Нарық жағдайында агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру және дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркісібі мысалында)


Нарық жағдайында агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру және дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркісібі мысалында)
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектiлiгi және зерттелу деңгейі. Қазiргi таңдағы Қазақстан экономикасының дамуы нарықтық қатынастар тетiктерiнiң қалыптасуымен сипатталады. Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Реформа жағдайында, бiрiншi кезеңде, елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн, тұрғындарды сапалы тамақ өнiмдерiмен және олардың жалпы әлеуметтiк жағдайының көтерiлуiн қамтамасыз ету жолға қойылады. Алайда, тұрғындарды жоғарғы дәрежеде азық түлiкпен, өнеркәсiптi шикiзаттармен қамтамасыз ететiн агроөнеркәсiп кешенiнiң негiзгi сферасы - ауыл шаруашылық өндiрiсi әлi де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.
Ауыл шаруашылық өндiрiс көлемi жылдан жылға кемiп, оның себебiнен, өңдеу өнеркәсiбiнде өңделетiн ауыл шаруашылығы шикiзаттары азайып, бұлардың өндiрiстiк қуаттылығы толық пайданылмай, тиiмдiлiгi төмендедi. Соңғы жылдары республикада күрделi өңдеу кәсiпорындарының көбi өндiрiсiн тоқтатып, олардың орнына кiшi өңдеу зауыттары мен цехтары ашылды. Бұлардың техникалық, қаржылық және инновациялық жағдайлары ауыл шаруашылық шикiзаттарын толық өңдеп, сапалы және бәсекеге жоғары қабiлеттi, үлкен аумақтарды қанағаттандыратын өнiм шығаруға мүмкiндiктерi төмен болып отыр.
Бұл мәселелердi шешудiң бiрден- бiр жолы - агроөнеркәсiп кешенiн нарық талаптарына сай қалыптастыру және оны жан-жақты жетiлдiру. Ғылыми-техникалық негiзде тиiмдi қызмет атқаратын агроөнеркәсiп кешенi, ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлерi мен оны дайындау, сақтау, өңдеу және өткiзу кәсiпорындары арасындағы бұзылған байланыстарды қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi.
Тиiмдiлiгi жоғары агроөнеркәсiп кешенiн құру экономикалық тұрақтылықты, тұрғындардың материалдық әл-ауқатын әрi қарай көтерудiң негiзгi алғы шарты болып есептелiнедi.
Агроөнеркәсіп кешені қиын экономикалық құрылымдарына жатады. Ал оның өндірістік құрылымы күрделі, өзгермелі және өндіргіш күштер мен түпкілікті өнімге сұраныспен анықталады.
Ауыл шаруашылығында техникалық дақылдар, оның ішінде майлы дақылдарды өндіру үлкен маңызға ие. Себебі, майлы дақылдардан алынатын өнімдер тамақ, электро-химия, авиация, медицина және т. б. салаларында қолданылатыны белгілі. Дегенмен, кейінгі он жыл ішінде майлы дақылдар кешенін дамыту жұмыстары жолға қойылмай келеді.
Агроөнеркәсiп өндiрiсiнде майлы дақылдар iшкi кешенiн дамытудың ең маңызды шарасы интеграциялық бiрiккен ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстар мен қатынастарды жетiлдiру болып табылады. Біріккен құрылымдардың шаруашылық тетiктерiн, олардың арасындағы өндiрiстiк экономикалық байланыстарды тұрақты дамыту агроөнеркәсiп кешенiнiң технологиялық және ұйымдастырушылық бiртұтастығын қамтамасыз етудi қажет етедi.
АӨК-i саласындағы майлы дақылдар iшкi кешенi қалыптастырылмаса, ондағы туындайтын өзара iс-әрекеттерің, майлы дақылдарды өндiру, дайындау, өңдеу, тасымалдау және өткiзу үрдiсiнде оңтайлы ұштастырылу мүмкiндiктерi шектеулi болады. Және бұл жағдайда, өнiмнiң өзiндiк құнынан төмен бағаға лажсыз сататын ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жағдайы төмендеп, ол өз кезеңiнде өңдеу салаларына әсерiн тигiзедi.
