Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау институтының қалыптасуы мен дамуының ерекшелiктерi



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Конституциялық бақылаудың түсiнiгi. Конституциялық бақылау органдары, олардың мiндеттерi.
2.2. ҚР Конституциялық Сотының қалыптасу және даму ерекшелiктерi, елiмiзде демократиялық процесстердiң дамуы үшiн оның маңызы.
2.3. 1995 ж. Конституцияда конституциялық бақылау органын реформалау себептерi. Конституциялық Кеңестiң құрылу тәртiбi, құқықтық мәртебесi, актiлерi, оның мемлекеттiк органдар жүйесiндегi орны.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«Қазақстан Республикасының Консти¬ту¬циялық Кеңесі туралы» Конституциялық заң қабылданып, соған сәйкес Негізгі Заңның ұлықтығын қамтамасыз ететін жаңа конституциялық бақылау органы – Қа¬зақстан Республикасының Конститу¬ция¬лық Кеңесі құрылғанына 2015 жылғы 29 желтоқсанда 20 жыл толады.
Мемлекет құрылысы тарихында конс¬ти¬туциялық бақылаудың пайда болуы конс¬титуциялардың өмірге келуімен, олардың іске асырылуын және қорғалуын қамта¬ма¬сыз ету қажеттігімен үздіксіз байланысты болып келеді. ХХ ғасырдың басына дейін ол Еуропа үшін бейтаныс болатын. Қазіргі дәуірде ол әмбебап сипатқа ие болды. Конституциялық бақылау – қазіргі түрінде би¬ліктің бөлінуі жүйесінде маңызды элемент болып табылады.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Консти¬ту¬циясына Конституциялық қадағалау комитетін құру көзделген өзгерістер мен то¬лық¬тырулар енгізілгеннен кейін, Қазақстанда конституциялық юстиция органын құру процесі 1989 жылы басталды, алайда қыз¬мет істейтін орган ретінде ол сол күйінде құрылмай қалды.
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамыздағы Конститутциясы;
2. Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Конститутциялық Заңы;

3. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конститутциялық құқығы, Алматы-2008 ж.;
4. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау институтының қалыптасуы мен дамуының ерекшелiктерi

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.

Алматы 2015ж.

МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Конституциялық бақылаудың түсiнiгi. Конституциялық бақылау органдары, олардың мiндеттерi.
2.2. ҚР Конституциялық Сотының қалыптасу және даму ерекшелiктерi, елiмiзде демократиялық процесстердiң дамуы үшiн оның маңызы.
2.3. 1995 ж. Конституцияда конституциялық бақылау органын реформалау себептерi. Конституциялық Кеңестiң құрылу тәртiбi, құқықтық мәртебесi, актiлерi, оның мемлекеттiк органдар жүйесiндегi орны.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Консти - ту - циялық Кеңесі туралы Конституциялық заң қабылданып, соған сәйкес Негізгі Заңның ұлықтығын қамтамасыз ететін жаңа конституциялық бақылау органы - Қа - зақстан Республикасының Конститу - ция - лық Кеңесі құрылғанына 2015 жылғы 29 желтоқсанда 20 жыл толады.
Мемлекет құрылысы тарихында конс - ти - туциялық бақылаудың пайда болуы конс - титуциялардың өмірге келуімен, олардың іске асырылуын және қорғалуын қамта - ма - сыз ету қажеттігімен үздіксіз байланысты болып келеді. ХХ ғасырдың басына дейін ол Еуропа үшін бейтаныс болатын. Қазіргі дәуірде ол әмбебап сипатқа ие болды. Конституциялық бақылау - қазіргі түрінде би - ліктің бөлінуі жүйесінде маңызды элемент болып табылады.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Консти - ту - циясына Конституциялық қадағалау комитетін құру көзделген өзгерістер мен то - лық - тырулар енгізілгеннен кейін, Қазақстанда конституциялық юстиция органын құру процесі 1989 жылы басталды, алайда қыз - мет істейтін орган ретінде ол сол күйінде құрылмай қалды.
Конституцияны сот арқылы қорғаудың алғашқы жоғары органы - Консти - ту - циялық Сот Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы 1991 жылғы 16 жел - тоқсандағы Конституциялық заңға сәйкес құрылды. Осы консти - ту - циялық акт негізінде 1992 жылы Қазақ - стан Республикасының Конституциялық Соты туралы және Қа - зақстан Респуб - ликасындағы конституциялық іс жүргізу туралы заңдар қабылданды. Атал - ған актілер қабылданған соң, Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынуы бойынша, Жоғарғы Кеңес ізінше Консти - ту - циялық Соттың төрағасын, орынбасарын және тоғыз мүшесін сайлады. Консти - ту - ция - лық Соттың өкілеттік ауқымы заңдардың және өзге де құқықтық актілердің конститу - ция - лығы туралы істерді шешуді, азамат - тардың конституциялық құқықтарына қатысты құқық қолдану практикасын және өзге де мәселелерді қамтыды

2.1. Конституциялық бақылаудың түсiнiгi. Конституциялық бақылау органдары, олардың мiндеттерi
Конституциялық құқық - құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жџйесінің саласы.
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жџзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.
Конституциялық құқық - бұл ҚР конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жџйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз - мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.
Конституциялық құқықтық субъектілері - бұл конституциялық - құқықтық қатынасқа қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жџктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа тџсуі. Конституциялық құқық қатынастарының объектілеріне жататындар: мемлекеттік территория, материалдық құндылықтар, адамдардың тәртібі, мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғалардың әрекеті, азаматтардың жеке мџліктік емес құқықтары жатады.
Конституциялық - құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мџшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жџктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.
Конституциялық - құқықтық нормалар - бұл мемлекеттің мәжбџрлеу кџшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жџзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіб ережелері.
Конституцияны өкілдік құру арқылы (құрылтай жиналысы немесе парламент) қабылдау.
1791 жылғы Француз Конституциясы 1789 жылғы 5 мамырда короь тарапынан шақырылған бас штат құрамына енетін депутаттардың үшінші тобы (сословия) ұйымдастырылған құрылтай жиналысында бекітілген- ді. Құрылтай жиналысы мақұлдаған конититуция жобасы корольге санкциялау үшін жіберілді.
Италияда конституцияны өзгерту үшін парламенттер қатарынан екі рет талқылау өткізіп, екінші дауыс берерде әрбір палатаның обсолюттік көпшілік дауысына ие болуы талап етіледі. ФРГ-да да Негізгі заңды өзгерту үшін парламенттің екі палатасында да көпшілік дауыс талап етіледі. Ал, Австралияда Парламент бекіткен конституцияға енгізілген түзетулер жобасы референдумда бекітілуі қажет.
Төтенше жағдайларда, айталық Бельгия, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Франция және т.б. елдерде, конституцияны қайта қарауға салынатынын ескерте кеткіміз келеді.
Сонымен қатар, Конституцияға өзгерту енгізу ынтасына ие құқық субъектілері әдеттегідей заң шығарушылық процесін атқарады. Алайда, мұндайда кездесетін өзгеше ерекшеліктерді де естен шығаруға болмайды. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясына ұсыныстар мен түзетулер Ресей Федерациясы Президенті, Мемлекеттік Дума, Ресей Федерациясының Үкіметі, Ресей Федерациясының заң шығарушы (өкілетті) субъект органдары, сол секілді Федерация Кеңесінің немесе Мемлекеттік Думаның бестен бір бөлігінен кем емес депутаттары тобы дауыс берсе ғана жасалады. Ал, Грецияның Конституциясына конституцияға сәйкес өзгертулерді енгізуі жайлы ұсыныстарды саны 150-ден кем емес депутаттар ғана енгізе алады. Кейде Негізгі заңға түзетулер жобасын даярлау үшін конституциялық комиссия құрылады (мысалы, Швеция мен Финляндияда).
Конституцияның қабылдануы. Сонымен қатар кейбір елдерде негізгі заңдарды қайта құру үшін халық ықыласын жүзеге асыру жолы да қарастырылады. Мысалы, Италияда конституциялық заң жобасы кем дегенде 50 мың сайлаушылар ұсынысымен ғана қайта қаралатын тәртіп орнаған. Швейцарияда конституцияны толық не жартылай қарау үшін халық ықыласын жүзеге асыру ескерілген. Сондай-ақ, халық ынтасымен конституцияға түзетулер енгізу Латвия Республикасының Негізгі Заңында қарастырылған. Мұндай ұсынысқа 300 мыңнан аз емес сайлаушылар қол қоюлары тиіс.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жазба Конституция елдегі басқа барлық нормативтік құқықтық актілерге қарағанда жоғары заң күшіне ие болады. Сондықтан да жарияланатын кез келген нормативтік құқықтық актілер конституцияға сәйкес келетін түрде ғана жүзеге аса алады.

Конституцияның күшіне енуі және оның өзгертілуі.
Мұндай істі тәжірибеде нақтылап отыру міндеті конституциялық қадағалау (бақылау)органына жүктеледі, яғни бұл орган нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкес екендігін тексеруді жүзеге асырып отырады.
Осы қызметті алғаш рет АҚШ-тың Жоғарғы Соты 1803 жылғы сот құрылысы жайлы заңның 13-бөлімін АҚШ-тың конституциясына қарама - қайшы деп тауып, оны қолдануға болмайтынын өз шешімінде бекітті. Осылайша, АҚШ-тың Жоғарғы Соты конституциялық қадағалау (бақылау) органының қажеттілігін көрсетіп берді. Сайып келгенде, АҚШ-тың Жоғарғы Соты осы күнге дейін конституциялық қадағалау (бақылау) органы қызметін де атқарып келеді.
Қазіргі кезде жазба конституциясы бар әлемнің барлық елдерінде конституциялық қадағалау (бақылау) органы енгізілген. Олар төмендегі екі түрде қолданылады:
Конституциялық қадағалау (бақылау) қызметін жалпы сот юридикциясына жататын соттардың бәрі атқарады (Аргентина, Дания, Норвегия, Канада, Жапония, т.б. елдерде). Мұндай конституциялық қадағалау (бақылау) жүйесін американдық (орталықтанбаған) деп атайды.
Жалпы сот юрисдикциясы жүйесіне енбейтін арнайы квази-соттық органдар құрылып, олардың негізгі қызметіне конституциялық қадағалау (бақылау) жатады (мысалы, Ресей, ФРГ, Франция, Италия). Конституциялық қадағалау (бақылаудың) мұндай түрін еуропалық (орталықтанған) деп атайды.
Конституцияға жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді тану (толық не жартылай) өзіне лайықты заң зардаптарына апарып соғады:
Конституция бойынша конституциялық қадағалау (бақылау) қарастырылған елдерде (Ресей, Канада, Индия, Өзбекстан, т.б.) конституциялық емес деп танылған заңдар жойылуға жатады.
Конституция бойынша тікелей конституциялық қадағалау (бақылау) қарастырылмаған елдерде конституциялық емес заңдар автоматты түрде жойылуға жатпайды. Мұны тек парламент, не болмаса нормативтік актіні қабылдаған орган (әлбетте, тек нормативтік акт болса) жүзеге асырады. Алайда, әрдайым конституциялық қадағалау (бақылау) органы наразылық білдірген акт соттар тарапынан қабылданбайды.
Конституциялық қадағалау органдарының қалыптасу тәртібі. Конституциялық қадағалау (бақылау) органдары әртүрлі жолдармен құрылады. Сөйтіп, Австрияның федеральдық конституциялық сотының мүшелері үкіметтің ұсынысымен президент тарапынан тағайындалады.
Италияның конституциялық сотының мүшелері президент, парламент және магистратура тарапынан, ал Францияның конституциялық кеңесінің мүшелері президент, ұлттық жиналыс төрағасы және сенат төрағасы тарапынан теңдей үлеспен тағайындалады. Бұл елдің бұрынғы президенті болған адам өмір бойы Францияның конституциялық кеңесінің мүшесі болып саналады.
Көптеген елдерде конституциялық қадағалау (бақылау) органы мен конституциялық сот ісін жүргізу үшін арнайы заңдар қабылданады.
Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру нысандары. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен ролін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.
Аталған ғылым мәртебесі конститцциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, әрине оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді.
2.2. ҚР Конституциялық Сотының қалыптасу және даму ерекшелiктерi, елiмiзде демократиялық процесстердiң дамуы үшiн оның маңызы;
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ - бірқатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган. Жоғ. соттардан өзгеше түрде ол жалпы соттар жүйесіне кірмейді. Бір елдерде (мыс., Ресейде) ол ерекше санаттағы сот деп саналып, тиісінше сот жүйесіне кіреді, екінші бір елдерде (мыс., Германияда, Италияда, Румынияда, Болгарияда, Моңғолияда) сот билігіне жатпайтын ерекше бақылау органы болып табылады. К. с-тың мүшелерін не парламент сайлайды (Германияда, Хорватияда), не мемлекет басшысы тағайындайды (Кипрде); кейде К. с. мүшелерін парламенттер, басқа да билік және әділет органдары тағайындайды (мыс., Италияда К. с-ты президент, парламент және магистратура бірдей үлесте тағайындайды). Конституциялық бақылау жасаумен қатар К. с-тың конституцияны түсіндіруге, саяси партиялар қызметінің конституцияға сәйкестігі мәселесін шешуге, құзырет туралы дауларды қарауға, т.б. құқығы бар.
Қазақстан Республикасында К. с. 1995 жылға дейін елімізде нормативтік актілердің Конституцияға сай келуін қадағалайтын орган болып келді. Ол 1992 ж. 6 маусымда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде құрылды. "Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі Қаулысымен К. с. құрамы 11 адамнан жасақталды: М.Т. Баймаханов (төраға), И.И. Рогов (орынбасары), Л.И. Башаримова, Ж.Н. Бәйішев, К.Ж. Жалмұқанбетов, Г.В. Ким, С.А. Қасымов, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, С.Ф. Ударцев, О.Қ. Ықсанов. Тиісті заңға және 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес К. с. республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы болып табылды. Оған Конституцияны қорғау және оның мәртебелілігін қамтамасыз ету міндеті жүктелді және оның заңдар мен өзге де құжаттарды Конституцияға сай емес деп табуы республика аумағында олардың күшін жояды деп көрсетілді. "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" Заңда анықталғанындай, бұл органның құзыретіне актілердің конституциялылығын қараумен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Мин. Каб. мүшелерінің, Жоғ. сот пен Жоғ. Төрелік сот төрағаларының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы дипломатиялық, өзге де өкілдіктерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қозғалған ретте олардың Республика Конституциясы мен заңдарын сақтауы туралы қорытынды беру, азаматтардың конституциялық құқығына қатысты құқық қолдану тәжірибесінің Конституцияға сай келуі туралы істерді қарау, тиісті заңда көрсетілген нақты мәселелер бойынша іс қозғау, т.б жатты. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес К. с-тың орнына сот жүйесіне кірмейтін Конституциялық Кеңес құрылды.
2.3. 1995 ж. Конституцияда конституциялық бақылау органын реформалау себептерi. Конституциялық Кеңестiң құрылу тәртiбi, құқықтық мәртебесi, актiлерi, оның мемлекеттiк органдар жүйесiндегi орны;
995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қолданыстағы Конституция қабылдануына байланысты жаңа консти - туциялық бақылау органы - Консти - туциялық Кеңес құрылды.
Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесін айқындайтын негізгі ережелер Негізгі Заңның Конституциялық Кеңес деп аталатын VI бөлімінде бекітіліп, Ке - ңес - тің құзыреті, бұл органға өтініш беру субъектілері және оның салдары, Кеңестің құрамын қалыптастыру тәртібі, шешім - де - рінің заңдық күші мен сипаты анықталған. Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметі мәселелері Қазақстан Респуб - ли - касының Конституциялық Кеңесі туралы Конституциялық заңмен нақтырақ реттеледі. Конституциялық іс жүргізудің бірқатар мә - селелері, сондай-ақ Республиканың про - цес - суалдық және өзге де заңдарында қа - рас - тырылады.
Конституциялық іс жүргізуді қозғау және материалдарды қарауға дайындау тәр - тібі, өтініштерді отырыстарда қарау, шешімдер қабылдау тәртібі және өзге де мә - се - лелер Конституциялық Кеңестің қаулы - сы - мен бекітілген Регламентпен реттеледі.
Конституциялық Кеңестің құрамы
Конституциялық Кеңес, Төрағаны қос - қан - да, жеті мүшеден тұрады, олардың өкі - лет - тігі алты жылға созылады. Кеңестің Төр - аға - сын және екі мүшесін Республика Пре - зи - денті, екі мүшесін - Парламент Сенаты және екі мүшесін - Парламент Мәжілісі та - ғай - ындайды. Республиканың экс-Прези - дент - тері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конс - ти - туция - лық Кеңестің мүшелері болып табылады.
Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады. Бұл талаптар Республиканың экс-Президенттерiне қолданылмайды.
Құрылған сәттен бастап Конститу - ция - лық Кеңестің құрамына 22 жоғары білікті заңгерлер тағайындалды, олардың қата - рында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғы - лым академиясының академигі (1), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
Президенттік басқару жүйесі
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы
Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері
Конституцияда конституциялық құрылыс негіздерін бекіту мәселелерін зерттеу
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Мемлекет қоғамның ресми өкілі
Сайлау жүйелері ұғымы
Пәндер