы желiлiк торабының қызметкерлерi: кабельшi-дәнекерлеушiлер;
6) су шаруашылығы жүйесi басқармасының, су қоймасының, бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiктерi мен оларға теңестiрiлген, су шаруашылығы объектiлерiнде тiкелей тұратын және өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер: учаскелiк гидротехниктер, гидроөлшегiштер, су техниктерi, қадағалаушылар, сондай-ақ су шаруашылығы объектiлерiне қызмет көрсету жөнiндегi басқа да мамандар (сорғы станцияларының машинистерi, электриктер);
7) республикалық және жергiлiктi маңызы бар, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар;
8) ауыл шаруашылығының қызметкерлерi: шалғайдағы мал шаруашылығы фермаларының меңгерушiлерi, зоотехниктерi, ветеринарлары, табыншылары; табын айдау жолдарына қызмет көрсететiн егiс алқаптары мен баздардың қарауылдары;
9) құбыр тарту көлiгiнiң қызметкерлерi: желiлiк тексерушiлер;
10) гидрометеорологиялық қызметтiң қызметкерлерi: гидрометеостанциялардың бастықтары; техник-метеорологтар; техник-гидрологтар; техник-агрометеорологтар; гидрометеопосттардың байқаушылары; қар өлшеу бағыттарының қызметкерлерi;
11) балық шаруашылығының қызметкерлерi: балық жетекшiлерi; қарауылдар; тоған жұмысшылары; инкубация цехтарының жұмысшылары; сорғы станцияларының машинистерi. Қызметтiк жер телiмi кейiнгi уақытша өтеусiз жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлiнген кезеңге берiледi. Қызметтiк жер телiмiне ауыл шаруашылығы дақылдары егiлген жағдайда, жұмыстан босатылған қызметкердiң қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығы өнiм жинап алынғаннан кейiн тоқтатылады.
Қызметтiк жер телiмi:
1) жасы немесе мүгедектiгi бойынша зейнеткерлiкке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлерде;
2) Қарулы Күштер қатарына мiндеттi мерзiмдi қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердiң отбасында - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Жерге меншік құқығы
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Пәндер