Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі және оның құқықтық мәртебесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі және оның құқықтық мәртебесі
Орындаған: Иргебекова Ф. Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж. Т.
Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2. 1. Конституциялық қадағалаудың түсiнiгi, мақсаты. Конституциялық қадағалау органдары;
2. 2. Конституциялық Кеңестің құрылуы . Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері;
2. 3. Конституциялық өндіріс. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi;
2. 4. Конституциялық Кеңестiң актiлерi;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
ҚР-ның Конституциялық Кеңесі - конституцияның аса жоғарғы заңдық және тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда заматтардың еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.
Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын органның құқықтық мәртебесі, құрылуы және қызмет атқару құзыреттері, шешім қабылдауы конституцияда бекітіліп әр елдің ішкі заңымен көрсетілген.
Алғаш рет Қазақстанда Конституциялық қадағалау институты арнайы орган түрінде 1989 жылы - Конституциялық қадағалау Комитеті түрінде құрылған болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар «ҚР-ның тәуелсіздігі туралы» заңында Конституцияны соттық қорғаудың ең жоғарғы органы болып, Конституциялық сот болып табылады деп атап көрсетілген. Осы нормаға сәйкес 1992 жылдың 2 шілдесінде Жоғарғы Кеңеспен Конституциялық сот құрылып, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тоғыз мүшесі 1995 жылға дейін қызмет атқарды.
1995 жылы жаңа конституция қабылданып - ҚР-сын Конституциялық Кеңестің негізгі ережелері мен құқықтық статусы анықталып - бұл орган ендігі жерде ҚР-ның барлық жерінде Конституциялық жоғарғы заңдық күші бар екенін және оның орындалуына қызмет атқарады.
Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызмет атқаруы ҚР-ның Президентінің Жарлығына, Констьитуциялық заң күші бар «ҚР-ның Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен реттеледі. Конституциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан тәуелсіз ешқандай саяси және басқа себептер көзделмей, тек қана ҚР-ның Конституциясына ғана бағынады. Конституциялық Кеңес 7 мүшеден тұрады, оның ішінде төраға және де ҚР-ның экс-Президенттері өмір-бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болады. Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент тағайындайды, ал екі мүшесін Мәжіліс пен Сенат төрағалары 6 жыл мерзімге тағайындайды. Кеңес мүшелерінің жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың өтінішіне орай Конституциялық Кеңес шешім шығарады.
Жұмыстың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конститутциялық кеңесі және оның құқықытық мәртебесі. Жұмыстың мақсаты: Конститутциялық құқықтық тарихына, мәртебесіне, құрылыма тоқталу болып табылады. Жұмыстың көлемі кіріспеден, негізігі бөлімнен, қорытындыдан дәне қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
2. 1. Конституциялық қадағалаудың түсiнiгi, мақсаты. Конституциялық қадағалау органдары;
1791 жылғы Француз Конституциясы 1789 жылғы 5 мамырда короь тарапынан шақырылған бас штат құрамына енетін депутаттардың үшінші тобы (сословия) ұйымдастырылған құрылтай жиналысында бекітілген- ді. Құрылтай жиналысы мақұлдаған конититуция жобасы корольге санкциялау үшін жіберілді.
Италияда конституцияны өзгерту үшін парламенттер қатарынан екі рет талқылау өткізіп, екінші дауыс берерде әрбір палатаның обсолюттік көпшілік дауысына ие болуы талап етіледі. ФРГ-да да Негізгі заңды өзгерту үшін парламенттің екі палатасында да көпшілік дауыс талап етіледі. Ал, Австралияда Парламент бекіткен конституцияға енгізілген түзетулер жобасы референдумда бекітілуі қажет.
Төтенше жағдайларда, айталық Бельгия, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Франция және т. б. елдерде, конституцияны қайта қарауға салынатынын ескерте кеткіміз келеді.
Сонымен қатар, Конституцияға өзгерту енгізу ынтасына ие құқық субъектілері әдеттегідей заң шығарушылық процесін атқарады. Алайда, мұндайда кездесетін өзгеше ерекшеліктерді де естен шығаруға болмайды. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясына ұсыныстар мен түзетулер Ресей Федерациясы Президенті, Мемлекеттік Дума, Ресей Федерациясының Үкіметі, Ресей Федерациясының заң шығарушы (өкілетті) субъект органдары, сол секілді Федерация Кеңесінің немесе Мемлекеттік Думаның бестен бір бөлігінен кем емес депутаттары тобы дауыс берсе ғана жасалады. Ал, Грецияның Конституциясына конституцияға сәйкес өзгертулерді енгізуі жайлы ұсыныстарды саны 150-ден кем емес депутаттар ғана енгізе алады. Кейде Негізгі заңға түзетулер жобасын даярлау үшін конституциялық комиссия құрылады (мысалы, Швеция мен Финляндияда) .
Сонымен қатар кейбір елдерде негізгі заңдарды қайта құру үшін халық ықыласын жүзеге асыру жолы да қарастырылады. Мысалы, Италияда конституциялық заң жобасы кем дегенде 50 мың сайлаушылар ұсынысымен ғана қайта қаралатын тәртіп орнаған. Швейцарияда конституцияны толық не жартылай қарау үшін халық ықыласын жүзеге асыру ескерілген. Сондай-ақ, халық ынтасымен конституцияға түзетулер енгізу Латвия Республикасының Негізгі Заңында қарастырылған. Мұндай ұсынысқа 300 мыңнан аз емес сайлаушылар қол қоюлары тиіс.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жазба Конституция елдегі басқа барлық нормативтік құқықтық актілерге қарағанда жоғары заң күшіне ие болады. Сондықтан да жарияланатын кез келген нормативтік құқықтық актілер конституцияға сәйкес келетін түрде ғана жүзеге аса алады.
Қазіргі кезде жазба конституциясы бар әлемнің барлық елдерінде конституциялық қадағалау (бақылау) органы енгізілген. Олар төмендегі екі түрде қолданылады:
Конституциялық қадағалау (бақылау) қызметін жалпы сот юридикциясына жататын соттардың бәрі атқарады (Аргентина, Дания, Норвегия, Канада, Жапония, т. б. елдерде) . Мұндай конституциялық қадағалау (бақылау) жүйесін американдық (орталықтанбаған) деп атайды.
Жалпы сот юрисдикциясы жүйесіне енбейтін арнайы квази-соттық органдар құрылып, олардың негізгі қызметіне конституциялық қадағалау (бақылау) жатады (мысалы, Ресей, ФРГ, Франция, Италия) . Конституциялық қадағалау (бақылаудың) мұндай түрін еуропалық (орталықтанған) деп атайды.
Конституцияға жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді тану (толық не жартылай) өзіне лайықты заң зардаптарына апарып соғады:
Конституция бойынша конституциялық қадағалау (бақылау) қарастырылған елдерде (Ресей, Канада, Индия, Өзбекстан, т. б. ) конституциялық емес деп танылған заңдар жойылуға жатады.
Конституция бойынша тікелей конституциялық қадағалау (бақылау) қарастырылмаған елдерде конституциялық емес заңдар автоматты түрде жойылуға жатпайды. Мұны тек парламент, не болмаса нормативтік актіні қабылдаған орган (әлбетте, тек нормативтік акт болса) жүзеге асырады. Алайда, әрдайым конституциялық қадағалау (бақылау) органы наразылық білдірген акт соттар тарапынан қабылданбайды.
Конституциялық қадағалау органдарының қалыптасу тәртібі.
Конституциялық қадағалау (бақылау) органдары әртүрлі жолдармен құрылады. Сөйтіп, Австрияның федеральдық конституциялық сотының мүшелері үкіметтің ұсынысымен президент тарапынан тағайындалады.
Италияның конституциялық сотының мүшелері президент, парламент және магистратура тарапынан, ал Францияның конституциялық кеңесінің мүшелері президент, ұлттық жиналыс төрағасы және сенат төрағасы тарапынан теңдей үлеспен тағайындалады. Бұл елдің бұрынғы президенті болған адам өмір бойы Францияның конституциялық кеңесінің мүшесі болып саналады. Көптеген елдерде конституциялық қадағалау (бақылау) органы мен конституциялық сот ісін жүргізу үшін арнайы заңдар қабылданады.
Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру нысандары. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі. Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен ролін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет. Аталған ғылым мәртебесі конститцциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, әрине оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді.
2. 2. Конституциялық Кеңестің құрылуы . Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері;
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заң қабылданып, соған сәйкес Негізгі Заңның ұлықтығын қамтамасыз ететін жаңа конституциялық бақылау органы - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрылғанына 2010 жылғы 29 желтоқсанда 15 жыл толады.
Мемлекет құрылысы тарихында конституциялық бақылаудың пайда болуы конституциялардың өмірге келуімен, олардың іске асырылуын және қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігімен үздіксіз байланысты болып келеді. ХХ ғасырдың басына дейін ол Еуропа үшін бейтаныс болатын. Қазіргі дәуірде ол әмбебап сипатқа ие болды. Конституциялық бақылау - қазіргі түрінде биліктің бөлінуі жүйесінде маңызды элемент болып табылады.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясына Конституциялық қадағалау комитетін құру көзделген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, Қазақстанда конституциялық юстиция органын құру процесі 1989 жылы басталды, алайда қызмет істейтін орган ретінде ол сол күйінде құрылмай қалды.
Конституцияны сот арқылы қорғаудың алғашқы жоғары органы - Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық заңға сәйкес құрылды. Осы конституциялық акт негізінде 1992 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» және «Қазақстан Республикасындағы конституциялық іс жүргізу туралы» заңдар қабылданды. Аталған актілер қабылданған соң, Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынуы бойынша, Жоғарғы Кеңес ізінше Конституциялық Соттың төрағасын, орынбасарын және тоғыз мүшесін сайлады. Конституциялық Соттың өкілеттік ауқымы заңдардың және өзге де құқықтық актілердің конституциялығы туралы істерді шешуді, азаматтардың конституциялық құқықтарына қатысты құқық қолдану практикасын және өзге де мәселелерді қамтыды.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қолданыстағы Конституция қабылдануына байланысты жаңа конституциялық бақылау органы - Конституциялық Кеңес құрылды.
Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесін айқындайтын негізгі ережелер Негізгі Заңның «Конституциялық Кеңес» деп аталатын VI бөлімінде бекітіліп, Кеңестің құзыреті, бұл органға өтініш беру субъектілері және оның салдары, Кеңестің құрамын қалыптастыру тәртібі, шешімдерінің заңдық күші мен сипаты анықталған. Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметі мәселелері «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңмен нақтырақ реттеледі. Конституциялық іс жүргізудің бірқатар мәселелері, сондай-ақ Республиканың процессуалдық және өзге де заңдарында қарастырылады.
Конституциялық іс жүргізуді қозғау және материалдарды қарауға дайындау тәртібі, өтініштерді отырыстарда қарау, шешімдер қабылдау тәртібі және өзге де мәселелер Конституциялық Кеңестің қаулысымен бекітілген Регламентпен реттеледі.
Конституциялық Кеңестің құрамы
Конституциялық Кеңес, Төрағаны қосқанда, жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Кеңестің Төрағасын және екі мүшесін Республика Президенті, екі мүшесін - Парламент Сенаты және екі мүшесін - Парламент Мәжілісі тағайындайды. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады.
Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады. Бұл талаптар Республиканың экс-Президенттерiне қолданылмайды.
Құрылған сәттен бастап Конституциялық Кеңестің құрамына 22 жоғары білікті заңгерлер тағайындалды, олардың қатарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1), заң ғылымының докторлары (7) және кандидаттары (8), сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, сот жүйесінде, прокуратура және әділет органдарында көп жыл жұмыс істеген тәжірибелі заңгерлер бар.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері ерекше мәртебеге ие, оларға ешкімнің тиіспейтініне Конституциямен кепілдік беріледі.
Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ауыстырылмайды. Олардың өкiлеттiгiн «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болады.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң конституциялық iс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi қызметi есеп беруге жатпайды. Олардың қызметiне қандай болса да араласуға жол берiлмейдi. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мәселелерi бойынша олардан есеп талап етуге ешкiмнiң хақы жоқ.
Конституциялық Кеңестің құзыреті
Конституциямен және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңмен Конституциялық Кеңеске өтініш беру құқығына ие субъектілер қатары және Конституциялық Кеңес юрисдикциясының шеңбері белгіленген.
Конституциялық Кеңеске өтініш беру құқығына: Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгi, Премьер-Министр, Республика соттары ие.
Конституциялық Кеңестің Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-74-баптарында белгіленген құзыреті мынадай мәселелерді қамтиды:
- дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;
- Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды.
- Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
- Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
- Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;
- Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар бередi.
Конституцияның 78-бабында белгіленген жағдайларда соттардың өтініштері бойынша қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер нормаларының конституциялығын тексереді. Конституциялық Кеңес конституциялық iс жүргiзу практикасын қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Парламентке Республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жiбередi. Одан тыс, Мемлекет басшысының талап етуі бойынша Конституциялық Кеңестің Төрағасы оған Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат ұсынады.
Конституциялық іс жүргізу тиісті субъектілердің өтініші болған жағдайда ғана қозғалады. Конституциялық Кеңес қабылдаған қаулыны Кеңестің өзі конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не оның қорытынды шешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштері бойынша түсіндіруі мүмкін. Егер Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса, Конституциялық Кеңес өз бастамасы бойынша қосымша шешімдер қабылдайды. Қосымша шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.
2. 3. Конституциялық өндіріс. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi;
Конституциялық Кеңестiң мәртебесi
Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi:
1) өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды;
2) Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi
1. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiгi алты жылға созылады.
2. Шығып қалған немесе қызметте болу мерзiмi аяқталған жағдайда Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституцияда
және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалады.
3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi қызметтерiне адамдардың шығып қалған немесе осы қызметтерде болу мерзiмi аяқталған күннен бастап бiр ай iшiнде тағайындалады.
4. Егер Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерiнің өкiлеттiк мерзiмi олардың қатысуымен Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мәселенi қарау кезеңiнде аяқталса, онда олардың өкiлеттiгi қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн сақталады.
Конституциялық Кеңес Төрағасының өкiлеттiгi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы:
1) Конституциялық Кеңес iс жүргiзуге қабылдаған мәселелердi қарауға даярлықты басқарады;
2) Конституциялық Кеңестiң отырысын шақырады, iс жүргiзуге қабылданған мәселелердi олардың қарауына енгiзедi және Конституциялық Кеңестiң отырыстарында төрағалық етедi;
3) Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң мiндеттерiн бөледi, Конституциялық Кеңес мүшелерi мен оның аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
4) отырыс өткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды белгiлейдi;
5) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi туралы Конституциялық Кеңестiң жолдауын жария етедi;
6) Республика Президентiнiң талап етуi бойынша оған елдегi конституциялық заңдылықтың жайы туралы ақпаратты табыс етедi;
7) Конституциялық Кеңес отырыстарының шешiмдерi мен хаттамаларына қол қояды;
8) Конституциялық Кеңестiң бекiтуiне оның регламентiн табыс етедi;
9) Конституциялық Кеңестiң аппараты туралы Ереженi, бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде - Конституциялық Кеңес аппаратының құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;
10) Конституциялық Кеңес аппараты қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) осы Конституциялық заңға және Конституциялық Кеңес регламентiне сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
2. Өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Конституциялық Кеңестiң Төрағасы бұйрықтар мен өкiмдер шығарады.
Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң
өкiлеттiгiн тоқтата тұру
1. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнiң өкiлеттiгiн Конституциялық Кеңестiң өтiнiшi бойынша оны тағайындаған адам, мынадай жағдайларда егер ол:
1) дәлелдi себептерсiз кемiнде қатарынан үш рет Конституциялық Кеңестiң отырыстарына қатыспаса;
2) денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы өз мiндеттерiн орындай алмаса;
3) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша хабар-ошарсыз жоқболған деп танылса, тоқтата тұруы мүмкiн.
2. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнің өкілеттіктері, егер заңда белгіленген тәртіппен оны ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылыққа тартуға, сотта медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы тиісті өтінішхатты қозғауға келiсiм берілген жағдайда да тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм өкiлеттiктi тоқтатуға негiздер байқалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қабылданады.
4. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнiң өкiлеттiгi осы өкiлеттiктi тоқтата тұруға негiздер дәйексiз болып қалғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң
тәуелсiздiгi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiз болады және тек Конституциямен осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Басқа ешқандай да актiнiң олар үшiн сөзсiз мiндеттi күшi болмайды. Олардың қызметiне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
2. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң конституциялық iс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi қызметi есеп беруге жатпайды. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мәселелерi бойынша олардан есеп талап етуге ешкiмнiң хақы жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz