Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі



1. КІРІСПЕ
2.НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2.1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу құқықтық механизмінің түсінігі.
2.2 Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі: жалпы және арнайы құзыретті органдар. Жалпы құзыретті органдар. Жер қатынастарын реттеуде Үкіметтің құзыреті.
2.3. Арнайы құзыретті органдар. Жер қатынастарын реттеу саласында арнайы орталық құзыретті органның құзыреті.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.
Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жатады.
2. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауға жетекшiлiктi Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы жүзеге асырады.
Орталық уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы N442 Кодексі
2. Бектұрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы: Жетi жарғы, 1997. 240 бет.
3. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң әдебиетi баспасы, 2005.
4. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. Алматы. 2001.
5. Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. Алматы: БОРКИ, 1997. 295 бет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі

Орындағын: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Мадиярова А.С.

Алматы 2015 ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2.НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2.1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу құқықтық механизмінің түсінігі.
2.2 Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі: жалпы және арнайы құзыретті органдар. Жалпы құзыретті органдар. Жер қатынастарын реттеуде Үкіметтің құзыреті.
2.3. Арнайы құзыретті органдар. Жер қатынастарын реттеу саласында арнайы орталық құзыретті органның құзыреті.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.
Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жатады.
2. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауға жетекшiлiктi Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы жүзеге асырады.
Орталық уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдардың басшылары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы бар құжаттардың бланкiлерi болады.
Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларға және мемлекеттiк инспекторларға белгiленген тәртiппен мөр мен куәлiк берiледi.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды тікелей жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының өзге де лауазымды адамдары жер пайдалану және оны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
Жұмыстың тақырыбы: жер қатынастарын мемлекеттік реттеу жүйесі. Жұмысты орындау барысында мемлекеттік органдардың жүйесіне тоқталамыз. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
2.1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу құқықтық механизмінің түсінігі
Жер қатынастарын мемлекеттiк реттеу дегенiмiз - Қазақстан Республикасы аумағының жер тұтастығын және қол сұғылмаушылығын жердi табиғат байлығы ретiнде сақтау, оны нысаналы пайдаланудың жер меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған билiктiк-атқарушылық қызмет түрi болып табылады. Бұл қызметтiң келесiдей ерекшелiктерi бар:
Бұл қызмет мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекет атынан құзыреттi мемлекеттiк органдар қызмет жасауға құқылы;
Бұл қызмет әрқашанда билiктi, себебi жер ерекше объект, ол жердiң аумағы табиғат байлығы, меншiк объектiсi және кез келген қызметтiң аумақтық негiзi;
Мемлекет билiгiн тек заң ғана шектей алады;
Нарықтық жағдайда мемлекет экономикалық ынталандыру әдiстерiн көбiрек қолданады. Жер қатынастарын мемлекеттiк реттеудiң нысандары
1) заң шығарушылық, жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыратын заңдарды қабылдау қызметi; 2) заң орындаушылық, заң орындалуын қамтамасыз ету қызметi;
3) құқық қорғау қызметi, яғни кiнәлi тұлғаны жауапкершiлiкке тарту.
Жер қатынастарын мемлекеттiк реттеудiң әдiстерi дегенiмiз - жер қатынастарын мемлекеттiк реттеуде қолданылатын амал-тәсiлдердiң жиынтығы. Экономикалық әдiстердiң өзi өз кезегiнде келесi шараларды қамтиды: жердi ұтымды нысаналы пайдаланғаны үшiн экономикалық ынталандыру; жер меншiк иелерiнiң мүдделерiн сақтандыру (2004 жылы 9 желтоқсанда өсiмдiк шаруашылығын мiндеттi сақтандыру туралы заң қабылданды); жердi ластағаны және пайдаланғаны үшiн ақы төлеу; жердi қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру;
Жердi қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру. Экономикаға әсер етудiң әдiсi болып табылатын жоспарлау - әкiм-шiлiк қызмет, қаржылық ынталандыру элементтерiн бiрiктiредi.
Жер реформасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарлық және бағдарламалық-мақсаттық құжаттар мен материалдарда ескерiледi, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жоспарлануының жобаларына, ұлттық және мемлекеттiк бағдарламалар мен тұжырымдамаларға қосылады. Мысалы, облыстардың дамуының әлеуметтiк-экономикалық жоспарларында жер ресурстарын пайдалану және оларды қорғауға қатысты жағдайлар қарастырылған. Берiлген саладағы жоспарлаудың ерекшелiгi болып, жер реформасының шараларын жүзеге асыру бойынша арнайы бағдарламаларды әзiрлеу табылады. Жекелегенде, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қаулыларымен 16 ақпан 2000 жылы Қазақстан Республикасында 2000 - 2003 жылдарға арналған жерге құқықтарды қамтамасыз ету бағдарламасы, 11 қазан 1994 жылы Қазақстан Республикасының 1994 - 1995 жылдар және 2010 жылға дейiнгi кезеңге дейiн жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау тұжырымдамасы, 2003 жылы 10 шiлдеде қабылданған 2004 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы, 2005 жылы 5 қаңтарда қабылданған 2005 - 2007 жылдарға арналған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану бағдарламасы, 2005 жылы 24 қаңтарда қабылданған 2005 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы шөлейттенумен күресу бағдарламасы бекiтiлген. Жердi ұтымды пайдалануға бағытталған бағдарламалар орын алғанымен, Жер кодексiнде жердi қорғауға бағытталған шараларды жоспарлау мәселесi мүлдем қарастырылмаған.
Жер қорғауға бағытталған шараларды қаржыландыру экономикалық механизмнiң маңызды элементтерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасында жердi қорғауға бағытталған шараларды қаржыландыру жергiлiктi және республикалық бюджеттердiң, басқа да қайнар көздер есебiнен жүзеге асырылады және қажеттi көлемдегi материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етiледi. Қазақстан Республикасының 2004 жылы 24 сәуiрде қабылданған Бюджеттiк кодексiнiң 50, 51-баптарына сәйкес, республикалық, облыстық және аудандық бюджеттiң шығыстары агроөндiрiстiк кешен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман, су, сонымен бiрге, жер қатынастарына бағытталған. Басқа қайнар көздерге жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жеке қаражаттары; заңды және жеке тұлғаларының ерiктi қайырымдылықтары; экологиялық сақтандыру; банктердiң несиелерi; басқа қайнар көздер, оның iшiнде шетел инвестициялары жатады. Жердi қорғау шараларын қаржыландыру мемлекетiмiздiң экономикалық нарық жағдайына өтумен байланысты көптеген өзгерiске ұшырады. Ең алдымен, қаржыландыру көздерi көбейдi. Егер алғашқы уақытта бұл тек мемлекеттiк бюджеттiң және жер меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың еншiсi болатын.