Майлы дақылдар өндірісінде экономикалық өзара қатынастарын қалыптастыру және дамытуда өндiргiш күштердiң, өндiрiстiң қоғамдануының даму деңгейлерiн және интеграциялық бiрiккен салалардың ерекшелiктерiн есепке алу қажет.
Жоғарыда баяндалған мәселелер зерттеу тақырыбын таңдауға ықпал жасап, тақырыптың өзектiлiгiн, экономикалық мазмұндылығын анықтады.
АӨК-н қалыптастыру, оның салалары арасындағы байланыстарды жетiлдiру, бiрiккен құрылымдардың қатынастарын оңтайландыру мәселелерi бойынша шет және ТМД елдерiнің белгiлi ғалым-экономистерi Д. Ф. Вермель, В. А. Добрынин, И. А. Карлюк, Ф. К. Каюмов, Э. Н. Крылатых, Н. Я. Коваленко, М. М. Макаенко, В. В. Милосердев, А. А. Никонов, И. Ю. Сиваченко, Е. С. Оглобин, А. В. Ткач, В. А. Тихонов, В. Я. Узун, А. А. Шутьков, Р. Х. Хусановтардың еңбектерiн атап өтсе болады.
Сонымен қатар, отандық аграршы-ғалымдары А. Т. Аймен, Ж. Б. Балапанов, С. Б. Байзақов, В. В. Григорук, О. К. Есқараев, Т. И. Есболов, А. К. Кошанов, О. Қ. Қалдыбаев, Г. А. Қалиев, М. Р. Қасенов, М. Б. Кенжегузин, Ж. К. Қорғасбаев, Р. Ю. Қуатов, Ш. Көпешов, Н. К. Мамыров, А. Молдашев, Т. Я. Нурымбетов, А. К. Утаров, А. А. Сатыбалдин, Б. М. Сапарбаев, Ж. Ж. Сүлейменов, С. Тәжібаев, М. Расуловтардың және т. б. еңбектерi бар.
Бұл ғалымдардың туындыларында агроөнеркәсiптiк кешенде қауымдасу (кооперация), бiрiгу үрдiсiне, оның сферасы - ауыл шаруашылық экономикасын жетiлдiру, дамыту және тиiмдiлiгiн арттыруға, сонымен қатар шаруа қожалықтарын ұйымдастырудың экономикалық негiздерiне талдау жасалынған. Нарық қатынастары жағдайында агроөнеркәсiптiк құрылымдардың қалыптастырылуының, бұлардың өндiрiстiк- экономикалық қатынастарының, интеграциялануының теориялық негiздерiн әзiрлеуге көптеген ғылыми зерттеулер арналған.
Алайда, осындай белсендi зерттеулерге қарамастан, АӨК-н қалыптастыру мәселесi мұның жеке аймақтардағы ерекшелiктерiне сәйкес құрылымын оңтайландыруды, оның ішінде майлы дақылдардан алынатын өнімдермен байланыстыруды, нақты өнiмiн өндiруден бастап, оны дайындау, өңдеу, тасымалдау, өткiзу үрдiсiн бiр тұтас жүйе ретiнде жан-жақты қалыптастыруды және бұл жүйені дамытуды қажет етеді.
Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi. Зерттеудiң негiзгi мақсаты - нарық жағдайында АӨК-н қалыптастырудың ерекшелiктерiне сәйкес экономикалық ұйымдастырудың және оның салаларының тиiмдi қызмет етуiнiң теориялық, әдiстемелiк және тәжiрибелiк негiзiн жасау. Осы мақсат мынадай мiндеттердi алға тартты:
- Нарық жағдайында АӨК-ің өндірістік құрылымын жетілдіру қажеттелігін негіздеу;
- АӨК-iн қалыптастырудың және оның қызмет атқаруының ғылыми - әдiстемелiк негiздерiн зерттеу;
- АӨК-iң қалыптасуын және құрылымын нарықтық экономикасы дамыған елдердiң АӨК-iң құрылымы мен тәжiрибесiн салыстыра зерделеу;
- Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдарды өндіру және өңдеу өнеркәсiбiнiң қазiргi жағдайын талдау;
- Оңтүстік Қазақстан облысында майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiнде қалыптасқан экономикалық байланыстар мен қатынастарды бағалау;
- ОҚО-ы АӨК-iнде майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiн қалыптастырудың тетiктерiн және оның сфералары арасындағы бiрiгу түрлерiнiң негiзiн анықтау, зерттеу;
- майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiндегi байланыстар мен қатынастарды жетiлдiру және ұсыныстарды әзiрлеу.
Зерттеу пәнi. АӨК-i сфералары арасындағы экономикалық - ұйымдастыру қатынастарының жүйесі. майлы дақылдар iшкi кешенiн оңтайлы қалыптастыру және дамыту бағыттары.
Зерттеу нысаны. Оңтүстік Қазақстан облысы АӨК-iндегi ауыл шаруашылық және өңдеу кәсiпорындары. майлы дақылдарды өндiретiн, өңдейтiн, тасымалдайтын Түлкiбас, Мақтаарал, Түркiстан және т. б. аудандардағы шаруашылықтар және ААҚ ″Шымкент май″, АҚ ″Қайнар″, ЖШС ″Арай″, АО ″Ақ май″ т. б. кәсiпорындар.
Зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiздерi. Зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiзi ретiнде белгiлi шет елдiк және отандық ғалым-экономистердiң нарық жағдайында АӨК-iн қалыптастыру, оның салалары арасындағы байланыстарды, қатынастарды оңтайландыруға, тиiмдiлiгiн арттыруға арналған еңбектерi және заңдылық актiлерi, ҚР Президентiнiң Жарлықтары, халыққа Жолдаулары, мемлекеттiң қаулылары мен ресми құжаттары алынды.
Зерттеудiң ақпараттық базасы - Қазақстан Республикасы Статистика мен талдау жөнiндегi Агенттiгi, Оңтүстiк Қазақстан облысы статистика басқармасы мен ауыл шаруашылық Департаментiнiң мәлiметтерi мен құжаттары құрады. Сонымен қатар, Қазақ АӨК экономикасы мен ұйымдастыру ұлттық зерттеу институттарының есептерi мен нұсқаулары, ауыл шаруашылық және өңдеу кәсiпорындарының жылдық есептерi, ғылыми конференциялар материалдары, кезеңдiк басылымдар мәлiметтерi зерттеуде пайдаланылды.
Зерттелетiн мәселенiң мақсаттары мен мiндеттерiне байланысты зерттеудiң әртүрлi әдiстерi қолданылды: экономика-статистикалық - агроөнеркәсiп кешенiнiң шаруашылық тұлғаларының қазiргi жағдайын талдауда; абстрактi - логикалық - АӨК-де байланыстар мен қатынастардың даму бағыттарын зерделеуде; монографиялық - АӨК-iн қалыптастырудағы шет елдiк және Қазақстан Республикасында туындаған тәжiрибенi қорытындылауда; экономика-математикалық - облыстың АӨК-нін орналастырудың, мамандандырудың оңтайлы нұсқасын, оның кәсiпорындары арасындағы қатынастарының тиiмдiлiгiнiң басымды жолдарын анықтауда қолданылды.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру, өңдеу, өткiзу жүйесiндегi байланыстардың ғылыми-теориялық, әдiстемелiк мәселелерiн зерттеу, оның нарықтық қатынастар жағдайында аймақтық ерекшелiктерiне байланысты дамуының ғылыми және қолданбалы бағыттарын анықтап беру.
Қол жеткiзiлген ғылыми жаңалықтар:
- нарықтық экономикасы дамыған елдер тәжiрибесi мен өндiрiстi дамытудың аймақтық ерекшелiктерiн есепке ала отырып АӨК-н қалыптастыру және қызмет атқаруының мәнi мен мазмұны айқындалды;
- АӨК-де майлы дақылдар iшкi кешендерiнiң даму қағидалары және олардың нарықтық қатынастар жағдайында қалыптасуының және қызмет атқаруының экономикалық тетiктерi ұсынылды;
- ОҚО АӨК - ң қазiргi жағдайын талдау негiзiнде майлы дақылдарды өндiру, өңдеу және өткiзудегi экономикалық байланыстар мен қатынастарының бағыты мен даму алғышарттары негiзделдi;
- ОҚО-да майлы дақылдарды өндiру, өңдеу, өткiзу сферасында бiрiгудiң түрлi жолдарын құрудың ерекшелiктерi айқындалды;
- майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру, орналастыру және мамандандыру үрдісiнің экономико - математикалық моделі әзірленді. Оңтайландыру моделiн шешуде және технико-экономикалық коэффициенттерiн анықтауда статистикалық тренд үлгісi жасалды.
- ОҚО-да майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiн дамытудың негiзгi бағыттары, iс-шаралары белгiлендi.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдарды өндіру және өңдеу өнеркәсiбiнiң қазiргi жағдайын талдау мен олардың экономикалық байланыстарын бағалаудың әдістері мен әдіснамасы;
- майлы дақылдар iшкi кешендерiн нарық жағдайында қалыптастырудың және дамытудың ғылыми - әдiстемелiк негiздерi;
- майлы дақылдарды өндiру, өңдеу және өткiзудегi экономикалық байланыстарды интеграциялық бiрiктіру жолдарының ережелері мен жобалары;
- ″Майлы дақылдар″, ″Өсiмдiк майы″ инновациялық бағдарламаларын құру қағидалары мен жобаларын дайындау әдіснамасы;
- майлы дақылдар өнімдік iшкi кешенiн орналастыру және мамандандырудың экономика - математикалық моделі және оның әдіснамасы;
- агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдарды өндіру және өңдеуді кластерлiк жүйеде қалыптастыруда агроөнеркәсiп ассоциациясының ұйымдық - өндiрiстiк құрылым сызбасының жобасы.
Зерттеудiң ғылыми және тәжiрибелiк мәндiлiгi. келтiрiлген ұсыныстар мен ұйғарымдары облыстың АӨК-iнiң ерекшелiктерiн есепке ала отырып ауыл шаруашылығында майлы дақылдарды өндiру, өңдеу және өткiзу жүйесiнде бiртұтас бiрлесудi белсендiруге, АӨК-ң барлық сфераларында тиiмдiлiктiң артуына ықпал ететiн агроөнеркәсiп құрылымдарының өзара тиiмдi өндiрiстiк-экономикалық қатынастарының тетiгiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Жұмыстың ғылыми тұжырымдары майлы дақылдарды өндiру және өңдеу кәсiпорындары арасындағы байланыстарды нығайтуға, өнiмдi өндiру, өңдеуде ретсiз шығындануға жол бермеуге бағытталған. Бұл кепiлдемелер мен ұсыныстарды ОҚО-ы ауыл шаруашылығы Департаментiне, аудан әкiмшiлiктерiне және басқа да өндiрiске қатысты шаруашылық тұлғаларына ұсынуға болады.
Зерттеу нәтижелерiнің қолданылуы және сынақтан өткiзiлуi (апробациясы) . Жұмыстың негiзгi қорытындылары ОҚО-ы ауыл шаруашылығы Департаментiнде, төрт Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалып талқыланды, соның ішінде: Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-і «Орталық Азия мемлекеттерінің экономистері мен кәсіпкерлерінің Түркістан форумында 27-29 сәуір, Түркістан. 2005 ж. ; “Ұлағат” академиясының құрылғанына 10 жылдығына байланысты “Управление региональной экономикой и подготовка специалистов: взгляд в ХХ1 век” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда. “Ұлағат” Академиясы. 2003ж. және т. б. жұмыстың негізгі бағыттары майлы дақылдарды өндiру және оны өңдейтін ″Қайнар″ ААҚ-да және ″Шымкент май″ ААҚ-да талқыланып мақұлданды. Ендіру актілері алынды.
Жарияланған жұмыстар. Автор барлығы 34 ғылыми мақала жариялады, жұмысының негiзгi нәтижелерi көлемi 2, 25 баспа табақ болатын 14 ғылыми мақалада көрiнiс алды.
Кiрiспеде жұмыс тақырыбының өзектiлiгi, ғылыми жаңалығы және тәжiрибелiк маңызы сипатталады. Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi, мәнi келтірілген.
Бiрiншi бөлiм «Агроөнеркәсiп кешендерiн қалыптастырудың ғылыми негiздері». Мұнда агроөнеркәсiп өндiрiсiн дамыту стратегиясы және оны ғылыми негiздеу, АӨК-i мен майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiн қалыптастырудың мәнi, құрылымы және қызметтерi жан-жақты зерделенген.
Екiншi бөлiм «Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсiп кешенiнiң қазiргi жағдайы және оның даму беталысы» деп аталады. Бұл бөлiмде ОҚО-ы агроөнеркәсiп өндiрiсiнiң қазiргi жағдайы және оның ел экономикасындағы орыны, облыста майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiнiң қалыптасуы және дамуы мен оның өнідрiстiк инфрақұрылымының даму барысы сараланған.
Үшiншi бөлiм «Оңтүстік Қазақстан облысында АӨК-iң дамуының негiзгi бағыттары» деп аталады. Бұл бөлiмде облыстың майлы дақылдар iшкi кешенiн инновациялық негiзiнде дамыту өндiрiстi орналастыру және мамандандырудың оңтайлы нұсқасын негiздей отырып, өсiмдiк майы өнiмдiк iшкi кешенiн кластерлiк жүйеде жетiлдiру ғылыми тұрғыда қарастырылған.
Қорытындыда iздену жұмысының нәтижелерi жинақталып, тиiстi тұжырымдар мен ұсыныстар берiлген.
Жұмыстың негiзгi мазмұны
Агроөнеркәсiп кешендерiн қалыптастырудың ғылыми негiздерi. Президенттiң халыққа жолдауында ұзақ мерзiмдiк басымдылықтар: -өркендеу, қауiпсiздiк және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту қарастырылған. Ал оған жету үшiн агроөнеркәсiп өндiрiсiнің және индустриялдық-инновациялық дамудың стратегиялық жоспарлары құрылып, оларды iске асыру белгiленген.
АӨК-iң стратегиялық болашағын болжауға мұқият қараудың қажеттiлiгi, Республиканың толық саяси тәуелсiздiгiн алумен байланысты болжау тұлғасының мәртебесiнiң өзiндiк өзгеруiмен айқындалады. Стратегиялық жоспарлауда, бiрiншi кезекте, аграрлық өнiмнiң өндiрiс көлемiн есепке алу, республикаға өнiмнiң қоғамға қажетті кейбiр түрлерiн, егерде экономикалық орынды болса шеттен алып келу көлемiн негiздеу, елдiң азық-түлiктiк және ауылшаруашылық шикiзаттарына тәуелсiздiгiнiң деңгейi мен шекарасын белгiлеу мәселелері қойылады.
АӨК-iндегi интеграциялық бiрiгу және кооперациялық қауымдасу байланыстарының маңыздылығы, тәуелсiз мемлекеттердiң достастық шеңберiнде және бір тұтас экономикалық кеңістікте өнiмдердi айырбастаудың тиiмдi екендігі белгілі. Маңызды және күрделi мiндеттердiң бiрi - бұл жоғары өнiмдiлігі техника мен ресурстарды үнемдейтiн технологияларды, маркетинг және басқарудың алдыңғы қатардағы жүйелерiн пайдалану үшiн, әлемдiк шаруашылыққа кiру. Тек, әлемнiң дамыған елдерiмен ынтымақтастық және олармен ашық есiк саясатын жүргiзу республиканың шынайы экономикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етедi. Себебi, абсолюттiк және салыстырмалы артықшылықтар заңын есепке алсақ, iшкi мемлекеттiк кеңiстiкте интеграциялық бiрiгу және кооперациялық қауымдасу байланыстарын күшейтудiң рөлдерi мен маңыздылығы күрт көтерiледi.
АӨК-iн дамытудың стратегиялық болашағын негiздеудiң ең күрделi мәселесi, оларды қорлармен қамтамасыз етудiң белгiлi, күтiлетiн өзгерiстерiнде, өнiмдi өндiрудiң белгiленген деңгейiне жетудiң оңтайлы нұсқасын анықтау.
Осы тұрғыда, АӨК-ін қалыптастыру, оның сфералары арасындағы байланыстарды жетілдіру, олардың біртұтас, жоғары түпкілікті өнім алуға бағытталған жүйеге айналуы нарықтың өнім алуға бағытталған жүйеге айналуы нарықтың өнім алуға бағытталған жүйеге айналуы нарықтың талабы.
Басқа жағынан, біздің ойымызша шаруашылық қызметтерiнiң түпкiлiктi нәтижелерi бойынша барлық тұлғалардың жеке экономикалық мүдделерiн уақтылы және толық қамтамасыз етуде елдiң АӨК шеңберiнде аумақтық кешендердi бөлiп алуды шарттастыратын бiр қатар обьективтi факторларды белгiлеуге болады.
Бiрiншiден, аумақтық еңбек бөлiнiсi. Мұның негiзiнде пайдалынатын өндiрiс құрал жабдықтары мен жұмыс күшiнiң санын алдын ала анықталатын ауылшаруашылық, өнеркәсiп және басқа салалардың белгiлi жиынтығы құралады.
Екiншiден, экономикалық, әлеуметтiк жоғарғы нәтижелерге жету үшiн, салалардың құралған жиынтығын есепке ала отырып, өндiрiстi ұйымдастырудың және басқарудың обьективтi қажеттiлiгi.
Yшiншiден, халықшаруашылығы АӨК-i шегiндегi аумақтық кешеннің қалыптасуы мен дамуы елдiң әкiмшiлiктерге бөлiну негiзiнде, өндiрiстiң аумақтық ұйымдастырылуымен шарттастырылады.
Осы шарттардың негізінде және аумақтың ерекшеліктеріне байланысты ішкі кешендерді сипаттауға болады.
Агроөнеркәсiп өнiмдiк iшкi кешенi - қоғамдық еңбек бөлiнiсi мен өндiрiстiң қазiргi нарық қатынастарының талабына сай қалыптасқан, соңғы тұтыну өнiмiн өндiруде салалары өте тығыз байланыста болатын, маңызды, өндiрiстiк кешен жүйесi. Оның құрылымы және қызметi өндiрiстiк процестi мамандандыру және интеграциялық бiрiктiру үйлесiмдiктерiне негiзделедi.
Қазiргi таңда майлы дақылдар өндiретiн ауылшаруашылық құрылымдарының дақылдардың жоғары өнiмдiлiгiн қамтамасыз етуiне қажеттi мүмкiндiктер төмен. Майлы дақылдар iшкi кешенiнiң материалдық - техникалық базасы түпкiлiктi өзгеріп, тұқым тазалау кәсiпорындары мен кейбiр өсiмдiк майын өңдеу зауыттары өз жұмысын тоқтатты.
Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан май өңдеу үшiн импорттық шикiзатты елеулі көлемде сатып алып жатқандығына (40-60%) қарамастан ұлттық май зауыттарының өндiрiстiк қуаты толық көлемде пайдаланылмауда. Оңтүстiк Қазақстан облысында iрi-iрi ″Шымкент май″ ААҚ, ″Қайнар″ ААҚ, ″Арай″ ЖШС, ″Сана″ ЖШС, ″Ақ май″ ЖШС-тердiң, 40-60% өндiрiстiк қуаты пайдаланылмауда, яғни майлы дақылдарды өндiру және өңдеу көлемдерiнiң арасында үйлеспеушiлiк пайда болып, ол жалпы, майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiнiң тиiмсiз жұмыс жүргiзуiне үлкен әсерiн тигiздi.
Нарықтық экономиканың талаптарына сай аймақтық және республика деңгейiнде тұрғындардың өсiмдiк майына деген қажеттiлiгiн толық қанағаттандырып, iшкi және сыртқы нарықты қамтамамыз етуi және май өңдеу зауыттарының жартылай жұмыс iстеуiн болдырмау үшiн, шиттi мақта және майлы дақылдарды өндiру көлемiн ежелгi қалпына келтiріп, жоғарыдағы айтылған мәселелердi шешу жолдарын қарастыру қажет.
Жұмыста майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiн (МДК) жаңадан қалыптастырудың жобалық құрылымы ұсынылып отыр. Бұл дақылдар iшкi кешенi көп сатылы технологиялық процестi, яғни майлы дақылдарды өндiруге қызмет көрсету, майлы дақылды өндiру, оны өңдеу, дайын өсiмдiк майын және қосалқы құрамында белок пен майға бай болған мал жемiн сатуды және т. б. қамтиды.
Майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру, оның даму бағытын анықтау, шаруашылық тетіктерiн жетiлдiру, тиiмдiлiгiн жоғарылату аграрлық реформаның нәтижесін көтеруге ықпал етеді.
Майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiнiң салалық құрылымын үш буыннан қалыптастырған жөн: I. - қызмет көрсететiн ұйымдар; II. - майлы дақылдар өндiрiсi; III. - өсiмдiк майы өнеркәсiбi.
Майлы дақылдар iшкi кешенiнiң бiрiншi буынына кiретiн қызмет көрсетушi ұйымдар машина - технологиялық бекеттер (МТБ) мен агросервис орталықтары және майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiнiң негiзiн құрайды.
Агросервис орталықтары майлы дақылдар және шиттi мақта өндiрiсiн тұқым, минералды тыңайтқыштар, улы-химикаттар, тағы басқа топырақ құнарлылығын арттыруға, егiстi күтуге қажеттi құрал-жабдықтармен қамтамасыз етедi.
Майлы дақылдар және шиттi мақта өндiретiн ауыл шаруашылық құрылымдары мен өсiмдiк майын өндеу зауыттарының арасындағы интеграциялық байланыс келiсiм-шарттар негiзiнде iс-жүзiне асырылады.
Бұл, майлы дақылдар өндiрiсiн жоспарлау процесiн икемдi етуге мүмкiндiк бередi. Себебi май өңдеу зауыты тиiмдi өңдей алатын майлы дақылдар мен мақта шитi көлемiне, ал майлы дақылдар өндiретiн ауыл шаруашылық ұйымдары нақты ресурстармен қамтамасыз етiлген қажеттi сұраныс көлемiн қамтамасыз етуге келiсiм жасасады.
Майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiнде нарықтық инфрақұрылым тұлғаларының қызметтерi:
- майлы дақылдар өнiмдiк iшкi кешенiнiң өндiрiстiк процесiнiң тұрақтылығын және үздiксiздiгiн қамтамасыз етедi;
- майлы дақылдар өндiретiн шаруашылықтар мен өңдеушi ұйымдардың арасында жасалатын келiсiм-шарт түзу кезеңiндегi шығындарды, сонымен бiрге өнiмдердi тасымалдау және сату шығындарын қысқартуға мүмкiндiк жасау.
ОҚО-ы агроөнеркәсiп өндiрiсiнiң қазiргi жағдайы және даму беталысы. Өндiрiстiң шоғырлану және орналастырылу үдерiстерi өндiрiстi мамандандыру үдерiсiмен тығыз байланысты. Өндiрiстi мамандандыруды және шоғырландыруды негiздемей, материяалдық- ақшалай және еңбек ресурстарын пайдалану тиiмдiлiк деңгейiн көтеру мүмкiн емес.
Оңтүстiк Қазақстан облысы жалпы республиканың тұрғындарының 14, 5 %, егiстiк ауданының 4, 4 % құрайды. Мұнда шиттi мақтаның - 100%, көкөнiстiң - 20, 5 %, бақша өнiмдерiнiң 40, 1 %, жалпы өсiмдiк майының 39, 7%-ы өндiрiледi, сонымен қатар мал шаруашылығында еттiң - 9, 1 %, сүттiң - 10, 6 %, жұмыртқаның 8, 6 %, жүннiң 17, 4 % өндiрiледi.
Қазақстанның мемлекеттiк азық-түлік бағдарламасының 2003-2005 жылдарға арналған басымды бағыттарының бiрi - елдің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнiмдерiн және одан өңделетiн өнiмдердi iшкi және сыртқы нарықтарда сатылу көлемiн арттыру болып табылады. Мақсатқа жету үшiн бағдарламада ұлттық экономиканың импорттық тәуелдiліктен шығуы қарастырылған. Бұл үшiн ұлттық өндiрiстi дамыту және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындарды толық шикiзатпен қамтамасыз ету қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz