Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Жоспар
Кіріспе
І. Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар.
1.1. Экономикалық дағдарыстың мазмұны мен жалпы белгілері, мәні.
1.2. Экономикалық дағдарыс түрлері, айырмашылықтары.
ІІ. Экономикалық дағдарыстың пайда болуының әлеуметтік салдары.
2.1. Жұмыссыздық пен инфляция . экономикалық дағдарыстың көрінісі ретінде.
2.2. Жұмыссыздық пен инфляцияның экономикалық.әлеуметтік өзара байланысы.
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы экономикалық дағдарыс.
3.1. Қазақстан Республикасының экономикалық дағдарыс жағдайындағы ерекшеліктері.
3.2. Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу жолдары мен реттелуі, проблемалары.
Қорытынды.

Кіріспе.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Экономикалық дағдарыс теориялары, әлеуметтік салдары».
Жалпы экономикалық жағдарыс дегеніміз өндірістің құлдырауы, соған байланысты жұмыссыздық пен инфляцияның жоғарылауы, экономикалық теңдестіктің бұзылуы болып табылады.
Бұл курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Оның бірінші таруында мен экономикалық дағдарыстың теориялары мен оның негізін қалаушылар туралы қарастырдым. Себебі өткен ғасырлардағы дағдарыс теорияларын талдамай, бүгінгі дағдарысты болжау мүмкін емес.
Ал екінші тарауда экономикалық дағдарыстың пайда болуының әлеуметтік салдары жайлы баяндалған. Экономикалық дағдарыстың негізгі себептері ретінде мен жұмыссыздық пен инфляцияны, олардың ауытқуынан болатын салдарды тереңдей талдадым.
Үшінші тарауда бүгінгі күндегі Қазақстанның бүкіләлемдік дағдарыс жайын талқыладым.
Бүгінде еліміз басынан дағдарыс жылдарын өткеруде. Сол себепті біз үшін дағдарысты реттеу шаралары, стратегиялары мен мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы маңызды. Әлемдік дағдарыстың себептері талқыланып, алдағы кезең іс-шаралары анықталуда. Әйтседе, еліміз дағдарыстан шығу жолдарын белгілеп, мемлекеттік бағдарламаларды құруда. Соның негізінде ел экономикасы біртіндеп тұрақталып келеді.
Дағдарыс арқылы жаңару мен жетістікке! Міне біздің алға қойған мақсатымыз. Біз дамып келеміз және әлі де көркейеміз.

2.1. Жұмыссыздық пен инфляция – экономикалық дағдарыстың көрінісі ретінде.
2.2. Жұмыссыздық пен инфляцияның экономикалық-әлеуметтік өзара байланысы.
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы экономикалық дағдарыс.
3.1. Қазақстан Республикасының экономикалық дағдарыс жағдайындағы
ерекшеліктері.
3.2. Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу жолдары мен реттелуі,
проблемалары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша
Кіріспе.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Экономикалық дағдарыс теориялары,
әлеуметтік салдары.
Жалпы экономикалық жағдарыс дегеніміз өндірістің құлдырауы, соған
байланысты жұмыссыздық пен инфляцияның жоғарылауы, экономикалық
теңдестіктің бұзылуы болып табылады.
Бұл курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Оның бірінші таруында мен
экономикалық дағдарыстың теориялары мен оның негізін қалаушылар туралы
қарастырдым. Себебі өткен ғасырлардағы дағдарыс теорияларын талдамай,
бүгінгі дағдарысты болжау мүмкін емес.
Ал екінші тарауда экономикалық дағдарыстың пайда болуының әлеуметтік
салдары жайлы баяндалған. Экономикалық дағдарыстың негізгі себептері
ретінде мен жұмыссыздық пен инфляцияны, олардың ауытқуынан болатын салдарды
тереңдей талдадым.
Үшінші тарауда бүгінгі күндегі Қазақстанның бүкіләлемдік дағдарыс
жайын талқыладым.
