Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жерді құқықтық қорғаудың түсінігі. Жер құқық бұзушылықтарының түciнiгi, түрлерi және құрамы.
2.2.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қорғаудың басымдылығы. Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары.
2.3. Жер құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктiң түciнiгi. Жер заңдарын бұзғаны үшiн заңды жауапкершiлiктiң түрлері.
3. ҚОРТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жер пайдалану құқығы дегенді қалай түсінуге болады?Жер пайдалану құқығы – бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с.с) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі.
Жер пайдалану құқығы қалай туындайды?
Жер пайдалану құқығы:
• мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;
• жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;
• жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.
Жер пайдалану құқығы кімдерге беріледі?
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғаларға, сондай -ақ халықаралық ұйымдарға беріледі.
1. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. “ Табиғат қорғау ” /Алматы 1990 ж.-412 бет
2. Мұқауұлы С., Үпішев Е. “ Табиғат пайдалану экономикасы ”/Алматы 1999 ж.-270 бет
3. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы N442 Кодексі
4. Бектұрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы: Жетi жарғы, 1997. 240 бет.
5. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң әдебиетi баспасы, 2005.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік.

Орындағын: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Мадиярова А.С.

Алматы 2015 ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жерді құқықтық қорғаудың түсінігі. Жер құқық бұзушылықтарының түciнiгi, түрлерi және құрамы.
2.2.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қорғаудың басымдылығы. Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары.
2.3. Жер құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктiң түciнiгi. Жер заңдарын бұзғаны үшiн заңды жауапкершiлiктiң түрлері.
3. ҚОРТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Жер пайдалану құқығы дегенді қалай түсінуге болады?Жер пайдалану құқығы - бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с.с) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі.
Жер пайдалану құқығы қалай туындайды?
Жер пайдалану құқығы:
:: мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;
:: жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;
:: жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.
Жер пайдалану құқығы кімдерге беріледі?
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғаларға, сондай -ақ халықаралық ұйымдарға беріледі.
Жер пайдаланудың қандай түрлері бар?
:: уақытша өтеулі жер пайдалану:
- қысқа мерзімді (5 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін;
:: өтеусіз негізіндегі уақытша жер пайдалану (ақысыз беріледі) түрі, бұл ретте уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс (жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайларды қоспағанда);
Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз - мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2. елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер;
5. орман қорының жері;
6. су қорының жері;
7. босалқы жер.
Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.
Жер қойнауы ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы - жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Республиканың кен байлықтарын неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделі ісі. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде шет елдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының байлығын пайдалану керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен реттеледі.
Жұмыстың тақырыбы: Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Жұмыстың өзектілігі: жерді құқықтық қорғау және жер заңдарын бұзған жағдайдағы жауапкершіллік болып табылады. Жұмыстың көлемі: жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1. Жерді құқықтық қорғаудың түсінігі. Жер құқық бұзушылықтарының түciнiгi, түрлерi және құрамы.
Республикада өндiрiс салаларының нарықтық экономикаға өту жағдайлары мен процестерiн ескере отырып жер қатынастарын кезең-кезеңмен құқықтық реттеудiң қажеттiлiгiне қарай, жер заңнамасы дамып, жетілдіріліп отырды Қазақстан Республикасының заңдары:
- 1998 жылғы 31 наурыздағы "Шаруа (фермер) қожалығы туралы;
- 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 ІІ ҚРЗ "Жер кодексi".
- Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңы
- ҚР 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы заңы.
Аграрлық сектордағы жер қатынастарын реттеу үшін және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмдi пайдалану дәлелдемесiн нығайту мен бастапқы жер пайдаланушыға капитал (инвестициялар) салу, сондай-ақ жер құнарлылығын сақтау мақсатында 2003 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Жер кодексі қабылданды. Оны iске асыру үшiн нормативтiк құқықтық актілер дайындалып және оны Қазақстан Республикасының Үкiметі бекітті. Мысалы, жер кадастрын, жер мониторингін жүргізу тәртібі туралы, жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттықты өткізу тәртібі туралы, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды жүргізу туралы т.б.
Жер Кодексi жер қатынастарын реттеу саласындағы маңызды заңдық актіге айналды. Оның қабылдануымен жеке меншiк құқығы институтының бұрын соңды тек мемлекет меншiгiнде болған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сонымен қатар орман және су қорының жеке учаскелерiне ықпалы тарады.
Жер қатынастары саласындағы бірқатар мәселелердi заңнамалық және нормативтiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында көзделген. Соңғы жылдары жерлердi ауыл шаруашылығы айналымына енгiзу және олардың сапалық жағдайын жақсарту жөнiнде бірқатар бағдарламалар әзiрлендi және енгізілуде.
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес келесі санаттарға бөлінеді:
1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2. елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5. орман қорының жері;
6. су қорының жері;
7. босалқы жер.
Мемлекеттік меншіктің жалпы объектісі болып жеке меншікке берілген жер учаскелерінен басқа, мемлекет аумағындағы барлық жер қоры табылады. Мемлекеттік жерге меншік құқығының дербес объектісі ретінде: мақсатты пайдаланылуына байланысты бөлінген жер қорының бөлігі - жер санаты болады; шаруашылық пайдалану белгісіне байланысты бөлінетін жер санатының құрамдас бөлігі - жер теліміне бөлінеді (егістіктер, шабындықтар, жайылымдар, орманды жерлер, су қорғайтын жерлер және т.б.).
ҚР-ның Жер кодексінің 139-бабы бойынша, Жердi қорғаудың мақсаттары мен мiндеттерi:
Жердi қоғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қоғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесін қамтиды.
Жердi қоғау мақсаттары:
1) өндірістің экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;
3) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады.
Жердi қорғау. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қоғауға;
2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қоғауға;
3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;
4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi. Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi өсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi ұтымды пайдалану мен қоғауға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жердi қоғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы мүмкiн.

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;
2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға;
3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;
4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
2. Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi әсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi.
3. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi ұтымды пайдалану мен қорғауға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жердi қорғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы мүмкiн.

Жер мониторингiнiң мазмұны - жер қорының жай-күйін жүйелі түрде бақылау (суретке түсiру, iздестiру, зерттеу), онда болып жатқан өзгерiстердi анықтау және оларға баға беру[8].
Жер мониторингi:
- жүйелі байқауларды, iздестiрулердi, суретке түсiрулердi, тексерулердi (қайта тексерулердi және түзетулердi) орындау;
- жердiң жай-күйін талдау мен бағалауды жүргiзу;
- жердiң ұүнарлылығына антропогендi әсер етудi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
- белгiлi бiр уақыт кезеңiнде жердiң сапалық жай-күйін болжауды әзiрлеу;
- жер туралы деректер банкiн ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
Жердiң жай-күйін бағалау жүргiзілетiн байқауларды (кезеңдiк, маусымдық, тәулiктiк) талдау, алынған өЈрсеткiштердi нормативтермен салыстырғандағы өзгерiстердiң бағыттылығы мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады.
Жердiң жай-күйін бағалаудың нәтижелерi бойынша оларға өзгерiстердiң дамуының, ерекше жағдайда жағымсыз сипаты бар серпiнiн, бғытталуын және қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар және кестелер қоса берiле отырып, жедел мәлiметтер, баяндамалар, ұсынымдар және ғылыми болжамдар жасалады.
Жер мониторингiн ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Жер мониторингiн Қазаєстан Республикасының бүкіл аумағында мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзедi, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган оларға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
Жер мониторингiн жүргізу республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi[9].
Кадастр аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастрлық суретке түсiрудi, жобалау-iздестiру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен iздестiрулердi, жер мониторингiн, жердi сандық және сапалық есепке алуды және мемлекеттiк жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстарды жасау арқылы жүргiзiледi.
Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу үшiн негiз болады.
Жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жердiң кеңiстiк, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы анық мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады.
Жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтапқа жазу кезiнде оған жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, учаске бiр тұтастық ретiнде бар кезде сақталатын кадастрлық нөмiр беріледi. Бұл учаскеге жүргiзілген жер-кадастрлық iс те осы нөмiрмен сәйкестендiріледі.
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.
Мемлекеттік бақылау жер қатынастарын мемлекеттік қадағалау қызметтері жүйесінде негізі орын алады. Мемлекеттің қорғау қызметі бола отырып, мемлекеттік бақылау, жерді қорғау және пайдалануда және жер құқықтық нормаларын, жердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін кепіл бола алады. Мемлекеттік бақылау жүйесі болмайынша жер құқық бұзушылығына жол бермеу немесе оларды ашу мүмкін емес, сонымен қоса мән-жай себептерін ашу, ерекше жағдайларда кінәлі субьектілерді заңды жауапкершілікке тартуға мүмкін болмас еді.
Мемлекеттік бақылаудың міндеттері мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғаларына және лауазымды адамның ҚР жер заңдылықтарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді, жер учаскелерін пайдалану ережелерін сақтайтын, жер кадастры мен жерге орналастыру, ұтымды пайдалану, қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.(Жер кодексінің 144-бабы)
Мемлекеттік бақылау Конституцияға және ҚР заң актілеріне сәйкес жер заңдылықтарының орындалуын, мемлекеттік органдарға сәйкес жерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша шараларды қолдану жер қатынас субьектілері болып табылатын азаматтар, заңды тұлғалар, лауазымды адамдардың қамтамасыз ету мақсаты бойынша жүзеге асырылады.
Жерді қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік бақылау:
- мемлекеттегі барлық жер аумақтарын қамтитын жалпы сипатта болады; Оның негізгі объектісі ретінде субьектілердің құқықтық нысандарына тәуелсіз барлық жер пайдалану нысандары мен түрлері, барлық жер санаттары кіреді.
- тұрақты, яғни жер қатынастары аясында белгілі бір заңдылықтармен байланысты емес және уақытқа шектелмейді.
Мемлекеттік бақылау императивтік әдіспен жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылау жер қатынастарын толықтай қамту әрекетімен және сонымен бірге басқа да жер қоры қызметтерін жүзеге асыру жағдайларының алғышарттары. Бұл мағынада мемлекеттік бақылау қозғалыс құралы ретінде басқа да басқару қызметін толықтырады. Мемлекеттік бақылау ертеде пайда болған, құрылымдық бекітілген және нормативтік жер қатынастарын қадағалауда жеткілікті қызмет атқарған институттың бірі.
Қазіргі уақытта біздің мемлекетте жер қатынастар аясын бақылайтын қызметті жүзеге асыру тәртібі мен негізгі бағытын, міндеттерін, мақсатын арнайы реттейтін 29.09.2003ж №990 Жерді қорғау және пайдалануда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы ҚР Үкімет қаулысы бар[10].
Жерді пайдалану және қорғау бойынша мемлекеттік бақылауды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық өкілетті орган және оның аумақтық органдары, сондай-ақ өз құзіреті шегінде өзге де өкілетті органдар жүзеге асырады.
Жалпы жоғарғы құзіретті органдар қатарына: ҚР-ның Президенті, Парламенті және Үкіметі кіреді. Олар жер қатынастарын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бойынша: жер саясатының қағидалары мен басымдықтарын анықтау, жерді пайдалану тәртібін анықтау, жер ресурстарын қорғау, жер заңдарының орындалуына бақылау бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді атқарады.
Жалпы құзыретті органдарға жергілікті өкілетті және атқарушы органдар, облыстық, қалалық және аудандық маслихат, облыс, қала, аудан және ауыл әкімшіліктері кіреді.
Жерді пайдалану және қорғауды бақылаушы арнайы құзыретті органдарға: бақылау, қадағалуды жүзеге асыратын арнайы құзіретті органдар; жер ресурстарын басқару жөніндегі ҚР Агенттігі және оның территориялық органдары; жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер инспекцияларының жүйесі; ҚР қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар жөніндегі министрлігі.
Жер ресурстарын бақылау бойынша ҚР агенттігі ҚР-ның орталық атқарушы органы болып табылады, яғни Үкімет құрамына кірмейді, ол заңда көзделген тәртіпте арнайы атқарушы, рұқсат беруші және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, сонымен қоса жер ресурстарын басқару бойынша мемлекет аясында салааралық үйлестіруді, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүзеге асырады.
Өз құзіретінде жерді қорғау және пайдалануда мемлекеттік басқару және қадағалауды жүзеге асыруда басқа да арнайы органдарға: қоршаған ортаны қорғау аясындағы уәкілетті орган; мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жүзеге асыратын орган; құрылыстық және архитектуралық орган; ауылшаруашылық, орман, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қоғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар.
Жерді тиімді пайдалану және қорғауда, арнайы құзіретті орган өзара уәкілетті және атқарушы органның құзіреттері бірдей.
ҚР жерді қорғау және пайдалану бойынша бас мемлекеттік инспектор болып жер ресурстарын басқару жөніндегі ҚР агенттік Төрағасы - ҚР жерді қорғау және пайдалану бойынша бас мемлекеттік инспектор болып табылады және оның орынбасарлары - ҚР жерді қорғау және пайдалану бойынша бас мемлекеттік инспектордың орынбасарлары болып табылады.
Облыстық, Алматы қаласы, аудандық, қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақытқ органдардың төрағалары - Жер ресурстарын басқару бойынша облыстық, қалалық және аудандық жерді қорғау және пайдалану бойынша басты мемлекеттік инспекторлар деп аталады.
Сонымен, жер даулары дегеніміз- жер қатынастары екі немесе бірнеше субъектілер белгілі бір жер құқықтары мен заңды мүдделерін иеленуге қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға байланысты келіспеушілік жер дауларын меншік құқығының және жер пайдалану құқығының, жерге өзге де құқықтардың өзгеруі тоқтатылуы және жүзеге асыру бойынша туындайды.
Жер дауларын жіктеу әртүрлі негіздерге байланысты жүзеге асырылады:
Қарастыру тәртібі бойынша;
Сипаты бойынша;
Даудың субъектісі бойынша;
Пәні бойынша;
1. Қарастыру тәртібі мен сипаты бойынша:
- сот тәртібімен қарастырылатын жер даулары;
- сотқа дейін қаралуды талап ететін жер даулары;
- сотта қаралуды талап етпейтіе жер даулары:
2. Субъектісі бойынша:
- азаматтар арасындағы жер даулары;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы жер даулары;
- азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекеттік өкілетті органдар арасындағы жер даулары;
3. Объектісі бойынша:
- жер учаскелерімен байланысты жер даулары;
- жер учаскесіне құқықпен байланысты жер учаскелері;
- жерге басқа да құқықтармен байланысты жер даулары;
4. Жер дауының сипатына байланысты:
- жер учаскелерін берумен байланысты жер даулары;
- жер учаскесін беру процесінде пайда болатын жер даулары.

2.2.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қорғаудың басымдылығы. Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердіңқұқықтық жағдайының түсінігі және құрамы.Статистикалық мәліметтер бойынша Қазакстан Республикасының жер аумағы 272490,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылык жерлері - 222513,6 мың гектарды құрайды. Сонғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылык өндірісінін мақсатында пайдаланылатын жердің баска да санаттары құрайды.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдык аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу азық-түлік қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрактылығын камтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандык өнімнің бәсекелестік артыкшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсімдік шаруашылыгын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді және тамак өнеркәсібін 15-ю дамыту үшін жағдай жасау аркылы ауыл халкының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялық -санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, техникалык жарақтандыру мен баска да ілеспе кызмет салаларын камтамасыз етуге, ауылдык аумак- тардың әлеуметгік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Агроөнеркәсіптік кешен дегеніміз - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өндеуді және өткізуді, сондай-ақ тамак өнеркәсібін, оларды казіргі заманғы техникамен, технологиялык жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қам - тамасыз ететін ілеспе өндірістер мен кызмет салаларын, ветеринариялық -санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын эконо - мика салаларының жиынтығы.
А гроенеркәсіптік кешенді және ауылдық аумактарды дамытуды мемлекетгік реттеу:
I) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит беруді дамыту. Агроонеркәсіптік кешен мен ауылдык аумактар саласында кредит беруді дамытуды мемлекеттік ретгеу Қазакстан Республикасының бюджетгік заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған үйымдардың жарғылык капиталын калыптастыруға немесе ұлғайтуға катысу ар - кылы жүзеге асырылады. Агроонеркәсіптік кешен мен ауылдык аумактар саласында кредит беруді дамыту:
ауыл шаруашылығы өндірісінін инфрақұрылымын құру және дамыту;
ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялык жабдықтарыныңлизингі;
агроөнеркәсіптік кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктерді ұйымдастыру және оларға кредит беру;
ауылдык жерлердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлеріне кредит беру;
ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу, өндіру, қайта өндеу және өткізу;
ауыл халкына микрокредит беруді ұйымдастыру бағыттары бойынша жүргізіледі.
2) агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау; Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау:
:: агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиімділігі;
:: өндірілген өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арыру жағдайында агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау:
агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және ауыл шаруашылығы техникасымен және құрал-жабдықтарымен чамтамасыз ету кезіндегі проценттік ставкаларды арзандату;
өсімдіктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруа - шылыгы малының, құстардыңжәне балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;
тұқым шаруашылығын дамыту;
мал шаруашылыгы өнімініңөнімділігі мен сапасын арттыру;
Қазакстан Республикасының Үкіметі басым деп айкындаған дақылдар бойынша егістік жердің бір гектарына есептеп суб - сидия беру арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және кектемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті баска да тауар-материалдык құндылыктардың құнын арзандату;
ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін және нарығын басқару жүйесін дамыту;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және көшеттік материалын өсіру;
агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың Қазакстан Республикасынын заңнамалык актілерінде көзделген өзге де бағыт- тары бойынша жүзеге асырылады.
3) сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргізу; Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімі нарығын тұрақтандыру мақсатында сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асырады. Баға интервенциясы дегеніміз -- ауыл шаруашы - лыгы онімінің нарықтык бағасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып орташа мерзімдік әлеуметгік - экономикалық даму жоспарында белгіленген, өткен күнтізбелік жылда калыптаскан орташа жылдык нарыктық баға деңгейінен артып кеткен жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің осы өнімді мемлекеттік ресурстардан тіркелген бағалар бойынша ішкі нарықта өткізу жөніндегі Казақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар. Ал сатып алу операциялары дегеніміз - мемлекеттің ішкі нарыкты тұрақтандыру және экспорттык өнім беруді камтамасыз ету үшін ауыл шаруашылыгы өнімін ішкі нарықта тіркелген баға бойынша сатып алуы жөнінде Казакстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар.
Сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асырудың тәртібі мен көлемін Қазақстан Республикасынын Үкіметі айкындайды.
Сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жузеге асыратын мамандандырылған ұйымдар тізбесін, сондай-ақ оларға төленетін сыйақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімі бойынша бага интервенцияларын жузеге асыруға жол берілмейді.
мамандандырылған ұйымдар құру; Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтың дамуы жағдайында жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Жерді қорғаудың мақсаттары
Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің ережелері, түрлері
Экология құқығының дәрістері
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
Табиғат пайдалану құқығы
Жалпы экологиялық объектіге - табиғи немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар
Нарықтың дамуы жағдайында жер учаскесіне құқықтарды тоқтату негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Пәндер