Жердi ластағаны және пайдаланғаны үшiн ақы төлеу. Жердi қорғау үшiн ақы төлеу жер төлемдерiнiң экологиялық құқықтық көрiнiсi болып танылады. Жердiң қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi болып табылатын табиғи объект екендiгiн нақты анықтайды. Себебi, жоғарыда қарастырылған жер төлемдерiнiң түрлерi экономикалық сипаттағы, жердiң кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi, өндiрiс құралы және азаматтық айналымның объектiсi екендiгiн айқындайды. Жердi қорғау үшiн төленетiн төлемдердiң өзi бiрнеше түрлерге бөлiнедi. Олар: жердi ластағаны үшiн ақы төлеу, яғни жерге эмиссияға ақы төлеу; жердi табиғи ресурс ретiнде молықтырғаны үшiн ақы төлеу; жерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру т.б.
Жердi ластағаны үшiн (эмиссия) үшiн төлемақы. Жердi ластағаны үшiн төлемақы жерге өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн ұйымдар мен азаматтардан алынады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес, қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу мәселесi анықталған. Жердiң қоршаған ортаның бiр бөлiгi екенiн ескере отырып, экологиялық кодекс нормаларының жердi ластағаны үшiн ақы төлеу қатынастарын реттеуге таралатыны анық. Жердi ластағаны үшiн ақы төлеу дегенiмiз - арнайы уәкiлеттi органдармен берiлген рұқсат шегiнде ластағыш заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету үшiн төленетiн есептеу әдiстемесiн қолдана отырып анықталатын төлемақы. Жердi ластау қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен және оның аумақтық органдарымен берiлетiн экологиялық рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.

Табиғи ресурс ретiндегi жерлердi ластағаны үшiн төленетiн ақылар жер салығынан ерекшеленедi. Алайда, қазiргi салық заңдары салық және басқа да мiндеттi төлемдер деген ұғымдардың арасындағы айырмашылықтарды көрсетпеген сияқты жер салығы және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем деген ұғымдардың да арасындағы нақты айырмашылықтарды бермейдi. 2009 жылғы 1 қаңтарда күшiне енген Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы кодексiнiң (Салық кодексi) 10-бабына сәйкес, салықтар деп мемлекет бiр жақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн, қайтарымсыз өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдердi, ал басқа да мiндеттi төлемдер деп бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүр-гiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдарын (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер) түсiндiрген.

Бiрiншiден, нысаналы мақсаты. Жер салығы ең алдымен фискальдi салық, мемлекеттiк қазынаны толтыруға бағытталған. Жерлердi ластағаны үшiн төлемақылар бұл мақсатты көздемейдi, олардың негiзгi тағылымы - қоршаған ортаны қорғау.
Екiншiден, салық салу объектiлерi әр түрлi. Жер салығын салудың объектiсi - жер учаскесiне жер үлесi, ал жердi ластағаны үшiн төлемақы кезiнде - ластағыш заттарды тастаудың (авариялық тастауды қоса алғанда), өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты көлемi.
Үшiншiден, есептеу тәртiбi әр түрлi. Жер салығының базалық ставкалары Салық кодексiмен заң деңгейiнде белгiленген. Жергiлiктi өкiлдi органдар жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде салық ставкаларын түзетуi мүмкiн. Жер салығы сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы заңды тұлғалар дербес, ал жеке тұлғаларға қа-тысты салық органдары есептейдi. Жердi ластағаны үшiн төлемақылардың ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жасаған есептер негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдар жыл сайын белгiлеп отырады. Қоршаған ортаны белгiлеген лимиттерден тыс ластағаны үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен төлемақы ставкалары он есе ұлғайтылады. Төлемақы сомасын салық төлеушiлер қоршаған орта ластанылуының және белгiленген ставкалардың нақты көлемiн негiзге ала отырып, дербес есептейдi.
Төртiншiден, төлемақының есептелуiнiң дұрыстығын және олардың уақтылы төленуiн бақылайтын субъектiлер әр кезде сәйкес келе бермейдi. Жер салығының төленуiне бақылауды салық қызметiнiң органдары жүзеге асырады, жердi ластағаны үшiн төлемақының төленуiн тек осы органдар ғана емес, жер-гiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң органдары да бақылайды.

2.2 Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі: жалпы және арнайы құзыретті органдар. Жалпы құзыретті органдар. Жер қатынастарын реттеуде Үкіметтің құзыреті
Жер қатынастарын реттейтiн мемлекеттiк органды бiрнеше топқа бөлуге болады:
1. Жалпы құзыретi бар органдар. Олардың қатарына: Парламент, Президент, Үкiмет, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жатады.
2. Арнайы құзыретi бар органдар. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгi. Бұл агенттiктiң құқық-тық мәртебесi Жер кодексiнiң 14-бабымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 қаңтарда қабылданған Қаулысымен бекiтiлген ережемен реттеледi.
3. Функционалды құзыретi бар органдар. Бұларға келесi органдар жатады: Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Су ресурстарын басқару жөнiндегi комитет, құқық қорғау органдары, прокуратура органдары, сот органдары, салық органдары.
Үкiметтiң құзыретi Жер кодексiнiң 13-бабында қарастырылған. Жер кодексiне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа да iс-шаралардың кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу;
3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен жердi қорғаныс және қауiпсiздiк қажеттерi үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;
4) жер учаскесiне меншiк құқығына және жердi пайдалану құқығына берiлетiн құжаттардың нысандарын бекiту;
5) облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту;
6) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру тәртiбiн, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту;
7) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу тәртiбiн бекiту;
8) жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
9) облыстардың және астананың, республикалық маңызы бap ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру органдарының жер ресурстарын басқару саласында
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жер құқығы қатынастары
Құқықтың жүйесі
ЖЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Жерге ақы төлеу қатынастарының құқықтық сипаттамасы
Салық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері. Салықтың құқықтық қатынастардың субъектілер құрамы
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Пәндер