Бүгінде еліміз басынан дағдарыс жылдарын өткеруде. Сол себепті біз
үшін дағдарысты реттеу шаралары, стратегиялары мен мемлекеттік саясаттың
жүзеге асырылуы маңызды. Әлемдік дағдарыстың себептері талқыланып, алдағы
кезең іс-шаралары анықталуда. Әйтседе, еліміз дағдарыстан шығу жолдарын
белгілеп, мемлекеттік бағдарламаларды құруда. Соның негізінде ел
экономикасы біртіндеп тұрақталып келеді.
Дағдарыс арқылы жаңару мен жетістікке! Міне біздің алға қойған
мақсатымыз. Біз дамып келеміз және әлі де көркейеміз.

Экономикалық дағдарыс дегеніміз – бұл экономикалық коньюктурада
күйзеліс процесін туындататын, тауарлар мен қызметтер арасында сұраныс пен
ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы.
Экономикалық дағдарыс экономикалық цикл арқылы түсіндіріледі.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезенде төрт
фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы - өндіріс құлдырауының
дағдарысы. Дағдарыс құбылыстарының болуы сұраным төлем қабілеттілігімен
салыстырғанда артық өндірумен түсіндіріледі.Дағдарыс кезінде өткерілмеген
өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылады, жұммыссыздық ұлғайып, ақша-
несие байланыстары бұзылып, құлдырау толқыны ұлғаяды және кәсіпорындар
құлдырап, жойыла бастайды. Экономикалық циклдың келесі фазасы депрессия
(depressio - латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді.) Бұл
фазада өндірістің құлдырауы тоқтатылады. Жайлап болса да запастағы тауарлар
өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.
Келесі фаза – тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда
бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады. Циклдың
кезекті фазасы - өрлеумен алмасады.
Өрлеу өнім өндірудің қарқыныамен сипатталады және ол дағдарыс
алдындағы деңгейден жоғары жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы
ұлғаяды және банк пайызының (%) нормасы төмендейді.
Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық
теорияда қалыптасқан бірнеше теориялықкөзқарастар бар.
Мәселен, К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен
қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен
қарастырған.
Ағылшын экономисті Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі
қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара-
қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері
пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің
өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
Қазіргі Дж. Кейнстің ізбасарлары – неокейнстіктер - мәселен американ
экономисті Пол Самуэлсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сипаты
ұлттық табыстағытұтұну үлесінің төмендеуімен және акселятор жеделдету іс-
әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына
және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе теріс әсер етіп, өндірістің
өсуінен оның қысқарылуына бет бұрыс жасайды.
Америка экономисті Милтон Фридмен басқарған монетаристік мектеп
өкілдері неокейнстіктерден айырмашылығы олар нарықтық экономиканың
циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы
арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика
тұрақсыздығының себебі болып табылады.
Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша,
дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізудінен туындайды.
Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға
бағытталуы қажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің АҚШ-тың монетарлық
саясаты еңбегінде баяндаған. Бұл жұмыс 1963-ші жылы шыққан болатын.
Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды
жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі:
мемлекет антициклдық бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей
реттеуі қажет.
Мәселен Энгельстің айтуынша, нарықтық анархияны өндірісті қоғамдық –
жоспарлы реттеу арқылы жоюды алға тартады. Дж. Кейнстің пайымдауынша,
стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекеттің арласуы арқылы жоюға
болатындығын айтады. Мемлекет өндірістің құлдырауынан жеке күрделі
қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмау үшін қажет.
Тұрақсыздық рыноктық экономикаға тән сипаттардың бірі. Оған
экономикаға циклды қалыптастыратын өрлеу де құлдырауда тән. Экономикалық
дамудың циклдық заңдылықтарын зерттеу – макроэкономикалық талдаудың
құрамдас бөлігіннің бірі болып табылады. Экономикалық цикл дегеніміз – бұл
экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту
және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық циклдың
дамуының себептері: автономды инвестициялардың азаюы, ақша массасының
ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі
және көптеген экономистердің айтуы бойынша ең маңызды себеп – тұтыту мен
инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. Макроэкономикада экономикалық
циклдың интегралды теориясы жоқ, сол себепті түрлі бағыттар мен мектеп
экономистерінің циклдың болу себептеріне байланысты әр түрлі көзқарастры
бар.
