Қазақстан Республикасында тікелей демократия нысандарының дамуы



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Тікелей демократия түсінігі. Тікелей және өкілді демекротияның өзара қатынасы;
2.2. Референдумның түсінігі, түрлері;
2.3. Бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер мен демонстрациялар тікелей демократияның нысаны ретінде;
2.4. Жергілікті өзін.өзі басқару: оның түсінігі, құқықтық реттелуі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Демократия – ең жиі қолданылатын ұғымдардың бірі. Саяси ойлар тарихында демократия сөзі ежелгі сөздердің қатарына жатады, екі мың жылдан астам уақыт бойы демократияға түрлі мазмұн берілді. Демократияның тарихи генезисі ұзақ жолдардан өтті, ол құбылыс ретінде дағдарысты, құлдырауды, жаңаруды басынан кешірді, бұл процесс көп қырлы және қарама-қайшылықты болды. Бұл генезис бүгінде аяқталған жоқ. Қазіргі кезеңде дүние жүзіндегі бірде-бір саяси жүйе демократия мұраттарын (идеалын) толық бейнелей алмайды.Қазіргі кезеңде демократия мәселелері – саясаттанудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның көпқырлылығы, күрделілігі, тікелей саяси тәжірибеге негізделуі, әлемнің түрлі елдерінде түрлі концепцияларының болуы – оны зерттеудің жан жақтылығын, әртүрлілігін, қарама -қайшылықтығын көрсетеді. Ғылыми әдебиетте демократияның бірыңғай анықтамасы жоқ.. Бүгінгі күні бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады. Алғашқы негізгі мағынасы сөздің шығу тегімен (этимологиясымен) байланысты. «Демократия» термині ежелгі гректің «демос» -халық және «кратос»-билік деген сөздерінен құралып, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Демократияның кеңірек анықтамасын АҚШ-тың төртінші президенті Авраам Линкольн былай деп анықтаған: «Халық үшін, халық сайлаған, халық билігі». Қазіргі кезеңде ғылымда демократия терминінің мынадай түсініктері бар: мемлекет нысаны және жалпы саяси жүйенің нысаны ретінде; мүшелерінің басқаруға қатысуы теңдігіне, көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген қоғамдық өмірдің, кез келген ұйымының ұйымдастырылу түрі.
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 1995 ж. 30 тамыз;
2. Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2126 Заңы
3. Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 25 наурыз N 2151. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.02. N 2593 жарлығымен.
4. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конститутциялық құқығы, Алматы-2008 ж.;

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында тікелей демократия нысандарының дамуы

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.

Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Тікелей демократия түсінігі. Тікелей және өкілді демекротияның өзара қатынасы;
2.2. Референдумның түсінігі, түрлері;
2.3. Бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер мен демонстрациялар тікелей демократияның нысаны ретінде;
2.4. Жергілікті өзін-өзі басқару: оның түсінігі, құқықтық реттелуі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Демократия - ең жиі қолданылатын ұғымдардың бірі. Саяси ойлар тарихында демократия сөзі ежелгі сөздердің қатарына жатады, екі мың жылдан астам уақыт бойы демократияға түрлі мазмұн берілді. Демократияның тарихи генезисі ұзақ жолдардан өтті, ол құбылыс ретінде дағдарысты, құлдырауды, жаңаруды басынан кешірді, бұл процесс көп қырлы және қарама-қайшылықты болды. Бұл генезис бүгінде аяқталған жоқ. Қазіргі кезеңде дүние жүзіндегі бірде-бір саяси жүйе демократия мұраттарын (идеалын) толық бейнелей алмайды.Қазіргі кезеңде демократия мәселелері - саясаттанудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның көпқырлылығы, күрделілігі, тікелей саяси тәжірибеге негізделуі, әлемнің түрлі елдерінде түрлі концепцияларының болуы - оны зерттеудің жан жақтылығын, әртүрлілігін, қарама -қайшылықтығын көрсетеді. Ғылыми әдебиетте демократияның бірыңғай анықтамасы жоқ.. Бүгінгі күні бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады. Алғашқы негізгі мағынасы сөздің шығу тегімен (этимологиясымен) байланысты. Демократия термині ежелгі гректің демос -халық және кратос-билік деген сөздерінен құралып, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Демократияның кеңірек анықтамасын АҚШ-тың төртінші президенті Авраам Линкольн былай деп анықтаған: Халық үшін, халық сайлаған, халық билігі. Қазіргі кезеңде ғылымда демократия терминінің мынадай түсініктері бар: мемлекет нысаны және жалпы саяси жүйенің нысаны ретінде; мүшелерінің басқаруға қатысуы теңдігіне, көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген қоғамдық өмірдің, кез келген ұйымының ұйымдастырылу түрі. Бұл мағынада алғанда, партиялық, кәсіподақтық, өндірістік, тіпті отбасылық демократия туралы айтуға болады. Кең мағынада алғанда демократия ұйым, билік және басқару бар жердің бәрінде өмір сүре алады; белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделген қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Мұндай құндылықтарға еркіндік, теңдік, адам құқығы, халық егеменділігі т.б. жатады; халық билігін, демократиялық мақсаттар мен мұраттарды жүзеге асыру жолындағы әлеуметтік және саяси қозғалыс. Бұл қозғалыс Еуропада үшінші сословиенің азаттығы және теңдігі үшін абсолютизммен күрес туы астында пайда болды. Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстың түрі көп: социал-демократиялық, христиан демократиялық, либералдық, жаңа әлеуметтік және басқа да қозғалыстар.

2.1. Тікелей демократия түсінігі. Тікелей және өкілді демекротияның өзара қатынасы;
Демократияның маңызды белгісі - халық егемендігі қалай жүзеге асырылады, халық басқаруға қалай қатысады, билік функцияларын кім атқарады, осыларға байланысты демократия тікелей (тура), плебисцитарлық, және өкілділік (репрезентативті) деп бөлінеді.Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдер дайындауға және қабылдауға тікелей қатысады, қатысудың мұндай түрі антикалық демократияда басым болды. Іс жүзінде ол шағын ұжымдарда мүмкін болады (өндірістік мекемелерде, қауымдарда, қалаларда т.б.) Қазіргі кезеңде тура демократия негізінен жергілікті өзін-өзі басқаруда кездеседі.Билікті жүзеге асыруға азаматтардың қатысуының келесі түрі -плебисцитарлық демократия. Тура және плебисцитарлық демократияның екеуі де халықтың өз еркін тікелей білдіруі болып табылады, алайда екеуінің арасында айырмашылық бар.Тура демократияда азаматтар билік процесінің барлық кезеңдеріне (саяси шешімдерді дайындау, қабылдау және оның жүзеге асырылуын бақылау) қатысу көзделсе, ал плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы шектеледі. Оларға дауыс беру арқылы заңның немесе басқа да шешімінің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны кейбір жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.Қазіргі заманғы мемлекеттердегі саяси қатысудың үшінші түрі - өкілділік демократиясы. Оның мәні - азаматтардың шешімдер қабылдауға жанама түрде қатысуы, халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Өкілділік демократиясы үлкен аумақта немесе басқа да себептерге байланысты азаматтардың тікелей дауыс беруге, шешім қабылдауға мүмкіндігі жоқ жағдайда қолайлы болып табылады. Демократияның екінші белгісі - билік органдарының, институттарының қалыптасу тәртібі мен құрылысына қарай демократиялық мемлекеттер парламенттік, президенттік, аралас (немесе жартылай президентік) республикалар, суперпрезиденттік республикалар, парламенттік монархия т.б. деп бөлінеді. Демократияның үшінші белгісі - азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқықтарының теңдігі формальды (сөз жүзінде), яғни заңды түрде және фактілік (іс жүзінде, яғни саяси құқықтарды жүзеге асырудың бірдей әлеуметтік мүмкіндіктердің - материалдық жағдайының, білімінің, бос уақытының т.б. болуы) түрде болуы мүмкін.Мемлекет қамтамасыз ететін теңдіктің, сипатына қарай демократия саяси 36 (құқықтар теңдігі - формальды теңдік) және әлеуметтік (мемлекетті басқаруға азаматтардың қатысу мүмкіндіктерінің теңдігіне негізделген) деп бөледі. Демократияның төртінші белгісі - шешім қабылдау мен жүзеге асыруда азшылықтың көпшілікке бағынуы белгісі бойынша демократия деспоттық, тоталитарлық және конституциялық деп бөлінеді. Азшылықтың көпшілікке бағынуының шегі болмай, ол адамның өмірі мен қызметінің барлық саласына тараса, онда ол деспоттық демократияны білдіреді, яғни көпшіліктің шексіз билігі, бассыздығы. Ал егер көпшіліктің билігі жеке тұлғаның бағынуын талап етіп, оған әрдайым толық бақылау орнатуға тырысса, онда мұны тоталитарлық демократия деп атайды.Демократияның мұндай формаларына конституциялық демократия қарсы қойылады. Онда көпшіліктің билігі, фукциялары конститутция, биліктің бөлінуі арқылы шектеледі, азшылықтың, жеке адамның автономиясы мен еркіндігі қамтамасыз етіледі. Демократияның пайда болуы. Ұйымдасудың демократиялық нысандары ежелгі замандардан, мемлекетке дейінгі рулық құрылыс кезеңінен бастау алады.Демократияның рулық нысандарын барлық халықтар басынан кешірді. Рулық демократия қандық-туыстық байланыстарға, ортақ меншікке, тығыздықтың төмендігіне, тұрғындардың санының аздығына, тұрпайы өндіріске негізделді. Демократиялық мемлекеттің алғашқы, классикалық нысаны Афины республикасы болды. Афинының демократиялық дамуына б.з.д. ІІ ғасырдағы архонт Солон реформалары негіз салды. Афина демократиясы б.з.д. V ғасырда Периклдің кезінде толық іске асырылды. Афины республикасы демократияның ұжымдық нысаны ретінде көрінді. Ежелгі заманнан-ақ орта таптың демократияның тірегі болатыны түсінілді. Аристотельдің ойынша, орта тап қоғамды біріктіреді, азаматтардың қарама-қарсы партияларға бөлінуін болдыртпайды, сөйтіп мемлекеттегі жағдайды тұрақтандырады. Кедейлерден, демостан емес, мүлігі, адамгершілігі, мемлекетке талаптары жағынан орташа адамдардан тұратын көпшіліктің билігі бар басқару нысаны ең таңдаулы болмақ. Басқарудың бұл нысанын Аристотель полития деп атады. Афины демократиясының гүлдену кезеңінде орта тап кӛпшілікті құрады. Афины полисінде тікелей демократияүстем болды. Алайда Периклден кейін Афины демократиясы құлдырап, азаматтардың әлеуметтік теңсіздігі ұлғайып, тобырдың ықпалы күшейіп, әдет-ғұрып төмендеді. Бұл кезде Афиныдағы демократия охлократияға ұласып, көпшілік тираниясымен алмасты. Афины демократиясының көпшіліктің азшылыққа бассыздығы кезеңін оны депостық және тоталитарлық үрдістер көрініс берген басқару нысаны ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде, Ежелгі Новгородта, Флоренцияда т.б. қала-республикаларда болды. Ортағасырлық Еуропада және бүкіл әлемде көп ғасырларға авторитарлық, негізінен басқарудың монархиялық нысандары орнықты. Демократия сөзі европалық саяси сөз қолданысынан екі мың жылға жуық уақытқа алынып тасталынды, ал егер ол кейде қолданыла қалса, жағымсыз түрде, аристотельдік мағынада, басқарудың бұрыс нысаны, тобырдың қиратушы билігі ретінде қолданылды.Алайда монархиялық билікті шектеу, оны халыққа қызмет еткізуге бағыттау идеяларының дамуы тоқтаған жоқ. Орта ғасырларда демократиялық бағыттағы көзқарастардың орнығуына христиандық үлкен әсер етті. Ол адамзаттқа адамдардың маңызды, рухани салада-құдай алдындағы теңдігі, адамның ар-намысын құрметтеу сияқты өнегелік парызын берді.Христиандық ықпалымен орта ғасырларда монарх пен билік өз халқына қызмет етуі тиіс, құдай заңдарын, моральді, дәстүрлерді, ада мның табиғи құқықтарын бұзбауы тиістігі туралы идеялар орнықты. Мемлекеттік билікті халық пен билеуші арасындағы ерікті келісім негізінде пайда болған деп түсіндіретін қоғамдық келісім концепциясы пайда болды. Орта ғасырдағы протестанттық реформа діндарлар арасында ерте христиандықтың демократиялық идеалдарының орнығуына ықпал етті. Еуропада дами бастаған капитализмнің және онымен байланысты дарашылдық (индивидуалдық) көзқарастардың ықпалымен гуманистік идеялар, құндылықтар, концепциялар кеңінен мойындалып таралды. Олардың көбі мемлекеттік басқарудың жаңа демократиялық үлгілеріне негіз болып, ХХ ғасырдың аяғындағы демократияға тікелей ықпал етті.

Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері:
қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу" деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап).
1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Одан кейінгі мерзімде бұл Декларация конституциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылды.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.
Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
"Қазақстан халқы" деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді - сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет - ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын жәнеПарламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясынасәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.
Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрбылы, жұмыс істейді.
Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы.
Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана асырылуы мүмкін.
Қазақстан - құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясы - құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты.
2.2. Референдумның түсінігі, түрлері;
Республикалық референдум - Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум қабылдаған шешім ең жоңғары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның барлық аумағына бірдей міндетті күші бар және әлдеқандай органдар тарапынан бекітуді қажет етпейді. Конституцияның, Конституциялық заңдардың, басқа да құқықтық актілер мен заңдардың арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ол өзгешеліктер Конституцияны және басқа да аталған актілердің барлығын Республикалық референдум қабылдаған шешімге сай жүйелендіру жолымен түзе тілінді.
Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жабық дауыс береді. Он сегіз жасқа толған Республика азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, мекен-жайына немесе басқа да жағдайларына қарамастан, республикалық референдумға қатысуға құқықты. Әр азамат референдумда теңдей дауысқа ие.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Республикалық референдум өткізудің ерікті сайлаумен ортақ жағы көп. Референдум мақсаты - адамды сайлау емес, мәселе шешу. Референдумға қойылатын мәселе азамат оған "иә" немесе "жоқ" деп бір жақты жауап беретіндей, не ұсынылған бірнеше шешімдердің біреуін таңдай алатындай деңгейде болуы тиіс. Қатысуға құқықты азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткізілген болып есептеледі. Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін. Республикалық референдумді ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар "Республикалық референдум туралы " Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі. Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты - көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету.
Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі - ерікті сайлау.
Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарындылық, (альтернативтік), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігін; екіншіден сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заң күші бар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі белгіленген. Осы ереже бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауы өткізілді. Мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын - елдің егемендігі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің біртұтастығы, аумағының бөлінбейтіндігі іске асырылды. Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігі оның мемлекетаралық қатынастағы егемендігі болып табылады. Қазір Қазақстан Республикасын бүкіл әлем елдері танып отыр. Шекара туралы шарттарға қол қойылады.
Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығына қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп көрсетілген Конституцияда.
Сонымен, біз алдыңғы тақырыптарда демократия ұғымына халықаралық көлемде сипаттама бердік. Қазақстан жағдайына демократияның әмбебаптық дәрежесіне оның әлемдік стандартқа сәйкестігіне тоқталдық.
Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, ол қамтамасыз етілді. Демократия және құқықтық дәрежеге өту процесі одан әрі жалғасуда. Жергілікті атқарушы органды Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік аймақтың әкімі басқарады.
Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Олар Қазақстан Республикасының Конституциялық соты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
Референдум - азаматтардың жалпымемлекеттік, аймақтық және жергілікті ауқымда аса маңызды мәселелерді тікелей дауыс беру арқылы өз еркін білдіруі және сол арқылы саяси шешім қабыл - дауға ықпал ету шарасы. Сондықтан референдум - тікелей демократияның маңыз - - ды институты. Негізінде, референдумдар мазмұнына қарай конституциялық, заң шығарушылық, халықаралық-құқық - тық, әкімшілік-құқықтық, әкімшілік-терри - то - риялық және т.б. қажеттіліктерге байла - нысты өткізіледі. Референдумның өзі қажеттілігіне қарай міндетті және факультативті деп бөлінеді. Әрине, міндетті референдумның заңдық күші болса, ал факультативті референдум электораттың көңіл күйін айқындау, бағалау мақсатында өткізіледі.
Асылында, антик дәуірінен бастау алатын референдум алғаш рет 1439 жылы Швейцарияда өткізілді деп есептеледі және бұл елде тікелей демократияның нышаны ретінде тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Референдумдардың отаны әрі оны өткізуден рекордшы атанған Швейцарияда 1793-1994 жылдар аралығында ұлттық ауқымда барлығы 414 рет референдум өткізіліпті! Тек 1981-1990 жыл - дардың аралығында 76 референдум ұй - ымдастырылған екен. Жалпы, соңғы 200 жыл бедерінде кең масштабтағы рефе - рендум Еуропада -- 149 рет, Орта және Таяу Шығыста -- 93 рет, Азия елдерінде -- 30 рет, Америка құрлығында -- 49 рет, Океа - ния елдерінде 64 рет болған екен. Сонымен соңғы екі ғасыр ішінде әлем бойынша барлығы 799 жалпыұлттық референдум өткізілген. Австралияда - 44, Италияда - 43, Францияда - 22, Ирландияда - 18, Данияда - 13, Мысырда - 19, Филиппинде 11 рет ұлттық ауқымда референдум өткізілген. Айта кету керек, қазіргі мемлекет басшыларының өкілеттігін ұзарту туралы референдумдар ТМД шеңберінде бізден өзге Өзбекстанда, Түрікменстанда, Украинада және Белоруссияда өткен.
Елбасы референдумға рай білдірмесе де...
Заң шеңберінде Республикалық референдум өткізу туралы бастаманы Президент, Үкімет, Парламент және барлық облыстан тиесілі мөлшерде 200 мыңнан кем емес сайлаушының еркін білдіретін бастамашыл топ ұсына алады. Бұл ретте Президент өкілеттігін ұзарту мәселесін Конституцияның 3-бабының 2-тармағына сәйкес, заңда көрсетілген межеден 25 есе көп қол жинаған бастамашыл топ көтеріп отыр. 5 млн қол дегеніңіз - автономды немесе жекелеген топ емес, санасуға мәжбүр ететін мобилизациялық тегеурінді күш. Қазақстанның 1995 жылы қабылданған Республикалық референдум туралы заңы - ның 17-бабы негізінде, егер Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен - толықтыруларды республикалық ре - фе - рендумға шығару туралы Парламент - тің ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент палаталарының әрқайсысының депутаттары кемінде бестен төртінің көпшілік даусымен Парламент Конституцияға осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті сол заңға қол қояды немесе оны респуб - ли - калық референдумға шығарады. Әри - не, егер Парламент депутаттары бір - ауыз - дылық танытса, Президент ветосын ең - се - ріп кете алады. Аталған заңның 19-бабында көрсетілгендей, референдум оны өткізу туралы шешім қабылданған күн - нен бастап бір айдан ерте емес және үш айдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
МЕМЛЕКЕТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет
Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
Қазақстан Республикасының мемлекеттінің құрылымы
Конституцияда конституциялық құрылыс негіздерін бекіту мәселелерін зерттеу
Демократиялық мемлекет идеясы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы
Мемлекет нысандарының қалыптасуының теориялық аспектілері
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы
Пәндер