Циклдық ауытқудың бір кезеңінде орналасқан екі нүкте арасындағы аралық
цикл кезеңі деп аталады. Циклды екі кезеңге бөлуге болады: төмен
бағытталушы, өндірістің құлдырауы және керісінше, жоғары бағытталуы -
өндірістің артуы. Экономикалық өрлеу және құлдырау экономикалық циклдың
негізгі құраушысы болғандықтан, олар іскерлік белсенділік ауытқуларында да
маңызды рөл атқарады, оны экономистер іскерлік циклды деп атайды.
Қазіргі жағдайда экономикалық циклдың мән-мазмұны өзгерді. Ол
біріншіден, экономикалық белсенділіктің ауытқуының азаюы, яғни құлдырау
фазасының қысқарып, өрлеу сатысының неғұрлым ұзаруы және құлдыраудан кейін
тоқырау фазасына тоқталмай, бірден жандану мен өрлеу фазаларына өтуі;
екіншіден, жұмысбастылық деңгейі мен өндіріс көлемі ауытқуының диапозонының
қысқаруы; үшіншіден, экономикалық циклға рыноктың монополиялық құрылымының,
ҒТП-тің, өндірістің ғаламдануы, экономиканы мемлекетті реттеудің әсерінің
күшйе түсуінен көрінеді.
К. Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген экономист
ғалымдардың бірі болып саналады. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып
тыратын негізгі төрт сатысын бөліп қарастырды. Олар құлдырау, тоқырау,
жандану және өрлеу.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде АҚШ-тың экономикалық зерттеулердің
ұлттық бюросында жасалған терминалогия бойынша цикл келесі сатыларды
қамтиды: шың немесе жарылыс, рецессия немесе құлдырау, дағдарыс және
жандану. Экономикалық коньюктураны сипаттау үшін бірқатар экономикалық
көрсеткіштер қолданылады (ЖҰӨ, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, жеке табыс,
өнеркәсіптік өнімдер көлемі, бағалар деңгейі және т.б.)
Цикл барысында экономикалық айнымалылардың өзгеруіне байланысты олар
проциклдық,контрцикылдық және ациклдық бо-
лып бөлінеді.
Қазіргі кезде статистиктер мен экономистер мен экономикалық
конъюниктураға толық нақты болжамдар жасай алмайды, тек оның жалпы
беталысын ғана анықтай алады. Себебі экономикалық тұрақсыздық пен саяси
қақтығыстар кезінде барлық әсер етуші факторларды есепке алу, ұлттық
экономикаға халықаралық ортаның ықпалын анықтау қиын және де даму беталысын
анықтағанның өзінде сатылардың жүру мерзімін нақты атап, экономикалық
саясатты сол өзгерістерге қарай бағыттау мүмкін емес.

Қазіргі кезде дағдарыс әлемде терең экономикалық, саяси өзгерістерге
байланысты бір-бірімен өзара тәуелді құбылыстар тізбегін көрсетеді. Ол
құблыстарға төмендегілерді жатқызуға болады:
- демографиялық дүмпу;
- капитал – еңбек байланысының теңдігін бұзатын, үшінші
технологиялық дамудың жалғасуы.
Экономикалық дағдарыстарды олардың негіздеріне байланысты
жіктеуге болады:
1. Шаруашылық жүйесіндегі бұзылған тепе-теңдіктің көлемі бойынша.
Жалпы дағдарыс бүкіл ұлттық экономиканы қамтиды, ал жекелеген дағдарыс
экономиканың кейбір саласын ғана қамтиды. Мысалы:
- Қаржы дағдарысы –мемлекеттік қаржы жүйесінің түрлі құрылымдық
өзгерістерге ұшырауынан және бюджет тапшылығының үнемі өсуінің нәтижесінде
туындайды.
- Ақша-несие дағдарысы – ақша жүйесінің бұзылуы. Комерциялық және
банктік несиенің күрт қысқаруы, банктік салымдардың айналыстан бірден
алынуы, ол банктердің қызметіне кері әсер беріп, банкрот болуына әкеледі.
- Валюталық дағдарыс - әлемдік рыноктық айналыстан алтын стандарт
жүйесін жою мен басқа мемлекеттердің ақша бірліктерінің құнсыздануымен
сипатталады.
- Биржалық дағдарыс – бағалы қағаздардың бағамының бірден төмендеуі
және олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасының қызметіндегі күйзеліс.
- Аграрлық дағдарыс – ауыл шаруашылығы өніадерінің сатылу мөлшерінің
бірден қысқаруы, оның бағасының төмендеуі.
2. Тепе-теңдіктің бұзылуын реттеу дәрежесі бойынша:
- кезеңдік (циклдық дағдарыстар);
- аралық;
- реттелмейтін (салалық, аграрлық, құрылымдық дағдарыстар).
3. Ұдайы өндіріс көлемінің өзгерісінен туындайтын дағдарыс сипаты
бойынша:
- артық өндіру дағдарысы;
- жетіспеушіліктен болатын дағдарыс, яғни халықтың қажеттілігін
қанағаттандыру үшін тауар мөлшерінің жеткіліксіз болуы.
4. Ұзақтығы бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орташа мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
Қазіргі қоғамдық ғылымда циклдардың бірнеше типі белгілі. Олар
әдетте, осы толқындарды зерттеп, ғылымға енуіне негіз болған экономистердің
атымен аталады. (Қосымша 1)
1.Китчин циклы немесе қор циклы. Д. Китчин 2-4 жыл аралығындағы қысқа
ауытқуларды қаржы шоттары мен тауар қорларының қозғалысы кезінде сату
бағаларына негіздей отырып зерттеген. Олқысқа мерзімді циклды тауарлы –
материалдық қор мөлшеріндегі ауытқулардың болуымен байланыстырады.
2.Жугляр циклы немесе өнеркәсіптік цикл, бизнес циклы. Ең алғаш
рет өнеркәсіптік цикл Англияда 1825 жылы бастау алды, оған машина
өндірісінің, өнеркәсіптің басқа салаларында басымдылық жағдайға ие болуы
себеп болды. Бұл дағдарыс Англияда басталып, АҚШ-та және де басқа да батыс
Еуропа елдеріне де тарады. 1847-1845 жылдардағы дағдарыс әлемдегі бірінші
дүниежүзілік дағдарыс болды. Оның артынан іркес-тіркес 1857-1866 ж.ж және
1873 ж. дағдарыстар жалғасты. Егер де XIX өнеркәсіптік цикл 10-12 жылды
қамтыса, ХХ ғасырда ол 7-9 жыл болып қысқарды. 7-12 жылдық цикл К.
Жуглярдың Франция, Ұлыбритания және АҚШ-ғы өнеркәсіптік ауытқулар табиғатын
зерттеудегі еңбегі үшін оның атымен аталды.
3.Кузнец циклы. 1930 жылдары АҚШ-та құрылыс циклы жөнінде көптеген
зерттеулер пайда болды. 1946 жылы С. Кузнец өзінің Ұлттық табыс атты
еңбегінде өндіріс құрал-жабдықтарына, ғимараттарға жұмсалған жиынтық
инвестицич, тұтыну шығыстары, ұлттық табыс көрсеткіштері арасында жиырма
жылдық өзара ауыиқулар бар екендігін, сонымен қатар, бұл ауытқулар
құрылыста ең жоғарғы деңгейде болатындығын дәлелдейді.
4.Кондратьев циклы. Экономикадағы циклдар мерзімі әр экономисткрдің
қарастыруы бойынша әртүрлі ұзақтықты қамтиды. Экономикада Н. Д.
Кондратьевтің аты ұзын толқындармен байланысты. Олтауар бағасының
индексіне, пайыз қойылымына, рентаға, жалақы динамикасына, өндіріске
қатысты статистикалық мәліметтеді пайдалана торырып, қысқа мерзімді
циклдармен қатар 45-58 жыл аралығын қамтитын толқулардың бар екендігін
дәлелдейді. Сонымен бірге, Кондратьевтің ұзын толқындары әлеуметтік-
экономикалық жүйені толық қамтитын, өндірістегі технологиялық әдістердің
кең ауқымды өзгерістерімен байланысты экономикалық белсенділіктің
ауытқуларын да қарастырады.

Дағдарыстың негізгі себебі ретінде біз жұмыссыздық пен инфляцияны
қарастырамыз. Бұл мәндер үлкен экономикалық шамалар болғандықтан оларды
тереңірек түсіндірген жөн.
Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы
ең өткір мәселенің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі
түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын
тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. қазіргі кейнстік теория бұл
құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді, еркін
кәсіпкерлік мектебінің теориясы – жұмыссыздық жалақы деңгейінің
жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін
кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері – монетаристер - осы көзқарастарды
қолдайды.
К. Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория
жұмыссыздықтың болуын біріншіден – капиталдың қорлануымен, екіншіден, -
техника прогресімен болатындығын айтады.
Енді осы теориялардың мән-жайына қысқаша тоқталайық.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисті Томас Роберт Мальтус (1766-
1834жж) жасаған. Ол 1798 жылы Халық саны туралы заңның тәжірибесі кітабын
шығарған. Онда былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық
прогрессиямен өседі; яғни, әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру
жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны – 1, 2, 3, 4, 5
және т.б.
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы
көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген:
тұрғындардың жоғарғы қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп
салдары болып табылады.
Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі)
ХVIIІ-ғасырда АҚШ-та халық санының өсуі негізінде есептеген, ло кезде АҚШ-
та тұрғындар саны тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар
легінің келуімен де өскенін ескермейді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының
тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі
Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан Қоғам тарихындағы ғылым атты
кітабында былай жазған: қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде
ядролық энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде
күтуге толық негіз бар, себебі тамақ өндірісін мұнан ары дамытудың шексіз
екенін көрсетеді.
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға
сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте
жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымның жеткіліксіздігін ол
адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың
әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге
болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс
орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырғаны дұрыс.
Батыс мектебінің өкілдері. ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін
жұмыссыздықты – жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді.
Жұмысшылыр шеттен тыс жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне деген
сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің
профессоры А. Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы
шыққан Жұмыссыздық теориясы кітабында баяндады. Алайда ХХ-ғасырдың 30-
жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі
барынша айқындала түсті.
Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете
білуде. Осы теорияны жақтаушылыр жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша
саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді.
Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады.
Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты
басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс(1914) осы
тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ол
Филлипс қисығы аталды. Осы қисық және оның графигі туралы кейінірек тағы
тоқталатын боламыз.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыс қамтылмау өндірістің тиімділігін
арттыру, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға
мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын
ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада
жұмыссыздық дағдарыс кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың
көбею себебі мемелекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағыбұрыс құрылымдық
саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың мынадай түрлері бар:
1. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта
жұмысшылардың қолданылуы. Қазір болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс
күшімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа
жұмысқа,
бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық
кезеңде жұмыс жасауы; бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында
кездеседі, әсіресе, қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің
нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және
ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен
ауыстырудың нәтижесі, біліктіліктегі өзгертуді немесе басқа мамандықты
игеруді талап етеді.
6. Циклдік жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни
экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
Әр түрлі макроэкономикалық модельдердегі жұиыссыздық сипаттамасының
интерпретациясы әр түрлі болып келеді. Классикалық мектеп өкілдерінің
ойынша, жұмыссыздықтың болуының себебі болып жұмыскердің ұсынылатын жалақы
ставкасы үшін жұмыс істеуге құлқының болмауы (бас тартуы) табылады. Ал
жұмыскерлер өз-өздерін жұмыссыздық жағдайына әкелетіндіктен, классикалық
модельде жұмыссыздық ерікті сипатқа ие болады. Қазіргі жағдайда олардың
ізбасарлары- неоклассикалық бағытты жақтаушылардың ойынша – ерікті
жұмыссыздық іс жүзінде бар, оның себебі де жоғарыда айтылғандай.Сонымен
қатар олар ерікті жұмыссыздықты фрикциондық жұмыссыздықтың , оның себебінен
жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. Ал
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегенді олар еңбек нарығындағы тепе-теңдік
қамтамасыз етілетін (еңбекке сұраныс еңбекке ұсынысқа тең) деңгейі деп
түсінеді. Яғни нақты тепе-тең жалақы ставкасы үшін жұмысістегісі келетін
адамдар ерте ме, кеш пе, әйтеуір жұмыс табады және бұл кез-келген
экономиканың жұмыс істеуіне тән үрдіс.
Алайда, ізбасарлардан айырмашылығы, неоклассикалық мектеп өкілдері
жұмыссыздықтың бір бөлігі мәжбүр түрдегі сипатта болатынын мойындай отырып,
оны күту жұмыссыздығы деп атайды. Күту жұмыссыздықтың себебі болып нақты
жалақы ставкасының тепе-тең нарықтық деңгейден жоғары болуына байланысты
еңбек нарығындағы тепе-тең емес жағдай табылады.
Жұмыссыздықтың себептерін күту және жалақы ставкасының тепе-тең
деңгейден жоғары деңгейде жабысып қалу себептері:
- кәсіподақтардың қызметі мен кәсіпкерлердің одан төмен деңгейде
жұмыскерлерлі жалдауға құқығы болмайтын жалақы ставкасы көрсетілетін
ұжымдық келісімдерге қол қою;
- жұмысқа алуда жалақы ставкасының төменгі шегі болып табылатын
минималды жалақы ставкасының мемлекетпен тағайындалуы
- ынталандырушы (немесе тиімді) жалақы ставкасы теоирясының кең
таралуы. Бұның мәні мынада: жалықы ставкасының төмендеуі кәсіпкерлердің
мүдделеріне сәйкес келмейді және де олар өздерінің ең жақсы неғұрлым өнімді
жұмыскерлерін ұстап қалу үшін жалақыны тепе-теңдік деңгейден жоғары
тағайындайды.
Тиімді жалақының мәні жалақы минимумы және кәсіподақтар қызметі
туралы заң мәніне тең болады. Өйткені, барлдық үш жағдайда жұмыссыздық
жалақы ставкасының тепе-тең нарықтық деңгейден жоғары тағайындалуының
нәтижесі болып табылады. Алайда, тиімді жалақының айырмашылығы: ол
фирмалармен ерікті түрде төленеді. Фирмалардың тепе-тең деңгейден жоғары
жалақы төлеуді өздері үшін тиімді санауының 4 себебі бар:
1. Егер жұмысшылар жоғарғы жалақы төленсе, олар одан жоғарырақ
ставкасы бар альтернативті жұмысты табудың қиындығын аңғарып, сол себепті
жұмыскерлердің жұмыстан шығуы азаяды.
2. Неғұрлым жоғары жалақы ставкасында жұмыскерлердің өнімділігі
(құлшынысы) де көбейеді.
3. Жоғары жалақы төленсе, онда жұмыскерлердің (жұмыс күшінің)
сапасы жақсарады.
4. Жалақы неғұрлым жоғары төленген жағдайда жұмыскерлердің
денсаулығы жақсарады, осының артынан жұмысқа қабілеттілік пен өнімділік те
жоғары болады. Бұл дәлел көбінесе дамушы елдердегі фирмаларға қатысты.
Осылайша, неоклассикалық бағыт өкілдері жұмыс іздеумен
байланысты жұмыссыздықты бөліп көрсетеді. Жұмыссыздықтың бұл түріне еңбек
нарығы тепе-тең жағдайда болады, сонымен қатар ол жұмыссыздықтың табиғи
деңгейін құрап, мыналарды қамтиды:
1. Жұмыскерлердің оларға ұсынылатын жалақы ставкасын қабыл
алмауына және одан жоғары жалақы төленетін жұмысты іздеуге байланысты
болатын ерікті жұмыссыздық.
2. Жұмысын жоғалтумен және адамдардың жұмыстар арасында болуы
немесе еңбек нарығына алғаш рет шығуымен байланысты фрикциондық және
құрылымдық жұмыссыздық.
3. Еңбек нарығының тепе-тең емес жағдайымен (шектен тыс еңбек
ұсынысы) байланысты мәжбүрлі түрдегі жұмыссыздық. Тепе-тең емес жағдай
нақты жалақы ставкасының тепе-тең нарықтық деңгейден жоғары деңгейге
орналасуы есебінен болады. Бұл институционалдық себептермен (жалақы
минимумы туралы заң, кәсіподақтар қызметі және тиімді жалақы теориясы) және
еңбек нарығының теңгеруін күтумен түсіндіріледі.
Экономикалық теориядағы кейнсиандық бағыт өкілдері ерікті
жұмыссыздықтың болу мүмкіндігін жоққа шығарып, жұмыссыздық жиынтық
шығындардың жеткіліксіздігімен, яғни экономикадағы құлдырауға, рецессияға
әкелетін жиынтық сұраныспен байланысты мәжбүр түрдегі сипатқа ие деп
есептейді. Осылайша, кейнсиандық модельде мәжбүрлі түрдегі жұмыссыздық
ретінде тек циклдік жұмыссыздық қарастырылады.
Жұмыссыздықтың индивидуалдық және қоғамдық деңгейде көрінетін
экономикалық және экономикалық емес салдары бар.
Жұмыссыздықтың экономикалық салдары дегеніміз – жұмыстан айырылудың
психологиялық, әлеуметтік және саяси салдары.
Индивидуалдық деңгейдегі жұмыссыздық экономикалық емес адамның ұзақ
мерзім ішінде жұмыс таба алмауы, психологиялық стрестерге, үміт үзуіне,
жүйке жүйелік (тіпті өзін-өзі өлтіруге дейін) және жүрек ауруларына,
жанұяның бұзылуына әкелетінінен тұрады. Тұрақты табыс көзін жоғалту адамды
қылмыс жасауға (ұрлық, тіпті кісі өлтіру), асоциалдық мінез-құлыққа
итермелеуі мүмкін.
Қоғам деңгейіедегі бұл ең алдымен, тіпті саяси төнкерістерге дейін
әлеуметтік шиеленушіліктің өсуін білдіреді. Сонымен қатар, жұмыссыздықтың
салдары болып елдегі аурулар мен өнім деңгейінің өсуі және қылмыскерлік
деңгейінің өсуі табылады. Жұмыссыздық шығындарына қоғамның ол білімдерін
қолдана алмайтын адамдардың білімдеріне, кәсіби дайындылығы мен белгілі бір
квалификация деңгейін қамтамасыз етуге шығарған шығындарын да жатқызу
қажет.
Индивидуалдық деңгейдегі жұмыссыздықтың экономикалық салдарының мәні
табысты немесе табыс бөлігін жоғалтуда (яғни, ағымдағы табысты
төмендетуде), сонымен қатар квалификацияны жоғалтуда, осының есебінен
болашақта жоғары жалақы төленетін мәртебелі жұмысты табу мүмкіндіктерін
азайтуында жатыр.
Жалпы қоғамдық деңгейдегі жұмыссыздықтың экономикалық салдары жиынтық
ұлттық өнімнің аяғына дейін өндірілілмеуінен нақты ЖІӨ-нің потенциалды ЖІӨ-
нен артта қалуынан тұрады. Циклдік жұмыссыздықтың болуы (жұмыссыздықтың
нақты деңгейі оның табиғи деңгейінен жоғары болғанда) ресурстар толығымен
қолданылмауын білдіреді. Сонымен нақты ЖІӨ потенциалды ЖІӨ-нен аз болады.
Инфляция – бұл айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып
кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі,
сонымен қатар халықтың нақты табысының төмендетілуі, ақшаның құнсыздануы.
Инфляция деген сөз – латын тілінен аударғанда көтерілу, қабыну деген
мағынаны білдіреді.
Коньюктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өсуін инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ –
ХХ ғасырдың бас кезіне классикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасында төмендеп, жандану кезінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz